АҚШ президенті Дональд Трамп қараша айында Қытайда өтетін Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы саммиті аясында АҚШ, Ресей және Қытай басшыларының үшжақты кездесуіне қатысуға кетәрі емес. Ол мұны 19 қазанда журналистерге мәлімдеді.
Трамп үшжақты кездесуге әлі нақты келісім бермегенін, бірақ Қытай басшысы Си Цзиньпин мен Ресей президенті Владимир Путин мұндай келіссөз өткізгісі келсе, "солай істейтінін" айтты.
Оның сөзінше, кездесудің негізгі тақырыбы үш мемлекеттің ядролық қару-жарақтан бас тартуы болуы мүмкін. Трамп сондай-ақ Украинадағы соғыс мәселесі де талқылануы мүмкін екенін, ондай талқылау Украина президенті Владимир Зеленскийдің қатысуынсыз да өтуі ықтимал екенін жеткізді.
Трамп, Си Цзиньпин және Путиннің үшжақты кездесу өткізу мүмкіндігі жайлы дүйсенбіде алдымен The Wall Street Journal жазған. Басылым өз дереккөздеріне сүйеніп, кездесу өткізу идеясы Путиннен шыққан және ол Украинадағы соғысты талқылап, Ресей ұсынған бейбітшілік талаптарына қолдау тапқысы келеді деп хабарлаған.
WSJ дерегінше, Путин Трамппен 9 қазанда телефонмен сөйлескенде әлгіндей ұсыныс жасаған. Кремль өкілі Дмитрий Песков мұндай кездесу өткізу мүмкіндігі талқыланып жатқанын растады.
Украинаның сыртқы істер министрі Андрей Сибига ондай үшжақты кездесуге және онда Украина мәселесін талқылауға қарсы шықты. Еуропа одағы өкілдері де бұған алаңдаушылық білдірді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬12🤡9💩3❤1
Өскемендік 19 жастағы Камир Нұрғалиевті Ресейде бейтаныс адамдар күш көрсетіп, қоқан-лоқы жасап, әскери келісімшарт делінген әлдебір құжаттарға мәжбүрлеп қол қойғызып алған. Қазір отбасы оның тағдырына алаңдап отыр. Мұны жігіттің Қазақстанда тұратын анасы айтты деп хабарлады "Уральская неделя".
Туыстарының сөзінше, биыл көктемде Қазақстанда колледжді бітіргеннен кейін Ресейге ақша табам деп кеткен Камир тамыз айына дейін Гагарин қаласындағы шұжық өндіретін кәсіпорында жұмыс істеген. Кейін Ульяновск қаласында тұратын досына барған. Анасы ұлым Қазақстанға қайтпақшы болып жүрген дейді.
15 қазанда Камир немере ағасына Telegram мессенджерінен бөтен адамның аккаунтынан хабарласып, басынан өткен жайтты қысқаша баяндаған.
Ол Ульяновск көшесінде досымен бірге кетіп бара жатқан кезде микроавтобуспен жолын кес-кестеген бейтаныс адамдар ұрып-соғып, Ресей қорғаныс министрлігімен келісімшарт деп көрсеткен құжаттарға қол қоймасаң, сенен есірткі табылғаны жөнінде іс қозғаймыз деп қорқытқанын айтқан. Камир телефонын өзге адамдар тартып алғанын, денесі көгеріп қалғанын жеткізіп, мені құтқарыңдар деп Қазақстандағы отбасынан көмек сұраған.
Анасының сөзінше, Камир өзінің нақты қай жерде екенін білмейтінін айтып, "даладамын" деп сипаттаған. Және өзін Ростов жаққа "оқуға" әкетпекші болып жатқанын хабарлаған. Шешесі ұлының хал-жағдайын, қай жерде екенін анықтауға және оны елге қайтаруға жәрдем сұрап Қазақстанның сыртқы істер министрлігіне жүгінген.
Үй іші Ресейде Камирді ұстап отырғандар оны майдан шебіне алып кете ме деп қауіптенеді. Жігіттің отбасына Қазақстанның Қазандағы консулдығы қызметкерлері хабарласып, көмектесуге уәде еткен деп жазды хабарлады "Уральская неделя" басылымы.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤯10🤬7❤1
Қазақстанда "11М" қоғамдық-саяси қозғалысы мүшелерінің үйлерін тінтіп, қозғалыстың негізін қалаушылардың бірі Рүстем Амангелді екі айға үйқамаққа алынды. Мұны белсенді Әлнұр Ілияшев айтты деп хабарлады Қазақстанның адам құқықтары жөніндегі бюросы.
Ілияшевтің сөзінше, 4 және 15 қазан күндері оның және қозғалыстың тағы бір негізін қалаушы Владимир Дворецкий мен олардың серіктестерінің баспаналарында тінту өткен. Күштік құрылымдар өкілдері әлгі адамдардың құжаттары, телефондары мен компьютерлеріне қоса туыстарының бұйымдарын да алып кеткен.
Рүстем Амангелді 13 қазанда ұсталды. Оған сот актісін орындамады деген айып тағылған. Ілияшев болып жатқан жайттарды қозғалыс мүшелеріне жасалған қысым деп бағалады. Ол өз үндеуінде бұл қудалау елде мерзімінен бұрын өтуі ықтимал президент сайлаумен және биліктің сайлаушылардың тәуелсіз бірлестігінің іс-әрекетіне жол бермеу талпынысымен байланысты болуы мүмкін деген болжам айтты.
"Қазіргі жағдайда бізге оқиғалардың бұдан әрі қалай өрбитінін болжау қиын. Біз "Заң мен тәртіп" қағидатын қатаң сақтау және жаңа Конституцияға сүйену баянсыз уақытта өзімізге тірек болады деп үміттендік. Алайда белгілі бір жағдайларда бұл қағидаттар жұмыс істемейтініне көзіміз жетті", – деп жазды белсенді.
Биыл қыркүйектің басында Ілияшев пен белсенді Марат Тұрымбетовтің үйінде де тінту жүргізілген еді. Екеуіне қатысты алаяқтық дерегі бойынша іс қозғалған. Алматы қалалық прокуратурасы бұған шетел азаматының арызы негіз болғанын хабарлаған.
Тұрымбетов әлі үйқамақта отыр. Оның адвокаты құпияны жарияламау туралы қолхат бергендіктен істің мән-жайын аша алмайтынын айтты. Жақтастары гемодиализге мұқтаж белсендінің денсаулық жағдайына алаңдап отыр.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬15👏2
👺 Алматыда үш университетті дүрліктірген "бомба қойылғаны" жайлы хабар расталмады
20 қазанда Алматыда шұғыл қызметтер бомба қойылғаны туралы хабар түскеннен кейін үш университеттің ғимаратын тексеріп шықты. Жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат расталмады деп хабарлады кейінірек қалалық полиция департаменті.
Қаланың түрлі ауданында орналасқан жоғары оқу орындарына жедел жеткен арнайы мамандар ғимараттар мен олардың маңындағы аумақтарды тексерген.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде сейсенбі күні таңертең Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университетінің (UIB) электрон поштасына қауіп төніп тұрғаны жазылған хат түскені туралы ақпарат тараған. Хатта ғимаратқа жарылғыш құрылғы қойылғаны айтылған.
Басылымның дерегінше, университетті күзет қызметкерлері мен учаскелік инспекторлар тексерген. Студенттер тексеру аяқталғаннан кейін өздеріне ғимаратқа қайта кіруге болатыны айтылып, оқу әрі қарай жалғасқанын айтты.
Полиция жарылғыш зат қойылды делінген қалған екі жоғары оқу орнын атаған жоқ.
20 қазанда Алматыда шұғыл қызметтер бомба қойылғаны туралы хабар түскеннен кейін үш университеттің ғимаратын тексеріп шықты. Жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат расталмады деп хабарлады кейінірек қалалық полиция департаменті.
Қаланың түрлі ауданында орналасқан жоғары оқу орындарына жедел жеткен арнайы мамандар ғимараттар мен олардың маңындағы аумақтарды тексерген.
"Тексеру нәтижесінде жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат расталмады. Қауіпті заттар табылған жоқ", – деп мәлімдеді полиция өкілдері.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде сейсенбі күні таңертең Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университетінің (UIB) электрон поштасына қауіп төніп тұрғаны жазылған хат түскені туралы ақпарат тараған. Хатта ғимаратқа жарылғыш құрылғы қойылғаны айтылған.
Басылымның дерегінше, университетті күзет қызметкерлері мен учаскелік инспекторлар тексерген. Студенттер тексеру аяқталғаннан кейін өздеріне ғимаратқа қайта кіруге болатыны айтылып, оқу әрі қарай жалғасқанын айтты.
Полиция жарылғыш зат қойылды делінген қалған екі жоғары оқу орнын атаған жоқ.
❤6🤬2🔥1😁1💩1
Армения премьер-министрі Никол Пашинян мемлекеттік хаттама қызметінің жетекшісі Гагик Ваноянды қызметінен босатты. Бұл шешім Пашинян елге алғаш рет ресми сапармен келген Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен кездесу кезінде "Қазақстан президенті" деп жаңсақ айтып қалғаннан кейінірек, 19 қазанда белгілі болды.
Пашинян 17 қазанда Ереванда өткен келіссөздер қорытындысы бойынша баспасөзге мәлімдеме жасап тұрып жаңылысқан еді. Алдын ала дайындалған мәтінді оқып жатып Пашинян: "Ең алдымен Қазақстан президенті Садыр Жапаровқа Арменияға қош келдіңіз дегім келеді", – деген. Бұл туралы Азаттықтың Армян – Азатутюн радиосы жазды.
Ресми шешімде Ваноянның қызметтен босатылуының себебі көрсетілмеген. Армения үкіметі Азатутюн радиосының ресми сауалына премьер-министр шешіміне түсініктеме бермейтінін хабарлады.
Ваноянның қызметтен кетуі премьердің жаңылысқанына байланысты ма, жоқ па – ол жағы ресми түрде расталған жоқ.
Гагик Ваноян мемлекеттік хаттама қызметін 2022 жылдың желтоқсан айынан бері басқарып келген. Биыл тамыз айында Пашинян оны осы лауазымға қайта тағайындаған еді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😁8❤7🥱2🤣2
Қазақстанда есірткі контрабандасына қатысы болуы мүмкін деген күдікпен ұсталған ресейлік рэпер Navai-ға (Наваи Бахманоғлы Бакиров) қатысты қылмыстық іс тоқтатылып, музыкант елден шығарылды.
Жамбыл облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес,
рэпер "алғаш рет құқық бұзғанын және кінәсін мойындап, шынайы өкінгенін ескере отырып, іс ақталмайтын негіз бойынша тоқтатылған". Бұл процестік шешімді прокуратура бекіткен.
Бакиров 13 қазанда Жамбыл облысы "Қордай" шекарасы маңындағы бақылау-өткізу бекеті арқылы Қазақстанға кіргенде ұсталды. Полиция рэпер мінген көліктен есірткі табылғанын хабарлаған. Бірақ қандай есірткі және көлемі қанша екенін айтпады.
Осы жайт бойынша, қылмыстық іс қозғалып, 15 қазанда сот рэперді екі айға қамауға санкция берген. Бакиров Тараз қаласындағы тергеу изоляторына қамалған.
Ресейдің Алматыдағы бас консулдығы Қазақстанның сырткы істер министрлігіне жағдайды түсіндіруді сұрап нота жолдаған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😡27👎9🤬3💩3🥱2🙈1
Қазақстанның адам құқықтары жөніндегі уәкілі Артур Ластаев оппозициялық белсенді әрі марафоншы Марат Жыланбаев өз өтініші бойынша жеке камерада отыр деп түсіндірген Ulysmedia.kz тілшісіне.
Ластаев қазір Степногорскідегі қамау мекемесінде жазасын өтеп жатқан Жыланбаевқа бірнеше рет барғанын, одан арыз-шағым түспегенін айтқан.
"Онымен кездескен кезде жеке камерада отырған еді. Өзі мұны арықтауына байланысты екенін ашық айтты. Бұл ол үшін маңызды, өйткені марафонға дайындалып жүр. "Бостандыққа шыққанда өз рекордымды жаңартуым керек" деді ол. Адам арықтаған кезде белгілі бір процестер жүреді, сол уақытта жалғыз болғаны дұрыс, оған осылай тыныштырақ. Ол өзіне қатыгездік көрсетілгені туралы ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ", – деген Ластаев.
Ал адвокаттардың Жыланбаевпен кездесуіне неліктен рұқсат берілмегені жайлы сұраққа Ластаев әзірше түсінік бере алмаймын деп жауап қатқан.
Айдың бас кезінде Варшавада өткен ЕҚЫҰ конференциясында құқық қорғаушылар Марат Жыланбаевтың қатаң жағдайда қамауда отырғанын, адвокаттар бірнеше рет талпынғанымен, мекеме әкімшілігі онымен жолықтырудан бас тартқанын мәлімдеген. Жыланбаевпен ұзақ мерзімді кездесуге рұқсат ала алмай жүрген туыстары бұған дейін оның денсаулығына алаңдайтынын айтқан.
Марат Жыланбаев өзіне шығарылған үкімге наразылық білдіріп түрмеде бірнеше рет аштық жариялаған. Былтыр тамызда оның адвокаты Мейіржан Досқараев жұртқа түрмедегі белсендінің "емделу үшін" аштық жариялағанын айтып жүрген омбудсмен өкілдерінің сөзін Жыланбаев жалған деп атап, жоққа шығарғанын көпшілікке жеткізген.
Адвокаттары мен құқық қорғаушылар белсендінің денсаулығы нашарлағанын айтып, биліктен оны ауруханаға жатқызуды талап еткен. Қылмыстық атқару жүйесі комитеті Жыланбаевтың денсаулық жағдайы "қанағаттанарлық" деп мәлімдеген.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😡16💩3❤1
АҚШ-тың Орталық Азиядағы күн тәртібінен адам құқығы мәселесі неліктен шеттетіліп қалды? Бұл ұзақмерзімді тренд пе? Ресей мен Қытай ықпалы зор бұл аймақта Вашингтон қандай рөл атқармақ? АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубионың Самарқанға сапары қарсаңында Азаттық осы сұрақтарды Вашингтонның Ташкент пен Астанадағы елшісі болған Дэниел Розенблюмға қойды.
Толық оқу үшін төмендегі INSTANT VIEW жазуын басыңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Азаттық радиосы
Экс-елші Дэниел Розенблюм: АҚШ Орталық Азияда бұдан да ықпалды ойыншыға айнала алады
АҚШ-тың Орталық Азиядағы күн тәртібінен адам құқығы мәселесі неліктен шеттетіліп қалды? Бұл ұзақмерзімді тренд пе? Ресей мен Қытай ықпалы зор бұл аймақта Вашингтон қандай рөл атқармақ? АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубионың Самарқанға сапары қарсаңында Азаттық…
🔥6👍4
20 қазанда Павлодар облыстық қылмыстық істер соты кәмелетке толмаған апалы-сіңлілі екі қызды зорлап, оларға ВИЧ жұқтырған 48 жастағы ер адамды өмір бойына бостандығынан айырды.
Бұл қылмыс 2025 жылы желтоқсан айының ортасында жасалған деп хабарлады жергілікті басылымдар.
Сот Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айыптар тағылған ер адам ауыр қылмыс жасағаны үшін кінәлі деген үкім шығарды.
Мүгедектігі бар екі қыз қылмыс жасалған кезде 10 және 11 жаста болған. Олардың анасы әлгі ер адаммен 2018 жылдан бері бірге тұрып келген. Әйелдің айтуынша, ол бұған дейін де қыздарын оның қарауына қалдырып жүрген. Қылмыс жасалған күні қыздардың анасы үйде болмаған.
"Жасалған қылмыстар жиынтығы бойынша, өмір бойына бостандығынан айыру түпкілікті жаза болып белгіленсін", – деді үкімді оқыған судья Жанна Нығыбаева.
Жабық өткен соттың үкімі көпшілік алдында жарияланды. Оған сәйкес, сотталған адам жазасын төтенше қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬17🤯3
Ресей армиясы қатарындағы шетелдік жалдамалылардың әрбір екіншісі дерлік – Орталық Азияның бес елінің бірінің азаматы. Украинаның "Хочу жить" мемлекеттік жобасы осындай дерек жариялады.
Жобаның мәліметінше, 1 қазандағы жағдай бойынша, Ресей Украинаға қарсы ашқан соғысқа Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан мен Тәжікстанның 20 437 азаматын тартқан. Бұл Ресей армиясы сапындағы анықталған барлық шетелдік жалдамалылардың 44 пайызына тең.
Жоба есебінше, Өзбекстаннан 2022 жылдан бері Украинаға қарсы соғысқа 8 207 адам; Тәжікстаннан – 5 308; Қазақстаннан – 3 819; Қырғызстаннан – 2 219; Түркіменстаннан – 884 адам тартылған.
"Хочу жить" жобасы аймақтағы бес мемлекеттен Украинадағы соғысқа тартылған жалдамалылардың жиынтық саны Тәжікстан армиясының құрамынан да асып түсетінін атап көрсеткен.
"Кейінгі жылдары Ресей бұл аймақтан адам жалдау ауқымын айтарлықтай кеңейтті. 2025 жылы Ресей қорғаныс министрлігімен келісімшартқа отырған бес мемлекет азаматтарының саны оның алдындағы жылғы көрсеткіштен екі есеге асып түсті", – деп хабарлады "Хочу жить".
Биыл сәуір айында "Хочу жить" жобасы Орталық Азиядан соғысқа тартылғандар саны 12 мың адамнан асқанын хабарлаған еді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬19😱3