Azattyq - Азаттық
✔
10.8K subscribers
11.7K photos
4.52K videos
19 files
24.8K links
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
Download Telegram
🛰️ Спутник тиелген зымыран алғаш рет Еуропа құрлығынан орбитаға сәтті ұшырылды

🚀 Германиялық Isar Aerospace аэроғарыш компаниясы 5 қыркүйекте Орталық Еуропа уақытымен сағат 22:12 кезінде Норвегияның солтүстігіндегі Аннёйа ғарыш алғаш рет Еуропа құрлығы аумағынан Жер орбитасына коммерциялық спутниктерді сәтті ұшырды.

🌐 Жер бетінен 100 шақырым биіктегі Карман сызығын кесіп өткеннен кейін зымыран орбитаға CubeSat бес шағын спутнигін шығарған.

📍Isar Aerospace компаниясы Spectrum зымыран тасығышын осымен екінші рет ұшырып отыр. Алғаш рет сынақ ретінде зымыран тасығышты 2025 жылдың наурыз айында ұшырған. Зымыран көкке көтерілгеннен кейін шамамен 30 секунд өткенде теңізге құлап, сөйтіп ол жолы сәтсіз аяқталған еді.

ℹ️ 2018 жылы құрылған Isar Aerospace компаниясы Мюнхен қаласы маңында орналасқан. Компания шағын және орта көлемді жер серіктерін ұшырумен айналысады және Spectrum зымырандарын толығымен дерлік өзі дайындап шығарады. Қазір тағы бес зымыран құрастырылып жатыр.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍13❤4
⚡️ АҚШ-та жүк ұшағы апатынан бес кісі қаза тапқан

✈️ 6 қыркүйекте Пуэрто-Рикодан ұшып келген Amazon Air әуекомпаниясының Boeing 767-300 жүк ұшағы Майами халықаралық әуежайындағы ұшып-қону алаңынан шығып кетіп, тұрақта тұрған автокөліктерге соғылғаннан кейін өртенген.

🔥 Оқыс оқиға салдарынан кемінде бес адам қаза тауып, зардап шеккен бірнеше адам ауруханаға жеткізілді деп хабарлады Майами-Дейд округінің мэрі Даниэлла Левин.

🚒 Майамидегі өртке қарсы қызмет бес адам зардап шеккенін, олардың үшеуінің жағдайы ауыр екенін хабарлады.
😱10🔥3
Қазақстандықтар зейнетақы жарнаcын түгелдей инвесткомпания басқаруына бере алады

Қазақстанда азаматтардың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) аударған міндетті жарналарын басқарудың жаңа ережелері күшіне енді. Оған сәйкес, енді зейнетақы жинақтарын толықтай жеке инвестициялық компаниялардың басқаруына беру мүмкіндігі пайда болды.

Жаңа ережелер бойынша, салымшы бір немесе бірнеше инвестициялық басқару компаниясын таңдап, өз зейнетақы активтерін сала алады. Бұған қоса салымшы өз инвестициялық стратегиясын дербес анықтау мүмкіндігіне ие болды.

Бұрын қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 50 пайыздан аспайтын бөлігін жеке инвесткомпаниялардың басқаруына бере алатын. Енді салымшы БЖЗҚ-дағы қаражаттарын бұрынғыдай мемлекеттік басқарудың орнына инвестиция ретінде өзі салатын кәсіби ұйымды өзі дербес таңдай алады.
🤔8👍2❤1
Назарбаевтың немере інісінің Алматыдағы базарын ERG бөлімшесі бас директорының компаниясы сатып алды

Бұрын Қайрат Сатыбалдының (Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі) отбасының меншігінде болған Алматыдағы "Байсат" базары Eurasian Group (ERG-дің қазақстандық еншілес компаниясы) бас директоры Құдрат Шамиевке тиесілі компанияның иелігіне өткен.

Шамиев — Қазақстанда Қасым-Жомарт Тоқаев билікке келген соң тасы өрге домалап, елдегі ірі бизнес өкіліне айналған Шахмұрат Мүтәліптің жақын бизнес серіктесі. Зерттеуші журналистер Шамиев пен Мүтәліптің жас кезінен бері аралас-құралас екенін және бірге оқығанын жазады.
🤬17😁5
Azattyq - Азаттық
🏇🏻 Көшпенділер ойынында жалпыкомандалық есептен дау шықты. Даудың жай-жапсары 🔹Екі түрлі кесте Қырғызстанда Көшпенділер ойыны аяқталған соң қазақстандық пабликтер жариялаған жалпыкомандалық есепте Қазақстан 32 алтын, 20 күміс, 22 қола бірінші орында, Қырғызстан…
❗Жапаровтың баспасөз хатшысы: Көшпенділер ойынында бірінші орынды Қазақстан алды

Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың баспасөз хатшысы Аскат Алагозов "бүгін ұйымдастыру комитеті Қазақстанның үш спортшысының медальдарын есепке алу туралы шешім шығарды. Соған сай, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды Қазақстан алды. Қазақ бауырларымызды жеңістерімен құттықтаймыз" деп мәлімдеді.

Алагозов бұл туралы 7 қыркүйекте Facebook парақшасында жазды.
💯31👍16❤4🤔1💩1
🔴 Херсонға және Херсон облысының басқа қалаларына жасалған шабуылдардан бір адам қаза тауып, төрт кісі жараланды

☄️ 7 қыркүйек күні таңертең және түстен кейін Ресей күштері Украинаның Херсон облысында бірнеше рет дронмен шабуыл жасады. Облыс губернаторы Александр Прокудин Херсонның Днепровский ауданында шабуыл салдарынан 65 жастағы әйел қаза тапты деп жазды Telegram-парағына.

💥 Херсон облыстық әскери әкімшілігінің мәліметі бойынша, Даривкадағы базарға жасалған шабуылдан зардап шеккен 84 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілген 22 жастағы жігіт Нововоронцовкадағы үйінде жараланған. Херсонның Корабельный ауданында 70 жастағы екі ер адам зардап шеккен.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬23❤2😢2🔥1
⏰ Киевте комендант сағатының мерзімі азайтылмақ

Ресей Украинаға қарсы толық көлемді басқыншылық соғыс ашқаннан кейін Киев қаласында енгізілген комендант сағатының уақыты бір сағатқа қысқартылмақ. Киев мэрі Виталий Кличконың Telegram әлеуметтік желісінде жазуынша, 10 қыркүйектен бастап қалада түнгі сағат бірден таңғы беске дейін қозғалыс шектеледі. Бұған дейін комендант сағатының мерзімі түнгі 12-ден таңғы беске дейін болатын.
🔥14👍6
💥 Краматорскіде ресейлік әуе шабуылынан екі адам қаза тапқан

☄️7 қыркүйек күні таңертең Ресей күштері Украинаның Краматорск қаласына төрт ФАБ-250 авиабомбасын тастаған. Донецк облыстық прокуратурасының дерегінше, шабуыл салдарынан бірнеше тұрғын үй қираған. 44 және 66 жастағы екі ер адам өз пәтерлерінде қаза тапқан. Тағы төрт адам жараланған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬24😢6❤1🔥1
Литва 22 Беларусь азаматын елден шығарды

Литва билігі 22 Беларусь азаматының тұруға рұқсатын қайтарып алып, оларды елден шығарып жіберді және Шенген аймағына кіруге 5 жылға тыйым салды. Литва мемлекеттік қауіпсіздік департаментінің хабарлауынша, үкімет оларды ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіреді деп санайды.

Бұл адамдар Литвада тіркелген және Еуропа одағы ғарыш бағдарламасы агенттігінің (EUSPA) жобасына қатысқан компанияда жұмыс істеген. Литва билігінің мәліметінше, ол компания Ресей мен Беларусьтегі әскери-өнеркәсіптік кәсіпорындармен байланысын жасырған.
👍24🔥7👏2
🇺🇦 Украинаның бас прокуроры қызметінен кетті

Украинаның бас прокуроры Руслан Кравченко елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктері прокуроратураның жоғары лауазымды қызметкерлерінің бірі жалған байланыс орталықтарына қолдау көрсеткен деген күдікпен тергеу жүргізіп жатқан шақта отставкаға кетуге өтініш берді деп хабарлады Азаттықтың Украин қызметі.

Кравченко 7 қыркүйек кешке Telegram-да "Бас прокурор лауазымының саяси қақтығыс құралы ретінде пайдаланылуын" қаламағандықтан отставкаға кету туралы "саяси шешім" қабылдағанын жазды.

Соның алдында ғана ол отставкаға кетпейтінін мәлімдеген еді. Украин басылымдары президент Владимир Зеленский 7 қыркүйекте Кравченкомен кездескен деп жазды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔18❤1😁1
Зеленский Ресеймен келіссөз бастауға қарашаға дейін мүмкіндік барын айтты

Украина билігі қараша айындағы суық түскенге және АҚШ-та аралық сайлаулар басталғанға дейінгі уақытты Ресеймен бейбіт келіссөздерді қайта бастау үшін пайдаланғысы келеді.

"Бізде келіссөз жүргізудің қандай да бір жолын табу үшін осы қыркүйек пен қазан айлары бар. Диалогсыз... біз нәтижеге қол жеткізе алмаймыз", – деген Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілдері Стив Уиткоффпен және Джаред Кушнер кездескеннен кейін Axios басылымына сұхбатында.

Оның пікірінше, Ресей АҚШ-тағы аралық сайлау алдында президент Трампты қатты ашуландырып алмауға тырысатындықтан бұл кезең қосымша дипломатиялық мүмкіндіктер тудыруы мүмкін. Трамп әкімшілігі арағайын ретінде соғысты тоқтатуға күш салуға тырысып жатыр.

"Президент Трамп суық қыс басталғанға дейін нақты келіссөздер процесін бастаудың жолын таба алады деп ойлаймын" деген Украина президенті.
👍22❤4🔥1😁1
Құрылтай депутаттарына жұмсалатын шығын неге "таратылуы шектеулі ақпаратқа" айналды?

Құрылтайдың қызметін шаруашылық қамтамасыз ету департаменті мемлекет қазынасын депутаттардың жалақысы мен олардың қызметіне бөлінетін қаржы туралы мәлімет "таратылуы шектеулі ақпаратқа" жататынын алға тартып, оны жария етуден бас тартты. Бұл туралы мекеме Азаттықтың ресми сауалына берген жауабында жазған.

Азаттық тамыз айында Қаржы министрлігінен Құрылтай депутаттарының айлығы, қосымша төлемдері, баспана, көлік, медициналық қызмет пен іссапар шығындары туралы сұраған еді. Сауалхатта Құрылтай мен оның аппаратын ұстауға бір жылда жалпы қанша қаражат қарастырылғанын шығын түрлері бойынша көрсетуді де өтінгенбіз.

"Депутаттардың еңбекақысы, сондай-ақ олардың қызметін қамтамасыз етуге көзделген қаржыландыру көлеміне қатысты мәліметтер таратылуы шектеулі ақпаратқа жатады және белгіленген тәртіпке сәйкес, жария етуге жатпайды" делінген департамент басшысының орынбасары Ә.Болатұлы қол қойған хатта.

Департамент бұл мәліметтерді жариялауға қандай құқықтық норма тыйым салатынын көрсетпеген.

Бұған дейін қазақстандық naryk.kz басылымы 2027-2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасына сүйеніп, Құрылтайдың қызметіне 2027 жылы 22,53 млрд теңге қарастырылғанын жазған.

Басылым бұл соманы 145 депутатқа бөліп, бір депутатқа жылына шамамен 155,3 млн теңгеден келетінін есептеген. Бұл — депутаттың жеке жалақысы емес, Құрылтайдың жалпы шығынын депутат санына бөлгендегі көрсеткіш.

Басылым мәліметінше, 2026 жылы бұрынғы қос палаталы парламенттің қызметіне 31,96 млрд теңге жоспарланған. Ал жаңадан құрылған Қазақстан Халық кеңесінің қызметіне 2027 жылы 1,76 млрд теңге жұмсау қарастырылған.

Департамент Азаттыққа берген жауабында биыл Құрылтайдың өз жұмысына нақты қанша қаржы бөлінгенін айтпаған. Парламенттің жалпы бюджеті бұрын ашық жарияланған. "Әділет" құқықтық ақпарат жүйесіндегі бюджет туралы заңдарда парламенттің қызметін қамтамасыз етуге 2024 жылы – 27,43 млрд теңге, 2025 жылы – 26,37 млрд теңге қарастырылғаны көрсетілген.

Бұл қаражат жеке бюджет бағдарламасы ретінде берілген.
Департамент жауабында Құрылтай аппаратының штат саны 357 бірлік екенін хабарлаған. Бірақ аппарат қызметкерлерінің еңбекақысы мен әкімшілік-шаруашылық шығындарын көрсетпеген.

Азаттыққа келген жауап хатқа сәйкес, Астанадан тыс жерде тұратын депутаттарға өкілеттік мерзімі кезінде тегін пайдалануға жиһазбен жабдықталған қызметтік баспана беріледі. Олар медициналық көмек алу үшін президенттің іс басқармасына қарасты медицина орталығының ауруханасына тіркеледі.

Депутаттарға көлікпен қызмет көрсету және санаторийде емделу жөнінде департамент тиісті өкімдер мен бұйрықтарға сілтеме жасаған. Бұл қызметтердің құны мен бір депутатқа белгіленген шығын шегін жарияламаған.
😁14🤬13❤3👎3🤷‍♂2💩2
❤️ Қазақстан мұнай алпауыттарынан 160 миллиард долларды неге даулап отыр?

Қазақстан Shell, ExxonMobil, Eni, TotalEnergies пен басқа де компаниялар кіретін консорциумнан 160 миллиард доллар талап етіп отыр. Бұл — елдің биылғы жалпы ішкі өнімінің жартысы. Қазақстан 2000 жылдары жасалған бірқатар келісімнің құны негізсіз көтерілген, мердігерлер арасында мүдделер қақтығысы болған немесе кей келісім пара беріп алынған болуы мүмкін деп есептейді.

Астана бұдан ондаған жыл бұрын жасалған келісімдерді неге қазір қайта қарап жатыр? Сотта жеңуге мүмкіндігі бар ма? Бұл туралы Азаттықтан оқыңыз, көріңіз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬13❤3👍2
🥊Азия ойындарына баратын боксшылар белгілі

19 қыркүйекте Жапонияның Аичи және Нагоя қаласында өтетін жазғы Азия ойындарына қатысатын қазақстандық боксшылардың тізімі жарияланды.

🔹Ағайынды Сабырхандар мен Оралбайлар құрамада

55 келіде былтырғы әлем чемпионы және 2024 жылғы Азия чемпионы 24 жастағы Махмұд Сабырхан барады. Оның туған інісі 20 жастағы Төрехан Сабырхан (2025 жылғы әлем чемпионы) 70 келіде жүлдеге таласады.
Сондай-ақ егіздер Нұрбек Оралбай (90 келі) және Айбек Оралбай (+90 келі) де Азия ойындарына қатысады. Нұрбек 2024 жылы Париж олимпиадасында күміс жүлде алған. Ал Айбек 2025 жылғы әлем чемпионы.

Бұған қоса, 60 келіде Оразбек Асылқұлов (биылғы Азия чемпионы) және 80 келіде Сабыржан Аққалықов Азия ойындарында рингке шығады.

🔹Әйелдер құрамасы

Әйелдер арасында Азия ойындарына Алуа Балқыбекова (51 келі, 2025 жылғы әлем чемпионы), Назым Қызайбай (54 келі, Париж олимпиадасының қола жүлдегері, үш дүркін әлем чемпионы), Виктория Графеева (60 келі, 2025 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері), Аида Әбікеева (65 келі, 2025 жылғы әлем чемпионы) және Наталья Богданова (75 келі, 2025 жылғы әлем чемпионы) барады.

🔹Алтынсыз екі Азиада

2018 және 2022 жылғы Азия ойындарында Қазақстан бокстан алтынсыз қалған еді. 2018 жылы екі күміс, 2022 жылы екі күміс және үш қола медаль иеленген. Ал 2014 жылы алты алтын медаль жеңген.

Биылғы Азиадада Қазақстанның басты қарсыласы Өзбекстан, Таиланд, Жапония, Қытай, Солтүстік Корея боксшылары болмақ.
🔥11👍2❤1
"Ақорданы басып алмақ болған" деп айыпталған бес белсенді сотталды

8 қыркүйек күні Алматы қаласы Алмалы ауданының қылмыстық соты белсенділер Қайсар Өзбек (суретте) пен Талғат Әшіровті бес жарым жылға, ал Асқар Нұрмаған, Әбдуәли Тағай және Дүйсенбек Жақашевты бес жылға бостандығынан айырды. Прокурор соттан оларды сегіз жылға қамауды сұраған.

Нұрмаған, Тағай мен Жақашевке "топ болып билікті күшпен басып алуды немесе ұстап тұруды насихаттады, жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырып қиратып-бүлдіруге және билік өкілдеріне қарсылық білдіруге оқталды" деген айып тағылған. Өзбек пен Әшіровке бұған қоса "топ адам болып жарылғыш заттарды заңсыз сатып алу, сақтау және тасымалдау" айыбы тағылған.

Былтыр маусымда ұсталған бесеу содан бері Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу абақтысында қамауда отыр. Сот процесі биыл 6 ақпанда басталған.

Тергеу тарабы бұл бес адам "27 сәуірде президент резиденциясының аймағын торуылдап, кейін жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға қажетті радиоқабылдағыш, дауыс ұлғайтқыш және тәртіпсіздіктер ұйымдастыруға пайдалану үшін басқа да заттар сатып алған" дейді.

Сот басталған кезде прокурор іс бойынша куәлердің бірі жеке басының қауіпсіздігіне алаңдайтынын алға тартып, процесті жабық өткізуді сұраған. Өздеріне тағылған айыпты мойындамаған бес белсенді сот процесі ашық өтсін деген талап айтқан. Судья прокурордың өтінішін орындады: сот процесі бастан-аяқ жабық өтті.

Тағайдың қорғаушысы Ғалым Нұрпейісовтің айтуынша, сотталушылар – жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыратындай қаржыcы да, құрылымы да болмаған қарапайым жұмысшылар.

🔹 Қайсар Өзбек – 2022 жылы Қанды Қаңтар оқиғасына қатысып, Қазақстанға ҰҚШҰ әскерін кіргізуге қарсы шыққан.

🔹 Асқар Нұрмаған – бұған дейін наразылық митингілеріне қатысқаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапқа тартылған.

🔹 Әбдуәли Тағай – 2016 жылы жер митингілерінде және 2019 жылы Қытай инвестициясына қарсы наразылық акцияларына қатысқан.
🤬20❤3
🇭🇺 Венгрия Ресейдің Будапешттегі дипломатиялық миссиясының он қызметкерін елден шығармақ

Венгрияның сыртқы істер министрі Анита Орбанның айтуынша, ол басқаратын мекеме Ресейдің Будапештегі елшісіне "Венгрия билігінің бағалауы бойынша, Ресей миссиясының он қызметкері Венгрияда Вена конвенциясындағы дипломат мәртебесіне сай келмейтін әрекет жүргізгенін" жеткізген.

Министр Орбан аты-жөні мен лауазымы жарияланбаған ресейлік азаматтар "Венгрияның қауіпсіздігі мен егемендігін қамтамасыз ету" мақсатымен елден шығарылатынын, бірақ бұл Ресеймен дипломатиялық қарым-қатынасты үзілді дегенді білдірмейтінін атап айтты.

"Венгрия өзара сыйластық пен белгіленген ережелерді сақтауға негізделген қажетті диалогты жалғастыруға ниетті", – деп жазды министр 8 қыркүйекте.

Будапештің бұл шешіміне Мәскеу әзірге жауап бермеген.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥21👍7❤2
🇺🇦🇺🇸 Зеленский Трамппен қыркүйекте кездеспек ниетте

Украина президенті Владимир Зеленский қыркүйектің екінші жартысында АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуді жоспарлап отырғанын айтты деп хабарлады Азаттықтың Украин қызметі.

Зеленскийдің сөзінше, ол Трамппен кездескенде әуе шабуылынан қорғаныс жүйелеріне америкалық зымырандар жеткізу мәселесін қозғамақ ниетте. АҚШ тарапы Украинаға қандай зымырандар және қашан қажет екенін біледі деген Зеленский.

Ресеймен арадағы соғыстың аяқталу мүмкіндігі жайлы сөзінде Украина президенті тараптар "үшжақты келіссөз форматына" қарай ойысып келе жатқанын айтты. Ол қазір бүге-шігесін аша алмайтынын түсіндірді, себебі Украина мен АҚШ алдымен ұсыныстарды дайындап алып, содан кейін ғана оларды көпшілікке айтуға келіскен.

20 қыркүйекке қарай әлемнің көптеген елінің көшбасшылары БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясына қатысу үшін Нью-Йоркке бармақ. Зеленский Трамппен осы сессия аясында сөйлеспекші ме, жоқ әлде басқа форматта кездесуді жоспарлап отыр ма, ол жағын әлі айтқан жоқ.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍20😁2
CPJ Құрылтайды журналистер жұмысын шектемеуге шақырды

Журналистерді қорғау комитеті (CPJ) Құрылтайды журналистердің парламент ғимаратындағы жұмысын және саясаткерлерге сұрақ қою мүмкіндігін шектемеуге шақырды.

Бірінші сессиясы 28 тамызда ашылған Құрылтайдың алғашқы күнінен-ақ БАҚ өкілдері жұмысында қиындыққа тап болғанына шағынған.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бір палаталы парламент құруды демократияландырудың бір бөлігі деп атады. Бірақ тамыз айындағы парламент сайлауына дейінгі БАҚ-қа қысым жасаудан кейін енгізілген бұл жаңа шектеулер қазақстандық журналистердің жағдайының тез нашарлап бара жатқанының тағы бір белгісі, – деді CPJ ұйымының Еуропа және Орталық Азия аймағы бойынша директоры Фиона О'Брайен. – Журналистер саясаткерлерге сұрақ қойып, олардан жауап алуда еркін болуы керек; бұл бақылаушы рөлі демократияда өте маңызды және Қазақстанның жаңа парламенті оған құрметпен қарауы және оны шектейтін кез келген ережені алып тастауы керек".


CPJ журналистер құқығын шектейтін жаңа тәртіп тілшілерді аккредиттеу жөніндегі қолданыстағы ережелерде я Қазақстан парламентіндегі БАҚ жұмысын реттейтін өзге ресми құжаттарда бекітілмегенін атап көрсеткен. CPJ журналистер жұмысын шектейтін кез келген ереже заңның нақты бабына негізделуге тиіс екенін айтқан.

8 қыркүйекте жергілікті БАҚ Құрылтай бюросы жаңа ережелерді бекіткенін, бірақ әзірге оның толық мәтіні жарияланбағанын жазды.
❤11👍9😁3
Министрлік өкілі қазақ тілін латын графикасына көшірудің нақты мерзімі жоғын айтты

Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары Елмира Асан 8 қыркүйекте Астанада өткен үкімет брифингінде қазақ тілін латын графикасына көшірудің нақты мерзімі жоғын мәлімдеді. Ол қазір мамандар әліпби жобасы мен орфография ережелерін жетілдіріп жатқанын айтты.

Шенеунік 2022 жылы Ұлттық құрылтайда тіл мамандары оның нұсқасын ұсынғанын, содан кейін оларға жобаны аяқтау міндеті жүктелгенін еске салды.

Қазақ тілін латын графикасына көшірудің бастапқы жоспары 2018 жылы бекітілген. 2025 жылға қарай білім берудің барлық деңгейінде жаңа графикаға негізделген әліпби қолданылады деп айтылған. Мысалы, бастауыш сынып оқушылары мен колледждің бірінші курс студенттері 2020 жылы, бакалавриат және магистратура студенттері – 2021 жылы, ал докторантура студенттері – 2022 жылы оқуды латын қаріптеріне негізделген әліпбимен бастайды деп жоспарланған еді.

🔹 2019 жылдың қазан айында президент Қасым-Жомарт Тоқаев латын графикасындағы қазақ әліпбиін жетілдіруді тапсырып, қолданыстағы жобада кемшіліктер бар деп мәлімдеді.

🔹 2020 жылдың қарашасында Тоқаевқа латын графикасына негізделген әліпбидің жаңартылған нұсқасы ұсынылды, содан кейін президент халыққа ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

🔹 Ал 2022 жылдың маусым айында Тоқаев емле ережелерін қайта қарауды тағы да ұсынып, латын графикасына көшуге асықпауға шақырды.

🔹 Ақырында латын графикасына көшу бастапқы белгіленген мерзімінде – 2025 жылы орындалған жоқ, ал билік реформаны аяқтаудың жаңа мерзімін сол күйі жарияламады.
💩23👎13😁5🤬5❤2🤡1
Bloomberg: Ресейдің 2027 жылға дейін Украинамен келіссөз бастауы неғайбыл

Еуропа мен АҚШ-тың ресми тұлғалары Украинадағы соғыс келесі жылға дейін созылатындығына мойынсұнып, Американың соңғы бейбітшілік бастамасы президент Владимир Путинді “селт еткізбегендігін” мойындады деп жазды Bloomberg.

Басылым дереккөздерінің жазуынша, Путин қыста Украинаға шабуылды үдетіп, осылайша Киев пен оның одақтастарының беріктігін сынамақ. Ақпарат агенттігі дереккөздерінің пікірінше, Дональд Трамптың уәкілдері Стив Уиткофф пен Джаред Кушнер өткен демалыста Мәскеу мен Киевте айтарлықтай ілгерілеушілікке қол жеткізбеген, ал Ресей президенті олардың сапарын мемлекеттік думаға сайлау алдында өзінің "мықтылығын" паш ету үшін пайдаланып кеткен.

Үшжақты келіссөз Ресейдегі парламент сайлауынан кейін қайта жалғасуы мүмкін, алайда Bloomberg дереккөздерінің пікірінше, мұндай талқылаулардың бейбітшілік келісіміне жақындатуы екіталай.

8 қыркүйекте Путин АҚШ басшысы Дональд Трамппен телефонмен сөйлесті. Украина басшысы Владимир Зеленский Трамппен қыркүйектің соңында кездесетінін айтты. Ресей үш күндік үзілістен кейін Киевке соққысын жалғастырды.

Bloomberg дереккөзінің айтуынша, Ресей алдағы жарты жылда Украинаның энергетикалық және жылу инфрақұрылым нысандарына соққыны үдетіп, осылайша халықтың өмірін барынша қиындатуды мақсат етіп отыр. Ал гибридтік шабуыл мен Еуропа ісіне араласу арқылы Киевті одақтастарының қолдауынан айыруды көздеп отыр.

Кремль басшысы келесі көктемде өз позициясының нығая түсетініне және Ресей экономикасының шыдас беретіндігінен үміттенеді деп жазды басылым.
🤔12🤬10👎3