Azattyq - Азаттық
✔
10.8K subscribers
11.7K photos
4.52K videos
19 files
24.8K links
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Украина араға екі аптадай уақыт салып Ресейдің Ozon маркетплейсінің қоймасына шабуылдады. Бұл жолы компанияның Саратов облысындағы қоймасына соққы жасалды.
🔥28👍19❤1
Министрлік: Астанада донор бірден үш пациентке өмір сүруге мүмкіндік берді

“Донорлық процесс барысында жүрек, өкпе және бауыр алынды. Бұл ағзалар трансплантаттау кезегінде тұрған пациенттерге трансплантаттау үшін көзделген” деп жазылған министрліктің хабарламасында.

Ведомствоның айтуынша, осындай әр жағдайдың ар жағында “дәрігерлердің, реаниматологтардың, трансплантологтардың, донорлық үйлестірушілердің, санитариялық авиация мамандарының және басқа да көптеген медицина қызметкерлерінің орасан зор еңбегі тұр”.
“Алайда ең алдымен, бұл – ең қиын сәтте отбасының қабылдаған шешімі. Денсаулық сақтау министрлігі донордың туыстарына көрсеткен батылдығы мен адамгершілігі үшін шынайы алғысын білдіреді” деп жазды министрлік.

Ресми мәлімет бойынша, жыл басынан бері Қазақстанда қайтыс болғаннан кейінгі 132 әлеуетті донор анықталып, 205 трансплантаттау жасалған. Министрліктің хабарлауынша, былтыр 18 донорлық процесс жүріп, трансплантация “айтарлықтай ұлғайған”.
“Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда үш есе көп. Ал трансплантаттау саны үш есеге жуық артып, 68-ге жетті. Салыстырмалы түрде алғанда, 2023 жылы 19 ағза, 2024 жылы 23 ағза трансплантатталған болатын. 11 қыркүйектегі жағдай бойынша 13 мультиағзалық донорлық процесс жүргізілді. Қайтыс болғаннан кейінгі донорлардан 42 трансплантаттау жасалды: 14 бүйрек, 9 бауыр, 11 жүрек, 4 өкпе және 4 мөлдір қабық. Бұл – артында нақты адамдар мен олардың отбасылары тұрған көрсеткіштер” деп жазды министрлік.

Қазақстанда қайтыс болған адамның донор бола алатыны жазылған "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекс 2020 жылы күшіне енді.

Кейбір мамандардың айтуынша, дегенмен қоғамда әлі де қайтыс болғаннан кейін донор болуға қатысты сенім аз. Азаттық бірнеше жыл бұрын “Қазақстандықтардың өлгеннен кейін донор болудан қорқуының себебі не?” мақаласында соның себебін талдап көрген еді.
❤14👍7
Қазақстан қорғаныс өнеркәсібі саласындағы зауытты аукционға шығарды

Қазақстан Петропавл ауыр машина зауытының барлық акциясын аукционға шығарды. Бастапқы құны 17,8 миллиард теңге немесе қазіргі доллар бағамы бойынша 39,5 млн доллар. Аукцион 22 қыркүйекте өтеді.

Сауда шартына сәйкес, сатып алушы Петропавл ауыр машина зауытының 31,6 млрд теңге ($70 миллионнан астам) қарызын өтеуі керек. Бұған қоса, сатып алушы кәсіпорынды істету және даму міндеттемесін мойнына алады.
😱20👎10💩4😁3
📹Жасанды интеллект "адамзатты жойып жібере" ме?

Жасанды интеллектіні дамытып жатқан беделді компанияларда істеген америкалық ғалым Джейкоб Коксон «ЖИ адамзатты жойып жіберуі мүмкін» деп мәлімдеді. Осыған ұқсас ескертулер бұрын да айтылып жүрген. Бірақ әзірге әлемде бұл саланы реттейтін бәріне ортақ келісімдер жоқ.

Толығырақ көріңіз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💯13🔥5❤2
Ресей Украинаның Запорожье, Кривой Рог және Одесса қалаларына соққы жасады. Кемінде үш адам қаза болды, 23 адам жарақаттанды.

Одессада ресейлік дрон 25 қабатты тұрғын үйге түсіп, пәтерлер өртенді. Кемінде 23 адам зардап шекті. Арасында нәресте де бар.

Кривой Рогтағы өнеркәсіп кәсіпорнына ракетамен соққы жасалған, бір адам қаза болып, екі адам жарақаттанды.
🤬19👎14🔥3
🗣Иран Американың әуе базасына соққы жасар алдында Қытайдан спутник суреттерін алған

Иран шілде айында АҚШ-тың Иорданиядағы әуе базасына соққы жасар алдында және соққыдан кейін Қытайдан спутник суреттерін алған. Бұл жөнінде The Wall Street Journal (WSJ) басылымы жазды.

17 шілдеде Иран әуе базасын баллистикалық ракеталармен соққылаған. Сол кезде үш сарбаз қаза болып, тағы төрт адам жараланды.

WSJ мәліметінше, шабуылдың алдында АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі бірнеше ай бойы Пекинге қытайлық компаниялар Иранға спутник суреттерін беруі мүмкін екендігі жөнінде ескерткен. Мамырда АҚШ қытайлық MizarVision, Earth Eye және Chang Guang компанияларына санкция салды.

Соққыдан кейін Иран америкалық әуе базаның қирағаны көрінетін сапалы суреттерді жариялады. Басылым дереккөзінің айтуынша, Вашингтон Пекинге Иранға берілген спутниктік деректер мен шабуыл арасында байланыс бар екенін көрсететін материал көрсеткен. Бірақ Қытай мұны жоққа шығарып, дәлел талап еткен.

WSJ дереккөздері Иранға қандай компаниялар дерек бергенін айтпаған және оған Қытай билігінің тіке қатысы бар деп тұжырым жасамайды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬16🔥3😁3❤2
Сауд Арабиясы дрон шабуылынан кейін маңызды мұнай құбырының жұмысын тоқтатты

Сауд Арабиясы Ирак аумағынан жасалған дрон шабуылынан кейін "Шығыс-Батыс" мұнай құбырының жұмысын тоқтатты. Аталған құбыр Сауд Арабия мұнайын Ормуз бұғазын айналып өтіп, Қызыл теңізге жеткізеді. Шабуылдан кейін халықаралық нарықта мұнай тағы қымбаттауы мүмкін.

Мұндай оқиға Қызыл теңізі жағалауында Иран қолдайтын йемендік хуситтердің Таяу Шығыстан мұнай тасымалдайтын, маңыздылығы жағынан Ормуздан кейінгі екінші маңызды рөлге ие Баб-эль-Мандеб бұғазын бақылауға алуға тырысып, шабуылдаған тұста болып отыр.
🔥15🤔7❤4👍1
⚡Елена Рыбакина US Open жарысының жеңімпазы атанды. Ол үшінші рет Grand Slam титулын жеңді

Қазақстан теннисшісі Елена Рыбакина US Open жарысының жеңімпазы атанды. Ол финалда басты қарсыласы Арина Соболенконы (Беларусь) үш сетте жеңді – 6:4, 5:7, 6:2.

Осылайша Рыбакина биыл екінші рет Grand Slam жарысын ұтты. Қаңтарда ол Australian Open жарысында жеңімпаз атанған. Австралиядағы турнирдің финалында да Рыбакина Соболенкодан үш сетте басым түскен.

Рыбакина 2022 жылы Британияда өтетін Wimbledon жарысында жеңіске жеткен еді. Енді Қазақстан теннисшісіне «карьералық Slam» жеңу үшін Парижде болатын Roland Garros жарысын ұту керек.

Рыбакина келесі аптадан бастап әлемнің бірінші ракеткасы болады. Ал 99 апта әлемдік рейтингіде бірінші орында тұрған Соболенко екінші орынға түседі.
🔥24🤡4❤2
Тоқаев АҚШ президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілімен кездесті

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Делиде өтетін БРИКС саммиті аясында АҚШ президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Гормен кездесті деп хабарлады Ақорда.

Ресми ақпаратқа қарағанда, Гор Тоқаевқа Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында президент Дональд Трамп жолдаған құттықтау хатты табыстады. Қазақстан басшысы жылы лебізі үшін АҚШ президентіне алғыс айтып, Трампты Қазақстанға сапармен келуге шақыратынын растады. Ол сонымен бірге Қазақстан-АҚШ стратегиялық серіктестік қарқынды дамуын атап өткен.
“Қазіргі уақытта Майамиде өтетін G20 саммитіне қатысуға дайындалып жүрмін. Бұл екіжақты күн тәртібіндегі мәселелерді талқылауға жақсы мүмкіндік деп ойлаймын. Өзара тиімді ықпалдастықты ілгерілету жолында сөзден гөрі нақты іске көшкенді жөн көреміз” деді Тоқаев.

Ақорданың жазуынша, Гор “Қазақстан мен АҚШ көшбасшыларының тығыз әрі өзара сенімге құрылған қарым-қатынасының арқасында екі ел ынтымақтастығы бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейге көтерілгенін” атап өткен.
“Президентіміз Қазақстанмен және Орталық Азиямен серіктестікті күшейтуге айрықша мән береді” деді Гор.

Тараптар сонымен бірге бірлескен жұмыстың маңызды бағыттары, әсіресе, жасанды интеллект және цифрлық технология секілді басым салаларды қарастырған.

Гордың өзі X желісінде аталған кездесу туралы:
“Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкіл ретінде аймақтағы ынтымақтастығымызды дамытуға міндеттімін. Президент Трамп та, президент Тоқаев та нәтижеге қол жеткізуді көздейді және мақсаттарына жетеді!” деп жазды.
👍14🤡6🤔4
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Украина дрондары 13 қыркүйекте Татарстандағы Нижнекамскіге шабуылдады. Қала билігінің хабарлауынша, дрон жарылған жердің маңындағы көлікте болған екі адам қаза болған. Тағы алты адам зардап шеккен.

Astra-ның жазуынша, дрондардың бірі тұрғын үйдің маңына құлап, ғимараттың әйнегі шағылған.

Украинаның мониторинг арналарының жазуынша, дрондар Нижнекамскідегі өнеркәсіп аймағына шабуылдаған. Онда бірнеше мұнай өңдеу кәсіпорны орналасқан. Видеода аумақтың өртенгені байқалады. Билік әзірге қандай да бір шығын келгені жөнінде хабарламады.

13 қыркүйекте украин дрондары сонымен бірге Ресейдің Краснодар өлкесінде Славянск мұнай өңдеу зауытына шабуылдаған. Кәсіпорынға соққы тигенін Astra жазды. Билік аты аталмаған кәсіпорында өрт болғанын, газ құбыры бүлінгенін жазды. Бір адам зардап шекті.
👍22🔥9❤2
Кушнер: Украина жер беруге қарсы, креативті шешімін іздейміз

Украинада бейбітшілік орнату туралы келісімге қол жеткізуде ең қиыны жер мәселесі болып отыр. Бұл жөнінде АҚШ президентінің арнайы уәкілі, Трамптың күйеубаласы Джаред Кушнер мәлімдеді. Ол жуырда АҚШ президентінің арнайы уәкілі Стив Уиткоффпен бірге Мәскеу мен Киевке барып келген еді.
"Бітістіруші ретіндегі міндетіміз - Украинаның мүддесіне қайшы емес креативті шешім табу" деді YES Annual Meeting 2026 форумына онлайн қатысып, украиналық кәсіпкер, форумның негізін қалаушы Виктор Пинчуктің сұрақтарына жауап берген Кушнер.

Оның сөзінше, кейінгі 9 айда АҚШ Ресей және Украинамен келіссөзде жерге қатысты мәселеден бөлек барлық мәселеде "алға жылжыған".
🤣10🤔5❤1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🔴Ресей дрондары Польшаға жақын аумақты соққылады. Украина Мәскеу "НАТО есігін қақты" деп ескертті

Ресейлік екі дрон 13 қыркүйекте Польша шекарасына жақын аумақты соққылады, Украина билігі Мәскеу "ЕО мен НАТО-ның есігін қақты" деп мәлімдеп, санкцияны күшейтуге шақырды.

Ресейлік дрон жексенбі күні күндіз Польша мен Украина арасындағы Ягодин жанармай станциясына соққы жасады. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Украинаның Волын облысындағы шекара бекеті жабылып, қайта ашылды.

Волында сонымен бірге ресейлік дрон Польша шекарасынан екі шақырым жердегі жолаушылар пойызы локомотивіне соққы жасады деп хабарлады Украина темір жолы. Олардың айтынша, мониторинг топтары пойыздың қызметкерлеріне қатер жөнінде алдын ала ескертіп үлгерген.

Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬27🔥3
"Корттағы машина әлі талай титул жеңеді". Рыбакинаның жеңісі жайлы халықаралық басылымдар не жазды?

Қазақстан теннисшісі Елена Рыбакина Grand Slam турнирлері қатарына енетін US Open жарысында жеңіске жетті. Қазақстандық 27 жастағы теннисшінің жеңісі жайлы әлемдік БАҚ не жазып жатыр? Шолып шықтық.

🔗Толығырақ оқыңыз
🔥10🤡7
Тоқаев ЖИ бойынша "БРИКС плюс" серіктестігін іске қосуды ұсынды
 
13 қыркүйек күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістанда өткен "аутрич"/"БРИКС плюс" саммитінде жасанды интеллект жөнінде серіктестікті іске қосуды ұсынды.
 
"Қазақстан үшін жасанды интеллект стратегиялық басымдыққа ие. Бұл ретте еліміз БРИКС плюс аясындағы тиімді ынтымақтастықтың аясын кеңейту үшін алдыңғы қатарлы есептеу инфрақұрылымын, сондай-ақ БҰҰ-ның ұлттық және цифрлық орталықтарын жұмылдыруға дайын. Нақты шара ретінде жасанды интеллект саласы бойынша БРИКС плюс серіктестігін іске қосуды ұсынамын. Оның аясында ұлттық ЖИ орталықтарын біріктіруге, зертханалар мен ғылыми жобаларды қолжетімді етуге, сондай-ақ бірлесіп көптілді шешімдер әзірлеуге болады" деді ол Нью-Делиде өткен саммитте.
 
Президент Тоқаев кейінгі жылдары ЖИ туралы бастамаларды жиі көтеріп жүр. Былтыр қыркүйекте ол жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құрған. Сол жылы қазан айында ол үкіметке жасанды интеллект университетін ашуды тапсырды.
 
Қазақстан ЖИ жөніндегі халықаралық бастамаларға да қосылған. Атап айтқанда, Астана АҚШ бастаған Pax Silica декларациясына да, Қытай бастаған WAICO ұйымына да мүше болып отыр.
 
14 тамызда Reuters агенттігі АҚШ қос ұйымға да мүше елдерге хат әзірлеп, бір жақты таңдауға үндегелі отырғанын хабарлаған. Әзірге мұны ресми тараптар растай қоймады.
🤡15🤔5❤4💩4🤮1
Өзбекстанда балаларды қорлап, оларға зорлық көрсеткен педагогтарға айыппұл салады
 
Өзбекстанда білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне кәмелетке толмағандарға күш көрсеткені, оларды қорлағаны және ар-намысына тигені үшін әкімшілік жауапкершілік енгізілді. Тиісті өзгерістер №1174 заңда бекітілді.
 
Балаларды тәрбиелеу және оқытуға жауапты қызметкер кәмелетке толмаған балаға күш көрсетіп, оны қорлаған немесе ар-намысына тиген жағдайда, егер оның әрекетінен қылмыс немесе басқа да құқық бұзушылық белгілері байқалмаса, оған базалық есептік шаманың бес есеге дейінгі көлемінде (шамамен 40–190 доллар) айыппұл салынады.
 
Осы үшін әкімшілік жауапқа тартылған педагогтар бір жыл бойы балабақшада, жалпы білім беретін және орта арнаулы оқу орындарында, сондай-ақ кәсіптік және қосымша білім беру ұйымдарында педагогикалық қызметпен айналыса алмайды.
👍11👏6❤2🔥1
Қазақстан Түркиядан іздеуде жүрген The Finiko қаржы пирамидасының бөлімше бастығын қайтарды
 
Қазақстан қаржылық мониторинг агенттігінің Алматыдағы департаменті прокуратураның және Интерполдың көмегімен Түркиядан The Finiko қаржы пирамидасының бөлімше бастығын қайтарды. Ол 2022 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген. Бұл туралы агенттіктің өзі мәлімдеді.
 
Агенттіктің хабарлауынша, The Finiko кәсіпкерлікпен немесе инвестициялық қызметпен айналыспаған. Ұйымдастырушылар алдыңғы қатысушыларға уәде еткен ақшаны кейінгі салымшылардың қаражаты есебінен беріп отырған. Осылайша табысты көрінген компания пирамида қатарына бұдан көп адамды тарта білген.
 
"Күдіктінің заңсыз әрекеті салдарынан қаржы пирамидасына салымшылардың 160 млн теңгеден астам қаражаты тартылған. Сонымен қатар, сотқа дейінгі тәркілеу аясында күдіктіге тиесілі құны 221 млн теңге болатын жер телімі мемлекет кірісіне алынды. Бұған дейін осы қылмыстық іс бойынша үш адам мүлкі тәркіленіп, 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылған. Тергеу жалғасып жатыр " деді ҚМА.

 
Vlast.kz басылымының хабарлауынша, The Finiko 2021 жылғы шілдеде қаржы пирамидасы деп танылған. Компания салымшылар құйған ақшаға (минималды салым – 500 доллар) ай сайын 150 пайыз көлемінде сыйақы беретінін айтқан. Басылым компания сайтындағы ақпаратқа сілтеп, салымшылар саны 156 мыңнан асқанын жазды. Салымшылар арасында Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Армения, Беларусь, Өзбекстан, Түркия және өзге елдердің азаматтары бар.
😱7❤2👍2🔥1
❗️Тоқаев Сеулде Пан Ги Мунмен кездесті

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сеулде БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы, Жаһандық жасыл даму институтының (GGGI) төрағасы Пан Ги Мунмен кездесті.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, олар әңгіме барысында өзге жайттармен қатар БҰҰ-ны реформалау және оны қазіргі заман талабына бейімдеу туралы пікір алмасқан.

Тоқаев осы айдың екінші жартысында БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы жұмысына қатыспақ. Әлем елдерінің көшбасшылары мен үкімет басшылары жиналатын Нью-Йорктегі алқалы жиында жахандық маңызы бар мәселелерді талқылаумен бірге БҰҰ-ның жаңа Бас хатшысын сайлау да жоспарланған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍11🤔7💩7❤4
❤️ Президент Тоқаев тарих оқулықтарына неге шүйлікті?

Жаңа оқу жылы қарсаңында білім саласы қызметкерлерінің дәстүрлі Тамыз мәслихатында сөйлеген Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мектеп оқулықтарынан 700-ден астам "өрескел қате" табылғанын айтып, тарихи деректер мен оқиғалар сипатталатын оқу материалдарын қайта қарауды тапсырды.

"Ұдайы жапа шеккен ұлт кейпінен арылуымыз керек. Бұл жөнінде үнемі айтып келемін" деді Тоқаев. Әдебиет пен тарихтағы мұңлы үн кімге арналған? Қазақтар мұң мен қайғыға берілген бе? Азаттықтан оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬28🖕6💩3❤2
🇰🇿 Қандас мәртебесі мен ықтиярхат алу үшін тіл сынағынан өту шарт

Қазақстанда тарихи атамекеніне оралған қазақтар ресми түрде қандас мәртебесіне ие болу үшін я осы елде тұрақты тұруға рұқсат беретін ықтиярхат алғысы келген шетелдіктер қазақ тілінен онлайн тест тапсыруы шарт.

Көші-қон әлеуетін бағалау кезеңдерінің бірі саналатын бұл тест екі бөлімнен – тыңдау және оқудан тұрады. Үміткер бір сағат он минутте 60 сұраққа жауап беріп, тіл сынағын сәтті тапсыру үшін әр бөлімнен кемінде 70 пайыз балл алуы қажет.

Министрлік бұл сұрақтар сынақ тапсыратын адамнан тілді терең білуін талап ету үшін емес, күнделікті жағдайда қазақ тілінде сөйлесіп, мәтіндерді түсіне алатын деңгейін тексеруге арналған дейді.

Егер үміткер қажетті шамада балл жинай алмаса, оған алдыңғы әрекетінен кейін 30 күнтізбелік күн ішінде тағы екі рет (одан көп емес) қайта тест тапсыруына мұрсат беріледі. Әрбір жаңа талпыныс үшін бөлек ақы алынады. Министрлік тест "қиын емес" екенін айтып отыр.

Бұл тест биыл ақпан айында шетелдіктерге ықтиярхат берудің және тарихи отанына оралған қазақтарға қандас мәртебесін берудің тәртібін өзгерткен пилоттық жобаға енгізілген. Тілді біліміне қоса миграциялық әлеуетті бағалау кезінде үміткердің білімі, жұмыс тәжірибесі және отбасы құрамы да ескеріледі.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍16🤬10🥴6💩4❤2🤔1
❤️ Астанаға Оман сұлтандығы тарту еткен сарай кімнің меншігіне, қалай өтіп кеткен?

Астанадағы сәулетті ғимараттардың бірталайы шетелден тарту ретінде берілген қаражатқа тұрғызылған. Сондайлардың бірі – 2000 жылы Оман сұлтандығы қаржысына салынған "Салтанат сарайы" қабылдау үйі. Нұрсұлтан Назарбаев президенттіктен кеткен тұста бұл нысан жекеменшікке өткен. Қазір оны кім басқарып отыр? Азаттық зерттеп көрді
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬20😁5