АҚШ сирек металл нарығында Қазақстанның Қытайға балама болғанын қалайды. Бұл жөнінде 13 ақпанда АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джули Стаффт айтты.
"Біз Қазақстанды Қытай бақылауындағы сирек металдар нарығына балама ретінде көре аламыз ба? Иә", – деді елші Стаффт Азаттық тілшісіне.

👍31🔥3🤔2👎1🖕1
Azattyq - Азаттық
⚡Шайдоров медальға таласатын күн Бүгін, 13 ақпанда олимпиадада мәнерлеп сырғанаудан қазақстандық Михаил Шайдоров негізгі бағдарламасын орындап, жүлдеге таласады. Шайдоров пен басты қарсыластарының жоспарлаған секіру элементтері мынандай (тізім түзгенде…
⚡Сонымен Миландағы қысқы олимпиадада мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасындағы жарыстың негізгі бағдарламасында фавориттер шыға бастады.
Бейтарап атлет ретінде қатысып жатқан ресейлік Петр Гуменник негізгі бағдарламада бес рет төрт айналым элемент секірді. Бұған қоса үш айналым аксельді екі рет орындады. Бірақ үш айналым лутц+үш айналым риттбергер каскадында тек екі айналым риттбергер болып қалды.
Гуменник негізгі бағдарламасы үшін 184,49 ұпай алды.
Ол қысқа және негізгі бағдарламаның қорытындысында 271,21 ұпаймен бірінші орында келеді. Екінші орында тұрған грузиялық Ника Эгадзеде 260.27 ұпай бар. Алда 10 спортшы өнер көрсетеді. 271 ұпаймен үштікке ену қиын.
02:10-нан кейін мұзға қазақстандық Михаил Шайдоров шығады.
Руслан Меделбек, Азаттық тілшісі Миланнан хабарлайды

❤11🤷4🖕3🍓1
⚡Қазақстандық Михаил Шайдоров негізгі бағдарламасына 198.64 ұпай жинады. Бес рет төрт айналым элементті таза секірді. Үш айналым аксель+төрт айналым сальхов элементін орындады. Бұл элемент тек Шайдоровтың арсеналында бар.
Қазақстан спортшысы қос бағдарламада 291.58 ұпаймен бірінші орында келеді.

❤31🔥2🏆2⚡1
❗Шайдоровта кемі күміс медаль бар. Басты қарсыласының бірі Юма Кагияма да негізгі бағдарламасын таза орындай алмады.
👍19❤7🔥3🏆1
⚡Миландағы қысқы олимпиадада қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров чемпион атанды. Қазақстан спортшысы қос бағдарламада 291.58 ұпай жинады. Жеке рекорды.
Бұл - Қазақстанның қысқы олимпиадада ұзақ күткен алтыны.
Басты қарсыластары Илья Малинин (АҚШ), Юма Кагияма (Жапония) негізгі бағдарламаларын таза орындай алмады.
Шайдоров былтыр әлем чемпионатында күміс, Төрт құрлық чемпионатында алтын алған еді. Енді жүлделерінің санатына олимпиада алтынын қосты.

🔥57👍20❤7👎2👏2🏆2🎉1💩1
Тоқаев Шайдоровты "Барыс" орденімен марапаттады
Президент спортшының Қазақстанның спорт тарихында мәнерлеп сырғанаудан тұңғыш рет алтын медаль иеленуін тарихи маңызы зор жетістік деп атады.

👍43🔥9🏆5💩4👎2
Украина әскері Белгородқа ракетамен соққы жасады деп хабарлады аймақ басшысы Вячеслав Гладков. Соңғы мәлімет бойынша, екі адам қаза болған, үш адам жарақаттанған.
Гладковтың айтуынша, екі ер адам инфрақұрылымдық нысандардың бірі атқыланып жатқан кезде қаза болған. Жарақаттанғандар ауруханаға жатқызылған, бір адамның жағдайы ауыр.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏35👍9🔥5🤬4❤2😢1😡1
АҚШ үндістандық Reliance Industries Ltd компаниясына мұнайды тіке Венесуэладан сатып алуға мүмкіндік беретін лицензия берді. Бұл жөнінде екі дереккөзге сүйенген Reuters жазды.
Reliance қаңтардың басында лицензияға өтініш берген. Құжат Венесуэлада өндірілген мұнайды сатып алуға, экспорттауға, өңдеуге рұқсат береді.
Reuters-тің жазуынша, Ресейдің мұнай және газдан түскен кірісі қаңтар айында 2020 жылдың тамыз айынан бергі ең төмен көрсеткішке (405 млрд рубль) түсіп кеткен. Ол кезде мұнай кірісі пандемияға байланысты қысқарған еді. Жылдық кіріс 25 пайызға дейін (8,44 трлн рубль) азаюы мүмкін деген болжам бар.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍27❤10👎2😁1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Жапонияда сайлау науқаны кезінде жүкті екенін көпке жария айтқан кандидат парламент сайлауында қарсыластарынан озып, төменгі палатадан мандат алды. 35 жастағы Хикару Фудзита Нагано осылайша саясатта ерлер үстем саналатын елде ерекше жеңіске жетіп отыр.
👏32😁5
Ресейлік блогерді жарақаттады деп айыпталған модель Қазақстанға оралды
Бали аралында ресейлік блогер Карина Фадееваны жарақаттады деп күдікке ілінген қазақстандық модель Гүлсезім Алтайбекова еліне оралды. Бұл жөнінде өзі TikTok желісінде хабарлады.
Ол өзін Бали түрмесіне қамады деген ақпаратты терістеді. Оның сөзінше, тараптар бітімге келген.
"Түрмеге қамалды деген ақпарат өтірік. Мен сотталған жоқпын, жаза өтеген жоқпын. Жанжал реттелді, тараптар бітімге келді" деп жазды ол.

❤31😘9👍4🔥4😁1🌭1🍌1🍓1
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранда болуы мүмкін ең жақсы нәрсе – режимнің ауысуы деп мәлімдеді. Тегеран мен Вашингтон арасындағы жағдай ушыққан шақта АҚШ президенті Таяу Шығысқа тағы бір ұшақ тасымалдаушы кеме жіберілгенін растады.
Солтүстік Каролина штатындағы әскери базаға барған кезде журналистердің сұрақтарына жауап берген Трамп Иран туралы да айтты.
"47 жыл бойы тек сөйлеп келе жатыр. Осы әңгіме кезінде талай азаматынан да айырылды" деді Америка басшысы.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥18👍13❤3👎1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Милан олимпиадасында мәнерлеп сырғанаудан олимпиада чемпионы атанған қазақстандық Михаил Шайдоров Сочи олимпиадасында қола медаль алған отандасы Денис Тен карьерасына үлкен әсер еткенін айтты.
Денис Тен 2018 жылы Алматыда кісі қолынан қаза тапқан еді.

👍26❤12🕊1
The Insider: Навальный түрмеде эквадорлық бақа уынан өлген
Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный 2024 жылы 16 ақпанда эпибатидин атты заттан уланып өлген. Мәселе оңтүстікамерикалық бақаның терісінен жасалған өте улы зат жөнінде болып отыр. Бұл жөнінде The Insider жазды.
Басылымның дерегінше, Навальныйдың осы удан өлгенін бес мемлекет – Ұлыбритания, Швеция, Франция, Германия және Нидерланды елдерінің сарапшылары растаған. Олар Алексей Навальный өлгеннен кейін оның денесінен алынған биоматериалды сараптаған.

🤬23😱13🤔5❤4😢2🤷♀1🤷♂1👌1😡1
Azattyq - Азаттық
⚡Миландағы қысқы олимпиадада қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров чемпион атанды. Қазақстан спортшысы қос бағдарламада 291.58 ұпай жинады. Жеке рекорды. Бұл - Қазақстанның қысқы олимпиадада ұзақ күткен алтыны. Басты қарсыластары Илья Малинин…
Шайдоровтың жеңісі жайлы халықаралық басылымдар не жазды?
🔹Америкалық NBC News телеарнасы "олимпиаданың еркін бағдарламасы Илья Малинин үшін триумф болуы керек еді. Бірақ мәнерлеп сырғанаудан олимпиада тарихындағы мүлде күтпеген жеңіліс болды. Қазақстандық Михаил Шайдоров жұма кешкісін өміріндегі ең үздік өнерін көрсетіп, олимпиада титулын иеленді. Көп адам ерлер арасындағы бәсекеде жүлденің тағдыры шешіліп қойды деген еді, бірақ Шайдоров жағдайды асты үстіне төңкерді" деп жазды.
🔹Slate сайты "Миландағы қысқы олимпиадада "Куадтар құдайы" аталып кеткен америкалық Илья Малининнің жеңіске жететіне ешкім күмән келтірген жоқ. Ал осы ақпанда "Михаил Шайдоров – 2026 жылғы олимпиада чемпионы" деген сөз айтылатынын ешкім күтпеді. Тіпті Шайдоровтың өзі де күтпесе керек" деді.
🔹ВВС сайты "олимпиаданың басты фавориті болған Илья Малинин екі рет құлап, сәтсіздікке ұшырады. Барлық құрмет жаңа "Куадтардың құдайына" деп жазды.
🔹Британиялық Guardian сайты "Шайдоров экранға нақты ұпайлар шығып, жеңісі ресми бекітілгенде басқалар сияқты таңырқай қарады. Бұл – Шайдоровтың карьерасындағы үлкен серпілісі және Қазақстан үшін маңызды жеңіс" дейді.
🔹Reuters агенттігі "жұлдыздар бұл жолы Шайдоровтың жағында жарқырады" дейді.
🔹Жапониялық Kyodo News агенттігі "Олимпиададағы ең үлкен сәтсіздіктен кейін қазақстандық Михаил Шайдоров алтын медальды жеңіп алды" деп жарысты қорытындылады.
🔹Associated Press агенттігі "Илья Малининнің олимпиададағы коронациясы күте тұрады" дейді.
🔹Франциялық l'équipe басылымы Шайдоровтың жеңісін "олимпиададағы басты сенсация" деп атады.

❤28👏8😁4
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
250 мыңнан астам адам Бавария орталығы Мюнхен қаласындағы шеруге қатысты деді Германия полициясы Азат Еуропа/Азаттыққа. Бұл Иран билігі қарсыластарының Еуропадағы ең ірі наразылығы.
Мюнхендегі наразылық – 1979 жылы Ислам революциясы кезінде биліктен құлатылған Иран шахының ұлы Реза Пехлеви ұйымдастырған дүниежүзілік акцияның бір бөлігі.
Шетелде шашыраңқы жүрген Иран оппозициясының бір өкілі Реза Пехлевиді көпшілік қол шапалақтап қарсы алды.
🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍27❤3
АҚШ бейбітшілікке қол жеткізу үшін Украинаны талаптарынан бас тартуға "тым жиі" итермелейді, бірақ Ресейге келгенде – олай емес. Мюнхендегі қауіпсіздік конференциясы кезінде сөз сөйлеген Украина президенті Владимир Зеленский осылай деп мәлімдеді.
Ол Дональд Трамп әкімшілігі тарапынан соғысты тез арада, соның ішінде талаптарынан бас тарту арқылы бітіру үшін «аздаған» қысым сезіп отырғанын тілге тиек етті. Зеленский Украинаның тез арада бейбітшілікке қол жеткізгісі келетінін, бірақ бұл бейбітшілік сол атқа сай болуы керек екенін атап өтті.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥41👍19💯5🤷♂2🤡2🥴1🤣1
Әлиев Ресейді Әзербайжанның Киевтегі елшілігіне қасақана соққы жасады деп айыптады
Әзербайжан басшысының сөзінше, Ресей әскері Әзербайжанның Киевтегі өкілдігіне үш рет соққы жасаған.
Әлиевтің айтуынша, Әзербайжан басшылығы бастапқыда алғашқы соққыны кездейсоқ жасалған шабуыл деп қабылдап, Ресей жағына Әзербайжанның Киевтегі дипломатиялық өкілдіктерінің (консулдық бөлім, мәдени орталық және елшілік) координаттарын берген.
"Соған қарамастан тағы екі соққы жасалды. Бұл Әзербайжанның дипломатиялық өкілдігіне жасалған мақсатты шабуыл" деді Әлиев.
Ал Ресей сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Әлиевтің сөзі шындыққа сәйкес келмейді.

😱30💯19🤬6❤4👏2😁1🤣1