Жамбыл облысында сарбаз өзінің қолын жарақаттады. Ақпаратты Қазақстанның құрлық әскерінің баспасөз қызметі растады.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 6 қаңтарда гвардиялық гарнизон бөлімдерінің бірінде болған.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 6 қаңтарда гвардиялық гарнизон бөлімдерінің бірінде болған.
“Таңертеңгі тексеріс кезінде сарбаз сол қолының саусақтарын металл затпен жарақаттады. Ол дереу ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілді. Қазір сарбаздың жағдайы тұрақты, өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп жоқ” деп жазылған хабарламада.Журналист Михаил Козачковтың жазуынша, оқиға Жамбыл облысы Отардағы әскери бөлімдердің бірінде болған. Кей ақпаратқа қарағанда, саусағы қатты жарақаттанғанмен шабылмаған.
🤬12😢3😱2🙏2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
АҚШ Атлант мұхитында Ресей туы ілінген танкерді басып алды
👍48❤4🔥3🤬1😡1
Украина қарулы күштерінің бас қолбасшысы Александр Сырский Донецк облысының батысындағы украин күштерінің бекінісі – Покровск аумағында жағдай өте күрделі екенін, бірақ украин әскері қаланы қорғап жатқанын мәлімдеді.
“Покровскінің солтүстік бөлігі біздің бақылауымызда. Қарсыласты Мирноградта тоқтатып жатырмыз. Қаланы қорғауға күш салып жатырмыз” деді ол.
Оның сөзінше, Покровск бағытында күн сайын елу шақты қақтығыс болады.
“Жау біздің қорғаныс позициямызға қысымын үдетіп, ену және үздіксіз шабуылдар арқылы алға жылжудың амалын табуға тырысып жатыр” деді Сырский.
Майдандағы жағдайды бақылап отырған украиналық DeepState жобасының картасында Покровскінің солтүстік бөлігі мен көрші Мирноград “сұр түсті” болып тұр. Яғни, ол жақ ешкімнің толық бақылауында емес дегенді білдіреді. Ал ресейшіл әскери блогерлер Ресей әскері пайда болған “сұр аймақтың” барлығын "Ресей басып алған жер" ретінде қарастырады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍17❤8🔥6😁2🖕2
Солтүстік Қазақстан облысында жол апатынан төрт адам қаза болды
8 қаңтарда Астана – Петропавл тас жолында Toyota Camry және Shacman көліктері соқтығысып, соның салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі мен үш жолаушы қаза болды. Бұл жөнінде Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті хабарлады.
"Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Camry қарсы бағытқа шығып кетіп, жүк көлігіне соқтығысқан" деді полиция өкілдері.
Жергілікті ақпарат құралдарының жазуынша, Toyota Camry көлігін 25 жастағы жүргізуші жүргізген. Ол жаңа туылған немерелерін көру үшін Астанаға жолға шыққан 63 жастағы әйелді апара жатқан. Көлікте сонымен бірге 14 және 17 жастағы екі жасөспірім болған. Бәрі қаза болған.

😢24🙏3😭2❤1
9 қаңтарға қараған түні Ресей әскері Киевке дрон, қанатты және баллистикалық ракеталармен шабуылдады.
Киев мэрі Виталий Кличконың сөзінше, төрт ауданда тұрғын үйлер, сауда орталығы, шипажай мен гараждар қираған. Бірнеше жерде өрт болған. Инфрақұрылым нысандары да қираған, кейбір ауданда су жабдықтау жүйесі істен шыққан, жарық сөнген.
Соңғы мәлімет бойынша, 4 адам қаза болған, 19 адам зардап шеккен, 14 адам ауруханаға жатқызылған. Қаза болғандардың арасында бір дәрігер де бар. Ол дроннан зардап шеккендерге көмектесу үшін барған кезде Ресей әскерінің қайта соққысынан қаза болған. Оның төрт әріптесі жараланған.

🤬26😱4🤷♀1🤷♂1
Қазақстанда билік өкілдері 2024 жылдың табыс декларациясын жариялап жатыр. Бірақ әуелде айтылғандай лауазымды тұлғалардың сатып алған не иелігіндегі жылжымайтын мүлкі, шотындағы қаржысы туралы ақпарат жоқ. Мұның барлығы мемлекеттік кірістер комитетіне ғана мәлім. Ал қоғам шенеунік отбасының есепте көрсетілетін жыл ішінде қосымша тапқан табысын ғана көре алады. Ресми жарияланған тізімнің алғашқы легіндегі шенеуніктердің көбінің табысы 0 теңге деп көрсетілген. Мемлекет шенеуніктердің табысын, мүліктерін, бар ақшаларын неге жарияламай отыр?
🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎23🤬5😁4
Azattyq - Азаттық
Талдықорғанда "әйелін өлтірді" деп айыпталған Жанболат Айбарға прокурор 15 жыл түрме жазасын сұрады Бұл жөнінде Ulysmedia хабарлады. Ақпаратқа қарағанда, әу баста іс "абайсызда адам өліміне әкелген" оқиға ретінде тіркелген, ізінше туыстары эксгумация және…
Талдықорғанда "әйелін өлтірді" деп айыпталған Жанболат Айбар 14 жылға сотталды
Бір күн бұрын жарыссөзде марқұмның анасы оған өмірлік түрме жазасын беруді сұраған еді. Ал прокурор 15 жыл түрме сұраған.
32 жастағы Айзат Жұманованың қазасына кінәлі деп танылған сотталушы жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді.
Сот жәбірленуші жаққа моральдық шығын ретінде 20 млн теңге төлеуді де міндеттеген.

🤬10👍4👎2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
9 қаңтарда Киев облысы Бровар ауданында жедел қызмет үйінді астынан тұтас бір отбасын құтқарды: ерлі-зайыпты мен олардың бес жасар қызы мен әжесін сыртқа шығарған. Олардың барлығы ауруханаға жатқызылған.
9 қаңтарға қараған түні Ресей әскері Украинаның бірқатар облысы мен қалаларына тағы да дрон және қанатты, баллистикалық ракеталармен соққы жасады
9 қаңтарға қараған түні Ресей әскері Украинаның бірқатар облысы мен қалаларына тағы да дрон және қанатты, баллистикалық ракеталармен соққы жасады
❤18😱8👎3👍1
Азаттықтың Иран қызметі – Фарда радиосы "Американың кәсіпкерлік институтының" зерттеушісі, бұрын Пентагонда жұмыс істеген Майкл Рубиннен сұхбат алып, Ирандағы наразылықты талқылады.
Иранда екі апта бойы үкіметке қарсы наразылық өтіп жатыр. Сарапшылар мұның кейінгі жылдардағы ең ірі толқу екенін айтып жатыр.
Наразылық 28 желтоқсан күні Тегеран базарларынан басталып, 92 миллионға жуық халқы бар Иранның көп аумағына тарады. Иранда базарлар сауда және саясат үшін маңызды рөл атқарады.
Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍23🔥5🤔1😱1
Швейцариялық Mercuria Артықбаевқа "Қазақмысты" сатып алуға $1,2 млрд қаражат береді
Бұл жөнінде Bloomberg жазды. Бұған дейін кәсіпкер Нұрлан Артықбаевтың "Қазақмысты" сатып алатыны белгілі болған еді.
Ақпаратқа қарағанда, келісім Qazaq Acquisition Corp. арқылы жасалған, бірақ құны айтылмайды.
Келісім шарт бойынша, есеп айырысу шикізат арқылы жүзеге аспақ

👎19🤔7👍6❤2🔥1
3 қаңтарда АҚШ Венесуэла астанасына әскери шабуыл жасап, ел президентін күштеп алып кетті. Бұл туралы Дональд Трамп әлеуметтік желіде хабарлады. Ол Венесуэла президенті Николас Мадуро мен оның жұбайы АҚШ-тың арнайы күштерінің қолында деп жазды.
Сарапшылар Ақ үйдің интервенциясын Монро доктринасымен байланыстырды. Мұны бір күннен кейін өткен баспасөз мәслихатында Трамптың өзі де растады. 19-ғасырда жария болған бұл декларация нені білдіреді?
🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5❤4🤔4🔥2🤬2💯1
Иранда үкіметке қарсы жаппай наразылық күшейді. Батыс және араб ақпарат құралдары сөздерін келтірген куәгерлердің айтуынша, наразылардың саны тағы артқан, Тегеранда да қарсылық күшейген. Бірқатар қалада наразылар мен полиция күштері қақтығысып, әкімшілік ғимараттар өртенген.
Наразылық жайылып жатқан тұста билік тұтас елде интернетті өшірді. Соның салдарынан Ираннан үзік-үзік ақпарат түсіп жатыр және оларды тексеру қиын.
Куәгерлердің сөзіне сүйенген Reuters-тің жазуынша, ірі наразылық тек Тегеран емес, Мешхед және Исфахан қалаларында өтіп жатыр. Халықаралық құқық қорғау ұйымдары Иран билігі наразыларға күш қолданып, оқ атқанын хабарлады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥16❤4😱4👍3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ресей Львов облысына “Орешник” ракетасымен соққы жасағаннан кейін Украина БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізуге шақырды. Украина одақтастарынан “шешуші шара” қолдануды талап етті.
“ЕО мен НАТО-ның шекарасына жақын аумаққа жасалған мұндай соққы Еуропа құрлығының қауіпсіздігіне қатер төндіреді және трансатлантикалық қауымдастыққа сын” деді Украина сыртқы істер министрі Андрей Сибига.
Ресей қорғаныс министрлігі “Орешникті” Путин резиденциясына жасалған “дрон шабуылына” жауап деп атады.
Соққы қайда жасалды?
Ресей қорғаныс министрлігінің айтуынша, ракета дрон шығаратын нысандарды көздеген. Алайда z-арналардың болжауынша, “Орешникті” Еуропадағы ең ірі – жерасты газ қоймасы Бильче-Волыцко-Угерское қоймасын істен шығару үшін қолданған. Бұл өте күрделі нысана деп айтылады. Инфрақұрылымның тереңдігі – шамамен 900 метр. Соққы ракетаның мүмкіндігін сынау үшін жасалған деп айтылады, оның нәтижесі белгісіз.
“Орешник” туралы не белгілі?
Путин жаңа ракета кешені туралы 2024 жылы қараша айында айтқан. Оның алдында Днепрдегі машина жасау зауытына соққы жасалған. Бұл 5 мың шақырымға дейін ұшатын орта қашықтықтағы баллистикалық ракета. 1988-2019 жылдар аралығында Ресей мен АҚШ арасында мұндай ракетаны қолданбау туралы келісім болған. “Орешник” ядролық зарядты алып жүре алады, бірақ Украинаға қарсы кинетикалық оқтұмсықтар – жарылғышы жоқ “болванкалар” қолданылған. Ол қатты жылдамдықпен келген физикалық соққы есебінен нысананы жояды.
Бұл қандай технология және қаншалықты тиімді?
Путиннің сөзінше, “Орешниктің” блоктары секундына 2,5-3 шақырым жылдамдықпен нысанаға соққы жасай алады. Іс жүзінде қалай – әзірге белгісіз. Батыс сарапшыларының айтуынша, 2024 жылы Днепрдегі машина жасау зауыты қатты бүліне қоймаған. Кинетикалық соққы технологиясы Америка және Израильдің әуе қорғаныс жүйесінде қолданылады, бірақ онда қорғаушы-блок ракетаның өзін жояды. Құрлықтағы нысандарды жою мақсатына кинетикалық соққы алғаш рет қолданылып отыр.
“Орешникті” атып түсіруге бола ма?
АҚШ пен Израильде бар қазіргі заманғы әуе қорғаныс жүйесі баллистикалық ракеталардың блоктарын атып түсіре алады. Мұны Patriot-тың соңғы үлгілері жасай алады. Украина қарулы күштері бұған дейін “Кинжал” баллистикалық ракеталарын атып түсірген. Әзірге, украин әскері “Орешникті” атып түсіре алмады – бұл сол аумақта Patriot жүйесінің жоқтығымен немесе жаңа ракетаны атып түсіру қиындығымен байланысты болуы мүмкін.
Ресейде қанша “Орешник” бар және олар қайда шоғырланған?
Путиннің сөзінше, кешенді өндіру былтыр қарашада басталған. Желтоқсан соңында Беларусьте әскери дайындық жағдайына келтірілген. Дегенмен “Орешникті” іске қосу құрылғысы бірде-бір рет көрсетілген жоқ. Беларусь қорғаныс министрлігі таратқан видеода тек қызмет көрсету көліктері ғана көрінеді. Екі жағдайда да “Орешник” Ресейдің Қазақстанмен шекаралас Астрахан облысындағы Капустин Яр полигонынан жіберілген.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎28👍5😱4🤬4❤3🔥1🎉1
Иранда экономикадағы дағдарыс пен ұлттық ақшаның құнсыздануы түрткі болған жаппай наразылық жалғасып жатқанына он екі күн болды. Ел көлемінде ондаған мың адам тұрғылықты елді мекендерде көшеге шыққан. Қауіпсіздік күштері мен наразылар арасында қақтығыстар болып, интернет байланысы ажыратылған деп жазды баспасөз құралдары.
Құқық қорғау ұйымдары наразылық басталғалы елде ондаған адам қаза тапқан деп хабарлады. Ирандағы қазіргі ахуал жайында сарапшы Қуанышбек Қаридан сұхбат алдық.
🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍20😱5❤2👎2🔥2
5 ақпанда ядролық қаруды қысқарту жөніндегі АҚШ-Ресей келісімінің мерзімі аяқталады. Бұл келісім қолдануға даяр, күзетке қойылатын стратегиялық ядролық қару-жарақ санын шектеп келген. Келісім жаңартылмаса, Мәскеу мен Вашингтон жарты ғасырдан астам уақыт ішінде алғаш рет атом қаруын тежеуге міндетті болмай қалайын деп тұр.
🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱13⚡3🔥3❤1🤔1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
АҚШ президенті Дональд Трамп бірнеше жылдан бері Дания автономиясы Гренландия аралын бақылауына алу туралы айтып жүр. Биыл қаңтардың басында АҚШ әскері Венесуэланы шабуылдап, президент Николас Мадуроны тұтқындап алып кеткенде, бұл мәселе қайтадан күн тәртібіне шықты. Трампқа Гренландия не үшін керек?
👍13👎6🔥3😁2🤬2💩1😡1
Жұма күні АҚШ жағалау күзеті Венесуэладан мұнай тасымалдаған тағы бір танкерді ұстады. Бұл – кейінгі аптада ұсталған бесінші танкер. Ақпаратты АҚШ қарулы күштеріне қарасты оңтүстік қолбасшылық растады.
Olina танкері Кариб теңізінде ұсталған. WSJ жазуынша, жағалау күзетінің қызметкерлері Шығыс Тимор туын іліп алған танкердің бортына мінген.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍31🔥10❤1🤬1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
1979 жылы Иранда ислам революциясы болып, елде монархия құлады да, оның орнына діни режим орнады. Содан бері елде билік өзгерген жоқ. Иран қалай ислам республикасына айналдырғанын қысқа-нұсқа түсіндіреміз.
👍20🔥4👎3❤1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
"Жомарт" кенішіндегі апат: кеншілер қарапайым жұмысшыларға айып тағылуына қарсы
Жеті адамның өмірін қиған "Жомарт" кенішіндегі апатқа байланысты істе қарапайым жұмысшыларға айып тағылып жатыр. "Біз бұған қарсымыз" деп мәлімдеді жұмысшылар осы аптада жариялаған видеомәлімдемелерінде.
Мәлімдеме авторлары апатты әділ әрі объективті тергеуді талап еткен. Ұлытау облыстық полиция департаментінің өкілдері іс бойынша тергеу аяқталғанын айтқанмен қанша адамға айып тағылғанын және олардың қызметін нақтыламады.

👍37🤬3❤1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Жұма күні кешке және сенбіге қараған түні Иранның көптеген қалаларында жаппай наразылық акциялары өтті. Наразылықтың жалғасып жатқанына екі апта болды және билік оларға күш қолданып, таратуға тырысып жатса да кейінгі күндері наразылардың саны артқан. Елде интернет өшкен, соған қарамастан әлеуметтік желілерде көшеге көп адамның шыққанын дәлелдейтін видеолар жарияланды.
9 қаңтарда Иран билігінің наразыларға шамадан тыс артық күш қолдануын ЕО елдерінің бірқатар жетекшісі айыптады. Франция, Германия, Ұлыбритания басшылары ортақ мәлімдеме таратты.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио сенбі күні АҚШ "Иранның батыл халқын қолдайды" деп жазды.
Видео: X/Karim Sadjadpour
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍43❤6👎6🔥2😁1