Azattyq - Азаттық
✔
10.8K subscribers
11.7K photos
4.52K videos
19 files
24.8K links
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
Download Telegram
💬 "Отбасы банк" азаматтардан Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) шотында зейнетақы жарналарынан жинақталған қаржының артық бөлігін медициналық қызмет ақысын төлеуге жұмсау жөнінде өтініш қабылдауды 12 қаңтардың кешінен бастап уақытша тоқтатты.

"Отбасы банкі Денсаулық сақтау министрлігімен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, БЗЖ есебінен медициналық қызметтерді алуға қойылатын талаптарды қайта қарайды және зейнетақы артықшылықтарын мақсатсыз пайдалануды болдырмау үшін ақпараттық жүйелерді ықпалдастыру тетіктерін пысықтайды", – деп түсіндірген банк ресми сайтында жариялаған ақпаратта.


Мұндай шешім қабылдауға былтыр желтоқсанда азаматтардан шоттағы артылған ақшаны радиохирургия қызметі ақысын төлеуге жұмсау жөнінде өтініштер күрт көбейгені себеп болған. Бір айда қазақстандықтар әлгіндей ақшаны онкологиялық ауруларды емдеуге пайдалану туралы 7 мыңнан астам өтініш берген. Ал оған дейінгі жылдары азаматтардан түскен осындай өтініштердің жалпы саны 500 болған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎15👍4😡3
🛥️🛳️ 11 қаңтарда Таиландтың Пхукет аралы маңындағы теңізде туристер мінген ұшқыр шағын кеме балық аулайтын кемемен соқтығысып қалған.

Жергілікті билік дерегінше, туристер кемесінде 52 жолаушы мен 3 экипаж мүшесі болған. Жолаушылар арасында Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Польша және Ұлыбритания азаматтары бар.

БАҚ жазуынша, теңіздегі апат салдарынан 18 жастағы Ресей азаматы қаза тауып, тағы 20-дан астам адам ауруханаға жеткізілген.

Қазақстан сыртқы істер министрлігі туристер мінген кемеде Қазақстанның сегіз азаматы болған деп хабарлады. Бәріне медициналық көмек көрсетілген, зардап шеккен үш қазақстандық ауруханада жатыр. Дәрігерлер олардың денсаулық жағдайын тұрақты деп бағалаған.

Қырғызстан сыртқы істер министрлігі де теңізде апатқа ұшыраған кемеде екі қырғыз азаматы болғанын растады. Олар зардап шекпеген.

Ал Өзбекстан азаматтары арасында зардап шеккендер туралы әзірге ресми ақпарат болған жоқ.
😱13🤬5❤1👍1👏1
⚡️ Иранда жаппай наразылықтар жалғасып жатқан тұста Түрікменстан билігі осы елмен шектесетін аймақтарда қауіпсіздік шараларын күшейтті. Азаттықтың Түркімен қызметі – Азатлық радиосы дереккөздеріне сүйеніп, бірқатар өңірде көлік пен азаматтарды тексеру қатаңдап, интернет байланысы айтарлықтай шектелген деп хабарлады.

Азатлық сөйлескен адамдардың айтуынша, қауіпсіздік шаралары Ахал уәлаятына қарасты Серах ауданында, оған қоса Ахал және Балқан уәлаяттарының Иранмен шекаралас өзге де өңірлерінде күшейтілген. Дереккөздер интернет байланысы толық дерлік өшірілгенін, полиция мен Ұлттық қауіпсіздік министрлігі тарапынан бақылау күшейгенін хабарлады.

Азатлық мәліметінше, Түрікменстан билігі ел ішіндегі ахуалға Ирандағы жаппай наразылықтар ықпал етуі мүмкін екеніне алаңдап, арнайы әрекет ету жоспарын әзірлеген. Дереккөздердің айтуынша, іске асырылуы ықтимал шаралар қатарында интернетті шектеуді одан әрі қатаңдату, шекара маңында тұратын халықты бақылауда ұстауды күшейту және білім беру мекемелерінде алдын алу сипатындағы жиналыстар өткізу бар.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎9🔥5😁3💩3
🔴 АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен іскерлік байланыс орнатқан мемлекеттерге 25 пайыздық баж енгізілетінін мәлімдеді.

"Иран Ислам Республикасымен бизнес жүргізетін кез келген ел бүгіннен бастап АҚШ-пен жасалатын барлық іскерлік операциялар бойынша 25 пайыз көлемінде баж төлейді. Бұл орындалуға міндетті әрі түпкілікті қабылданған шешім", – деп жазды Трамп Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Бұл шара АҚШ-тың әлем бойынша негізгі сауда қатынастарына елеулі ықпал етуі мүмкін, өйткені Иранның серіктестері тек онымен көрші елдермен шектелмей, Үндістан, Түркия және Қытайды да қамтиды деп жазды Bloomberg агенттігі.

Әлемде Иран мұнайын ең көп сатып алатын ел – Қытай. Кейінгі айда ол елдегі тәуелсіз мұнай өңдеу зауыттары Ираннан сатып алатын мұнай көлемін арттырған. Қытай өнімдеріне қосымша 25 пайыздық баж енгізілуі 2025 жылдың аяғында Трамп пен Қытай басшысы Си Цзиньпин арасында жасалған сауда "бітімін" бұзуы мүмкін деген қауіп барын ескертеді ақпарат агенттігі.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥13🤔10🤬1💩1
❤️ Ресейдің пропагандашыл журналисі Владимир Соловьев Армения мен Орталық Азияны Ресейдің ықпал аймағы санап, "қажет болса, неге өз ықпал аймағымызда арнайы әскери операция бастамасқа?"деп, осы елдерде үрей аралас қызу талқы туғызды. Әзірге бұл үндеу бағытталған елдер ішінде Армениядан өзгесі ресми мәлімдеме жасамады. Бірақ пікір білдірген саясаттанушылар мен қоғамдық тұлғалар баршылық. Олар не деді?
🔗Азаттықтан оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬26🤡13
❗Қара теңізде Қазақстанның мұнайын күтіп тұрған екі танкерге дрон шабуылдады - Reuters

13 қаңтарда Қара теңізде Каспий құбыр консорциумы (КҚК) маңында Қазақстаннан келетін мұнайды күтіп тұрған екі танкерге дрон шабуылдағаны айтылды. Бұл туралы Reuters агенттігі сегіз дереккөзіне сілтеп хабарлады.

Reuters агенттігінің ақпаратынша, грекиялық Delta Tankers компаниясына тиесілі Delta Harmony танкеріне "ТеңізШевройлдан" келетін мұнайды, ал Matilda танкері (грекиялық Thenamaris компаниясына тиесілі) Қарашығанақтан келген мұнайды тиеп әкетуі керек болған.

"Қазмұнайгаз" Қазақстан мұнайын күтіп тұрған Matilda танкері шабуылға ұшырағанын растады. Компания қазір шығын көлемі есептеліп жатыр деді. Thenamaris компаниясы да Matilda танкеріне екі дрон шабуылдағанын растады.

"Зардап шеккендер жоқ, танкер аздап бүлінген, тексерістен кейін бүлінген жерді жөндеуге болатыны анықталды" деген компания Reuters агенттігіне. Ал Delta Tankers компаниясы Reuters агенттігіне жауап бермеген.

Танкерлерге шабуылды кім жасағаны әзірге айтылмады. Украина да, Ресей де шабуыл жайлы ешқандай мәлімдеме жасамады. КҚК да ешқандай пікір білдірмеді.

Бұған қоса, грекиялық TMS компаниясы иелік ететін Freud танкері де, Delta Tankers компаниясына тиесілі Delta Supreme танкері де дрон шабуылына ұшыраған.
🤬16👍7❤3🔥3😱3🤔2😡2😁1
⚡Иран наразының бірін «өлім жазасына кеспек»

Құқық қорғау ұйымы Иран режимі наразылық кезінде ұсталған наразының бірін «өлім жазасына кескелі жатыр» деп хабарлады.

Норвегияда орналасқан Iran Human Rights ұйымы дереккөздеріне сілтеп, наразылыққа шыққан 26 жастағы Ерфан Солтани «Құдайға қарсы соғыс ашты» деген айыппен 14 қаңтарда дарға асылатынын айтады. Солтани алты күн бұрын ұсталған еді.

Иран ресми өкілдері Солтаниге қатысты хабарламаға ресми мәлімдеме жасамады. Дегенмен Ирандағы Ислам революциясы сақшылары корпусына жақын Tasnim ақпарат агенттігі 13 қаңтарда «сот органдары наразылыққа қатысқан бірнеше адамға айыптау үкімдері шыққанын» жазды.
🤬20😱17👍1
❗Иранда 2 мыңдай адам қаза тапқан - Reuters

Ирандағы билікке қарсы наразылықтан қаза тапқандардың саны мыңнан асып кеткені айтыла бастады. Reuters агенттігі Ирандағы қауіпсіздік қызметкеріне сілтеп, екі мыңдай адам қаза тапқанын жазды. Қаза тапқандары санына бейбіт тұрғындар мен орган қызметкерлері бар.

БҰҰ-ның адам құқығы бойынша басқармасының өкілі Джереми Лоуренс Женевадағы конференцияда «хабарламаларға қарағанда, жүздеген адам өліп, мыңдаған адам қамалған» деді. Ал 12 қаңтарда Iran Human Rights ұйымы дереккөздеріне сілтеп, 650 адам қаза тапқанын жазған.

Иранда бес күннен бері интернет бұғатталған. Сондықтан қаза тапқандардың нақты санын анықтау қиын.
😱20🤬9😭5❤2
⚡АҚШ президенті Дональд Трамп Ирандағы наразыларға қайырылып, "көмек келе жатыр" деді

"Иран патриорттары, НАРАЗЫЛЫҚТЫ ЖАЛҒАСТЫРЫҢЫЗДАР, ӨЗДЕРІҢІЗГЕ ТИЕСІЛІ ИНСТИТУТТЫ БАСЫП АЛЫҢЫЗДАР!!! Адам өлтіргіштер мен абьюзерлердің есімін есте сақтаңыздар. Олар бұл үшін жауап беретін болады. Мен наразыларды өлтіру тоқтағанша Иранның ресми өкілдерімен барлық кездесуді тоқтаттым. КӨМЕК КЕЛЕ ЖАТЫР" деп жазды ол TruthSocial желісінде.
👍27❤18🖕5👎2👏2
АҚШ-тың Иранға қатысты баж салығы: Қазақстан даму сценарийлерін бақылап отыр

Елдің сауда және интеграция министрлігі АҚШ-тың Иранмен сауда жасайтын елдерге 25 пайыз баж салығын енгізу туралы шешіміне қатысты осындай мәлімдеме жасады.

"Әзірге ықтимал шаралардың қолдану параметрлері әлі нақты белгісіз, осыған байланысты министрлік әртүрлі даму сценарийлерін бағалап жатыр", – деді Қазақстан сауда және интеграция министрлігінің ресми өкілі Тойгүл Жұбанисова.
💩15❤4🤬4
Azattyq - Азаттық
❗Қара теңізде Қазақстанның мұнайын күтіп тұрған екі танкерге дрон шабуылдады - Reuters 13 қаңтарда Қара теңізде Каспий құбыр консорциумы (КҚК) маңында Қазақстаннан келетін мұнайды күтіп тұрған екі танкерге дрон шабуылдағаны айтылды. Бұл туралы Reuters агенттігі…
⚡Қазақстан энергетика министрлігі Қара теңізде, Каспий құбыр консорциумы маңында Қазақстанның мұнайын тасуға арналған екі танкер дрон шабуылына ұшырағанын растады. Ведомство кемелерге шабуыл жасалғанда мұнайлар тиелмегенін, танкерлер бос болғанын, Қазақстан шығынға ұшырамағанын айтады.

Мальта туымен жүрген Matilda танкері Қарашығанақтан келетін мұнайды, Либерия туымен жүрген Delta Harmony танкері "ТеңізШевройлдан" келетін мұнайды күтіп тұрған. Екі танкер Грекияның компанияларына тиесілі екені айтылған.

Министрліктің хабарлауынша, Matilda танкерінде жарылыс болған, бірақ өрт шықпаған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Алдын ала ақпарат бойынша, кеме бүлінбеген, теңізде жүзе алады. Ал Delta Harmony кемесінде өрт шығып, сөндірілген, зардап шеккендер жоқ дейді министрлік.
👍18❤2👎2🔥2😱1🤡1
💬Прокурор Оңтүстік Кореяның бұрынғы президентін өлім жазасына кесуді сұрады

Оңтүстік Кореяда арнайы прокурор 2024 жылы желтоқсанда елде қысқа уақытқа әскери жағдай жариялап, ізінше "бүлік ұйымдастырды" деп айыпталып, биліктен шеттетілген бұрынғы президент Юн Сок Ельді өлім жазасына кесуді сұрады.

Оңтүстік Кореяның заңнамасында мұндай айыпқа ауыр жаза қарастырылған, алайда мұндай жаза ондаған жыл бойы ешкімге берілмеген деп жазды Reuters.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😨19👍3❤1😁1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ресейлік тележүргізуші, кремльшіл пропагандист Владимир Соловьев жеке эфирінде Ресей Орталық Азия, Армения сияқты «өз ықпалындағы елдердегі мәселелерге» назар аударып, ол жақта да арнайы әскери операция жүргізуді жоққа шығармау керек деді.
🖕34💩21🤬5🤣4🤡2💊2🤯1
Теміртауда аязда мыңнан астам адам жылусыз қалды

13 қаңтарда кешке Теміртауда 8-ші шағын аудан мен Отрадное көшелерін жылумен қамтамасыз ететін негізгі жылу магистралінде құбыр жарылып, 40 шақты көп қабатты тұрғын үй мен ондаған жеке үй, бизнес нысаны жылусыз қалған. Бұл жөнінде “Вечерняя Караганда” басылымы жазды. Мұндай апат аяз қақаған шақта болып отыр.

Қала әкімі Ғалым Әшімов 1970-жылдардан бері жөндеу көрмеген ескі құбыр жарылғанын айтты. Апаттық бригадалар үзіліссіз жұмыс істеп, тиісті техника жұмылдырылғаны хабарланды.
😱20❤2💔2👍1
Алматы облысында Ұлттық ұлан сарбазы жаттығу кезінде жарақаттанды

“Ұлттық ұланның” баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 13 қаңтарда күндіз Алматы қаласындағы 5571 әскери бөлімінің жаттығу полигонында болған.

Жаттығу кезінде сарбаз аяғын “қауіпсіздік ережелерін сақтамай” жарақаттап алған. Сарбазға алғашқы медицина көмегі көрсетіліп, Қонаев ауруханасына жеткізілген.

Сарбазға алғашқы медицина көмегі көрсетіліп, Қонаев ауруханасына жеткізілген.

Қазір оқиғаның мән-жайы бойынша тексеріс басталды.
🤬14❤2👏1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ирандағы ахуал ушыққан тұста АҚШ бұған араласуы мүмкін екенін ескертті. Тегеран келіссөздер жүргізуге әзірміз, бірақ «соғысқа да сақадай-сай дайынбыз» деді. Сарапшылар АҚШ әскери және экономикалық шаралармен жауап беруі мүмкін деп болжаған. Президент Дональд Трамп Иранмен сауда жасайтын елдердің АҚШ-пен операцияларына 25 пайыз тариф енгізді.
❤10🤔7🔥2🤬1
Украинадағы соғыс биыл біте ме?

Ресей Украинаға соғыс ашқалы төрт жылға таяп қалды, негізгі мәселелер бойынша тараптардың ұстанымы бір-бірінен әлі де тым алшақ. Сарапшылар Екінші дүниежүзілік соғыстан бергі Еуропадағы ең қанды қақтығыс 2026 жылы аяқталуы екіталай деп болжайды.
🙏15🔥4🥰1🤔1
❗Ирандағы қазіргі жағдай қалай?

🔹Бүгін, 14 қаңтарда Иран режимі наразылықта ұсталған алғашқы адамды дарға асатыны айтылып жатыр. 26 жастағы Ерфан Солтани бір апта бұрын Тегеранда ұсталған. Солтанидің туыстары ВВС сайтының Парсы қызметіне «сот процесі өте жылдам өтіп, екі күннің ішінде өлім жазасы кесілді» деген. Иран соты жас жігітті «Құдайға қарсы соғысқа шықты» деп айыптаған.

🔹АҚШ президенті Дональд Трамп 13 қаңтарда журналистерге Иран наразыларды дарға асса «өте қатаң шара қабылдайтынын» айтты.
АҚШ-та орналасқан Human Rights Activists News Agency есебінше, Ирандағы наразылықта қаза тапқандардың саны 2571 адамнан асқан.

🔹АҚШ пен Канада азаматтарын Ираннан кетуге шақырды. Екі ел азаматтарына Түркия немесе Армения арқылы шығып кетуге кеңес берді.

🔹Трамп пен SpaceX иесі Илон Маск арасындағы әңгімеден соң Starlink интернет қызметі Иранға тегін таратылатын болды. Иранда алты күннен бері интернет бұғатталған еді. Тегеран Starlink интернетін де бұғаттауға тырысып жатыр.

t.me/azattyq
😢16🔥6🤔3❤2🤬1
Украинада Юлия Тимошенконың партиясының кеңсесінде тінту болды

Украина жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросы (НАБУ) және мамандандырылған жемқорлыққа қарсы прокуратура (САП) Жоғарғы рададағы фракция жетекшілерінің бірі жемқорлық күдігіне ілінгенін хабарлады.

Мәселе бірқатар депутаттардың пайдасына орай фракция атынан нақты заң жобаларына дауыс беру жөнінде болып отыр.

Ведомство өкілдері фракция жетекшісінің аты-жөнін атамады. Азаттықтың Украин қызметінің "Схема" жобасы дереккөзінің айтуынша, "Батькивщина" фракциясына жетекшілік ететін Юлия Тимошенко күдікке ілінген.

Тимошенконың өзі тінту болғанын растап, айыпты жоққа шығарды
👍6🤔6❤1😁1
💬 Апелляциялық сот: Азаттық тілшілеріне аккредитация бермеу туралы шешім өзгермеді

14 қаңтарда Астананың әкімшілік сотының апелляциялық алқасы Азаттықтың 7 тілшісінің аккредитациясына қатысты бірінші инстанцияда шыққан шешімді өзгертпеді.

Былтыр 20 тамызда сот Азаттық радиосының жеті журналисіне аккредитация беруден бас тартқан Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің шешімін заңды деп таныған еді. Бұл шешімге келіспеген Азаттық шешімді апелляцияға берген.

Бүгін таңертеңгі сот отырысында адвокат Лилия Гафарова Қазақстан сыртқы істер министрлігі Азаттық тілшілерінің аккредитация мерзімін уақытында қарамай, осылайша әуелі олардың "аккредитациясыз" жұмыс істеуіне жағдай жасады, ізінше "аккредитациясыз жұмыс істеді" деп айыптап, Конституцияда жазылған жұмыс істеу құқығынан айырды деп мәлімдеді.

Ал сот отырысы кезінде сыртқы істер министрлігінің мүддесін қорғаған Константин Воробьев пен Мейрам Муташев бұған дейін ұстанымын жеткізгенін айтып, бірінші инстанциядағы сот шешімін өзгеріссіз қалдыруды сұрады.
🤬11🤔8❤3👏1😁1👌1