Украинада ресейлік және қазақстандық әзілкеш Нұрлан Сабыровқа қарсы сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бұл жөнінде украиналық заңгер Андрей Пронин өзінің телеграм-желісінде хабарлады.
Заңгердің сөзінше, Украина қауіпсіздік қызметі заңгердің шағымынан кейін Сабыровқа қарсы "Басқыншы елге көмектесу" қылмыстық бабы бойынша іс ашқан. Заңгердің айтуынша, алдағы уақытта Нұрлан Сабыровқа іздеу, оның ішінде халықаралық іздеу де жарияланып, экстрадициялау туралы мәселе қозғалуы мүмкін.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍71🤣5🔥3🤔3❤1😁1🖕1
16 ақпанда Өскемен қаласында барлық мектеп оқушылары қашықтан оқиды. Бұл жөнінде Өскемен қаласының білім басқармасы Instagram парақшасында хабарлады.
Білім басқармасының жазбасына комментарий қалдырған кейбір қолданушылар шешімді құптап "сыртқа шықсаң, ауа жоқ" екенін жазды.
"Көшеде, Абай даңғылы аумағы жағында сасық иіс, газ, жүру мүмкін емес, бірден жөтеле бастайсың" деп жазды almira_pitanie есімді қолданушы.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱19👎9🤬4😡2❤1
Алматыда жанкүйерлер мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің ескерткішіне гүл қойып жатыр. Жұма күні қазақстандық Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанауда Милан олимпиадасында чемпион атанған еді. Шайдоров жеңісінен кейін Денис Тенді еске алып, Денис Теннің жеңістері карьерасына әсер еткенін айтқан.
2014 жылы Сочи олимпиадасында қола медаль алған Денис Тен 2018 жылы жазда көлігіне ұрлыққа түскендердің қолынан қаза тапқан еді.
Жанкүйерлер Теннің Қазақстан спортына, елдегі мәнерлеп сырғанауға үлкен серпіліс берді деп санайды.
t.me/azattyq

👍23❤17👎2
19 жастағы Мизерныхтың 8-орны – жетістік. Неге?
🔹Қысқы олимпиадада қазақстандық қазақстандық 19 жастағы Илья Мизерных шаңғымен үлкен тұғырдан секіруде 8-орын алды. Бұл – Қазақстанның шаңғымен секіруден қысқы олимпиадалардағы ең жоғарғы нәтижесі. Кейінгі үш олимпиадада қазақстандық тұғырдан секірушілер 40-60 орындарды алатын.
🔹Алматылық Мизерных бірінші секірісінде 140,5 метрге, екіншісінде 136 метрге секірді. Олимпиадада Мизерныхтан басқа ешкім 140,5 метрге секірген жоқ Бірақ ол жерге қонған кезде сәл қателесіп, төрешілерден төмендеу ұпай алды.
🔹Дегенмен қазақстандық Италиядағы олимпиадада Германия, Финляндия, Франция, АҚШ, Швейцария спортшыларын озды. Бұл – Мизерныхтың да карьерасындағы ең үздік нәтижесі. Жас спортшы 2024 жылы Кангвонда (Корея) өткен жасөспірімдер олимпиадасында үлкен тұғырдан секіруден чемпион атанған еді.
🔹Демек қазақстандық жанкүйерлер үшін қысқы спортта жолына үмітпен қарайтын тағы бір жас спортшы шықты.

❤22👍15💩3👎2
Министрлік мәліметінше, АҚШ әскері кемені Кариб теңізі аймағынан бастап Үнді мұхитына дейін бақылауда ұстаған.
"Кеме президент Дональд Трамп енгізген карантин шектеуін айналып өтуге тырысты", - делінген ресми мәлімдемеде.
Өткен аптада америкалық әскери десант Үнді мұхитында Aquila II танкерін қолға түсірген. Әскери мамандар ол кемені де Кариб теңізінен бастап бақылап отырған. Танкер санкция салынғанына қарамастан, Венесуэла мұнайын Қытайға жеткізуге әрекет жасады деген күдікке ілінген.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍17🔥5❤1🤔1
"Алматы, Қонаев және Талдықорған қалаларында әскери техниканың қозғалысына байланысты автожолдардың жекелеген учаскелерінде қозғалысқа уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін",– деп хабарлаған министрлік жұртшылық пен БАҚ өкілдерін "жалған ақпаратқа сенбеуге және тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге" шақырған.
Бұл шара кезінде қандай әскери бөлімдер мен әскери техника түрлерінің дайындығы тексерілетіні және олар нақты қай жерге баратыны айтылмаған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔9🤬4😁2❤1
Оның пікірінше, халықаралық тұрақсыздық күшейіп, қауіпсіздік саласындағы жағдай белгісіз болып отырған шақта Польша бұл бағыттағы жұмысты "барлық халықаралық нормаларды сақтай отырып" бастағаны жөн болмақ.
"Біз – қарулы қақтығыстың дәл шекарасында орналасқан мемлекетпіз. Агрессивті, империялық Ресей федерациясы Польшаға қалай қарайтыны белгілі",
– деді Навроцкий.
Польшада ядролық бағдарлама пайда болса, оған Мәскеудің реакциясы қандай болуы мүмкін деген сұраққа президент Навроцкий "Ресей кез келген нәрсеге агрессивті реакция білдіруі мүмкін" деп жауап қатқан.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍23👏3❤1
Калластың бұл пікіріне Латвия президенті Эдгарс Ринкевичс те қосылған.
"Иә, біз Украинаға Еуропа одағында орын барын түсінеміз, иә, көптеген мемлекет басшыларымен әңгіме барысында олар нақты күнді белгілеуге дайын емес-ау деген ой туады",
– деді Латвия президенті.
Ринкевичс Украинаны Еуропа одағына мүше етіп қабылдау "көп жағдайда бейбіт келісімге байланысты" екенін айтқан.
"Бейбіт келісім бола ма, жоқ па? Ресейдің қандай да бір әрекет жасамақшы екенін көріп тұрған жоқпын. Егер Ресей әрекет етпесе, онда келісім де болмайды",
– деді ол.
Сенбі күні өткен Мюнхен қауіпсіздік конференциясы барысында Украина президенті Владимир Зеленский Ресеймен бейбіт келісім жасасу үшін қауіпсіздік кепілдіктерінің бір бөлігі ретінде елдің Еуроодаққа қосылу мерзімін белгілеу қажет екенін тағы қайталады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍12❤2🔥1
❗Никиша мен Әжғалиев ширек финалда
Қысқы олимпиадада шорт-тректен қазақстандық Абзал Әжғалиев пен Денис Никиша 500 метрге жүгіру жарысында ширек финалға шықты.
Әжғалиев өз тобында бірінші орын алса, Никиша үшінші орын алғандар арасында ең жоғарғы көрсеткішпен өтті.
Әжғалиев тобында үшінші келе жатқан. Мәреге бір айналым қалғанда түркиялық Фуркан Акар құлап, латвиялық спортшыны Рейнис Верзинсті де құлатты. Осыны пайдаланған Әжғалиев бірінші орынға шығып кетті (суретте). Акар жазаланып, пенальтимен жарыстан шығарылды.
500 метрлік жарыстың ширек финалы, жартылай финалы және финалы 18 ақпанда өтеді. Әжғалиев пен Никиша осы 500 метрге жақсы жүгіреді. Әжғалиев 2022 жылғы олимпиадада 4-орын алған еді. Ал Никиша бұл қашықтықта екі рет әлем чемпионатында күміс иеленген.

❤12👍8🔥2😁2
Қазақстан билігі Негізгі заңға енгізілмек өзгертулерді "заңдылық пен тәртіпті" нығайтуды және саяси жүйені жетілдіруді көздейтін қадам деп сипаттап отыр. Алайда HRW өкілдерінің пікірінше, жобадағы бірқатар тұжырымдар, мәселен, құқықтарды қоғамдық тәртіп пен мораль мүддесі үшін шектеуге мүмкіндік беретін нормалар бұлыңғыр жазылған және олар ой-пікір бостандығын, бірлесу еркіндігін және бейбіт жиналыстар өткізу құқығын өз бетінше шектеу үшін қолданылуы мүмкін.
Құқық қорғаушылар саяси партиялар мен кәсіподақтарға шетел қаржысын пайдалануға тыйым салуды, үкіметтік емес ұйымдарды шетелден қолдау алатыны туралы ақпаратты ашық жасауға міндеттеуді және ереуілге шығу құқығы жөнінде ештеңе көрсетілмеуін сынға алған. Олар мұндай жағдай азаматтық қоғамға қысым көрсетуге әкелуі мүмкін екенін айтқан.
HRW ұйымын жобада некеге тек "ер мен әйел арасындағы одақ" ретінде анықтама берілгені, оған қоса халықаралық құқықтың ұлттық заңнамадан басым екені жазылған баптың алынып тасталуы және омбудсменді тағайындау тәртібінің өзгеруі де алаңдатып отыр. Ұйымның бағалауынша, бұл өзгерістер құқықтық қорғаныс кепілдіктерін әлсіретуі ықтимал. Бұған қоса HRW жаңа жобаға сын айтқандарға қысым жасалып жатқанын мәлімдеген.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😢12👍11🤔2💩2❤1😭1
Тексеріс бастауға белсенді Марат Тұрымбетовтің Қазақстанның Бас прокуратурасына берген арызы түрткі болған. Арызда Сабыров "Легион Вагнер Истра" деп аталатын әскери бөлімшеге 10 мотоцикл табыс еткені түсірілген видео жайлы айтылған. Ол видео былтыр жазда Ресейдің Истра қаласының басшысы Татьяна Викушеваның Telegram-арнасында жарияланған. Қазір ол пост өшірілгенімен, оның көшірмесі бірнеше пабликте сақталып қалған.
Қазақстанның Қылмыстық кодексіндегі жалдамалылық туралы бапта жеті жылдан 12 жылға дейін бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Толығырақ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍23🔥3😁3👎1👏1
"Иә, біз кездестік. Кеше кешке оны қабылдадым. "Демал, досым, денсаулығыңды күт, сабыр сақта" дедім. Досымның айтуынша, ол "ақсақалдармен" де, "көксақалдармен" де сөйлеспеген. Осыған сүйене отырып, ол адамдар досыма айтпай, жасырын жоспар бойынша өз бетінше әрекет еткен деген ой түйдім",
– деді президент мемлекеттік "Кабар" агенттігіне сұхбатында.
Жапаров бұған қоса Ташиев алдағы уақытта қандай да бір мемлекеттік қызметке бармайды деген. Оның "ақсақалдар" дегені – мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізуге шақырған ашық үндеу авторлары. Өткен аптада ол үндеуге қол қойғандардың үшеуін – Эмилбек Ұзақбаев, Құрманбек Дыйканбаев пен Бекболот Талғарбековты Қырғызстан ішкі істер министрлігі жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру ісі бойынша ұстаған.
Жапаров 10 ақпанда Ташиевті ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеттің төрағасы және үкімет төрағасының орынбасары қызметінен босатқан. Ташиев президентпен қатар елдегі ең ықпалды саясаткерлердің бірі саналып келген еді.
Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😎9🥱8❤4😁3🔥1
Солтүстік Кореяның басшысы Ким Чен Ын Пхеньянда «шетелдегі әскери операцияда» қаза болған сарбаздардың отбасыларына арналған жаңа тұрғын үй ауданының лентасын қиды деп хабарлады Солтүстік Кореяның мемлекеттік KCNA ақпарат агенттігі 16 ақпанда.
Рәсімге Ким Чен Ынның қызы Ким Джу Е, жоғары лауазымды шенеуніктер мен партия мүшелері, қаза болған сарбаздардың отбасы мүшелері және «шетелдегі әскери операцияға қатысқан әскерилер» қатысты.
Ресейлік ТАСС ақпарат агенттігі көше «Ресейдің Курск облысындағы шайқасқа қатысқандардың құрметіне» ашылғанын хабарлады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎14😱6❤3🤬1🥱1
Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Асылжан Есенқызы Азаттыққа сұхбат беріп, қазір бастан кешіп жатқан қиындығы жайлы айтты. Оның сөзінше, атына жазылған пәтерінің меншік құқығы өзінің сыртынан өзгеге ауысып, кейін мемлекет иелігіне өтіп кеткен.
🔗Толығырақ көріңіз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
YouTube
Қайрат Сатыбалды мен бұрынғы әйелінің пәтер дауы. Ал баспана мемлекетке өтіп кеткен
Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Асылжан Есенқызы Азаттыққа сұхбат беріп, қазір бастан кешіп жатқан қиындығы жайлы айтты. Оның сөзінше, атына жазылған пәтерінің меншік құқығы өзінің сыртынан өзгеге ауысып, кейін мемлекет…
💩10🤯2🥱2❤1
Журналисті дүйсенбі күні таңертең Алматының Медеу аудандық прокуоратурасы шақыртып, Мұқанқызына Х әлеуметтік желісіндегі жеке парағына Қазақстанда 15 наурызға белгіленген жалпыхалықтық референдум жөнінде сауалнама жариялағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылатынын айтқан.
Оның үстінен Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 120-бабы бойынша хаттама толтырып, істі сотқа жіберген.
Сейсенбі күні әкімшілік сот журналистің өкілі заңгер Ольга Диденконың өтінішін қанағаттандырмай, Мақпал Мұқанқызына айыппұл салу туралы шешім шығарған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬15❤3🤔2
Билік Конституцияны өзгертуді қолдайтын коалиция құрып, ауқымды ақпараттық науқан бастады. Алайда қоғамдағы пікірталас екі түрлі медиа кеңістікте әрқалай өрбіп жатыр. Мемлекеттік БАҚ ұсынылған өзгерістерді саяси жаңғыру деп таныстырды. Ал құқық қорғаушылар мен сарапшылар кей нормалар азаматтық бостандықтарды шектеуі мүмкін деп алаңдайды. Азаттық медиа-сарапшы Қалима Тәжіқұлмен сұхбаттасты.
🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💩14🤡8🔥2❤1
Өзбекстанда қамаудағы қарақалпақ белсендісі Дәулетмұрат Тәжімұратовқа жаңа айып тағылды
2022 жылғы Қарақалпақстандағы наразылық бойынша 16 жылға сотталған белсенді Дәулетмұрат Тәжімұратовқа қосымша жаза берілуі мүмкін. Оған "мекеменің жұмысын бұзды" деген айып тағылған. Туыстары мен қорғау жағының сөзінше, оны түрме қызметкерлері арандатқан болуы мүмкін.
Белсендінің бауыры Ренат Тәжімұратов жуырда түрмеге барып, оны көре алмай қайтқан. Оның сөзінше, бауырының орнына шыққан тергеуші Дәулетмұрат Тәжімұратовқа жаңа айып тағылғанын айтқан.

🤬27🤔6❤2
Azattyq - Азаттық
⚡Алматыда жер сілкінді
"Сейсмологиялық зерттеу институтының" хабарлауынша, жер сілкінісі ошағы Алматы қаласынан шығысқа қарай 74 шақырым жерде орналасқан. Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.
ТЖМ мәліметінше, Алматыда 2 балдық жер сілкінісі болған. Алматы облысында 2-4 аралығында болған.
ТЖМ мәліметінше, Алматыда 2 балдық жер сілкінісі болған. Алматы облысында 2-4 аралығында болған.
🙏13👎2👏1😱1
Azattyq - Азаттық
"Сейсмологиялық зерттеу институтының" хабарлауынша, жер сілкінісі ошағы Алматы қаласынан шығысқа қарай 74 шақырым жерде орналасқан. Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ. ТЖМ мәліметінше, Алматыда 2 балдық жер сілкінісі болған. Алматы…
Еуропа-жерорта сейсмологиялық орталығының мәліметінше, жер сілкінісі 17 ақпанда Астана уақытымен сағат 15:08-де болған. Жер сілкінісінің магнитудасы – 5
😱11👏3👎1