Azattyq - Азаттық
✔
10.8K subscribers
11.7K photos
4.52K videos
19 files
24.8K links
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
Download Telegram
👁‍🗨 БАҚ: Әли Хаменеиді Израиль барлауы Тегеран көшесіндегі камералар арқылы аңдыған

Израильдің барлау қызметі Иранның жоғарғы көшбасшысы аятолла Әли Хаменеиді өлтірерден көп бұрын Тегерандағы жол бойындағы бейнекамералардың түгеліне дерлік бұзып кіріп, қауіпсіздік қызметкерлерін сырттай бақылаған. Мұны дереккөздеріне сүйеніп Financial Times жазды.

Басылым сөйлескен екі адамның айтуынша, бейнебақылау камераларынан алынған жазбалар шифрмен кілттеліп, Тель-Авивтегі серверлерге жіберіліп отырған. Камералардың бірі Хаменеи резиденциясына келетін Иранның жоғары лауазымды шенеуніктерінің жүргізушілері көлікті қай жерге қойғанды жөн көретінін анықтауға мүмкіндік берген.

Барлау қызметі қауіпсіздік қызметкерлері жайлы деректерді: тұрғылықты мекенжайын, жұмыс кестесін, жүретін бағыттарын және кімдерді күзетіп, таситыны туралы мәліметтер жинаған.

"Біз Иерусалимді қалай жақсы білсек, Тегеранды да солай білдік, – дейді израильдік барлау қызметкерлерінің бірі. – Ал бір жерді өзің өскен көше сияқты бес саусағыңдай білсең, кез келген ұсақ-түйекті лезде байқайсың".

Сонымен қатар Израиль Хаменеи резиденциясы тұрған көше маңындағы он шақты ұялы байланыс мұнарасының жекелеген бөлшектерін істен шығарған. Осылайша қоңырау шалған адам желі бос емес екен деген әсерде қалатындай етіп, шабуыл қаупі жайлы ескертуді аятолланың күзет қызметіне жеткізбеудің амалын жасаған.

Әли Хаменеи жасырынбағанымен, соғыс кезінде сақтық шараларын жасаған.

"Оның бункерінде болмауы – әдеттен тыс жағдай еді. Оның екі бункері бар, егер ол сонда болғанда, Израиль қолындағы бомбалармен оған жете алмас еді", – деді басылымға дереккөздердің бірі.
👍15🤬8❤6🔥6🤔1
🛩Соғыстың салдарын ауырлатып, бітімді жақындату. Иранның стратегиясы қандай?

АҚШ пен Израиль Тегеранды бомбалап жатқан тұста Иран Парсы шығанағы елдеріне зымыран мен дрон атқылауға көшті. Ондағы мақсат – АҚШ-тың осы аймақтағы одақтастарын Вашингтонға қысым жасауға итермелеу дейді сарапшылар.

Иран 28 ақпаннан бері Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Кувейт, Бахрейн және Катардағы АҚШ әскери базаларына, сондай-ақ осы елдердегі энергетика және коммерция нысандарына жүздеген зымыран мен дрон атқылаған. Аталған елдердің бәрі – АҚШ-тың одақтасы.

"Мақсат – АҚШ үшін соғыстың салдарын тікелей және жанама түрде ауырлату, сол арқылы Вашингтонды бұл соғыста жеңіске жете алмайтынына иландыру", – дейді Германияның Халықаралық және қауіпсіздік мәселелері институтының сарапшысы Хамидреза Әзизи.

Атыс-шабыс аймағына айналған Таяу Шығыстағы жағдай туралы сарапшылар пікірін сайтымыздан оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍11❤6🤬2🍾1
🔥Щучинск: кафедегі жарылыс құрбандарының саны тоғыз адамға жетті

Ақмола облысы Бурабай ауданы орталығы Щучинск қаласындағы кафеде болған жарылыс пен өрттен зардап шеккен тағы екі адам ауруханада көз жұмған. Бұл туралы 3 наурыз күні облыстық денсаулық сақтау департаменті басшысы Нариман Ермек хабарлады деп жазды ҚазАқпарат.

– Кеше денесінің 70 пайыздан астамы күйіп қалған бір науқас жан тапсырды, ал бүгін біз 85 пайыздан астам күйік шалған тағы бір адамнан айырылдық. Бастапқы күйік жарақаты мен асқынуы өте ауыр болды. Медицина қызметкерлері науқастардың өмірін сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Өкінішке қарай, реанимациялық шаралар нәтиже бермеді, – деген Нариман Ермек.

Осылайша дәмханадағы өрт салдарынан мезгілсіз қазаға ұшырағандар саны тоғыз адамға жетті. Төтенше оқиғадан 28 адам зардап шеккен. Қазір аудандық ауруханада жатқан екі адамның жағдайы ауыр дейді дәрігерлер. Тағы төрт адам облыстық көпсалалы ауруханада емделіп жатыр, олардың бірі өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

26 ақпан күні Щучинскідегі "Палау орталығы" кафесінде жарылыс болып, салдарынан жеті адам қаза тапқанын Ақмола облыстық төтенше жағдай департаменті хабарлаған. Алдын ала болжам бойынша, кафеде газ баллоны жарылған.

Прокуратура мәліметінше, осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, дәмхана иесі ұсталған.
😢21❤5👍1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Иранның Минаб қаласында мыңдаған адам көшеге шығып, қыздар мектебіне жасалған соққыдан қаза тапқан жүзден аса қызды аза тұтты. 28 ақпанда Минаб қаласындағы мектепке соққы жасалған еді. Иран бұл шабуылға АҚШ пен Израильді айыптайды. Ал АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио "АҚШ мектепке әдейілеп соққы жасамайды" деді.
😢36🕊12🤬3😭2❤1👍1👎1🤔1🙏1💔1
💬БАҚ: Әли Хаменеидің орнын оның ұлы басады

АҚШ пен Израильдің әуе шабуылынан қаза тапқан Иранның жоғарғы көшбасшысы аятолла Әли Хаменеидің орнын оның ұлы 56 жастағы Мұжтаба Хаменеи баспақ. Бұл жөнінде дереккөздерге сүйенген "Неміс толқыны" хабарлады. Дереккөздің айтуынша, мұндай шешім Ислам революциясы сақшылар корпусының қысымымен қабылданған. Әзірге ақпарат ресми түрде расталмады.

Бұған дейін Иранның жоғарғы көшбасшысы міндетін уақытша атқару ықпалды шиит дінтанушысы Әлиреза Арафиге жүктелген еді.

Сурет: Мұжтаба Хаменеи
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤡18🤔10👍5🤣3👏2
Ақтөбеде пауэрбанк жарылып, бір отбасы баспанасыз қалды

Өрттен ешкім зардап шекпеген, оқиғадан кейін үй тұруға жарамсыз болып қалған.

"Қатты тарсылдаған дыбыс естілді. Қарғып тұрып барсам – ұлымның бөлмесінде немерелерім [пауэрбанкті] қосып қойған екен, сол жерден от шығып жатыр. Тарсылдап, түтін шығып кетті. Шкаф бірден өртенді. Демалу мүмкін болмай қалды. Ештеңе көрінбей кетті. Мұндай нәрсені қосуға тыйым салу керек, әсіресе балаларға" деді қала тұрғыны Құрман Майрымбаев.

Скриншот:
Almaty.tv
😱27❤4👎1🤯1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Депутат бұрынғы шенеуніктердің Дубайдағы пәтерлерін тексеруді талап етпек

1 наурызда Дубайда Fairmont The Palm тұрғын үй кешені атқыланып, өрт шыққан. Әлеуметтік желіде ол жақта қазақстандық ауқатты азаматтар, оның ішінде қазақстандық бұрынғы шенеуніктерге тиесілі баспана зардап шеккен болуы мүмкін екені талқыланып жатыр.

Азаттық радиосының "Дубайдағы Қазақстан" зерттеуіне негіз болған C4ADS ұйымының 2022 жылғы дерегінше, онда қазақстандықтарға тиесілі 97 пәтер бар. Арасында бұрынғы сенат төрағасы Қайрат Мәмидің ұлы, Алматы облысының бұрынғы әкімінің әйелі Бағдат Баталова және өзге де тұлғалардың жылжымайтын мүліктері бар.

4 наурызда мәжіліс кулуарында депутат Ерлан Саиров бас прокуратураға өтініш сауал жолдап, бұрынғы шенеуніктердің шетелдегі мүліктеріге құқықтық баға беруді сұрайтынын айтты. Саировтың видеосын “За нами выехали” телеграм-арнасы жариялады. Депутат қағаз жүзінде олар "заң бұзбаған да болуы мүмкін" деді, бірақ бас прокуратура бұған реакция білдіруге міндетті деп санайды.

“Моральдық тұрғыдан алғанда бұл дұрыс емес, тіпті адамдыққа да жатпайды” деді ол.
👍46😁13❤3👎1🔥1🤣1
Адвокат: Оразалы Ержановтың қамалуына қатысты шағымға жауап жоқ

Адвокат Виталий Воронов қоғам белсендісі Оразалы Ержановтың қамалуына қатысты шағым түсірген, бірақ әзірге тергеу сотынан ешқандай хабарлама келмеген. Бұл жөнінде адвокат журналист Вадим Борейкоға хабарлады. Вороновтың айтуынша, оған күдік жарияланбаған және әрекеті сараланбаған.

“Шағым жібергенім туралы тиісті талондар мен шағымның тіркелгені жайлы құжаттар бар. Қылмыстық-процестік заңға сәйкес, мамандандырылған ауданаралық тергеу соты (1 наурыздан кешікпей) менің шағымымды іс материалдарымен бірге Алматы қалалық сотына маған және мен қорғап отырған азаматқа хабарлай отырып, жіберуі керек еді. Әзірге, (4 наурыз сағат 10.00-дегі жағдай бойынша) тергеу сотынан ешқандай хабарлама түскен жоқ” деді адвокат.

“Соттар не үшін мұны жасап отыр, шағымды қарауды созып жатыр? Тек топшылау қалады” деді адвокат.

Оның сөзінше, Ержановтың қамау мерзімі 5 наурыз кешке аяқталады.

4 наурызда Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі Азаттыққа мәселені істі жүргізіп отырған органнан сұрау қажеттігін айтты. Ал Алматы қалалық полиция департаменті әзірге сұрақтарға жауап берген жоқ.

Жаңа Конституция жобасын сынаған, заңсыз шығарылған активтерді қайтару жөніндегі Elge Qaitaru қоғамдық қорының директоры Оразалы Ержанов 23 ақпанда Алматыда ұсталған. 25 ақпанда тергеу соты он күнге қамаған.

Алматы полициясы сайлау құқықтарын жүзеге асыруға кедергі келтіру фактісі негізінде қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған.
🤬19👎2❤1
❗️"Қазақстан Ирандағы жағдайдан пайда таппайды". Таяу Шығыстағы жағдайдың сауда-саттыққа әсері

Парсы шығанағында мұнай танкерлері кептеліп қалды. Олардың көбі Араб елдерінің мұнайын Азияға тасымалдайды. 2 наурызда Иран шығанақтағы Ормуз бұғазын жабатынын мәлімдеген. Тегеран бұғаздан өтетін кез келген кемені шабуылдаймыз дейді. Ормуз бұғазы әлем экономикасы үшін қаншалық маңызды? Мұнай қымбаттаса, мұның Қазақстан экономикасына әсері қандай болмақ?

Мұнайдың қымбаттауы Қазақстан экономикасына қалай әсер етпек? Азаттық осы және өзге сұрақтарды экономист Қажыгелді Шамбылмен талқылап көрді.

Сұхбатты толығырақ оқыңыз
YouTube-тен көріңіз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔12❤2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстан Трамп құрған Бейбітшілік кеңесіне жарна төледі ме?

Сәрсенбі күні вице-премьер Серік Жұманғарин журналистердің осы сұрағына жауап берді. Оның жауабын “За нами выехали” арнасы жариялады.

“Біріншіден, әлі ештеңе төлеген жоқпыз. [Аймақтағы ахуалды] тұрақтандыру аясында дәрігерлерді далалық госпитальдармен бірге жіберуге дайынбыз. Студенттерге грант беруге әзірміз. Азық-түлікпен гуманитарлық көмек көрсетуге дайынбыз. Яғни, көмектің басым бөлігі осылай беріледі. Ол да бағалануы мүмкін. Мұнда цифр айтылды, ол сәл солай беріледі деген сөз жоқ. Бұл жан-жақты көмек, басым бөлігі гуманитарлық сипатта болады” деді ол.


Нақтылаушы сұраққа “иә” немесе “жоқ” деп жауап бермеген шенеунік бұл мәселелер үкімет деңгейінде әлі талқыланбағанын жеткізді.

19 ақпанда АҚШ президенті Дональд Трамп Газa секторы бойынша Бейбітшілік кеңесінің бюджетіне тоғыз ел 7 миллиард доллардан астам қаржы бөлгенін айтқан еді. 9 елдің арасында Қазақстан да бар. АҚШ президенті жария еткен жеті миллиард доллар жарнаның нақты қаншасы Қазақстанның үлесіне тиетіні әзірге белгісіз.

Бұған дейін Ақорда Қазақстан 1 млрд долларлық жарна төлемегенін мәлімдеген еді.
🤬15🤮5😁2🤯1💩1
💬 Алматы облысында полиция "Путинді қорлағандарды" іздеп жатыр

Алматы облысы Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылында орналасқан ескерткіш белгісінің бүліну дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Азаттыққа Алматы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Полиция мәліметінше, ескерткіштің бүліну фактісі бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.

«Қазіргі уақытта кінәлі адамдарды анықтап, ұстау үшін жедел-іздестіру шаралары қолға алынған» деп жазылған полиция жауабында.

2022 жылы қазақстандық баспагер әрі блогер Бақытжан Бұқарбай бұл ескерткішті «Ресейлік оккупация символы» деп атап, оны алып тастауға үндеген. Ресми билік бұл үндеуге жария жауап бермеген.

Сурет: Бақытжан Бұқарбай ескерткішті көрсетіп тұр. Тамыз 2022 жыл
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😁18🤬13🔥4❤3💩3👍2
Қазақстан СІМ: Таяу Шығыс елдерінен 900-ге жуық қазақстандық оралады

“Жақын арада 314 қазақстандық мінген рейс Маскаттан (Оман) Алматыға келеді. Ізінше дәл осы бағыт бойынша екінші топтың ұшуы жоспарланған. [Онда] Шамамен 230 қазақстандық болады” деді Қазақстан СІМ ресми өкілі Ерлан Жетібаев 4 наурыз күнгі брифинг кезінде.

Оның сөзінше, бұдан бөлек бүгін Жидда – Атырау және Жидда – Ақтау бағыты бойынша 326 қазақстандық елге жеткізілмек.

Ведомство мәліметінше, бұған дейін 15 қазақстандық Иран – Түркіменстан шекарасы арқылы өтіп, Ақтауға қарай бағыт алған. Армения шекарасы арқылы 35 қызметкер мінген автобус Ираннан шығып кеткен.

Министрліктің айтуынша, Таяу Шығыс елдерінен қазірге дейін 946 қазақстандық әкелінген.
❤9👍7
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Депутат шетелдегі соғысқа қатысқандарға жазаны жұмсартуды ұсынды

Мәжіліс депутаты Жарқынбек Амантайұлының айтуынша, шетелдегі соғысқа қатысқандар саны артып жатыр. 2023 жылы – 23 іс, 2024 жылы – 36 іс, 2025 жылы – 141 іс тіркелген. 2025 жылы тіркелген істер бойынша 26 азамат сотталған.

Депутаттың айтуынша, “бірі әлеуметтік қиындықтың салдарынан, бірі адасу мен алдану арқылы” баруы мүмкін, енді бірін “мәжбүрлеуі мүмкін”. Ақыр соңында “шарасыз жат елдің қанды майданының қатысушысына айналады”. Депутат қылмыстық саясатты қайта қарастыруды ұсынып, тек терроризм мен әскери қылмыс жасағандарды ғана қатаң жазалауды ұсынды.

Қазақстан заңнамасы бойынша, шетелдегі соғысқа қатысқандар қатаң жазаланады. Елде бұған дейін де Украинадағы соғысқа қатысқандар сотталған. Былтыр "Медиазона" Қазақстанда бір жылда Украинада Ресей әскері қатарында соғысқандарға қарсы 700 қылмыстық іс қозғалғанын жазған еді. Билік бұл ақпаратқа реакция білдірмеген.
🤬42👎11🤡6👍4❤3💩2🤯1
Испания премьер-министрі: ел ұстанымы – "соғысқа жол жоқ"

Испания премьер-министрі Педро Санчес 4 наурыз күні телеарнадан жасаған үндеуінде өз үкіметі АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған шабуылдарын қолдамайтынын мәлімдеп, Мадридтің ұстанымын "соғысқа жол жоқ" деп сипаттады және қарулы қақтығыстың одан әрі ушығуынан сақтандырды.

Санчес бұл сөзін АҚШ президенті Дональд Трамп Американың Иранға қарсы әскери операциясын қолдаудан бас тартқан Испанияны сынға алғаннан кейін Вашингтон мен Мадрид арасында келіспеушілік туындаған шақта айтты.

Таяу Шығыстағы ахуал бойынша өзге де жаңалықты Азаттықтың лайфблоггингінен оқыңыз
👍52❤5🤔2🖕1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🗺Неге Таяу Шығыс дейміз?

Қазақстанның шығысында емес батысына таман жатқан тұсты, Азия құрлығының орта маңын неге Таяу Шығыс дейді? Картамен түсіндіреміз.

Ескерту: Осман империясы, Қиыр Шығыстың 19 ғасырдағы картасы шамамен көрсетілген.
👏31🔥11❤4
НАТО-ның әуе қорғаныс жүйесі Түркияға қарай жіберілген Иран ракетасын жойды

Ираннан жіберілген баллистикалық ракета Жерорта теңізінің шығыс бөлігінде анықталып, Түркияның әуе кеңістігіне қарай бағыт алған. Оны НАТО-ның әуе қорғаныс жүйесі жойып жіберді деп хабарлады Түркия қорғаныс министрлігі.

Оның бөлшектері Түркияның оңтүстігіндегі Дертйол ауданына құлады. Оқиғадан ешкім зардап шекпеген.

"Біз тараптарға қақтығыстың аймақта таралуына жол ашатын әрекеттерге бармау қажеттігін ескерттік" деп жазылған Түркия қорғаныс министрлігінің хабарламасында.
🔥23👍14❤1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Астана әуежайында журналистер Лұқпан Ахмедияров, Рауль Упоров пен олардың операторы Еркебұлан Ғапуов ұсталды. Олар қазір ғана Украинадан іссапардан оралған еді деп жазды журналист Динара Егеубаева.

“Әлемде болып жатқан оқиғаларға байланысты бізді тексеріп жатыр, себебі біз Еуропада, Украинада болдық. Қызметкер қазір ҰҚК-дан адамдар келеді, бізді соларға тапсыратынын айтты” деді Лұқпан Ахмедияров.

Оның сөзінше, олардың төлқұжаттарын тәркілеген.

ҰҚК баспасөз қызметінің өкілі Майгүл Айнабекова Азаттыққа "ресми сауал жіберу" қажеттігін айтты.

Видео: Рауль Упоровтың парақшасынан
🤬28🤔10👍3
АҚШ Сенаты Трамптың әскери өкілеттігін шектеуге қарсы болды

4 наурызда АҚШ Сенаты президент Дональд Трамптың әскери өкілеттігін шектеуді қарастыратын қарарды қолдамады. Демократтар ұсынған қарар жобасын 47 сенатор жақтап, 52 сенатор қарсы дауыс берді. Бұл құжат президенттің Конгрессті айналып өтіп, Иранға қатысты әскери іс-қимылдарды ары қарай жалғастыруды бұйыру мүмкіндігін шектеуді көздейді. Конгресстің қос палатасында қазір республикалық партия басым дауысқа ие.

Ақ үй әкімшілігі Иранға қарсы шабуыл бастауына байланысты демократтар мен кейбір республикалықтар тарапынан сынға қалған еді. Кейбір саясаткерлер соғысты бастау заңдылығын дауысқа салуды ұсынған.
👍19👎3🔥3❤2😁1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Астана әуежайында ұсталған журналистерді ештеңе түсіндірместен босатып жіберген

“Қазір бізді босатты. Кешірім сұрап, “кешіріңіздер, осылай болып қалды” деді. Не солай болып қалды? Бізді не үшін ұстады? Ешкім түсіндірген жоқ. Төлқұжаттарымызды қайтарып берді. “Қазақстанға қош келдіңіздер!” деді” дейді Рауль Упоров.

5 наурызда таңертең Украинадан іссапардан оралған “Просто журналистика” арнасының түсірілім тобын Астана әуежайында ҰҚК қызметкерлерінің ұстағаны хабарланған еді. Журналистер өздерінің төлқұжаттарын да тәркілеп алғанын айтқан еді.
🤬22😁5🤔5🤡3❤1
💬Астана әкімдігі Конституция жобасына қатысты пикет өткізгісі келген тұрғынға рұқсат бермеді

Астана әкімдігі Конституция жобасына пікірін айтпақ болған қала тұрғыны Мұсағали Дауыловқа жалғыз адамдық пикет өткізуге рұқсат бермеді. Тұрғын өтініште пикетті 12 наурызда Министрліктер үйі аумағында түсте өткізгісі келетінін жазған.

“Пикеттің мақсаты – Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгеріс енгізу жобасы бойынша референдумның өткізілуіне келіспейтінімді білдіру және азаматтық ұстанымды жеткізу, бұған қоса ашық талқылау мен заңдылық пен халық билігі принципін сақтау қажеттілігіне назар аударту” деп жазылған өтініште.

Астана әкімдігі 4 наурызда тұрғынға берген жауабында халықтың қорғанысы мен қауіпсіздігін, тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымға кемінде 800 метр жатқан аумақта пикет өткізуге тыйым салынғанын жазған. Жауапқа қала әкімінің орынбасары Е.Байкен қол қойған.

Бұған дейін ақпан ортасында Алматыда да тұрғын Серік Әбішев жаңа Конституция жобасына қатысты бейбіт жиын өткізбек болып, өтініш берген еді. Бұған дейін ол әкімдіктен жауап ала алмағанын айтқан.

“Азаматтарға Конституцияны бейбіт митингіде талқылауға тыйым сала отырып, Конституция бойынша қалай референдум өткізуге болады? Әкімдіктің рұқсат бермеуін референдум өткізуге кедергі және саяси реформаларға саботаж ретінде бағалаймын... Бейбіт жиын өткізу құқығын бізге әкімдік берген жоқ. Бұл бізге азаматтық құқық ретінде тиесілі” деп жазды ол.

Алматы әкімдігі әзірге түсініктеме бермеді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎17🤬11💩3👍1