Azattyq - Азаттық
✔
10.8K subscribers
11.7K photos
4.52K videos
19 files
24.8K links
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
Download Telegram
Әли Хаменеи қаза болды

Иранның рухани көсемінің қаза болғанын Иранның мемлекеттік ақпарат агенттіктері - Fars, Tasnim, Mehr, ISNA және IRNA хабарлады
👍42🤯14❤4👎2
Ислам революциясы сақшылар корпусы Хаменеидің өліміне жауап ретінде жақын арада АҚШ-тың әскери базалары мен Израильге қарсы "ең қуатты" операция жүргізетінін мәлімдеді. Бұл жөнінде ирандық Fars ақпарат агенттігі хабарлады.
😁29👍8🤬5🔥1
Иранды президент және сот төрағасынан құралған кеңес уақытша басқарады

Иран президенті Масуд Пезешкиан, сот билігінің жетекшісі және конституция сақшылар кеңесі мүшелерінің бірі Иранды уақытша басқарады. Бұл жөнінде бірінші вице-президент Мұхаммад Мохберге сүйенген IRNA ақпарат агенттігі хабарлады.

Иранның рухани көсемі Әли Хаменеи 28 ақпанда таңертең АҚШ пен Израильдің Тегеранға соққысы салдарынан қаза болған. Оның қазасын жексенбіге қараған түні Иран билігі ресми түрде растады.
😁15🤔4👎2❤1👍1
Қазақстан президенті Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ), Сауд Арабиясы, Қатар, Бахрейн және Кувейт мемлекеттерінің басшыларына осынау қиын-қыстау кезеңде шынайы қолдауы мен тілектестігін білдіріп, хат жолдады. 1 наурызға қараған түні Ақорда таратқан хабарламада осылай деп айтылады.

Онда Тоқаевтың “достас әрі бауырлас елдердің тәуелсіздігі мен қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге бағытталған барлық әскери әрекетті батыл айыптайтыны” жазылған.

“Қазақстан халықаралық күрделі проблемалар мен қарулы қақтығыстардың бәрін тек дипломатиялық жолмен шешуді ұдайы жақтайды” деп жазылған хатта.

Ақорданың жазуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан бауырлас араб мемлекеттеріне қал-қадерінше көмек көрсетуге дайын екенін айтып, аталған елдердің басшыларымен тұрақты қызметтік қарым-қатынас жалғасатынына үміттенетінін жеткізген.
😁22🤔5❤4🤡3👍2🤣1🖕1
Қазақстанның Ирандағы елшілігі сонда жүрген қазақстандықтарға қайырылды

Елшілік таратқан хабарламада Иран аумағынан қалай шығуға болатындығы жазылған.

“Иран Ислам Республикасының әуе кеңістігінің жабылуына және әуе қатынасының уақытша тоқтатылуына байланысты Иран аумағынан шығу мәселесін Иран–Әзербайжан, Иран–Армения, Иран–Түркия және Иран–Түрікменстан арасындағы құрлық шекаралары арқылы пысықтау мақсатында жоғарыда көрсетілген Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерімен байланысқа шығуларыңызды сұраймыз” деп жазылған хабарламада.


СІМ хабарлауынша, Иранда 96 қазақстандық бар.
👍26❤4
Иран Израиль мен Американың аймақтағы 27 базасына шабуылдағанын хабарлады

Ислам революциясы сақшылар корпусы Израиль мен АҚШ-тың аймақтағы әскери базаларына “ракета және дронмен жаппай шабуылдағанын” хабарлады.

Ислам революциясы сақшылар корпусының тұжырымдауынша, 27 америкалық базаға шабуыл жасалған, бұған қоса Израильдің Тель-Ноф әуе базасы мен Израиль әскерінің Тель-Авивтегі штаб-пәтеріне, сол қаладағы ірі қорғаныс өнеркәсіптік кешенге соққы жасалған.

Израиль әскері әуе қорғаныс жүйесінің іске қосылғанын хабарлады. Халықаралық ақпарат агенттіктері Дубай, Доха, Манамада жарылыс естілгенін жазды.
😁15👍11❤6🔥1😢1
Azattyq - Азаттық
Америка мен Израильдің Иранға соққысы кезінде ракеталардың бірі Минаб қаласындағы қыздар мектебіне түскен. 60-тан астам адам қаза болды. Fars ақпарат агенттігі оқиға орнынан видео жариялады. Онда мектеп ғимаратының бір бөлігі қирағаны көрінеді. Қалған бөлігінде…
Иранның Минаб қаласындағы қыздар мектебіне жасалған шабуылдан қаза болғандар 148 адамға жетті. Бұл жөнінде прокуратура дерегіне сүйенген ирандық Tasnim хабарлады. Бұған дейін 108 адамның қаза болғаны хабарланған. Мектеп ислам революциясы сақшылар корпусының ғимаратына жақын жерде орналасқан, соққы нысаны сол болған сияқты.

Жексенбі күні Минаб орналасқан Хормозган провинциясында қаралы күн жарияланды. Үйінділерді аршу жалғасып жатыр.
🤬29😢8❤2👍2
Bloomberg: Ресей бейбітшілік келісімінен шығу мүмкіндігін қарастырып жатыр

Егер Украина Мәскеу талап еткен жерді беруге келіспесе, Ресей АҚШ ұйымдастырған Украинамен бейбітшілік келіссөзінен шығу мүмкіндігін қарастырады. Бұл жөнінде дереккөзге сүйенген Bloomberg агенттігі жазды.

Дереккөздерге сүйенсек, ресейлік ресми тұлғалар егер Киев әскерін Донецк облысынан шығаруға келіспесе, бейбітшілік келіссөзін жалғастырудан түк пайда жоқ деп ойлауға бейім. Украина әскерін Донецк облысынан шығару – Ресей қойып отырған негізгі талап. Егер Украина келіссе, Ресей бейбітшілік туралы келісімге қол қоюға дайын деді дереккөздер.
🖕56👍8😁4🤡4👎3❤1💩1
Иранда уақытша үкіметке президент Масуд Пезешкиан мен тағы екі шенеунік жетекшілік етеді

Уақытша үкіметке президент Масуд Пезешкиан, сот билігінің жетекшісі Голям Хұсейн Мохсени-Эджеи және сақшылар кеңесінің бір дін маманы кіреді. Бұл жөнінде соққыдан қаза болған Әли Хаменеидің кеңесшілерінің бірі Мұхаммед Мохберге сүйенген Tasnimnews хабарлады.

Иран парламентінің спикері Мұхаммед Багер Галибафтың айтуынша, Иран “кез келген сценарийге дайындалған” және “имам Хаменеидің өлімінен кейінгі кезеңге” жоспар әзірлеп қойған.
👎17🔥7😁4👍3❤1🤣1
Дубай тағы атқыланды

Иран Біріккен Араб Әмірліктеріне тағы соққы жасады. Дубайда қалалық портқа шабуыл жасалып, екі тұрғын зардап шекті деп хабарлады қала билігі. Бұған қоса, БАӘ астанасының шығыс бөлігінде жарылыс естілді деп жазды AFP.
😱18🔥6👍5❤2💯1
Аятолла Әлиреза Арафи жаңа жоғары көсем тағайындалғанға дейін Иранды басқармақ. Бұл жөнінде Иранның мемлекеттік ақпарат құралдары хабарлады.
😁11🔥4👍3👏1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ирандағы мемлекеттік телеарна жүргізушісі эфирде Аятолла Әли Хаменеидің өлімін жылап хабарлады. Кадр сыртында оператордың да жылағаны естіледі.
😁29🔥5👎3😢2
🔴Әли Хаменеи кім және несімен есте қалды?

Иранды 40 жылға жуық басқарған аятолла Әли Хаменеи 28 ақпанда АҚШ пен Израильдің Тегеранға соққысы кезінде 86 жасында қаза болды.

Жақтастары "парасатты басшы" деп мақтаған, сыншылар тарапынан "диктатор" деп сыналған Хаменеи ислам революциясының ірі өкілі ретінде есте қалмақ. Тақуа әрі өз ісіне берілген деген атағының арқасында жоғары көсем ретінде билікке келген.

🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥14🤮10🤔6😁4
Путин Хаменеидің қазасына байланысты Иран президентіне көңіл айтты

Ресей президенті Владимир Путин жексенбі күні Иранның жоғары көсемі Әли Хаменеидің қазасына орай Иран президенті Масуд Пезешкианға көңіл айтты.

“Иран Ислам республикасының жоғары басшысы Сейіт Әли Хаменеи мен оның отбасы мүшелерінің адамгершілік пен халықаралық құқықтың барлық нормаларын белден басып бұза отырып, өлтірілуіне байланысты көңіл айтамыз” деп жазылған Кремльдің хабарламасында.
😁27🤮18👍7🤡5💩4👏3🤣2🤝1
Тоқаев Таяу Шығыстағы ахуалды жіті қадағалап отыр

Бұл жөнінде Ақорданың 1 наурыз күнгі хабарламасында айтылады.

Ондағы ақпаратқа қарағанда, прездент Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания королі ІІ Абдаллаға хат жолдап, "Қазақстан қазіргідей сын сағатында бауырлас иордан халқына қолдау мен тілектестік білдіретінін"жеткізген.

“Президент ахуалдың ушығуына әкелуі мүмкін іс-қимылдардан бас тартуға шақырып, кез келген халықаралық қақтығыс дипломатиялық тәсілдер арқылы шешілуі қажет екенін тағы да атап өтті” деп жазылған ресми хабарламада.
😁17🤡10👍6❤3💩3🙈3🆒2
Палау республикасының туымен жүрген Skylight мұнай танкеріне Ормуз бұғазында Иран шабуылдады. Бұл жөнінде Оман теңіз қауіпсіздігі орталығы хабарлады.

Экипаждың барлық 20 мүшесі: 15 үндістандық және 5 ирандық эвакуацияланған. Алғашқы ақпаратқа қарағанда, экипаждың төрт мүшесі түрлі дәрежеде жарақат алған және медициналық көмек алу үшін жағалауға жеткізілген.

Оман теңіз қауіпсіздігі орталығының хабарлауынша, құтқару операциясы әскерилермен, күштік және азаматтық ведомство өкілдерімен бірге жүргізілген.

Ислам революциясы сақшылар корпусы жуырда Парсы және Оман шығанақтарын жалғап тұрған Оман бұғазын жапқан. Коммерциялық кемелерге Ислам революциясы сақшылар корпусынан бұғаздан өтуге тыйым салынғаны жайлы хабарламалар түсті.

Ормуз бұғазы әлемдегі ең маңызды теңіз сауда жолдарының бірі және мұнай тасымалдауда маңызды рөл атқарады. Әлемде тасымалданатын мұнай-газдың бестен бір бөлігі сол арқылы өтеді.
🔥13❤5👍4😱3👎2
🗣Қазақстан президенті Қатар әмірімен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады

Ақорданың хабарлауынша, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен телефон арқылы сөйлескен. Тоқаев аймақта қақтығыстың өршіп кеткеніне алаңдаушылық білдіріп, “осынау күрделі кезеңде Әмір мен бауырлас Қатар халқына тілектес екенін” айтқан.

“Шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни Қазақстанның ұдайы қолдауы үшін ризашылығын жеткізіп, екі ел арасындағы сан қырлы қарым-қатынасты достық және стратегиялық серіктестік рухында одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады” деп жазылған ресми хабарламада.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍21🤡8❤4🤣4