🇰🇷Кореялық корпорация Алатау қаласының бас жоспарын дайындауға қатыспақ
Оңтүстік Кореяның шетелдік инфрақұрылым және қала құрылысы жобаларын дамыту корпорациясы (KIND) Қазақстанда салынатын Алатау қаласының бас жоспарын әзірлеуге атсалысады. Бұл келісімге 15 қыркүйекте Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сеулге сапары кезінде қол қойылды.
Бұған қоса, кездесуде KIND корпорациясының Қазақстандағы көлік-логистика жүйелерін жөндеуге, Ақтау, Құрлық порттарын дамытуға, өңірлерде әуежайлар салу мен жөндеу жүргізу мүмкіндіктері де талқыланды.
🔹Алатау қаласы жайлы не белгілі?
2024 жылы қаңтарда президент Тоқаев Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 60 шақырымдай жерде орналасқан, әкімшілік тұрғыда Алматы облысының Іле ауданына қарайтын 25 мың халқы бар Жетіген ауылын қайта құру туралы жарлыққа қол қойып, елді мекен Алатау қаласына айналған. Жаңа Конституцияда бұл қалаға жеке статус берілген. Жаңа қаланың құрамына көрші жатқан Еңбек, Құйған, Жаңа арна ауылдары қосылған еді. Бұл ауылдарда жалпы саны 50 мыңға тарта адам тұрады.
Жоспарға сәйкес, Алатау қаласының аумағы 88 мың гектар деп жоспарланған. Инвестициялық портфелі – құны 1,8 трлн болатын логистика, агроөңдеу, креативті индустрия салаларындағы 44 жоба. Билік онда 30 мыңнан астам жұмыс орны ашылатынын айтады.

👍16😁5💩5🤔3❤2
⚡2028 жылы Астанада UEFA Суперкубогы өтеді
2028 жылғы UEFA Суперкубогы «Астана Арена» стадионында болады. Шешім бүгін, 15 қыркүйекте Грекияның Салоники қаласында өткен UEFA атқарушы комитетінің жиынында қабылданды.
UEFA Суперкубогын Чемпиондар лигасының жеңімпазы мен Еуропа лигасында жеңіске жеткен команда сарапқа салады.

👍25❤6💩5👎1
Қазақстандағы Орыс православ шіркеуінің бұрынғы діни қызметкері Иаков Воронцовқа тағылған "есірткі притонын ұйымдастыру" айыбы күшін жойды.
Қылмыстық кодекстің 302-бабының 1-бөлігінде қарастырылған айып Воронцовқа берілген прокурор актісінде жоқ деп хабарлады оның адвокаты Ғалым Нұрпейісов Азаттық Азияға.
Қорғаушы айыпты алып тастауға не себеп болғанын білмейді.
40 жастағы Воронцовқа "есірткі заттарын сату ниетімен заңсыз өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау немесе тасымалдау" айыбы да тағылған. Ол әлі күшінде. Воронцов өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарды.
Воронцовтың ісі бойынша сот процесі өткен жұмада басталуға тиіс еді, бірақ отырыс кейінге қалдырылды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍24❤5
Ресейдің сұрауымен Қазақстанда ұсталып, қамауда отырған, кез келген сәтте Ресейге экстрадициялануы мүмкін шешен азаматы Мансур Мовлаев тергеу абақтысында өзіне қол салуға әрекет жасаған. Мұны оның мүддесін қорғаушы заңгер Вадим Дроздовтың сөзіне сүйеніп "Новая газета Европа" жазды.
Медициналық көмек алған Мовлаевтың өміріне қазір қауіп төніп тұрған жоқ деді басылым. Өзіне қол жұмсамас бұрын жазып қалдырған хатында Мовлаев "әділетсіздіктен қажығанын" айтқан.
"Сот та, прокуратура да біздің үнімізді естімейді! Олар [Рамзан Қадыровтың адамдары] мені азаптап, қорлап, өлтіреді және соны өзім жасағандай етіп айтады. Енді өзімді азаптауға жол бермеймін! 16 ай бойы мен экстрадицияланудан қорқып, үміт үзбей өмір сүрдім... Енді тек қорқыныш қалды!" деп жазған Мовлаев.
Ол сондай-ақ ресейлік белсенді, марқұм Алексей Навальныйдың Санкт-Петербургтегі штаб-пәтерінің бұрынғы қызметкері, қазір Қазақстанда тергеу абақтысында отырған Юлия Емельянованы Ресейге экстрадицияланудан құтқаруды сұраған.
Қазақстанның ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Мовлаев жөнінде тараған ақпаратқа байланысты түсініктеме беруді сұраған Азаттықтың сауалхатына жауап бермеді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱13😢7🤬3❤1
Azattyq - Азаттық
Журналист Азамат Омаров 3,5 жылға шартты жазаға кесілді, бес жыл материал жариялай алмайды
"Әлеуметтік араздықты қоздырды" деп айыпталған журналист Азамат Омаров процессуалдық келісіммен сот залынан босатылды. Сот журналиске үш жарым жыл шартты жаза беріп, бес жыл материал жариялауға тыйым салды. Бұл туралы Азаттыққа Омаровтың адвокаты Төлеген Шайықов айтты. Құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина да Омаровтың сот залынан босатылғанын хабарлады.
🔹Журналистке қандай айып тағылып еді?
"Ахуал сегодня" YouTube-арнасының авторы Омаров шілдеде екі айға қамауға алынған. Сот қаулысында журналистің президент туралы сатиралық сөздер айтқаны баяндалған.
Шілдедегі қаулыда "бейнежазбада Омаров қазіргі президент жайлы сатиралық пікірлер айтады, әлеуметтік-экономикалық саясат және мемлекет қызметі туралы мәселелерді қозғайды. Оның сөздері ирония мен сыни сипатта, осылайша халық арасында теріс пікір қалыптастырады" деп жазылған еді.
Азамат Омаров YouTube платформасында "Ахуал сегодня" арнасын ашып, елдегі қоғамдық-саяси оқиғаларды әзілмен жеткізіп жүрген.

🤬21❤2👍2
Қазақстан мен Ресей шекарасында шамамен 160 жүк көлігі жиналып қалды. Көлік кезегі Ақтөбе облысының “Жайсан” бекетінде қалыптасты.
Қазақстан мемлекеттік кіріс комитетінің хабарлауынша, оған Ресейдің “Сагарчин” пунктінде жол жөндеу жұмыстары түрткі болған. 4 қыркүйектен бастап жөндеу жұмыстарына байланысты көліктер бір ғана жолақпен жүріп жатыр, қарама-қарсы бағыттағы көліктер де сол жолмен жүреді. Сол себепті шекарадан өту жылдамдығы бәсеңдеген.
Қазақстан жағы “көлік ағынын реттеу және шекара арқылы қозғалысты жеделдету бойынша қажетті шараларды қабылдап жатыр” деп хабарлады.

👍13🤔4❤1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Астанада Оман билеушісінің қаражатына салынған қымбат мүлік қалай жекеменшікке өтіп кетті? Азаттық зерттеуін көріңіз.
🤬22
Бұрынғы елші КҚК жөнінде: Астана баламасыз бағыт қателік болғанын мойындайды
Украинаның АҚШ-тағы бұрынғы елшісі Ольга Стефанишина Азаттықтың Украин қызметіне берген сұхбатында АҚШ-тың Киевке Каспий құбыр консорциумын (КҚК) атқыламау туралы өтініші туралы да айтады.
Оның сөзінше, балама жол табу "тез шешіле салатын нәрсе" емес.

"Қазақстанмен бұрыннан бері және жақсы қарым-қатынасым бар. Қазақстан елшісімен хабарласып тұрдық. Бір жағынан, жағдайды түсіну бар; екінші жағынан, бұл Қазақстанның бюджетін құрайтын және АҚШ-тың тіке экономикалық мүддесіне қатысты сала. Қазақтар да, Exxon мен Chevron да Украинаның ұстанымын түсінетінін айқын жеткізеді, бірақ баламасыз бағыт қателік болғанын мойындайды" деді бұрынғы елші.
Оның сөзінше, балама жол табу "тез шешіле салатын нәрсе" емес.
"Мұны жақсы білетін ресейліктер де өздерінің әскери нысандарын коммерциялық инфрақұрылымға барынша жақын орналастырған" деді ол.
💯17🤬4🔥3❤1
Мемлекеттік қызмет істер департаменті әкімдіктен Көкжайлау туралы даулы аудиожазбаны сұрады
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Алматы әкімдігінен Көкжайлаудағы ағашты кесу туралы аудиожазбаны сұрады. Бұл жөнінде "Власть" басылымы хабарлады. Басылымның сұрағы әуелі қалалық прокуратурадан мемлекеттік қызмет істер агенттігі департаментіне жіберілген. Ал департамент сауалды әкімдікке жіберген.
Нәтижесі кейін қосымша хабарланады деп айтылды.
Бұған дейін Көкжайлаудағы курорт құрылысына қарсы белсенді Аруна Ортаева Instagram парақшасында аталған аудиожазбаны жариялағаннан кейін белсендінің пәтерінде тінту болып, өзі ізінше 15 күнге қамалған еді.
Аудиожазбада әкімдік қызметкерлеріне ұқсас адамдар Қызыл кітапқа енген жүздеген түп Сиверс алмасын "ың-шыңсыз" қалай шабу керектігін, сондай-ақ «қоғамдық тыңдауларды» қалай «дұрыс» өткізу керектігін талқылайды. Осыған дейін азаматтық қоғам өкілдері құзырлы органдардың аталған аудиожазбаның мазмұнына қатысты реакция білдірмегенін сынаған.

“Қазіргі кезде департамент мәлімдемеде айтылған жағдайға қатысты тиісті ақпаратты алып, анықтау үшін Алматы әкімдігіне тиісті сұрау жіберді” деді департамент “Власть” басылымына.
Нәтижесі кейін қосымша хабарланады деп айтылды.
Бұған дейін Көкжайлаудағы курорт құрылысына қарсы белсенді Аруна Ортаева Instagram парақшасында аталған аудиожазбаны жариялағаннан кейін белсендінің пәтерінде тінту болып, өзі ізінше 15 күнге қамалған еді.
Аудиожазбада әкімдік қызметкерлеріне ұқсас адамдар Қызыл кітапқа енген жүздеген түп Сиверс алмасын "ың-шыңсыз" қалай шабу керектігін, сондай-ақ «қоғамдық тыңдауларды» қалай «дұрыс» өткізу керектігін талқылайды. Осыған дейін азаматтық қоғам өкілдері құзырлы органдардың аталған аудиожазбаның мазмұнына қатысты реакция білдірмегенін сынаған.
🤬12👍4❤1🔥1
Астана Оңтүстік Кореяның шағын реакторларына қызығушылық танытып отыр
Ресей мен Қытайға атом станциясын салғызатын Қазақстан енді Оңтүстік Кореяның шағын модульді реакторларына қызығушылық танытып отыр. Қазақстан атом энергиясы жөніндегі агенттік "Астана Сеул жасаған реактор жобаларын зерттейді, себебі елдің атом саласын дамыту стратегиясына шағын реакторды пайдалануды талдау да кіреді" деп мәлімдеді.
МАГАТЭ дерегінше, бір шағын модульді реактор жылына шамамен 300 мегаватт қуат өндіреді, бұл ірі реактордың жылдық қуатының үштен біріне тең. Шағын реактордың құны да арзан және ірі реакторға қарағанда тез салынады. Олар ядролық отынды пайдалану мен қауіпсіздік жағынан тиімді саналады.
Қазақстан 2025 жылы Ресей және Қытаймен атом электр станциясын салу туралы келісімге қол қойды. Ресей салатын станция шағын реакторға жатпайды.

👍25🤣6❤2
Актриса Анжелина Джоли Украинаға тағы барды: Харьковта украин балалары және оқытушылармен кездесті
Американың танымал актрисасы және ЮНИСЕФ-тің ізгі ниет елшісі Анжелина Джоли Instagram-да Харьковқа сапары жөнінде жазды. Ол бірнеше оқу орнын аралап, соғыс зардабын тартқан Салтовка ауданында болды.

“Харьков Ресей шекарасына жақын жерде және күн сайын атқыланып жатыр десек те болады, сондықтан оқу сыныптары метрода орналасқан. Мектердің бір бөлігі тұтас жер астында: балалар үш қабатты ғимараттың тереңдігіндей жерде оқуды үйреніп жатыр” деп жазды Джоли.
❤27👍11😁2👏1
Беларусьте 25 саяси тұтқын бостандыққа шықты
Беларусь “ізгі ниет ретінде” 25 саяси тұтқынды босатады, өз кезегінде АҚШ Беларусьтің екі компаниясы – “Беллесбумпром" мен "Лакокраска" компанияларынан санкцияны алып тастайды. АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы уәкілі Джон Коул осылай деп мәлімдеді.
Ізінше Коул Беларусьте босатылған азаматтардың суретін жариялады. Белорус оппозициясының жетекшісі Светлана Тихановская өзінің телеграм-арнасында “25 саяси тұтқын босатылып, Литваға жеткізілді” деп жазды.
Босатылғандар арасында БелаПАН ақпарат агенттігінің бұрынғы директоры Дмитрий Новожилов, белорус белсендісі Ирина Злобина, TUT. BY бас директоры Людмила Чекина, бұрынғы тергеуші Евгений Юшкевич бар.

👍28❤2👎1
❗Украинадағы соғысты ресейлік генерал Грунис қаза тапты. Ол Путинге "Констинтиновканы алдық" деген еді
Украинадағы соғыста ресейлік генерал-майор Антон Грунис қаза тапқан. Бұл туралы Суворовск училищесі түлектерінің телеграм-арнасы мен әскери блогер Юрий Котенко хабарлады. Грунис Украинаның Часов Яр қаласына шабуылға қатысқан әрі Донецк облысы Константиновка қаласына шабуылды басқарған.
🔹Грунистің қазасы жайлы не белгілі?
Ресейлік басылымдар Грунис шілденің басында Ресей президенті Владимир Путинге Константиновка Ресей әскерінің бақылауына өтті деп айтқан. Кейін Украина президенті Владимир Зеленский бұл мәлімдемені жоққа шығарып, Путинді Констинтиновкаға кездесуге шақырған еді. Донбасстағы Константиновка қаласы үшін шайқас 2025 жылдың қазанынан бері жалғасып келеді.
Екі апта бұрын, 27 тамызда Антон Грунис "Ресей батыры" атағын алған еді. Генерал-майордың қалай қаза тапқаны айтылмады. "Важные истории" тараған ақпараттарға сілтеп, Грунис Луганск облысы Алчевск маңайында соғысқанын жазды. 13 қыркүйекте Украина қарулы күштері осы қалаға шабуылдап, қару-жарақ пен техника қоймасына соққы жасағанын хабарлады. Сол күні Украина қауіпсіздік қызметі Алчевскідегі Карпаты елді мекеніне шабуылдаған еді.
2026 жылдың қыркүйегіне дейінгі есеп бойынша, соғыс басталғалы кемі 15 ресейлік генерал қаза тапқан. Кейбіріне қастандық жасалған.

👍28🍾5❤1
❗️Бұрынғы діни қызметкер Иаков Воронцовтың ісі жабық қаралады. Ол істі "Ресейдің тапсырысы" дейді
Алматыдағы сотта Орыс православ шіркеуінің бұрынғы діни қызметкері Иаков Воронцовтың ісі қарала бастады. Оған "Есірткі заттарын сату ниетімен заңсыз өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау немесе тасымалдау" айыбы да тағылған.
Воронцов өзіне тағылған айыпты жоққа шығарады. Сот процесі алдында ол Азаттық Азия тілшісіне "Меніңше, бұл – Ресей тарапынан түскен саяси тапсырыс. Бұл – заңсыз қылмыстық қудалау" деді.
Алғашқы сот отырысында прокурор "куәгерлер қауіпсіздігіне алаңдайды" деп, сот процесін жабық өткізуді сұрады. Айыпталушының адвокаты Ғалым Нұрпейісов бұған қарсы шықты.
"Сотта кәмелетке толмағандар ісі қаралса, мемлекеттік құпия мен интимдік жағдайлар болса ғана жабық режимде өту керек. Бұл істе мұндай жағдайлар жоқ" деді адвокат.
Судья кеңесу бөлмесіне кетіп, қайта оралған соң сот жабық өтеді деп жариялады.
Бұрынғы діни қызметкер Украинадағы соғысты айыптап, Ресейдің әрекеттерін сынап жүрген.

🤬19💩2❤1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Воронцов аштық жариялайтынын мәлімдеді
Орыс православ шіркеуінің бұрынғы діни қызметкері Иаков Воронцов судья сот жабық өтеді деп жариялаған соң бұған қарсылық ретінде аштық жариялайтынын мәлімдеді. Ол тек су ішетінін айтады.

👍22❤11😢10
АҚШ өкілдер палатасы Ресейге санкция салу туралы заң жобасын мақұлдады
Сенатор Линдси Грэм (шілдеде қайтыс болды) бастамасымен әзірленген заң жобасын 262 конгрессмен қолдап дауыс берді, 159 адам қарсы болды. Құжат Ресей мұнайы мен газын сатып алушыларға 100 пайыз баж салығын енгізуді, сонымен бірге Ресейге санкцияны айналып өтуге көмектесетін елдерге шектеу қояды. Бастылары Қытай, Үндістан және Түркия.
Құжатта заң жобасының мақсаты “Владимир Путинді Украинаға қарсы соғысты қаржыландыратын кірістен айыру” деп жазылған.
Бұған дейін заң жобасын АҚШ сенаты мақұлдаған. Енді құжатқа президент Дональд Трамп қол қоюы керек, одан кейін заң күшіне енеді. Одан кейін АҚШ президенті санкция енгізіп, жарты жыл сайын оны қайта қарастыруға міндетті.

👍35❤5😁2
Сеулде өткен "Орталық Азия+Корея" саммитінде қандай мәселелер талқыланды? Орталық Азия басшылары Оңтүстік Корея басшысымен қандай келісімдерге келді? Саммиттің Сеул мен аймаққа пайдасы қандай?
👉Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍23🤡6🔥1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Тамыздың соңынан бастап Ресей Украинадағы логистикалық хабтарға, тауар қоймаларына және тұрғын үй кешендеріне реактивті дрондармен шабуылдай бастады. Бұл дрондардың көбін Украина қағып түсіре алмай жатыр. Неге? Реактивті дрондардың басқа типтегі дрондардан айырмашылығы қандай?
🤬23🔥3
Украин дрондары Ярославльдегі мұнай өңдеу зауытына шабуылдады
Ресейдің Ярославль облысының губернаторы Михаил Евраев аймаққа ірі “шабуыл” жасалғанын, 65 дрон құлатылғанын хабарлады. Оның сөзінше, "Славнефть-ЯНОС" мұнай өңдеу зауыты бүлінген.
Украиналық Supernova+ және Astra басылымдары "Славнефть-ЯНОС" зауыты өртеніп жатқанын хабарлады.

“Өртті жедел сөндіріп жатыр. Бұған қоса, дрон бөлшектері бірнеше көп қабатты тұрғын үйге құлап, терезелерін сындырды, көліктер де бүлінді” деп жазды ол. Ешкім зардап шекпеген.

👍30🔥3🍾1