Azattyq - Азаттық
✔
10.8K subscribers
11.7K photos
4.52K videos
19 files
24.8K links
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
Download Telegram
Сочиде украин дрондарының шабуылынан кейін мұнай қоймасы өртенді

Украин дрондары Сочи мен "Сириус" федералдық аумағына шабуыл жасады деп хабарлады Краснодар жедел штабы. Биліктің мәліметінше, дрон бөлшектері қаланың түрлі аудандарынан табылған, ешкім зардап шекпеген.

Шабуылдың салдарынан мұнай қоймасы өртенген, сонымен бірге бірнеше тұрғын үй мен ғимараттың әйнегі сынған.

Astra жазуынша, соққыдан кейін Абхазиямен шекарада Псоу өзені маңындағы Сириус ауылы аумағынан өрт шыққан. Басылымның дерегінше, онда С-300 немесе С-400 зенит-ракеталық кешен бар.
🔥32👍7🍾4❤3
Azattyq - Азаттық
Белсенді Әлнұр Ілияшевтің үйінде тінту болды Белсенді Әлнұр Ілияшевтің бауыры Қанат Ілияшев жұма күні таңертең Әлнұр Ілияшевтің үйіне арнайы жасақ басып кіріп, тінту жүргізгенін хабарлады. Бұл жөнінде "Власть" басылымы жазды. "6:37 шамасында әкем хабарласып…
Заңгер Дәулет Әбілқасымов тінтуден кейін белсенді Әлнұр Ілияшевті полицияға алып кеткенін хабарлады.

“Ол бізге “190-бап” деп айқайлап үлгерді. Біз заңгерлер мәселе не жөнінде екенін түсіндік” деп жазды заңгер.

4 қыркүйекте белсенінің үйіне арнайы жасақ басып кіріп, тінткен еді. Полиция әзірге түсініктеме берген жоқ.
🤬17❤2
Azattyq - Азаттық
3 қыркүйекте Атырауда полиция журналист Олеся Вертинскаяны ұстап, күштеп бөлімшеге жеткізген. Әлеуметтік желіде жарияланған видеода полиция қызметкерлерінің оны тартқылап, кішкентай баласынан айырып, көлікке мәжбүрлеп отырғызғаны көрінеді. “Ұсталмай тұрып…
"Әділ сөз" баспасөз қорғау ұйымы атыраулық журналист Олеся Вертинскаяға күш қолдану мен үйқамаққа жіберілуіне реакция білдірді.
"Әділ сөз" баспасөз бостандығын қорғау жөніндегі халықаралық қор адамның бостандығын айтарлықтай шектейтін бұлтартпас шаралары орынды, негізделген және нақты тәуекелдерге сәйкес болуы керек деп санайды. Күдіктінің жасырынуы, тергеуге кедергі келтіруі немесе заңсыз әрекетті жалғастыруы мүмкін екендігіне сенімді түрде негіз болмайынша үйқамақты қолдану ерекше мұқият негіздеуді талап етеді" деп жазылған қор хабарламасында.

Олар сонымен бірге полицияға күштеп жеткізу де "жағдайға қатаң сай болуы және қажетті шектен аспауы керек" деді.

Қор өкілдері журналистке шығарылған сот қаулысы мен қылмыстық істің мән-жайы жөнінде ресми орындарға сұрау салғанын айтты. Қор құжаттарды алғаннан кейін оқиғаға құқықтық баға бермек.
👍15❤1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Украина қауіпсіздік қызметі (СБУ) мен барлау қызметі (ГУР) бір-бірімен атысты. СБУ дерегінше, ГУР командирлерінің бірі ресейлік ФСБ-ның тапсырысымен «теракт» ұйымдастырмақ болған деп күдікке ілінген.
🤔24🔥4
Ақтөбе облысында жол апатынан 6 адам қаза болды

3 қыркүйекте Ақтөбе – Астрахань автожолының 94-шақырымында – Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласына жақын жерде Toyota Camry маркалы екі көлік соқтығысып, алты адам қаза болды. Екі көлікте де ешкім тірі қалмаған.

Жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Полиция қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатқанын хабарлады. Олар жүргізушілерді жол ережесін сақтауға, жылдамдықты асырмауға шақырды.
😢29
Украина Ресейдің азаматтық авиациясын қаншалық бұғаттай алады?

Украина президенті Владимир Зеленский азаматтық әуе компанияларына үндеу жасап, Ресей аспанында ұшу қауіпті деп мәлімдегелі Ресейдегі бірқатар рейс тоқтатылып, әуежай жабылып, шектеулер енгізілді.

🔗Толығырақ оқыңыз
👏27👍5❤2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ташкент жаңа ірі әуежай салып, алыс бағыттарға ұшатын ұшақтар сатып алып жатыр. Өзбекстан Орталық Азияның негізгі әуе хабына айналғысы келеді. Көршісі Қазақстанның да осындай мақсаты бар. Ақырында аймақтың басты авиация орталығы қай елде болады?
🔥23👍8🤷‍♂2🤔2
2 қыркүйекке қараған түні әлдекім Hronika.kz журналисі Ольга Вороньконың дөңгелектерін тіліп, көлігіне бояу шашып кеткен. Воронько бұл оқиғаны өзінің кәсіби қызметімен байланыстырады. Дегенмен қандай да бір нақты адамдардың оқиғаға қатысы жөнінде дәлел жоқ. Журналист кейінгі кезде Павлодар облысындағы күштік құрылым басшыларының бірі, сонымен бірге жергілікті кәсіпкерлердің бірі туралы жазған деп айтылады.

Мұндай оқиға елде құқық қорғаушылар мен заңгерлер сөз бостандығының аясы тарылып, журналистерге қысым күшейгенін айтқан тұста болып отыр.

"Әділ сөз" баспасөз қорғау ұйымы 4 қыркүйек күнгі мәлімдемесінде елде тәуелсіз ақпарат құралдары сиреп, сөз бостандығы тарылғанына алаңдаушылық білдіреді. Баспасөз қорғау қорының хабарламасында Вадим Борейконың "Гиперборей" арнасы уақыша жұмысын тоқтатып, "Orda.kz" сайтының жабылғаны, ҚазТАГ ақпарат агенттігінің жабылғаны жайлы фейктер тарағаны айтылады.
😢12😡8❤1
Azattyq - Азаттық
Тәуелсіз бақылаушы қатысқан учаскеде сайлау қалай өтті? Алматыда құрылтай сайлауын бақылаған белсенді Марат Тұрымбетов сайлау учаскесіндегі дауыс беру хаттамасымен жариялады. Оған қарағанда, сайлау учаскесінде 1225 адам тіркелген, олардың 158-і яғни 11% ғана…
Алматыда тағы бір белсендіні тінтіп, полицияға алып кетті

4 қыркүйекте таңғы сағат бес шамасында белсенді Марат Тұрымбетовтің үйіне арнайы жасақ келіп, тінткен. Бұл жөнінде белсендінің жақындарының сөзіне сүйенген Санавар Закирова жазды.

“Тінту күндізгі шамамен үште аяқталды, одан кейін Марат Тұрымбетовті алып кетті... Марат Тұрымбетовтің үйінде тінту Әлнұр Ілияшевтікінен ертерек басталды. Оны алып бара жатқан кезде [Марат Тұрымбетов] өзіне бірдеңе сүңгітіп жібергенін айқайлап үлгерді” деп жазды Закирова.

Адвокат Айнара Айдарханова жұма түстен кейін Марат Тұрымбетов пен Әлнұр Ілияшевке заңгерлік көмек көрсету үшін бас прокуратураның Алматыдағы өкілдігіне барғанын, бірақ ішке кіре алмай отырғанын хабарлады. Полиция әзірге түсініктеме бермеді.

Марат Тұрымбетов қоғамдағы маңызды мәселелерге пікірін ашық айтып жүрген белсенділердің бірі. Жуырда құрылтай сайлауы кезінде Алматыдағы сайлау учаскелерінің бірін бақылап, онда тіркелген 1225 адамның небәрі 158-і яғни 11% ғана бюллетень алғанын жазған. Дауыс беру хаттамасын да жариялаған еді. Бұл оқиғаның оның ұсталуына қатысы бар-жоғы белгісіз.

Қазақстанда құрылтай сайлауы 23 тамызда өтті. Сайлаудың ресми қорытындысы бойынша сайлаушылардың 71 пайыздан астамы “Әділетке” дауыс берген. Бес пайыздық межеден бес партия өтті. Бұл жолы заңнамалық өзгерістерге байланысты құрылтай сайлауын өте аз тәуелсіз бақылаушы бақылады.
🤬24❤2😡1
Azattyq - Азаттық
Алматыда тағы бір белсендіні тінтіп, полицияға алып кетті 4 қыркүйекте таңғы сағат бес шамасында белсенді Марат Тұрымбетовтің үйіне арнайы жасақ келіп, тінткен. Бұл жөнінде белсендінің жақындарының сөзіне сүйенген Санавар Закирова жазды. “Тінту күндізгі…
Прокуратура өкілдері “Ұлысмедиаға” жіберген жауабында Әлнұр Ілияшев пен Марат Тұрымбетовтің үстінен шетел азаматы арыз жазғанын хабарлаған. Полиция қылмыстық іс қозғаған, тергеу жүріп жатыр. Белсенділердің ісіне қатысты басқа ештеңе айтылмайды.
🤬23😡3😁2💩2
🐎 Көшпенділер ойындарында Қазақстан мен Қырғызстан көкпардан финалға шықты

Қырғызстанда өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойынында көкпардан Қазақстан құрамасы финалға шықты. Құрама топта Ресей және Венгрияны жеңді. Финалда Қырғызстанмен ойнайды. Шешуші кездесу 6 қыркүйекке жоспарланған.

Бұған қоса Қазақстан мен Қырғызстан көк бөрүден де финалға шығуға жақын тұр. 

Ойындардың алдында көкпар мен көк бөрүден Қазақстан мен Қырғызстан фаворит саналған.

Көкпар я көк бөрүден қазақ пен қырғыз ойыншылары арасында ережеге және төрелікке қатысты бірнеше рет дау болған. Мәселен, 2024 жылы Астанада өткен Көшпенділер ойынында көкпардың финалында екі елдің спортшылары бір-бірін қамшымен ұрды деп айыптаған. Финал уақытша тоқтап, ойыншыларды полиция ажыратқан. Кейін финал қайта жалғасып, Қазақстан 5:4 есебімен жеңіске жеткен еді. Ал қырғыз спортшылары төрелік әділ болмады деп марапаттау рәсіміне шықпай қойған. Жанжалдан соң Қазақстан сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасап, «бұл жағдай екі елдің достығына әсер етпейді» деген еді.
❤16😁7🔥5
❗Прокурор "Ақорданы басып алмақ болды" деп айыпталған бес адамға 8 жыл түрме жаза сұрады

Алматы қаласы Алмалы ауданының қылмыстық сотында "Ақорданы басып алмақ болды" деп айыпталған алты белсендіге прокурор сегіз жыл түрме жазасын сұрады. Бұл туралы 4 қыркүйекте құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина хабарлады.

Асқар Нұрмаған, Абдуәли Тағай, Дүйсенбек Жақашев, Қайсар Өзбек және Талғат Әшіров 2025 жылы маусымда ұсталып, содан бері ҰҚК-ның тергеу изоляторында отыр. Сот процесі биыл ақпанда басталған еді.

Бесеуіне "топ болып билікті күшпен басып алуды немесе ұстап тұруды насихаттады, жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға дайындалды" деген айып тағылған. Қайсар Өзбек пен Талғат Әщіровке "жарылғыш заттарды заңсыз сатып алу, сақтау және тасымалдау" айыбы қосымша тағылған.

🔹Айыптың жай-жапсары

Тергеу актісіне қарағанда, бесеуі 2025 жылы қыс-көктемде жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырып, Ақорданы басып алуды жоспарлаған, сол үшін адамдар іздеп, қару-жарақ жайын және жолдарды жабу жағын ақылдасқан. Тергеу тарабы "олар 27 сәуірде президент резиденциясының аймағын қарауылдап, кейін жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға қажетті радиоқабылдағыш, дауыс ұлғайтқыш және басқа да заттар сатып алған" дейді.

Сот процесі жабық өтіп жатыр. Айыпталушылар тағылған айыпты мойындамайды.

🔹Айыпталушылар жайлы не белгілі?

Тағайдың қорғаушысы Ғалым Нұрпейісовтің айтуынша, сотталушылар – жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыратындай қаржылары да, құрылымдары да болмаған қарапайым жұмысшылар.

Қайсар Өзбек 2022 жылы Қаңтар оқиғасына қатысып, Қазақстанға ҰҚШҰ әскерилерін кіргізуге қарсы шыққан. Асқар Нұрмаған бұған дейін митингілерге қатысып, әкімшілік және қылмыстық жауапқа тартылған. Абдуәли Тағай 2016 жылы жер митингілерінде және 2019 жылы Қытай инвестициясына қарсы наразылықтарға қатысқан.

Қазақстанда бұған дейін де бірнеше адам Ақорданы басып алмақ болды деп сотталған. Мәселен, 2024 жыоы алты адам "Трактор ісі" бойынша түрмеге кесілген. Тергеу алты адам трактормен Ақорда аумағына кіріп, тәртіпсіздік ұйымдастырмақ болды деген.
 
🤬24🤔5💩3❤2😭1
⚡Ресей Украина қауіпсіздік қызметінің бас кеңсесіне дронмен шабуылдады

Ресей дрондары 4 қыркүйекте Киевтегі Украина қауіпсіздік қызметінің (СБУ) бас кеңсесіне соққы жасады. Ғимаратта өрт шыққан.

Интернетте тараған фотоларда бес қабатты ғимараттың екі терезесінен түтін шығып жатқаны байқалады. Киев мэрі Виталий Кличко жеті адам жараланып, оның алтауы ауруханаға түскенін хабарлады.

Украина президенті Владимир Зеленский Украина қауіпсіздік қызметінің штаб-пәтеріне шабуыл жасалғанын, дрон қауіпсіздік қызметінің басшысы қызметін уақытша атқарып отырған Александр Покладтың кабинетіне бағытталғанын айтты. Покладтың өзі шабуыл кезінде орнында болмаған.

Зеленский "Ресейге жауап болады" дейді.
🤬32👍3❤2
"Украинская правда": Украина әскеріне майданда атысты уақытша тоқтату туралы бұйрық берілді

Украина әскеріне 5 қыркүйек сағат 00:00-ден бастап, 8 қыркүйек сағат 23:59-ға дейін майдан сызығында тыныштықты сақтау туралы бұйрық берілді. Бұл жөнінде «Украинская правда» басылымы жазды.

Украина президенті кеңсесі ресми түрде ақпаратты растамады.

Бұған дейін Украина басшысы Владимир Зеленский Дональд Трамптың арнайы уәкілдерінің елге сапары кезінде Киев Ресей аумағына әуеден соққы жасауды уақытша доғаратынын айтқан еді.

Сенбі, 5 қыркүйекте Стив Уиткофф пен Джаред Кушнер Мәскеуде – Владимир Путинмен , ал жексенбі Киевте Зеленскиймен кездеседі.

New York Times басылымы дереккөздерге сүйене отырып, олардың сапары алдында Вашингтон Мәскеу мен Киевті өзара соққыны уақытша тоқтатуды сұрағанын жазған еді.
🤬15🔥3❤2👎1
Azattyq - Азаттық
Алматыда тағы бір белсендіні тінтіп, полицияға алып кетті 4 қыркүйекте таңғы сағат бес шамасында белсенді Марат Тұрымбетовтің үйіне арнайы жасақ келіп, тінткен. Бұл жөнінде белсендінің жақындарының сөзіне сүйенген Санавар Закирова жазды. “Тінту күндізгі…
Құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина 4 қыркүйекте үйлерін полиция тінтіп, өздерін бөлімшеге әкеткен белсенділер Әлнұр Ілияшев пен Марат Тұрымбетов туралы жазды.

“Әлнұрға 190-бап “Алаяқтық” бабы бойынша істе қорғануға құқығы бар куәгер статусы берілді, тергеуден кейін оны босатты. Марат Тұрымбетовті денсаулығына байланысты ауруханаға әкеткен” деп жазды ол.
🤬11🤔2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
АҚШ-тың Невада шөлінде өтіп жатқан әйгілі Burning Man фестивалінде қазақтар 11 киіз үй тігіп, жиналған жұртқа ет пен бауырсақ таратты. Бұл қандай шара? Неге 80 мың адам аптап ыстық пен құмды дауылға қарамастан, шөл ортасында уақытша қала құрады? Саудаға, жарнамаға тыйым салынған және ақша мүлде жүрмейтін қауымдастықтың басты ережелері қандай?
👍14
Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі аппаратының басшыларын тағайындады

Тоқаев Мұрат Баймұқашевті Қауіпсіздік кеңесі аппаратының басшысы етіп тағайындады. Нұржан Каджиақбаров – Қауіпсіздік кеңесі аппараты басшысының бірінші орынбасары, бұрынғы қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов пен Геннадий Зуев аппарат төрағасының орынбасарлары болды.
👎11😁5💩3
💬Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің жаңа құрамын бекітті

ҚР президенті туралы заңға сәйкес, Қауіпсіздік кеңесіне Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі жетекшілік етеді. Қауіпсіздік кеңесінің құрамына президентті есептегенде барлығы 13 адам кіреді.

Оның құрамына вице-президент Ерлан Қарин, Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Аида Балаева, Құрылтайдың төрағасы Айбек Дәдебай, премьер-министр Олжас Бектенов, президент әкімшілігінің төрағасы Роман Скляр, бас прокурор Берік Асылов, ҰҚК төрағасы Ермек Сағымбаев, мемлекетті күзет қызметінің басшысы Сәкен Исабеков, сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, қорғаныс министрі Дәурен Қосанов, ішкі істер министрі Ержан Сәденов, төтенше жағдай министрі Мұрат Мұханов енді.

Бұл жолы Қауіпсіздік кеңесіне алғаш рет төтенше жағдай министрі еніп отыр. 5 қыркүйекте Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі аппаратының басшыларын тағайындады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💩12🤔6👎3😁1
Непалда екі адам су басқан туннельден құтқарылды

Жойқын селден зардап шеккен Непалда 4 қыркүйекте құтқарушылар су басқан жерасты туннелінен екі адамды құтқарды. Олар бітеліп қалған туннельде 9 күн болған. Олардың жанындағы тағы бір адам қаза болған. Құтқарушылар мәйітті сыртқа шығарды.

Жұма күні таңертең құтқарушылар жерасты туннелінен дыбыс естіген. Құтқарушылар соның көмегімен туннельде қалып қалған адамдардың жүрген анықтап, бұрғылаған. Осылайша зардап шеккендерді тапқан. Екеуі де Катмандудағы ауруханаға жеткізілді, біреуінің жағдайы өте ауыр.

Аман қалған біреуі құтқарушыларға туннельде тағы адамдар бар екенін айтқан. Жедел іздестіру тобы құтқару операциясын доғармау туралы шешім қабылдады.

Тасқыннан кейін құтқарушылар мен әскерилер 7 туннельге кіруге күш салып жатыр. Сел басқан кезде туннельдің жолы тас, лаймен бітеліп қалған. Болжам бойынша онда 150-ге дейін адам қалуы мүмкін. Өлі-тірісі белгісіз. Жедел қызмет туннельге ауа кіргізуге тырысып жатыр.
👍12😱8🙏3😁2🤔1