Azattyq - Азаттық
✔
10.8K subscribers
11.7K photos
4.52K videos
19 files
24.8K links
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
Download Telegram
Ресейдегі оба күдігі: қауіп деңгейі қандай?

Ресейде зертхана қызметкері өкпе обасынан өлген болуы мүмкін деген күдік қауіпті ауру тарап кетпей ме деген сұрақ тудырып, бүкіл әлемді алаңдатып қойды. Бірақ өкпе обасы қаншалық тез тарайды, бүгінде ол қаншалық қауіпті және зертханалар осы ауруға әкелетін бактерияны неге ұстайды?

Азаттық радиосы Лондон гигиена және тропикалық медицина мектебінің (университет) микробтық патогенез профессоры Брендан Ренмен Ресейдегі жағдай және биліктің оны ауыздықтау үшін жасап жатқан шаралары туралы сөйлесті. Рен жұмыс істейтін мекеме өкпе обасын тудыратын Yersinia pestis бактериясын да зерттейді.

👉Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱13❤1🤬1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Бакуда дзюдо бойынша өтіп жатқан әлем чемпионатында жүлдегерлерге медаль тапсырғандар арасында Халықаралық дзюдо федерациясының басшылығына кіретін қазақстандық Тимур Кемел де болды. Оның Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлы екені айтылады.
🤬19👍6🤔3💩3🥱1🤨1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Астанада туыстары Ресейге нәпақа табуға барып, соғысқа алынған қазақстандықтардың жақындары сыртқы істер министрлігі алдына жиналды. Олар жақындарын соғысқа әкете ме деп уайымдайды. Заңгер Мейірман Шекеевтің сөзінше, оларды сыртқы істер министрінің орынбасары қабылдап, ұсыныс, талап-тілектерін тыңдаған.

Бұған дейін “Ресейге нәпақа табуға барып, алдандық” деген бір топ қазақстандық сол жақтан видеомәлімдеме жазып, өздерін соғысқа әкететінін айтып, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұраған еді. Қазақстан СІМ оларды қайтару бойынша келіссөз жүріп жатқанын айтқан.
🙏19🔥7❤2🤔2
БҚО соты ресейлік бұрынғы әскери қызметкерді елден шығарды

Батыс Қазақстан облысының Бөкей орда аудандық соты Қазақстан аумағында ұсталған бұрынғы әскери қызметкерді елден шығару туралы шешім шығарды. Бұл жөнінде “Мой город” басылымы жазды.

Басылымның жазуынша, ер адам 2025 жылы шілдеде қызметін өз еркімен тастап кеткен. Ресейдің құқық қорғау органдарынан жасырынған ол биыл мамырда Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өткен. Орал қаласына барып, одан әрі қарай Таразға жетіп, әрі қарай үшінші мемлекетке кетуді жоспарлаған. Алайда ҰҚК қызметкерлері оны ұстаған.

Сот кезінде ол тағылған айыпты толық мойындап, “амалсыз қашуға мәжбүр болғанын” айтып, өзін түрмеге жаппауды, елден шығармауды сұраған.

Сот оған “шекараны заңсыз кескені үшін” 865 мың теңге айыппұл салып, елден шығаруды үкім етті. Бес жылға елге келуге тыйым салды. Сот жаңа Конституцияның қабылдануына орай рақымшылық заңын қолданып, оны айыппұлдан толық босатты, бірақ оны елден шығару туралы шешімді күшінде қалдырды. Сот шешімі күшіне енді.
👍10🤔1🤯1🤬1
Химия бойынша Нобель сыйлығын Анри Каган және Кэнсо Соаи иеленді

2026 жылы химия бойынша Нобель сыйлығы Анри Каган және Кэнсо Соаиға “молекуланың бір-біріне ұқсас “егіз” формасының бірін басым түрде алуға мүмкіндік беретін механизмді ашқаны үшін” берілді.
“Анри Каган мен Кенсо Соаи бір ғасырдан астам уақыт бойы химия саласында гомохиральдылық (homochirality) қалай өздігінен пайда болуы мүмкін деген жұмбақтың шешімін тапты. Олар әзірлеген химиялық реакциялар таңқаларлық” деді химия бойынша Нобель комитетінің төрағасы Хайнер Линке.

Бұған дейін ғалымдар аминқышқылдар сияқты молекулалардың бір-бірінен аумайтын екі нұсқасы барын анықтаған. Алайда тірі ағзаларда “егіздердің” бірі ғана болады. Мұндай химиялық асимметрия ғалымдар үшін ұзақ уақыт жұмбақ болды. Ал Каган мен Соай соны шешкен.
👏14❤2👍2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ресейде жүрген бір топ қазақстандықтың соғысқа жіберілу қаупі бар. Олардың туыстары бірнеше күннен бері мемлекеттік органдардан көмек сұрап, балаларын қауіпсіз жерге шығаруды талап етіп отыр.
😱15🙏6🤬3🔥1
Прокурор діни қызметкер Иаков Воронцовты 4 жыл түрмеге жабуды сұрады. Воронцовқа “заңсыз есірткі айналымы” (296-бап) бойынша айып тағылған, ол өзіне тағылған айыпты жоққа шығарады. Воронцовқа үкім бүгін, 7 қазанда сағат 18.30-да оқылады.

Оның соты жабық өтті. Бұрынғы діни қызметкер Украинадағы соғысты айыптап, Ресейдің әрекеттерін сынаған.

Сурет: Оқырман жіберген сурет
🤬23😁3👍1😱1
Azattyq - Азаттық
Прокурор діни қызметкер Иаков Воронцовты 4 жыл түрмеге жабуды сұрады. Воронцовқа “заңсыз есірткі айналымы” (296-бап) бойынша айып тағылған, ол өзіне тағылған айыпты жоққа шығарады. Воронцовқа үкім бүгін, 7 қазанда сағат 18.30-да оқылады. Оның соты жабық өтті.…
❗Бұрынғы діни қызметкер Иаков Воронцовқа сот үкімі шықты

Алматы қаласы Медеу ауданының соты бұрынғы діни қызметкер Иаков Воронцовты төрт жылға түрме жазасына кесті. Бұған дейін прокурор Воронцовқа төрт жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұраған еді.
Бұрынғы діни қызметкерге "Есірткі заттарын сату ниетімен заңсыз өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау немесе тасымалдау" бабымен айып тағылған. Ол өзіне тағылған айыпты жоққа шығарады.

🔹"Саяси тапсырыс" және соғысқа қарсылық

Воронцов биыл қамауға алынған. Ал 16 қыркүйекте сот істі жабық қарай бастады. Сот процесі басталғанда ол "Азаттық Азия" тілшісіне "Меніңше, бұл – Ресей тарапынан түскен саяси тапсырыс. Бұл – заңсыз қылмыстық қудалау" деді.

Иаков Воронцов 2022 жылы Ресей Украинаға қарсы бастаған соғысты тоқтатуды талап еткен православ діни қызметкерлерінің ашық үндеуіне қол қойғандардың бірі ретінде көпшілікке танылған. 2023 жылы тамызда Орыс православ шіркеуі оны діни дәрежесінен айырды. Содан кейін Воронцов Қазақстанда Мәскеу патриархатына бағынбайтын, өзін-өзі басқаратын дербес православ діни бірлестігін құруға талпынды. Алматы қаласының әділет департаменті ол ұйымды тіркеуден бас тартты. Бұған келіспеген Воронцов әділет министрлігінің үстінен сотқа жүгінген еді, бірақ бірнеше күннен кейін өзі ұсталды.

🔹Психикалық ауытқу таппады

Воронцов қамауда болған кезде билік оны мәжбүрлеп емдеуге Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға бір айға жатқызды. Сол кезде қазақстандық адам құқықтары және заңдылықты сақтау бюросы дәрігерлер Воронцовтың денсаулығынан ешқандай психикалық ауытқу таппады деп хабарлаған. Кейін оны қайтадан тергеу абақтысына ауыстырды.
🤬13👍1
Azattyq - Азаттық
❗Бұрынғы діни қызметкер Иаков Воронцовқа сот үкімі шықты Алматы қаласы Медеу ауданының соты бұрынғы діни қызметкер Иаков Воронцовты төрт жылға түрме жазасына кесті. Бұған дейін прокурор Воронцовқа төрт жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұраған еді. Бұрынғы…
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Воронцовтың адвокаты үкіммен келіспейтінін мәлімдеді

4 жылға сотталған бұрынғы діни қызметкер Иаков Воронцовтың адвокаты Ғалым Нұрпейісов сот үкімімен келіспейтінін айтты. Ол үкімге шағым түсіреміз деп мәлімдеді.

«Иаков Воронцовтың үйінен сол нәрсені тауып алды да, ол айыпты деп тапты. Сол нәрсенің оған тиесілі екеніне ешқандай дәлел жоқ. Сондықтан басында-ақ айыпты деп табуға дәлел жеткіліксіз деп айтып келдік» деді ол.
🤬16❤2👍1😁1
🇪🇸 Испанияда үйінен күштеп шығарылғаны жаппай наразылық тудырған қарт әйел қайтыс болды

Испанияда ондаған жылдар бойы тұрып келген пәтерінен мәжбүрлеп шығарылғаны елде жаппай наразылықтарға ұласқан Марикармен Абаскаль 87 жасында қайтыс болды. Бұл туралы El Mundo басылымы жазды. Абаскаль үйінен шығарылған сәттен бастап ауруханада жатқан.

"Оның үйіне қайта оралуына мүмкіндік беретін тарихи келісімге қол жеткізілгенімен, бұл шешім тым кеш қабылданды" деп мәлімдеді тұрғын үй жалдаушылар одағы.

23 қыркүйекте Марикармен Абаскаль 70 жылдан астам уақыт тұрып келген пәтерінен күштеп шығарылған. Пәтерді Urbagestión инвестициялық қоры сатып алғаннан кейін, жалға алу құны 500 еуродан 2650 еуроға дейін көтерілген. Оны төлей алмаған Абаскальдің берешегі жиналып, ақыр соңында сот оны пәтерден шығару туралы шешім қабылдаған. Әйелді үйінен зембілге салып алып шығып, кейін жедел жәрдем көлігі оны ауруханаға жеткізген.

Осыдан кейін Испанияда жұрт Абаскальді қолдау акциясына жаппай шығып, биліктен елдегі ушығып тұрған тұрғын үй дағдарысын шешуді талап еткен.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱21👍3
❗️ Оралда екі жасөспірім көпқабатты үйдің төбесінен құлап мерт болды

Батыс Қазақстан облысы орталығында 14 және 16 жасар екі жасөспірім көпқабатты тұрғын үйдің шатырынан құлап қаза болған. Мұны жергілікті "Мой город" басылымы жазды.

Бейресми ақпарат бойынша, оқиға 6 қазанда кешкі мезгілде болған.

Бұл оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, екі жасөспірім қалай және қандай жағдайда қаза болғанын анықтап жатыр.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱23😁1
📶 Қазақстан бойынша "Транстелеком" байланыс желісінде ақау пайда болды

8 қазанға қараған түннен бастап бүкіл Қазақстан бойынша "Транстелеком" байланыс операторы желісінде ақау болып жатыр. Мұны бейсенбі күні таңертең компанияның call-орталығы растады деп жазды ҚазТАГ.

Байланыс операторының мәліметінше, түн ортасына таман интернет байланысы нашарлап кеткені немесе мүлдем істемей қалғаны байқалған. Бұл ақау елдің барлық өңіріндегі абоненттерге әсер еткен. Компания ақауға не себеп болғанын әзірше хабарлаған жоқ.

"Транстелеком" қазіргі уақытта техникалық мамандар байланысты қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатқанын айтқан. Бірақ байланыс нақты қай уақытта орнайтынын айтпады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎11😁1
😡 Шымкентте екі жұмысшы газдан уланып қайтыс болған

7 қазанда Шымкенттің орталығында су құбырын ауыстырып жүрген екі жұмысшы иіс тиіп қаза болған.

Жергілікті басылымдардың жазуынша, жекеменшік компанияда жұмыс істейтін 20-22 жастағы үш азамат су құбырын ауыстыру үшін құдыққа түскеннен кейін едәуір уақыт бойы байланысқа шықпаған.

Оларды іздеп барған өзге жұмысшылар құдықта ес-түссіз жатқан үшеуін сыртқа алып шыққан.

Шымкент қаласы полиция департаментінің алдын ала мәліметінше, екі жұмысшы құдық ішінде жиналып қалған газдан уланып, сол жерде көз жұмған. Үшінші жұмысшыға шұғыл медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ол өз-өзіне келіп, дәрігерлер оны үйіне жіберген.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱19😐2😁1
Azattyq - Азаттық
📶 Қазақстан бойынша "Транстелеком" байланыс желісінде ақау пайда болды 8 қазанға қараған түннен бастап бүкіл Қазақстан бойынша "Транстелеком" байланыс операторы желісінде ақау болып жатыр. Мұны бейсенбі күні таңертең компанияның call-орталығы растады деп…
8 қазан күндіз "Транстелеком" Қазақстандағы ауқымды ақаудан кейін интернет байланысы қалпына келгенін хабарлады.

"Интернет байланысы толық қалпына келтірілді, қазір желі әдеттегі режимде жұмыс істеп тұр. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс айтамыз" делінген компания сайтында жарияланған ақпаратта.

"Транстелеком" ауқымды ақаудың нақты себебін айтпады.
👍9😁2
📝 Экс-министр Бейсембаев журналист Бажкеновадан бұған дейін жазғанын терістеуді талап етті

Бұрынғы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев журналист Гүлнәр Бажкеновадан бұған дейін жариялаған ақпаратты терістеуді және шеккен моральдық зиянның өтеміне 20 млн теңге төлеуін талап етіп сотқа жүгінген. Даулы материалдарда Бейсембаев пен бұрынғы сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу арасында "туыстық қатынас" бар деген ақпарат айтылған.

7 қазандағы сот отырысында талапкер тарапы медиация аясында жаңа шарт ұсынды: Бажкенова екі мақалада айтқанын терістеп, 1 млн теңге өтемақы төлеуге тиіс. Сондай-ақ одан экс-министр туралы жаңа материал жарияламау және оның кәсіби қызметі жайлы басқа басылымдарда мақалалар шығуын ұйымдастыру талап етілген.

Бажкенованың адвокаты техникалық кедергілер барын айтты: журналистің телефоны тәркіленіп, Facebook аккаунты мен нөмірі бұғатталған. Сот тараптарға келісім шарттарын әзірлеуге уақыт беріп, келесі отырысты 19 қазанға белгіледі.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😁6👍3😱1
🔴 Тоқаев Транскаспий дәлізін TRIPP бастамасымен байланыстыру мәселесін талқылауды ұсынды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия арқылы Қытайдан Еуропаға бағытталған көлік дәлізін "Халықаралық бейбітшілік пен өркендеу жолындағы Трамп бағдары" (TRIPP) жобасымен байланыстыру мүмкіндігі бар деп мәлімдеді. Мұны ол 8 қазанда Түркіменстанның Аваза қаласында өткен Орталық Азия және Әзербайжан президенттерінің 8-ші консультативтік кездесуінде айтты деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Тоқаев Қазақстан көлік инфрақұрылымын дәйекті түрде дамытып келе жатқанын, бұл өңірлік қарым-қатынас аясын кеңейтетінін айтқан. Оның сөзінше, Дүниежүзілік банк осы жоспарланған инфрақұрылымдық міндеттер толық іске асатын болса, 2040 жылға қарай Каспий теңізімен жүк тасымалдау төрт есе ұлғаяды деген болжам жасаған,

"Орта дәлізді TRIPP көлік бастамасымен ұштастыру мәселесін сарапшылар деңгейінде талқылауға болады деп ойлаймын. Бұл жоба әлеуетімізді арттырады әрі барлық мемлекеттің ұзақмерзімді мүддесіне сай келеді, – деген Тоқаев.


Былтыр тамызда АҚШ-тағы келіссөз кезінде Баку мен Ереван Армения аумағы арқылы Әзербайжанды оның эксклавы Нахчыванмен жалғайтын ұзындығы 40 шақырымнан асатын көлік дәлізін құруға келіскен. Бұл бағыт әрі қарай Түркияға, одан Еуропаға дейін ұласады деп жоспарланған.

Армения премьер-министрі Никол Пашинянның ұсынысымен көлік дәлізі "Халықаралық бейбітшілік және гүлденуге арналған Трамп жолы" (Trump Route for International Peace and Prosperity, немесе TRIPP) деп аталған. Пашинян былтыр Қазақстанға сапармен келген кезде Тоқаев Астананың TRIPP жобасына қатысуға қызығушылық танытып отырғанын айтқан еді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍20🤡6🤔3❤2
☄️ Краматорскіде Ресей күштері шабуылынан кемінде 33 адам қаза тапты

8 қазанда Украинаның Краматорск қаласына жасалған әуе шабуылынан қаза тапқандар саны 33 адамға жетті. Алдын ала мәлімет бойынша, кемінде 18 адам жараланған. Донецк облыстық әскери әкімшілігінің басшысы Вадим Филашкин Ресейді жолаушылар мінген екі автобусты қасақана нысанаға алды деп айыптады.

Шабуыл таңертеңгі сағат 10-дар шамасында болған. Донецк облыстық прокуратурасының дерегінше, екі жолаушы автобусына әуеден бомба түскен. Алдын ала болжам бойынша, Ресей әскері жаңартылған УМПБ Д-30 СН басқарылатын авиабомбасын қолданған болуы мүмкін.

Украина тарапы жариялаған фотоларда екі автобустың да толықтай өртеніп, қирағаны көрінеді. Филашкин жұртты Украинаның қауіпсіз аймақтарына шұғыл көшуге шақырды.

Шабуылдан кейін Краматорск пен Славянск әскери әкімшіліктеріне қоғамдық көлік қатынасын тоқтату тапсырылды. Краматорск қалалық әкімшілігінің жетекшісі Александр Гончаренко майданға жақын қалада азаматтық көліктің өзі қауіпсіз емес екенін айтты.

Украина билігі мен халықаралық ұйымдар Ресей армиясының Украинадағы қалалар мен азаматтық инфрақұрылымға шабуылдарын соғыс қылмысы деп бағалап келеді. Ресей тарапы бейбіт нысандарға қасақана шабуыл жасағанын жоққа шығарады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😢26🤬7❤1
🗣️ ЕҚЫҰ жиынында қазақ құқық қорғаушылары саяси қудалауға түскендерге ара түсуге үндеді

8 қазанда Варшавадағы ЕҚЫҰ жиынында қазақстандық құқық қорғаушылар халықаралық қауымдастықты елде саяси және діни ұстанымы үшін қудалауға түскен деп санайтын адамдарға ара түсуге үндеді.

"Ар.Рух.Хақ" қоғамдық қорының жетекшісі Бақытжан Төреғожина қазір Қазақстанда қамауда отырған Санжар Боқаевтың, Марат Жыланбаевтың, Думан Мұхаммедкәрімнің жағдайы туралы айтты.

"Бұлар бір-біріне ұқсамайтын әртүрлі жағдай болып көрінуі мүмкін. Бірақ оларды ортақ бір мәселе біріктіреді: Қазақстанда дербес саяси немесе діни көзқарас ұстану қаншалықты қауіпсіз? Азамат өз пікірі, сыны мен белсенділігі үшін қудаланамын деп қауіптенетін болса, бұл сөз еркіндігі мен бейбіт жиналу бостандығы аясынан шығып кеткен проблема. Мен ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросын Қазақстандағы ахуалды жіті әрі тұрақты бақылауда ұстауға шақырамын" деді Төреғожина.

Жиында Қазақстанның адам құқықтары жөніндегі уәкілі Артур Ластаев елдегі этносаралық және дінаралық татулық жайлы баяндап, Қазақстан үкіметі ұлт пен дінге қатысты кемсітуге жол бермеу бағытында барлық шараны қабылдап жатыр деп мәлімдеді. Омбудсмен әлгінде сөз болған саяси себеппен қудалауға түскендер мәселесі жөнінде ештеңе айтпады.

Қазақстандық "Демос" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тұрарбек Құсайынов Ресейге жұмыс істеуге барып, еркінен тыс Украинадағы соғыстан бір-ақ шыққан Қазақстан азаматтарының, Ресейдің сұрауы бойынша Қазақстанда ұсталып, қазір Ресейге экстрадициялану қаупі төніп тұрған Украина азаматы Рюбовь Рожанская мен шешен азаматы Мансур Мовлаевтың, Қазақстан соты "есірткі заттарын сақтаған" деген айыппен 4 жылға бостандығынан айырған бұрынғы діни қызметкер, Ресейдің Украинаға басқыншылық соғысына қарсы шыққан және өзіне тағылған айыпты мойындамаған Иаков Воронцовтың тағдыры жайлы айтты.

5 қазанда басталған Варшавадағы ЕҚЫҰ-ның Адам өлшемі жөніндегі жиыны 15 қазанға дейін жалғасады.
🤔12👍5❤2🤬1
🇰🇬 Қырғызстанның бұрынғы президентінің ұлы сотталды

8 қазанда Бішкек соты бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевтың ұлы Қадырбек Атамбаевты "Билікті күшпен басып алу" бабы бойынша 4 жылға бостандығынан айырды.

Қырғызстан социал-демократиялық партиясының жетекшісі Темірлан Сұлтанбеков осы баппен 7 жылға сотталып, мүлкі тәркіленетін болды.
Іс бойынша Әбдірахим Әбдірахманов 8 жылға сотталып, Ермек Ерматовқа 1 жыл пробациялық бақылау тағайындалды. Саясаткер Құбанышбек Қадыров толық ақталды. Ал сот 1 жыл 9 ай жаза кескен Серікбай Қабыланбек тергеу кезінде қамауда өткізген уақыты жаза мерзіміне есептеліп, сот залынан босатылды.

Қадырбек Атамбаев үкімді саяси қысым деп бағалап, билік сайлау алдында халықты қорқытуға тырысып жатыр деп мәлімдеді. Ол анасы мен қарындасына қатысты да қылмыстық іс қозғалғанын айтты.

Тергеу қорытындысында айыпталушылар 2025 жылғы парламент сайлауынан кейін жаппай наразылық пен тәртіпсіздік ұйымдастыруды жоспарлаған делінген. Құқық қорғау органдары қару-жарақ, оқ-дәрі, граната, байланыс құралдары мен ақша тәркіленген деп мәлімдеді. Айыпталушылар тағылған айыптарды жоққа шығарған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔7❤2👏2😱2🥱2
🥇 Әдебиет саласындағы Нобель сыйлығы канадалық жазушы Энн Карсонға берілмек

Биыл әдебиет бойынша Нобель сыйлығын канадалық жазушы әрі ақын Энн Карсон алады. Бұл туралы 8 қазанда Стокгольмдегі Швеция академиясы хабарлады.

Сыйлық қаламгерге "классикалық дәстүрмен үндесе отырып, қазіргі заман әдебиетінің тың формаларын қалыптастырған батыл әрі тапқыр шығармашылығы үшін" берілмек.

76 жастағы Энн Карсон поэзия, проза, эссеистика мен антикалық мифологияны шебер ұштастырған туындыларымен танымал. Автордың белгілі кітаптарының бірі – "Қызылдың автобиографиясы" (Autobiography of Red) атты өлеңмен жазылған роман.

Сейсенбіден бері химия, физика, медицина мен физиология салаларында Нобель сыйлығын алуға лайық деп танылған адамдардың аты-жөні жарияланған.

Нобель апталығы кестесіне сәйкес, енді 9 қазанда Ослода Бейбітшілік сыйлығының иегері, ал 12 қазанда 1968 жылы Швецияның мемлекеттік банкі Альфред Нобельдің құрметіне тағайындаған экономика ғылымдары бойынша сыйлық кімге берілетіні белгілі болмақ.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤13👍3🔥2