Azattyq - Азаттық
✔
10.8K subscribers
11.7K photos
4.52K videos
19 files
24.8K links
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
Download Telegram
💬 176 шетел азаматы Қазақстан билігінен босқын мәртебесін сұрап отыр

Қазіргі кезде елде 304 шетел азаматының босқын мәртебесі бар. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Informburo сайтына берген жауабында осындай мәлімет айтылады.

Ведомство жауабында босқын мәртебесіне өтініш бергендердің қай ел азаматтары екені айтылмаған.

Қазақстан билігі бұған дейін соғыстан қашып келген кейбір ресейліктерге босқын мәртебесін бермеген. Босқын мәртебесін сонымен бірге Өзбекстан билігінің өздерін қудалап отырғанын айтқан бірқатар қарақалпақ белсенділері де ала алмаған еді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔17🤬5
❗️"Рухымызды сындыра алмайды". Киевтік ерікті, әнші әрі Украина сарбазының анасы Назгүл Шүкееваның әңгімесі

Назгүл Шүкеева – Оралда дүниеге келіп, Мәскеуде оқыған, Киевте тұрмысқа шығып, гастрольдік сапармен әлемді шарлаған әнші. Ресей кең ауқымды басқыншылық соғыс ашқаннан кейін алғашқы айларда Украинадан кетіп қалуға мүмкіндігі болған еді, бірақ ол балаларымен бірге түн мезгілінде төбеден оқ пен от жауатын, жарықсыз, суық Киевте қалуды ұйғарған.

Сирек кездесетін дауыс иесі, көмеймен ән айтудың шебері һәм джаз, авангард және ұлттық музыканы үйлестіруді меңгерген әнші қазір сахнаға шықпайды. Ол еріктілермен бірге белсенді жұмыс істеп, қарт украиндарға көмектесіп жүр.

🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤27👍14🤮2🥰1
❗Қазақстан ресейлік белсенді Емельянованы экстрадициялауды уақытша тоқтатты

Ресейлік белсенді, Навальный штабының бұрынғы қызметкері Юлия Емельянова Қазақстанда босқын мәртебесін сұраған өтініші қаралып жатқанда елден шығарылмайды. Бұл туралы Емельянованың адвокатына сілтеп, "Ковчег" құқық қорғау жобасы мәлімдеді.

Құқық қорғаушылардың мәліметінше, белсендінің ісі бойынша келесі отырыс 27 ақпанда өтпек.

Қазақстан бас прокуратурасы бұған дейін Ресейдің Емельянованы экстрадициялау туралы өтінішін қанағаттандырған еді. Белсендіге қаулыны 29 қаңтарда берген. Осыдан соң Емельянованың қорғаушылары Жоғарғы сотқа шағымданған.

Юлия Емельянова –Emigration for Action және Just Help қозғалысының белсендісі. Ол 2025 жылы 31 тамызда басқа елге транзитпен кетіп бара жатқанда Алматы әуежайында ұсталған. Ресей Емельяноваға "таксистің телефонын ұрлады" деген айыппен іздеу жариялаған. Қазір белсенді Алматы шетіндегі уақытша изоляторда отыр.
❤9🤔5💩2👍1
Белсенді Әлнұр Ілияшев президент Тоқаевты сотқа берді

Белсенді Әлнұр Ілияшев президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың референдум тағайындау туралы жарлығының заңдылығын даулап, сотқа шағым түсірді. Бұл жөнінде белсенді желіде хабарлады.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық соты шағымды тіркеген.

Белсендінің түсіндіруінше, 15 наурыз күнгі республикалық референдумға “азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын бұзуы мүмкін, сонымен бірге Қазақстан Республикасы қызметінің негіз құраушы қағидаттарын өзгертуі ықтимал” жобаны қабылдау мәселесі шығарылып отыр. Белсенді өзінің уәждерін кестемен де көрсеткен.
🔥30👍15❤6😎4🏆2👏1😁1
Ержановтың ұсталуы, Тшановтың даты, сүйіншінің сұрауы — Azatnews | 26.02.2026

Жаңа Конституция жобасын ашық сынап жүрген қоғам белсендісі Оразалы Ержанов ұсталып, 10 тәулікке қамалды. Қылмыстық іс қозғалған. Саясаткер, қоғам қайраткері Амалбек Тшановтың президент Тоқаевқа даты бар. Ол жаңа Конституцияны қабылдауға асықпайық дейді. “Атажұрттың” істі боп жатқан белсендісіне бауы берік болсын деп сүйінші салған адам айыппұл арқалады. Полиция мұны тіркелмеген ұйымды қаржыландыру деп тапқан.

🔗КӨРУ
🤬10⚡2
⚡Журналист Борейконың желідегі парақшалары бұзылды

Журналист, "Гиперборей" YouTube-арнасының авторы Вадим Борейконың Instagram және Facebook парақшасын әлдекімдер бұзған. Бұл туралы Азаттыққа журналистің өзі хабарлады.
Борейко парақшаларының бұзылуын бүгін, 26 ақпанда Youtube-арнасына шыққан видеолармен байланыстырады.

- Парақшамды бұзды, бар айтарым осы. Хронологиясына келсек, "Гиперборей" YouTube-арнасына таңертең сағат 9-да "Құқықтық медиаорталық" қоғамдық қорының жетекшісі Диана Окремовамен референдум қарсаңында қорқыту мен үркіту науқаны жайлы шықты. Ал түсте Оразалы Ержановтың ұсталғаны (Алматыда жаңа Конституция жобасын қатаң сынап жүрген белсенді Оразалы Ержанов қамалғаны хабарланды - Ред.) жайлы жедел шығарылым жарияланды. Осыдан соң басталды, – деді журналист Азаттыққа.

Қазір Борейконың Instagram және Facebook парақшасын есімі және бас суреті өзгертіліп, журналисті қаралайтын суреттер мен видеолар жарияланған.

Вадим Борейконың парақшасына алғаш рет шабуыл жасалып тұрған жоқ. Былтыр қарашада Борейконың, журналист Асхат Ниязовтың Instagram парақшасы өшіріліп, қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың Instagram парақшасы бұзылған.

Қазанда тәуелсіз журналист Лұқпан Ахмедияров YouTube "Просто журналистика" арнасы өшіріліп, ізінше қалпына келтірген. YouTube-тың өзі арна негізсіз жабылғанын мойындағаны айтылған.

Кейінгі кезде Қазақстанда билікті сынап жүрген азаматтардың немесе тәуелсіз журналист, белсенділердің әлеуметтік желідегі парақшалары, YouTube-арналарының түрлі себеппен жойылуы жиіледі.

t.me/azattyq
🤬21❤1😁1
Щучинскіде дәмханада газ жарылып, жеті адам қаза болды

Ақмола облысы Бурабай ауданы Щучинск қаласында дәмханада газ жарылып, жеті адам қаза болды, 20-дан астам адам зардап шекті.

"Бурабай ауданының Щучинск қаласында бес қабатты тұрғын үйге тіркелген бір қабатты дәмханада газ–ауа қоспасы жарылып, өрт шықты. Хабарлама түскеннен кейін 5 минут ішінде Ақмола облысының ТЖД күштері мен құралдары оқиға орнына келді. Өрт сөндірушілер жанған ғимараттан 8 газ баллонын алып шықты және 10-нан астам адамды құтқарды" деп жазылған департамент хабарламасында.

Зардап шеккендердің бір бөлігі Бурабай аудандық ауруханасына жатқызылған, алты адам амбулаториялық бақылауға жіберілген. Бірнеше адам төтенше жағдай министрлігінің реанимобилімен Көкшетау қаласына жеткізілген.
😢13😱6
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Желіде Щучинскідегі дәмханада жарылыс болған сәт бейнеленген видео да тарады. Видеодан отқа оранған ғимараттан кейбір адамдардың шығып үлгергені көрінеді, кейбірінің киімін от шалған. Куәгерлер оларға бірден көмектесуге тырысады.

Ал Qumash арнасы таратқан мына видеода видеоны түсіріп тұрған адам қаладағы палау орталығының жанып жатқанын айтады.

Төтенше жағдай басқармасы өрт түнде толық сөндірілгенін хабарлады.
😱16
Сот Мовлаевқа босқын мәртебесін бермеу туралы шешімді заңсыз деп танудан бас тартты

Бұл жөнінде адвокаты Мұрат Адам хабарлады. Ол осылай болады деп күткенін де жеткізді.

Оның алдында адвокат сот "жұмыс уақытынан тыс уақытқа көшірілгенін, Мансур Мовлаевтың қатысуынсыз" өтетінін жазған.

Бұған дейін шешен азаматы Мансур Мовлаев егер Ресейге экстрадицияланатын болса, ол жақта өзін азаптап, тіпті өлтіріп тастауы мүмкін екенін мәлімдеген.
🤔15💩3❤2👎2
Azattyq - Азаттық
Желіде Щучинскідегі дәмханада жарылыс болған сәт бейнеленген видео да тарады. Видеодан отқа оранған ғимараттан кейбір адамдардың шығып үлгергені көрінеді, кейбірінің киімін от шалған. Куәгерлер оларға бірден көмектесуге тырысады. Ал Qumash арнасы таратқан…
Щучинск дәмханасындағы жарылысқа байланысты “Көп адамның өліміне соқтырған өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу” бабы (292-бап, 3-бөлік) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл жөнінде аймақ полициясы хабарлады.

27 ақпанға қараған түні Щучинск қаласындағы дәмханалардың бірі газ жарылып, 7 адам қаза болды, 20-дан астам адам зардап шекті, 13-ін түрлі дәрежеде күйік шалған.
😱16🙏6❤1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Украинадағы соғысқа төрт жыл толғанына орай БҰҰ Бас ассамблеясы жиынында Ресейдің БҰҰ-дағы елшісі өзін «нағыз украинмын» деп атап, украиналық елшімен сөз таластырып қалды. Жиында Украинадағы бейбітшілік туралы қарар қабылданған. «Украинадағы баянды бейбітшілікті қолдау» деп аталатын қарарды жалпы 107 мемлекет қолдап, 12 ел қарсы шықты. 51 ел қалыс қалды. Қазақстан – қалыс қалғандар қатарында.
😁20🤬13❤4🤨2👍1👎1🗿1
🔴Күйеуін Қытайдан "құтқарған" әйел тағы да түрмеге сабылып жүр. Оралхан Әбеннің сергелдеңі

Таңғы сағат бес. Дала тас қараңғы. Оралхан Әбен түнде дайындаған тамағын көтеріп, Алматыдан Талдықорғанға қарай жолға шықты. Былтыр күзден бері қамауда жатқан күйеуі Тұрсынбек Қабидің сотына қатысу үшін Оралхан өзі еден жуушы болып істеп жүрген мектептегі жұмысынан сұранып, аптасына екі рет Талдықорғанға барады. Тұрсынбек Қаби – Қытайға қарсы бейбіт наразылық акциясына қатысқаннан кейін "алауыздық қоздыру" бабымен істі болған 19 адамның бірі.

45 жастағы Оралханға бұл жол таңсық емес. 2017 жылы Шыңжаңға барған Тұрсынбекті Қытай өкіметі шығармай қойған кезде Оралхан мемлекеттік органдарға, халықаралық ұйымдарға арызданып, Талдықорғаннан Алматыға жиі қатынаған.

🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🙏10😢9💔5❤1
💬 Ресейлік жасөспірімді депортациялау шешімі: Орал соты шағымды қарап жатыр

Батыс Қазақстан облысының апелляциялық алқасы 16 жастағы ресейлік жасөспірім Тимур Турковты өз еліне депортациялау туралы бірінші инстанцияда шыққан шешімге түсірілген шағымды қарап жатыр. Жасөспірім Қазақстанға қашып келгеннен кейін Кремльдің саясаты және оның әскери риторикасымен келіспейтінін білдірген.

Желтоқсанда бірінші инстанция соты Турковты "шекараны заңсыз кесіп өткені үшін" айыппұл салып, Қазақстанға 5 жылға кіруге тыйым салған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤣11🤬10👍1
Адам құқығын қорғау бюросы Оразалы Ержановтың ұсталуының жай-жапсарын жазды

Facebook және Instagram парақшалары бұғатталған журналист Вадим Борейкоға сүйенген Адам құқығын қорғау бюросы қоғам белсендісі Оразалы Ержановтың ұсталуының жай-жапсарын жазды. Ондағы мәліметке қарағанда тергеу соты Оразалы Ержановты 5 наурызға дейін қамаған.

Бір күн бұрын Алматы полициясы "сайлау құқықтарын жүзеге асыруға кедергі келтіру фактісі негізінде қылмыстық іс қозғалғанын" хабарлаған еді.

Сурет: Адам құқығын қорғау бюросының сайтынан алынған скриншот
🤬13🤔4🤡3
Azattyq - Азаттық
💬 Депутаттар қазақстандық элитаның Джеффри Эпштейнге ықтимал қатысын тексеруді сұрады Мәжіліс депутаттары бас прокурор және ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасынан Қазақстан элитасының америкалық қаржыгер Джеффри Эпштейнмен ықтимал байланысын тексеруді…
Бас прокурор Берік Асылов депутаттардың Эпштейн файлдарында аты аталған қазақстандықтарды тексеру туралы ұсынысына жауап берді.

Оның сөзінше, прокуратура мұндай тексерісті депутаттар сауал жасамай тұрып бастаған.

“Бүкіл әлем мұны талқылап жатыр, сол себепті бас прокуратура да өзге ведомстволық органдар сияқты фактілерді тексеріп жатыр. Кәрім Мәсімов бойынша тексерісті бастадық. Алдын ала тексерісті бастадық. Осы жаққа Эпштейн келді ме. Келімбетовтің өзі барды ма, жоқ па, қосымша тексеріледі” деді Асылов.
👍18💩6😁2
❗️"Қоғамдық пікірді бақылау күшейіп барады". Гүлмира Біржановамен сұхбат

Әлеуметтік желіде "конституция" сөзін "консистенция" сияқты сөзбен алмастырып, сыни пікір жазып жатқандар бар. Жаңа Конституция жобасына қарсылық білдірген соң жауапқа тартылғандар көбейген тұста жұрт осы әдіске көшкендей. Бұл жөнінде "Құқықтық медиаорталық" заңгері Гүлмира Біржановамен сөйлестік.

🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤18🤬1
Azattyq - Азаттық
Белсенді Әлнұр Ілияшев президент Тоқаевты сотқа берді Белсенді Әлнұр Ілияшев президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың референдум тағайындау туралы жарлығының заңдылығын даулап, сотқа шағым түсірді. Бұл жөнінде белсенді желіде хабарлады. Астана қаласының мамандандырылған…
❗Сот белсенді Ілияшевтің Тоқаев үстінен түсірген шағымын кері қайтарды

🔹Сот не дейді?

Астана қаласы ауданаралық әкімшілік соты белсенді Әлнұр Ілияшевтің президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың үстінен түсірген арызын қарамай кері қайтарған. Бұл туралы Азаттыққа соттың анықтама бөліміндегі маман айтты.

Кеше, 26 ақпанда Ілияшев желіде президент Тоқаевтың референдум тағайындау туралы жарлығының заңдылығын даулап, сотқа шағым түсіргенін жазған. Белсенді Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты шағымды тіркегенін айтқан. Қазір Ілияшевтің шағым түсіргені туралы жазбасы Facebook парақшасында көрінбей қалды. Ал белсенді жазбасын парақшасынан алмағанын айтты.

🔹Белсенді неге шағымданып еді?

Белсенді «азаматтардың коституциялық құқығы мен бостандығын бұзатын, Республика қызметінің түбегейлі принциптерін өзгертетін жобаны 15 наурыздағы референдумға шығармақ» деп мәлімдеген. Сондықтан ол соттан президенттің референдум өткізу туралы жарлығын заңға қайшы деп тануды талап еткен еді.

Қазақстанда жаңа Конституция жобасы бойынша референдум 15 наурызда өтеді.

🔹Ақорда Конституция жобасы жайлы не дейді?

Ақорда конституциялық түзетулерді «жаңа тарихи дәуірдің талаптарына сәйкес мемлекетті қайта құру және қоғамдық сананы жаңарту» деп түсіндіреді. Конституция жобасында екі палаталы парламенттің орнына бір палаталы парламент құрылатыны, Жоғарғы соттың, Конституциялық соттың, Ұлттық банктің, ҰҚК төрағасын, Бас прокурорды президент тағайындайды.

Ал кейбір заңгерлер мен құқық қорғаушылар жоба президенттің билігін күшейте түседі, биліктің заң шығарушы тармағының рөлін төмендетіп, азаматтардың құқығын шектейді деп санайды. Билік Конституция президент билігін күшейтеді деген сөзді "аңыз" деп атаған.
😁14🤷‍♂4🤬4❤3👎1
Тоқаев пен АҚШ елшісі бір айда екінші рет кездесіп, экономика және инвестиция келісімдерін талқылады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джули Стаффтты қабылдап, сауда-экономика, инвестиция саласындағы келісімдерді жүзеге асыру жайын талқылады. Бұл туралы 27 ақпанда Ақорда хабарлады.

Тоқаев пен Стаффт келісімдер бойынша нақты нәтижеге жету үшін екі елдің салалық министрлері деңгейінде тығыз қарым-қатынасты жалғастыру керегін айтқан. Бұған қоса, АҚШ президенті Дональд Трамп құрған Бейбітшілік кеңесі аясындағы ықпалдастық мәселелері жайлы да сөйлескен.

"АҚШ елшісі аталған ұйымның ізгі мақсатын ілгерілетуге белсене атсалысқаны үшін Қазақстан тарапына ризашылығын білдірді" деп мәлімдеді Ақорда ресми хабарламасында.

Тоқаев пен Стаффт осы айда екінші рет кездесіп отыр. 13 ақпандағы кездесуде де сауда-экономика, инвестиция саласындағы қарым-қатынасты талқылаған.

Джули Стаффтты былтыр шілдеде АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстандағы елші қызметіне ұсынған. Сенат оны қазанда осы қызметке бекіткен. Джули Стаффт биыл 9 қаңтарда Қазақстан президентіне сенім грамотасын тапсырып, қызметіне кіріскен.
😁9🔥7❤2👍1💩1
Тоқаевқа арыз жазған белсенді, Тшановты қаралағандар — AzatNEWS | 27.02.2026

🔹 Заңгер, алматылық белсенді Әлнұр Ілияшев президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың үстінен арыз жазды. Бірақ шағымы қаралмайтын болды.

🔹 Президент Тоқаевқа үндеу жасап, Конституция жобасын сынаған саяси қайраткер Амалбек Тшановты қаралайтын жазба көбейді. Мұның артында кім тұр?

🔹 Азаттық жиырма депутатқа хабарласып, референдум қарсаңында "сөз еркіндігі шектеліп жатыр" деген сынға пікір сұрады. Сөйлескен екі мәжілісмен қудалау бар дегенге келіспейді.
❤14🤬8🔥2🥰1