🤝 Құрылтайда басым дауысқа ие "Әділет" партиясының фракциясы ұлттық құндылықтарға негізделген амандасу әдебін әлеуметтің күнделікті өмір салтының элементі ретінде енгізуді ұсынды. Олар мұны Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев пен Білім министрі Жұлдыз Сүлейменоваға депутаттық сауалында айтқан.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев басты міндет – халқымыздың баға жетпес қазынасы – ұлттық мұраны сақтау деп атап өтті. Мемлекет басшысының амандасу әдебін ұлттық құндылықтарға сай дамыту мәселесін көтеруі де осы саясаттың нақты көрінісі", – деген "Әділет" фракциясы өз сауалында.
🗣️ Фракция мүшесі депутат Ерлан Сайыр "қазақ қоғамында амандасудың өзіндік қалыптасқан жүйесі болғанын" айтып, амандасу мәдениеті мектептерде жүзеге асырылуға тиіс "ұлттық бірегейлікті нығайтудың ұзақ мерзімді мемлекеттік саясатының" бір бөлігіне айналуы керек деп мәлімдеді.
🫂 23 тамызда, Құрылтай сайлауына дауыс беру күні президент Тоқаев "ер адамдардың бір-бірін құшақтап, сүйіп амандасуы, сәлемдесу барысында әйелдердің ерлерді, ер адамдардың әйелдерді бетінен сүюі дұрыс емес. Біздің салт-дәстүрімізде мұндай ешқашан болмаған" деп сын айтқан.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤡18😁9👎5👍4❤2🤣2🤮1
Құрылтай вице-спикері дәлізде сұрақ қоюға салынған тыйымды журналистер "хайпымен" байланыстырды
10 қыркүйекте қазақстандық журналистер Құрылтай ғимаратында депутаттарға дәлізде және белгіленген күн тәртібінен тыс сұрақ қоюға тыйым салатын жаңа ереже бойынша жұмыс істеді. Журналист Ботагөз Омарова парламент ғимаратында БАҚ өкілдерінің жұмысына шектеу қойылғаны туралы мәселе көтерді.
"Сіздер біздің ыңғайсыз сұрақтарымыздан жасқанасыздар ма, әлде сіздерге журналистердің еркін сұрақ қойғаны ұнамай ма? Неліктен мәжіліс әрқашан ашық алаң болды, ал қазір мен осы сұрақты қойғаным үшін аккредитациямнан айырылып қалу қаупі бар, өйткені ол сұрақ сіздерге ұнамай қалуы мүмкін болғандықтан ба?" — деп сұрады Омарова депутаттардан.
Жаңа ереже бойынша, оның талаптарын екі рет бұзған қылығы үшін журналист парламенттегі аккредитациясынан айырылуы мүмкін, ондай қылыққа брифинг кезінде тақырыптан тыс сұрақ қою да жатқызылған.
"Азаматтарымызға біз талқылаған нәрсенің бәрін баяндағаныңыз қызықты болар деп ойлаймын. Әйтпесе біз кімнің қандай аяқ киім кигенін немесе кімнің қандай сөмке ұстап жүргенін талқыламаймыз ғой. Ондайлар көбіне хайп нәрселер", — деп жауап қатты Құрылтай төрағасының орынбасары әрі "Ақ жол" партиясының төрайымы Дәния Еспаева.
Ол жаңа ережелер БАҚ-тың аймақтардағы адамдарды қабылданған заңдар жайлы хабардар етуін қамтамасыз ету үшін қажет деп біледі.

🤬21❤9🤮4😁3💩2
🗣️ "Соттың айыптауды ауыр қылмыстан 195-бапқа қайта жіктеуі тергеудің негізсіз және дәлелденбеген айыптау таққанын көрсетті. Үкім жарияланғаннан кейін бірден Құрманқұл Зулушевпен сөйлестім. Біз Жоғарғы сотқа кассациялық шағым түсіреміз", - деді Әшірбаев Азаттықтың Қырғыз қызметіне.
🛎️ 2 шілдеде Бішкектің Первомай аудандық соты сегіз айыпталушының бәрін билікті күштеп басып алуды жоспарлағаны үшін кінәлі деп танып, олардың мүлкін тәркілеу және өздерін төрт жылға пробациялық бақылауға алу туралы үкіме шығарған. Кейбірі қызмет лауазымын теріс пайдалану айыбынан ақталған.
⚖️ 3 тамызда Қырғызстан бас прокуратурасы үкімге келіспейтіні туралы шағым беріп, сегіз адамның әрқайсысына тоғыз жылға дейінгі мерзімге бостандығынан айыру жазасын сұраған. Қорғаушы тарап болса керісінше, сот үкімін бұзуды талап еткен.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🥱7👍2😁2🤡1
Қазақстандық журналист Юрий Мизинов дүниеден өтті
Қазақстандық белгілі журналист Юрий Мизинов 76 жасында қайтыс болды. Бұл туралы бейсенбі күні қазақстандық басылымдар хабарлады.
1950 жылы Орал қаласында дүниеге келген Юрий Мизинов 1971 жылы Қарағанды политехника институтын инженер-экономист мамандығы бойынша тәмамдаған.
Мизинов Қазақстан тәуелсіздігін жариялағаннан кейін мемлекеттік емес баспасөздің дамуына өзіндік үлес қосты. Ол Қарағандыдағы "Сары Арқа" телекомпаниясының президенті, "Зебра", "Колесо", "Грач", "451 по Фаренгейту" газеттерін басқарды.
Юрий Мизинов 2000 жылдың басында интернеттің қазақстандық кеңістігінде жаңадан пайда болған "Навигатор" газетінің бас редакторы болды. Елдегі алғашқы қоғамдық-саяси онлайн-басылымдардың бірі қысқа уақыт ішінде жұртқа танымал ақпарат ресурсына айналды. Кейін атауын ZonaKZ етіп өзгерткен интернет-газет ширек ғасырдан соң жұмысын тоқтатты.

💔11💩2
⚡Рыбакина US Open финалында
Қазақстан теннисшісі Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан US Open жарысының финалына шықты. Ол жартылай финалда америкалық теннисші Коко Гауффты үш сетте жеңді.
Рыбакина бірінші сетте 3:6 есебімен жеңіліп қалғанымен, екінші және үшінші сетте 6:4, 6:4 есебімен басым түсті. Қазақстан теннисшісі финалда Арина Соболенкомен (Беларусь) кездеседі. Финалдың нәтижесіне қарамастан Рыбакина келесі аптадан бастап әлемнің бірінші ракеткасы болады. Ал қазірге дейін рейтингіде бірінші орында болған Соболенко екінші орынға сырғиды.
Рыбакина Grand Slam турнирлерінің қатарына кіретін US Open жарысының финалына алғаш рет шықты. Ол бұған дейін Grand Slam жарыстары – Wimbledon және Australian Open жарысында жеңіске жеткен еді.
Финал сенбі, 12 қыркүйекте болады.

❤9👍7💩3
Жапония Курил аралдарының белгіленуіне байланысты әлемнің жаңа картасын өзгертуді талап етті
Жапония БҰҰ Бас ассамблеясы бірнеше күн бұрын дауыс берген жаңа Equal Earth проекциясы картасына өзгеріс енгізуді талап етті. Токио оңтүстік Курилдағы даулы аралдардың картада Ресеймен бірдей түсте белгіленгеніне наразы деп жазды The Guardian.
Жапония қарарды қолдаған 164 елдің қатарында болған. Украина қалыс қалған алты елдің бірі болды: Киев картада аннексияланған Қырым Ресейдің түсімен боялғанын және Украина түсінен өзгеше екенін айтып, мұнлай сурет қауіпті прецедент тудырады деді. Қарарға АҚШ қарсы дауыс берді.
Жапония үкіметінің өкілі Минору Кихара бейсенбі, 10 қыркүйекте картада «Жапония үкіметінің ұстанымына қайшы келетін сурет бар» деп мәлімдеді.

❤24🔥4💘1
Қазақстанның Грузия мен Малайзиядағы елшілері ауысты
Болат Сүгірбаев Қазақстанның Малайзиядағы елшісі, Бруней-Даруссаламдағы елші қызметін қоса атқарушы міндетінен босатылды. Бұл жөнінде Ақорда хабарлады.
Мәлік Мырзалин Қазақстанның Грузиядағы елшісі қызметінен босатылып, Малайзиядағы елші болып тағайындалды. Тиісті жарлықтар Ақорда сайтында жарияланды.

💩6🥱5
Украина дрондары Саратовтағы Ozon қоймасына шабуылдады
Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, логистикалық орталық пен жеткізу хабына соққы тиген. Қызметкерлер эвакуацияланды. Алдын ала мәлімет бойынша, ешкім зардап шекпеген.
Саратов облысының губернаторы Роман Бусаргин Саратовтағы азаматтық инфрақұрылым бүлінгенін жазды. Оның сөзінше, оқиға орнында жедел қызмет жұмыс істеп жатыр.
Astra дерегінше, Саратовта мұнай өңдеу зауыты да өртеніп жатыр. Өрттің шығу себебі белгісіз.

🔥25👍5❤4
Azattyq - Азаттық
Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі төрағасы орынбасарының өкілетін айқындады
Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Аида Балаеваны Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары етіп тағайындаған еді.
Бұған қоса, Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары “ақпараттық және киберқауіпсіздік, соның ішінде жасанды интеллектіні қолдану, дербес деректерді қорғау, сыбайлас жемқорлық пен экономикалық қылмысқа қарсы іс-қимыл, азаматтық қорғаныс мәселелерімен де” айналысады. Қауіпсіздік кеңесі аппаратының қызметін ұйымдастырады.
Қауіпсіздік кеңесінің аппараты өз алдына дербес мемлекеттік орган ретінде президентке тікелей бағынады және есеп береді.
Бұған дейін Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің жаңа құрамын бекітіп, Қауіпсіздік кеңесі аппаратының басшыларын да тағайындаған еді.

"Қауіпсіздік кеңесі төрағасы орынбасарының құзырына Қауіпсіздік кеңесі төрағасының актілері мен тапсырмаларының, Қауіпсіздік кеңесі шешімдерінің, соның ішінде шұғыл отырыстарында қабылданған шешімдердің мүлтіксіз әрі толық орындалуын бақылау, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, елдің қорғаныс қабілетін арттыру, заң мен тәртіпті сақтау салаларындағы іс-шараларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіру кіреді” деп хабарлады 11 қыркүйекте Ақорда.
Бұған қоса, Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары “ақпараттық және киберқауіпсіздік, соның ішінде жасанды интеллектіні қолдану, дербес деректерді қорғау, сыбайлас жемқорлық пен экономикалық қылмысқа қарсы іс-қимыл, азаматтық қорғаныс мәселелерімен де” айналысады. Қауіпсіздік кеңесі аппаратының қызметін ұйымдастырады.
Қауіпсіздік кеңесінің аппараты өз алдына дербес мемлекеттік орган ретінде президентке тікелей бағынады және есеп береді.
“Орган ұлттық қауіпсіздік саласындағы тәуекелдерді бақылау ісін жетілдіру және күшейту, мемлекетті басқарудың орнықтылығын қамтамасыз ету, Қауіпсіздік кеңесі төрағасы мен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі қызметіне институционалдық тұрғыдан қолдау көрсету және олардың шешімдерін орындау шараларымен айналысады. Бұл міндеттер Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігін, аумақтық тұтастығын, халықаралық аренадағы ұлттық мүдделері мен конституциялық жүйенің негіздерін сақтауды көздейді” деп жазылған Ақорда хабарламасында.
Бұған дейін Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің жаңа құрамын бекітіп, Қауіпсіздік кеңесі аппаратының басшыларын да тағайындаған еді.
👎8💩7👍5🤔3
Қазақстанда мектеп оқушыларының хиджаб киюіне қатысты дау қайта өрбіді. Оқу-ағарту министрінің журналист сұрағына жауабынан соң Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы қарсы мәлімдеме жасап, ол көп ұзамай өшіп қалды.
👉Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥10🤔5👍4
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстанда ресейшіл көзқарасымен танылған блогерлер Анастасия Ахметова мен Эльмира Кұлақоваға «ұлтаралық араздық қоздырды» деген күдік бойыншаіс қозғалды.
👍58🔥12❤4😁3👏2
Белсенді, "С-ИНФОРМ" газетінің Түркістан қаласындағы өкілі Құрал Сейітханұлы "дербес деректі әшкереледі" деген айыппен үш жыл түрмеге кесілді. Бұл жөнінде журналист Амангелді Батырбеков хабарлады. Сот үкімі 8 қыркүйекте шыққан.
Ақпаратқа қарағанда, белсендінің үстінен блогер,"Аймақ тынысы KZ" редакторы Ләззат Асанова полицияға арыз түсірген. Блогер белсендіні "дербес деректі жария етті" деп айыптаған. Бұған дейін жақтастары Құрал Сейітханұлы жариялаған мәліметтің құпия емес екенін, әлеуметтік желіде жарияланған ақпарат екенін айтқан еді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬21❤4😁2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің қызы Саида Мирзияеваның биліктегі ықпалы күшейіп келеді. Оған жаңа өкілет беріліп, Қауіпсіздік кеңесіне кірді. Бұл өзгеріс нені білдіреді?
😁15🤣10🤬5
Тоқаев халыққа жолдауын қазанда жасайды
Тоқаев әдетте жолдауын қыркүйекте жасайтын. Тек 2022 жылы Қанды қаңтардан кейін бірнеше айдан соң наурызда кезектен тыс жолдауын жариялаған.
“Қазан айында мен Конституцияның 46-бабына сәйкес Қазақстан халқына жолдауымды жасап, алдағы жоспарымызды айқындаймын” деді президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұма, 11 қыркүйекте Дүниежүзілік көшпенділер ойынының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі кезінде.
Тоқаев әдетте жолдауын қыркүйекте жасайтын. Тек 2022 жылы Қанды қаңтардан кейін бірнеше айдан соң наурызда кезектен тыс жолдауын жариялаған.
🥱14💩5😁3
2001 жылғы 11 қыркүйек оқиғасын ұйымдастырған террористерге пана болған Ауғанстан ширек ғасырдан соң "баяғы қалпына" оралып жатыр. АҚШ бастаған әскери коалиция 20 жылдан соң елден кеткенде "Талибан" билікте бірден өз қолына алды және "Әл-Қаида" мүшелері қайтадан осы елді паналай бастады.
🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱14👎1
🎶 Қазақстан 2027 жылғы Eurovision конкурсына қатыса алмайды
Қазақстан 2027 жылы өтетін Eurovision музыкалық конкурсына қатыса алмайды. Еуропа хабар тарату одағы (European Broadcasting Union – EBU) Қазақстан "қазір одаққа толыққанды мүше болу талаптарына сай келмейді" деп мәлімдеген.
Politico сайтының жазуынша, қазақстандық "Хабар" агенттігі жыл сайын өтетін Eurovision конкурсына қатысуға ресми түрде өтініш берген. Бірақ EBU "Хабар" агенттігі бекітілген талаптарға сай келмейді" деп шешкен.
"Қазақстан Еуропа хабар тарату аймағынан тыс жатыр әрі Еуропа кеңесіне мүше емес. Бұған қоса, бұл ұйымның бақылаушысы статусын да иеленбеген. Сондықтан "Хабар" қазіргі уақытта толыққанды мүшелікке өту талаптарына сай емес" деп мәлімдеген EBU.
Politico сайты "Қазақстанның географиялық орналасуы бұл конкурсқа қатысуға кедергі болмайды, себебі ел аумағының 15 пайызы Еуропаға, 85 пайызы Азияға кіреді" дейді. Eurovision конкурсына Еуропаға кірмейтін бірнеше ел қатысады. Мәселен, Австралия 2015 жылдан бері Eurovision конкурсына арнайы шақыртумен қатысып келеді. 2027 жылы Солтүстік Америка құрлығында орналасқан Канада елі Eurovision байқауына қатыспақ.
Дегенмен Қазақстан 2018-2022 жылдары балалар арасындағы Junior Eurovision конкурсына қатысып келген. Қазақстандық қатысушылар екі рет екінші орын алған.

😢14👍4😁4❤2🥱1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
2001 жылы 9 қыркүйекте АҚШ-қа жасалған ауыр террорлық әрекетке 25 жыл толды. Ширек ғасыр бұрын «Әл Каида» террорлық ұйымының мүшелері жолаушылар мінген төрт ұшақты басып алып, екеуін Нью-Йорктегі Дүниежүзілік сауда орталығының екі зәулім ғимараты апарып соққан. Шабуылдан үш мыңдай адам қаза тапқан еді. 9/11 деп аталып кеткен оқиға қалай болып еді. Еске түсірейік.
🤬13❤2🤔2
Қазақстан соты Мансур Мовлаевқа пана бермеу туралы шешімді өзгертпеді
Қазақстанда кассациялық сот шешен азаматы Мансур Мовлаевқа пана бермеу туралы шешімді қолдады. Ресми нұсқа бойынша, ол Ресейге қайтарылған жағдайда қудалануы мүмкін екенін дәлелдей алмаған.
Сот шешімі жөнінде «Новая газета» басылымы адвокаты Вадим Дроздовқа сүйене отырып хабарлады. Оның айтуынша, мұндай шешім іс жүзінде Мовлаевты Ресейге экстрадициялау қаупін "айтарлықтай" зорайта түседі.
Шешен азаматы 2025 жылдың мамыр айынан бері Алматыда қамауда отыр. Шілде айында сот оның қамауда ұстау мерзімін қаңтарға дейін ұзартқан. Ресей Мовлаевты бопсалау айыбымен экстрадициялауды талап етіп отыр. Мовлаевтың сөзі істі ойдан құрастырылған деп санайды.

👎11🤬7❤3👍2💩2
Белсенді Санжар Боқаевтың ісі сотқа берілгені хабарланды
Алматылық белсенді Санжар Боқаев 18 наурыздан бері тергеу абақтысында қамауда отыр. Бас прокуратура Боқаев "аса ірі мөлшерде қаржыны алаяқтық жолмен жымқырды, жалған ақпарат таратты және қоғамды теріс пікір қалыптастыру мақсатында видео жариялады" деген күдікке ілінгенін хабарлаған.
Боқаевқа қарсы іс "қолдан жасалған" деп санайтын жақтастары "істің астарында саясат жатуы мүмкін" деп мәлімдеген. Олар наурыздың аяғында Алматыда баспасөз мәслихатын өткізіп, Боқаевтың ісін ашық сот отырысында қарауды және тікелей эфирден көрсетуді талап еткен еді.
“Бүгін біз қорғап отырған азамат Санжар Боқаевтың ісі Алмалы аудандық қылмыстық істер жөніндегі аудандық сотқа түсті. Бірінші процестің қашан басталатыны әзірге белгісіз” деп жазды оның адвокаты Радмир Өтепов Instagram-парақшасында.

👎14🤬8🤡1