Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ясмина Токсанбаева Азия ойындарында марафондық спорттық жүрістен жарысты бірінші болып аяқтады. Алайда кейін оның нәтижесі аяқ-киіміне қатысты наразылықтан соң жойылып, спортшы жарыстан шеттетілді. Жағдайдың анық-қанығы.
🤬19💩9😭5🤣2👎1😁1
Қазақстанның Нью-Йорктегі бас консулдығы орналасқан ғимараттың алдында акция өткізген бір топ адам қазір Алматыдағы тергеу изоляторында отырған ресейліктер Юлия Емельянова мен Мансур Мовлаевты Ресейге экстрадициялауға қарсылық білдірген. Мовлаев пен Емельянова Ресейдің сұрауы бойынша Қазақстанда ұсталғаннан кейін бір жылдан астам уақыттан бері Алматыдағы тергеу изоляторында отыр.
Нью-Йорктегі наразылық акциясын бұрын Мәскеу қаласының жергілікті басқару органы депутаты болған Сергей Власов құрған Russian Refugee Foundation қоры ұйымдастырған. Акцияға шыққандар Қазақстан билігінен белсенділерді Ресейге бермеуді және халықаралық міндеттемелерін орындауды талап еткен.
Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерінен ешқандай жауап болған жоқ.
Бұған дейін осыған ұқсас наразылық акциялары Еуропа, Австралия мен Арменияның кейбір қалаларында өткен деген хабар болған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤡13👍10❤6
Ресей президенті Владимир Путин армия санын тағы 15 500 адамға ұлғайтып, 2 441 630 адамға дейін жеткізу жайлы жарлыққа қол қойды. Мұның ішінде әскери қызметкер саны – 1 550 500 адам.
Осылайша Ресей кейінгі жеті айда армиядағы адам санын төртінші рет көбейтіп отыр. Мұның алдында наурыз, маусым және шілде айларында арттырып, жиынтығы 52 500 адам қосылған.
Saratoga Foundation қорының аға ғылыми қызметкері Павел Лузин The Insider басылымына берген сұхбатында армиядағылар саны "қағаз жүзінде" көбейгенін және бұл армия қатарына іс жүзінде қосымша 15 500 әскери қызметкер алынды дегенді білдірмейтінін айтты.
"Штат бірлігі ең алдымен нақты адам санын емес, қаржыландыруды көрсетеді. Әскери салада біресе құрылыс батальондарын қайта жандандыруды ұйғарса, біресе басқадай бір құрылымдар құрады – осының бәріне мыңдаған жаңа штат қосылады", – деді сарапшы.
Лузиннің сөзінше, жаңа жарлық "нақты адамдар емес, ұзақ мерзімге арналған ақша мен лауазымдар туралы" қабылданған.
Сарапшы әскери күштер "соғысқа қарамастан, ұзақ мерзімді болашақта өздеріне көбірек қаржы бөлінуіне кепілдік алуға тырысып жатыр" деп болжайды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💊15👎11💩3🤮2🥰1
28 қыркүйекте Ресей күштерінің Украина астанасына әуеден жасаған шабуылдары салдарынан жараланғандар саны 26 адамға жетті деп хабарлады Киев мэрі Виталий Кличко. Зардап шеккендер арасында үш бала бар. Алты адамға ауруханаға түскен, біреуінің жағдайы ауыр екені айтылды.
Дүйсенбі күні Киевтің Шевченко ауданындағы Ұлттық ғылым академиясы ғимаратына жасалған шабуыл салдарынан екі адам қаза тапқаны туралы ақпарат тараған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬31
29 қыркүйекке қараған түні Маңғыстау облысы Түпқараған ауданында Каспий теңізіне қатты жел айдап әкеткен үрмелі қайықта болған үш адам құтқарылған.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, түнде ауа райы күрт нашарлап, қатты жел тұрған. Оның екпіні үш адам мінген үрмелі қайықты ашық теңізге қарай ағызып әкеткен.
ТЖМ құтқарушылары жедел іздестіру шаралары барысында теңізден қайықты тауып, үш адамды аман-есен жағаға жеткізген. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ деп хабарлады төтенше жағдай қызметі.
Министрлік жұртқа судағы қауіпсіздік ережелері талабын сақтауды, қатты жел кезінде суға жүзу қауіпті болатынын ескертті.
24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Каспий теңізіндегі әскери-теңіз жаттығулары кезінде ауа райы нашарлап, жел күшейіп, теңізде жағалауға жақын маңда болған 17 әскери қызметкердің 14-і суға батып кетті.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍19
28 қыркүйекте Ресей президенті Владимир Путин отын-энергетика саласындағы ақпараттың жария болуын шектейтін жарлық шығарды. Оған сәйкес, Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарындағы отын өңдеу және өндіру көлемі, бензин мен дизель отынын сату, тасымалдау бағыттары туралы мәліметтер енді құпия болмақ.
Бұдан былай мұндай деректі көпшілікке таратуға, соның ішінде БАҚ-та және интернетте жариялауға тыйым салынады. Жарлықта көрсетілген шектеулер компаниялардың өздері көпшілікке жария ететін есептерге қолданылмайды.
2026 жылы Украина Ресейдің мұнай өңдеу инфрақұрылымына дронмен шабуыл жасауды айтарлықтай үдетті. Халықаралық энергетика агенттігінің мәліметтері бойынша, биылғы жылдың алғашқы сегіз айында ресейлік мұнай өңдеу зауыттарына орта есеппен үш күнде бір рет шабуыл жасалған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😁32👍2🔥1🖕1
Каспий теңізіндегі апаттан 14 сарбаздың қазасынан соң желіде сыни пікір жазғандардың біразы "полиция хабарласқан соң пікірлерін өшіргенін" айтып жатыр. Ол жазбалар кімге жақпай қалды? Олар неге шошынды?
Сарапшы мұндай әрекеттер билікке деген сенімді төмендетеді деп санайды. Азаттықтан оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬28❤5😁1
Қытайда туған Раяна қазір Қазақстанда әке-шешесімен бірге тұрады, бірақ құжат жүзінде олардың баласы емес. Раянаның туу туралы куәлігінде әке мен шеше орнына туыстарының аты жазылған, ал Қазақстан азаматы Раянаны ДНҚ сараптамасы арқылы өз қызы екенін дәлелдеуге тырысып жүр. Осы мәселе шешілмегендіктен, бүлдіршін Қазақстан азаматтығын ала алмай отыр. Әкесі Раянаның Қытай паспортының мерзімі 2028 жылы біткенде, құжат мәселесі шешілмесе, оны Қытайға депортациялауы мүмкін деп қауіптенеді. Азаттықтан оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱28❤4😁2🤬1
Жетісу облысына сот TikTok әлеуметтік желісінде тікелей эфирде заңсыз құмар ойынын ұйымдастырып, 95 миллион теңге табыс тапқан төрт адамды кінәлі деп танып, әрқайсысын төрт жылға бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу туралы үкім шығарған.
Облыс прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, қылмыс жасалған сәтте төртеудің бірі кәмелеттік жасқа толмаған.
Үкім әлі күшіне енген жоқ.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏17👍4🔥2💩1
Эстония билігі биыл тамыз айының ортасында Таллиндегі дрон өндіретін Milrem Robotics компаниясында шыққан өртті ұйымдастырды деп Ресейдің арнайы қызметін айыптады.
"Эстония қауіпсіздік полициясы жинаған ақпаратқа сүйеніп, 15 тамызға қараған түні Таллиндегі Milrem Robotics компаниясында шыққан өрт Ресей барлау қызметтерінің бұйрығымен ұйымдастырылған саботаж актісі болды деп сенімді түрде байлам жасауға болады", – деп жазды Эстония сыртқы істер министрі Маргус Цахкна X әлеуметтік желісінде.
Цахкна мұндай әрекеттерге жол беруге мүлде болмайды деп мәлімдеді. Сейсенбі, 29 қыркүйекте Эстония сыртқы істер министрлігі Ресейдің Таллиндегі уақытша өкілі Ленара Салимуллинаны шақыртқан.
Цахкна Таллиндегі "бұл саботаж актісі Ресейдің бүкіл Еуропа бойынша ауқымды науқанының бір бөлігі ғана" дейді. Оның сөзінше, мұндай әрекеттер Еуропа елдерін қорқытып-үркітіп, Украинаға қолдауын әлсіретуге бағытталған. Бірақ Эстония билігі Украинаны қолдауын жалғастырып, "басқыншылық соғысын тоқтатуы үшін" Ресейге қысымды күшейте береді деп мәлімдеді министр.
Milrem Robotics компаниясы құрлықта өздігінен жүретін THeMIS әскери машинасын өндіреді және Украинамен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді. Компания өзі шығаратын өнімдерді жөнелтуге өрт әсер етпегенін мәлімдеген.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
X (formerly Twitter)
Margus Tsahkna (@Tsahkna) on X
Based on the information collected by the Estonian Internal Security Service @kaitsepolitsei we can conclude with certainty that the arson attack on Milrem Robotics premises that took place on the…
🤬12👍6❤2
Германияда ресми сапармен жүрген Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сол елдің жетекші іскерлік қауымдастықтары мен қаржы институттарының басшыларымен кездесіп, екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Тоқаев Германияның қаржысы мен тәжірибесін Қазақстанның ресурстық және көлік-логистика мүмкіндіктерімен ұштастыру маңызды екенін атап айтқан.
Ол қазақ-герман инвестиция-қаржы платформасын құруды ұсынып, бұл механизм Германия мен Еуропа капиталын Қазақстанның қоса қаржыландыру, кепілдік беру және тәуекелдерді бірге басқару тетіктерімен ұштастыруға мүмкіндік беретінін атап өткен.
Сондай-ақ кездесуде аса маңызды материалдар, жаңартылатын энергия, "жасыл" сутегі және өнеркәсіпті жаңғырту бағыттарындағы жобаларға басымдық берілетіні сөз болған.
Президент цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықты да маңызды бағыт ретінде атады деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан басшысы Германия компанияларын деректер өңдеу орталықтары, бұлтты инфрақұрылым, киберқауіпсіздік және финтех жобаларына қатысуға шақырған. Неміс капиталы мен Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін тоғыстыратын алаң ретінде Alatau City жобасы аталған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍22🤡6🔥2❤1
Azattyq - Азаттық
Қазақстан басшысы Берлинге ресми сапармен барған күні, 28 қыркүйекте немістің Handelsblatt басылымында жарияланған авторлық мақаласында Германияға стратегиялық маңызы бар шикізат саласындағы ынтымақтастықты кеңейтіп, бірлескен өндірістік тізбектер құруды ұсынған.
Оның айтуынша, Қазақстан қазір Еуропа экономикасы үшін стратегиялық маңызы бар шикізаттың 34 түрінің 21 түрін өндіріп отыр, солардың қатарында энергетика, машина жасау, микроэлектроника және цифрлық технологияларда қолданылатын литий, кремний, кобальт, ниобий, вольфрам және мыс бар.
Тоқаев Германияға шикізатты сатып алумен шектелмей, геологиялық барлау мен өндіруден бастап, өңдеу, компоненттер шығару және материалдарды қайта пайдалануға дейінгі бірлескен өндірістік тізбектер құру мүмкіндігі барын айтады.
Энергетика саласында Қазақстан Еуропа одағы шеттен алатын мұнай көлемінің шамамен 13 пайызын және табиғи уранның 20 пайызын қамтамасыз етеді, 2025 жылы Қазақстаннан Германияға жеткізілген мұнай көлемі 10 миллион тоннадан асты деп жазады автор.
Көлік саласында, Тоқаевтың айтуынша, Қытайдан Еуропаға жөнелтілетін жүктердің құрлықтағы транзитінің шамамен 85 пайызы Қазақстан аумағы арқылы өтеді. Ол сондай-ақ неміс компанияларын Қазақстандағы әуе жүк тасымалы мен әуе хабтарын дамытуға белсендірек қатысуға шақырған.
Тоқаев металлургия, мұнай-химия, тамақ өнеркәсібі, теміржол машина жасау, жаңартылатын энергетика және цифрландыру салаларын да ынтымақтастықтың перспективалы бағыттары ретінде атады. Оның сөзінше, Қазақстан Германия нарығына өңделген өнімнің 80-нен астам түрін қосымша жеткізе алады.

❤12👍7🤡4🤮3🔥2
Өзбекстан Олий Мәжілісінің заң шығару палатасы 14 жасқа толмаған баланы зорлағандарды өмір бойына бостандығынан айыруды қарастыратын заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
"Адолат" партиясы фракциясының бастамасымен ұсынылған құжатта балаға қарсы ауыр қылмыс жасағандарды қылмыстың ескіру мерзіміне қарамастан жауаптылықтан босатпау, жәбірленушіден жауап алуды бейнежазбаға түсіру және оларға мемлекет есебінен адвокат беру ұсынылған.
Бұған қоса бала тәрбиесі міндеттерін орындамау, балаға қол сұғу, неке жасына қатысты заң талаптарын бұзу және мұғалімнің білім беру кезінде балаға күш көрсетуі сияқты іс-әрекеттер үшін жауапкершілікті күшейту көзделген.
Балаға қарсы ауыр қылмыс жасағандарға жазаны күшейту туралы бастама Наманған облысындағы мемлекеттік балабақшада 5 жасар қызды зорлау оқиғасынан кейін көтерілді. Күдікті ретінде балабақшаның шаруашылығына жауапты 52 жастағы адам қамауға алынған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍19🤬5
🚫💸 Путин ЕАЭО елдеріне, Өзбекстан мен Тәжікстанға қолма-қол ақша алып шығуға шектеу қойды
Ресей президенті Владимир Путин жеке тұлғаларға Ресейден Еуразия экономика одағы елдеріне (Армения, Беларусь, Қазақстан мен Қырғызстан), сондай-ақ Өзбекстан, Тәжікстан және Әзербайжанға бір миллион рубльден (11 800 доллар) асатын қолма-қол ақша алып шығуға тыйым салды.
Мұндай шектеу Путин 29 қыркүйекте шығарған жарлықта жазылған. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге Ресейден әлгі аталған елдерге рубль экспорттауға тыйым салынады.
Бұған дейін жеке тұлғаларға өзімен бірге алып шығатын қолма-қол ақшаға қойылған шектеу 100 000 АҚШ долларына (шамамен 8,5 миллион рубль) тең еді.
Бір миллион рубльден асатын сомадағы ақшаны әлгі елдерге тек халықаралық әуежайлар арқылы алып шығуға болады, бірақ ол үшін банк құжаттарының көшірмелері немесе шоттан ақша алынғанын растайтын басқа құжаттар болуы шарт.
2022 жылдың наурыз айынан бастап Ресейден шетелге шыққанда әр адамға 10 мың АҚШ долларынан асатын көлемдегі шетел валютасын алып шығуға шектеу қойылған. Ал Путиннің жарлығында көрсетілмеген елдерге қолма-қол ақшаны, егер декларацияда көлемі атап жазылған болса, бір миллионнан асса да алып шығуға болады деп жазады Азаттықтың Орыс қызметі.

👎16🔥5💩5😁4❤1
Ғалымдар, құқыққорғаушылар, журналистер мен қоғам өкілдері Қазақстан билігін ресейлік белсенділер Юлия Емельянова мен Мансур Мовлаевты Ресейге бермеуге үндеді. "Ковчег" жобасы жариялаған ашық хатқа 155 адам мен ұйым қол қойған.
Мовлаев пен Емельянова Ресейге қайтарылған жағдайда олардың қамауға алынып, азаптауға тап болу, саяси қудалауға ұшырау қаупі жоғары деп санайды. Хатта Мовлаевтың отбасы бұған дейін еркінен тыс әкетіліп, азапталғаны, ал Мансурдың өзі қамауда екі рет өзіне қол жұмсауға әрекет жасағаны айтылған.
Емельянова да Ресейде ұсталған кезде бірнеше рет қатыгездікке тап болған. Құқық қорғаушылардың мәліметінше, оған тіпті әжетханаға баруға рұқсат етпеген.
Ашық хат авторлары Қазақстанды "қайтарып жібермеу" (non-refoulement) қағидатын сақтауға шақырған. Олардың пікірінше, бұл қағида азаптау немесе адамгершілікке жатпайтын қарым-қатынас қаупі бар мемлекетке адамды қайтаруға жол бермейді.
Қазақстан билігі ашық хатқа әзірге ешқандай ресми пікір білдірмеді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤21🤡3👍1
🇰🇿Азия ойындарындағы қазіргі нәтиже қандай?
🔹Жалпы есеп
Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан қазірше 9 алтын, 14 күміс, 25 қола медальмен жалпы есепте 8-орында келеді. Өткен аптада төртінші орында тұрған Қазақстанды қазір жалпы есепте Өзбекстан (14 алтын), Таиланд (12 алтын), Бахрейн (11 алтын), Иран (10 алтын) озды. Ал алғашқы үштіктегі Қытай (143), Жапония (45), Оңтүстік Корея (24) басқа елдерден ұзап барады.
🔹29 қыркүйектегі нәтиже
Бүгін, 29 қыркүйекте Қазақстан бір күміс, екі қола медаль иеленді. Жеңіл атлетикадан биіктікке секіруде Кристина Овчинникова күміс жүлдегер атанса, кураштан Арайлым Шегенова және стенд атудың трап күрінен Қазақстан ерлер құрамасы қола медаль алды.
Сондай-ақ бокстан Айбек Оралбай (+90 кг) финалға шықты. Ол жартылай финалда үндістандық Нарендеруді жеңді. Финалда өзбекстандық Жахонгир Зокировпен рингіге шығады.
🔹Қазақстанның тоғыз алтынын кімдер алды?
🥇Алексей Луценко – велоспорт, ерлер, жекелей жарыс
🥇Алексей Луценко – велоспорт, ерлер, топтық жарыс
🥇Рината Сұлтанова – велоспорт, әйелдер, топтық жарыс
🥇Софья Берульцева – каратэ
🥇Жоламан Биғабыл – каратэ
🥇Қадырбек Шынбаев – ММА
🥇Еркінқали Бүркіталин – ММА
🥇Владислав Яковлев/Иван Чернухин – академиялық есу
🥇Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы (шпага)

❤12🤔3🤷♂2🤬1
Полиция Маңғыстаудағы қайғылы оқиға туралы “жалған ақпарат таратқан” төрт адам жауапқа тартылғанын хабарлады
ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Д.С. және Г.С. есімді екі адам Facebook-та әскери қызметкер А.А. туралы ақпарат жариялаған.
Полицияның хабарлауынша, олар жазбада “әскери қызметкер жолдасын құтқарып, өз күшімен жағаға шыққанын” және “оның ерлігі мен құтқарылу жағдайы әдейі жасырылып” отырғанын жазған. Олар ақпаратты туыстары мен желіден алғанын айтқан.
“Аталған мәліметтер шындыққа сәйкес келмейді және қорғаныс министрлігі ресми түрде жоққа шығарды” деп жазылған полиция хабарламасында.
Полицияның хабарлауынша, бұған қоса, Шымкент және Көкшетау тұрғындары да әкімшілік жауапқа тартылған. Полицияның жазуынша, Шымкент тұрғыны тағы бір әскери қызметкердің қаза болғаны, оның туыстарына қысым көрсетіліп, ақша талап еткен деген жалған ақпарат таратқан. Көкшетау тұрғыны да соған ұқсас жазба жариялаған. Төрт адамның әрқайсысына 20 АЕК көлемінде айыппұл салынған.

🤔9💩8❤5😁2🤯2
24 қыркүйекте Каспий теңізіндегі жаттығу кезінде 14 сарбаз қаза болғаннан кейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрлігіне әскерді реформалау жоспарын әзірлеуді тапсырып, 10 күн берді. Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің бұрынғы оқытушысы, отставкадағы подполковник Ғалымжан Сәдуақасовтан осы тапсырма туралы, әскери реформа туралы сұрадық.
🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍17🤣5❤3💩1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
25 қыркүйекте Ресей президенті Владимир Путин Еуропада орыс тілді халықтың құқығы шектеліп жатқанын айтты. Бірақ ол Ресей ешқандай әскери операция дайындамайтынын, бейбіт жолмен әрекет ететінін тағы қайталады. Дәл осы күні кремльшід «РИА Новости» сайты «Ресейді тағы бір арнайы әскери операция күтіп тұр» деген тақырыппен мақала жариялап, кейін алып тастады. Мақалада Литваға соққы жасау сценарийлері талданған.
💩33🤬5😁3
Украина Херсон облысының Ресей басып алған аумағынан 14 баланы қайтарды
Украина Херсон облысының Ресей әскеріне қарайтын аумағынан 14 баланы қайтарды. Херсон облысы әскери әкімшілігінің жетекшісі Александр Прокудиннің сөзінше, 6-17 жас аралығындағы 4 ұл бала мен 10 қыз бала қайтарылған.
Прокудин оралғандардың арасында Ресей әскері әскери тіркеуге тұруға мәжбүрлеген 16 жастағы жасөспірім барын да айтты. Жыл басынан бері Херсон облысының оккупацияланған бөлігінен 204 бала қайтарылды деді ол.
Украина билігінің ресми мәліметі бойынша, 2022 жылдың 24 ақпанынан бері Украина аумағынан Ресейге 200 мыңнан астам бала депортацияланған. Bring Kids Back UA бастамасы аясында Украина 2600-ден астамын қайтара алды.

❤22👍2