This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Америкалық рэпер Маклемордың Палестинаны қолдап айтқан сөздерінен кейін әнші Эд Ширанның АҚШ-тағы концерттік туры дауға ұласты. Рэпер турдан шығарылған соң, Ширанмен бірге өнер көрсететін бірнеше музыкант та концерттерге қатысудан бас тартты. Оқиға қалай өрбіді?
🤬16🔥10👏4
▶️ Халық кеңесіне қанша қаржы бөлінеді?
Жаңадан құрылатын Халық кеңесінің жұмысына жылына бюджеттен 1,7 млрд теңге бөлінбек. Бұл туралы қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы айтты.
Вице-министрдің айтуынша, 1,7 млрд теңгеге Халық кеңесінің мүшелерінің жалақысы, жұмыс ұйымдастыру, іссапарлар мен іс-шаралардың шығыны, қоғамдық тыңдау шығындары кіреді.
Бейсенбекұлы Халық кеңесі мүшелері қанша жалақы алатынын ашып айтпады.
🔹Халық кеңесі қандай орган болады?
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Халық кеңесін билік пен халық арасында диалог орнататын консультативті орган ретінде құрған. Кеңестің 126 мүшесі болады. Олардың бәрін президент тағайындайды. Бұл орган Құрылтайға заң жобаларын енгізе алады әрі референдум тағайындау туралы бастама көтереді.
Саясаттанушы Димаш Әлжанов "Халық кеңесі президентті қолдайтын құрылым болады. Қоғам аса сезімтал қабылдайтын саяси мәселелер, мәселен, өкілетті ұзарту немесе өзге де даулы, өткір тақырыптарды көтеру қажет болса, соларды президенттің атынан қозғайтын бастамашыл құрылым пайда болады" деген еді.
🔹Құрылтай қаржысы айтылмады
Бұған дейін қазақстандық naryk.kz басылымы 2027-2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасына сүйеніп, Құрылтайдың қызметіне 2027 жылы 22,53 млрд теңге қарастырылғанын жазған.
Бірақ Құрылтайдың қызметін шаруашылық қамтамасыз ету департаменті Азаттыққа "Құрылтай депутаттарының жалақысы мен олардың қызметіне бөлінетін қаржы туралы мәлімет таратылуы шектеулі ақпарат болғандықтан жария етуге жатпайды" деп мәлімдеген.

🤮12🤬7❤3🤯2😁1💩1
Azattyq - Азаттық
Бәтиқа Біләш екі айға қамауға алынды Ақпаратты адвокаты Шынқуат Байжанов хабарлады. Шілде айының басында сот оның денсаулық жағдайы мен кәмелетке толмаған баласы барын, бұған қоса, істің ауыр еместігін ескеріп, оны үйқамаққа жіберген еді. Алайда адвокатының…
Бәтиқа Біләштің қамау мерзімі тағы бір айға ұзартылды
Бұл жөнінде адвокаты Шынқуат Байжанов хабарлады. Оның сөзінше, сот 9 қыркүйекте өткен. Адвокаттың айтуынша, Бәтиқа Біләш қазір Талдықорған изоляторында отыр.
Бұған дейін желіде "Бәтиқа Біләш жазды" деген хат тараған еді. Онда хат авторы өзін адвокат Шынқуат Байжановтан бас тартуға мәжбүрлегенін, "бала-шағасын айтып, қинағанын" жеткізеді. Азаттық хаттың мазмұнын тәуелсіз дереккөздер арқылы тексере алмады.
Адвокат Шынқуат Байжанов Азаттыққа осыған орай облыстық прокуратура мен сотқа арыз түсіргенін айтады.
"Осы жағдайды жан-жақты тексеруіңізді сұраймыз. Шын болса, тергеушіні де тиісті жауапкершілікке тартыңыз деп жаздым" дейді адвокат. Ол "хат" жазылғалы бері Бәтиқа Біләшқа кірмеген, бірақ "адвокаттан бас тартуына байланысты" өзін кіргізбей қоюы мүмкін екенін де жеткізеді.
Азаттық әзірге тергеу органдарынан бұл ақпаратқа түсініктеме ала алмады.
Бәтиқа Біләш – АҚШ-та тұратын Шыңжаңдағы қуғын жөнінде айтып жүрген белсенді, «Атажұрт» ұйымының алғаш құрушылардың бірі Серікжан Біләштің әпкесі. Ол маусым айында қамалып, үйқамаққа шығып, қайта қамалған еді.
Адвокаттың айтуынша, Бәтиқа Біләштің үстінен 10 шақты адам арыз түсіріп, "алаяқтық" жасады деп айыптаған. Жақтастары Бәтиқа Біләшті Серікжан Біләшқа қысым жасау мақсатында қысып отыр деп санайды.

🤬17🤔4😢1
▶️Экс-депутат Бақытжан Базарбек көлікпен қаққан ер адам ауруханадан шықты
Бұрынғы парламент депутаты Бақытжан Базарбек мінген көлік Жамбыл облысында жол апатына тап болып, салдарынан қатты зардап шеккен 36 жастағы Нұржігіт Қошанов ауруханадан шықты. Бұл туралы экс-депутат Facebook парақшасында жазды.
Базарбек "Қошанов алдағы 15 күн бойы Астанада оңалтудан өтетінін" айтады.
🔹Жол апаты қашан болды?
Жол-көлік оқиғасы 15 тамыз кешке Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданындағы "Батыс Еуропа — Батыс Қытай" автожолында болған. Ақпаратқа қарағанда, бір топ ер азамат тасжолдан автокөлік соғып кеткен сиырды шетке сүйреп шығарып тастауға тырысып жатқан кезде Бақытжан Базарбек мінген жеңіл көлік Қошановты қағып кеткен.
Зардап шеккен ер адам Рысқұлов аудандық орталық ауруханасының жансақтау бөліміне түскен. Сол кезде дәрігерлер оның басына қатты зақым келіп, аяқ-қолы сынғанын, денсаулық жағдайы өте ауыр екенін хабарлаған. Жамбыл облысының полиция департаменті жол-көлік оқиғасына байланысты іс қозғаған еді.
Бақытжан Базарбек "бір ай бойы жол оқиғасынан зардап шеккен Қошанов пен туыстарына қолдау көрсетіп, жандарында болғанын" жазған.

❤15👍6🙏2🤡2
Freedom now: Қазақстан билігі шетелдегі сыншыларының үнін өшіру үшін жосықсыз ұстау әдісіне жүгінеді
Вашингтонда орналасқан Freedom Now үкіметтік емес ұйымы 15 қыркүйекте БҰҰ-ның жосықсыз ұстау жөніндегі жұмыс тобымен біріккен отырыстағы мәлімдемесінде осылай деді. Ол Қазақстанда "Атажұрт" ұйымының негізін қалаушы, шетелде тұратын Серікжан Біләштің туыстарына қысым көрсетіп жатқанын мысалға келтіреді.
Ұйым трансұлттық қудалауға мысал ретінде сонымен бірге Қырғызстандағы белсенді Тілекмат Құдайбергенұлының ісін де келтіреді. Қырғызстан билігін сынаған белсенді елде қудаланғаннан кейін шетелге кеткен. Ізінше Дубайда полиция оны Қырғызстан билігінің өтінішімен ұстаған.
Қазақстан билігі елде саяси қудалау немесе саяси қысым барын жоққа шығарады.

"Мысалы, "Атажұрт" құқық қорғау тобының белсендісі әрі негізін қалаушысы Серікжан Біләш 2020 жылы Қазақстаннан кеткенмен құқық қорғау қызметін шетелде жалғастырып, Қазақстанның Қытаймен дипломатиялық қарым-қатынасын сынап келеді. 2026 жылы маусымда Қазақстан билігі оның әпкесі Бәтиқа Біләшті ұстады, бұл оны құқық қорғау қызметінен бас тартуға мәжбүрлеу үшін сияқты" деп жазды ұйым.
Ұйым трансұлттық қудалауға мысал ретінде сонымен бірге Қырғызстандағы белсенді Тілекмат Құдайбергенұлының ісін де келтіреді. Қырғызстан билігін сынаған белсенді елде қудаланғаннан кейін шетелге кеткен. Ізінше Дубайда полиция оны Қырғызстан билігінің өтінішімен ұстаған.
Қазақстан билігі елде саяси қудалау немесе саяси қысым барын жоққа шығарады.
🤬18💯5❤1
Мансур Мовлаев ауруханада тағы өзіне қол жұмсауға тырысты
Бұл жөнінде Ресейдің соғысқа қарсы комитеті хабарлады. Қазақстан бұған дейін Мовлаевқа босқын мәртебесін беруден бас тартқан. Адвокаттары оны Ресейге экстрадициялауы мүмкін деп қауіптенеді.
15 қыркүйекте өзіне қол жұмсауға тырысқаннан кейін оны ауруханаға жеткізген еді. Екінші талпыныс сол күні болған.

🤬18😱3👍2🔥2
Кремль АҚШ-тың санкциясына реакция білдірді
Кремль Ресейге санкция салу туралы америкалық заң жобасын қадағалап отыр, оның қабылдануы Украинада бейбітшілік орнату бойынша талпынысты қиындата түседі. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың мәлімдемесін “Интерфакс” жариялады.
АҚШ өкілдер палатасы сәрсенбі күні Ресейге экономикалық қысымды айтарлықтай күшейтуге бағытталған санкция мен салық туралы ірі заң жобасын мақұлдады. Құжат президент Дональд Трампқа қол қоюға жіберілді. Құжатты 262 адам қолдап, 159 адам қарсы болды.

“Әрине, құжаттың ілгерілеуін бақылап отырмыз. Бұл достыққа жатпайды және, әрине, АҚШ-тың қосымша санкция салуы Украинада бейбітшілік орнату бойынша талпыныстарды қиындатады” деді Песков.
АҚШ өкілдер палатасы сәрсенбі күні Ресейге экономикалық қысымды айтарлықтай күшейтуге бағытталған санкция мен салық туралы ірі заң жобасын мақұлдады. Құжат президент Дональд Трампқа қол қоюға жіберілді. Құжатты 262 адам қолдап, 159 адам қарсы болды.
🤡20❤6👍3
Ресейде Борис Немцовтың қызына халықаралық іздеу жарияланды
Бұл жөнінде РИА Новости және ТАСС хабарлады. Биыл шілде соңында Мәскеу соты Жанна Немцованы “жағымсыз ұйым ісі” бойынша сырттай қамаған еді.
Соттың баспасөз қызметі нақты қандай ұйымға қатысты айыптағанын айтпады. 2026 жылы қыркүйекте Ресей әділет министрлігі Ресей аумағында “жағымсыз ұйым” деп танылған шетел және халықаралық ұйымдардың тізіміне Демократия және либерал құндылық қорын (Foundation for Democracy and Liberal Values) енгізген еді. Аталған ұйымға Жанна Немцова жетекшілік етеді.
2024 жылы сәуірде Ресейде Немцов қоры (Boris Nemtsov Foundation for Freedom) “жағымсыз ұйым” деп танылды. Қор құрылтайшыларының арасында Жанна Немцова да бар.

🤬15😁1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Бұрынғы діни қызметкер Иаков Воронцовтың ісі жабық қаралады. Ол істі “Ресейдің тапсырысы” дейді
🤬26💯3😢2❤1😁1
Ресей Польшамен шекарадағы “Ягодин” шекара бекеті маңына тағы соққы жасады
Ресей әскері бейсенбі күні Украинаның Польша шекарасына жақын аумағындағы Волын облысына реактивті дронмен шабуылдады. Бұл жөнінде Киевтегі дереккөзге сүйенген BBC-дің Украин қызметі хабарлады.
Дереккөздің айтуынша, “Ягодин” бекетіне жақын бірнеше шақырым жерде жарылыс естілген. Бірнеше күн бұрын да сол жерге шабуыл жасалған еді.
Қайташекара бекетіне ешқандай соққы болмады деді дереккөз.
Мониторинг арналарының жазуынша, соққы сағат 12:51-де жасалған. Польшаның әуе әскери күштері сағат 12:30-да Украинаның батысына дрон шабуылы қатері салдарынан Польшада әскери авиацияны әуеге көтерген.

🤬29❤3😁1😢1
БАҚ: Ресейде Солтүстік Кореяның мыңдаған азаматы дрон құрастырып жатыр
Ресейлік дрон өндірісі нысандарында, оның ішінде Татарстандағы "Алабұға" арнайы экономикалық аймағында 25 000-ға дейін Солтүстік Корея азаматы істеп жатқан болуы мүмкін. Бұл жөнінде Санкцияға мониторинг жүргізу жөніндегі көпжақты топтың (MSMT) есебіне сүйенген Bloomberg хабарлады.
Есеп авторларының дерегінше, солтүстіккореялықтар "Алабұға" кәсіпорнында да дрон құрастырып жатыр. Зерттеушілердің дерегінше, Ресей БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің солтүстіккореялықтарды шетелде жұмыс күші ретінде пайдалануға енгізген шектеуін айналып өту үшін Солтүстік Корея жұмысшыларын студенттер ретінде рәсімдейді.
2025 жылы Ресей Солтүстік Кореяның 36,4 мың азаматына виза берген. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда төрт есе көп. 35,8 мыңы – студент. MSMT бағалауынша, 2025 жылдың соңында Ресейде 15-30 мың солтүстіккореялық, Қытайда 20-70 мың жұмысшы болған.
Ресейде істеп жатқан солтүстіккореялық жұмысшы орташа есеппен жылына 7,5 мың доллар нәпақа табады деген болжам бар. Бірақ солтүстіккореялықтар тапқан нәпақаның айтарлықтай бөлігін Солтүстік Корея билігі алады. Есепте сонымен бірге жұмысшылардың жүріс-тұрысы мен шетелдіктермен қарым-қатынасы қатаң бақыланатыны жазылған.

🤬32
Эльвира Әзімова конституциялық сот төрағасы қызметінде қалды
Ол бұл қызметке 2023 жылы қаңтарда тағайындалған. Оған дейін Адам құқығы жөніндегі уәкіл, әділет министрінің орынбасары қызметтерін атқарды.

🤬14💩6😁3❤2
Нұрлан Әбдіров те орталық сайлау комиссиясының төрағасы қызметін атқара бермек. 2022 жылдың қаңтарынан бері осы қызметте отыр. Оған дейін мәжіліс, сенат депутаты болды.
Әлихан Смайылов та жоғары аудиторлық палатасын басқара бермек. Тиісті жарлық Ақорда сайтында жарияланды.

🤬15💩4❤1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Көкжайлауда құрылыс жұмыстары басталды ма? Алматы маңындағы табиғаты ерекше шатқалда жол қазылып, дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Жобаға қарсылар экожүйеге зиян келуі мүмкін деп алаңдайды. Ал жоба өкілдері тау туризмін дамыту қажет дейді
🤬20😱3
Тәжістан Рим статутынан шығу мәселесін қарастырып жатыр
Тәжікстан парламентінің төменгі палатасы кеңесі 16 қыркүйекте "Халықаралық сот статутының күшін тоқтату туралы" қаулы жобасын қарады. Парламенттің хабарламасында қаулы жобасы түпкілікті қабылданды ма, жоқ па, жазылмаған.
Былтыр қазанда Ресей президенті Владимир Путин Душанбеге барғанда Еуропа елдері Тәжікстан билігін “Рим статуты алдындағы міндетін орындамады, Ресей басшысын тұтқындамады” деп мәлімдеген еді.
2023 жылы көктемде халықаралық соттың хатшылығы Рим статутына қатысушы елдерге Ресей басшысын тұтқындау қажеттігі туралы сұрау жіберген.
Халықаралық сот жариялаған құжатқа қарағанда, Душанбе осындай сұрау келгенін 2023 жылы мамырда растаған. Алайда 2025 жылы қыркүйекте Путиннің сапары қарсаңында сотқа оны орындай алмайтынын ескерткен. Тәжістан билігі Ресей Рим статутына қатысушы еместігін және Мәскеумен арада жоғары лауазымды тұлғалардың иммунитетін қарастыратын келісім барын алға тартқан.

🤬16😁7
Мақсат – 99 жүлде. Қазақстан Азиадада үздік бестікке оралуға талпынып көрмек
19 қыркүйекте Жапонияның Нагоя және Аичи қалаларында 20-жазғы Азия ойындары басталады. Құрлық олимпиадасы саналатын додаға Қазақстаннан 550-ден аса спортшы қатысады. Спорт министрлігі Азия ойындарында медаль саны бойынша қандай мақсат қойып отыр? Азиадаға қандай танымал спортшылар қатысады? Төрт жылда бір рет өтетін дода жайлы маңызды ақпараттарды ұсынамыз.
🔗Толығырақ оқыңыз

👍13🤣6
Апелляциялық сот белсенді Марат Тұрымбетовті қамауда қалдырды деп хабаралды адвокат Айнара Айдарханова
Адвокат Азаттыққа тергеу құпиялылығын ашпау туралы қолхат бергендіктен іс бойынша ештеңе айта алмайтынын жеткізді.
Жақтастары Марат Тұрымбетовтің диализге тәуелді екенін, ол үшін қамау өлім жазасымен тең екенін айтып, алаңдайды.
Қыркүйектің басында белсенді Марат Тұрымбетовтің үйін арнайы жасақ тінтіп, өзін ұстап әкеткен еді. Адвокаттың сөзінше, ол “Алаяқтық” (190-бап) бабы бойынша күдікке ілінген. Істің мән-жайы жөнінде ешқандай ақпарат жоқ. Істі бас прокуратура жүргізіп жатыр.
Марат Тұрымбетов қоғамдағы маңызды мәселелерге пікірін ашық айтып жүрген белсенділердің бірі. Жуырда құрылтай сайлауы кезінде Алматыдағы сайлау учаскелерінің бірін бақылап, онда тіркелген 1225 адамның небәрі 158-і яғни 11% ғана бюллетень алғанын жазған. Дауыс беру хаттамасын да жариялаған еді. Бұл жазба қоғамда қызу талқыланған. Бұл оқиғаның оның ұсталуына қатысы бар-жоғы белгісіз.
“Алматы қалалық соты Марат Тұрымбетовтің санкциясы бойынша арызды өзгеріссіз қалдырды, бірінші топ мүгедегі қамауда қала бермек” деп жазды адвокат.
Адвокат Азаттыққа тергеу құпиялылығын ашпау туралы қолхат бергендіктен іс бойынша ештеңе айта алмайтынын жеткізді.
Жақтастары Марат Тұрымбетовтің диализге тәуелді екенін, ол үшін қамау өлім жазасымен тең екенін айтып, алаңдайды.
Қыркүйектің басында белсенді Марат Тұрымбетовтің үйін арнайы жасақ тінтіп, өзін ұстап әкеткен еді. Адвокаттың сөзінше, ол “Алаяқтық” (190-бап) бабы бойынша күдікке ілінген. Істің мән-жайы жөнінде ешқандай ақпарат жоқ. Істі бас прокуратура жүргізіп жатыр.
Марат Тұрымбетов қоғамдағы маңызды мәселелерге пікірін ашық айтып жүрген белсенділердің бірі. Жуырда құрылтай сайлауы кезінде Алматыдағы сайлау учаскелерінің бірін бақылап, онда тіркелген 1225 адамның небәрі 158-і яғни 11% ғана бюллетень алғанын жазған. Дауыс беру хаттамасын да жариялаған еді. Бұл жазба қоғамда қызу талқыланған. Бұл оқиғаның оның ұсталуына қатысы бар-жоғы белгісіз.
🤬10❤2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Кейінгі бірнеше айда Моңғолияда жергілікті қазақтар мен моңғол ұлтының арасында тіл, тарих, дін, дәстүр тақырыптарында әлеуметтік желіде қызу айтыс-тартыс жүріп жатыр.
🤔8😱7🤬2🤣1
Санжар Боқаевтың адвокаттары белсендіні Алматыдан Астанаға алып кеткенін хабарлады
Олар мұны постфактум яғни, тергеу изоляторындағы белсендіге кірмек болған кезде ғана естіген.
Ол сонымен бірге бас прокурор мен Жоғарғы соттың төрағасын аталған жағдайға назар аударуға шақырды.
Ресми органдар әзірге, Боқаевты Астанаға алып кету себебін түсіндірмеді.

"Сотқа дейінгі тергеу органдары не үшін адвокаттарға олар қорғап отырған азаматты басқа қалаға ауыстырғаны жөнінде ескертпеген? Оның үстіне негізгі сот 28 қыркүйекте өтейін деп отыр. Бұл қандай жұмбақ құпия? Оған сот отырысына дұрыс дайындалуына кедергі келтіріп отыр" деп жазды 17 қыркүйекте Instagram-да адвокаты Артем Аскаров.
Ол сонымен бірге бас прокурор мен Жоғарғы соттың төрағасын аталған жағдайға назар аударуға шақырды.
Ресми органдар әзірге, Боқаевты Астанаға алып кету себебін түсіндірмеді.
🤬20❤1
Ресейде мемлекеттік дума сайлауы өтіп жатыр
Ресейде 18 қыркүйекте үш күндік мемлекеттік дума депутаттарын сайлау ресми түрде басталды. Сайлау бір мезетте 39 аймақта өтеді, оған қоса 8 аймақ басшылары сайланады.
Украинамен шекаралас кейбір аймақтарда дауыс беру мерзімінен бұрын басталды. Жұма күні таңертең сайлаушыларды учаскеге топтап жеткізу жөнінде хабар пайда болды.
Түмен облысында дәріханаларға йод пен зеленканы көп мөлшерде сатпауға ұсыныс берген. 2024 жылы президент сайлауы кезінде кейбір сайлаушылар қарсылық белгісі ретінде дауыс беру жәшігіне зеленка мен өзге де сұйықтықтарды шашқан еді. Сол кезде кемінде 16 қылмыстық іс қозғалған.
Мемлекеттік дума сайлауына 10 партия қатысып жатыр. Жалпы 450 депутаттық мандат үлестірілмек: 225 – партиялық тізім бойынша, 225 бір мандаттық округ бойынша. Сайлауға дейін Жоғарғы сот соғысқа қарсы шыққан жалғыз саяси ұйым "Яблоко" партиясын сайлаудан шеттеткен.
Ресейлік оппозициялық ұйымдар дауыс берудің түрлі стратегиясын ұсынып жатыр. Жемқорлықпен күрес қоры "Единая Россиядан" бөлек басқа кез келген партияға дауыс беруге шақырды. "Яблоко" партиялық тізім бойынша бюллетеньдерді жарамсыз қылуды ұсынды. Еркін Ресей форумы сайлауға бойкот жариялауға шақырды. Ресейдің соғысқа қарсы комитеті сайлаушыларға қандай да бір әдісті ұсынудан бас тартты.

😁16🤬5💩4❤3