Қазақстандық жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаева Айчи–Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында алтын медаль 🏆ұтты.
Тоқсанбаева әйелдер арасындағы марафондық спорттық жүрісте мәреге бірінші келіп, 3 сағат 22 минут 20 секунд нәтижесін көрсетті. Ол қарсыластарынан төрт минутқа жуық уақыт бұрын мәреге жетті.
🔸Ясмина Тоқсанбаева (Қазақстан) — 3:22:20
🔸Даньцзэн Цюйцзун (Қытай) — 3:26:09
🔸Ма Ли (Қытай) — 3:32:26
Бұл – Қазақстан құрамасының Азиада-2026 ойындарындағы тоғызыншы алтын медалі.

❤35👏16🥰4👍1🔥1
⚡Тоқаев қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қызметінен босатты
Тиісті жарлық Ақорда сайтында жарияланды.
Қорғаныс министрі 14 сарбаздың өмірін қиған Каспийдегі ауыр оқиғадан кейін үш күн өткенде қызметінен босатылып отыр.

👍61🤡6🔥5👌3😁2
🔴Жетісу облысында жерүйде өрт болып, үш бала мерт болды
Жетісу облысы Ескелді ауданы Бақтыбай ауылындағы жерүйде өрт болып, үш бала мерт болды. Ауыр оқиға 25 қыркүйекте болды.
Өрт кезінде балалардың анасы 13 жастағы баласымен үйден шығып кете алған. Тағы үш бала үйдің ішінде қалған. Оқиға орнына келген құтқарушылар өртті сөндіру кезінде үйден 1 жас, 6 жас және 8 жастағы баланы өлі күйде тапты. Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз. Мамандар оқиғаның себеп-салдарын анықтап жатыр деп айтылады.

😭39🤬6❤1🔥1😁1
Маңғыстау облысындағы әскери жаттығу кезінде қаза болған сарбаздар мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Әскери бөлім взводының командирі Олжас Мұхтарұлы – Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, 13 сарбаз Рахымжан Қошқарбаев атындағы ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.

😭20🕊10😢2
Жоғары аудиторлық палата қорғаныс министрлігін тексере бастағанын хабарлады
Хабарламада басқа ештеңе айтылмайды. Бір күн бұрын қорғаныс министрлігін “кешенді тексеретін” комиссия құрылған еді. Оның құрамында жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов та бар.
“Жоғары аудиторлық палатасы қорғаныс министрлігінде бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігіне, сондай-ақ әскери бөлімдердің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуіне мемлекеттік аудит жүргізуді бастады” деп жазды ведомствоның телеграм-парақшасы.
Хабарламада басқа ештеңе айтылмайды. Бір күн бұрын қорғаныс министрлігін “кешенді тексеретін” комиссия құрылған еді. Оның құрамында жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов та бар.
❤13🔥9👍5🤔3💩1
Каспийдегі әскери жаттығу кезінде тірі қалған үш сарбаздың бірінің отбасы мәлімдеме жасады
Маңғыстау облысындағы әскери жаттығу кезінде тірі қалған үш сарбаздың бірі Никита Удаловтың отбасы мәлімдеме жасады. Жақындарының сөзінше, ол жағаға өз күшімен жеткен, бірақ басынан кешкен оқиғаны баяндауға әзірге дайын емес. Туыстары оның тілегін құрметтеп, тексерілмеген ақпаратты таратпауды сұрады.
Туыстарының айтуынша, қазір олар үшін ең басты нәрсе – Никитаның өз-өзіне келуі. Олар оның тірі қалғанына қатты қуанып отырғанын айтып, бірақ оның сұхбат бермеу туралы тілегін де құрметтеуді сұрады.
Отбасының мәлімдемесінің айтарлықтай бөлігі қаза болған 14 сарбазға арналған. Никитаның туыстары қаза болған сарбаздың әрқайсының ата-анасы, жақындары мен достары, өмірге жоспары болғанын, үйде оларды ет жақындары күткенін еске салды. “Қайғыны басатын сөз таба алмай отырмыз” деді мәлімдеме авторлары.

“Никита өзін құтқарды. Қайғылы оқиға кезінде мән-жайды тез аңғарып, жағаға жетіп, аман қалды. Қазір көбі оның қалай тірі қалғанын және не болғанын сұрап жатыр. Бірақ ол әзірге, айтуға дайын емес. Бұған түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. Ол бір күнде ұмтылмайтын нәрсені бастан кешірді” деп жазылған мәлімдемеде.
Туыстарының айтуынша, қазір олар үшін ең басты нәрсе – Никитаның өз-өзіне келуі. Олар оның тірі қалғанына қатты қуанып отырғанын айтып, бірақ оның сұхбат бермеу туралы тілегін де құрметтеуді сұрады.
Отбасының мәлімдемесінің айтарлықтай бөлігі қаза болған 14 сарбазға арналған. Никитаның туыстары қаза болған сарбаздың әрқайсының ата-анасы, жақындары мен достары, өмірге жоспары болғанын, үйде оларды ет жақындары күткенін еске салды. “Қайғыны басатын сөз таба алмай отырмыз” деді мәлімдеме авторлары.
🤬14🤔5❤4👍1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қырғыз ақыны Нұрсұлтан Малдыбаев Каспийдегі сарбаздардың қазасынан кейін Қазақстан халқына көңіл айтты. Көңіл айту ақынның Instagram-парақшасында жарияланды. Желіде жылдам таралып жатыр. Қырғыз қолданушылары да ақынға қосылып көңіл айтып, комментарий жазды.
❤37🕊9🔥5😭4😢2
Тоқаев Каспийдегі әскери жаттығу кезінде аман қалған үш сарбазды әскери борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады.
❤25🫡7🔥3💩3🤔1
Ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаев қаза болған 14 сарбаздың бірі Алмас Көбеновтің туыстарына кіріп көңіл айтып шыққанын, отбасының ауыр жағдайда екенін жазды.
2006 жылы туған Қарақалпақстан тумасы Алмас Көбенов Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Баянды ауылында тұрған. 29011 әскери бөлімінің матросы, граната атқышы болған.
“Отбасында бес бала бар, қаза болған Алмас Көбенов кенже ұл болған, екі үлкен ағасы әскерде болып қайтқан. Анасы қатерлі ісікпен ауырады, екінші кезеңінде, қазір химия сәулесін қабылдап жатыр. Өкінішке қарай, ұлы өлген күні ол ем қабылдауы керек болған, бірақ қайғылы оқиғаға байланысты үй жағдайында өтуге мәжбүр болған. Қалай бар, солай айтайын, отбасы қараша тірлік кешіп жатыр, қайғы жамылған отбасы тұрып жатқан үйде өте ауыр атмосфера...” деп жазды блогер.
2006 жылы туған Қарақалпақстан тумасы Алмас Көбенов Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Баянды ауылында тұрған. 29011 әскери бөлімінің матросы, граната атқышы болған.
😢42❤5🕊2
🥇Қазақстан семсершілері Азиада чемпионы атанды
Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында семсерлесуден Қазақстан шпага құрамасы командалық жарыста алтын медаль алды. Кирилл Проходов, Вадим Шарлаимов, Руслан Құрбанов, Ерлік Сертай бастаған құрама финалда Оңтүстік Кореяны жеңді. Финалдың ортасында Қазақстан тоғыз ұпай қалып тұрған еді. Кейін есепті теңестірді. Алтын тағдыры «алтын уколда» шешіліп, Проходов қарсыласына қылышты бірінші тигізіп үлгерді.
Осылайша Қазақстан шпагадан командалық жарыста Азиада чемпионы атанды. Бұл құрама биыл әлем чемпионатында командалық жарыстың финалында Украинаны жеңіп, алтын медаль алған еді.
Азия ойындарында қола медальды Жапония мен Гонконг құрамасы алды.
Осылайша Қазақстан Азия ойындарында ресми тоғызыншы алтынын иеленді. Қазір жалпы есепте Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Өзбекстаннан кейін бесінші орында келеді.

👍26🔥5❤2
"Жауапсыздық, салғырттық, көзбояушылық". Тоқаев әскердегі олқылықтарды мойындады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 14 сарбаздың өмірін қиған Каспийдегі оқиғаға қатаң баға беріп, жаттығудың мән-мақсатын сынады.
Ол бейбіт күнде сарбаздардың өмірін жалмаған бұл қайғылы жағдайға бірінші кезекте офицерлердің, соның ішінде генералдардың салғырттығы және кәсіби біліксіздігі себеп болды деді. Оқу-жаттығу жиынына қатысқан әскери қызметкерлер тиісті жабдықтармен, соның ішінде арнайы құтқару кеудешелерімен қамтамасыз етілмегенін де айтты.
Ақорданың хабарлауынша, Тоқаев мұны 27 қыркүйекте қорғаныс ведомствосының басшылық құрамымен кеңес өткізген кезде айтқан.

“Аталған оқу-жаттығу жиынының мәні де, мақсаты да түсініксіз. Оны кім әзірлеп, бекітті? Бас штабтың рөлі қандай? Үйлестіру жұмыстарына неге мән бермеген? Неліктен оқу-жаттығу жиынында Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы болмаған? Жауапсыздық, салғырттық, көзбояушылық белең алған. Жүйелі жұмыс жоқ. Дағдарыс жағдайындағы іс-қимыл жоспары сын көтермейді. Мұның бәрі – әскери ведомство басшылығының немқұрайдылығының салдары” деді мемлекет басшысы. Оның сөзінен Ақорда үзінді келтіреді.
Ол бейбіт күнде сарбаздардың өмірін жалмаған бұл қайғылы жағдайға бірінші кезекте офицерлердің, соның ішінде генералдардың салғырттығы және кәсіби біліксіздігі себеп болды деді. Оқу-жаттығу жиынына қатысқан әскери қызметкерлер тиісті жабдықтармен, соның ішінде арнайы құтқару кеудешелерімен қамтамасыз етілмегенін де айтты.
Ақорданың хабарлауынша, Тоқаев мұны 27 қыркүйекте қорғаныс ведомствосының басшылық құрамымен кеңес өткізген кезде айтқан.
🤮21👍13💯5❤2👎1💩1🤡1
Сербия президенті отставкаға кетті
Сербия президенті Александр Вучич қызметі мерзімі аяқталуына бірнеше ай қалғанда қызметінен кетті.
"Маған екі рет сенім артқан азаматтарға алғыс білдіремін. Бүгін менің қызметінен кететін күнім" деді Вучич 27 қыркүйекте.
Сербия парламентінің спикері Ана Брнабич жаңа президент сайланғанға дейін президент міндетін уақытша атқарады.
Жаңа президентті сайлау желтоқсан айының аяғына жоспарланған.

👍23😁2❤1
28 қыркүйек күні жергілікті уақытпен таңертеңгі сағат 9:38 шамасында Алматы қаласында жерасты дүмпуі сезілді. Кейбір тұрғындар үй ішінде жихаз теңселіп, әлсіз дүмпуі сезілгенін айтты.
Жерасты дүмпуінен соң іле-шала тұрғындар мобильдік байланыс желісі арқылы жер сілкінісі туралы шұғыл ескерту хабар алған. Онда "қарқындылықпен жер сілкінісі" болғаны айтылып, келесі ақпарат алғанға дейін ашық кеңістікте болуға, ал "ғимарат ішінде қалғандарға сабыр сақтауға" кеңес берген.
Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты "Сейсмологиялық зерттеу институтының" мәліметі бойынша, 3.7 магнитудалы жер сілкінісінің ошағы Алматыдан 8 шақырым жерде болған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱17👍6❤1😁1
Ресей президенті Владимир Путинді биыл желтоқсанда Майамиде өтетін G20 саммитіне шақырған АҚШ президенті Дональд Трампқа АҚШ-тың өзара бәсекелес екі партиясының өкілдеріне жататын 14 сенатор хат жазып, ол ниетінен бас тартуын сұраған деп жазды хат мазмұнымен танысқан The Washington Post газеті.
Трампқа жазылған хатта Ресейдің Украинаға қарсы ауқымды басқыншылық соғыс бастағанына бүкіл жауапкершілікті Путин бір көтеретіні айтылған. "Оның АҚШ-тағы G20 саммитіне қатысуы Украинадағы азаматтық нысандарға күн сайын шабуылдап жатқан үкіметті заңды және қалыпты етіп көрсетеді деген елеулі алаңдаушылық тудырады" делінген құжатта. G20 саммитіне Путин шақырылғанын өткен аптада АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио хабарлаған еді.
Трампқа үндеудің авторлары АҚШ Путинге, Ресейдің қаржы министрі Антон Силуановқа және Ресей делегациясының басқа мүшелеріне санкция салғанын еске салған. Сенаторлар егер АҚШ өз әрекеттерімен Путинді халықаралық қауымдастықтан оқшаулаудың қажеті жоқ екенін көрсетсе, ол Украинамен соғыста атысты тоқтатуға келісуге бәлендей ынталы болмауы мүмкін деп санайды.
Бұған дейін Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Мәскеудің "америкалық тарапқа бұл шақыру үшін разы" екенін, бірақ жиынға қатысу туралы әлі шешім қабылдамағанын мәлімдеген еді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍39❤3😁2
Каспийдегі жаттығу кезінде қаза болған 14 сарбаздың қазасынан соң күдікті ретінде ұсталған Қазақстанның әскери-теңіз күштері қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы Данияр Хайрушевтің әке-шешесі ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасап, оқиғаның мән-жайын тергеп-тексеру әділ әрі объективті жүргізілуін сұрады.
Олар қаза тапқан әскери қызметкерлердің туыс-туғанына қайғыра көңіл айтатынын жеткізген.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Threads
Threads • Log in
Join Threads to share ideas, ask questions, post random thoughts, find your people and more. Log in with your Instagram.
🔥9👍2
Каспийдегі қайғылы әскери жаттығу: 19 қалай 17-ге айналды?
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий теңізіндегі әскери жаттығуда қаза тапқан 14 әскери қызметкер мен аман қалған 3 сарбазды марапаттаған тұста тізімде жоқ Айнар Ахметовтың туыстары мәселе көтерді. 28 қыркүйекте қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасап, Ахметов пен тағы бір сарбаз жаттығу кезінде жағада болған деп мәлімдеді. Толығырақ Азаттықтан оқыңыз

😱17🤔3
🇰🇿🇷🇺 Астана Мәскеуге Ресейде әскери келісімшартқа отыруға мәжбүр болған қазақстандықтар жайлы нота жолдаған
Қазақстан Ресейге жұмысқа кетіп, кейін өзін мәжбүрлі түрде Украинадағы соғысқа әкетіп бара жатқанын отбасына хабарлаған Қазақстан азаматы Мирас Тасжарғановтың және тағы бірнеше қазақстандықтың елге қайтуына жәрдем көрсетуді сұрап, Ресей сыртқы істер министрлігіне нота жолдаған. Мұны Азаттықтың сауалхатына берген жауабында Қазақстанның сыртқы істер министрлігі хабарлады.
Бұған дейін Астана тұрғыны Гүлжан Тасжарғанова интернеттегі хабарландыруға сеніп Ресейге табыс табуға кеткен ұлы Мирас Тасжарғанов уәде етілгеннен басқа жұмыс істегенін, кейін оны мәжбүрлеп Ресей қорғаныс министрлігімен келісімшартқа отырғызғанын Азаттыққа айтқан.
22 қыркүйекте видеобайланыс арқылы анасымен сөйлескен Мирас өзін соғысқа алынған басқа адамдармен бірге әскери көлікпен Украинаға әкетіп бара жатқанын хабарлап үлгерген. Жігіт "қатты өкінетінін" айтып, жақындарынан кешірім сұраған. Қазір Мирас Тасжарғановтың нақты қай жерде екені белгісіз.

"2026 жылғы 18 қыркүйекте елшілік Ресей Федерациясының сыртқы істер министрлігіне аталған азаматтардың Қазақстанға қайтуына жәрдем көрсету туралы нота жолдаған" деп жазған Қазақстан СІМ жауап хатында.
Бұған дейін Астана тұрғыны Гүлжан Тасжарғанова интернеттегі хабарландыруға сеніп Ресейге табыс табуға кеткен ұлы Мирас Тасжарғанов уәде етілгеннен басқа жұмыс істегенін, кейін оны мәжбүрлеп Ресей қорғаныс министрлігімен келісімшартқа отырғызғанын Азаттыққа айтқан.
22 қыркүйекте видеобайланыс арқылы анасымен сөйлескен Мирас өзін соғысқа алынған басқа адамдармен бірге әскери көлікпен Украинаға әкетіп бара жатқанын хабарлап үлгерген. Жігіт "қатты өкінетінін" айтып, жақындарынан кешірім сұраған. Қазір Мирас Тасжарғановтың нақты қай жерде екені белгісіз.
👍22🔥5👏5😱4🤮2❤1
28 қыркүйекте Астана уақытымен сағат 13:53 кезінде Алматы облысы аумағында тағы бір жер сілкінісі тіркелді. Магнитудасы 4,2 деп бағаланған жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 254 шақырым қашықта болған деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.
Жерасты дүмпуі Нарынқол мен Кеген ауылдарында сезілген.
Бұған дейін, 28 қыркүйек таңертең Алматыда арасына бірнеше сағат салып, екі жер сілкінісі болған. Жер сілкінісінен адамдар зардап шеккені я мүліктің қирап-бүлінгені жайлы ақпарат түспеген.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱17🙏4👏3❤2
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤮18❤4😁3💩3🤔1