БАҚ өкілдерінің Құрылтай ғимаратындағы және депутаттармен жұмысына қатысты жаңа ереже енгізілді. Журналистер құқықтары шектелгенін айтып жатыр. Бұл өзгерістің астарында не жатыр? Ол билікке не үшін қажет болды? Тақырыпты Factcheck.kz сайтының редакторы, медиасарапшы Думан Смақовпен талқыладық.
👉Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬14💩4😁2
Azattyq - Азаттық
Дәулет Қосанов – қорғаныс министрлігін, Ержан Сәденов ішкі істер министрлігін басқара бермек. Тиісті жарлыққа Тоқаев қол қойды.
Серік Жұманғарин вице-премьер, ұлттық экономика министрі лауазымында қалды. Ол аталған ведомствоны 2024 жылдың желтоқсанынан бері басқарып келеді.
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев те қызметінде қалды. Былтыр қыркүйекте жаңадан пайда болған жасанды интеллект министрлігін басқарғанына бір жылға жуықтады. Ол премьер-министрдің орынбасары қызметін қоса атқарады.

👎21💩7
Қырғызстанда Мақсат Асаналиев ҰҚМК төрағасы болды
Қырғызстанда Мақсат Асаналиев ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетінің (ҰҚМК) төрағасы болып тағайындалды. Тиісті жарлыққа Қырғызстан басшысы Садыр Жапаров қол қойды.
Қамшыбек Ташиев ақпан айында ҰҚМК төрағасы қызметінен босатылғаннан кейін оның міндетін уақытша Жұмғалбек Шабданбеков атқарған. Бірақ маусымның соңында Жапаров оны қызметінен алды. Президент кеңсесі оның “басқа қызметке кеткендігін” айтты, бірақ нақты қандай қызмет екенін нақтыламады.
Шілдеде Қырғызстан соты ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетінің (ҰҚМК) бұрынғы басшысы Қамшыбек Ташиевке төрт жыл түрме жазасын беріп, пробациямен бостандықта қалдырған еді.
48 жастағы Мақсат Асаналиев Ыстықкөл облысында туған. Еңбек жолын 2001 жылы ҰҚМК-да тергеуші болудан бастаған. 2018-2019 жылдары Бішкектегі бірінші май ауданының прокуроры, кейін Ош облысының прокуроры қызметін атқарды.

🔥9❤3🥱1
Azattyq - Азаттық
Серік Жұманғарин вице-премьер, ұлттық экономика министрі лауазымында қалды. Ол аталған ведомствоны 2024 жылдың желтоқсанынан бері басқарып келеді. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев те қызметінде қалды. Былтыр қыркүйекте жаңадан пайда…
Нұрлан Сауранбаев көлік министрі қызметінде қалды.
Мәди Такиев – қаржы министрі, Қанат Бозымбаев – премьердің орынбасары қызметін атқара бермек.
Нұрлыбек Нәлібаев премьер-министрдің бірінші орынбасары қызметінде қалады.
Ғалымжан Қойшыбаев вице-премьер қызметіне қайта тағайындалды.
Ерлан Сәрсембаев әділет министрі қызметінде қалды.

💩6😁2🤔1
Azattyq - Азаттық
Нұрлан Сауранбаев көлік министрі қызметінде қалды. Мәди Такиев – қаржы министрі, Қанат Бозымбаев – премьердің орынбасары қызметін атқара бермек. Нұрлыбек Нәлібаев премьер-министрдің бірінші орынбасары қызметінде қалады. Ғалымжан Қойшыбаев вице-премьер…
Мұрат Мұханов төтенше жағдай министрі болып тағайындалды
41 жастағы Мұханов маусымнан бері ТЖМ аппаратына жетекшілік еткен. 2024-2026 жылдары Маңғыстау облыстық төтенше жағдай департаментінің басшысы болды.

❤8🤔3💩2
Ерлан Ақкенженов – энергетика министрі, Ерсайын Нағаспаев өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметінде қалды.
Жұлдыз Сүлейменова оқу-ағарту министрі қызметін атқара бермек.
Арман Шаққалиев те сауда және инеграция министрі қызметінде қалды.
Нұржан Нұржігітов су ресурстары және ирригация министрлігін басқара бермек.

💩7👍2😁2❤1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Алматыда бүгін сағат 12-де “Әкімдік не жасырады: жиналыстан жазылған аудиожазбаны жариялағаны үшін не үшін белсендіні қамады?” атты баспасөз жиыны өтуі керек еді.
Өткен аптада Көкжайлаудағы құрылысқа байланысты аудиожазба жариялаған экобелсенді Аруна Ортаева 15 тәулікке қамалған. Бейсенбі күні жиын басталар кезде изолятордан Аруна қатысушыларға хабарласып, оны өткізбеуді ұсынды.
"Біз жиынды шегере алмаймыз. Бірақ Арунаға зиян келмес үшін жиынның фокусын өзгертеміз, Көкжайлау бойынша жалпы айтамыз. Аруна бойынша сұрақтарға адвокат қана жауап береді" деді ұйымдастырушылардың бірі.

👍11😱3❤1🤔1
Azattyq - Азаттық
Мұрат Мұханов төтенше жағдай министрі болып тағайындалды 41 жастағы Мұханов маусымнан бері ТЖМ аппаратына жетекшілік еткен. 2024-2026 жылдары Маңғыстау облыстық төтенше жағдай департаментінің басшысы болды.
Әлібек Қуантыров экология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды
2023 жылдың қыркүйегінен бері аталған министрлікті Ерлан Нысанбаев басқарған.
42 жастағы Әлібек Қуантыров бұған дейін сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған. Оның алдында “Kazenergy” қауымдастығының бас директоры болды. 2022 жылдың қаңтары мен 2024 жылдың ақпан аралығында ұлттық экономика министрі болды.

💩16🤔2
Асқарбек Ертаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметінде қалды.
Айдарбек Сапаров ауыл шаруашылығы министрі қызметін атқара бермек.
Ербол Мырзабосынов спорт және туризм министрлігін басқара бермек.
Саясат Нұрбек ғылым және жоғары білім министрі қызметінде қалды.

👎9💩7👍6🤔2❤1
Арман Қырықбаев мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды
Ол бұған дейін министрлікті басқарған Аида Балаеваны алмастырды. Балаева бірнеше күн бұрын Қауіпсіздік қызметі төрағасының орынбасары болып тағайындалған еді.
50 жастағы Арман Қырықбаев 2025 жылдың ақпанынан бері президенттің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі болған. Оның алдында президенті әкімшілігінің коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.
2022 жылдың ақпаны мен 2024 жылдың наурыз аралығында Алматы әкімінің орынбасары болды.
Оған ақпарат министрлігі бөтен емес. Қырықбаев бұрын (2006-2010 жылдары) мәдениет және ақпарат министрлігінде комитет пен департаменттерге жетекшілік еткен.
Ол президент Қасым-Жомарт Тоқаев кезінде ұзақ уақыт басқарған сыртқы істер министрлігінен еңбек жолын бастаған.

💩13👏4😁4🤔1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Нидерландтағы үкіметтік емес ұйым сыйға тартқан арзан үш ұшақ Одесса облысының әуе кеңістігін күзетіп жүр. Әскери қызметкерлердің айтуынша, олар осы ұшақтармен көкке бір көтерілгенде-ақ бірнеше “Шахед” дронын атып түсіре алады. Бұл – Украина аспанын күзетудің тың тәсілі.
👍40🔥10❤6
Ислам Каримов қайтқалы 10 жыл. Өзбекстан қалай өзгерді?
2016 жылғы 2 қыркүйекте Өзбекстанның бірінші президенті Ислам Каримов өмірден өтті. Ол постсоветтік мемлекеттер арасында ең қатал диктаторлардың бірі саналды. Каримов елді 27 жыл, өмірінің соңына дейін басқарды. Азаттық Азия сөйлескен адамдар оның немен есте қалғанын, мұрагері Шавкат Мирзияев тұсында елде қандай өзгерістер болғанын айтты.
"Каримов қайтыс болғалы 10 жыл өткенде Өзбекстанға барып, басқа мемлекетті көрдім" деді Азаттық Азияға АҚШ-та тұратын зерттеуші Баходир Файз. "Мінсіз немесе проблемадан ада ел емес. Жай ғана басқа ел. Ашықтау. Динамикасы жоғары. Айналадағы әлемге жақынырақ".
Файз Өзбекстаннан жас кезінде кеткен. 1992 жылы Түркияға оқуға аттанғанда болашақ публицист әрі әлеуметтанушы туған жеріне 30 жылдан астам уақыт бойы қайта аяқ баса алмайтынын ойламаған. Оның айтуынша, бәрі өз еркінен тыс болған.

🔥10❤2🤔2
Көкжайлаудағы курорт құрылысы: экобелсенділер тыңдау нәтижесін жарамсыз тануды талап етпек
"SaveKokzhailau" қозғалысының белсенділері Көкжайлауда салынатын шаңғы курорты жобасының қоршаған ортаға әсеріне қатысты биыл мамырда өткен тыңдаудың нәтижесін сот арқылы жарамсыз танытуға күш салмақ.
Белсенділердің пікірінше, курорттың қоршаған ортаға әсері бойынша тыңдау өткізу кезінде ережелер бұзылған. Құрылысқа қарсы белсенділер тыңдау нәтижесіне соттан тыс тәртіпте шағым түсірмек болған, бірақ Алматы әкімдігіне қарасты экология басқармасы тыңдауды жарамсыз тану және жаңасын тағайындау жөнінде өкілеті жоғын айтқан.

"Сол себепті әкімшілік сотқа Көкжайлау бойынша және Көкжайлаудағы жолға қатысты тыңдау нәтижесін жарамсыз тану туралы шағым түсіреміз" деді экология құқығы бойынша заңгер Вадим Ни.
🔥15❤5🤔1
"Тақырыпты жабайық". Пашинян мен Путин неге сөз таластырды?
Армения премьер-министрі Никол Пашинян мен Ресей президенті Владимир Путин Ереванның Еуропа одағына мүше болу я Еуразия экономика одағында қалу мәселесі бойынша сөз таластырып қалды.
▪️Путин: Ең негізгі мәселе бойынша сізбен келіспеймін. Сіз [Еуразия экономика одағынан] шығамыз деп айтқан жоқпын дедіңіз. Басқа экономикалық одаққа кіру процедурасын бастау туралы заңын қабылдау іс жүзінде біздің одақтан шығу дегенді білдіреді. Анда да, мында да жүруге болмайды. Мәселе – осында. Ендеше біз осыны қазір асықпай талқылайық.
▪️Пашинян: Иә, мен жария түрде «уақыты келгенде нақты таңдау жасауымыз керек» деп айтып жүрмін. Қазіргі біздің позициямыз: қазір уақыт келген жоқ. Бізге қазір керек емес. Себебі бізде қазір альтернатива жоқ. Бұл альтернатива пайда болған жоқ. Егер пайда болса, сол кезде, әрине, референдуммен не референдумсыз таңдау жасаймыз. Мұндай нұсқа да бар. Сізбен бұл тақырыпты қуана жалғастырып, барлық сұрағыңызға жауап беремін.
▪️Путин: Халықта ылғи таңдау болу керек дегенмен келісемін. Соны жасаңыздар, солай тақырыпты жабайық. Сонымен болды. Ең оңай жолы адамдардан "не қалайсыздар? Былай не былай?" деп сұраңыздар. Сонымен болды. Жақсы, түсінікті, тағы сөйлесеміз.
🔹Армения мен Ресейдің арасы қалай суыды?
Мамырда Ереванда Еуропа одағының саммиті өткен соң Армения мен Ресейдің арасы суыды. Ал биыл Армения парламенті ЕО-ға мүше болу процесін бастау туралы заң қабылдаған еді.
Негізі Армения 2015 жылдан бері Еуразия экономика одағына мүше. Мамырда ЕАЭО-ға мүше Ресей, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан президенттері Армения қай одақта болатынын референдум арқылы шешуі керек деген. Пашинян уақыты келгенде шешім қабылдаймыз деп бірнеше рет айтқан еді.

🔥20❤2🤔2
▪️Путин шабуылға ұшыраған мұнай зауыттары "жақында жөнделеді" дейді
Ресей президенті Владимир Путин Украина шабуылдарынан қираған мұнай зауыттары жақында толық жөнделеді деп мәлімдеді.
"Жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Кеше [2 қыркүйекте] энергетика министрі зауыттардың ішінде жөнделмеген 10 пайызы ғана қалғанын айтты" деді ол 3 қыркүйекте Владивостокта өтіп жатқан Шығыс экономика форумында.
Путин форумда мұнай зауыттарына шабуылды күтпегенін мойындады.
"Біз бұл азаматтық нысандар қарулы қақтығыс кезінде де шабуылға ұшырайды деп ойлған жоқпыз. Өкінішке қарай біз қателесіппіз. Біздің қарсыласымыз басқаша ойлайды екен, олар бұл азаматтық нысандарға соққы жасай бастады" деді ол.
🔹Ресейдің мұнай зауыттарына шабуыл. Не белгілі?
Украина бірнеше айдан бері Ресейдің ірі мұнай зауыттарына дрондармен соққы жасап, соның салдарынан бұл елде жанармай тапшылығы басталған. Бензин дағдарысы тұсында Ресей Қазақстаннан жанармай сұрағаны айтылған.
Reuters агенттігі дереккөздеріне сілтеп Мәскеу облысындағы ірі мұнай өңдеу зауыты 2026 жылдың соңына дейін істен шыққанын жазған.
Украина Ресейдің мұнай зауыттарын әскери нысан деп таныған. Киев Ресей мұнай зауыттарында өндірген жанар-жағармайды әскеріне, әскери мақсаттарға қолданып жатыр дейді.

🤣27💩12❤2🖕2💯1
Вадим Борейко “Гиперборей” YouTube-арнасының жұмысын тоқтатты
Қазақстандық журналист Вадим Борейко ұзақ демалысқа кететінін мәлімдеп, “Гиперборей” YouTube-арнасының жұмысын уақытша тоқтататынын мәлімдеді.
Журналистің сөзінше, тамызда ашылғанына 7 жыл болған арнаның жұмысы барысында бірде-бір рет толымды демалыс алмаған.
Оның сөзінше, қайырымдылық мақсатында ақша жинау ғана тоқтамайды.
Бұған дейін "Etude-Ybyrai" компаниясы журналист жариялаған материалдар "іскерлік беделге нұқсан келтірді" және "жалған ақпарат таратты" деп сотқа жүгінген. Борейко өзіне тағылған айыптарға нақты айғақ-дәлелдер жоғын айтқан.
Вадим Борейко Қазақстан билігі туралы сыни хабар шығаратын тәуелсіз журналист ретінде танылған. Биыл ақпанда оның әлдекімдер оның Facebook пен Instagram-дағы аккаунттарын бұзған. Журналистикада 40 жылдан астам уақыт еңбек етіп жүрген Борейко 2000 жылдары "Время", Forbes.kz, Ratel.kz басылымдарында жұмыс істеп, одан кейін YouTube платформасында "Гиперборей" арнасын ашқан.

“Тек шаршап қана қоймай, үй шаруалары да жиналып қалды. Сондықтан ұзақ демалысқа кетемін. Ешқайда кетпеймін, Алматыда қаламын: құрылыс компаниясының маған қатысты шағымы бойынша азаматтық сот аяқталған жоқ. Гиперборей арнасындағы хабар әзірге, тоқтады. Biz Birgemiz бағдарламасының жазылушылары бойынша да видеолар, қыркүйекте оған үш жыл толады, тоқтайды. Жазушыларымнан сол үшін кешірім сұраймын” деп жазды Борейко.
Оның сөзінше, қайырымдылық мақсатында ақша жинау ғана тоқтамайды.
Бұған дейін "Etude-Ybyrai" компаниясы журналист жариялаған материалдар "іскерлік беделге нұқсан келтірді" және "жалған ақпарат таратты" деп сотқа жүгінген. Борейко өзіне тағылған айыптарға нақты айғақ-дәлелдер жоғын айтқан.
Вадим Борейко Қазақстан билігі туралы сыни хабар шығаратын тәуелсіз журналист ретінде танылған. Биыл ақпанда оның әлдекімдер оның Facebook пен Instagram-дағы аккаунттарын бұзған. Журналистикада 40 жылдан астам уақыт еңбек етіп жүрген Борейко 2000 жылдары "Время", Forbes.kz, Ratel.kz басылымдарында жұмыс істеп, одан кейін YouTube платформасында "Гиперборей" арнасын ашқан.
😢15❤10👎2🤡2🕊1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
3 қыркүйекте Атырауда полиция журналист Олеся Вертинскаяны ұстап, күштеп бөлімшеге жеткізген. Әлеуметтік желіде жарияланған видеода полиция қызметкерлерінің оны тартқылап, кішкентай баласынан айырып, көлікке мәжбүрлеп отырғызғаны көрінеді.
“Ұсталмай тұрып, ол видео жариялады. Онда өзіне қарсы іс ойдан құрастырылғанын егжей-тегжейлі баяндайды. Бұл арандату. Олеся бір адамды қағып кеткен-мыс. Оның көлігі тұрды, ал ер адам барынша өзін “қақты” деп көрсетуге тырысып бақты. Оны ұстау кезінде адвокаты болмады” деп жазды журналист Динара Егеубаева.
Ізінше атыраулық пабликтер жергілікті полицияның түсініктемесін жариялады. Атырау полиция департаментінің хабарлауынша, Вертинская қылмыстық іс бойынша жауап беруге бірнеше рет шақырылған, алайда ведомствоның хабарлауынша, журналист бөлімшеге бармаған. Сол себепті оны күштеп жеткізу туралы қаулы шығарылған. Полицияның хабарлауынша, қаулымен таныстыру мен оны орындау кезінде ол “полицияның заңды талабына бағынбаған”.
Желіде кейбір қолданушылар полицияның әрекетіне наразы болып, “неге оны қылмыскер сияқты ұстайды? Бала бетонға құласа не болады?...” деп жазды.
Видео: Лугзана Байлауова

😱26👎10❤8🤬5
Шыңғыс Әрінов Алматы облысының әкімі қызметіне тағайындалды. Бұған дейін облысты Алматы облысы Марат Сұлтанғазиев басқарған. Ол бүгін президенттің жарлығымен қызметінен босатылды.
Шыңғыс Әрінов 2024 жылдың ақпанынан бері төтенше жағдай министрі болған. Оған дейін мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болды.

🤮10👍6🤔6💩1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қоғам назарын аударып тұрған депутат Дана Медеуова кім? Бұған дейін немен айналысты? Қандай кәсібі болды?
🤬14🔥8🤮4👎2😁1
Белсенді Әлнұр Ілияшевтің үйінде тінту болды
Белсенді Әлнұр Ілияшевтің бауыры Қанат Ілияшев жұма күні таңертең Әлнұр Ілияшевтің үйіне арнайы жасақ басып кіріп, тінту жүргізгенін хабарлады. Бұл жөнінде "Власть" басылымы жазды.
Аталған тінту қандай да бір қылмыстық іс аясында ма, жоқ па, белгісіз. Полициядағылар Әлнұр Ілияшевтің өзін тергеуге әкететінін айтқан.
Полиция әзірге, түсініктеме бермеді.

"6:37 шамасында әкем хабарласып, Әлнұрға арнайы жасақ келгенін айтты. Барған кезде полицияның арнайы көлігі жоғын көрдім, подъезде жәдел мамандар жүрді, біреуі әлдекіммен сөйлесіп жатыр: "бәрі тап-тұйнақтай жасалады" деп айтты" деді ол басылымға.

🤬13👏1