Тоқаев вице-президенттің өкілетін бекітті
Тиісті жарлық Ақорда сайтында жарияланды. Оған сәйкес, вице-президенттің өкілетіне өзге міндеттермен қатар “мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаты саласындағы стратегиялық сипаттағы бастамаларды әзірлеп, президентке ұсыну”, “мемлекеттік органдармен, сонымен бірге саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау кезінде президент атынан өкілдік ету” кіреді.
Өз кезегінде вице-президент: өз өкілеті аясында өкім шығара алады; өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдарға тапсырма бере алады; мемлекеттік органдардан және лауазымды адамдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа да материалдарды сұрата алады.
31 тамызда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Қаринді Қазақстанның вице-президенті лауазымына тағайындады.
Қазақстанда биыл шілде айында күшіне енген жаңа Конституция бойынша, елде вице-президент лауазымы жаңадан енгізілген. Вице-президентті қызметке Құрылтайдың келісімі бойынша президент тағайындайды және босатады. Ал мемлекет басшысы қайтыс болған немесе қызметінен кеткен жағдайда, Конституцияға сәйкес, оның өкілеті вице-президентке өтеді.
50 жастағы Қарин бұған дейін президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары, мемлекеттік хатшы, президенттің көмекшісі, президенттің кеңесшісі қызметтерін атқарған.

😁12🔥6💩6❤2🤔1
Уиткофф пен Кушнер Мәскеуге барды
АҚШ президентінің арнайы уәкілі Стив Уиткофф пен Дональд Трамптың күйеубаласы Джаред Кушнер Мәскеуге барды деп хабарлады ресейлік БАҚ.
Ресей астанасында олар Путиннің кеңесшісі, ресейлік тіке инвестиция қорының жетекшісі Кирилл Дмитриевпен келіссөз жүргізуі керек.
Уиткофф пен Кушнер Мәскеуден Киевке ұшуы керек, бұл олардың алғашқы сапары болмақ. Бүгінгісі Уиткофф пен Кушнердің Мәскеуге үшінші сапары.
Бұған дейін Украина президенті кеңсесінің жетекшісі Кирилл Буданов соғысты аяқтау бойынша келіссөз қыркүйекте жалғасуы мүмкін екенін айтқан.

🤮12❤2🤔2
Ақтөбеде сарбаздардың бірі әскери бөлімде өзін ұрып-соққанын айтты
Ақтөбедегі №6655 бөлімде әскери борышын өтеп жүрген сарбаз өзін сонда үнемі ұрып-соғатынын айтты. Оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл жөнінде жергілікті БАҚ жазды.
Сарбаздың анасы ұлының ауруханаға түскенін 4 қыркүйекте білген. Ауруханада травмотолог сарбазды қарағаннан кейін оның денсаулығындағы кінәратты алған жарақатымен байланыстырған. Сабазбен сөйлескеннен кейін дәрігер полиция шақырып, сарбаздан арыз қабылдаған.
“Ұлттық Ұлан” өкілдері оқиғаның мән-жайын тергеу органдары анықтайтынын айтқан. Соның қорытындысына қарай оқиғаға құқықтық баға берілмек.

🤬17👍4😁3😭2
Министрлік ҰҚШҰ жаттығуы қарсаңында үш облыста әскери техника қозғалатынын ескертті
12–19 қыркүйек аралығында Жетісу облысындағы «Көктал» полигонында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) «Шеп-2026» бірлескен оқу-жаттығуы өтеді. Осыған орай оқу-жаттығуға дайындық және оны өткізу кезеңінде Алматы, Жамбыл, Жетісу облыстарында әскери техника мен жеке құрам жоспарға сай жылжымақ. Бұл жөнінде Қазақстан қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомство БАҚ, желі қолданушыларынан "тексерілмеген ақпаратты таратпауды" сұрады.

🤬12🤔10❤3💩3
Azattyq - Азаттық
Уиткофф пен Кушнер Мәскеуге барды АҚШ президентінің арнайы уәкілі Стив Уиткофф пен Дональд Трамптың күйеубаласы Джаред Кушнер Мәскеуге барды деп хабарлады ресейлік БАҚ. Ресей астанасында олар Путиннің кеңесшісі, ресейлік тіке инвестиция қорының жетекшісі…
Путин жарым түннен бастап үш күн Киевке соққы жасамауды бұйрық етті
Бұл жөнінде Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мемлекеттік ТАСС агенттігіне хабарлады. Бұған дейін майдан сызығында атысты уақытша тоқтату туралы шешімді Украина жағы да қабылдаған.
Песковтың сөзінше, бүгін Путин Америка президентінің арнайы уәкілдері Стив Уиткофф пен Джаред Кушнерді қабылдайды.
Уиткофф пен Кушнер Путинмен кездескеннен кейін Киевке аттанады, онда Украина басшысы Владимир Зеленскиймен кездеспек.
Трамптың айтуынша, арнайы уәкілдер Мәскеу мен Киевке соғысты аяқтау бойынша кезекті ұсыныспен бармақ.

👍15🤮7😁4🤔3
Путин мен америкалық уәкілдер арасындағы келіссөз қалай өтті?
Сенбі күні Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президентінің арнайы уәкілдері Стив Уиткофф пен Джаред Кушнер Кремльде Украинадағы соғысты тоқтату бойынша келіссөз жүргізді. Кремль жабық есік жағдайында өткен кездесу үш сағаттан астам уақытқа созылғанын және "конструктивті әрі өте ашық" өткенін хабарлады.
👉Толығырақ оқыңыз

🤮20❤3👍2😡2😁1
"Әділ сөз" экобелсенді Аруна Ортаеваның ісіне алаңдаушылық білдірді
"Әділ сөз" баспасөз қорғау қоры 15 тәулікке қамалған экобелсенді Аруна Ортаеваның жағдайына алаңдаушылық білдірді. Ұйым “тергеу әрекеті қоғамдық маңызы бар ақпаратты таратқан адамға қысым көрсету құралы немесе ақпарат көзін анықтау тәсіліне айналмауы керек” деп санайды.
Қор сонымен бірге желіде тараған Қызыл кітапқа енген ағашты "жою" мен Көкжайлауға қатысты тыңдауды “дұрыс өткізу” мәселесі талқыланған аудиожазбаның мазмұнына қатысты “тергеу жүріп жатқаны жөнінде ақпараттың жоқтығы сұрақ туындатады” деді.
Бұған дейін әкімдік те, құзырлы органдар да аудиожазбаға қатысты ешқандай түсініктеме бермеген.
Аудиожазба белсендінің Instagram парақшасынан жоғалып кетті.
Сурет: Аруна Ортаеваның Instagram парақшасынан алынған скриншот

👍17❤5🔥4🤡1
Axios: Мәскеудегі келіссөзге АҚШ қаржы министрлігінің өкілі де қатысты
Мәскеуде АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы уәкілдері Стив Уиткофф пен Джаред Кушнер қатысқан келіссөзге АҚШ қаржы министрлігіндегі санкция саясатына жетекшілік ететін Джин Ланг та қатысқан. Бұл жөнінде Axios басылымы жазды.
Басылымның жазуынша, Ланг Ресей президентінің арнайы уәкілдерімен кездесуге қатысқан, алайда Владимир Путинмен кездесуде болмаған.
Лангтың қатысуы келіссөз кезінде АҚШ-тың Ресейге қарсы санкциясы да талқылағанын айғақтайды деп жазды басылым. Өткен аптада АҚШ қаржы министрі Скотт Бессент Ресей Украинадағы соғысты тоқтатпайынша Вашингтон Мәскеуге қарсы санкциясын жұмсартпайды деп мәлімдеген.

🤮14👍6😡1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қырғызстанда өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойынында көкпар мен көк бөрү додасында негізгі бәсеке Қазақстан мен Қырғызстан арасында болмақ. Көкпардың финалында да екі елдің құрамасы шықты. Көк бөрү финалистері енді анықталмақ. Бірақ көк бөрүде де Қазақстан мен Қырғызстан фаворит саналады. Екі спорттың айырмашылығы мен ұқсастығы қандай?
🤔14❤4👍1😁1
Оралда 50 күн әкімшілік қамауда болған белсенді қайта ұсталды
4 қыркүйекте Оралда белсенді Маруа Ескендірованы полиция тағы ұстады деп жазды Адам құқығын қорғау бюросы. Ақпаратқа қарағанда, белсенді әкімшілік қамалғандарға арналған изолятордан шыққаннан кейін бірден Абай алаңына барып, конституциялық құқығын пайдаланып, пікірін жеткізбек болған.
Полиция оны алаңнан ұстап әкеткен

"Осымен үшінші рет әйелге пікір айтуына мүмкіндік бермей, ұстап отыр. Осыған дейінгі екі акцияға қатысқаны үшін ол арнайы қабылдау орнында 50 күн қамауда болған еді" деп жазды бюро.
Полиция оны алаңнан ұстап әкеткен
🤬20😢5
Курчатовтағы электр станцияны Огай мен Жуманбаев салмақ
Қазақстан үкіметі Абай облысы Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр станциясын салу жөніндегі 881 млрд теңгелік инвестициялық келісімді мақұлдады. Бұл жөнінде үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Жаңа станцияның құны 881 млрд теңге. Әрқайсысының қуаты 350 мегаватт болатын энергоблоктан құралған станция 2032 жылға дейі кезең-кезеңімен іске қосылмақ. Жылына 5 млрд киловатқа дейін электр энергиясын өндірмек.
Инвестициялық келісім қол қойылған "ГРЭС Курчатов" компаниясын Kazakhmys Energy бас директоры Темірлан Өтегенов былтыр құрған. Сәуірде компания құрылтайшыларының құрамына Эдуард Огай мен Владимир Жуманбаев енді. "Қазақмыс" корпорациясының бұрынғы иелерінің бірі Эдуард Огай мен "АК Алтыналмас" компаниясының 22,6 % иелік еткен Владимир Жуманбаев – 2026 жылы Forbes-тың Қазақстандағы ең ауқатты 75 кәсіпкерлер тізіміне енген.

🤬13🤔3
Уиткофф пен Кушнер Киевке пойызбен жетті
АҚШ президентінің арнайы уәкілдері Стив Уиткофф пен Джаред Кушнер Киевке пойызбен жетті.
Оларды украиналық келіссөз тобы қарсы алды: Кирилл Буданов, Рустем Умеров, Давид Арахамия және Сергей Кислица.
Сәлден кейін Украина басшысы Владимир Зеленский мен Уиткофф, Кушнер арасындағы келіссөз басталады.

👍21🤔5
Azattyq - Азаттық
Уиткофф пен Кушнер Киевке пойызбен жетті АҚШ президентінің арнайы уәкілдері Стив Уиткофф пен Джаред Кушнер Киевке пойызбен жетті. Оларды украиналық келіссөз тобы қарсы алды: Кирилл Буданов, Рустем Умеров, Давид Арахамия және Сергей Кислица. Сәлден кейін…
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
АҚШ президенті уәкілдерінің Киевке жеткен сәті
👍24🔥7❤2
Киевте Зеленскийдің Трамп уәкілдерімен келіссөзінің бірінші кезеңі аяқталды
Украина ақпарат құралдарының жазуынша, Киевте АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы уәкілдері Стив Уиткофф пен Джаред Кушнермен келіссөздің алғашқы кезеңі аяқталды.
Келіссөздің мазмұны жөнінде ақпарат жоқ. Украина жағынан оған президент Владимир Зеленский, президент кеңсесінің жетекшісі Кирилл Буданов, Будановтың орынбасары Сергей Кислица мен Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеров қатысқан.
Ақпарат агенттіктерінің жазуынша, сәлден кейін екінші кезең басталады. Оған Франция, Германия, Ұлыбританияның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшілері қатысады.

❤16👍8🔥5
🏇🏻 Көшпенділер ойынында жалпыкомандалық есептен дау шықты. Даудың жай-жапсары
🔹Екі түрлі кесте
Қырғызстанда Көшпенділер ойыны аяқталған соң қазақстандық пабликтер жариялаған жалпыкомандалық есепте Қазақстан 32 алтын, 20 күміс, 22 қола бірінші орында, Қырғызстан 30 алтын, 35 күміс, 19 қола медальмен екінші орында тұрды.
Артынша Көшпенділер ойынын ұйымдастырушылар инстаграмдағы ресми парақшаларында Қырғызстан бірінші орында тұрған есепті жариялады. Ұйымдастыру комитетінің кестесіне сай, Қырғызстанда 30 алтын, 29 күміс, 13 қола, ал Қазақстанда 29 алтын, 16 күміс, 19 қола деп көрсетілген. Артынша бұл нәтижені ұйымдастыру комитеті баспасөз мәслихатында да хабарлады.
🔹Министрлік не деді?
Екі түрлі кесте тарап кеткен тұста қазақ-қырғыз жанкүйерлер желіде дауласа бастады. Ал Қазақстан спорт және туризм министрлігі де ел құрамасы Көшпенділер ойынында 32 алтынмен жалпы есепте бірінші орын алғанын, Қырғызстанда 30 алтын медаль барын мәлімдеді.
Кейін қазақстандық журналистері жарыстың соңғы күні, яғни, 6 қыркүйекте Қазақстан спортшылары тоғызқұмалақтан жеңген екі алтын мен мангаладан иеленген бір алтын жалпы есепке қосылмай қалғанын айтты.
🔹Ұйымдастыру комитетінің шешімі
Желіде сын көбейіп, ұйымдастыру комитетіне сұрақ туындаған тұста Көшпенділер ойынының инстаграмдағы ресми парақшасында жарияланған жалпыкомандалық есептің кестесі жоғалып кетті.
Ал Қырғызстан дене шынықтыру және спорт агенттігі ресми парақшаларында "6-Дүниежүзілік көшпенділер ойынының концепциясына сай, елдердің жеңіп алған медальдары бойынша жалпыкомандалық есеп жүргізілмейді" деп мәлімдеді. Дегенмен жарыс ұйымдастырушылары жалпыкомандалық есепті ойын бастала сала жүргізіп келген еді.
Ал Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел құрамасын Көшпенділер ойынында "табысты өнер көрсетуімен құттықтап", спортшылардың нәтижесі "жоғары" деп бағалады. Бірақ жалпыкомандалық есептегі жағдайға байланысты ештеңе айтпады.

🤣25😁16❤5👎4🤔1🤬1😡1
"Бәріміз бір жақтамыз – біз соғыс атаулы, қайғы-қасірет, адам өлімі болмағанын өте қалаймыз. Біз бұл соғыстың әділ аяқталғанын – бәріміз үшін әділ бейбітшілік орнағанын қалаймыз", – деген Украина президенті.
🕊️ Кушнер президент Трамп өзінің арнайы өкілдеріне "бейбітшілік пакетін дайындауды" тапсырғанын мәлімдеді.
"Алты ай бұрын біз байқап көрген үшжақты келіссөздер форматына оралған нәтижелі болар еді. Біз мұны екі тараппен де талқыладық және жақын арада оған ораламыз деп үміттенеміз. Стив екеуіміз үшжақты формат пайдалырақ деп санаймыз, себебі барлық тарап өзара байланыста болады", – деді Кушнер жексенбі күні Киевтегі баспасөз мәслихатында.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥7❤3👍3😁2
🔹 AfD-ны қолдап дауыс берген сайлаушылар – 44,4 пайыз;
🔹Христиан-демократиялық одақ (ХДС) пен Христиан-әлеуметтік одақ (ХСС) блогы – 18,4 пайыз;
🔹5 пайыздық межеден өткен басқа партиялардың әрқайсысы – 10 пайыздан аспайды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬14❤3😡3👎1