Azattyq - Азаттық
✔
10.8K subscribers
11.7K photos
4.52K videos
19 files
24.8K links
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
Download Telegram
Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымы: Орталық Азия мұздықтарынан айырылып жатыр

Орталық Азияда су қоры мен мұздықтар шоғыры қысқарып жатыр. Дүниежүзілік метеорология ұйымының зерттеушілері осындай қорытынды жасап отыр.

Сарапшылар кейінгі бес жылдағы көрсеткіштерді зерттеп, 1991-2020 жыл аралығындағы деректермен салыстырған. Ғалымдардың бағалауынша, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Ауғанстандағы су қоймаларына баратын су ағысы айтарлықтай азайған.

Орталық Азия әлемде өзен ағысы қалыпты деңгейден төмен немесе айтарлықтай төмен елдердің қатарына кіреді. Әсіресе, аймақтағы ірі өзендер - Әмудария мен Сырдария құятын Арал теңізі бассейніндегі жағдай өте күрделі.

Мұздықтардың жағдайы ерекше алаңдатады. Ғалымдар Орталық Азия тауларында мұз жиналғаннан гөрі тез еріп жатқанын айтады. Бұл тұрғыда аймақ мұздықтарын тез жоғалтып жатқан алғашқы үш аймақтың қатарына кіреді.

2023-2025 жылдары әлемде мұздықтар еріп, шамамен 1400 гигатонна суға айналған. Кейінгі бес жылда теңіз деңгейінен жоғары мұздықтардың 6,2 пайызы еріп кеткен. Ал Орталық Азияда өзендердің жартысынан көбі қар-мұздан қорек алады.
😢25🔥4👎1
АҚШ президенті Ресейге санкция салу туралы заң жобасына қол қойды

АҚШ президенті Дональд Трамп 18 қыркүйекте бұған дейін Конгресс қабылдаған Ресейге қарсы санкция салу туралы заңға қол қойды. Құжат жоба авторларының бірі шілдеде қайтыс болған Линдси Грэмнің атымен аталады.

Ақ үйдің хабарламасында құжат Ресейге қарсы санкция мен шектеулерді, салықты көбейтетіні жазылған, сонымен бірге Иранға қарсы осыған дейін қабылданған шектеуді ұзартады. Заңға қол қойылғаны күшіне енгенін білдіреді. Трамп оған түсініктеме берген жоқ.

Заң жобасы президентке Ресей басшылығына, ірі кәсіпкерлерге, отын-энергетика саласындағы компанияларға, банктерге, “тасадағы флотқа” санкция салу мен күшейту бойынша көп өкілет береді. Президент Ресей мұнайының ірі импорттаушыларының, арасында Қытай мен Үндістан да бар, тауарларына 100 пайызға дейін тариф енгізу құқығына ие болды. Бірақ президент ол өкілетті пайдаланбауы да мүмкін, ал егер санкция заңда жазылса, онда оған түзету енгізе алады.

Қазақстан Американың жаңа санкциясына енген жоқ: оны тізімге тіке енгізу туралы ұсыныс қабылданған жоқ, алайда қабылданған заң белгілі бір критерийлерге сәйкес келетін елдердің тауарына 100 пайыз тариф енгізуге жол ашады. Шектеулер жарты жыл сайын жаңарып отырады.

Кейбір қазақстандық сарапшылар Қазақстан оған енген күннің өзінде елдің АҚШ-қа экспорттайтын тауары өте аз және әдетте, санкцияға ілінбейтін шикізат түрлерін экспорттағандықтан оның әсері аз болады деп санайды.

Батыс елдері Ресейге “санкцияны айналып өтуіне көмектескен” бірқатар қазақстандық компанияны “қара тізімге” енгізген. Ресми Астана Қазақстан өз аумағын санкцияны айналып өтуге жол бермейді деп жоққа шығарған, санкция шектеулерін сақтайтынын мәлімдеген.
👍26🔥6😁3🤡2🤨1
📹 Өзбек ауылы сусыз қалды. Онда қытай компаниясы жұмыс істейді

Ондаған жыл бойы жер астынан өздігінен шығып жатқан суды Өзбекстанның Ташкент облысы Бекабад ауданындағы бірнеше махалла тұрғыны енді екі-үш шақырым жерден тасып ішіп жүр. Жергілікті тұрғындар судың жоғалуын қытайлық «Джингу» компаниясының мақта алқаптарындағы терең ұңғымалармен байланыстырады. Олардың айтуынша, компания егістікті суару үшін жерасты суын тарта бастағаннан кейін ауылдардағы артезиан су көздері тартыла бастаған.

Толығырақ көріңіз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬14😱4
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Еурокомиссия төрайы Урсула фон дер Ляйен Канадаға «серіктес мүше» болуды ұсынды. Бұл ұсыныстың астарында не жатыр? Екі тараптың жақындауына не себеп болды? Түсіндірейік.
👍24👏5🤬2🔥1
Желіде Иаков Воронцовтың хаты тарады: автор өзіне қысым болғанын мәлімдеді

Құқық қорғаушылар мен журналистер жуырда соты басталған, қазір тергеу изоляторында отырған Орыс православ шіркеуінің бұрынғы діни қызметкері Иаков Воронцовтың хатын жариялады. Хатта автор аштық жариялағаннан кейін тергеу изоляторы әкімшілігінің "бір адамдық камераға ауыстырамыз деп қорқытып, өзіне қысым жасағанын" айтады.

Адвокат Ғалым Нұрпейісов 19 қыркүйекте Азаттыққа хат жөнінде "жазуы Иаков Воронцовтыкына ұқсайды" деді. Оның сөзінше, Воронцов "сулы аштықты" жалғастырып жатыр. Келесі аптада оған кіріп шықпақ.

Азаттық бұрынғы діни қызметкер отырған тергеу изоляторы әкімшілігінен жауап ала алмады.
🤬19🤣2🤪2😁1
БАҚ: Ресейде қысқарту тұсында шенеуніктер өздерін соғысқа жібере ме деп қауіптенеді

Мобилизация туралы сыбыс тараған шақта Ресейде шенеуніктер шетел банктерінен шот ашып, активтерін шетелге шығарып, туыстары мен достарын елден кетуге үгіттеп жатыр. 18 қыркүйекте өзінде бар құжаттарға сүйенген Bloomberg басылымы осылай деп жазды.

Бұған қоса, президент Владимир Путиннің бастамасымен аймақтарда штаттағы мемлекеттік қызметкерлерді қысқарту шенеуніктер арасында қысқаруға ілінгендерді майданға аттандыра ма деген қауіпті ұлғайтқан. Мұны да ақпарат агенттігі құжаттарға сүйеніп жазады.

Кейінгі айларда Ресейде мобилизация болатыны жайлы сыбыс үдеген шақта көрші елдерге ресейліктердің көптеп кетіп жатқаны туралы ақпарат шыққан. Тамыз айында Ереван "әскерден жалтарған ресейліктерді қабылдауға әзірміз" деп мәлімдегеннен кейін Ресей Арменияны "арандату сипатындағы мәлімдеме жасады" деп айыптаған.
👍9🔥7😁6🤬3🤣3
АҚШ пен Дания Гренландия мәселесі бойынша келісімге келді

АҚШ, Дания және Гренландия билігі – Дат корольдығының автономды бөлігі – 18 қыркүйекте аралдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша келісімге келгенін мәлімдеді.

Келісім туралы алғашқылардың бірі болып АҚШ президенті Дональд Трамп хабарлады. АҚШ Гренландияның "қауіпсіздігі мен өзге де қажеттіліктерін тұрақты қадағалайды" деді ол.

Трамптың сөзінше, келісімнің мерзімі жоқ және АҚШ өз аумағында АҚШ және Гренландияның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қажет барлық шараны жасауға құқылы болмақ. Трамптың айтуынша, АҚШ-тың қарсыластары Вашингтонның рұқсатынсыз Гренландияға әскерін әкеле алмайды немесе инвестиция құя алмайды. Трамптың сөзінше, АҚШ аралдағы әскерін дереу күшейте бастайды.

Дания мен Гренландия үкіметтері келісімді растап, құжатқа келесі аптада БҰҰ-ның Бас ассамблеясының сессиясында қол қойылатынын айтты. Данияның премьер-министрі Метте Фредериксен келісім жалпы қауіпсіздікті нығайтып, НАТО мен Еуропаның да мүдделеріне қызмет етеді деді. Келісім Данияның егемендігі мен Гренландия халқының өзін анықтау құқығын мойындайды.
❤13💩4🤔2
Тоқаев ғимараттардың қабырғасына граффити салатындарға қатаң шара қолдануды тапсырды

“Еліміздің қалаларында бұған жол бермеу керек, сондай-ақ әлемде вандализм мен бұзақылықтың сорақы көрінісі саналатын, қоғамдық орындарды бүлдіретін «шығармашылықтың» мұндай түріне толық тыйым салатын заңдық-нормативтік шаралар қабылдаған жөн” деді мемлекет басшысы.

Оның сөзінен Ақорда үзінді келтіреді. Ол Астана әкімі Жеңіс Қасымбекке де осындай тапсырма берді.

Қазақстанда граффити салынған ғимараттар көп, кейде суретшілер сол арқылы қоғамдық-саяси мәселелерге де үн қосып жатады. Көп жағдайда мұндай граффитилер өшіріледі.

Сурет: Теміртау ауасының ластығы туралы граффити
💩23🤔7🤡5🤮4🖕2🙈2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Украин дрондары Дағыстандағы Каспийск портына шабуылдады

Ресей және украин телеграм-арналары 19 қыркүйекке қараған түні куәгерлердің видеоларына сүйене отырып, Дағыстандағы Каспийск порты аумағында жарылыс болғанын хабарлады. Украинаның мониторингтік Exilenova+ және "Крымский ветер" арналары куәгерлердің жарылыс туралы видеоларын жариялап жатыр.

Жергілікті билік соққы мен оның салдары жөнінде хабарламады. Украина билігі әзірге соққыға түсініктеме берген жоқ. Каспийск портына бұған дейін де шабуыл жасалған еді.

Сенбіге қараған түні украин дрондары Ресейдің Курск облысындағы Дмитриев қаласына да шабуылдады. Ол жөнінде аймақтың губернаторы Александр Хинштейн айтты. Оның сөзінше, шабуылдың салдарынан бірнеше көп қабатты тұрғын үй бүлінген, пәтерлердің терезелері сынған. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

Ресей қорғаныс министрлігі сенбі күні таңертең 334 украин дроны құлатылғанын хабарлады. Хабарламада Дағыстан да айтылады.
Каспийскіде Ресей флотилиясының әскери-теңіз базасы шоғырланған. Қала Махачқаладан шамамен 20 шақырым жерде Каспий жағалауында орналасқан.
👍27🔥7❤4
Эд Ширан рэпер Маклемормен дауға түсініктеме берді

Британ әншісі Эд Ширан Палестинаны қолдағаны үшін гастрольдік сапардан шеттетілген америкалық рэпер Маклемор төңірегіндегі дау жөнінде алғаш рет түсініктеме берді. Нью-Джерсидегі алғашқы концерт кезінде рэпер “Палестинаға бостандық!” деп айқайлаған еді.

“Ешқашан музыкант-белсенді болғым келмеді, бірақ осы оқиға мені сөз бостандығы мен әлемдегі күрделі саяси мәселе төңірегіндегі ең маңызды әрі өткір дауға қалдырды” деді Ширан.

Ол сонымен бірге “күрделі шешім” қабылдағанда “қателік” жібергенін мойындады. Әншінің сөзінше, Маклеморды концерттен шеттету туралы шешімді өзі емес, ұйымдастырушылар қабылдаған.

Филадельфиядағы концертте Ширан қосымша әншілерсіз өнер көрсетті. Олар Маклеморды қолдап, сапарға қатысудан бас тартты.

Ширанның сапары аясында Солтүстік және Оңтүстік Америкада концерттер жоспарланған. Әншінің алдыңғы концерттері ең көп ақша тапқан концерттерінің бірі болған. Алайда Филадельфиядағы концертте билеттер 32 долларға дейін түсіп кеткен.
🔥10❤6
Велоспортшы Рината Сұлтанова 20-жазғы Азия ойындарында алтын медаль алды

“Қазақстандық спортшы жекелей уақытқа жарыста жеңімпаз атанып, ұлттық құрама қоржынына осы Азия ойындарындағы алғашқы алтын медальді салды” деп хабарлады Қазақстан туризм және спорт министрлігі.

Қазақстандық велоспортшы жарыс жолын 36:23.72 уақытта аяқтап, қарсыластарынан басым түсті. Екінші орынды – қытайлық спортшы (36:28.40), үшінші орынды Оңтүстік Корея спортшысы (36:56.14) иеленді.

Рината Сұлтанова осымен Азия ойындарына екінші рет қатысып отыр. Ханчжоудағы алдыңғы ойындарда ол қола медалін алған.

Құрлық олимпиадасы саналатын додаға Қазақстаннан 550-ден аса спортшы қатысып жатыр.
🔥19👏14❤1👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Украина әскері Мәскеу облысы мен Мәскеудегі мұнай өңдеу зауытына шабуылдады

Украина дрондары 20 қыркүйекке қараған түні Мәскеу мен Мәскеу облысына шабуылдады. Мәскеудің оңтүстік-шығысындағы Капотня мұнай өңдеу зауытына да соққы жасалды. Қала мэрі Сергей Собянин шабуылды соғыс басталғалы бергі "ең ірі шабуыл" деп атады. Оның сөзінше, Мәскеу маңы мен қала төбесінде шамамен 1600 дрон атып түсірілді.
👍44🔥8🍾7❤1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
19 қыркүйекте Алматыда жолаушылар автобусы мен Toyota Highlander көлігі соқтығысып, 9 адам зардап шекті. Полицияның хабарлауынша, жол апаты Төле би мен Жұмалиев көшелері қиылысында болған.

Полиция таратқан видеода автобустың көлікке соқтығысқаны көрінеді. Алдын ала мәлімет бойынша, автобус қызыл жанғанда өтіп кеткен болуы мүмкін. Полиция сараптама тағайындалғанын хабарлады.
😱22😁1
⚡Қазақстан Азиаданың алғашқы күні төрт алтын алды

Жапонияның Аичи және Нагоя қаласында басталған Азия ойындарының алғашқы жарыс күні Қазақстан бірден төрт алтын медаль иеленді.

🥇Велоспорттан тасжолдағы жекелей уақытпен жарысуда Алексей Луценко ерлер арасында, Рината Сұлтанова әйелдер арасында Азиада чемпионы атанды.

🥇Каратэнің кумите түрінен Жоламан Биғабыл (55 келі) финалда Хумоюнмирзо Халимовты жеңіп, алтын иеленді. Ал әйелдер арасында 68 келіде Софья Берульцева финалда таиландық Маниван Бутсуванды жеңіп, чемпион атанды.

🥉Бұған қоса, қазіргі бессайыстан Қазақстан құрамасы қола медаль иеленді. Ал триатлоннан ерлер арасында Арлан Жанабай үшінші орын алды.

Осылайша Қазақстан Азиаданың алғашқы күні 4 алтын, 2 қоламен жалпы есепте Қытай, Жапония, Оңтүстік Кореядан кейін төртінші орында келеді.

🔹Луценко мен Берульцеваның жеңісі

Велоспортшы Луценко Азия ойындарында осымен бесінші рет чемпион атанып отыр. Ол 2018 және 2022 жылғы Азиадада екі-екі алтыннан иеленген. Ол алдағы күндері топтық жарысқа да қатысады.

Каратэден Токио-2020 олимпиадасының қола жүлдегері София Берульцева Азия ойындарының екі дүркін чемпионы атанды.
🔥13👍8❤5
Ресей әділет министрлігі блогер Ержан Тұрғымбайды "шетел агенті" деп таныды. Шетелде тұратын қазақстандық блогер ресейлік ведомствоның реестрінде осы апта соңында пайда болды.

Ведомствоның түсіндіруінше, блогер "Ресей Федерациясының территориялық тұтастығын бұзуға шақырған", "Ресей билігінің шешімі мен саясаты туралы, сонымен бірге Орыс православ шіркеуі туралы жалған ақпарат таратқан". Бұған қоса, Тұрғымбай Украинадағы "арнайы әскери операцияға" (Ресей билігі Украинадағы соғысты осылай деп атайды – ред.) қарсы шығып, Ресей аумағында "жағымсыз" деп танылған "шетел агенттерінің" хабарламаларын таратуға қатысқан.

Блогердің өзі әзірге ақпаратқа реакция білдірмеді.

Блогердің сөзіне сүйенген ақпарат құралдарының жазуынша, Тұрғымбай Астанада тұрып, бизнеспен айналысқан, аймақтық телеарнаға да жетекшілік еткен. 2017 жылы бизнесін жауып, оппозицияға қосылуды жөн тапқан. Кейбір мәліметке қарағанда, қазір Италияда тұрады.
😁22🤬6🤡5🤣2🍌2👎1
Украина қарулы күштері Донецк облысында үш елді мекенді азат еткенін хабарлады

Украина қарулы күштері үшінші армия корпусының қолбасшысы Андрей Билецкий украин әскері Донецк облысы Лиман ауданында үш елді мекенді азат еткенін хабарлады. Бұл ауданда “Вивальди” қайта шабуыл операциясы жүргізіліп жатыр.

Билецкийдің жазуынша, үшінші корпус Шандриголово, Дерилово және Дробышевті азат еткен. Бұл елді мекендер Лиман мен Святогорск арасында Нитриус өзеніне жақын жерде орналасқан. Ресей әскері осы бағытқа жылжуға тырысқан. Кейінгі апталарда Украина қарулы күштері Лиман төңірегінде қайта шабуылға шыққанын хабарлаған. Билецкийдің сөзінше, “Вивальди” операциясы аясында украин әскері 125 шақырым аумақты қайтарған.
👏33👍17🔥6❤3🍾3🥰1
🇺🇦🇺🇸 Зеленский Трамппен Нью-Йоркте кездесуге уағдаласқанын айтты

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президенті Дональд Трамппен телефонмен сөйлескенін хабарлады.

"Маңызды әңгіме болды, біз көптеген тақырыпты талқыладық", – деп жазды ол Х әлеуметтік желісіндегі ресми парағына. Оның сөзінше, екі президент Нью-Йоркте жеке кездесуге уағдаласқан. "Бұл кездесу көп нәрсені өзгерте алады" деді Украина президенті.

"Бізде шиеленісті азайту және негізгі қауіпсіздік мәселелері: энергетикалық қауіпсіздік, азық-түлік қауіпсіздігі және адамдар өмірін қорғау бойынша идеялар бар. Біз америкалық командамен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз және шынымен де маңызды қадамдар жасауға дайынбыз", – деп жазды Зеленский.


Ол сондай-ақ президент Трампқа Ресейге қарсы санкция салу туралы "Линдси Грэм заң жобасына" қол қойғаны үшін алғыс айтты.

Украина президентінің постында Трамппен кездесуі нақты қашан өтетіні жазылмаған.

АҚШ президенті 22 қыркүйекте Нью-Йоркте өтетін БҰҰ Бас Ассамблеясында сөз сөйлемек және сол күні бірқатар екіжақты кездесу өткізеді деп жоспарланған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍19❤6
🇷🇺 Экзит-полл: Ресей мемлекеттік думасына билікшіл бес партия өтіп тұр

18-20 қыркүйек аралығында Ресейде мемлекеттік дума депутаттарын сайлауға дауыс беру өтті, бірқатар шекаралас аймақтарда мерзімінен бұрын дауыс беруге рұқсат берілді. Мемлекеттік дума сайлауымен қатар көптеген аймақта жергілікті сайлаулар да өтті.

Орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметі бойынша, дауыс беруге сайлаушылардың 56,66% қатысқан. ОСК төрайымы Элла Памфилова бюллетеньдердің 13,9% саналғаннан кейін алынған алғашқы деректерді жариялады:

"Единая Россия" – 57,54%;
КПРФ – 13,67%;
ЛДПР – 9,2%;
"Новые люди" – 7,96%;
"Справедливая Россия" – 5,16% дауыс алған.

Тағы бес партия 5 пайыздық межеден аспағандықтан мемлекеттік думаға өтпейді.

Ресейдің 69 аймағындағы 1755 сайлау учаскесінде экзит-полл жүргізген ВЦИОМ ұйымының қорытындысы бойынша:

"Единая Россия" – 49,4%;
КПРФ – 14,2%;
ЛДПР – 10,7%;
"Новые люди" – 9,7%;
"Справедливая Россия" – 6,6% дауыс жинаған.

ВЦИОМ сауалнамасына қатысқандардың 1,5 пайызы сайлау бюллетенін бүлдіргенін айтқан.

ОСК 3 миллионнан астам адам электронды дауыс беруді таңдағанын хабарлады. Оның ресми деректеріне сәйкес, "Единая Россия" 50 пайыздан сәл аз дауыс жинаған. 15 пайыздан артық дауыс алған "Новые люди" екінші орында тұр.

Украинадағы соғысты тоқтатуды және саяси тұтқындарды босатуды ашық талап еткен жалғыз саяси ұйым – "Яблоко" партиясы бұл сайлаудан шеттетілді. Ресейдің Жоғарғы соты "авторлық құқықты бұзды" және "шетелден қаржыландырылды" деген айыптаулар бойынша "Яблоко" партиясының сайлау тізімін тіркеу туралы шешімнің күшін жойған. Бұған қоса Ресей соттары бір мандатты сайлау округтерінен түскен "Яблоко" партиясының кандидаттарының үштен бір бөлігін сайлаудан шеттетті.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤡22💩12❤1😁1🤮1
❓ Кіші Трамптың үйлену тойынан соң аста-төк кеш өткізген адам кім?

Тегі тәжік әрі Кремльмен байланысы бар Умар Кремлев 2020 жылдан бері басынан дау арылмаған Халықаралық бокс федерациясын басқарып келеді. Ол АҚШ президенті Дональд Трамптың үлкен ұлымен қашан, қандай жағдайда достасты? Трамптың өзі ол туралы не ойлайды? Азаттықтан оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬15
🇰🇿🇷🇺 Тоқаев Путинді Ресей Мемлекеттік дума сайлауы өтуімен құттықтады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинді тоғызыншы шақырылымдағы Ресей мемлекеттік думасы сайлауы табысты өтуімен құттықтап жеделхат жолдаған. 21 қыркүйек таңертең Ақорданың баспасөз қызметі жариялаған ақпаратта Тоқаев Ресейдегі сайлауды сол елдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиға деп атаған.

Қазақстан президенті "дауыс беру нәтижесі Ресейдің ұзақмерзімді мүддесін қорғауға бағытталған Владимир Путиннің стратегиялық бағдарын халық кеңінен қолдайтынына айқын дәлел болғанын" айтқан.

"Сайланған Мемлекеттік дума депутаттары азаматтардың әл-ауқатын көтеру және Ресейдің әлемдік держава ретіндегі әлеуетін нығайту мақсатында тиімді шаралар мен шешімдер қабылдайтынына күмән жоқ", – деген Тоқаев құттықтау хатында.


Ресейде 18-20 қыркүйек аралығында Мемлекеттік дума депутаттарын сайлауға дауыс беру өтті. Ресей 2022 жылғы 24 ақпанда Украинаға қарсы кең көлемді басқыншылық соғыс ашқалы бері алғаш рет өтіп отырған бұл сайлауға тек билікшіл партиялар ғана қатысты.

Украинадағы соғысты тоқтатуды және саяси тұтқындарды босатуды ашық талап еткен жалғыз саяси партия – "Яблоко" бұл сайлаудан шеттетілді.

Ресей Орталық сайлау комиссиясы дауыс берудің алдын ала қорытындысын 21 қыркүйекте жариялауға тиіс.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤮30🤬8💩5🤡3😭2❤1👍1