Azattyq - Азаттық
✔
10.8K subscribers
11.7K photos
4.52K videos
19 files
24.8K links
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
“Бішкек арена” 60 млн долларға салынғаны рас па?
🥱12🔥6
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны: Қырғызстан қалай бренд жасады?

Әлемдік БАҚ Дүниежүзілік көшпенділер ойынын "Тау мен дала олимпиадасы" деп атайды. Туроператорлар жарысты көру үшін арнайы тур сата бастады, ал Орталық Азиядан тыс жердегі жұрт мүлде білмейтін көкпарға Франция, Қытай, тіпті АҚШ-тан командалар қатысатын болды. Ежелгі көшпелілерден мұраға қалған спорт түрлері бойынша турнир әлемге мәдениеті арқылы танылғысы келген шағын елдің идеясы ретінде бастау алған. 12 жыл ішінде бұл жоба халықаралық брендке айналды. Бірақ бұдан Қырғызстан не ұтты, эстафетаны әрі жалғастырған Қазақстан сияқты елдерге ол не берді?

👉Толығырақ оқыңыз
😁10👍8🥱1
Қазақстан әділет министрлігі Қашаған операторы North Caspian Operating Company (NCOC) консорциумынан 2.3 трлн теңге өндіріп алу туралы атқару өндірісі тоқтатылуының себебін түсіндірді. Ведомствоның айтуынша, NCOC мемлекеттік сот орындаушысының әрекетіне шағымданған.

Бұған дейін Қазақстан билігі шілдеде Қашаған операторынан 2,3 трлн теңге өндіріп алу бойынша атқару өндірісін қозғаған еді. NCOC-тың Қазақстан алдындағы қарызы – 2,3 трлн теңге.

Оның алдында Қазақстан әділет вице-министрі Даниель Ваисов NCOC консорциумы 2026 жылдың 20 шілдесіне дейін айыппұлды өтеуі керек екенін, әйтпесе компаниядан күштеп өндіріп алу шаралары қолданылатынын айтқан еді. Шілде соңында North Caspian Operating Company (NCOC) компаниясының мүлкі мен көліктеріне тыйым салынғаны хабарланған еді.
😁12❤7🤬2💩2🤡1
Иранға қатысы бар делінген қазақстандық “Тур инвест” АҚШ-тың санкция тізіміне ілінді

8 қыркүйекте АҚШ қаржы министрлігінің шетел активтерін бақылау жөніндегі басқармасы (OFAC) тізімді жаңартты. АҚШ президенті Дональд Трамп тамыздың соңында Иранға қарсы "ең жойқын экономикалық операция" бастайтынын айтып сес көрсеткен еді. Америка ведомствосының хабарлауынша, қазақстандық компания ирандық Mahan Air әуе компаниясына қызмет көрсеткен.

Дегенмен Bloomberg-тің жазуынша, Вашингтонның санкциясы осы уақытқа дейін Тегеранның негізгі сауда әріптестеріне айтарлықтай әсер етпеген.

"Тур Инвест" компаниясы 2014 жылдан бері бар және бес адамнан аспайтын қызметкері бар шағын кәсіпорын ретінде тіркелген. Компания осыған дейін 18,2 млн теңге салық төлеген.
👍16🔥4❤2👏1😁1
Новороссийскіге дрон шабуылы кезінде төрт адам қаза болды

Ресейдің Краснодар өлкесіндегі Новороссийскіге украин дрондары шабуылдап, төрт адам қаза болды, біреуі – бала деп хабарлады аймақтың губернаторы Вениамин Кондратьев.

Оның сөзінше, түнде одан бөлек, қалада тағы 29 адам зардап шеккен, үшеуінің жағдайы ауыр.

Оның айтуынша, өткен түні аймаққа дронмен жаппай шабуыл жасалған, негізгі соққы Новороссийскіге бағытталған. Қалада көпқабатты үйлер, храм ғимараты, балабақша бүлінген.

Анапа қаласында да дрондар үш жеке үй мен балабақшаны бүлдірген, Қырым мен Темрюк ауданында да шабуылдың салдарын жоюға тырысып жатыр.

Украиналық Exilenova+ және Supernova+ телеграм-арналарының дерегінше, Новороссийскідегі мазут терминалы мен порт инфрақұрылымына соққы тиген.

Новороссийскіде Қазақстан мұнайын халықаралық нарыққа шығаратын Каспий құбыр консорциумының (КҚК) терминалы орналасқан. Жалпы Қазақстан мұнайының 80% КҚК арқылы тасымалданады.
👏21👍9❤4👎1
Жапон таңбасын талқандау. Неліктен Ресейдегі жаңа ескерткіш Токионың шамына тиді?

4 қыркүйекте Ресейдің Қиыр Шығысындағы Хабаровск қаласында бұрынғы Совет одағы Екінші дүниежүзілік соғыста Жапонияны жеңгеніне арналған ескерткіш ашылды. Онда Жапония империясының символын бұзып жатқан Қызыл армия жауынгері бейнеленген. Жапондар хризантеманы әлі күнге дейін ұлт таңбасы ретінде дәріптейді.

Ескерткіш ашылардан бір күн бұрын Жапонияның бас консулдығы шұғыл өтініш айтып, мемориалға өзгеріс енгізуді сұраған.

Биіктігі 15 метр ескерткіште мылтықтың дүмімен шекара бағанын қиратып жатқан совет жауынгері бейнеленген. Бағанда шытынаған жапон императорының таңбасы салынған.

Хризантема гүлі пішініндегі эмблеманы Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде нацистердің одақтасы болған жапон әскері пайдаланған. Ол әлі күнге дейін ресми елтаңбаның орнына Жапонияның символы болып саналады. 16 жапырағы бар гүлді Жапония императоры қазір де пайдаланады және ел азаматтарының төлқұжатында да сол бейнеленген.

🔗Толығырақ оқыңыз
🤬15🔥11❤3👎3👍2😁2
Қазақстан мен Әзербайжан Каспий арқылы паром қатынасын қалпына келтіреді

Екі ел арасында паром қатынасы 2020 жылға дейін болған, алайда коронавирус індетінің салдарынан тоқтап қалған. Жабылғанға дейін ол жылына шамамен 1500 жолаушыны Каспий арқылы тасымалдаған.

Әзербайжанның Қазақстандағы елшісі Әлім Байелдің сөзінше, паром қатынасын қалпына келтіру Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы туристер санын арттыруға тиіс және Орта дәліздің (Қытай мен Еуропаны Орталық Азия, Каспий, Оңтүстік Кавказ, Түркия арқылы жалғайтын көлік дәлізі) мүмкіндігін де зорайтуы керек.

Қазір Баку мен Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау, Атырау арасында аптасына 37 әуе рейсі бар.
❤17👍14🤔1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Сербия президенті Александр Вучич Қытай икомпанияларымен бірлесіп өндірілетін гуманоид роботтардың жақын арада «өте қуатты қаруларды» қолданатынын мәлімдеді. Бұл жоба Белград пен Пекин арасындағы әскери және өндірістік ынтымақтастықтың нығая түскенін көрсетеді. Бұл ретте Сербия мен АҚШ және Еуропа одағы арасындағы қайшылық та күшейіп келеді.
👎11😁4🤬3❤2🤮1🤡1
Орталық Азия елдерінің PISA көрсеткіші орташа деңгейден төмен

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) PISA-2025 халықаралық зерттеуінің нәтижесін жариялады. Орталық Азия елдері оқушыларының көрсеткіші барлық бағыт бойынша ЭЫДҰ елдерінің орташа көрсеткішінен төмен болып шықты.

Дегенмен Өзбекстан жаратылыстану ғылымы бойынша көрсеткішін күрт жақсартқан, Қазақстанның математика бойынша нәтижесі нашарлаған, ал Қырғызстан 16 жылдық үзілістен кейін алдыңғыға қарағанда жоғары нәтиже көрсеткен.

ЭЫДҰ бүкіл әлем бойынша 15 жастағы [оқушыларды] бағалаудан өткізеді. Ол PISA бағалау жүйесі деп аталады. Ұйым осылай оқу, жазу және ғылым саласындағы функционалды сауаттылықты анықтайды.
👎9😢6😱2❤1
💼Жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алу ережесі өзгереді. Қысқа-нұсқа түсіндірдік

1 қазаннан бастап Қазақстанда жұмыссыздыққа байланысты әлеуметтік көмек алу мерзімі алты айдан үш айға қысқарады. Пилоттық жаңа механизмді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі хабарлады.

🔶Жәрдемақы алу уақыты қалай есептеледі?

Өзгеріске сай, жәрдемақы алу мерзімі адамның әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қанша уақыт қатысқанына байланысты болмақ. Мысалы, адам алты айдан 12 айға дейін әлеуметтік көмек жүйесіне ақша аударып келсе көмек бір ай, ал бір жылдан екі жылға дейін қатысып келсе екі ай, Ал екі жылдан аса уақыт қатысса үш ай әлеуметтік төлем ала алады.

🔶Төлем алу шарттары

Көмек алушы адам ресми жұмыссыз ретінде тіркелуі керек. Жұмыс беру орталығы үш рет жұмыс ұсынады, ал адам үш ұсыныстан бас тартса, есептен шығарылып, төлем тоқтайды. Үш айда жұмыс табылмаса жәрдемақы қайта төленбейді. Жұмыс ұсынғанда мамандығы, тәжірибесі, денсаулық жағдайы, жұмыс орнына жету жағы ойластырылуы тиіс.
Үш ай ішінде жұмыс табылмаса жұмыссыз адамға басқа кәсіп меңгеру, қоғамдық жұмыстар, жастар практикасы, әлеуметтік жұмыстар ұсынылады не жеке кәсібін ашуға көмек беріледі.

🔶Қанша төленеді?

Төлем сомасы да өзгереді. Ең жоғарғы төлем жеті ең төменгі жалақының 45 пайызы болады. Яғни, ең көп дегенде 268 мың теңге беріледі. Бұрын 360 мың теңгедей беріліп келген.

🔶Министрлік өзгеріс жайлы не дейді?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев ереженің өзгеруін «көлеңкелі схемаларды анықтау» дейді. Оның сөзінше, жұмыссызбын деп тіркелген адамдар екі мың доллардан жоғары жәрдемақы алған жағдайлар болған. Министрлік бұл өзгеріс ақша үнемдеу емес, керісінше, жұмысқа орналасу механизмін жетілдіру дейді.
 
👎17🤔5💩5❤3
🏗️ Қазақстанда биыл 3,2 трлн теңге болатын инвестициялық жобалар аяқталады

🔶Бұл жобаларға Мойынты – Қызылжар, Дарбаза – Мақтаарал теміржол желілерін салу, Алтынкөл – Жетіген, Бейнеу – Маңғыстау теміржол учаскелерін жөндеу, Қашаған кен орнындағы газ өңдеу зауытының құрылысы, Алматы екінші жылу электр орталығын жаңалау, Түркістан облысында бу-газ қондырғысын және гибридті электр станциясын салу жұмыстары кіреді. Бұл туралы "Самұрық-Қазына" әл-ауқат қорының төрағасы Нұрлан Жақыпов президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында айтты.

🔶Жақыповтың сөзінше, Астанадағы деректерді өңдеу орталығының құрылысы мен Каспий теңізінің табанына талшықты-оптикалық байланыс желісін төсеу жұмыстары аяқталуға жақын. Сондай-ақ елде мүгедектігі бар балаларға арналған 55 орталық және 46 инклюзия кабинеті ашылғаны айтылды.

🔶Жақыпов 2027-2029 жылдары энергетика, мұнай-газ секторы, көлік және цифрлық инфрақұрылым салалары бойынша 21 триллион теңгеге 38 жоба жасау жоспарланғанын да мәлімдеді.
 
🤔8👍5😁2❤1💩1
⚡Рыбакина келесі аптадан бастап әлемнің бірінші ракеткасы болады

Қазақстан теннисшісі Елена Рыбакина US Open жарысының жартылай финалына шықты. Ол ширек финалда қытай теннисшісі Чженді үш сетте жеңді. Бірінші 3:6 есебімен жеңіліп қалғанымен, кейінгі екі сетте 6:1, 6:4 есебімен жеңді.

Осылайша Рыбакина дүйсенбіден бастап әлемнің бірінші ракеткасы болады. Қазақстан теннисшісі жартылай финалға шығу арқылы рейтингідегі ұпайын 8681-ге жеткізді.

Бұған дейін әлемнің бірінші ракеткасы болған Арина Соболенко (Беларусь) төмен түседі. Қазір Соболенкода 7355 ұпай бар. Соболенко US Open жарысын жеңгеннің өзінде 8575 ұпай болады. Демек Рыбакина US Open жарысында кім жеңіске жетсе де келесі аптадан бастап рейтингіде бірінші орынға шығады.
🔥15❤5💩4👍2😁1
🔴 Трамп Путин Украина бойынша мәміле жасағысы келеді деп мәлімдеді

АҚШ президенті Дональд Трамп сәрсенбіде журналистерге Ресей мен Украина арасындағы бейбітшілік келісіміне қол қоюға "Зеленский мен Путиннің бір-біріне деген өшпенділігі кедергі болып отырғанын" айтты. Трамп 8 қыркүйекте Ресей президенті Владимир Путинмен телефонмен сөйлескені туралы ақпаратты растап, екеуара әңгімені "тамаша" деп сипаттады.

"Ол келісім жасағысы келеді, егер Зеленский де келісім жасағысы келсе, жақсы болар еді", – деді АҚШ президенті.


Трамп бұған қоса соғысты тоқтатуға қол жеткізу үшін Ресейдің және Украинаның басшылығымен байланысты жалғастыруға ниетті екенін мәлімдеді.

Бірнеше күн бұрын Трамптың өкілдері Стив Уиткофф пен Джаред Кушнер Мәскеу мен Киевке барып қайтқан еді. 5 қыркүйекте олар Кремльде президент Владимир Путинмен үш сағаттан астам келіссөз жүргізді, ал келесі күні Киевте президент Владимир Зеленскиймен кездескен.

Ақ үйдің өкілі Мәскеудегі келіссөзде "алдағы апталарда жарияланатын келесі қадамдардың нақты жоспарлары" талқыланғанын хабарлады. Уитткофф пен Кушнердің сапарынан кейін Ресей де, Украина да АҚШ-тың қатысуымен үшжақты келіссөзді қайта бастауға дайын екенін мәлімдеді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤮21❤5
☄️ Украина дрондары алғаш рет Ямалға шабуыл жасады
 
💥Украина күштері шекарадан үш мың шақырымға жуық жердегі Ямалға алғаш рет дронмен шабуылдады. Ресейдің Ямал-Ненец автономиялық округі губернаторы Дмитрий Артюхов Новый Уренгойдағы өнеркәсіп нысаны дрон сынықтары түскеннен кейін өрт шыққанын хабарлады. Шенеунік шабуыл тойтарылып, ешкім зардап шекпегенін айтты. Келген залалдың көлемі әлі айтылған жоқ.

🔥 Ресей президентінің Орал федералдық округіндегі өкілетті уәкілі Артем Жога нысанаға отын-энергетика нысаны алынғанын айтты. Оның сөзінше, жұмысшылар алдын ала эвакуацияланған. Жога бұл Орал федералдық округінің арктикалық бөлігіне жасалған алғашқы дрон шабуылы екенін хабарлады. Новый Уренгой Украина шекарасынан шамамен 2800 шақырым жерде орналасқан.

📣 Украиналық зымыран мен дрон өндіретін Fire Point компаниясы Новый Уренгойға жасалған шабуылға қатысы барына меңзеді. Компания мәлімдемесінде дронның "3300 шақырымнан астам қашықтағы нысанаға сәтті тигені" айтылған.

📝 Украиналық мониторинг жүргізетін Telegram-арналардың дерегінше, шабуыл нысанасы Новый Уренгойдағы конденсатты тасымалдауға дайындайтын зауыт болған. "Газпромға" тиесілі зауыт жылына 19,5 миллион тоннаға дейін өнім дайындайды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍32🔥10❤1
✈️ Молдовадан Ослоға ұшқан кезде Зеленскийдің ұшағына "дрон тие жаздаған"

🗣️ Украина президенті Владимир Зеленскийдің ұшағы Кишиневтен Ослоға ұшып шыққан кезде әуеде "дрон тие жаздаған". Бұл туралы журналистерге Норвегияның премьер-министрі Йонас Сторе айтты деп жазды норвегиялық NRK телеарнасы. Зеленский Ослода Норвегия королі V Гарольдті жерлеу рәсіміне қатысты.

⚡️ Украина президенті Норвегияға сапары барысында сол елдің премьері Сторемен және қаржы министрімен, сондай-ақ НАТО-ның бұрынғы бас хатшысы Йенс Столтенбергпен кездесті. NRK арнасына берген сұхбатында Сторе Зеленский әңгіме барысында өз ұшағы "қауіпке" ұшырағанын айтқанын растады. Зеленскийдің кеңсесі норвегиялық телеарнаның президент ұшағы жайлы сұрақтарына жауап бермеген.

🔸 8 қыркүйекте Молдованың қорғаныс министрлігі Ресейдің "Шахед" типті дроны ел аумағына өтіп кетіп, Старые Михайляны ауылы маңына құлағанын мәлімдеген еді. Дрон Молдованың әуе кеңістігін жергілікті уақыт бойынша 16:20 шамасында бұзып өткен, оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱13🤬7🔥2🤔2❤1
Azattyq - Азаттық
Новороссийскіге дрон шабуылы кезінде төрт адам қаза болды Ресейдің Краснодар өлкесіндегі Новороссийскіге украин дрондары шабуылдап, төрт адам қаза болды, біреуі – бала деп хабарлады аймақтың губернаторы Вениамин Кондратьев. Оның сөзінше, түнде одан бөлек…
💭 Новороссийскіге дрон шабуылы кесірінен КҚК-де мұнай тиеу кідірген

☄️ Украина күштері Новороссийскідегі теңіз портындағы жанармай терминалына дронмен шабуыл жасағаннан кейін Қазақстанның энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумында (КҚК) мұнай тиеуде уақытша іркіліс болғанын хабарлады.

🚨КҚК-ның жүк тиеу жүйелері мен танкерлерін тексергеннен кейін мұнай тиеу жұмыстары әдеттегідей қайта жалғасқан және қазақстандық жүк жөнелтушілерден мұнай қабылдауға ешқандай шектеу енгізілген жоқ деп хабарлады Астана.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥15❤3👍1🤔1
🔴 Украинада Ресей шабуылдарынан 5 кісі қаза тауып, 20 адам жараланған

🔹 Сумы облысы

Украина ұлттық полициясы баспасөз қызметі 9 қыркүйекте Украинада Ресей күштерінің әуеден жасаған шабуылдары салдарынан 5 кісі өліп, кемінде 20 адам жараланды деп хабарлады. Қаза тапқандардың екеуі мен жараланғандардың басым көпшілігі Сумыдағы сауда үйінде шабуылға ұшыраған.

🔹Харьков облысы

Сәрсенбі күні ресейлік әуе шабуылдарынан 18 адам зардап шекті деп айтты Харьков облыстық әскери әкімшілік басшысы Олег Синегубов.

🔹Киев облысы

Бұл аймақта Ресей күштері соққысынан үш адам зардап шегіп, 32 нысан, соның ішінде 26 тұрғын жай бүлінген деп хабарлады облыстық әскери әкімшілік басшысы Тимур Ткаченко.

🔹Днепропетровск облысы

Облыстық әскери әкімшілік дерегі бойынша, 8 адам жараланған, Кривой Рогта 10 көппәтерлі және 20-ға жуық жеке меншік үй бүлінген.

🔹 Украина армиясының мәліметі

Украина әуе күштерінің хабарлауынша, бейсенбіге қараған түні ресейлік әскер Украинаны нысанаға алып 149 дрон ұшырған. Олардың 128-ін әуеден қағып түсірген, 13 дрон нысанаға жетіп, тағы 9-ының сынықтары жерге құлаған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬16😢2❤1