Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Израиль әскері Иранға жасалған ракета шабуылының видеосын жариялады.
🔥18👎8❤1
Иранның рухани көсемі міндетін уақытша Әлиреза Арафи атқаратын болды
Ирандағы ықпалды діни қайраткер Әлиреза Арафи басқарушы кеңестің мүшесі атанып, оған елдің рухани көсемі міндетін уақытша атқару тапсырылды. Бұл туралы Ирандағы ISNA мемлекеттік ақпарат құралы хабарлады. Шиит бағытын ұстанатын Арафи аятолла Әли Хаменеидің ықтимал ізбасары саналған.

Азаттық радиосы
Иранның рухани көсемі міндетін уақытша Әлиреза Арафи атқаратын болды
Ирандағы ықпалды діни қайраткер Әлиреза Арафи басқарушы кеңестің мүшесі атанып, оған елдің рухани көсемі міндетін уақытша атқару тапсырылды. Бұл туралы Ирандағы ISNA мемлекеттік ақпарат құралы хабарлады. Шиит бағытын ұстанатын Арафи аятолла Әли Хаменеидің…
👎16🔥8👍4🤔2🤮2❤1
Иранның Израильге жасаған зымыран соққысынан тоғыз адам қаза тапты
Иран тарапынан жасалған зымыран соққысы салдарынан Израильдің Иерусалимге жақын орналасқан Бейт-Шемеш қаласындағы тұрғын үйге тиген шабуылдан қаза тапқандар саны тоғыз адамға жетті. Бұған дейін сегіз адамның қаза болғаны хабарланған еді.

Израильдің ұлттық…
Израильдің ұлттық…
👏24👍11😢5👎1
"Эпикалық қаһар" операциясында АҚШ-тың 3 әскери қызметкері қаза тапты
"Эпикалық қаһар" операциясында (Operation Epic Fury) АҚШ-тың үш әскери қызметкері мерт болып, тағы бесеуі ауыр жарақат алды. Бұл туралы АҚШ Орталық қолбасшылығы хабарлады. Мұны өз үндеуінде АҚШ президенті Дональд Трамп та атап өтті.

АҚШ Орталық қолбасшылығының…
АҚШ Орталық қолбасшылығының…
👏22🕊8👍4😁1🤬1
Қазақстан соты ресейлік Юлия Емельянованың өтінішін қанағаттандырмады
Қазақстан соты Навальный штабының Санкт-Петербургтегі бұрынғы өкілі Юлия Емельяноваға пана беруден бас тарту туралы шешімге түсірілген шағымды қанағаттандырудан бас тартты. Бұл туралы қазақстандық заңгер Мұрат Адам өзінің Facebook парақшасында мәлімдеді.
"Өз тәжірибемде істің талапкер өкілінсіз қаралғанын бірінші рет көріп тұрмын. Сондай-ақ еліміз ратификациялаған халықаралық БҰҰ нормалары ашық түрде елеусіз қалдырылып отыр" деді Мұрат Адам.

Қазақстан соты Навальный штабының Санкт-Петербургтегі бұрынғы өкілі Юлия Емельяноваға пана беруден бас тарту туралы шешімге түсірілген шағымды қанағаттандырудан бас тартты. Бұл туралы қазақстандық заңгер Мұрат Адам өзінің Facebook парақшасында мәлімдеді.…
👎13👍4🤬2
Израиль Ливандағы "Хезболла" нысандарына соққы жасады. Иран АҚШ-пен келіссөз жүргізбейтінін айтты
Израиль қорғаныс әскері "Хезболланың" (АҚШ пен Израиль террор ұйымы деп таныған, бірақ Ливанда заңды саяси күш саналатын қарулы ұйым) шабуылына жауап ретінде Ливанға соққы жасағанын мәлімдеді.

🔥16👎8❤4👍3🤔1😨1
❗Иранның рухани көсемі Әли Хаменеидің әйелі Мансуре Ходжасте Багерзаде қайтыс болды. Бұл туралы Reuters агенттігі, Иранның Al Alam телеарнасы мен Mehr агенттігі хабарлады. Хаменеидің әйелі Израиль мен АҚШ-тың шабуылынан соң комаға түскен еді.
👍18💔8❤4😢4🔥1
Қазақстан сыртқы істер министрлігі Иран халқына көңіл айтты
Қазақстан сыртқы істер министрлігі Иран халқына бейбіт тұрғындардың, балалардың және жоғарғы билік өкілдерінің қаза табуына байланысты көңіл айтты. Министрлік Қазақстанмен қарым-қатынастағы араб елдеріндегі азаматтық нысандарға соққы жасалғанына өкініш білдірді. Ведомство халықаралық гуманитарлық құқықтарды сақтап, бейбіт тұрғындарды қорғау керегін ескертті. Сыртқы істер министрлігі қақтығыстар саяси-дипломатиялық жолмен шешілуі керек деп санайды.
Бұған дейін Иранның Қазақстандағы елшісі Әли Акбар Джоукар Қазақстан тарабы әлі көңіл айтпағанын жеткізген. Елші Астанадағы брифингте көңіл айту жайлы қойған журналистердің сұрағына "Қазақстан – біз үшін дос әрі бауырлас ел. Мүмкін, демалыс күндері болғандықтан Қазақстан билігі хабарлама жіберуге мүмкіндік таппаған шығар" деп қана жауап берген еді.

🤣28🤡13👍4😢4❤2🕊2🔥1🤮1💩1🗿1🤷1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Бүгін, 2 наурызда Иран астанасы Тегеранның бірнеше аймағында жарылыс болды. Азаттық радиосының Иран қызметіне келген видео.
t.me/azattyq
t.me/azattyq
🤯14❤4👎2🔥1🤬1
⚡Трамп: АҚШ Иранға ауыр соққы жасауды "әлі бастаған жоқ"
АҚШ президенті Дональд Трамп CNN телеарнасына "Иранмен әскери қақтығыс жақсы жүріп жатыр", "себебі әлемдегі ең мықты әскер АҚШ-та", Вашингтон "сол әскерді қолданып жатыр" деп мәлімдеді.
"Біз оларды быт-шытын шығарамыз... Біз ауыр соққы жасауды әлі бастаған да жоқпыз. Үлкен соққылар легі әлі басталмады. Ал ауыр соққылар толқыны жақында басталады" деді ол.
Трамп АҚШ үшін Иранның Таяу Шығыстағы Араб елдеріне шабуыл жасағаны "үлкен тосынсый болды" дейді. АҚШ президентінің сөзінше, "бұрын араб елдері араласпауға тырысқанын", қазір "өз дегендерін жасауды сұрап отыр".

❤16👎12🔥7🤬3🤔2🥱1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🤯12❤8🤬6👎3👍2🔥1
❗Таяу Шығыстағы ахуал. 2 наурыздағы негізгі оқиғалар
🔹Иранның қауіпсіздік бойынша жоғарғы кеңесінің басшысы Али Лариджани «Тегеран Вашингтонмен келіссөз жүргізбейді» деп мәлімдеді. Мұның алдында АҚШ президенті Дональд Трамп «Иранның қазіргі билігі бізбен келіссөз жүргізгісі келеді» деген еді.
🔹Ирандық Қызыл жарты ай қоры АҚШ пен Израильдің Иранға шабуылынан 555 адам қаза тапты дейді.
🔹Трамп соққыдан Иранның 48 лидері қаза тапқанын айтып, шабуыл төрт аптаға созылуы мүмкін деді. Ол "біз ауыр соққы жасауды әлі бастаған жоқпыз" деп отыр.
🔹Иран Сауд Арабиясына да шабуыл жасап, мұнай өңдеу зауытына шабуыл жасады. Сауд Арабиясы шабуылдан шыққан өрт бақылауда деді. Бұған қоса, Иран Катардағы газ өңдеу зауытына да соққы жасаған.
🔹Brent маркалы мұнайдың бағасы 10 пайызға өсіп, барреліне 80 доллардан сатыла бастады. Ал газ бағасы халықаралық нарықта 40 пайызға өсіп кетті.
🔹Иранның рухани көсемі Әли Хаменеидің артынан әйелі Мансуре Ходжасте Багерзаде де қайтыс болды. Бұл туралы Reuters агенттігі, Иранның Al Alam телеарнасы мен Mehr агенттігі хабарлады. Хаменеидің әйелі Израиль мен АҚШ-тың шабуылынан соң комаға түскен еді.
🔹Кувейтте АҚШ-тың бірнеше әскери ұшағы құлаған. Америкалық әскерилер «Кувейттің әуе қорғаныс жүйесі құлатып алды», «пилоттар ұшақ құлаған сәтте парашютпен секіріп үлгерді» дейді.
🔹АҚШ төрт солдаты қаза тапқанын хабарлады.
🔹Ливан денсаулық сақтау министрлігі Израильдің шабуылынан кемі 31 адам қаза тапқанын, 149 адам жарақат алғанын хабарлады. Ал Израиль «Хезболла» тобының шабуылына жауап қайтардық деп отыр.

😱14❤6👎3🤔3👀2🔥1
АҚШ әскерінің Таяу Шығыстағы операцияларын басқаратын Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы операциясы 28 ақпанда басталған сәтте Оман шығанағында болған Иранның 11 әскери кемесі мен теңіз құралдары жойылғанын мәлімдеді.
"Екі күн бұрынирандық режимнің Оман шығанағында 11 кемесі болған, қазір бірде-бірі қалған жоқ", деген CENTCOM хабарында ирандық кемелердің біріне шабуыл жасалған сәтболуы мүмкін видеожазба қоса берілген.
Бұған дейін CENTCOM Тегеранның Иран күштері америкалық ұшақ тасымалдаушы кемеге шабуыл жасап, нысанаға тиді деген мәлімдемесін жоққа шығарған еді.
АҚШ әскери қолбасшылығының хабарлауынша, ұрыс барысында зақымданған жалғыз "ұшақ тасымалдаушы" – палубасында дрондар болуы мүмкін Иранның Shahid Bagheri әскери кемесі.
Оның алдында CENTCOM-ның Оман шығанағындағы Чах-Бехар порты айлағы маңында Jamaran класына жататын ирандық корвет суға батқан деген мәліметін Naval News басылымы растаған еді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤10👏7🤬7👍2👎1🤡1💯1🍾1
Франция президенті Эммануэль Макрон өз елі ядролық қару-жарақ қорын ұлғайтып, Еуропаның өзге елдерімен ядролық қатерді тежеу саласындағы ынтымақтастықты кеңейтетінін мәлімдеді.
Ол мұндай шешім қабылдауға Ресейдің Украинаға қарсы соғысы, Қытайдың әскери қуаты өскені және АҚШ-тың қорғаныс саясаты басымдықтары өзгергені себеп болғанын айтты.
АҚШ-тың сыртқы саясаты өзгерген жағдайда Франция "ядролық қолшатырының" панасына Еуроодақтың өзге елдерін де алуы мүмкін екені бұған дейін де айтылған. 2 наурызда Макрон мен Германия канцлері Фридрих Мерц ядролық мәселе жөніндегі бірлескен жұмыс тобы құрылатынын растады.
Макронның пікірінше, әлемде болып жатқан кейінгі оқиғалар ядролық қару қолданылуы мүмкін қақтығыстар болу ықтималдығы артып келе жатқанын аңғартады. Ол белгілі бір жағдайларда француз ядролық қаруын басқа елдер аумағында орналастыру мүмкіндігін жоққа шығармайтынын мәлімдеді. Алайда оны қолдану туралы бұйрықты Франция президенті ғана бере алатынын атап айтты.
Бұған қоса Макрон Франция ядролық оқтұмсық санын арттыратынын, бірақ нақты қаншаға дейін көбейетінін ресми түрде жарияламайтынын ескертті. Қазіргі кезде, ресми деректерге сәйкес, Францияда 300-ге жуық ядролық оқтұмсық бар.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍19😱7👎4🤔3❤1🍾1
‼Таяу Шығыстағы шиеленіс аймағында мыңдаған қазақстандық бар
Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің дерегінше, қазіргі уақытта Таяу Шығыстағы шиеленіс аймақтарында бірнеше мың Қазақстан азаматы бар:
🔹 Біріккен Араб Әмірліктерінде – шамамен 3,5 мың;
🔹 Сауд Арабиясында –3 мыңға жуық;
🔹 Қатарда – 1,5 мың шамасында.
Бұған қоса, дипломатиялық өкілдіктер мәліметінше:
🔹 Иранда – 82;
🔹 Бахрейнде – 168;
🔹 Кувейт пен Иорданияның әрқайсысында – 134;
🔹 Израильде шамамен100 қазақстандық тіркелген.
Қазақстандықтар арасында зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ дейді министрлік.
Әскери іс-қимылдар басталған 28 ақпаннан бері өңір елдерінің басым бөлігінде әуе кеңістігі жабылып, әуе компаниялары жолаушы рейстерін тоқтатуға мәжбүр болған.
Қазақстанның шетелдердегі дипломатиялық мекемелері туристік компаниялармен бірлесіп, Қазақстан азаматтарын қонақүйлерге уақытша орналастыру жұмыстарын жүргізіп жатыр деп хабарлады СІМ.

😨13❤6🤔1
Министрлік дерегінше, қазақстандықтардың Иран-Армения шекарасынан Армения аумағына кедергісіз өтуіне мүмкіндік жасау жөнінде Арменияның сыртқы саясат мекемесімен тұрақты байланыс орнатылған.
Әзербайжанмен де осыған ұқсас уағадаластық жасалып, эвакуация мәселелері бойынша қолдау көрсету жайлы келісілген. Әзербайжан мен Иран арасындағы құрлықтағы шекарадан өткізу тәртібі шектеулі болғандықтан арнайы рұқсат қажет. Екі қазақстандық азаматтың өтініші бойынша Қазақстанның Әзербайжандағы елшілігі Ираннан "Жулфа" бақылау-өткізу пункті (Нахчыван) арқылы кіруге жедел түрде рұқсат алды деп хабарлады СІМ.
Түрікменстан да Иранмен мемлекеттік шекарасынан Қазақстан азаматтарының өтуіне жәрдем көрсетуге дайын екенін растаған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍19❤3💯1
АҚШ-тың Иранға қарсы әскери операциясы 2003 жылғы Иракқа басып кірген кездегідей "шексіз соғысқа" айналмайды деп мәлімдеді Пентагон басшысы Пит Хегсет "Эпикалық қаһар" операциясының үшінші күні Вашингтонда өткен баспасөз мәслихатында.
Хегсет АҚШ-тың Иранға құрлық әскерін кіргізу жоспары жоқ және Ирактағыдай елді оккупациялап, онда демократиялық институттар құруға тырыспайды деді. Ол Иранға қарсы операциясын аяқтау туралы шешімді президент Дональд Трамп қабылдайтынын айтты.
2 наурыз күні кешке АҚШ президенті Трамп Иранға қарсы операция Тегерандағы режимнен туындайтын қауіптер толық жойылғанға дейін жалғасады деп мәлімдеді. Ол Иранда Еуропаға жете алатын баллистикалық зымырандар бар және Америкаға дейін жететін зымыран әзірлеумен айналысқан деді.
Трамп операция жоспардағыдан озық жүріп жатқанын, бірақ қажет болған жағдайда бұрын айтылған төрт аптадан да ұзаққа созылуы мүмкін екенін мәлімдеді. Ол АҚШ операциясының мақсаттарын да атады – Иранның зымыран және ядролық бағдарламаларын жою, сонымен бірге Тегеранды АҚШ-ты жау көретін шетелдік ұйымдарды қолдау мүмкіндігінен айыру.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥12❤6👎3😁1
✈ АҚШ пен Израиль Иранға әуеден шабуылдап, Таяу Шығыс аймағында жағдай күрт шиеленісіп кеткен өткен сенбіден бері алғаш рет Қазақстанға Дубайдан жолаушы ұшағы келді.
Әуе қозғалысын тікелей режимде бақылайтын flightradar24.com сайтының дерегінше, Дубайдан ұшып шыққан FlyDubai әуе компаниясының ұшағы 3 наурыз күні жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі сағат 8:30 шамасында Астананың халықаралық әуежайына қонған.
Ұшу бағыты картасына қарағанда Дубайдан Қазақстанды бетке алып шыққан ұшақ Пәкістан, Ауғанстан мен Өзбекстанның әуе кеңістігі арқылы ұшып жеткен. Ұшақпен кімдер және неше адам келгені жайлы ақпарат әзірге айтылған жоқ.
Сейсенбі күні Қазақстанның ең ірі қаласы Алматыға да Дубайдан жолаушы ұшағы келіп қонғаны белгілі болды. Бұл туралы сол ұшақпен жеткен адамдар әлеуметтік желіде хабарлады.

👍15❤9🙏5🍓1
Қазақстанның сыртқы істер вице-министрі Әлібек Бақаев Дубайдан әуе қатынасы шектеулі болғандықтан, сондағы қазақстандықтарды көршілес Біріккен Араб Әмірліктері мен Қатар арқылы елге жеткізу көзделіп отырғанын айтты.
– Бүгін азаматтарымыз мінген автобустардың алғашқы легі Дубайдан Оман сұлтанатына қарай шықты. Күн аяғына дейін 467 азаматымызды Оманнан Қазақстанға жеткізуді жоспарлап отырмыз,
– деді Бақаев 3 наурызда Астанада өткен үкімет отырысынан кейін.
Оның сөзінше, Қатардағы қазақстандықтар автобуспен Сауд Арабиясы астанасы Эр-Ридяқа, одан Жиддаға жеткізіліп, сондағы әуе компаниялары ұшағымен Қазақстанға оралмақ. Ал Ирандағы қазақстандықтар тек құрлық жолымен шыға алады дейді шенеунік.
– Иранның әуе кеңістігі жабық болғандықтан, ол елдегі қазақстандықтар құрлық жолымен Армения, Әзербайжан және Түрікменстан арқылы ғана шығады,
– деді вице-министр.
СІМ өкілінің айтуынша, дүйсенбі күні Иранның солтүстігіндегі Горган қаласында болған оннан астам адам, Түркіменстан билігінің рұқсаты бойынша, Иран шекарасынан Түркіменстан аумағына өткен. Қазір олар Қазақстанға келе жатыр деді Бақаев.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤10😁3👍2
‼АҚШ-тың Эр-Риядтағы елшілігіне екі дрон шабуылдады
3 наурызға қараған түні АҚШ-тың Эр-Риядтағы елшілігіне белгісіз екі дрон шабуыл жасаған. Сауд Арабиясының қорғаныс министрлігі X әлеуметтік желісіндегі парағына шабуыл салдарынан "шағын өрт" шығып, ғимаратқа "елеусіз материалдық залал" келген деп жазды. Оқиға кезінде ғимаратта адам болмаған.
Бұл дрондар Ирандыкі болуы мүмкін деген болжам айтылды.
АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы операция бастағанын бүгін төртінші күн. Иран қарымта ретінде АҚШ базалары орналасқан Парсы шығанағындағы елдерге, соның ішінде Кувейтке, Қатарға, Бахрейнге, Біріккен Араб Әмірліктеріне және Сауд Арабиясына зымыран мен дрон атқылап жатыр.
Сейсенбі күні таңертең АҚШ-тың Кувейттегі елшілігі уақытша жабылатынын жариялады, ал АҚШ мемлекеттік департаменті сейсенбі күні Бахрейн, Ирак пен Иордания елдерінен кейбір қызметкерлерін эвакуациялайтынын хабарлады. Мемлекеттік департамент АҚШ азаматтарын Таяу Шығыстағы бірқатар елден мүмкіндігінше тезірек кетуге шақырды.

👍15😍5❤2👎1