Латвия ІІМ өзбек азаматтарына визаны шектеуді ұсынды
Латвия ішкі істер министрлігі Өзбекстан азаматтарына виза беруді уақытша тоқтатуды ұсынды. Министрлікке сүйенген жергілікті БАҚ-тың жазуынша, бұға елдегі Өзбекстан азаматтары арасында қылмыстың көбеюі себеп. Кейбірі кәмелетке толмаған жасөспірімдерге қарсы жасалған.
Дегенмен Латвия министрлігі Өзбекстан азаматтары "жасаған" барлық қылмыс түрін егжей-тегжейлі сипаттайтын жеке статистикалық есеп жариялаған жоқ.
«Біз әрекет етуге міндеттіміз. Сондықтан Өзбекстан азаматтарына виза беруді белгілі бір мерзімге тоқтата тұруды және осы уақытты Өзбекстан тарапымен ынтымақтастық үшін пайдалануды ұсынамыз» деді ішкі істер министрі Янис Домбрава.
Ішкі істер министрлігіосы аралықта өзбек жағымен ақпарат алмасып, Латвияға баруды жоспарлап отырған азаматтарды тексеруді күшейтуге болады деп санайды.
Латвия ішкі істер министрлігі Өзбекстан азаматтарына виза беруді уақытша тоқтатуды ұсынды. Министрлікке сүйенген жергілікті БАҚ-тың жазуынша, бұға елдегі Өзбекстан азаматтары арасында қылмыстың көбеюі себеп. Кейбірі кәмелетке толмаған жасөспірімдерге қарсы жасалған.
Дегенмен Латвия министрлігі Өзбекстан азаматтары "жасаған" барлық қылмыс түрін егжей-тегжейлі сипаттайтын жеке статистикалық есеп жариялаған жоқ.
«Біз әрекет етуге міндеттіміз. Сондықтан Өзбекстан азаматтарына виза беруді белгілі бір мерзімге тоқтата тұруды және осы уақытты Өзбекстан тарапымен ынтымақтастық үшін пайдалануды ұсынамыз» деді ішкі істер министрі Янис Домбрава.
Ішкі істер министрлігіосы аралықта өзбек жағымен ақпарат алмасып, Латвияға баруды жоспарлап отырған азаматтарды тексеруді күшейтуге болады деп санайды.
🔥8😁5🤔5
Зеленский: күзде Украинаның алысқа ұшатын өз баллистикалық ракетасы болады
Украина президенті Владимир Зеленский Reuters ақпарат агенттігіне берген сұхбатында осы күзде Украинаның алысқа ұшатын өз баллистикалық ракетасы болады деп мәлімдеді. Ол ракета құрастырушы Fire Point-тан жұмысты жеделдетуді талап еткен.
1 қазанда Зеленский Fire Point құрастырған тактикалық FP-7 баллистикалық ракетасының алғаш рет әскери жағдайда қолданылғанын хабарлаған. Алайда нақты қандай нысанаға соққы жасағанын айтқан жоқ. Соққының сәтті болғанын меңзеді. Әзірге, ақпаратты растайтын тәуелсіз дереккөз табылмады.
Fire Point мәлімдемесіне қарағанда, FP-7 ракетасы 200 шақырымға дейін ұша алады және әскери бөлігінің салмағы 150 келі. Ал FP-9 ракетасы 855 шақырымға дейін ұшады, әскери бөлігінің салмағы — 800 келі.
Украина президенті Владимир Зеленский Reuters ақпарат агенттігіне берген сұхбатында осы күзде Украинаның алысқа ұшатын өз баллистикалық ракетасы болады деп мәлімдеді. Ол ракета құрастырушы Fire Point-тан жұмысты жеделдетуді талап еткен.
– Олардан менің FP-9 ракетам қайда? деп сұрадым, - деп Зеленский жымиды. – Бізге FP-9 керек. FP-9 осы күзде дайын болады, оған сенімім мол.
1 қазанда Зеленский Fire Point құрастырған тактикалық FP-7 баллистикалық ракетасының алғаш рет әскери жағдайда қолданылғанын хабарлаған. Алайда нақты қандай нысанаға соққы жасағанын айтқан жоқ. Соққының сәтті болғанын меңзеді. Әзірге, ақпаратты растайтын тәуелсіз дереккөз табылмады.
Fire Point мәлімдемесіне қарағанда, FP-7 ракетасы 200 шақырымға дейін ұша алады және әскери бөлігінің салмағы 150 келі. Ал FP-9 ракетасы 855 шақырымға дейін ұшады, әскери бөлігінің салмағы — 800 келі.
👍47🔥5❤4
Ресей күштері жексенбіде Харьковтің Индустриальный ауданына "Бандероль" дрон зымыранымен шабуыл жасады деп хабарлады қала мэрі Игорь Терехов.
Келіп түскен ақпаратқа қарағанда, кемінде бір адам қаза тауып, алты кісі жараланған. Онға жуық көппәтерлі үйге зақым келген. Автокөліктер мен әкімшілік ғимараты өртенген.
Шабуылға ұшыраған аумақта құтқару-іздестіру операциясы жалғасып жатыр.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬31❤1
5 қазан күні Қазақстанның солтүстік-батыс, солтүстік және шығысында қар жауады деп хабарлады ауа райын болжаушы мамандар.
Метерологтар тұман түсіп, көктайғақ болуы және қатты жел тұруы ықтимал деп ескертеді.
Жексенбіде Ақтөбе облысында күн суытып, қар жауғанын әлеуметтік желі қолданушылары хабарлап, видеолар жариялады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱10👎5🎄3🔥1
Йемен президенті Рашад әл-Әлими Иран қолдайтын хуситтер бақылау орнатқан аумақтарды қайтарып алу үшін кең ауқымды әскери операция басталғанын жариялады. Бұл туралы Reuters хабарлады.
Әл-Әлими үкімет күштері "ел террорит содырлардың билігінен азат етілгенге дейін" шабуылын жалғастырады деп мәлімдеді.
Бірнеше күн бұрын Йемен үкіметі "хуситтердің күшеюіне қарсы тұру, азаматтарды қорғау, республикалық жүйені және конституциялық заңдылықты сақтау және мемлекеттің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету үшін" жаппай мобилизация жариялаған деп хабарлады SABA мемлекеттік ақпарат агенттігі. Reuters хуситтерге қарсы шабуылға 100 мыңнан астам йемендік сарбаз қатыспақ деп жазды.
Йемен билігін Сауд Арабиясы қолдап, хуситтерге қарсы әуеден соққылар бермек, ал Йеменнің үкімет әскері құрлықтағы операцияларды жүргізеді.
Өткен айда хуситтер белсенділігін айтарлықтай арттырған. Олар тұтқиылдан шабуыл жасап, стратегиялық Баб әл-Мандеб бұғазын және Қызыл теңіз жағалауының шамамен 150 шақырымын басып алған. Бұл оларға халықаралық теңіз тасымалы бағыты мен Таяу Шығыс мұнайын экспорттауда жаңа мүмкіндіктер берді.
БҰҰ Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының мәліметінше, кейінгі апталарда қақтығыстың қайта өршуіне байланысты Йеменде ондаған мың адам үй-жайын тастап кетуге мәжбүр болған. Үкімет бақылауындағы аймақтарда үй шаруашылықтарының 74% азық-түлікпен қамтамасыз етілмеген.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏8🤔5❤3
Израиль басылымдары тергеуге жақын дереккөздерге сүйеніп, 30 қыркүйекте FlyDubai ұшағын басып алуға әрекет жасаған екінші ұшқыш Хамам әл-Хамами жолаушылар отырған ұшақты Тель-Авивтегі Бен-Гурион әуежайына құлатуды жоспарлаған деп хабарлады. Тергеушілердің мәліметінше, ол алдымен капитанды өлтіріп немесе жаралап, ұшақты бақылауға алмақ болған.
Басылымдар әл-Хамами бұл жоспарды ұзақ уақыт дайындағанын, FlyDubai-ге Израильге ұшатындықтан жұмысқа орналасқанын және Тель-Авивке бірнеше рет ұшып, әуежай мен оның айналасын зерттегенін жазды. Ол бұған дейін Oman Air компаниясында жұмыс істеген, бірақ 2024 жылы экстремистік көзқарасы үшін жұмыстан шығарылған деп CBS хабарлаған. Тергеушілер оның террор ұйымдарымен тікелей байланысы болмаған және жалғыз әрекет еткен деп санайды.
30 қыркүйекте 182 адаммен Дубайдан Тель-Авивке ұшқан FlyDubai компаниясының жолаушы ұшағының екінші ұшқышы экипаж капитанына шабуыл жасаған. Ауыр жараланған капитан кабина есігін ашып үлгеріп, кабинаға кірген жолаушылар шабуылдаушыны ұстап байлап, төмен қарай құлдилаған ұшақты қайтадан түзу бағытқа келтірген.
Кейін жолаушы ретінде ұшып келе жатқан қосалқы экипаждың екі ұшқышы басқаруды қолға алып, ұшақты Сауд Арабиясындағы Табук әуежайына аман-есен қондырған. Ұшақтағы 174 жолаушы мен сегіз экипаж мүшесінің бәрі аман қалды. Әл-Хамами БАӘ-де қамауда отыр, одан БАӘ және Сауд Арабиясы тергеушілері жауап алып жатыр.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬11🤔5❤2👍1🔥1😁1😱1
Azattyq - Азаттық
5 қазанға қараған түні Ресей әскері Украинаға қарсы 205 дрон ұшырды деп хабарлады Украина армиясының әуе күштері. Кейінгі деректер бойынша, олардың 172-ін әуеден қағып түсірген.
Харьков қаласында жексенбі түнде тұрғын үйлерге ресейлік әскери дрондар түскен, ол жерлерде құтқару-іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Қала мэрі Игорь Тереховтың дерегінше, шабуыл салдарынан кемінде бір адам қаза тауып, сегіз адам жараланған.
Өткен түні ресейлік әскери күштер Одесса облысына да әуеден соққы жасаған. Жергілікті билік орындарының дерегінше, өнеркәсіп және порт инфрақұрылымдары, саяжай аумағы шабуылға ұшыраған.
"Ауқымды өрт шықты. Қою түтін көтерілгендіктен Одессаның төтенше жағдайлар қызметінің радиациялық, химиялық және биологиялық қорғану мамандары аумаққа тексеру жүргізді. Өлшеу қорытындысы бойынша, қауіпті заттар байқалмады" деп хабарлады Одесса облыстық әкімшілігінің басшысы Олег Кипер. Адамдар зардап шекпеген.
Харьков қаласында жексенбі түнде тұрғын үйлерге ресейлік әскери дрондар түскен, ол жерлерде құтқару-іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Қала мэрі Игорь Тереховтың дерегінше, шабуыл салдарынан кемінде бір адам қаза тауып, сегіз адам жараланған.
Өткен түні ресейлік әскери күштер Одесса облысына да әуеден соққы жасаған. Жергілікті билік орындарының дерегінше, өнеркәсіп және порт инфрақұрылымдары, саяжай аумағы шабуылға ұшыраған.
"Ауқымды өрт шықты. Қою түтін көтерілгендіктен Одессаның төтенше жағдайлар қызметінің радиациялық, химиялық және биологиялық қорғану мамандары аумаққа тексеру жүргізді. Өлшеу қорытындысы бойынша, қауіпті заттар байқалмады" деп хабарлады Одесса облыстық әкімшілігінің басшысы Олег Кипер. Адамдар зардап шекпеген.
🤬21😢2❤1
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Айтқұрман Омарбековті елдің қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштер бас штабының бастығы етіп тағайындады. Мұны 5 ақпанда Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔18💩5❤3😁1
Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі Ресейдің Иркутск облысындағы жағдайды бақылап отырғанын хабарлады: көрші елде обаға қарсы күрес институтының қызметкері қайтыс болған. Министрлік мәлімдемесінде Қазақстандағы жағдай үнемі бақылауда екені және алдын алу шаралары қабылданып, мемлекеттік шекарадан өткізу бекеттерінде санитарлық-карантин тексерулері жүргізіліп жатқаны айтылған.
Көлікте дене қызуы көтерілген, ауру белгілері бар немесе аса жұқпалы ауруға байланысты күдік тудырған адамдар анықталған жоқ деп хабарлады министрлік0.
"Алдын ала бағалау бойынша, инфекцияның Қазақстанға әкеліну қаупі төмен деңгейде қалып отыр. Жағдайға баға беру және қабылданып жатқан шаралар ресми ақпараттың түсуіне қарай нақтыланатын болады. Сапардан кейін ауру белгілері пайда болған жағдайда медициналық көмекке уақтылы жүгініп, дәрігерге болған жеріңіз бен сапар күндері туралы хабарлау қажет" деп мәлімдеді денсаулық сақтау министрлігі.
Көрші Қырғызстанда да шекарадан өткізу бекеттерінде алдын алу шаралары мен санитарлық-карантин бақылауы күшейтілгені туралы хабар тараған.
Ресейдің Иркутск облысының Шелехов қаласында қазан айының басында Обамен күрес институтының 27 жастағы қызметкері қайтыс болған. Осы оқиғадан кейін Шелехов аудандық ауруханасының бір бөлігі карантинге жабылды. Иркутск облысының билігі аса қауіпті инфекция туралы күдік барын ресми түрде жариялады, бірақ нақты қандай ауру екенін айтқан жоқ.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱14👍5🤬2❤1
Өзбекстанда 30 қыркүйекте 45 жастағы қарақалпақ белсендісі Ринат Утамбетов жазасын толық өтеп, бостандыққа шықты. Мұны Адам құқықтары жөніндегі Түрікмен Хельсинки қоры хабарлады. Қазір Утамбетов Нөкіс ауданындағы ата-анасының үйінде.
Ешқандай оппозициялық ұйымға мүше болмаған Утамбетов 2024 жылғы 30 наурызда Қазақстанның Алматы облысында Өзбекстанның сұрауы бойынша ұсталып, 2025 жылдың қаңтарында Өзбекстанға экстрадицияланған. Сол жылы сәуірде Қарақалпақстанның Тахтакөпір аудандық соты оны "Өзбекстанның Конституциялық құрылымына қол сұғу" және "қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндіретін материалдар тарату" баптары бойынша 2,5 жылға бостандығынан айырған.
Сот үкіміне сәйкес, Утамбетов 2022 жылы Telegram-дағы топта Қарақалпақстандағы наразылық қозғалысының жетекшісі Дәулетмұрат Тәжімұратовтың, журналист Лолахон Қаллыханованың және қазақ оппозиционері Серікжан Біләштің видеоларын таратқан. Белсенді бұл топтың ұйымдастырушысы болмағанын және аталған материалдардың сол кезде көптеген арналарда кең тарағанын айтып, апелляцияға шағым берген. Алайда сот шағымын қанағаттандырмады.
Утамбетов Өзбекстанға ерікті түрде оралуға келіскеніне қарамастан, сот оны Қазақстаннан экстрадициялауға жұмсалған 2400 долларға тең көлемдегі шығынды өтеуге міндеттеген. Ол 2024 жылы "сепаратизм" бабы бойынша іс қозғалған үш қарақалпақ белсендісінің бірі ретінде Қазақстанда ұсталып, кейін Астана оны Өзбекстанға экстрадициялаған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍16🤔3😱3❤2
Қазақстанда бір жылдан астам уақыт бойы қамауда отырған екі ресейлік белсендінің тағдыры қыл үстінде тұр. Астана шешен белсендісі Мансур Мовлаев пен Навальный штабының бұрынғы қызметкері Юлия Емельянованы экстрадициялау жөніндегі Мәскеу өтінішін мақұлдады. Қазақстан билігі оларға баспана беруден бас тартқан соң, шарасыз қалған Мовлаев өзіне қол жұмсамақ болған. Белсенділер Ресейде азаптауға немесе қазаға ұшырайды деп алаң білдірген жүздеген құқық қорғаушы оларды экстрадицияламауға шақырды
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱18🤬6😁3❤1
Ресейдің Амур облысында апатқа ұшыраған Ту-95МС стратегиялық бомбалаушы ұшағында сегіз адам болған, бәрі қаза тапқан. Олардың тізімін "Медиазона" және "The Insider" басылымдары жариялады. Бұған дейін Ресейдің қорғаныс министрлігі ұшақ апатынан алты адам опат болғанын хабарлаған еді.
Қаза тапқандардың аты-жөні Амур облысы Мазанов ауданының басшысы Михаил Пивен мен Украинка стратегиялық авиация базасы орналасқан Серышево ауылындағы "Сельские новости" паблигі ресейлік әскери қызметшілердің фотосуретін жариялағаннан кейін белгілі болды. "Медиазона" сегіз офицердің бәрі стратегиялық авиацияда қызмет еткенін растады.
Осылардың ішіндегі үш офицердің аты-жөні Ресей әскери күштері жасаған соғыс қылмыстары туралы ақпарат жинайтын Украинаның "Жендеттер кітабы" дерекқорында аталған. Онда майорлар Андрей Лобанов пен Андрей Герасимов әскери шабуылдарға қатысқаны айтылған, ал подполковник Федор Павлюков әскери тапсырмалар орындайтын ұшқыштарды дайындауға жауапты болған және бөлімшені тікелей басқарған делінеді.
29 қыркүйекте Ресейдің Ту-95МС әскери бомбалаушы ұшағы Красноярово ауылы маңында апатқа ұшыраған. Қорғаныс министрлігі апат жаттығу кезінде болған деген ақпарат таратқан. Оқ-дәрісіз ұшқан әскери ұшақ елсіз аймақта құлаған деп хабарлаған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍22🔥7😁2🍾2❤1👎1
АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ Ресейге Иркутск облысындағы "оба инфекциясы болуы мүмкін" деген күдікке байланысты көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді. Трамп тілшілерге Ресей оны "пневмония" деп атап отырғанын айтты. Оның сөзінше, кейінгі жылдары бактериялар төзімдірек бола бастағандықтан пневмонияны емдеу қиындай түскен.
Ресейдің ТАСС агенттігі Трамптың мәлімдемесі туралы жаңалығында АҚШ президенті "Ресей Федерациясына Иркутск облысында анықталған этологиясы белгісіз пневмонияға байланысты көмек көрсетуге" дайын екенін айтты деп жазды. "Этологиясы белгісіз пневмония" – ресейлік Роспотребнадзор мекемесі қолданып жүрген ресми термин.
Қазан айының басында Иркутск облысы Шелехов қаласындағы Обаға қарсы күрес институтының 28 жастағы қызметкері қайтыс болған. Осы оқиғадан кейін Шелехов аудандық ауруханасының бір бөлігі карантинге жабылды. Иркутск облысының билігі аса қауіпті инфекция туралы күдік барын ресми түрде жариялады, бірақ нақты қандай ауру екенін айтқан жоқ.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤮18❤3🤬3
Солтүстік Қазақстан облыстық қылмыстық істер жөніндегі сот кәмелетке толмаған қызды зорлаған деген айып тағылған ер мен әйелді кінәлі деп тауып, ер адамды өмір бойына, ал әйелді 20 жылға түрмеге қамау туралы үкім шығарды.
Qazaqstan Media басылымы сотталған екеу Петропавл қаласындағы жұмысшылар кентінде некесіз жұп болып бірге тұрған деп хабарлады. "Бірде олардың үйіне туысқан бозбала жігіт 13 жасар қыз ертіп қонаққа келген. Ер адам кәмелетке толмаған қызды зорлаған. Болған оқиғадан кейінірек хабардар болған қыздың ата-анасы дереу полицияға арыз берген" деп жазды басылым.
Сот қылмыстық істі жабық отырыста қарап, ер мен әйелдің аса ауыр қылмысқа қатысқаны толық дәлелденді деп ұйғарым шығарды.
Түрме жазасынан бөлек, сот екеуінен жәбірленушіге моральдық өтемақы ретінде 6 млн теңге және сот сараптамасын жүргізуге жұмсалған шығынның орнын толтыруға 3,6 теңге өндіріп алуға үкім етті. Үкім әлі күшіне енген жоқ.
Сот түрмеге кесілген екеудің кәмелетке толмаған екі баласы мемлекеттің тәрбиесіне алу туралы жеке қаулы қабылдаған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱16👍5❤3🔥2
Маңғыстау облысы Қарақия аудандық соты Иранның үш азаматын мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткені үшін кінәлі деп танып, оларды бір жылға бостандығынан айыру және жазасын өтегеннен кейін Қазақстан аумағынан шығарып жіберу туралы үкім шығарды. Мұндай ақпаратты облыс прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.
Ресми ақпаратта биыл 24 шілде күні Каспий теңізінде балық аулау кезінде Қазақстанның мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткен Иран Ислам Республикасының үш азаматын Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің өкілдері ұстағаны айтылған.
Үшеуінің үстінен Қылмыстық кодекстің 392-бабының 1-1-бөлігі ("топ адамның алдын ала сөз байласып, мемлекеттік шекараны өткізу бекеттерінен тыс жерде қасақана заңсыз кесіп өту") бойынша іс қозғалған.
Прокуратура таратқан ақпаратта сотты болған Иранның үш азаматының аты-жөні, жынысы, жасы және өзге деректері келтірілмеген. Сотта олардың мүддесін кім қорғағаны да белгісіз. Сот үкімі заңды күшіне әлі енген жоқ.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤8👍4🤬3🔥1😁1
6 қазанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы Тәуелсіздік сарайында елге мемлекеттік сапармен келген Оман сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидты қабылдап, екеуі келіссөз өткізді. Мұны Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Тоқаев Қазақстан екі ел арасындағы байланыстарды нығайтуға мүдделі екенін, сенімді серіктеске айналуы үшін барынша күш салатынын айтқан.
"Сіздің сапарыңыз аясында Доңға мұнай кен орнына қатысты маңызды келісімге қол қойылғанынан хабардармын. Бұл да қос тараптың өзара қарым-қатынасты ілгерілетуге мүдделі әрі дайын екенін көрсетеді. Мұны ортақ жетістігіміз деп санаймын" деген Тоқаев.
Оман сұлтаны Қазақстан басшысына қонақжайлық танытқаны үшін алғыс білдіріп, екі ел экономика, саяси және мәдени-гуманитарлық салаларда берік байланыс орнатады деп сенетінін жеткізген.
"Біз екі ел арасындағы барыс-келістің артуына мүдделіміз. Президент мырза, жылы қарсы алғаныңыз үшін тағы да алғыс айтамын. Өзіңізбен жақын арада Маскат қаласында жүздесеміз деп ойлаймын" деген Хайсам бен Тариқ Әл Саид.
Оман сұлтаны Астанаға 5 қазан күні түстен кейін келген, әуежайды оны Тоқаев қарсы алған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Telegram
Aqorda 🇰🇿
📸 t.me/aqorda_resmi
👍9🔥4❤2🤡2🤮1🐳1
Құқық қорғаушылардың мәлімдеуінше, Орталық Азияда азаматтық бостандықтарға қысым күшейіп, тәуелсіз ұйымдар, журналистер мен белсенділерге қысым артып, сын айтушыларды қудалау интернетте және аймақтан тыс жерлерде де таралып барады. Бұл туралы Варшавада қазанда өтетін ЕҚЫҰ-ның Адам құқықтары өлшемдері жөніндегі конференциясына дайындалған бірлескен мәлімдемеде айтылған.
Құжатқа қол қойған бірнеше халықаралық және өңірлік құқық қорғау ұйымының дерегінше, Қырғызстанда "шетелдік өкілдер" туралы заң өзін-өзі цензуралауға әсер етсе, Қазақстан шетелден қаржы алатын ұйымдарға есеп беру талаптарын күшейткен. Ал Тәжікстанда 2025 жылы 80-нен астам үкіметтік емес ұйым жұмысын тоқтатқан. Құқық қорғаушылар мұны қысым және қаржы қиындықтарымен байланыстырады.
Мәлімдемеде көрші мемлекеттердің ықпалын сынаған белсенділердің қудалануы да аталады. Қырғызстанда Мәулен Асқарбеков Қытай бизнесі жайлы мәлімдемелерінен кейін сотталған. Қазақстанда Шыңжаңдағы қазақтардың жоғын жоқтаған "Атажұрт" ұйымының 19 белсендісі, Пекин Астанаға дипломатиялық нота жолдағаннан кейін қылмыстық іс бойынша айып тағылып сотталған. Сондай-ақ құқыққорғаушылар Қазақстандағы бұрынғы діни қызметкер Иаков Воронцов пен Өзбекстандағы құқық қорғаушы Шохида Саломованың психиатриялық мекемелерге мәжбүрлі түрде жатқызылғанын мысалға келтірді.
Адам құқығын қорғаушы ұйымдар 2022 жылғы Қазақстандағы және Қарақалпақстандағы, сондай-ақ 2021-2022 жылдардағы Тәжікстанның Таулы Бадахшанындағы наразылықтарды басу кезінде заң бұзғандарды жауапқа тартуды талап етті. Құқыққорғаушылар билікті азаматтық белсенділікке қойылған шектеулерді қайта қарауға, бейбіт белсенділерді қудалауды тоқтатуға және құқықтарын жүзеге асырғаны үшін түрмеге жабылған адамдарды босатуға шақырды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤10👍7💯4
⚡Теңіз әскери күштерінің экс-қолбасшысы ұсталды
Қазақстан теңіз әскери күштерінің қолбасшысы болған Қанат Ниязбеков ұсталып, уақытша тергеу изоляторына қамауға алынды. Бұл туралы ІІМ хабарлады.
Министрлік Ниязбековтің Каспий теңізіндегі әскери қызметкерлердің қазасын тергеу барысында «қызметіне салғырт қарау» күдігімен ұсталғанын айтады.
🔹Каспийдегі әскерилердің қазасы
24 қыркүйекте Каспий теңізіндегі әскери жаттығу кезінде, күн райы бұзылып, 17 әскериді толық суға әкеткен еді. 14 әскери қаза тауып, үш сарбаз аман қалған.
Осы оқиғадан соң алдымен теңіз әскери күштері қолбасшысының орынбасары және бірнеше капитан ұсталған. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қызметінен алып, оның орнына Айдос Мырзахметовті тағайындаған еді. Қанат Ниязбеков те қызметінен босатылған.
Бұдан бөлек, Тоқаев ел әскеріндегі жағдайды тексеру үшін арнайы комиссия құрған.
Қазақстан теңіз әскери күштерінің қолбасшысы болған Қанат Ниязбеков ұсталып, уақытша тергеу изоляторына қамауға алынды. Бұл туралы ІІМ хабарлады.
Министрлік Ниязбековтің Каспий теңізіндегі әскери қызметкерлердің қазасын тергеу барысында «қызметіне салғырт қарау» күдігімен ұсталғанын айтады.
🔹Каспийдегі әскерилердің қазасы
24 қыркүйекте Каспий теңізіндегі әскери жаттығу кезінде, күн райы бұзылып, 17 әскериді толық суға әкеткен еді. 14 әскери қаза тауып, үш сарбаз аман қалған.
Осы оқиғадан соң алдымен теңіз әскери күштері қолбасшысының орынбасары және бірнеше капитан ұсталған. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қызметінен алып, оның орнына Айдос Мырзахметовті тағайындаған еді. Қанат Ниязбеков те қызметінен босатылған.
Бұдан бөлек, Тоқаев ел әскеріндегі жағдайды тексеру үшін арнайы комиссия құрған.
🔥10👍6👏3❤1💩1
Azattyq - Азаттық
2026 жылы физика саласындағы Нобель сыйлығы АҚШ-тың Висконсин-Мэдисон университетінде жұмыс істейтін бельгиялық ғалым Фрэнсис Хальценге IceCube нейтрино обсерваториясын құруға қосқан шешуші үлесі және астрофизикалық тектегі жоғары энергиялы нейтриноларды ("елестер бөлшектерін") ашқаны үшін беріледі.
1988 жылы Хальцен Жерге ғарыштың алыс қойнауынан жеткен нейтриноларды анықтау үшін оңтүстік полюстегі мұзды пайдалануды алғаш рет ұсынған. 2011 жылы Хальценнің арқасында Антарктидада жарыққа сезімтал мыңдаған детекторы бар бір текше километр мұздан тұратын IceCube обсерваториясы салынған.
Бұл детекторлар ғарыштан келетін жоғары энергиялы нейтриноларды анықтауға мүмкіндік береді. Бұл ғылымның жаңа саласын – нейтрино астрономиясын ашты делінген Нобель комитеті хабарламасында.
Осы аптадағы сәрсенбі күні химия саласы бойынша, 8 қазанда – әдебиет бойынша, ал 9 қазанда бейбітшілік саласында биылғы Нобель сыйлығы иегерлерінің аты-жөні жарияланбақ.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍16