🇱🇹Литва Орталық Азия азаматтарын жұмысқа шақыруды уақытша тоқтатты
Бұл туралы елдің миграция департаментінің басшысы Индре Гаспере мәлімдеді. Оның сөзін BNS сайты жариялады.
Гасперенің айтуынша, кейінгі жылдары Орталық Азиядан Литваға жұмыс визасына тапсыратындардың саны артқан. Миграция басшысы "Орталық Азия елдерінен жұмыс визасына тапсыратындардың саны көп болғандықтан виза орталықтары да жұмысын тоқтатқанын" айтады.
Гаспере Орталық Азияның қай елдерінің азаматтарына жұмыс визасын беру уақытша тоқтатылғанын айтпады. 2025 жылы Литва Душанбедегі виза орталығын жапқан еді. Литва тарабы "екі жылда 6500 адам жұмыс визасын алған, бірақ олардың көбі Литваның визасымен Еуропа одағының басқа елдерінде жұмыс істеген" деп мәлімдеген.

🤯9🔥4🤔2👍1
АҚШ және Украина басшылары Дональд Трамп пен Владимир Зеленский Нью-Йоркте БҰҰ-ның Бас ассамблеясы аясында кездесті
Келіссөз басталмай тұрып журналистер Трамптан “Украина өз жерін қайтара алады деп санайсыз ба?” деп сұрады. Бір жыл бұрын БҰҰ Бас ассамблеясында Трамп бұл мүмкін екенін айтқан.
АҚШ басшысы Украина әскері мен билігінің әрекетін жоғары бағалады.
Украинаның Ресей мұнай өңдеу зауыттарына соққысы туралы сұраққа жауап берген Трамп Украина қарулы күштері Ресейге айтарлықтай шығын келтіргенін айтып, бір мезетте шабуылға байланысты дизель отыны қымбаттап кеткенін де мойындады.

“Олар келісім жасайды деп ойлаймын. Қандай келісім болатынын айтқым келмейді” деді Трамп.
АҚШ басшысы Украина әскері мен билігінің әрекетін жоғары бағалады.
“Олардың жақсы жауынгер екеніне таласым жоқ. Шын. Олар мақтана алады. Өте, өте қабілетті адамдар, өте қабілетті басшылық” деді Трамп.
Украинаның Ресей мұнай өңдеу зауыттарына соққысы туралы сұраққа жауап берген Трамп Украина қарулы күштері Ресейге айтарлықтай шығын келтіргенін айтып, бір мезетте шабуылға байланысты дизель отыны қымбаттап кеткенін де мойындады.
❤20🔥8👍3😁2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қандастарға Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат немесе қандас мәртебесін алуға қиындық туғызып жатқан пилоттық жоба деген не?
❤20🤔3
“Қазақстан инжиниринг” әскери кеме жасау зауытын сатады
“Қазақстан инжиниринг” оралдық “Зенит” зауытының 100 пайыз акциясын электронды байқауға шығарды. Аталған кәсіпорын Қазақстанның күштік құрылымдары мен жер қойнауын пайдаланушыларға кеме мен қайық жасайды. Бастапқы құны – 18,49 млрд теңге.
Жергілікті ақпарат құралдарының жазуынша, былтыр зауытқа 10,16 млрд теңге көлемінде кіріс кіріп, 10,08 млрд теңге шығыс шыққан. Таза табыс – 81,7 млн теңге. Тамыз айындағы мәлімет бойынша, “Зениттің”қарыз көлемі 3,09 млрд теңгеге жеткен.
Байқау шарты бойынша зауыттың жаңа иесі кәсіпорындағы жұмыс орны мен қызметін сақтап қалуға тиіс. Бұған қоса, мемлекеттің қорғаныс саласындағы тапсырысын орындап, өндірісті дамытуы керек.

🤬9❤3😁3💩2
Қазақстанда ресми құны 1000 теңгеден кем тұрмайтын темекі қорабы кей базарда 450 теңгеге сатылып жатыр. Құқық қорғау органдары миллиондаған қорап темекіні тәркілеп жатса да, заңсыз өнім неге базарларда ашық сатылып жатыр?
🔗Толығырақ көріңіз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
YouTube
450 теңгелік темекі Қазақстан базарларына қайдан келіп жатыр?
Қазақстанда ресми құны 1000 теңгеден кем тұрмайтын темекі қорабы кей базарда 450 теңгеге сатылып жатыр. Құқық қорғау органдары миллиондаған қорап темекіні тәркілеп жатса да, заңсыз өнім неге базарларда ашық сатылып жатыр?
Originally published at - https…
Originally published at - https…
👍15😱3😁1
Екі рет топ жарған Луценко және Қазақстанның жетінші алтыны
Қазақстандық велоспортшы Алексей Луценко Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында екінші алтын медалін жеңіп алды.
Луценко тасжолдағы велоспорттан ерлер арасындағы 160,5 шақырымдық топтық жарыста мәреге бірінші болып жетті. Луценконың нәтижесі – 4 сағат 13 минут 11 секунд.
Қазақстан құрамасы атынан жарысқа Евгений Федоров пен Николя Винокуров та қатысты. Евгений Федоров Алексей Луценкодан 1 минут 58 секундқа қалып, күміс медаль иеленді. Қола жүлдені Жапония өкілі Юхэй Тодоме алды. Қазақстандық Николя Винокуров жарысты жетінші орында аяқтады.
Бұл – Алексей Луценконың биылғы Азия ойындарындағы екінші алтын жүлдесі. Осыған дейін 20 қыркүйекте қазақстандық спортшы жекелей сын жарысында топ жарып, 41 минут 24,05 секунд нәтижемен чемпион атанған еді.
Осылайша Қазақстан Азия ойындары-2026 додасында жетінші алтын алып отыр.
Сурет: Қазақстан туризм және спорт министрлігі

👏16❤4👍4
Соғыс туралы жазба жариялаған қостанайлық белсенді 2,6 жыл түрмеге кесілді
Белсенді Ілияс Айтжановқа іс қозғалуына 2022 жылдың қазан айы мен 2026 жылдың маусым аралығында Facebook пен Instagram-да жариялаған постары түрткі болған.
Айыптау жағының айтуынша, Айтжанов "ресейліктерге, Ресейді қолдайтын азаматтарға, сондай-ақ Қазақстан аумағында Ресей саясатын қолдайтын адамдарға қатысты жағымсыз әрі қорлайтын пікірлер жазылған жарияланымдарды белсенді түрде таратқан".
Ал Айтжановтың сөзі сотта мұны ресейшіл позиция ұстанатын адамдарға жауап ретінде жариялағанын, осылайша отандастарын соғысқа бармауға үгіттегенін айтты. Ол "ұлтараздықты қоздыру" ойында болмағанын жеткізді.

🤯13👎9👍2😱2🤬2🔥1
⚡Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәжілісте спикер болған Ерлан Қошановты Халық кеңесі төрағасы қызметіне ұсынды.
😁17🤮14💩9👍2
Azattyq - Азаттық
⚡Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәжілісте спикер болған Ерлан Қошановты Халық кеңесі төрағасы қызметіне ұсынды.
Ерлан Қошанов Халық кеңесінің төрағасы болды
Бұған дейін оның кандидатурасын Тоқаев ұсынған. Қазақпараттың жазуынша, кеңестің 120 мүшесі оның кандидатурасын қолдаған, бір адам қалыс қалған. Жарамсыз бюллетень болмады.
Астанада Халық кеңесінің бірінші сессиясы өтіп жатыр.
Кеңестің 126 мүшесі бар. Олардың бәрін президент тағайындайды. Бұл консультативті орган Құрылтайға заң жобаларын енгізе алады әрі референдум тағайындау туралы бастама көтереді.

💩11❤2😁2👍1😢1
Әзербайжан, Түркия және Өзбекстан бірігіп әскери жаттығу өткізіп жатыр
«Бірлік күші 2026» әскери жаттығы Әзербайжан аумағында басталды.
Үш кезеңнен тұратын жаттығу Қарабақ экономикалық аймағы мен Нахчыван анклавындағы оқу орталықтарында және Каспий теңізіндегі оқу полигонында өтеді.
Жаттығу барысында түркі тілдес үш елдің әскери қызметкерлері әскери күшті үйлестіріп, стандартқа сәйкестендіру үшін қазіргі заманғы авиация, әскери-теңіз күштері және дрондарды пайдалана отырып, бірлесіп жауынгерлік тапсырма орындамақ.
2023 жылы Өзбекстан Түркиядан Bayraktar дрондарын сатып алды. Олардың нақты саны жарияланбады, бірақ ашық дереккөзге сүйенсек, Өзбекстанда осындай кемінде төрт дрон бар. Өзбекстан сонымен бірге Түркиядан Ejder Yalçın әскери ауыр көліктерді сатып алды. Қазіргі уақытта Өзбекстан әскерінде осындай 24 көлік бар деп айтылады. 2025 жылы түріктің TUSAŞ компаниясы Өзбекстанға ANKA дрондарын сатқан. Түркиядан қанша техника мен жарақ сатып алынғаны және келісімшарт құны әдетте айтылмайды.

👏21👍17❤3🔥1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
450 теңгелік темекі Қазақстан базарларына қайдан келіп жатыр? Видеоның толық нұсқасын Azattyq Youtube арнасынан көріңіз.
👍19👎3
"Хочу жить" ұйымы: Украинада тұтқынға түскен әрбір оныншы адам - шетел азаматы
Бұл жөнінде Украинаның мемлекеттік "Хочу жить" жобасы хабарлады
2026 жылдың қыркүйегіндегі жағдай бойынша әскери тұтқындар арасында әлемнің 55 елінің азаматы бар.
Жоба мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы 9 айында Украина әскері былтыр бір жыл бойы түскен тұтқындардан көп сарбазды ұстаған. 2025 жылдың желтоқсанынан бері олардың саны 7%-дан 10%-ке дейін артқан. Арасында Аргентина, Панама, Парагвай, Перу, Гондурас, Вьетнам, Моңғолия және өзге ел азаматтары бар.

🤬24😱6❤1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Түрік мигрантының қызы Берлин мэрі атануы мүмкін. 45 жастағы Елиф Ералп бастаған солшыл Die Linke партиясы Берлиндегі сайлауда бірінші орын алды. Ералптың баспана мәселесіне қатысты ұсыныстары мен әлеуметтік желідегі белсенді науқаны оны Нью-Йорк мэрі Зохран Мамданимен салыстыруға себеп болды.
👍27🤔3❤1👎1👏1
23 қыркүйекте кешке Берлин-Бранденбург әуежайының жұмысы уақытша тоқтатылды. Оған әуежай маңынан дронның байқалғаны түрткі болды. Шектеу бір сағаттан кейін алынды.
Берлин-Бранденбург – дрон ең көп байқалған Германия әуежайы. 2026 жылы алғашқы алты айында диспетчерлік қызмет 28 дронды анықтаған. Жеті жағдайда әуежай рейстерді қабылдай алмай, ұшыра алмай қалған.
Тамызда Лейпциг әуежайында бірнеше дрон табылды. Біреуінде жарылғыш зат болған және оқ-дәрі тасымалдаған украиналық Ан-124 ұшақтың жанынан анықталды.

🤬18👍3❤1
Азия ойындары: Қазақстан ескек есуден алтын медаль ұтты
Қазақстандық спортшылар Владислав Яковлев пен Иван Чернухин академиялық есуден ерлер арасында рульшісіз қос қайық бәсекесінде алтын медаль жеңіп алды. Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, екі спортшы мәреге бірінші болып жетіп, басты қарсыластары Қытай экипажын 2,09 секундқа басып озды.
Бұған қоса, Қазақстан ұлттық құрамасының өкілдері Ольга Шмелева мен Татьяна Токарницкая күміс медаль ұтты. Олар байдарка мен каноэде есу жарысында әйелдер арасындағы 500 метрлік қашықтықта байдарка-екілік сайысында өнер көрсетті.
Қазақстан ұлттық құрамасының өкілдері Сергей Емельянов пен Тимофей Емельянов қола жүлдегері атанды. Ерлер арасындағы 500 метрлік каноэ-екілік сайысының финалында қазақстандық экипаж үшінші болып мәреге жетті.

👍27❤3💩2
Халық кеңесі сенаттың бұрынғы ғимаратына орналасты. Сыртына жаңа атауды іліп те қойған.
Осыған дейін құрамында 126 мүшесі бар консультативті органның тұрақты түрде істемейтіні, жылына кемінде бір жиыны өтетіні айтылған еді. Сессиядан бөлек, төралқа отырысы жарты жылда бір рет өткізіледі. Оның кезектен тыс жиындары да болуы мүмкін деп айтылады.
Халық кеңесінің жұмысына жылына бюджеттен 1,7 млрд теңге бөлінбек. 1,7 млрд теңгеге Халық кеңесінің мүшелерінің жалақысы, жұмыс ұйымдастыру, іссапарлар мен іс-шаралардың шығыны, қоғамдық тыңдау шығындары кіреді.
Парламент кешеніндегі бұрынғы мәжіліс, қазіргі құрылтай ғимараты 2004 жылы салынған, ал сенат ғимараты 2006 жылы пайдалануға берілген. Мемлекеттік БАҚ-тың жазуынша, сенат ғимаратының сметалық құны 2,6 млрд теңге болған. Құрылыс Сауд Арабиясының гранты есебінен қаржыландырылған деп айтылады.
Сурет: бұрынғы сенат және қазіргі Халық кеңесі ғимараты

💩11👍6🤮5😱2🔥1😁1
Владимир Зеленский тұтқынға түскен екі солтүстіккореялық сарбаз Оңтүстік Кореяға тапсырылғанын хабарлады
Украина басшысы бұл жөнінде БҰҰ Бас ассамблеясының жиынында сөйлеген кезде айтты.
Оның сөзінше, екі сарбаздың бірі тұтқынға түскенін білгеннен кейін өзіне қол жұмсамақ болған, алайда тағдырдың өзіне өлуіне жол бермегеніне қатты таңғалған.
2025 жылы қаңтарда Украина әскері Ресейдің Курск облысындағы шайқастарға қатысқан Солтүстік Кореяның екі сарбазын тұтқынға түсірген еді. Зеленский сол кезде Киев екі сарбазды Ким Чен Ынға тапсыратынын, Ресейде тұтқында отырған украин азаматтарына алмастыратынын айтқан.
Алайда сол жылы ақпанда Chosun Ilbo басылымына екі сарбаздың бірі сұхбат беріп, Оңтүстік Кореядан пана сұрайтынын айтқан. Сол жылы күзде екінші сарбаз да деректі фильмге сұхбат берген кезде Сеулден пана сұрауға ынта білдірген.

“Солтүстік Кореяда адамдарды осылай тәрбиелейді. Бұл шындық. Олар адамдардың еркіндігін тартып алады, таңдау құқығынан айырады” деді Зеленский.
2025 жылы қаңтарда Украина әскері Ресейдің Курск облысындағы шайқастарға қатысқан Солтүстік Кореяның екі сарбазын тұтқынға түсірген еді. Зеленский сол кезде Киев екі сарбазды Ким Чен Ынға тапсыратынын, Ресейде тұтқында отырған украин азаматтарына алмастыратынын айтқан.
Алайда сол жылы ақпанда Chosun Ilbo басылымына екі сарбаздың бірі сұхбат беріп, Оңтүстік Кореядан пана сұрайтынын айтқан. Сол жылы күзде екінші сарбаз да деректі фильмге сұхбат берген кезде Сеулден пана сұрауға ынта білдірген.
❤17👏9👍2
Тоқаев: Халық кеңесі Құрылтай депутаттарының қызметіне араласпайды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Халық кеңесін құру себебі мен оның Құрылтаймен байланысы туралы айтты.
Оның сөзінше, екі институт “бір-бірін толықтырып, бірлесе қызмет етуі” керек.
Президент бейсенбі күні Халық кеңесінің бірінші сессиясын ашты. Бір күн бұрын оның төрағасы болып бұрынғы мәжіліс спикері Ерлан Қошанов сайланған.

“Халық кеңесі – Құрылтайға балама мекеме емес. Кеңес мүшелері Құрылтайдың құзыретіне кіретін жұмыспен айналыспайды. Депутаттардың қызметіне араласпайды. Заң бойынша осындай әрекеттерге құқы жоқ. Тиісінше, Құрылтай депутаттарының да Халық еңесінің жұмысына араласуға хақы жоқ” деді Тоқаев.

💩20👍6🤡4😁1