Azattyq - Азаттық
✔
10.8K subscribers
11.7K photos
4.52K videos
19 files
24.8K links
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
Download Telegram
🔴"Діни режимнен қажыған халық көшеге шықты". Ирандағы жағдай туралы сұхбат

Иранда экономикадағы дағдарыс пен ұлттық ақшаның құнсыздануы түрткі болған жаппай наразылық жалғасып жатқанына он екі күн болды. Ел көлемінде ондаған мың адам тұрғылықты елді мекендерде көшеге шыққан. Қауіпсіздік күштері мен наразылар арасында қақтығыстар болып, интернет байланысы ажыратылған деп жазды баспасөз құралдары.

Құқық қорғау ұйымдары наразылық басталғалы елде ондаған адам қаза тапқан деп хабарлады. Ирандағы қазіргі ахуал жайында сарапшы Қуанышбек Қаридан сұхбат алдық.

🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍20😱5❤2👎2🔥2
❗️Ядролық қаруды шектейтін АҚШ-Ресей келісімі аяқталуға жақын. Енді не болмақ?

5 ақпанда ядролық қаруды қысқарту жөніндегі АҚШ-Ресей келісімінің мерзімі аяқталады. Бұл келісім қолдануға даяр, күзетке қойылатын стратегиялық ядролық қару-жарақ санын шектеп келген. Келісім жаңартылмаса, Мәскеу мен Вашингтон жарты ғасырдан астам уақыт ішінде алғаш рет атом қаруын тежеуге міндетті болмай қалайын деп тұр.

🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱13⚡3🔥3❤1🤔1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
АҚШ президенті Дональд Трамп бірнеше жылдан бері Дания автономиясы Гренландия аралын бақылауына алу туралы айтып жүр. Биыл қаңтардың басында АҚШ әскері Венесуэланы шабуылдап, президент Николас Мадуроны тұтқындап алып кеткенде, бұл мәселе қайтадан күн тәртібіне шықты. Трампқа Гренландия не үшін керек?
👍13👎6🔥3😁2🤬2💩1😡1
💬 АҚШ Olina танкерін ұстады. Ол да Ресейдің санкцияға ілінген "тасадағы флотына" тиесілі

Жұма күні АҚШ жағалау күзеті Венесуэладан мұнай тасымалдаған тағы бір танкерді ұстады. Бұл – кейінгі аптада ұсталған бесінші танкер. Ақпаратты АҚШ қарулы күштеріне қарасты оңтүстік қолбасшылық растады.

Olina танкері Кариб теңізінде ұсталған. WSJ жазуынша, жағалау күзетінің қызметкерлері Шығыс Тимор туын іліп алған танкердің бортына мінген.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍31🔥10❤1🤬1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
1979 жылы Иранда ислам революциясы болып, елде монархия құлады да, оның орнына діни режим орнады. Содан бері елде билік өзгерген жоқ. Иран қалай ислам республикасына айналдырғанын қысқа-нұсқа түсіндіреміз.
👍20🔥4👎3❤1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
"Жомарт" кенішіндегі апат: кеншілер қарапайым жұмысшыларға айып тағылуына қарсы

Жеті адамның өмірін қиған "Жомарт" кенішіндегі апатқа байланысты істе қарапайым жұмысшыларға айып тағылып жатыр. "Біз бұған қарсымыз" деп мәлімдеді жұмысшылар осы аптада жариялаған видеомәлімдемелерінде.

Мәлімдеме авторлары апатты әділ әрі объективті тергеуді талап еткен. Ұлытау облыстық полиция департаментінің өкілдері іс бойынша тергеу аяқталғанын айтқанмен қанша адамға айып тағылғанын және олардың қызметін нақтыламады.
👍37🤬3❤1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
💬 Рубио: АҚШ "Иранның батыл халқын қолдайды"

Жұма күні кешке және сенбіге қараған түні Иранның көптеген қалаларында жаппай наразылық акциялары өтті. Наразылықтың жалғасып жатқанына екі апта болды және билік оларға күш қолданып, таратуға тырысып жатса да кейінгі күндері наразылардың саны артқан. Елде интернет өшкен, соған қарамастан әлеуметтік желілерде көшеге көп адамның шыққанын дәлелдейтін видеолар жарияланды.

9 қаңтарда Иран билігінің наразыларға шамадан тыс артық күш қолдануын ЕО елдерінің бірқатар жетекшісі айыптады. Франция, Германия, Ұлыбритания басшылары ортақ мәлімдеме таратты.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио сенбі күні АҚШ "Иранның батыл халқын қолдайды" деп жазды.

Видео: X/Karim Sadjadpour
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍43❤6👎6🔥2😁1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Украина дрондары Воронежге соққы жасады, жараланғандар бар

10 қаңтарда кешке Украина дрондары Воронежге шабуылдады. Куәгерлердің айтуынша, Воронеждің түрлі ауданында шамамен 25 жарылыс болған.

"Атып түсірілген дрон бөлшектерінен екі адам жарақаттанды: ер адамның денесіне сынық кіріп жараланды, бір әйел басынан жарақат алды. Құлаған бөлшектер көпқабатты үш тұрғын үй және салынып жатқан бір ғимараттың терезелері мен алдыңғы жағын бүлдірді. Тағы бір үйде пәтерден өрт шықты, ол сөндірілді. Кем дегенде бір көлік бүлінді" деп жазды Воронеж облысының губернаторы Александр Гусев.

"Базаның" жазуынша, қалада түрлі жарақат алған төрт адам ауруханаға түскен. Екі адамның жағдайы ауыр, тағы екі адам орташа дәрежеде жарақат алған. Воронеж облысы аумағында 10 қаңтарда кешке дрон қатері режимі күшінде болды.
🔥27👍6👏4❤2👎1🤬1
Трамп Ирандағы наразылықты қолдады

“Иран еркіндікке ұмтылады, бәлкім, бұрын-соңды болмаған дәрежеде. АҚШ көмектесуге дайын” деп жазды АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social желісінде.

Бұған дейін Америка басшысы Ирандағы жағдайды мұқият бақылап отырғанын айтып, режимнің құлауын да жоққа шығармаған.

Иран билігі наразыларды басып-жаншыса, АҚШ Иран билігін “жазалайды” деп мәлімдеген еді. Трамптың сөзінше, мәселе Иранға әскер кіргізу жөнінде болып отырған жоқ, дегенмен Иран режимінің “осал тұстарына тегеурінді соққы жасалмақ”.
❤20🔥10👎5👍2
НАСА халықаралық ғарыш станциясындағы экипажды Жерге 15 қаңтарда шұғыл қайтарғысы келеді. Миссия мүшелерінің бірі ауырып қалған.

Crew-11 экипажының құрамында командир Зена Кардман, ұшқыш Майкл Финк, жапон астронавты Кимия Юи және ресейлік ғарышкер Олег Платонов бар.

Нақты кімнің денсаулығы сыр бергенін және нақты немен ауырғаны айтылмайды.

Crew-11 экипажы Жерге оралса, халықаралық ғарыш станциясында "Союз МС-28" экипажынан америкалық Кристофер Уильямс пен ресейліктер Сергей Кудь-Сверчков пен Сергей Микаев қалмақ.

Сурет: Crew-11 экипажының мүшелері. NASA
❤15🤔6😢4
🔴Иранда наразылық жалғасып жатыр. Батыс шерушілерге күш қолданбауды талап етті

Иранда үкіметке қарсы наразылықтың жалғасып жатқанына 15 күн болды. Билік наразылықты басып-жаншуға тырысса да, наразылардың саны артпаса кеміген жоқ. АҚШ бастаған Батыс елдері Тегераннан халыққа күш қолданбауды талап етті.

Үкіметке қарсы ұрандар Тегеран көшелерінде 11 қаңтарда да естілді. Құқық қорғау ұйымдары да, мемлекеттік БАҚ та елдің ондаған қаласында наразылық пен ұстау, күш көрсету жалғасып жатқанын жазды. Құқық қорғау ұйымдарының бірінің мәліметінше, екі аптадан астам уақытқа созылған наразылық кезінде елде кемінде 116 адам қаза болған.

🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍23❤4😱3🤬3👎1
💬 Нетаньяху Тоқаевқа "Ибраһим келісіміне" қосылғаны үшін алғыс айтты

Ресми хабарламаға қарағанда, телефон әңгіме туралы бастаманы Израиль жағы көтерген.

"Израиль премьер-министрі бұл қадамды бейбітшілік, тұрақтылық пен халықаралық диалогты нығайту ісіндегі батыл әрі көреген шешім ретінде бағалады. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Биньямин Нетаньяху байланыстарды жандандыруға, соның ішінде жоғары деңгейдегі сапарлар ұйымдастыруға уағдаласты" деп жазылған Ақорда хабарламасында.

Қараша айында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ-қа сапары кезінде, Астана Израиль мен Араб елдері арасындағы қатынасты реттеуді көздейтін Ибраһим келісіміне (Авраам келісімі деп те аталып жүр) қосылады деп мәлімдеген еді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍17🤡8👎7💩4
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Өзбекстанда мәдениет министрі тойда өлең айтып, ақша алғаны үшін сынға қалды. Министрлік түсініктеме берді

Министрліктің хабарлауынша, оқиға 2025 жылы 25 қазанда министрлік қызметкерлерінің бірінің тойында болған.

Баспасөз хатшысының айтуынша, тойда әншіге ақша беру "ғасырлар бойы қалыптасып келе жатқан ұлттық дәстүр" және одақ бас тарту "құрметсіздік ретінде қабылдануы мүмкін". Ал желіде шенеуніктің әрекетін қолданушылар қызу талқылады.
😁24🤣12👎1🎉1🤡1
⚡Қазақстандық теннисші Александр Бублик Гонконгте өткен ATP-250 санатына енетін турнирде жеңіске жетіп, келесі аптадан бастап ATP рейтингінде 10-орынға көтеріледі. Қазақстан теннисшісі Гонконгтегі турнир алдында рейтингте 11-орында тұрған. Жарыстағы жеңісінің арқасында рейтингідегі ұпайын көбейтті.

Осылайша Бублик ерлер арасында әлемдік рейтингіде үздік ондыққа енетін алғашқы қазақстандық теннисші болмақ. Бұл – Қазақстан спорты үшін тарихи көрсеткіш.

Бублик Гонконгтегі турнирдің финалында италиялық Лоренсо Музеттиді (әлемдік рейтингте 7-орында тұр) екі сетте жеңді – 7:6 (7:2), 6:3.

Әйелдер арасында Елена Рыбакина қазір WTA рейтингінде үздік ондыққа енген. Рыбакина әлемдік рейтингіде бесінші орында тұр.

Рыбакина мен Бублик Ресейде туған, он шақты жыл бұрын Қазақстан азаматтығын алған еді.

Қазақстан теннисшілері енді жылдың алғашқы Grand Slam турнирі Australian Open турниріне қатысады. Бұл жарыс 18 қаңтарда басталады.
🔥8👍5❤3💩2🥱2🏆2🤷1
🗣Иран билігі наразылықты басып-жаншу күшейгенін мойындады

Иран полициясының басшысы Ахмад Радан "қауіпсіздік күштері және құқық қорғау органдарының бірігіп қимылдауының арқасында" наразыларға қарсы көп күш қолданылғанын мойындады. Бұл жөнінде Азаттықтың Иран қызметі – Фарда радиосы хабарлады.

Раданның сөзінше, "сот-медицина сараптамасының қорытындысына қарағанда, қаза болғандардың едәуір бөлігі суық қару мен пышақ жарақатынан" мерт болған. Мұндай мәлімдеме Иран күштік құрылымдарының наразыларға тікелей оқ атып жатқаны көрінетін видеолар мен хабарламалар тараған шақта жасалып отыр.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱19😡12❤3🤬3👍1
⚡️ Украина қарулы күштерінің бас штабы Каспий теңізіндегі ресейлік "Лукойл" компаниясына тиесілі үш бұрғылау қондырғысына шабуыл жасалғанын хабарлады. Оның мәлімдеуінше, аталған нысандар Ресей армиясын қамтамасыз етуге пайдаланылған.

Бас штаб келтірілген залал ауқымы нақтыланып жатыр деді. Мәлімдемеде шабуыл қандай құралмен жасалғаны көрсетілмеген. Бұл ақпаратты тәуелсіз дерек көздерінен растау әзірге мүмкін болмай отыр.

🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍35🔥8🥰3👏2❤1
🗣 Иранда екі аптадан астам уақыт жалғасып жатқан жаппай наразылықтар барысында қаза тапқандар саны 500 адамнан асқан. Бұл туралы АҚШ-та орналасқан құқық қорғаушы белсенділер агентігі (HRANA) хабарлады. Иран билігі қаза тапқандар саны жөнінде ресми дерек жариялаған жоқ.

HRANA мәліметінше, наразылықтар салдарынан 490 демонстрант пен 48 күштік құрылымдар қызметкері көз жұмған. Сонымен қатар наразылықтар барысында 10 600-ден астам адам ұсталған.

Иранның мемлекеттік телеарнасы Тегерандағы сот-медициналық сараптама ғимаратының алдында жатқан мәйіт салынған ондаған қапты көрсетіп, "қарулы террористер арандатқан" оқиғалардың құрбандары деп сипаттаған.

Бірқатар ауруханалардың қызметкерлері жараланғандар мен қаза болғандар өте көп екенін айтып жатыр.

🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😭10😱8🤬8👍2
❤️ Астана соты 2025 жылғы желтоқсанда отбасылық дос болып араласатын төрт азаматқа терроризм, экстремизм айыптары бойынша үкім кесті. Олардың отбасы тағылған айыпқа келіспей, апелляциялық арыз бермек. Азаттық елдегі дін ұстану бостандығы мен экстремизм ұғымының анықталуы жөнінде дінтанушы Естай Қалмұратпен талқылады. 📹Азаттықтан көріңіз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱8🤔5👍3❤1👎1🤬1🤣1
❗️ 12 қаңтар күні Астана уақытымен сағат 11:44 кезінде Алматы облысы аумағында жер сілкінді

Қазақстан ұлттық деректер орталығының дерегінше, магнитудасы 3,7 шамасында болған жер сілкінісі ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 54 шақырым қашықта, жер қабатының 5 километр терең тұсында тіркелген.

Жер сілкінісі салдарынан адамдар зардап шеккені я дүние-мүлікке зиян келгені жайлы хабар түспеген.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔9😱3👍2😁1