Azattyq - Азаттық
✔
10.8K subscribers
11.7K photos
4.52K videos
19 files
24.8K links
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
Download Telegram
Жапониядағы Азия ойындарының негізгі жарыстары аяқталды. Ертең, 4 қазанда ат спортынан екі медальдар жұбы сарапқа салынады. Бұл жарыс жалпыесептегі жағдайға көп өзгеріс әкелмейді. Сондықтан жарыс қорытындысын шығара беруге болады. Қазақстан 12 алтын, 24 күміс, 48 қоламен (барлығы 84 жүлде) жалпы есепте 8-орын алды.
👍20❤6😁2
👍12🔥4❤1
🔴Путин соққыны үдететінін айтып, Украинадағы шетелдіктерге "ескертті", Киев жауап беретінін айтты

Ресей Киевке соққыны үдететінін айтып, ондағы шетел дипломаттары мен өзге де азаматтар "басын қауіп-қатерге тікпей" елден кетуі керек деп ескертті. Ал Украина басшысы Кремльдің әуе шабуылына жауап беретінін мәлімдеді.

👉Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬27❤1🔥1
Қырғызстан президент істері басқармасы: Шакираның гонорарына мемлекет ақшасы жұмсалмайды

«Кабар» ақпарат агенттігінің сұрақтарына жауап берген Қырғызстан президент істері басқармасының жетекшісі Қаныбек Тұманбаев осылай деп мәлімдеді.

Тұманбаевтың айтуынша, концертті жеке ұйым ұйымдастырып жатыр. Стадион мемлекетке тиесілі болғандықтан концерт кезіндегі қауіпсіздік және ұйымдастыру мәселелері бақылауда болады.

«Мемлекет Шакираның гонорары үшін бір сом да, бір тиын да жұмсамайды. Біздің мақсатымыз - билеттерді сату арқылы ақша табу емес, туризмді дамыту. Қырғызстанға келген адам бірнеше күн тұрады, қонақ үйлерге, мейрамханаларға және көлікке ақша жұмсайды. Шакираның бізге келуі елге назарды күшейтіп, туристік әлеуетімізді көрсетуге мүмкіндік береді» деді Тұманбаев.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Шакираның концертіне билет сатылған алғашқы күні билеттерді 22 ел азаматтары сатып алған. Билеттердің көбін (77,32%) Қырғызстан азаматтары алған.

Ал шетелдіктер арасында Қазақстан бірінші орында (80,01%) тұр. Одан кейінгі орындарда Ресей (13,08%), Өзбекстан (3,8%). Билетті сонымен бірге АҚШ, БАӘ, Тәжікстан, Түркия, Германия, Қытай, Ұлыбритания азаматтары сатып алған. Билеттің бағасы 62 мың теңгеден басталады.
🔥10🥱5❤2👍1👏1
Ауқатты ресейліктер биыл соғысқа $5,6 млрд қаражат берген

2026 жылы Ресейдегі ең ауқатты адамдар соғыс кезіндегі «өтеусіз жарна» ретінде Ресей бюджетіне 471 миллиард рубль немесе 5,6 миллиард доллардан астам қаражат аударды. Бұл сома үкіметтің барлық шығынының 1%-дан астамын өтейді. Reuters есептеуінше, ірі бизнестің ақшасынсыз Ресейдің бюджет тапшылығы қазіргі уақытта ЖІӨ-нің 3,4%-ын құрайтын еді. Қазір бұл көрсеткіш ЖІӨ-нің 3,2%-ын немесе 7,3 триллион рубльді құрап отыр.

Жарна мәселесі наурыз айында Ресей президенті Владимир Путин мен ресейлік кәсіпкерлер арасындағы жабық кездесуде талқыланды, олардың көпшілігі Батыс санкциясына ілінген. The Bell жазуынша, Путинге жарна идеясын «Роснефть» басшысы ұсынған.

Басылымның мәліметінше, олигарх және сенат депутаты Сулейман Керімов бірден 100 миллиард рубль бөлуге уәде берді, кем дегенде тағы бір танымал бизнесмен де идеяны қолдаған. The Financial Times хабарлауынша, бизнесмен Олег Дерипаска да қайырымдылық жасауға келіскен. Қыркүйек айында Путин сол кездесуден кейін олигархтар бюджетке «жүздеген миллиард» рубль аударғанын мәлімдеді.
😁14💩13❤3
Қазақстан 84 медальмен Азия ойындарын аяқтады

Қазақстан құрамасы Жапонияның Нагоя және Аичи қалаларындағы 20-жазғы Азия ойындарындағы жарысты аяқтады. Қазақстан атынан соңғы болып ат спортының өкілдері сынға түсті. Спорттың бұл түрінен Қазақстан жүлде ала алмады.
"Осылайша Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Азия ойындарын 84 медальмен аяқтады. Оның ішінде 12 алтын, 24 күміс және 48 қола жүлде бар" деп жазылған Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің хабарламасында.

Жалпы есепте Қазақстан 8-орын алды. Бірінші орынды Қытай (169 алтын, 89 күміс, 83 қола), екінші орынды Жапония (83 алтын, 95 күміс, 91 қола), үшінші орынды Оңтүстік Корея иеленді (39 алтын, 43 күміс, 68 қола). Көрші Өзбекстан медальдық есепте бесінші орын алды: 21 алтын, 25 күміс, 24 қола. Өзбекстаннан кейін Иран, Таиланд бар.

Қазақстан ең көп медальді дзюдо мен күрестен (жеті-жетіден) ұтып алды. Одан кейін байдарка мен каноэде ескек есу спортшылары алты медаль иеленді. Ал семсерлесу, бокс және джиу-джитсудан Қазақстан қоржынына бес-бестен медаль түсті.
👏17❤2👍2👎2
Латвия ІІМ өзбек азаматтарына визаны шектеуді ұсынды

Латвия ішкі істер министрлігі Өзбекстан азаматтарына виза беруді уақытша тоқтатуды ұсынды. Министрлікке сүйенген жергілікті БАҚ-тың жазуынша, бұға елдегі Өзбекстан азаматтары арасында қылмыстың көбеюі себеп. Кейбірі кәмелетке толмаған жасөспірімдерге қарсы жасалған.

Дегенмен Латвия министрлігі Өзбекстан азаматтары "жасаған" барлық қылмыс түрін егжей-тегжейлі сипаттайтын жеке статистикалық есеп жариялаған жоқ.

«Біз әрекет етуге міндеттіміз. Сондықтан Өзбекстан азаматтарына виза беруді белгілі бір мерзімге тоқтата тұруды және осы уақытты Өзбекстан тарапымен ынтымақтастық үшін пайдалануды ұсынамыз» деді ішкі істер министрі Янис Домбрава.

Ішкі істер министрлігіосы аралықта өзбек жағымен ақпарат алмасып, Латвияға баруды жоспарлап отырған азаматтарды тексеруді күшейтуге болады деп санайды.
🔥8😁5🤔5
Зеленский: күзде Украинаның алысқа ұшатын өз баллистикалық ракетасы болады

Украина президенті Владимир Зеленский Reuters ақпарат агенттігіне берген сұхбатында осы күзде Украинаның алысқа ұшатын өз баллистикалық ракетасы болады деп мәлімдеді. Ол ракета құрастырушы Fire Point-тан жұмысты жеделдетуді талап еткен.
– Олардан менің FP-9 ракетам қайда? деп сұрадым, - деп Зеленский жымиды. – Бізге FP-9 керек. FP-9 осы күзде дайын болады, оған сенімім мол.


1 қазанда Зеленский Fire Point құрастырған тактикалық FP-7 баллистикалық ракетасының алғаш рет әскери жағдайда қолданылғанын хабарлаған. Алайда нақты қандай нысанаға соққы жасағанын айтқан жоқ. Соққының сәтті болғанын меңзеді. Әзірге, ақпаратты растайтын тәуелсіз дереккөз табылмады.

Fire Point мәлімдемесіне қарағанда, FP-7 ракетасы 200 шақырымға дейін ұша алады және әскери бөлігінің салмағы 150 келі. Ал FP-9 ракетасы 855 шақырымға дейін ұшады, әскери бөлігінің салмағы — 800 келі.
👍47🔥5❤4
💥Харьковте Ресей шабуылынан қаза болған және жараланғандар бар

Ресей күштері жексенбіде Харьковтің Индустриальный ауданына "Бандероль" дрон зымыранымен шабуыл жасады деп хабарлады қала мэрі Игорь Терехов.

Келіп түскен ақпаратқа қарағанда, кемінде бір адам қаза тауып, алты кісі жараланған. Онға жуық көппәтерлі үйге зақым келген. Автокөліктер мен әкімшілік ғимараты өртенген.

Шабуылға ұшыраған аумақта құтқару-іздестіру операциясы жалғасып жатыр.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬31❤1
❄️ Метерологтар: Қазақстанның бірқатар өңірінде қар жауады

5 қазан күні Қазақстанның солтүстік-батыс, солтүстік және шығысында қар жауады деп хабарлады ауа райын болжаушы мамандар.

Метерологтар тұман түсіп, көктайғақ болуы және қатты жел тұруы ықтимал деп ескертеді.

Жексенбіде Ақтөбе облысында күн суытып, қар жауғанын әлеуметтік желі қолданушылары хабарлап, видеолар жариялады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱10👎5🎄3🔥1
🔴 Йемен үкіметі хуситтерге қарсы ауқымды әскери операция бастағанын жариялады

Йемен президенті Рашад әл-Әлими Иран қолдайтын хуситтер бақылау орнатқан аумақтарды қайтарып алу үшін кең ауқымды әскери операция басталғанын жариялады. Бұл туралы Reuters хабарлады.

Әл-Әлими үкімет күштері "ел террорит содырлардың билігінен азат етілгенге дейін" шабуылын жалғастырады деп мәлімдеді.

Бірнеше күн бұрын Йемен үкіметі "хуситтердің күшеюіне қарсы тұру, азаматтарды қорғау, республикалық жүйені және конституциялық заңдылықты сақтау және мемлекеттің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету үшін" жаппай мобилизация жариялаған деп хабарлады SABA мемлекеттік ақпарат агенттігі. Reuters хуситтерге қарсы шабуылға 100 мыңнан астам йемендік сарбаз қатыспақ деп жазды.

Йемен билігін Сауд Арабиясы қолдап, хуситтерге қарсы әуеден соққылар бермек, ал Йеменнің үкімет әскері құрлықтағы операцияларды жүргізеді.

Өткен айда хуситтер белсенділігін айтарлықтай арттырған. Олар тұтқиылдан шабуыл жасап, стратегиялық Баб әл-Мандеб бұғазын және Қызыл теңіз жағалауының шамамен 150 шақырымын басып алған. Бұл оларға халықаралық теңіз тасымалы бағыты мен Таяу Шығыс мұнайын экспорттауда жаңа мүмкіндіктер берді.

БҰҰ Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының мәліметінше, кейінгі апталарда қақтығыстың қайта өршуіне байланысты Йеменде ондаған мың адам үй-жайын тастап кетуге мәжбүр болған. Үкімет бақылауындағы аймақтарда үй шаруашылықтарының 74% азық-түлікпен қамтамасыз етілмеген.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏8🤔5❤3
🤩 FlyDubai экипажының екінші ұшқышы Бен-Гурион әуежайына шабуылдамақ болған – медиа

Израиль басылымдары тергеуге жақын дереккөздерге сүйеніп, 30 қыркүйекте FlyDubai ұшағын басып алуға әрекет жасаған екінші ұшқыш Хамам әл-Хамами жолаушылар отырған ұшақты Тель-Авивтегі Бен-Гурион әуежайына құлатуды жоспарлаған деп хабарлады. Тергеушілердің мәліметінше, ол алдымен капитанды өлтіріп немесе жаралап, ұшақты бақылауға алмақ болған.

Басылымдар әл-Хамами бұл жоспарды ұзақ уақыт дайындағанын, FlyDubai-ге Израильге ұшатындықтан жұмысқа орналасқанын және Тель-Авивке бірнеше рет ұшып, әуежай мен оның айналасын зерттегенін жазды. Ол бұған дейін Oman Air компаниясында жұмыс істеген, бірақ 2024 жылы экстремистік көзқарасы үшін жұмыстан шығарылған деп CBS хабарлаған. Тергеушілер оның террор ұйымдарымен тікелей байланысы болмаған және жалғыз әрекет еткен деп санайды.

30 қыркүйекте 182 адаммен Дубайдан Тель-Авивке ұшқан FlyDubai компаниясының жолаушы ұшағының екінші ұшқышы экипаж капитанына шабуыл жасаған. Ауыр жараланған капитан кабина есігін ашып үлгеріп, кабинаға кірген жолаушылар шабуылдаушыны ұстап байлап, төмен қарай құлдилаған ұшақты қайтадан түзу бағытқа келтірген.

Кейін жолаушы ретінде ұшып келе жатқан қосалқы экипаждың екі ұшқышы басқаруды қолға алып, ұшақты Сауд Арабиясындағы Табук әуежайына аман-есен қондырған. Ұшақтағы 174 жолаушы мен сегіз экипаж мүшесінің бәрі аман қалды. Әл-Хамами БАӘ-де қамауда отыр, одан БАӘ және Сауд Арабиясы тергеушілері жауап алып жатыр.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬11🤔5❤2👍1🔥1😁1😱1