Марко Рубио Самарқандағы Регистан алаңына барды
Өзбекстанда іс-сапарда жүрген АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Самарқандағы Регистан алаңына барды. Бұл туралы Азаттық тілшісі Алекс Рауфоглу хабарлады.
Күн барысында Рубионың Қазақстан сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесуі жоспарланған.
Өзбекстанда іс-сапарда жүрген АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Самарқандағы Регистан алаңына барды. Бұл туралы Азаттық тілшісі Алекс Рауфоглу хабарлады.
"Рубио Самарқандағы күнін Регистандағы танымал алаң, Өзбекстанның бай тарихи және мәдени мұрасын көрсететін ескерткіш – Регистанға барды. Іс-сапар АҚШ пен Өзбекстанның Орталық Азиядағы әріптестігін нығайту аясында өтіп жатыр" деп жазды ол.
Күн барысында Рубионың Қазақстан сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесуі жоспарланған.
💩9❤5🔥3
Түркия Мәскеу мен Вашингтон келісімі аясында Ресей әлемдік нарыққа шығаратын дизель отынының бір бөлігін сатып алады. Мұны Түркияның энергетика министрі Алпарслан Байрактар айтты деп жазды Reuters.
Министр келісім Түркияның энергетикалық қауіпсіздігі үшін маңызды екенін атап өткен. Оның сөзінше, Түркия бұл мәселеде Ресейге ішінара тәуелді.
"Ресей кейінгі айларда осы проблемаға тап болғаннан кейін дизель отыны экспортына шектеу енгізді. Енді олар Трамппен дизель жөнінде келісімге келді. <…> Біз жүргізген келіссөздер нәтижесінде осы дизельдің бір бөлігін Түркия алады", – деген Байрактар.
Бірақ ол отынның көлемі мен жеткізілетін мерзімін нақтылаған жоқ.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬24😁4👍1👎1
АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль парламентін сайлау қарсаңында сол елдің қазіргі премьер-министрі Беньямин Нетаньяхуге қолдау білдіріп, мәлімдеме жасады. Ол Нетаньяхуды Иранмен күрестегі "ұлы жауынгер" және "бейбітшілік жолындағы серіктес" деп атады.
"Израильде басқа басшы, яғни Бибиден [Нетаньяхудың лақап аты] өзге кез келген адам болғанда, Америка бұл жұмысты өзі істеуге мәжбүр болар еді. Ал мен ондайды қаламаймын", – деп жазды Трамп Truth Social желісінде.
Трамп Нетаньяхуды "Израиль үшін осыншама көп іс атқарған ел – Құрама Штаттар талап ететін" серіктес деп сипаттады.
Осы мәлімдемесінен бес күн бұрын Трамп Израильдегі сайлауда қандай да бір кандидатты қолдау жайлы әлі ойланбағанын айтқан. Оған дейін Трамп Нетаньяху мен оның командасын Иранға қарсы әскери науқанға жеткілікті қатыспады деп сынаған еді.
Нетаньяху АҚШ президентіне алғыс айтып, Израильдің Ақ үйде Трамптан артық одақтасы ешқашан болған емес деп мәлімдеді.
"Біз бірге ұлы істер атқардық. Алдағы екі жылда да миссиямызды бірге аяқтап, Иранның ядролық бағдарламасын жоямыз", – деп уәде етті ол.
27 қазанға белгіленген сайлауда Нетаньяхуға басты бәсекелес болатын Израиль армиясының бұрынғы бас қолбасшысы әрі "Яшар" партиясының жетекшісі Гади Эйзенкот Тель-Авив университеті студенттерімен кездесуде АҚШ президентін сыйлайтынын, бірақ Израиль демократиялық ел екенін және премьер-министрді азаматтардың өзі таңдайтынын айтқан.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎19🤡10❤3🤬1💩1
АҚШ мемлекеттік хатшысы Өзбекстан сыртқы істер министрімен кездесті
АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио 19 қазанда Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлерімен жеке-жеке кездеседі. Бірінші кездесу Өзбекстан сыртқы істер министрі Бахтиер Саидовпен өтті. Ендігі кезекте – Қазақстан сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді.
Күн барысында Рубио Орталық Азия сыртқы істер министрлерімен бірге отырыс өткізеді, содан кейін Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевпен кездеседі.
Самарқанға Рубиомен бірге 200-ге тарта америкалық компанияның өкілдері келгені айтылады. Министрлермен кездесу алдында ол Регистан тарихи алаңына барды.

🔥6😁4🤮4❤2
Өзбекстан және ғарыш. Ташкент АҚШ бастаған "Артемида келісіміне" қол қойды
Өзбекстан ғарышты бейбіт мақсатта игеру және пайдалану жөніндегі "Артемида келісіміне" қосылған 77-ел атанды. АҚШ бастаған келісімге Өзбекстан атынан елдің сыртқы істер министрі Бахтиер Саидов қол қойды.
"Артемида келісімі" 2020 жылғы 13 қазанда, АҚШ президенті Дональд Трамптың бірінші мерзімінде іске қосылған. Ол кезде оған АҚШ-тан бөлек Австралия, Канада, Италия, Жапония, Люксембург, БАӘ және Ұлыбритания қол қойған.

🔥9🤔3👍2💩2
Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі елде маймыл шешегі таралу қаупі төмен деп бағаланғанымен, инфекция сырттан әкелінуі ықтимал екенін жоққа шығармайды.
Министрліктің түсіндіруінше, жекелеген мемлекеттерде дерт оқиғаларының тіркелуі мен халықаралық көлік қатынасының қарқындылығы вирустың Қазақстан аумағына өту қаупін тудырады. Алайда қоздырғыштың берілу ерекшеліктеріне байланысты, бұл дерттің халық арасында жаппай өршу ықтималдығы аз. Қазіргі уақытқа дейін көліктің барлық түрінде жүргізілген санитариялық-карантин тексерулері кезінде аса қауіпті инфекция жұқтырған немесе ондай күдікке ілінген бірде-бір адам тіркелген жоқ деп хабарлады мекеме.
Инфекцияның енуіне жол бермеу үшін елде кешенді шаралар атқарылған: мемлекеттік шекарадағы өткізу бекеттерінде бақылау күшейтіліп, дене қызуын қашықтан өлшейтін құралдармен жабдықталған, қауіпті аймақтардан келген азаматтарды қадағалау және ведомствоаралық әрекет ету алгоритмдері қолданысқа енгізілген.
Денсаулық сақтау министрлігі азаматтарға терісінде белгісіз бөртпесі бар адамдармен тығыз қарым-қатынастан аулақ болуға, жеке гигиена талаптарын сақтауға және бөтен төсек-орын мен киімді пайдаланбауға кеңес береді.
Егер адамның дене қызуы көтеріліп, басы және бұлшықеті ауырса, лимфа түйіндері ұлғайса немесе бөртпе сияқты белгілер пайда болса, дереу дәрігерге жүгініп, қандай шет мемлекеттерге сапармен барғанын ескертуі қажет.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱6❤3🤔2🙈1
Рубио Қазақстан сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен де кездесті
АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Самарқандағы "C5+1" сыртқы істер министрлері кездесуі аясында Қазақстан сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесу өткізді.
Мемлекеттік департамент таратқан ақпаратқа қарағанда, қос тарап стратегиялық әріптестікті нығайту мәселесін талқылаған. Рубио Қазақстанға президент Трамптың бейбітшілік бастамаларын қолдағаны үшін алғыс айтып, АҚШ-тың екіжақты экономикалық әріптестікті, оның ішінде супер интеллект, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым, энергетикалық қауіпсіздік және табиғи ресурстарды дамыту саласындағы әріптестікті нығайтуға бекініп отырғанын мәлімдеген.

🤮9🔥6🤔3
Трамп Зеленскийді ресейлік МӨЗ-дерге жасалған шабуыл үшін тағы да сынады
АҚШ президенті Дональд Трамп Украина армиясының Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарына жасаған шабуылдарын сынға алды.
Оның айтуынша, бұл шабуылдар дизель отынының әлемдік нарығына, соның ішінде Америка нарығына нұқсан келтіреді. Трамп Ресей әлемдік нарыққа арзан бағамен миллиондаған баррель дизель жеткізіп жатқанын, ал Украина президенті Владимир Зеленский соққылардың экономикалық салдарын ескермей отырғанын айтты.
Ол бұған қоса Зеленскийді Еуропа мен бұрынғы америкалық әкімшіліктің қаржылай қолдауына қарамастан, соғысты аяқтауға құлық танытпай отыр деп айыптады.
Сонымен бірге Трамп Ресеймен дизель отынын жеткізу жөнінде келісімге келгенін және Украинадағы соғысты тоқтату туралы келіссөздерге кесірі тимес үшін Мәскеуге қарсы жаңа санкциялардың бір бөлігін қолданудан бас тартқанын мәлімдеді.
АҚШ президенті бұған қоса Ресейдің қолынан келсе де, Иранға іс жүзінде көмектеспей отырғанын атап өтті. Трамптың сөзінше, ол осы жағдайдың сақталуына мүдделі.

"Ол екі жыл бұрын қазіргіден әлдеқайда тиімді мәмілеге келе алар еді", – деп жазды Трамп Truth Social желісінде.
Сонымен бірге Трамп Ресеймен дизель отынын жеткізу жөнінде келісімге келгенін және Украинадағы соғысты тоқтату туралы келіссөздерге кесірі тимес үшін Мәскеуге қарсы жаңа санкциялардың бір бөлігін қолданудан бас тартқанын мәлімдеді.
"Менің Ресей бойынша шешімім өте қарапайым. Мен Ресей мен Украина арасындағы соғыста бейбітшілік орнату жөнінде келіссөз жүргізіп жатырмын және ақымақтықпен Ресейді келіссөзден тайдыратын ештеңе жасағым келмейді", – деді Трамп.
АҚШ президенті бұған қоса Ресейдің қолынан келсе де, Иранға іс жүзінде көмектеспей отырғанын атап өтті. Трамптың сөзінше, ол осы жағдайдың сақталуына мүдделі.
🤡18💩4❤1
Украина президенті Владимир Зеленский NBC News телеарнасына берген сұхбатында Вашингтонның үш күндік үзілістен кейін ресейлік баллистикалық зымырандар ұшырылғанын ескертіп отыруды қайта бастағанын хабарлады.
"Біз бұған дән ризамыз. Қазір бәрі жұмыс істеп тұр", – деді Зеленский.
Оның сөзінше, Украина мұндай ақпаратты АҚШ-тан ғана ала алады. Әйткенмен украин әскерінің Starlink спутниктері байланысын пайдалануына қойылған шектеулер әлі күшінде қалып отыр.
9 қазанда Трамп америкалық және әлемдік нарықтарға ресейлік дизель отынын жеткізу жөнінде Владимир Путинмен келісімге келгенін жариялаған. Осыдан кейін Вашингтон Киевтен ресейлік МӨЗ-дерге шабуыл жасауды тоқтатуды талап етті.
Киев Ресей Украинадағы азаматтық инфрақұрылымдарға шабуылды тоқтатса келісетінін айтып, өз уәжін келтірді, бірақ Ресей Украинаға әуе шабуылдарын тоқтатқан жоқ.
Әуе соққыларын біржақты тоқтатуға көнбеген Киевке АҚШ барлау ақпаратының бір бөлігін беруді уақытша тоқтатып, Starlink жұмысын шектеді деп мәлімдеді Зеленский.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤11😱5👍3
The Wall Street Journal (WSJ) басылымының мәліметінше, Путин соғысты тоқтатуды талқылау үшін Трампқа Қытай басшысы Си Цзиньпиннің қатысуымен үшжақты саммит өткізуді ұсынған.
Журналистердің дерегі бойынша, мұндай бастама Путин мен Трамптың 9 қазанда телефонмен сөйлескенде айтылған. Сол кезде тараптар ресейлік дизель отынын жеткізу жөнінде де келіскен.
Кездесу 18-19 қарашада Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтетін Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы саммиті аясында өтуі мүмкін. Шараға Украина президентін қатыстыру қарастырылмаған.
Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков WSJ басылымына кездесу өткізу мүмкіндігі талқыланып жатқанын, бірақ оны өткізу және күн тәртібі бойынша әзірге келісім жоқ екенін растаған.
Басылымның Америка әкімшілігіндегі дереккөзінің хабарлауынша, Трамп саммитке қатысуға әлі келісім бермеген. Газет сөйлескен дереккөздердің айтуынша, Қытай АҚШ президенті қатысқан жағдайда ол келіссөзге қарсы емес.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬19🤡12❤3👎1💩1🖕1
Ресей дүйсенбіге қараған түні Киевке әуеден шабуылдады. Украина ішкі істер министрлігінің деректері бойынша, шабуылдар салдарынан 21 жастағы қыз қаза тауып, кемінде 8 адам зардап шеккен. Жер үстіндегі метро станциясы бүлінген.
Киев мэрі Виталий Кличконың дерегінше, Соломенка ауданында дрон бөлшектері көпқабатты тұрғын үйге түсіп, үш адам жараланған.
Луцк, Ровно, Кропивницкий және Днепр қалаларына әуеден шабуыл жасалғаны туралы хабарлар түсті. Днепрде 84 жастағы қарт әйел зардап шеккен.
Украина президенті Владимир Зеленский 18 қазанда Bloomberg агенттігіне берген сұхбатында өз елі әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдарынан тапшылық көріп отырғанын айтып, Ресей адамдардың өмірін барынша қиындату мақсатымен Украина қалаларының инфрақұрылымына қарқынды шабуылдарды жалғастырып жатқанына тағы да назар аударған.
Зеленский жуырда Украинадағы Starlink спутниктері арқылы интернет байланысы жүйесінің жұмысы Америка билігінің пәрменімен шектелгенін тағы да алға тартты.
Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп, мемлекеттік хатшы Марко Рубио және АҚШ-тың басқа да жоғары лауазымды өкілдері бұл мәлімдемелерді жоққа шығарған еді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬24❤2🔥1
🤼 Қазақстандық Мерей Базарбаев еркін күрестен жастар арасында әлем чемпионы атанды
АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында еркін күрестен жастар арасында (U23) аяқталған әлем чемпионатында қазақстандық 23 жастағы Мерей Базарбаев алтын медаль жеңіп алды.
57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында қазақ жігіті түркиялық балуан Бекир Кесерді таза жеңіспен мерзімінен бұрын жеңді.
1/8 финалда Мерей Базарбаев алғашқы раундта-ақ басты фаворит – жастар арасындағы әлем жеңімпазы және жасөспірімдер арасындағы әлемнің үш дүркін чемпионы америкалық Люк Лилледальден 3:1 есебімен күш асырды.
Базарбаев ширек финалда Франция өкілі Расул Галбураевты 13:2 есебімен ойсырата жеңсе, жартылай жапон Дайто Кацумэден 7:0 есебімен басым түсіп, таза жеңіске жетті.

❤15👏7👍3
Германиядан 19 жастағы ұлымен бірге Тәжікстанға депортацияланған оппозициялық белсенді Асадулло Бобоев 17 жылға сотталған. Бұл туралы 19 қазанда Freedom for Eurasia (FFE) құқық қорғау ұйымы хабарлады.
Толық ақпаратты оқу үшін INSTANT VIEW жазуын басыңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Азаттық радиосы
Тәжікстан Германия депортациялаған оппозициялық белсендіні 17 жылға түрмеге қамады
Германиядан 19 жастағы ұлымен бірге Тәжікстанға депортацияланған оппозициялық белсенді Асадулло Бобоев 17 жылға сотталған. Бұл туралы 19 қазанда Freedom for Eurasia (FFE) құқық қорғау ұйымы хабарлады. Ұйым деректері бойынша, Бобоев Тәжікстанның қылмыстық…
👎14🤬8
Жапаров Әблязовтың ақша туралы айтқанын жоққа шығарды
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қазақстандық оппозиционер Мұхтар Әблязовтың "Шумкар" атты қозғалыстың YouTube-арнасында айтқан сөздеріне жауап берді. Мұны Азаттықтың Қырғыз қызметі хабарлады.
17 қазанда осы арнаға сұхбатында Әблязов Жапаровпен таныс екенін және 2020 жылғы қазандағы оқиғалар кезінде өзінен Жапаров ақша сұрағанын айтқан. Жапаров SUPER.KG порталының сауалдарына берген жауабында Әблязовтың бұл айтқанын терістеді.
Толығырақ оқу үшін төмендегі INSTANT VIEW жазуын басыңыз👇

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қазақстандық оппозиционер Мұхтар Әблязовтың "Шумкар" атты қозғалыстың YouTube-арнасында айтқан сөздеріне жауап берді. Бұл туралы бүгін Азаттықтың Қырғыз қызметі хабарлады. 17 қазанда осы арнаға сұхбатында Әблязов Жапаровпен…
😁16🤔1🥱1
Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті ел аумағында халықаралық интернет-алаяқтық жүйесін ұйымдастырды деген күдікке ілінген Қытайдың 13 азаматын ұстағанын хабарлады. Олардың бәрі Қазақстаннан шығарылып, Қытай билігіне тапсырылған.
ҰҚК 19 қазанда шетелдік азаматтар Қазақстанда заң талаптарын бұзған деп хабарлады. "Тексеру кезінде олардан көптеген компьютерлік техника мен ұялы телефон, Starlink спутниктік байланыс жабдықтары, сондай-ақ криптоәмияндардағы қомақты қаражат табылды" деді ҰҚК.
Арнайы қызметтің дерегінше, бұл топ Қазақстан резиденті емес өзге елдердің азаматтарына қарсы әрекет еткен, болжам бойынша, олардың іс-әрекетін біреулер шетелден үйлестіріп отырған болуы мүмкін.
Комитеттің дерегінше, ұсталған адамдардың кейбірі отанында осындай іс-әрекеті үшін іздеуде жүргені белгілі болған. 16 қазанда Қытайдың 13 азаматының бәрі әкімшілік тәртіп бойынша Қазақстан аймағынан шығарылып, өз елінің құзырлы органдарының қолына тапсырылған.
ҰҚК таратқан ақпаратта күдікті топтың іс-әрекетінен зардап шеккендер қай елдің азаматтары екені, күдіктілер қалай әрекет еткені және қанша қаражат иеленіп кеткені нақты айтылмаған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏12👍7🤔5❤1😁1🤬1
Инвестиция, энергетика және қауіпсіздік. С5+1 саммитіне қатысушылар бірлескен мәлімдеме жасады
Самарқанда өткен сыртқы істер министрлері арасындағы келіссөз қорытындысы бойынша тараптар сауда мен инвестицияны кеңейтуге, энергетикадағы ынтымақтастықты дамытуға және қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ниетті екенін қуаттап, бірлескен мәлімдеме жасады.
Бірлескен мәлімдемеге АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио мен Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан сыртқы саяси мекемелерінің басшылары қол қойды. https://www.azattyq.org/a/aqsh-zhane-ortalyq-aziya-elderinin-syrtqy-ister-ministrleri-birlesken-malimdeme-zhasady/33879520.html

АҚШ және Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлері бірлескен мәлімдеме жасады
Самарқанда өтіп жатқан АҚШ және Орталық Азия сыртқы істер мекемелері басшыларының келіссөз қорытындысы бойынша тараптар сауда мен инвестицияны кеңейтуге, энергетикадағы ынтымақтастықты дамытуға және қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ниетті…
🤡7❤4🤔2🔥1💩1
БҰҰ құрылымындағы Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы (WFP) Газа секторы тұрғындарына берілетін көмек көлемін қаржы азаюына байланысты қысқартатынын хабарлады.
Қыркүйек айында бөлінген қаржы 1,6 миллион адамды қамтуға жеткен болса, енді бөлінетін қаражаттың кемуіне байланысты көмек алатындар қатарынан Газаның 500 мың тұрғыны шығып қалғалы тұр.
WFP барынша көп адамды қамту үшін бір адамға берілетін тағам көлемін азайтпақ. Мұқтаж жандар бұрынғыдай аптасына екі емес, бір ғана азық-түлік жиынтығын алады, оның өзінде көлемі бұрынғыдан аз болады. Таратылатын ыстық тамақ саны 250 мыңнан 150 мыңға дейін қысқарады.
"Қатынау қиын аймақтарда, соның ішінде Израиль әскери бақылау орнатқан "сары сызыққа" жақын жерде тұратын отбасылар енді ыстық тамақты күнде емес, күнара алатын болады", – деді WFP өкілдері.
Бұған қоса, 75 мың отбасына төленетін ақшалай жәрдемнің мөлшері де кемиді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎11🤔6🤬4❤2👍2
19 қазан түстен кейін Харьковтен оңтүстік-батысқа қарай, майдан шебінен ондаған шақырым қашықта орналасқан Новая Водолага кентінің орталық саябағына ресейлік дрон шабуыл жасады деп хабарлады Украина полициясы.
Облыс билігінің кейінгі дерегінше, 6 адам қаза тапқан, олардың екеуі – бала. Тағы 14 адам (арасында балалар да бар) жараланған.
Ішкі істер министрі Иван Выговский саябақта адам аяғы көп кезде, соның ішінде баламен жүргендер де болған, дрон соққы бергенін айтты. Шабуыл салдарынан дәмхана ғимараты да бүлінген.
Украина президенті Владимир Зеленский бұл шабуылды "нағыз айуандық" деп атады. Оның жазуынша, қаза тапқандар арасында жақында ғана бір жасқа толған Ангелина есімді қыз бен оның анасы бар. Сондай-ақ 11 жасар қыз баланың да өмірі қыршынынан қиылған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬21😢1
Америкалық сенаторлар Ричард Блюменталь (демократ) мен Том Тиллис (республикашыл) 19 қазанда Украина президенті Владимир Зеленскийге телефон шалып сөйлесті. Әңгімеге Конгресстің тағы бірнеше мүшесі қатысқан.
Блюментальдің айтуынша, Зеленский Украинаның Starlink байланысын қолдану мен АҚШ-тан барлау ақпаратын алу барысында әлі де қиындықтар көріп отырғанын жеткізген. Сенатор бұл жайтқа алаңдап отырғанын айтты. Оның сөзінше, Зеленский егер "Путин келісетін болса", Ресей мен Украинаның бір-бірінің энергетика нысандарына шабуыл жасауды өзара тоқтатуға Киев дайын екенін мәлімдеген.
Бұған қоса Блюменталь Конгресстегі екі партияның өкілдері де Украинаны қолдауда бір ұстанымда екенін және мұны нақты іспен көрсететінін хабарлады.
Бұған дейін сенатор Блюменталь – марқұм әріптесі Линдси Грэмнің есімімен аталған, Ресейге қарсы жақында қабылданған санкциялар туралы заң жобасы авторларының бірі – АҚШ президенті Дональд Трамптың Ресейге қатысты кейінгі әрекетін қатты сынға алған еді. Зеленский де АҚШ әкімшілігінің бұл қадамдарын қош көрмейтінін айтқан. Трамп болса Ресеймен дизель отынын жеткізу жөніндегі келісімді Мәскеудің Украинадағы бейбітшілік туралы келіссөзден шығып кетуіне жол бермеу мақсатымен жасадым деп түсіндірген.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤11🔥3
АҚШ Украина мен Судан босқындарын уақытша қорғау мерзімін ұзартады
АҚШ соғыстан қашып, бассауғалап барған украиналық азаматтарды уақытша қорғау (TPS) мерзімін ұзартады. Бұған дейінгі ереже бойынша, олардың қорғау мерзімі 19 қазанда аяқталуға тиіс еді.
АҚШ-тың Ішкі қауіпсіздік министрлігінің өкілі CNN арнасына түсініктемесінде украин босқындарды уақытша қорғаудың жаңа мерзімі кейінірек жарияланады деп мәлімдеді. Оның сөзінше, нақты шешім шыққанға дейін украиналық иммигранттар бұл мәртебесін сақтайды және оларды елден депортациялауға болмайды.
Қазір АҚШ-та жүрген Судан босқындарына да дәл осындай тәртіп қолданылады.
2025 жылдың наурыз айындағы ресми мәлімет бойынша, АҚШ-та 100 мыңнан астам украиналық босқын және Суданнан барған шамамен 1800 босқын тіркелген.

❤7😁2