Azattyq - Азаттық
✔
10.8K subscribers
11.7K photos
4.52K videos
19 files
24.8K links
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
Download Telegram
⛔️ Каспийдегі сарбаздар өлімі жайлы сұрағынан кейін Ulysmedia тілшісі аккредитациясыз қаласың деген ескерту алған

Ulysmedia тілшісі Әсем Ғұмарова Каспийдегі әскери жаттығу кезінде қаза тапқан 14 сарбазға қатысты сұрақ қойғаннан кейін редакция Құрылтай әкімшілігінен ескерту алған. Онда журналист "регламентті қайта бұзған жағдайда алты айға аккредитациядан айырылуы мүмкін" екені айтылған.

30 қыркүйекте Құрылтайда өткен брифингте Ғұмарова депутат Үнзила Шапақтан қаза болған сарбаздардың отбасыларына жиналған 146 млн теңгенің қашан берілетінін, ал ІІМ вице-министрі Санжар Әділовтен Threads-тағы сыни пікірлер иелеріне постыларын өшіруді талап етіп қоңырау шалғандар туралы сұрақ қойған. Құрылтай бұл сұрақтарды іс-шараның күн тәртібіне қатысы жоқ деп бағалаған.

"Әділ сөз" қоры мұны қауіпті прецедент деп атады. Қор президенті Нәзира Дәрімбеттің айтуынша, журналистерді күн тәртібінен тыс сұрақ қойғаны үшін аккредитациядан айырумен қорқыту өзін-өзі цензуралауға әкелуі мүмкін. Оның пікірінше, ішкі регламенттер сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығының кепілдіктерін алмастырмауы керек.

Биыл күзде жаңа Құрылтай жұмысқа кіріскен күні БАҚ өкілдері парламенттегі брифингтің күн тәртібіндегі тақырыптан тыс сұрақ қоюға шектеу қойылған жаңа талап енгізілгенін естіген. Сөз бостандығын және адам құқықтарын қорғайтын ұйымдар билікті бұл шектеулерді алып тастауға үндеген.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬45❤2😁2😢2💩2
Ресейдің Кореядан мұнай өнімдерін импорттауы: Киев реакция білдірді

Ресей 2026 жылдың шілдесі мен тамыз айларында Оңтүстік Корея порттарынан 176 мың тоннадан астам мұнай өнімдерін импорттаған, бұл Мәскеуге украин дрондары Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарын соққылағаннан кейін туындаған отын дағдарысын еңсеруге көмектескен. Бұл жөнінде 6 қазанда Украина президентінің санкция саясаты жөніндегі уәкілі Владислав Власюк Facebook-та жазды. 💻

Власюктың айтуынша, тамыз айында Ресей импорттаған мұнай өнімдерінің 31%-ы Оңтүстік Кореядан келген. Шенеуніктің сөзінше, мұнай өнімдерін Батыс санкциясына ілінген танкерлер де тасымалдаған. 🚢

Reuters агенттігі украин шенеунігінің бұл мәлімдемесі Сеул мен Киев арасындағы дипломатиялық дау кезінде айтылғанына назар аударады. Мұндай дау өткен айда Украина президенті Владимир Зеленский екі солтүстіккореялық әскери тұтқын Оңтүстік Кореяға берілгенін айтқаннан кейін басталды. Сеулдің пікірінше, бұл жайт құпия сақталуы керек болған. 🤝
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎14🤬5🔥1
Azattyq - Азаттық
Қазақстан СІМ Ресейге нәпақа табу үшін барып, соғысқа алынған қазақстандықтардың үндеуіне реакция білдірді Ведомство 2 қазан кешке жариялаған мәлімдемесінде “соғыс қимылдары жүрiп жатқан аймақта жүрген қазақстандықтардың туыстарынан келетін өтініштерді қабылдау…
Қазақстан СІМ соғысқа алынған қазақстандықтарды қайтару бойынша Ресеймен келіссөз жүргізіп жатқанын хабарлады. Ведомство өкілдерінің айтуынша, жедел желіге өтініштер түсіп жатыр. Қазір әрбір адамға қатысты ақпарат тексеріледі.

“Тексеріс аяқталғаннан кейін тізім Ресей жағына жіберіледі” деді СІМ өкілдері.

Министрліктің айтуынша, Ресеймен келіссөз әртүрлі деңгейде жүріп жатыр. Ведомство елдің қазақстандықтарды соғыс ошақтарынан қайтару тәжірибесі барын еске салды.

Бұған дейін бірнеше қазақстандық Ресейге жұмысқа тұруға барып, өздерін соғысқа әкеткеніне шағымданып, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұраған еді. Ізінше ведомство “соғыс қимылдары жүрiп жатқан аймақта жүрген қазақстандықтардың туыстарынан келетін өтініштерді қабылдау үшін” арнайы желі жұмыс ашылғанын хабарлады.
😱13❤5👍3😁1🤯1🤬1
Құрылтай депутаты Татьяна Савельеваның өкілеті мерзімінен бұрын тоқтатылды. Оның кету себебі белгісіз.

7 қазанда дауыс беруден кейін Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебай Савельеваға жұмысы үшін “алғыс айтып”, “жаңа жауапты орында” сәттілік тіледі. Нақты қай орын екені айтылмады.

Exclusive-тің жазуынша, 30 қыркүйекте Савельева ұлттық экономика және ұлттық банк төрағасына депутаттық сауалында “мемлекеттік қолдауға ие банктер бизнесті несиелендіруге асықпайды” деген еді. 5 күн бұрын әлеуметтік желіде 2027-2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасындағы әлеуметтік бөлігінің шығыны қарала басталғанын хабарлап, қоғамдық қабылдау арқылы азаматтарды қабылдау жүріп жатқанын жазған.

Ол Құрылтайға “Әділет” атынан сайланды. Қаржы және бюджет комитетіне мүше болды. 8-шақырылымдағы мәжіліске Amanat атынан депутат болды. Бұрын қаржы вице-министрі болған.

Сурет: 2023 жыл
🔥6🥱4🤬3😁1
Otkir kurek басылымына Құрылтайға аккредитация берілмеді

Басылымның бас редакторы Назымгүл Күміспаеваның хабарлауынша, редакция тиісті құжаттардың барлығын уақытында жіберген. Ақпарат құралы тіркелген.
“Осы тұста тәуелсіз БАҚ-қа заң шығарушы органның ғимаратында жұмыс істеуге рұқсат бермеу күрделі сұрақтар туғызады. Егер OTKIR KUREK барлық талапты орындап, ешқандай заң бұзбаған болса, неге бізге аккредитация берілмеді? Біз тәуелсіз БАҚ болғандықтан ба? Мемлекет қаржысына тәуелді болмағанымызда ма? Әлде редакциялық саясатымызды өзіміз анықтағандықтан ба? Немесе елдегі өзекті мәселелерді жариялап, сөз бостандығын қорғағандықтан ба? Не себепті бас тартып отыр?” деп жазды редакция.

Олар Қазақстан Конституциясы сөз бостандығы, ақпарат алу мен тарату құқығына кепілдік беретінін, цензураға тыйым салатынын еске салады. “Конституцияны, өз ережелерін сақтау мен қоғам мен ақпарат құралдарына ашықтықты заң шығарушы органның өзі бірінші болып орындамағанда кім орындайды?” деді редакция өкілдері.
🤬24
Тоқаев Әскер Бейсеновті қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатты. Ақорда сайтында тиісті өкім шықты.

Бірнеше сағат бұрын өкілеті тоқтатылған Құрылтай депутаты Татьяна Савельева қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
🤬24😁8🤔4💩4
Ресейдегі оба күдігі: қауіп деңгейі қандай?

Ресейде зертхана қызметкері өкпе обасынан өлген болуы мүмкін деген күдік қауіпті ауру тарап кетпей ме деген сұрақ тудырып, бүкіл әлемді алаңдатып қойды. Бірақ өкпе обасы қаншалық тез тарайды, бүгінде ол қаншалық қауіпті және зертханалар осы ауруға әкелетін бактерияны неге ұстайды?

Азаттық радиосы Лондон гигиена және тропикалық медицина мектебінің (университет) микробтық патогенез профессоры Брендан Ренмен Ресейдегі жағдай және биліктің оны ауыздықтау үшін жасап жатқан шаралары туралы сөйлесті. Рен жұмыс істейтін мекеме өкпе обасын тудыратын Yersinia pestis бактериясын да зерттейді.

👉Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱13❤1🤬1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Бакуда дзюдо бойынша өтіп жатқан әлем чемпионатында жүлдегерлерге медаль тапсырғандар арасында Халықаралық дзюдо федерациясының басшылығына кіретін қазақстандық Тимур Кемел де болды. Оның Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлы екені айтылады.
🤬19👍6🤔3💩3🥱1🤨1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Астанада туыстары Ресейге нәпақа табуға барып, соғысқа алынған қазақстандықтардың жақындары сыртқы істер министрлігі алдына жиналды. Олар жақындарын соғысқа әкете ме деп уайымдайды. Заңгер Мейірман Шекеевтің сөзінше, оларды сыртқы істер министрінің орынбасары қабылдап, ұсыныс, талап-тілектерін тыңдаған.

Бұған дейін “Ресейге нәпақа табуға барып, алдандық” деген бір топ қазақстандық сол жақтан видеомәлімдеме жазып, өздерін соғысқа әкететінін айтып, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұраған еді. Қазақстан СІМ оларды қайтару бойынша келіссөз жүріп жатқанын айтқан.
🙏19🔥7❤2🤔2
БҚО соты ресейлік бұрынғы әскери қызметкерді елден шығарды

Батыс Қазақстан облысының Бөкей орда аудандық соты Қазақстан аумағында ұсталған бұрынғы әскери қызметкерді елден шығару туралы шешім шығарды. Бұл жөнінде “Мой город” басылымы жазды.

Басылымның жазуынша, ер адам 2025 жылы шілдеде қызметін өз еркімен тастап кеткен. Ресейдің құқық қорғау органдарынан жасырынған ол биыл мамырда Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өткен. Орал қаласына барып, одан әрі қарай Таразға жетіп, әрі қарай үшінші мемлекетке кетуді жоспарлаған. Алайда ҰҚК қызметкерлері оны ұстаған.

Сот кезінде ол тағылған айыпты толық мойындап, “амалсыз қашуға мәжбүр болғанын” айтып, өзін түрмеге жаппауды, елден шығармауды сұраған.

Сот оған “шекараны заңсыз кескені үшін” 865 мың теңге айыппұл салып, елден шығаруды үкім етті. Бес жылға елге келуге тыйым салды. Сот жаңа Конституцияның қабылдануына орай рақымшылық заңын қолданып, оны айыппұлдан толық босатты, бірақ оны елден шығару туралы шешімді күшінде қалдырды. Сот шешімі күшіне енді.
👍10🤔1🤯1🤬1
Химия бойынша Нобель сыйлығын Анри Каган және Кэнсо Соаи иеленді

2026 жылы химия бойынша Нобель сыйлығы Анри Каган және Кэнсо Соаиға “молекуланың бір-біріне ұқсас “егіз” формасының бірін басым түрде алуға мүмкіндік беретін механизмді ашқаны үшін” берілді.
“Анри Каган мен Кенсо Соаи бір ғасырдан астам уақыт бойы химия саласында гомохиральдылық (homochirality) қалай өздігінен пайда болуы мүмкін деген жұмбақтың шешімін тапты. Олар әзірлеген химиялық реакциялар таңқаларлық” деді химия бойынша Нобель комитетінің төрағасы Хайнер Линке.

Бұған дейін ғалымдар аминқышқылдар сияқты молекулалардың бір-бірінен аумайтын екі нұсқасы барын анықтаған. Алайда тірі ағзаларда “егіздердің” бірі ғана болады. Мұндай химиялық асимметрия ғалымдар үшін ұзақ уақыт жұмбақ болды. Ал Каган мен Соай соны шешкен.
👏14❤2👍2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ресейде жүрген бір топ қазақстандықтың соғысқа жіберілу қаупі бар. Олардың туыстары бірнеше күннен бері мемлекеттік органдардан көмек сұрап, балаларын қауіпсіз жерге шығаруды талап етіп отыр.
😱15🙏6🤬3🔥1
Прокурор діни қызметкер Иаков Воронцовты 4 жыл түрмеге жабуды сұрады. Воронцовқа “заңсыз есірткі айналымы” (296-бап) бойынша айып тағылған, ол өзіне тағылған айыпты жоққа шығарады. Воронцовқа үкім бүгін, 7 қазанда сағат 18.30-да оқылады.

Оның соты жабық өтті. Бұрынғы діни қызметкер Украинадағы соғысты айыптап, Ресейдің әрекеттерін сынаған.

Сурет: Оқырман жіберген сурет
🤬23😁3👍1😱1
Azattyq - Азаттық
Прокурор діни қызметкер Иаков Воронцовты 4 жыл түрмеге жабуды сұрады. Воронцовқа “заңсыз есірткі айналымы” (296-бап) бойынша айып тағылған, ол өзіне тағылған айыпты жоққа шығарады. Воронцовқа үкім бүгін, 7 қазанда сағат 18.30-да оқылады. Оның соты жабық өтті.…
❗Бұрынғы діни қызметкер Иаков Воронцовқа сот үкімі шықты

Алматы қаласы Медеу ауданының соты бұрынғы діни қызметкер Иаков Воронцовты төрт жылға түрме жазасына кесті. Бұған дейін прокурор Воронцовқа төрт жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұраған еді.
Бұрынғы діни қызметкерге "Есірткі заттарын сату ниетімен заңсыз өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау немесе тасымалдау" бабымен айып тағылған. Ол өзіне тағылған айыпты жоққа шығарады.

🔹"Саяси тапсырыс" және соғысқа қарсылық

Воронцов биыл қамауға алынған. Ал 16 қыркүйекте сот істі жабық қарай бастады. Сот процесі басталғанда ол "Азаттық Азия" тілшісіне "Меніңше, бұл – Ресей тарапынан түскен саяси тапсырыс. Бұл – заңсыз қылмыстық қудалау" деді.

Иаков Воронцов 2022 жылы Ресей Украинаға қарсы бастаған соғысты тоқтатуды талап еткен православ діни қызметкерлерінің ашық үндеуіне қол қойғандардың бірі ретінде көпшілікке танылған. 2023 жылы тамызда Орыс православ шіркеуі оны діни дәрежесінен айырды. Содан кейін Воронцов Қазақстанда Мәскеу патриархатына бағынбайтын, өзін-өзі басқаратын дербес православ діни бірлестігін құруға талпынды. Алматы қаласының әділет департаменті ол ұйымды тіркеуден бас тартты. Бұған келіспеген Воронцов әділет министрлігінің үстінен сотқа жүгінген еді, бірақ бірнеше күннен кейін өзі ұсталды.

🔹Психикалық ауытқу таппады

Воронцов қамауда болған кезде билік оны мәжбүрлеп емдеуге Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға бір айға жатқызды. Сол кезде қазақстандық адам құқықтары және заңдылықты сақтау бюросы дәрігерлер Воронцовтың денсаулығынан ешқандай психикалық ауытқу таппады деп хабарлаған. Кейін оны қайтадан тергеу абақтысына ауыстырды.
🤬13👍1
Azattyq - Азаттық
❗Бұрынғы діни қызметкер Иаков Воронцовқа сот үкімі шықты Алматы қаласы Медеу ауданының соты бұрынғы діни қызметкер Иаков Воронцовты төрт жылға түрме жазасына кесті. Бұған дейін прокурор Воронцовқа төрт жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұраған еді. Бұрынғы…
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Воронцовтың адвокаты үкіммен келіспейтінін мәлімдеді

4 жылға сотталған бұрынғы діни қызметкер Иаков Воронцовтың адвокаты Ғалым Нұрпейісов сот үкімімен келіспейтінін айтты. Ол үкімге шағым түсіреміз деп мәлімдеді.

«Иаков Воронцовтың үйінен сол нәрсені тауып алды да, ол айыпты деп тапты. Сол нәрсенің оған тиесілі екеніне ешқандай дәлел жоқ. Сондықтан басында-ақ айыпты деп табуға дәлел жеткіліксіз деп айтып келдік» деді ол.
🤬16❤2👍1😁1
🇪🇸 Испанияда үйінен күштеп шығарылғаны жаппай наразылық тудырған қарт әйел қайтыс болды

Испанияда ондаған жылдар бойы тұрып келген пәтерінен мәжбүрлеп шығарылғаны елде жаппай наразылықтарға ұласқан Марикармен Абаскаль 87 жасында қайтыс болды. Бұл туралы El Mundo басылымы жазды. Абаскаль үйінен шығарылған сәттен бастап ауруханада жатқан.

"Оның үйіне қайта оралуына мүмкіндік беретін тарихи келісімге қол жеткізілгенімен, бұл шешім тым кеш қабылданды" деп мәлімдеді тұрғын үй жалдаушылар одағы.

23 қыркүйекте Марикармен Абаскаль 70 жылдан астам уақыт тұрып келген пәтерінен күштеп шығарылған. Пәтерді Urbagestión инвестициялық қоры сатып алғаннан кейін, жалға алу құны 500 еуродан 2650 еуроға дейін көтерілген. Оны төлей алмаған Абаскальдің берешегі жиналып, ақыр соңында сот оны пәтерден шығару туралы шешім қабылдаған. Әйелді үйінен зембілге салып алып шығып, кейін жедел жәрдем көлігі оны ауруханаға жеткізген.

Осыдан кейін Испанияда жұрт Абаскальді қолдау акциясына жаппай шығып, биліктен елдегі ушығып тұрған тұрғын үй дағдарысын шешуді талап еткен.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱21👍3
❗️ Оралда екі жасөспірім көпқабатты үйдің төбесінен құлап мерт болды

Батыс Қазақстан облысы орталығында 14 және 16 жасар екі жасөспірім көпқабатты тұрғын үйдің шатырынан құлап қаза болған. Мұны жергілікті "Мой город" басылымы жазды.

Бейресми ақпарат бойынша, оқиға 6 қазанда кешкі мезгілде болған.

Бұл оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, екі жасөспірім қалай және қандай жағдайда қаза болғанын анықтап жатыр.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱23😁1
📶 Қазақстан бойынша "Транстелеком" байланыс желісінде ақау пайда болды

8 қазанға қараған түннен бастап бүкіл Қазақстан бойынша "Транстелеком" байланыс операторы желісінде ақау болып жатыр. Мұны бейсенбі күні таңертең компанияның call-орталығы растады деп жазды ҚазТАГ.

Байланыс операторының мәліметінше, түн ортасына таман интернет байланысы нашарлап кеткені немесе мүлдем істемей қалғаны байқалған. Бұл ақау елдің барлық өңіріндегі абоненттерге әсер еткен. Компания ақауға не себеп болғанын әзірше хабарлаған жоқ.

"Транстелеком" қазіргі уақытта техникалық мамандар байланысты қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатқанын айтқан. Бірақ байланыс нақты қай уақытта орнайтынын айтпады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎11😁1
😡 Шымкентте екі жұмысшы газдан уланып қайтыс болған

7 қазанда Шымкенттің орталығында су құбырын ауыстырып жүрген екі жұмысшы иіс тиіп қаза болған.

Жергілікті басылымдардың жазуынша, жекеменшік компанияда жұмыс істейтін 20-22 жастағы үш азамат су құбырын ауыстыру үшін құдыққа түскеннен кейін едәуір уақыт бойы байланысқа шықпаған.

Оларды іздеп барған өзге жұмысшылар құдықта ес-түссіз жатқан үшеуін сыртқа алып шыққан.

Шымкент қаласы полиция департаментінің алдын ала мәліметінше, екі жұмысшы құдық ішінде жиналып қалған газдан уланып, сол жерде көз жұмған. Үшінші жұмысшыға шұғыл медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ол өз-өзіне келіп, дәрігерлер оны үйіне жіберген.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱19😐2😁1
Azattyq - Азаттық
📶 Қазақстан бойынша "Транстелеком" байланыс желісінде ақау пайда болды 8 қазанға қараған түннен бастап бүкіл Қазақстан бойынша "Транстелеком" байланыс операторы желісінде ақау болып жатыр. Мұны бейсенбі күні таңертең компанияның call-орталығы растады деп…
8 қазан күндіз "Транстелеком" Қазақстандағы ауқымды ақаудан кейін интернет байланысы қалпына келгенін хабарлады.

"Интернет байланысы толық қалпына келтірілді, қазір желі әдеттегі режимде жұмыс істеп тұр. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс айтамыз" делінген компания сайтында жарияланған ақпаратта.

"Транстелеком" ауқымды ақаудың нақты себебін айтпады.
👍9😁2