Azattyq - Азаттық
✔
10.8K subscribers
11.7K photos
4.52K videos
19 files
24.8K links
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
Download Telegram
🔴Конституция жобасы бойынша референдумның түпкілікті қорытындысы жарияланды

17 наурыз күні Астанада Қазақстанның Референдум жөніндегі орталық комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров жексенбіде өткен жалпыұлттық референдумның түпкілікті қорытындысын жариялады.

Ол содан бір күн бұрын Әбдіровтің өзі көпке таныстырған алдын ала қорытынды көрсеткішке ұқсас шықты.

📊 Референдумның түпкілікті қорытындысы (адам саны және пайыз түрінде):

🟢 ҚОЛДАҒАНЫ — 7 954 667 (87,15%)
██████████████████████████████████████████

🔴 ҚАРСЫ БОЛҒАНЫ — 898 099 (12,85%)
██████

👥 РЕФЕРЕНДУМ БЮЛЛЕТЕНІН АЛҒАНДАР — 9 127 192 (73,12%)

⚠️ Жарамсыз деп танылған бюллетень — 146 558
⚠️ Есепке алынбаған бюллетень саны — 127 868
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎29💩11😁4🥱4❤2🤮2🤬1🖕1
Azattyq - Азаттық
🔴Конституция жобасы бойынша референдумның түпкілікті қорытындысы жарияланды 17 наурыз күні Астанада Қазақстанның Референдум жөніндегі орталық комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров жексенбіде өткен жалпыұлттық референдумның түпкілікті қорытындысын жариялады.…
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Референдум бюллетенін алғаны туралы бөтен кісінің қолы жайлы дауға ОРК өкілінің түсіндірмесі

Алматылық құқық қорғаушы Маржан Аспандиарова 16 наурыз күні референдум учаскесіне барғанында, өзінің орнына белгісіз біреу қол қойып кеткенін көргенін айтып, заң орындары мен Орталық референдум комиссиясына шағым түсіргенін хабарлаған.

17 наурыз күні Азаттық тілшісі Нұргүл Тапаеваның сұрағына жауап берген ОРК төрағасының орынбасары Шавхат Өтемісов ол мәселеден өздері хабардар екенін айтып, "бұл сондағы учаскелік комиссия мүшесінің қатесі" деп түсіндірді.

Өтемісовтің сөзінше, "учаскеге дауыс беруге көп адам келгендіктен ол шатасып, тізімдегі өзге адамға бюллетень берілгені туралы басқа жерге қол қойғызған".

– Біз шұғыл шара қабылдап, ол адамды жұмыстан шығардық. Ал басқа мәселелер біздің құзырымызға жатпайды, тиісті органдар бұл мәселеге жауап береді деп ойлаймын, – деді Өтемісов Азаттық тілшісіне.
🤬14🤡8❤3💩2😁1😱1
Azattyq - Азаттық
🔴Конституция жобасы бойынша референдумның түпкілікті қорытындысы жарияланды 17 наурыз күні Астанада Қазақстанның Референдум жөніндегі орталық комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров жексенбіде өткен жалпыұлттық референдумның түпкілікті қорытындысын жариялады.…
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Сейсенбі күні Астанада Қазақстан Конституциясы жобасы бойынша жалпыұлттық референдумның түпкілікті қорытындысы жария еткен ОРК өкілдері тіркелген заң бұзу деректері туралы да айтты, алайда ол референдумның түпкілікті қорытындысына әсер ете алмайды деді.
🖕11🤬7❤1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Сейсенбі күні Астанада Қазақстан Конституциясы жобасы бойынша жалпыұлттық референдумның түпкілікті қорытындысы жария етілгеннен кейін өткен брифингте Азаттық тілшісі Нұргүл Тапаева Орталық референдум комиссиясына дауыс беруге дейінгі кезеңіндегі үгіт-насихат науқаны біржақты болды деген сын пікірлерге байланысты сұрақ қойды.

– ОРК үгіт-насихат жұмыстарына араласпайды, біздің негізгі жұмысымыз - хабарландыру, дауыс берушіге қай күні, қай жерде дауыс бере алатыны туралы мәліметті жеткізу. Ал үгіттеу жұмысы басқа органдарға, басқа адамдарға қатысты. Жалпы, Қазақстан Конституциясы бойынша әрбір адам, қоғамдық ұйым үгіт-насихат жұмысымен айналыса алады, оған құқылы, – дeп жауап берді ОРК төрағасының орынбасары Шавхат Өтемісов.
😁12❤4👎3🔥1
❗Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституцияға қол қойды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
👎35😢5👍4🖕4💩3
⚡"Сайлауды жаңа сессияның ашылуына дейін өткізу жоспарда" - Тоқаев

Қазақстан президенті Тоқаев Конституцияға қол қойған соң "парламент сайлауын жаңа сессияның ашылуына дейін өткізу жоспарланып отыр" деп мәлімдеді.


"Заң шығару үдерісі алдағы парламент сайлауымен қатар жүреді. Сайлауды жаңа сессияның ашылуына дейін өткізу жоспарланып отыр. Сол уақытқа дейін тиісті заңнамалық база әзірлеуді толықтай аяқтаған жөн. Елімізді құқықтық және саяси тұрғыдан түбегейлі жаңғырту жыл соңына дейін, тіпті, келесі жылы да жалғасуы мүмкін. Алдымызда қазіргі билік институттарын реформалап, жаңасын құру, сондай-ақ олардың құрылымы мен кадрлық құрамын өзгерту міндеті тұр" деді ол.
🤣18💩6🤡3👍2🖕2❤1
❗Израиль Иранның қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әли Лариджани (суретте) мен "Басидж" күштерінің басшысы Гулямреза Солейманиді өлтіргенін мәлімдеді.

Лариджанидің қазасын Израиль қорғаныс министрі Исраэль Кац, Солейманидің өлімін ЦАХАЛ хабарлады. Иран жоғары шенді әскери басшылардың қазасын растаған жоқ.

🔹Лариджани кім? "Басидж" қандай күш?

Лариджани – Ирандағы ислам режиміндегі ықпалды адамдардың бірі. АҚШ пен Израильдің шабуылынан қаза тапқан Иранның рухани көсемі Әли Хаменеидің сенімді кеңесшісі болған. Лариджани Израильді жоюды ашық қолдап, бірнеше рет мәлімдеме жасаған.

Ал "Басидж" - Иран ислам сақшылары корпусының бір бөлігі. Бұл күшке көбіне жастар қосылып, Иранның аймақтарындағы діни заңдардың орындалуын және саяси көңіл-күйді бақылайды.

t.me/azattyq
👍13👎7❤3🤬3🔥1😢1
❗Иран Израильге қарай ракеталар атып жатыр

Иранның мемлекеттік телеарналары "оккупацияланған аумақтарға" қарай ракеталар жіберілгенін хабарлады. Ал Израильдің қорғаныс күштері Иран Израильге қарай көп ракеталар жібергенін, қорғаныс жүйелері зымырандарды қағып түсіру үшін іске қосылғанын мәлімдеді.
🔥14👍8🤬4🖕3❤2
⚡Қырғызстанда Ташиевтің ұлын полицияға шақырды

Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Қамшыбек Ташиевтің ұлы Тай-Мурас Ташиев полицияға шақырылды. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз қызметіне дереккөздері хабарлады.

ІІМ баспасөз хатшысы Султан Макилов бұл ақпаратты растамады да, жоққа да шығармады. Ол ақпарат кейін берілетінін айтты.

32 жастағы Тай-Мурас Ташиев – Қамшыбек Ташиевтің үлкен ұлы. «Томас и Ко» компаниясы директорының орынбасары. 2021 жылы Жалал-Абад қалалық кенешіне «Ата-Журт Кыргызстан» партиясы атынан депутат болып сайланған. Кейін мандатынан бас тартты.

🔹Тай-Мурас Ташиевтің айналасындағы оқиғалар

Ақпанда желіде бұрынғы вице-премьер Бакыт Торобаев пен бизнесмен Эркинбек Жолдошалиевтің аудиосы тарап кеткен. Аудиода бизнесмен зауыты бар жерді Тай-Мурас Ташиевке бергенін, ол бір миллион долларды төлемей кеткенін айтады. Ал Тай-Мурас Ташиев айыпты жоққа шығарып, зауыт жерін 470 мың долларға сатып алғанын мәлімдеген. Торобаев болса «Қамшыбек Ташиев бизнесмен Жолдошалиевке тиесілі жерді сатып алуға көмектесуді сұрағанын, бірақ келісімге араласпағанын» айтқан.

Тай-Мурастың аты «Кыргызневтегаз» мемлекеттік мекемесіндегі жемқорлық схемасында да аталған.

🔹Қамшыбек Ташиев қайда?

10 ақпанда Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қамшыбек Ташиевті қызметінен босатқан. Осыдан соң ел ішінде Жапаров пен Ташиевтің «тандемі аяқталғаны» айтылған.

Ташиев қызметтен алынғанын Германияда емделіп жатып естігенін айтқан. Кейін ол Қырғызстанға оралып, кейін қайта шетелге кетті. Қамшыбек Ташиев ұлына қатысты ақпараттарға пікір білдірмеді.
🤔18❤8
Azattyq - Азаттық
⚡"Сайлауды жаңа сессияның ашылуына дейін өткізу жоспарда" - Тоқаев Қазақстан президенті Тоқаев Конституцияға қол қойған соң "парламент сайлауын жаңа сессияның ашылуына дейін өткізу жоспарланып отыр" деп мәлімдеді. "Заң шығару үдерісі алдағы парламент сайлауымен…
⚡Тоқаев рақымшылық жарияланатынын мәлімдеді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "азаматтар мен мемлекеттік қауіпсіздігіне қатер төндірмейтін барқатар қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық бойынша тағы да рақымшылық жариялауға болады" деп мәлімдеді.

Бұл туралы ол жаңа Конституцияны қабылдау жиынында айтты.

Тоқаев 2025 жылы маусымда рақымшылық туралы заңға қол қойған еді. Ол кезде 15 мың адам рақымшылыққа ілінетіні айтылған.
👎15💩9👍6
Хаменованың түрме жазасы жеңілдетілді

"Пара алды" деп айыпталып, 7 жылға сотталған Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары, экс-депутат Бақытгүл Хаменованың түрме жазасы бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырылды. Бұл туралы Атырау қаласындағы сотқа сілтеп, "Ақжайық" сайты хабарлады.

Хаменоваға үкім 2022 жылы қарашада шығып, 7 жыл түрме жазасына кесілген. Бірақ кәмелетке толмаған екі баласы бары ескеріліп, жазасын 3 жылдан соң өтеуге міндеттелген. 10 наурызда үш жыл мерзімі аяқталған тұста сот оның жазасын бас бостандығын шектеуге алмастырды.

Сот Хаменованың "үш жылда қоғамдық тәртіпті бұзбағанын, әкімшілік жазаға тартырмағанын, бала тәрбиесімен айналысқанын ескеріп", жазасын жеңілдетті.

Хаменова әкім орынбасары болып тұрған кезде Абай ескерткішіне бөлінген тендерден 4,5 млн теңге пара алды деп айыпталған. Бірақ ол өзіне тағылған айыпты мойындамаған еді.

Хаменова депутат болған кезде елдің сол кездегі президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа мақтау сөздер айтып жұрт көзіне түскен.
🤡21😁8🤬7❤2👍2🤯1
Украинадағы соғысқа қарсы болып, Қазақстанға қашып келген 17 жастағы Ресей азматы Тимур Турковтың оқиғасы есіңізде ме? Қазақстан билігі оған пана іздеуші тұлға мәртебесін берді. Бұл жөнінде оның адвокаты Айгүл Орынбекова хабарлады.

Пана іздеуші тұлға мәртебесі оның ресми түрде халықаралық қорғауға өтініш берген адам деп танылғанын айғақтайды және ісі қаралып біткенше ол Қазақстан аумағында бола алады.

Ата-әжесімен тұратын жас баланың Батыс Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өткен хикаясын Азаттық былтыр жазған.
👍10👎10❤6🤬3😁2
Azattyq - Азаттық
⚡Қырғызстанда Ташиевтің ұлын полицияға шақырды Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Қамшыбек Ташиевтің ұлы Тай-Мурас Ташиев полицияға шақырылды. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз қызметіне дереккөздері хабарлады. ІІМ баспасөз…
❗Қырғызстан ішкі істер министрлігі Тай-Мурас Ташиевтің (мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Қамшыбек Ташиевтің ұлы) полицияға шақырылғанын жоққа шығарды.

Бұған дейін Тай-Мурас Ташиевтің сұраққа шақырылғаны айтылған.
🤔14
⚡АҚШ-тың терроризмге қарсы орталығының басшысы Ирандағы соғысқа қарсылық ретінде өз еркімен қызметінен кетті.

АҚШ-тың терроризмге қарсы ұлттық орталығының директоры Джо Кент Ирандағы соғысты қолдамай қызметінен кетті.

Кент Трампқа жазған хатында "Иранда болып жатқан соғысты қолдай алмайтынын", "Иран АҚШ-қа қауіп төндірмегенін" жазған. Ол "бұл соғыс Израильдің лоббиімен басталды" деп санайды.

Ал Трамп Кенттің қызметінен кеткеніне жауап ретінде "Оны ылғи да жақсы жігіт деп санағанмын, бірақ ол қауіпсіздік мәселесінде өте әлсіз екенін білгенмін" деді. Бұған қоса, Трамп "Иран қауіп төндірді" деп санайды.
👍53❤6🔥4👎1😁1
🗣Атбасар түрмесіндегі азаптау ісі: ақтау үкімі жойылды, іс қайта қарауға жіберілді

Ақмола облысында Атбасар түрмесінде ондаған тұтқынды ұрып-соғып, азаптады деп айыпталған 12 қызметкерді ақтау үкімі жойылып, іс қайта қарауға жіберілді. Бұл жөнінде облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

“Облыстық сот алқасының қаулысымен Атбасар ауданындағы ҚАЖК-нің 12 қызметкеріне қатысты қылмыстық іс бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімінің күші жойылып, іс сол сотқа, басқа құрамда жаңадан қарауға жолданды” деп жазылған сот хабарламасында.

Онда облыстық сот алқасы апелляциялық тәртіпте істі қайта қарау барысында процессуалдық бұзушылықтарды анықтағаны жазылған.

🔸2023 жылғы қыркүйекте желіде Атбасар қаласындағы колонияда отырған Тимур Дәнебаев пен басқа да сотталған адамдардың соққыға жығылғаны көрінетін видео тараған еді.

🔸Дәнебаев сотта куәлік беріп, түрме қызметкерлері оны қатты ұрып-соққаны соншалық, есінен танып қалғанын айтқан. Дәнебаевтың сөзінше, оны әжетханадағы еденді жууға мәжбүрлеген, бас тартқаннан кейін қатты соққыға жыққан. Оның айтуынша, оны әжетхананы жууға мәжбүрлеп, басын унитазға тыққан.

🔸Айыпталушылар түрменің ішкі ережесіне сай, тәртіп сақтап, қарсылық көрсеткендерге арнайы құралдар қолдануға мәжбүр болғанын, заң бұзбағанын айтып, өздерін ақтауды сұраған.

🔸2025 жылы ақпанда бірінші инстанциядағы сот түрме қызметкерлерін ақтаған. Құқық қорғаушылар мен белсенділер бұған наразы болған. Сәуірде ақтау үкімі жойылып, іс бірінші инстанцияға қайтарылған еді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥21❤4👍3🤔2
❗️Димаш Әлжанов: билік транзиті туралы айту әлі ерте

Конституция бойынша референдумда халық өз еркін білдірді ме? Жаңа негізгі заң елде саяси бәсекеге жол ашып, билік айтатын "әділетті Қазақстанды" құруға көмектесе ме? Бұл өзгеріс билік транзитінің басы емес пе? Жаздағы науқаннан не жаңалық күтеміз? Азаттық саясаттанушы Димаш Әлжановпен сұхбат құрды.

🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7😁3🤬3
БАҚ: БҚО-да кәмелетке толмаған қыз баланы зорлады деп күдікке ілінген шенеунік мерт болды

Полицияға сүйенген “Мой город” басылымының жазуынша, 11 наурызда күдіктінің жағдайы кенет нашарлап, Оралдағы облыстық аурухананың реанимация бөліміне жатқызылған.

Дәрігерлер оған бауырдың улануы диагнозын қойған. 16 наурызда ер адам есін жимаған күйі көз жұмған. Полиция сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

Басылымның жазуынша, оқиға Шыңғырлау ауданында болған. Алдын ала ақпаратқа қарағанда, полицияға зардап шеккен қыздың әкесі шағым түсірген. Ол шенеунікті айыптап, қызының зорланғанын мәлімдеген. Сол кезде БҚО полициясы ақпаратты растап, аталған факт бойынша “Кәмелетке толмаған қызды зорлау” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтқан.

Басылымның жазуынша, кейін құқық қорғау органдары тергеу барысында “зорлау” расталмағанын хабарлаған. Ал 16 жастағы қыз бен анасы күдіктіге шағымы жоқ екенін, олардың “қатынасында” мәжбүрлеу болмағанын айтқан.

Алайда басылымның жазуынша, жәбірленуші қыздың әкесі ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін айтқан, ал полиция қылмыстық іс жалғасып жатқанын жеткізген. 27 ақпанда БҚО прокуратурасы күдікті изоляторға қамалғанын хабарлады.
🤔11❤5👍1
🗣Қошанов: бес заң қабылданады, ондаған заңға түзету енгізіледі

Жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты парламент алдағы уақытта бес заң қабылдайды. Сәрсенбі күні мәжіліс отырыс кезінде мәжіліс спикері Ерлан Қошанов осылай деп мәлімдеді.

“Президент, құрылтай, халық кеңесі, Астананың мәртебесі және еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы жаңадан бес конституциялық заң қабылдаймыз. Сонымен бірге тағы сегіз конституциялық заң мен 60-тан астам түрлі заңдарға түзету енгізуіміз қажет” деді ол.

Жаңа Конституция бойынша, сенат қысқартылып, "құрылтай" атты жалғыз палаталы парламент құрылмақ. Оның 145 депутаты тек партиялық тізім бойынша бес жыл мерзімге сайланады. Қазіргі парламенттің өкілеті 1 шілдеде аяқталмақ. Жаңа Конституцияда өзге де өзгерістер қарастырылған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎17⚡4😁4💩2❤1👍1🤬1
Жыл басынан бері 3 335 қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Келген қандастардың жартысына жуығы – Қытайдан (47,8%), едәуір бөлігі – Өзбекстаннан (43,6%) келген. 2,7% – Түрікменстаннан, 2,2% – Монғолиядан, 2% – Ресейден және 1,7 –басқа елдерден келген.

Қазақстанға келген қандастардың шамамен 58 пайызы – еңбекке қабілетті жаста.

Олар республиканың түрлі өңіріне қоныстанған. 2026 жылдың екі айының қорытындысы бойынша Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Атырау, Батыс, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстарына 569 қандас қоныстанған.

Сурет: Түркіменстан қазақтарының тарихи отанына оралған сәті. 2021 жыл
❤27👍8👎1
Azattyq - Азаттық
⚡"Атажұрт" белсенділерінің ісі жабық қаралады Қытайға қарсы наразылық білдіргені үшін "Ұлтаралық араздықты қоздыру" бабымен істі болып жатқан "Атажұрт" белсенділерінің соты жабық өтеді. Судья сот жабық болады деп жариялаған соң айыпталғандардың жақындары…
“Атажұрт” белсенділерінің соты 2 сәуірге шегерілді. Бұл жөнінде адвокат Шынқуат Байжанов хабарлады.

“Менің қорғауымдағы Нағыз Ата жұрт азаматтарының қылмыстық ісін қарау соты 2 сәуір 2026 жылға сағат 10.00- ге қалдырылды” деп жазды адвокат.


Ал сотталушылардың бірі Тұрсынбек Қабидің әйелі Оралхан Әбен Азаттыққа сотты созбалақтап созып жатқанына, күйеуінің денсаулығына алаңдап отырғанын айтты.

“Сотты созбақтап кетті. 19-20 наурыз жалғасады деп еді. Енді сәуірдің 2-сі деп өзгертті. Мен күйеуімнің денсаулығына қатты алаңдаймын. Күйеуім науқас, қан қысымы көтеріліп, жүрегі қысылып, аяғы ауырып жүр. Құқық қорғау ұйымдарынан көмек сұраймын” деді ол.
🤬16😁2❤1👍1🤔1