Azattyq - Азаттық
✔
10.8K subscribers
11.7K photos
4.52K videos
19 files
24.8K links
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
Download Telegram
🇰🇬🇺🇿Қырғызстан президенті Садыр Жапаров пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Каспий теңізіндегі әскерилердің қазасына байланысты Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, қаза болғандардың туыстарына және Қазақстан халқына көңіл айтты. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
❤15🙏10💩2🕊2
Үш әскери қызметкердің сүйегі Орал қаласына жеткізілді. Жерлеу рәсімі 26 қыркүйекте болады. Жергілікті билік марқұмдардың отбасыларына материалдық көмек берілетінін айтты.
😭33❤3😡2
❗Каспийдегі апат: Теңіз күштері қолбасшысының орынбасары және төрт командир ұсталды

Каспийдегі әскерилердің қазасынан соң Әскери-теңіз күштері қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы, екі әскери бөлімнің командирі, теңіз-жаяу әскері ротасының және "Қайсар" қатерінің командирлері, барлығы бес адам ұсталды. Бұл туралы ішкі істер министрлігі хабарлады.

Барлығы Ақтаудағы уақытша ұстау изоляторына қамалған. Министрлік "Хазар Қорғаны – 2026" оқу-жаттығуы кезінде әскери қызметшілердің қаза болу фактісі бойынша тергеу жүріп жатыр деп мәлімдеді.  

🔹Апат қалай болған? ІІМ-нің нұсқасы

"24 қыркүйекте Каспий теңізінің жағалауында, Ақтау қаласынан 43 км жерде оқу-жаттығу барысында "Қайсар" катерінен жеке құрамды түсіру кезінде қолайсыз метеорологиялық жағдайда әскери қызметшілерді теңіз ағысы алып кеткені анықталды" деді ведомство.

Тергеу жаттығуды ұйымдастыру және шешім қабылудың мән-жайларын, қауіпсіздік талаптарының сақталуын, ауа райы жағдайының ескерілуі, катердің техникалық жай-күйін, жеке құрамның қауіпсіздігіне жауапты лауазымды әскерилердің әрекеттерін тексеріп жатқаны хабарланды.  
🥱15🤬12🤡3😁2❤1👏1💩1
Кремль техникалық форматта үшжақты кездесуге дайындық жүріп жатқанын растады

АҚШ – Ресей – Украина арасындағы үшжақты келіссөз алдағы уақытта өтуі мүмкін, бірақ әзірге нақты тұстары жоқ деді Кремльдің ресми өкілі Дмитрий Песков.

Осыған дейін мұндай кездесуге дайындықты бастауды АҚШ ұсынғанын Украина басшысы Владимир Зеленский хабарлаған. Оның сөзінше, нақты мерзімі белгісіз, кездесу орны ретінде Вашингтон Біріккен Араб Әмірліктерін ұсынған.

АҚШ әзірге ақпаратқа түсініктеме бермеді.
🤔17❤6😁1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Сарбаздардың теңіздегі әскери жаттығуы кезінде қайғылы жағдай бірінші рет болып тұрған жоқ. 2015 жылы да Каспий теңізінде жаттығу өткізіп, темірқұрсаулы көлікпен теңізге түскен төрт сарбаз суға батып қаза болған еді.
🤬31😢9❤1
Аман қалған сарбаздың анасы ұлының жағдайын айтты

19 жастағы Бекет Мырзағалиев – Каспийдегі төтенше оқиға кезінде аман қалған үш адамның бірі. Туыстары оның құтқарылғанын ғана естіген, бірақ өзімен хабарласа алмаған. Ауруханада жатыр деп ойлаған. Жұма күні таңертең Ақтауға барған анасы ұлын ауруханаға жатқызуға қажеттілік болмағанын білген.
“Ұлым аман-есен, өзі жүреді, өз күшімен жағалауға жеткен. Қалған жайттар тексеріс аяқталғаннан кейін белгілі болады деп ойлаймын” деді Қарлығаш Мырзағалиева “Ақ Жайық” басылымына.

Атырау облысы Махамбет ауылының тумасы әскерге 2025 жылы 3 қазанға алынған. Ақтаудағы №29011 бөлімде әскери борышын өтеген.
🤔18👍8❤4
Каспийдегі әскери жаттығу кезінде қаза болған аға лейтенант Олжас Мұхтарұлының сүйегі Түркістанға жеткізілді деп хабарлады қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін үш сарбаздың сүйегі Оралға жеткізілгені белгілі болған еді. Бұлар: Жеңіс Темірғалиев, Өмірбек Өмірзақ, Ақжайық Гилаж. Жерлеу рәсімі ертең, 26 қыркүйекте болады.

Каспийдегі әскери жаттығу кезінде 14 сарбаз қаза болды. Бұған дейін көбі Маңғыстау облысынан екені хабарланған.
🕊14❤9😢8🤬2
Бір күн бұрын желіде Каспийдегі әскери жаттығу кезінде қаза болғандардың есімін туыстарына айтып тұрған сарбаздың видеосы жарияланып, көп талқыланды. Қазаны естірту әдебі де сыналды.

Qogammetrika телеграм-арнасы:

“Кешеден бері мына видеоны соңына дейін көруге жүрегім дауаламайды. Қоршаудың сыртында тұрған ата-аналар, қаза болғандардың есімдерін оқып тұрған жас бала.
Қазақта жақынынан айырылған адамға қаралы хабарды жеткізудің өз дәстүрі бар. Естірту деген ұғым бар. Оның мәні адамның ең ауыр қайғысын да адамдықпен, дайындықпен, жақындарының жанын ескере отырып жеткізу.
«Кетті ол…» деп сілтей салғаны қалай?
Он екі сарбаз қаза тапты. Он екі отбасы қара жамылды. Ең қарапайым адамгершілік таныту соншалық қиын ба? Қаза болғандардың жақындарын қоршаудың сыртында қалдырып, қаралы хабарды осылай жеткізу не деген хайуандық?”

деп жазды.

Сурет: Видеодан алынған скриншот
💔27🤬18❤1
РИА Новости "Ресейді тағы бір арнайы әскери операция күтіп тұрғаны" жөнінде мәтін жариялап, ізінше өшірді

Ресейдің пропагандистік мемлекеттік РИА "Новости" ақпарат агенттігі Литвада “шағын арнайы әскери операция өткізіп” ядролық соққы жасайтыны туралы мәтін жариялады. Алайда үш сағаттан соң материал өшірілді.

“Ресейді тағы бір арнайы әскери операция күтіп тұр. Ол ұзаққа созылмайды” атты мәтінде автор Литваға аумағына ракетамен соққы жасау сценарийін ашық талқылайды.

Бұған дейін Литва парламенті елде ядролық қару орналастыруға салынған тыйымның күшін жойған.

Мәтіннің авторы – RuBaltic.Ru бас редакторы Александр Носович. "Досье" зерттеу орталығы және литвалық LRT дерегінше, Носович Ресей президент әкімшілігі мен сыртқы барлау қызметінің өкілдерінің ықпалы бар құрылымға мүше.

Мәтін үш сағаттан кейін өшірілді. “Штаттан тыс автор Александр Носовичтің мақаласы сайттан өшірілді, себебі редакцияның пікірі, саясаты мен Ресей саясатына сәйкес емес” деп жазылған хабарламада.
🤬22❤6🔥2💩2
"Қайсар" қандай катер?

Каспийдегі апатта әскерилер "Қайсар" катерінен түсіп, жағаға шықпақ болғанда толқын теңізге алып кеткені хабарланды.

"Қайсар" катеріне 17-19 адам сияды. Ресейдегі "Рыбинская верфь" зауытында жасалған. Қазақстан теңіз әскерінің Ақтаудағы бөлімшесінде 2023 жылдан бері бар. "Қайсар" жоғары жылдамдықпен жүретін десанттық броньдалған катер. 80 км/сағ жылдамдыққа дейін барады.16-18 метр болатын катерді жағалауды қадағалауға, диверсиялық операцияларға, теңіз шекарасын бұзғандар мен табиғатқа зиян келтіргендерді ұстауға, десанттарды түсіруге және әскерилерді тасымалдауға қолданылады.

"Хазар қорғаны – 2026" әскери жаттығуы кезінде «Қайсар» қатерінде болған 14 сарбаз суға кетіп қаза тапты, үшеуі аман қалған. Олар катерден түсіп жағаға беттегенде толқын тұрып, теңізге батқан. 24 қыркүйекте Каспий теңізінде жел тұрып, теңіз тулаған.
👎20🤬5💩5❤1
▶️ Вице-адмирал Жанұзақов: Сарбаздар қазасына әскери басшылар кінәлі

Каспий теңізіндегі апат жайлы Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы, вице-адмирал Жандарбек Жанұзақовпен сұхбаттастық. Ол 14 сарбаздың өліміне әскери басшылар кінәлі дейді.

- Күн райы бұзылғанда әскери жаттығудың жетекшісі шараны кейінге қалдырып я өткізбеуі керек еді. Әрине, әскери қызметкерлердің, әскерге шақырылған сарбаздардың өлімі болса, әр деңгейдегі басшылар кінәлі. Бұл – менің көзқарасым. Бұл жерде біз қауіпсіздік ережелері бұзылғанын көріп отырмыз. Соның салдарынан осындай қайғылы оқиға болды. Меніңше, бізге теңіз әскерінде пилотсыз құрылғыларды дамыту керек. Бұл тек дрондар ғана емес, бұл – пилотсыз катерлерді, суасты роботтарын қолдану. Қазір бұл жаңалық емес. Басқа елдердің әскерилері робот жүйелерді, робот кешендерді қолданып жатыр. Әрине, [теңіз әскеріне] үлкен реформа керек. Айналамызда болып жатқан қақтығыстарды ескеріп, дұрыс концепция жасалуы тиіс.
👍40💯15❤3💩1
Санжар Боқаевтың соты бірнеше аптаға шегерілді

"Қазір ғана Санжар Омарұлы Боқаев ісі бойынша 28 қыркүйек сағат 9:30-ға белгіленген сот 16 қазан сағат 10.00-ге ауыстырылғанын хабарлады, бұл оны Астанаға этаппен әкетумен байланысты" деді адвокат Радмир Өтепов жұма күні.

Қыркүйектің ортасында адвокаттары Боқаевты ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматыдағы изоляторынан Астанаға алып кеткенін хабарлаған еді. Қорғаушылары бұл оған сотқа дайындалуына кедергі келтіреді деп санайды. Ақпаратқа қарағанда, онымен бірге мобилограф Ұлан Нүсіпқожаны да Астанаға әкеткен.
🤬18❤4😁1
Қазақстан Азиаданың алтыншы күні бес қола медаль ұтты

Қазақстан құрамасы ескек есу, нысана көздеу, семсерлесу және жеңіл атлетикадан бес медаль алды. Бұл жөнінде туризм және спорт министрлігі хабарлады.

Алғашқы жүлдені ескек есуден Қазақстан әйелдер құрамасы еншіледі. Ольга Шмелева, Стелла Суханова, Татьяна Токарницкая және Эвелина Костенко байдарка-төрттігінен 500 метр қашықтықта қола жүлдеге ие болды. Қазақстандық спортшылар бұл қашықтықты 1 минут 37,005 секундта жүріп өтті.

Нысана көздеуден Ислам Сәтпаев ел қоржынына бір қола медаль салды. 50 метр қашықтықтан шағын калибрлі винтовкамен үш позицияда ату сайысының финалында қазақстандық спортшы 348,3 ұпай жинап, үшінші орын алды.

Семсерлесуден әйелдер құрамасы да қола жүлдегер атанды. Ширек финалда қазақстандықтар Гонконг құрамасын 45:35 есебімен жеңсе, жартылай финалда Қытай спортшыларына 21:45 есебімен жол берді. Нәтижесінде София Николайчук, Ирина Бакалдина, Владислава Андреева және Дарья Самоделкина Азия ойындарының қола жүлдесін иеленді.

Қазақстан құрамасы жеңіл атлетикадан екі қола медаль жеңіп алды. Полина Иванова сырықпен секіруде 4,15 метр биіктікті бағындырып, үшінші орынға тұрақтады. Бұл - Қазақстанның Азия ойындарындағы аталған спорт түрінен тарихтағы алғашқы медалі.

Бұған қоса, Алина Чистякова жеті сайыста қола жүлдеге қол жеткізді.

Алты күннің қорытындысы бойынша Қазақстанның қоржынында 30 медаль бар: 8 алтын, 8 күміс және 14 қола. Жалпы командалық есепте Қазақстан төртінші орында тұр.
🔥8👍3❤2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Каспийдегі сарбаздар қазасы жайында жұрт пікірі.
🤬17❤1💯1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезінде қаза болған Аяпберген Сержанды ағайындары Ақтауда ақтық сапарға шығарып салды.

Аяпберген Сержан – әскери жаттығу кезінде қаза болған 14 сарбаздың бірі. Бүгін Қазақстанның өзге өңірлерінде қоштасу рәсімдері өтіп жатыр.

Видео мен фото: ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаев
😢21🕊9❤1
КОМАНДИР НЕЛІКТЕН ТАПСЫРМАНЫ САРБАЗДАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІНЕН ЖОҒАРЫ ҚОЙДЫ?

Желіде сарапшылар мен мамандар Каспийдегі ауыр оқиғаның себебі мен салдарын, қайғылы оқиға қайталанбас үшін қандай шаралар атқарылуы тиіс деген сұрақ төңірегінде пікірлерін айтып жатыр.

Саясаттанушы Досым Сәтпаев:

"Әскери қызметкерлердің, жас жігіттердің Каспийдегі қазасы әскердегі жауапкершілікке қатысты күрделі сұрақ туындатады. Егер тергеу органдары офицерлердің салғырттығын растайтын болса, онда басты сұрақ туындайды: командир неліктен оқу-жаттығу тапсырмасын орындауды адамдардың қауіпсіздігінен жоғары қойды?

Шешім қандай тізбекпен қабылданғанын анықтау қажет: ауа-райы мен жұмыс жағдайын кім бағалады, оқу-жаттығуды жалғастыру туралы шешімді кім қабылдады, құтқару қызметі қаншалықты дайын болды, құтқару кеудешелері қолданылды ма және қолданыстағы қауіпсіздік процедуралары неге өнімсіз?

Жалпы жаттығулардың орындылығы да маңызды мәселе. Егер бұл тек есеп беру үшін жасалса, онда профанацияға ұқсайды. Егер «генералдарымыз өткен күннің соғыстарына дайындалып жатыр» қағидасы бойынша да жасалса, қазір соғысты жүргізудің әдіс-тәсілдерінің жылдам өзгеруін ескермей – ол да профанация. Онда қорғаныс министрлігіне сұрақтар бар.

Қалай болғанда да, жүйелі мәселе - қатаң иерархиясы бар кез келген ұйымда, тіпті жағдай оны қайта қарауды қажет етсе де, қоластындағылардың бұйрықты сөзсіз қабылдау қаупі бар. Сондықтан заманауи армияда тәртіптік шаралардан қорықпай қауіпті операцияны тоқтатудың тетіктері болуы керек.

Мұндай нәрсе қайталанбас үшін жаза жеткіліксіз. Бізге адам қауіпсіздігі абсолютті басымдыққа ие болатын жүйе қажет. Кез келген оқу-жаттығу алдында міндетті түрде қатерді тәуелсіз бағалау қажет, тәуекел туындаған кезде операцияны дереу тоқтатудың нақты критерийлері анықталуы керек, осы ережелерді бұзғаны үшін командирлердің жеке жауапкершілігі, құтқару дайындығын жүйелі түрде тексеру және кемшіліктерді хабарлағандарды қорғайтын тетік қажет.

Бұл трагедияның сабағы қарапайым. Жауынгер оқу бағдарламасын аяқтау үшін тұтынатын материал емес. Армия – адам өмірі жоспарды орындау статистикасының бір бөлігіне айналатын жүйе емес. Әскери тәртіп бұйрықты сөзсіз орындаудан емес, осы бұйрықты берушінің сөзсіз жауапкершілігінен басталады".
💯26🔥4😭4👎1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Каспийдегі сарбаздардың қазасы: өткір жазба жариялаған кейбір қолданушылар полиция хабарласқанын жазды

Каспийдегі ауыр оқиғаға қатысты пікір білдірген кейбір қолданушылар өздеріне полиция хабарласып, жазбаны өшіруді сұрағанын жазды. Сондай тұрғындардың бірі Темірлан есімді қолданушы Instagram желісінде өзіне қысым жасалғанын хабарлап, “өзін Алматы қалалық полиция департаментінің қызметкері” деп таныстырған адаммен болған диалогты жариялады.

Бір күн бұрын қолданушы Threads-те қорғаныс министрі мен әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысын сынап, жазба жариялаған еді. Оған хабарласқан “полиция департаментінің қызметкері” жазбада “трибунал”, “ату” сияқты қатты сөздер қолданылғанын айтып, “жазбаны өшіруді” сұрайды. Бірақ қолданушы өзінің азаматтық ұстанымын жеткізіп, пікір білдіргенін айтып, жазбаны өшіруден бас тартады.

Желіде өзге азаматтар да осыған ұқсас оқиға болғанын жазды.
😡37👎14
Алматыда Каспий теңізінде қаза болған сарбаздарды еске алған граффити пайда болды

Алматыдағы аудандардың бірінде 24 қыркүйекте Каспий теңізінде әскери оқу-жаттығуы кезінде қаза болған 14 сарбазды еске алған граффити пайда болды. Граффитиде теңіз бен батып бара жатқан күн және 14 құс бейнеленген.

24.09 Ұмытылмас. Ақтау деген жазу бар.
❤42😭17
Маңғыстауда облыстық, қалалық және аудандық деңгейде жаңа басшылар тағайындалды. Ақтау мен Жаңаөзен әкімдері ауысты. Облыс әкімінің жаңа орынбасарлары тағайындалды. Бірқатар аудан басшылығында да өзгеріс болды
🤔15💩1
Тоқаев қорғаныс министрлігін кешенді тексеретін комиссия құрды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрлігін кешенді тексеретін комиссия құрды. Комиссияға Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Аида Балаева жетекшілік етеді. Тоқаев тиісті өкімге 26 қыркүйекте қол қойды. Құжат қол қойған күннен бастап күшіне енді.

Тексеріс қорғаныс министрлігіндегі “істердің жай-күйін” қамтиды, құжатта “әскери құрылымдарды қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласы” бөлек атап өтілген.

Комиссияның құрамында аудит, қаржылық мониторинг, прокурорлық қадағалау, ұлттық қауіпсіздік пен экономикалық саясатқа жауапты құрылымдардың өкілдері бар.

Құжатқа қарағанда, комиссия жүргізілген жұмыстың алғашқы нәтижесін 7 күн ішінде баяндауға міндетті.

Мұндай комиссия Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезінде 14 сарбаз қаза болған тұста құрылып отыр. Президенттің өзі қайғылы оқиға болған аумаққа барған жоқ. Желіде мұны сынап жатқан адам көп.
🤮22❤10💩6🤔2🤬2👏1😁1