Қостанай тұрғыны "Тиктокта қазақтарды қорлағаны үшін" сотталды. Адвокат үкіммен келіспейді
Қостанайдың 44 жастағы тұрғыны Юлия Хон "Тиктоктағы тікелей эфирде қазақтарды қорлағаны үшін" екі жылға сотталды. Қостанайдағы №2 сот тұрғынды "Ұлт араздық қоздыру" бабымен айыпты деп тапқан. Бұл туралы сотқа сілтеп Tengrinews және Tobolinfo сайттары хабарлады.
Соттың хабарламасына қарағанда, Хон 2024 жылы қарашада Тикток желісінде Ресей мен Украина арасындағы соғысты талқылаған тікелей эфирге кіріп, қазақтарды қорлайтын сөз айтқан.
Істі қараған сот Хонның кінәсі тікелей эфирден алынған видеомен, куәгерлердің сөзімен, сараптамамен дәлелденді деп тапқан. Айыпталушы кінәсін ішінара мойындаған. Сот үкіміне сай, ол жазасын қатаңдығы минимальды колонияда өтеуі тиіс.
Айыпталушының адвокаты Валерий Ли Tobolinfo сайтына "тікелей эфирде Хонды да қорлағанын, ал Хон бүкіл ұлтты емес, нақты адамды балағаттағанын" айтқан. Қорғаушы үкімге қарсы шағым түсіретінін де жеткізген.
Соттың хабарлауынша, Хонның көзі көрмейтін ұлы бар екені ескеріліп, жазасы жеңілдетілген.
Қазақстанда әлеуметтік желіде, көшеде қандай да бір ұлтқа, елге қарсы балағат сөз айтқан адамдар Қылмыстық кодекстегі "Ұлтаралық, діни алауыздық қоздыру" бабымен жауапқа тартылады.
Былтыр Threads платформасында қазақтар мен мұсылмандардың намысын қорлайтын пікірлер жариялаған қарағандылық Алика Мұхамадиева осы баппен 3,5 жылға сотталған. Сот Мұхамадиеваның екі жасар баласы барын, айыпталушының сот процесі кезінде кінәсін толық мойындап, өз ісіне шын жүректен өкінгенін ескеріп, оның жаза өтеу шарасын кейінге қалдырған еді.
Бұған қоса, Ресейшіл мазмұндағы бейнероликтер жариялап танылған көкшетаулық блогер Аслан Төлегенов те "ұлтаралық араздық қоздырды" деген айыппен 3 жыл 9 айға сотталған.
Былтыр қарашада Алматы облысында "Қытай туын өртеген" 19 адам "алауыздық қоздыру" айыбымен істі болып жатыр.
Ал Алматыда сот Qaznews24 сатиралық паблигінің авторы Темірлан Еңсебекті "араздық қоздыру" бабы бойынша кінәлі деп тауып, оған бес жыл бас бостандығын шектеу жазасын кескен. Ол пабликте "Йоу, орыстар" әнін қолданғаны үшін жауапқа тартылды.

👍28❤4👏3🔥2🤣2👎1
Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Үшқоңыр резиденциясы оның жиені Нұрәли Әлиевке қарасты технологиялық компанияға өтті. Бұған дейін ол экс-президентке тиесілі қордың меншігінде болған.
🤬23💩9👎3❤1
Бұл дауға Ресейдегі кремльшіл журналист Владимир Соловьевтің сөзі себеп болды. Ресей АҚШ-тың Венесуэладағы іс-әрекетінен үлгі алуға тиіс деген Соловьевтің сөзінше, Ресей үшін Венесуэладан гөрі, Армения мен Орталық Азия елдерінен "айырылу" әлдеқайда ауыр болмақ.
"Халықаралық құқыққа да, халықаралық тәртіпке де түкіріп қой. Егер ұлттық қауіпсіздігіміз үшін Украинада арнаулы әскери операция бастау қажет болған болса, оны нақ сондай себеппен өз ықпал аймағымыздың өзге нүктелерінде де неге бастамасқа?" – деген Соловьев.
Армения СІМ ресейлік телеарна бағдарламасынан айтылған сөздер "Армения Республикасының егемендігіне қол сұғу" деп қабылданатынын және "Армения мен Ресей арасындағы достық қарым-қатынастың іргелі қағидаттарын өрескел бұзатынын" атап көрсеткен.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍57🔥11❤3
"Отбасы банкі Денсаулық сақтау министрлігімен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, БЗЖ есебінен медициналық қызметтерді алуға қойылатын талаптарды қайта қарайды және зейнетақы артықшылықтарын мақсатсыз пайдалануды болдырмау үшін ақпараттық жүйелерді ықпалдастыру тетіктерін пысықтайды", – деп түсіндірген банк ресми сайтында жариялаған ақпаратта.Мұндай шешім қабылдауға былтыр желтоқсанда азаматтардан шоттағы артылған ақшаны радиохирургия қызметі ақысын төлеуге жұмсау жөнінде өтініштер күрт көбейгені себеп болған. Бір айда қазақстандықтар әлгіндей ақшаны онкологиялық ауруларды емдеуге пайдалану туралы 7 мыңнан астам өтініш берген. Ал оған дейінгі жылдары азаматтардан түскен осындай өтініштердің жалпы саны 500 болған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎15👍4😡3
🛥️🛳️ 11 қаңтарда Таиландтың Пхукет аралы маңындағы теңізде туристер мінген ұшқыр шағын кеме балық аулайтын кемемен соқтығысып қалған.
Жергілікті билік дерегінше, туристер кемесінде 52 жолаушы мен 3 экипаж мүшесі болған. Жолаушылар арасында Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Польша және Ұлыбритания азаматтары бар.
БАҚ жазуынша, теңіздегі апат салдарынан 18 жастағы Ресей азаматы қаза тауып, тағы 20-дан астам адам ауруханаға жеткізілген.
Қазақстан сыртқы істер министрлігі туристер мінген кемеде Қазақстанның сегіз азаматы болған деп хабарлады. Бәріне медициналық көмек көрсетілген, зардап шеккен үш қазақстандық ауруханада жатыр. Дәрігерлер олардың денсаулық жағдайын тұрақты деп бағалаған.
Қырғызстан сыртқы істер министрлігі де теңізде апатқа ұшыраған кемеде екі қырғыз азаматы болғанын растады. Олар зардап шекпеген.
Ал Өзбекстан азаматтары арасында зардап шеккендер туралы әзірге ресми ақпарат болған жоқ.

😱13🤬5❤1👍1👏1
Азатлық сөйлескен адамдардың айтуынша, қауіпсіздік шаралары Ахал уәлаятына қарасты Серах ауданында, оған қоса Ахал және Балқан уәлаяттарының Иранмен шекаралас өзге де өңірлерінде күшейтілген. Дереккөздер интернет байланысы толық дерлік өшірілгенін, полиция мен Ұлттық қауіпсіздік министрлігі тарапынан бақылау күшейгенін хабарлады.
Азатлық мәліметінше, Түрікменстан билігі ел ішіндегі ахуалға Ирандағы жаппай наразылықтар ықпал етуі мүмкін екеніне алаңдап, арнайы әрекет ету жоспарын әзірлеген. Дереккөздердің айтуынша, іске асырылуы ықтимал шаралар қатарында интернетті шектеуді одан әрі қатаңдату, шекара маңында тұратын халықты бақылауда ұстауды күшейту және білім беру мекемелерінде алдын алу сипатындағы жиналыстар өткізу бар.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎9🔥5😁3💩3
"Иран Ислам Республикасымен бизнес жүргізетін кез келген ел бүгіннен бастап АҚШ-пен жасалатын барлық іскерлік операциялар бойынша 25 пайыз көлемінде баж төлейді. Бұл орындалуға міндетті әрі түпкілікті қабылданған шешім", – деп жазды Трамп Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Бұл шара АҚШ-тың әлем бойынша негізгі сауда қатынастарына елеулі ықпал етуі мүмкін, өйткені Иранның серіктестері тек онымен көрші елдермен шектелмей, Үндістан, Түркия және Қытайды да қамтиды деп жазды Bloomberg агенттігі.
Әлемде Иран мұнайын ең көп сатып алатын ел – Қытай. Кейінгі айда ол елдегі тәуелсіз мұнай өңдеу зауыттары Ираннан сатып алатын мұнай көлемін арттырған. Қытай өнімдеріне қосымша 25 пайыздық баж енгізілуі 2025 жылдың аяғында Трамп пен Қытай басшысы Си Цзиньпин арасында жасалған сауда "бітімін" бұзуы мүмкін деген қауіп барын ескертеді ақпарат агенттігі.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥13🤔10🤬1💩1
🔗Азаттықтан оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬26🤡13
❗Қара теңізде Қазақстанның мұнайын күтіп тұрған екі танкерге дрон шабуылдады - Reuters
13 қаңтарда Қара теңізде Каспий құбыр консорциумы (КҚК) маңында Қазақстаннан келетін мұнайды күтіп тұрған екі танкерге дрон шабуылдағаны айтылды. Бұл туралы Reuters агенттігі сегіз дереккөзіне сілтеп хабарлады.
Reuters агенттігінің ақпаратынша, грекиялық Delta Tankers компаниясына тиесілі Delta Harmony танкеріне "ТеңізШевройлдан" келетін мұнайды, ал Matilda танкері (грекиялық Thenamaris компаниясына тиесілі) Қарашығанақтан келген мұнайды тиеп әкетуі керек болған.
"Қазмұнайгаз" Қазақстан мұнайын күтіп тұрған Matilda танкері шабуылға ұшырағанын растады. Компания қазір шығын көлемі есептеліп жатыр деді. Thenamaris компаниясы да Matilda танкеріне екі дрон шабуылдағанын растады.
"Зардап шеккендер жоқ, танкер аздап бүлінген, тексерістен кейін бүлінген жерді жөндеуге болатыны анықталды" деген компания Reuters агенттігіне. Ал Delta Tankers компаниясы Reuters агенттігіне жауап бермеген.
Танкерлерге шабуылды кім жасағаны әзірге айтылмады. Украина да, Ресей де шабуыл жайлы ешқандай мәлімдеме жасамады. КҚК да ешқандай пікір білдірмеді.
Бұған қоса, грекиялық TMS компаниясы иелік ететін Freud танкері де, Delta Tankers компаниясына тиесілі Delta Supreme танкері де дрон шабуылына ұшыраған.

🤬16👍7❤3🔥3😱3🤔2😡2😁1
⚡Иран наразының бірін «өлім жазасына кеспек»
Құқық қорғау ұйымы Иран режимі наразылық кезінде ұсталған наразының бірін «өлім жазасына кескелі жатыр» деп хабарлады.
Норвегияда орналасқан Iran Human Rights ұйымы дереккөздеріне сілтеп, наразылыққа шыққан 26 жастағы Ерфан Солтани «Құдайға қарсы соғыс ашты» деген айыппен 14 қаңтарда дарға асылатынын айтады. Солтани алты күн бұрын ұсталған еді.
Иран ресми өкілдері Солтаниге қатысты хабарламаға ресми мәлімдеме жасамады. Дегенмен Ирандағы Ислам революциясы сақшылары корпусына жақын Tasnim ақпарат агенттігі 13 қаңтарда «сот органдары наразылыққа қатысқан бірнеше адамға айыптау үкімдері шыққанын» жазды.

🤬20😱17👍1
❗Иранда 2 мыңдай адам қаза тапқан - Reuters
Ирандағы билікке қарсы наразылықтан қаза тапқандардың саны мыңнан асып кеткені айтыла бастады. Reuters агенттігі Ирандағы қауіпсіздік қызметкеріне сілтеп, екі мыңдай адам қаза тапқанын жазды. Қаза тапқандары санына бейбіт тұрғындар мен орган қызметкерлері бар.
БҰҰ-ның адам құқығы бойынша басқармасының өкілі Джереми Лоуренс Женевадағы конференцияда «хабарламаларға қарағанда, жүздеген адам өліп, мыңдаған адам қамалған» деді. Ал 12 қаңтарда Iran Human Rights ұйымы дереккөздеріне сілтеп, 650 адам қаза тапқанын жазған.
Иранда бес күннен бері интернет бұғатталған. Сондықтан қаза тапқандардың нақты санын анықтау қиын.

😱20🤬9😭5❤2
⚡АҚШ президенті Дональд Трамп Ирандағы наразыларға қайырылып, "көмек келе жатыр" деді
"Иран патриорттары, НАРАЗЫЛЫҚТЫ ЖАЛҒАСТЫРЫҢЫЗДАР, ӨЗДЕРІҢІЗГЕ ТИЕСІЛІ ИНСТИТУТТЫ БАСЫП АЛЫҢЫЗДАР!!! Адам өлтіргіштер мен абьюзерлердің есімін есте сақтаңыздар. Олар бұл үшін жауап беретін болады. Мен наразыларды өлтіру тоқтағанша Иранның ресми өкілдерімен барлық кездесуді тоқтаттым. КӨМЕК КЕЛЕ ЖАТЫР" деп жазды ол TruthSocial желісінде.

👍27❤18🖕5👎2👏2
АҚШ-тың Иранға қатысты баж салығы: Қазақстан даму сценарийлерін бақылап отыр
Елдің сауда және интеграция министрлігі АҚШ-тың Иранмен сауда жасайтын елдерге 25 пайыз баж салығын енгізу туралы шешіміне қатысты осындай мәлімдеме жасады.
"Әзірге ықтимал шаралардың қолдану параметрлері әлі нақты белгісіз, осыған байланысты министрлік әртүрлі даму сценарийлерін бағалап жатыр", – деді Қазақстан сауда және интеграция министрлігінің ресми өкілі Тойгүл Жұбанисова.

💩15❤4🤬4
Azattyq - Азаттық
❗Қара теңізде Қазақстанның мұнайын күтіп тұрған екі танкерге дрон шабуылдады - Reuters 13 қаңтарда Қара теңізде Каспий құбыр консорциумы (КҚК) маңында Қазақстаннан келетін мұнайды күтіп тұрған екі танкерге дрон шабуылдағаны айтылды. Бұл туралы Reuters агенттігі…
⚡Қазақстан энергетика министрлігі Қара теңізде, Каспий құбыр консорциумы маңында Қазақстанның мұнайын тасуға арналған екі танкер дрон шабуылына ұшырағанын растады. Ведомство кемелерге шабуыл жасалғанда мұнайлар тиелмегенін, танкерлер бос болғанын, Қазақстан шығынға ұшырамағанын айтады.
Мальта туымен жүрген Matilda танкері Қарашығанақтан келетін мұнайды, Либерия туымен жүрген Delta Harmony танкері "ТеңізШевройлдан" келетін мұнайды күтіп тұрған. Екі танкер Грекияның компанияларына тиесілі екені айтылған.
Министрліктің хабарлауынша, Matilda танкерінде жарылыс болған, бірақ өрт шықпаған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Алдын ала ақпарат бойынша, кеме бүлінбеген, теңізде жүзе алады. Ал Delta Harmony кемесінде өрт шығып, сөндірілген, зардап шеккендер жоқ дейді министрлік.

👍18❤2👎2🔥2😱1🤡1
Оңтүстік Кореяда арнайы прокурор 2024 жылы желтоқсанда елде қысқа уақытқа әскери жағдай жариялап, ізінше "бүлік ұйымдастырды" деп айыпталып, биліктен шеттетілген бұрынғы президент Юн Сок Ельді өлім жазасына кесуді сұрады.
Оңтүстік Кореяның заңнамасында мұндай айыпқа ауыр жаза қарастырылған, алайда мұндай жаза ондаған жыл бойы ешкімге берілмеген деп жазды Reuters.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😨19👍3❤1😁1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ресейлік тележүргізуші, кремльшіл пропагандист Владимир Соловьев жеке эфирінде Ресей Орталық Азия, Армения сияқты «өз ықпалындағы елдердегі мәселелерге» назар аударып, ол жақта да арнайы әскери операция жүргізуді жоққа шығармау керек деді.
🖕34💩21🤬5🤣4🤡2💊2🤯1
Теміртауда аязда мыңнан астам адам жылусыз қалды
13 қаңтарда кешке Теміртауда 8-ші шағын аудан мен Отрадное көшелерін жылумен қамтамасыз ететін негізгі жылу магистралінде құбыр жарылып, 40 шақты көп қабатты тұрғын үй мен ондаған жеке үй, бизнес нысаны жылусыз қалған. Бұл жөнінде “Вечерняя Караганда” басылымы жазды. Мұндай апат аяз қақаған шақта болып отыр.
Қала әкімі Ғалым Әшімов 1970-жылдардан бері жөндеу көрмеген ескі құбыр жарылғанын айтты. Апаттық бригадалар үзіліссіз жұмыс істеп, тиісті техника жұмылдырылғаны хабарланды.

😱20❤2💔2👍1
Алматы облысында Ұлттық ұлан сарбазы жаттығу кезінде жарақаттанды
“Ұлттық ұланның” баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 13 қаңтарда күндіз Алматы қаласындағы 5571 әскери бөлімінің жаттығу полигонында болған.
Жаттығу кезінде сарбаз аяғын “қауіпсіздік ережелерін сақтамай” жарақаттап алған. Сарбазға алғашқы медицина көмегі көрсетіліп, Қонаев ауруханасына жеткізілген.
Сарбазға алғашқы медицина көмегі көрсетіліп, Қонаев ауруханасына жеткізілген.
Қазір оқиғаның мән-жайы бойынша тексеріс басталды.

🤬14❤2👏1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ирандағы ахуал ушыққан тұста АҚШ бұған араласуы мүмкін екенін ескертті. Тегеран келіссөздер жүргізуге әзірміз, бірақ «соғысқа да сақадай-сай дайынбыз» деді. Сарапшылар АҚШ әскери және экономикалық шаралармен жауап беруі мүмкін деп болжаған. Президент Дональд Трамп Иранмен сауда жасайтын елдердің АҚШ-пен операцияларына 25 пайыз тариф енгізді.
❤10🤔7🔥2🤬1
Украинадағы соғыс биыл біте ме?
Ресей Украинаға соғыс ашқалы төрт жылға таяп қалды, негізгі мәселелер бойынша тараптардың ұстанымы бір-бірінен әлі де тым алшақ. Сарапшылар Екінші дүниежүзілік соғыстан бергі Еуропадағы ең қанды қақтығыс 2026 жылы аяқталуы екіталай деп болжайды.

🙏15🔥4🥰1🤔1