Azattyq - Азаттық
✔
10.8K subscribers
11.7K photos
4.52K videos
19 files
24.8K links
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
Download Telegram
🗣Алматы облысында жол апатынан Үндістанның екі азаматы қаза болды

Алматы облысы полиция департаментінің хабарлауынша, жол апаты 6 қаңтарда Алматы – Бішкек тас жолының 86-шақырымында болған. Көлікте Үндістанның бес азаматы болған: төртеуі Оңтүстік Қазақстан медициналық университетінде оқиды, біреуі – турист. Олар Алматыдан Шымкентке қарай жол тартқан.

"Алдын ала мәлімет бойынша, 33 жастағы Toyota Alphard көлігінің жүргізушісі рөлді басқара алмай, соның салдарынан көлік аударылған. Жүргізуші сол жерде қайтыс болды. Екі жолаушы ауруханада көз жұмды, тағы үш адам түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды" деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаменті.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😢15❤4👍4👎2😱1
🔴АҚШ Атлант мұхитында Ресей туы ілінген танкерді басып алды

АҚШ-тың әскери-теңіз күштері Атлант мұхитының солтүстігінде Ресейдің "көлеңкелі флотына" жататын танкерді басып алды. Мұның алдында америкалық күштер бірталай күн бойы кеменің артынан еріп жүрген. Бұл – Вашингтонның Венесуэла мұнайын заңсыз тасымалдады деген кемелерге қарсы кейінгі қадамы.

АҚШ-тың Еуропадағы қолбасшылығы (EUCOM) 7 қаңтар күні әлеуметтік желіде таратқан мәлімдемесінде бұрын Bella 1 деп аталған, кейін атауы Marinera болып өзгерген танкердің Исландия мен Ұлыбритания аралығындағы Солтүстік Атлант аймағында қолға түскенін хабарлады.

Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏25👍5❤2😱1🤬1😡1
Azattyq - Азаттық
Талдықорғанда Айзат Жұманованың қазасы бойынша сот басталды Тергеу болжамынша, айыпталушы ішіп алып, әйелін қызғаныштан ұрып-соғып өлтірген. Ақпаратқа қарағанда, әу баста іс "абайсызда адам өліміне әкелген" оқиға ретінде тіркелген, ізінше туыстары эксгумация…
Талдықорғанда "әйелін өлтірді" деп айыпталған Жанболат Айбарға прокурор 15 жыл түрме жазасын сұрады

Бұл жөнінде Ulysmedia хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, әу баста іс "абайсызда адам өліміне әкелген" оқиға ретінде тіркелген, ізінше туыстары эксгумация және қосымша сараптама жасатқаннан кейін іс "адам өлтіру" бабы бойынша қарастырыла бастаған. Тергеу болжамынша, тұрмыстық зорлық-зомбылық бір рет емес, жүйелі түрде жасалған.

15 жыл түрме – осы бап бойынша белгіленген ең жоғары жаза.

Мемлекеттік айыптаушы сотталушыны қауіпсіздігі орташа мекемеге жіберуді де сұраған.
👍14👎8😢2❤1
💬 Сеулден Астанаға ұшқан Air Astana ұшағы жолшыбай Пекинге қонуға мәжбүр болды

“Ұшақ техникалық себепберге байланысты – дәретхана бөлмелерінің істен шығуына орай қонуға мәжбүр болды” деп хабарлады әуе компаниясының баспасөз қызметі.

Ұшақ жөнделгеннен кейін сапарын жалғастырады. Виза қажет жоқ жолаушыларға Пекинді аралауға рұқсат етілмек. Ал қалған жолаушылар транзит аумағында қалады. Оларға тамақ пен көрпе-жамылғылар берілмек.

Желтоқсан басында да Фукуоктан Алматыға ұшқан Air Astana ұшағы дәл осы себепті Делиге қонуға мәжбүр болған еді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤣18🤯5👍3👎2🤬2❤1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Азаттықтың Фарда радиосы Иранда жалғасып жатқан қарсылық акциялары кезінде 20 наразы қаза болғанын растады. Наразылық билік қатаң күш қолданғанына қарамастан жалғасып жатыр. 6 қаңтардың кешінде Иранның батысындағы Илам провинциясына қарасты Абданан қаласында және тағы бірнеше қалада шерулер өтті.
🔥21😱3👍2❤1
💬 Трамп АҚШ-ты 66 халықаралық ұйымнан шығару туралы жарлыққа қол қойды

Дональд Трамп АҚШ-ты 66 халықаралық ұйымнан шығару туралы жарлыққа қол қойды. Арасында БҰҰ-ның климаттың өзгеруі бойынша негіздемелік конвенциясы да бар.

Ақ үйдің хабарлауынша, бұл ұйымдар Американың "мүддесіне сәйкес емес". Хабарламаға қарағанда, мәселе БҰҰ-ның 31 құрылымы мен оған кірмейтін 35 ұйым жөнінде болып отыр. Ақ үйдің айтуынша, бұл ұйымдардың көбі "АҚШ егемендігі мен экономикалық қуатына қайшы радикалды климаттық саясатты, жаһандық басқаруды және идеологиялық күн тәртібін насихаттайды".

Ақ үй сонымен бірге АҚШ құрамынан шығуы керек ұйымдардың да тізімін жариялады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔19👎6👍5❤3🤮2
🔴BBC: Құлыбаев Англиядағы Саннингхилл-парк сарайын жемқорлыққа қатысы бар компания арқылы сатып алған

Қазақстандық миллиардер Тимур Құлыбаев 2007 жылы Эндрю ханзададан Саннингхилл-парк зәулім сарайын жемқорлық ісіне қатысы бар компания арқылы сатып алған деп жазды ВВС сайты жаңа зерттеуінде.

ВВС экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеубаласы Құлыбаев зәулім сарайды Италиядағы жемқорлық істерінде аталған Enviro Pacific Investments компаниясы арқылы алған дейді.

🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬31❤5🤷‍♂1😍1🍓1
Атырау облысындағы ерлі-зайыптының қазасы: полиция күдіктіге іздеу жариялады

Атырау облысы Қызыл қоға ауданы Жангелдин ауылындағы бір отбасының өліміне күдікті ретінде танылған 29 жастағы тұрғынға іздеу жарияланды. Ақпарат құралдарының жазуынша, іздеу жарияланған адам – отбасының күйеубаласы.

26 желтоқсанда Атырау облысында бір тұрғын бауыры мен оның отбасының жоғалып кеткенін айтып, полицияға арыз түсірген. 6 қаңтарда ерлі-зайыптының мәйіті үйлерінің сарайынан табылған. 8 қаңтарда Жангелдин ауылында жерленді. Полииция отбасының тағы екі мүшесін іздеп жатыр.

Құқық қорғау органдары бұған дейін отбасының қызы мен күйеубаласының шетел асып кеткенін анықтағанын айтқан.
🤬11😡8❤2
Жамбыл облысында сарбаз өзінің қолын жарақаттады. Ақпаратты Қазақстанның құрлық әскерінің баспасөз қызметі растады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 6 қаңтарда гвардиялық гарнизон бөлімдерінің бірінде болған.

“Таңертеңгі тексеріс кезінде сарбаз сол қолының саусақтарын металл затпен жарақаттады. Ол дереу ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілді. Қазір сарбаздың жағдайы тұрақты, өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп жоқ” деп жазылған хабарламада.
Журналист Михаил Козачковтың жазуынша, оқиға Жамбыл облысы Отардағы әскери бөлімдердің бірінде болған. Кей ақпаратқа қарағанда, саусағы қатты жарақаттанғанмен шабылмаған.
🤬12😢3😱2🙏2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
АҚШ Атлант мұхитында Ресей туы ілінген танкерді басып алды
👍48❤4🔥3🤬1😡1
🔴 Сырский: Покровскінің солтүстік бөлігі біздің бақылауымызда

Украина қарулы күштерінің бас қолбасшысы Александр Сырский Донецк облысының батысындағы украин күштерінің бекінісі – Покровск аумағында жағдай өте күрделі екенін, бірақ украин әскері қаланы қорғап жатқанын мәлімдеді.

“Покровскінің солтүстік бөлігі біздің бақылауымызда. Қарсыласты Мирноградта тоқтатып жатырмыз. Қаланы қорғауға күш салып жатырмыз” деді ол.

Оның сөзінше, Покровск бағытында күн сайын елу шақты қақтығыс болады.

“Жау біздің қорғаныс позициямызға қысымын үдетіп, ену және үздіксіз шабуылдар арқылы алға жылжудың амалын табуға тырысып жатыр” деді Сырский.

Майдандағы жағдайды бақылап отырған украиналық DeepState жобасының картасында Покровскінің солтүстік бөлігі мен көрші Мирноград “сұр түсті” болып тұр. Яғни, ол жақ ешкімнің толық бақылауында емес дегенді білдіреді. Ал ресейшіл әскери блогерлер Ресей әскері пайда болған “сұр аймақтың” барлығын "Ресей басып алған жер" ретінде қарастырады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍17❤8🔥6😁2🖕2
Солтүстік Қазақстан облысында жол апатынан төрт адам қаза болды

8 қаңтарда Астана – Петропавл тас жолында Toyota Camry және Shacman көліктері соқтығысып, соның салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі мен үш жолаушы қаза болды. Бұл жөнінде Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті хабарлады.

"Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Camry қарсы бағытқа шығып кетіп, жүк көлігіне соқтығысқан" деді полиция өкілдері.

Жергілікті ақпарат құралдарының жазуынша, Toyota Camry көлігін 25 жастағы жүргізуші жүргізген. Ол жаңа туылған немерелерін көру үшін Астанаға жолға шыққан 63 жастағы әйелді апара жатқан. Көлікте сонымен бірге 14 және 17 жастағы екі жасөспірім болған. Бәрі қаза болған.
😢24🙏3😭2❤1
9 қаңтарға қараған түні Ресей әскері Киевке дрон, қанатты және баллистикалық ракеталармен шабуылдады.

Киев мэрі Виталий Кличконың сөзінше, төрт ауданда тұрғын үйлер, сауда орталығы, шипажай мен гараждар қираған. Бірнеше жерде өрт болған. Инфрақұрылым нысандары да қираған, кейбір ауданда су жабдықтау жүйесі істен шыққан, жарық сөнген.

Соңғы мәлімет бойынша, 4 адам қаза болған, 19 адам зардап шеккен, 14 адам ауруханаға жатқызылған. Қаза болғандардың арасында бір дәрігер де бар. Ол дроннан зардап шеккендерге көмектесу үшін барған кезде Ресей әскерінің қайта соққысынан қаза болған. Оның төрт әріптесі жараланған.
🤬26😱4🤷‍♀1🤷‍♂1
🔴Табыс декларациясы биліктегілердің шынайы әл-ауқатын көрсете ме?

Қазақстанда билік өкілдері 2024 жылдың табыс декларациясын жариялап жатыр. Бірақ әуелде айтылғандай лауазымды тұлғалардың сатып алған не иелігіндегі жылжымайтын мүлкі, шотындағы қаржысы туралы ақпарат жоқ. Мұның барлығы мемлекеттік кірістер комитетіне ғана мәлім. Ал қоғам шенеунік отбасының есепте көрсетілетін жыл ішінде қосымша тапқан табысын ғана көре алады. Ресми жарияланған тізімнің алғашқы легіндегі шенеуніктердің көбінің табысы 0 теңге деп көрсетілген. Мемлекет шенеуніктердің табысын, мүліктерін, бар ақшаларын неге жарияламай отыр?

🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎23🤬5😁4
Azattyq - Азаттық
Талдықорғанда "әйелін өлтірді" деп айыпталған Жанболат Айбарға прокурор 15 жыл түрме жазасын сұрады Бұл жөнінде Ulysmedia хабарлады. Ақпаратқа қарағанда, әу баста іс "абайсызда адам өліміне әкелген" оқиға ретінде тіркелген, ізінше туыстары эксгумация және…
Талдықорғанда "әйелін өлтірді" деп айыпталған Жанболат Айбар 14 жылға сотталды

Бір күн бұрын жарыссөзде марқұмның анасы оған өмірлік түрме жазасын беруді сұраған еді. Ал прокурор 15 жыл түрме сұраған.

32 жастағы Айзат Жұманованың қазасына кінәлі деп танылған сотталушы жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді.

Сот жәбірленуші жаққа моральдық шығын ретінде 20 млн теңге төлеуді де міндеттеген.
🤬10👍4👎2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
9 қаңтарда Киев облысы Бровар ауданында жедел қызмет үйінді астынан тұтас бір отбасын құтқарды: ерлі-зайыпты мен олардың бес жасар қызы мен әжесін сыртқа шығарған. Олардың барлығы ауруханаға жатқызылған.

9 қаңтарға қараған түні Ресей әскері Украинаның бірқатар облысы мен қалаларына тағы да дрон және қанатты, баллистикалық ракеталармен соққы жасады
❤18😱8👎3👍1
🔴Иранда "Венесуэла сценарийі" қайталануы мүмкін бе? Сарапшымен сұхбат

Азаттықтың Иран қызметі – Фарда радиосы "Американың кәсіпкерлік институтының" зерттеушісі, бұрын Пентагонда жұмыс істеген Майкл Рубиннен сұхбат алып, Ирандағы наразылықты талқылады.

Иранда екі апта бойы үкіметке қарсы наразылық өтіп жатыр. Сарапшылар мұның кейінгі жылдардағы ең ірі толқу екенін айтып жатыр.

Наразылық 28 желтоқсан күні Тегеран базарларынан басталып, 92 миллионға жуық халқы бар Иранның көп аумағына тарады. Иранда базарлар сауда және саясат үшін маңызды рөл атқарады.

Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍23🔥5🤔1😱1
Швейцариялық Mercuria Артықбаевқа "Қазақмысты" сатып алуға $1,2 млрд қаражат береді

Бұл жөнінде Bloomberg жазды. Бұған дейін кәсіпкер Нұрлан Артықбаевтың "Қазақмысты" сатып алатыны белгілі болған еді.

Ақпаратқа қарағанда, келісім Qazaq Acquisition Corp. арқылы жасалған, бірақ құны айтылмайды.

Келісім шарт бойынша, есеп айырысу шикізат арқылы жүзеге аспақ
👎19🤔7👍6❤2🔥1
❗️Монро доктринасы деген не? Оның Мадуроны ұстау операциясына қатысы қандай?

3 қаңтарда АҚШ Венесуэла астанасына әскери шабуыл жасап, ел президентін күштеп алып кетті. Бұл туралы Дональд Трамп әлеуметтік желіде хабарлады. Ол Венесуэла президенті Николас Мадуро мен оның жұбайы АҚШ-тың арнайы күштерінің қолында деп жазды.

Сарапшылар Ақ үйдің интервенциясын Монро доктринасымен байланыстырды. Мұны бір күннен кейін өткен баспасөз мәслихатында Трамптың өзі де растады. 19-ғасырда жария болған бұл декларация нені білдіреді?

🔗Толығырақ оқыңыз
📹YouTube-тан көріңіз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5❤4🤔4🔥2🤬2💯1
💬 Иранда наразылық күшейді, елде интернет өшірілді

Иранда үкіметке қарсы жаппай наразылық күшейді. Батыс және араб ақпарат құралдары сөздерін келтірген куәгерлердің айтуынша, наразылардың саны тағы артқан, Тегеранда да қарсылық күшейген. Бірқатар қалада наразылар мен полиция күштері қақтығысып, әкімшілік ғимараттар өртенген.

Наразылық жайылып жатқан тұста билік тұтас елде интернетті өшірді. Соның салдарынан Ираннан үзік-үзік ақпарат түсіп жатыр және оларды тексеру қиын.

Куәгерлердің сөзіне сүйенген Reuters-тің жазуынша, ірі наразылық тек Тегеран емес, Мешхед және Исфахан қалаларында өтіп жатыр. Халықаралық құқық қорғау ұйымдары Иран билігі наразыларға күш қолданып, оқ атқанын хабарлады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥16❤4😱4👍3