Azattyq - Азаттық
✔
10.8K subscribers
11.7K photos
4.52K videos
19 files
24.8K links
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
Download Telegram
"Қазатомөнеркәсіп" ресейлік компанияға уран сатудан бас тартты, бірақ Қытайға тасымалдауға келісті

Қазақстанның "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық уран компаниясы ресейлік "Росатомға" қатысы бар Uranium One Group кәсіпорнына табиғи уран тасымалдау туралы шешімді мақұлдамады. Тиісті шешімді "Қазтомпромның" акционерлері 7 қазан күнгі кезектен тыс жиналыста қабылдады деп хабарлады компания.

Дауыс беруге қатысқан акционерлердің 88,4 пайызы жиналыс кезінде дауыс беруден қалыс қалды. Қатысушылардың 5,39 пайызы келісімшартты қолдап дауыс берді, ал 6,27 пайызы қарсы болды.

"Қазатомөнеркәсіп" жай-жапсарын ашып жазбады. Жиналысқа қатысушылардың Uranium One Group компаниясымен жасалуы мүмкін келісімге не үшін қарсы болғаны белгісіз.

Дегенмен сол акционерлер жиналысында тағы бір келісім – қытайлық State Nuclear Uranium Resource Development Company Limited (SNURDC) компаниясымен келісім мақұлданды. "Қазатомөнеркәсіп" уран концентратын сатып алу-сату туралы келісімшартты мақұлдады. Уран мен отын жинақтарын жеткізуге жауапты қытайлық SPIC еншілес компаниясымен жасалған келісімнің құны жарияланбады.
👍37❤4👎3🔥1
Каспийде қаза болғандардың отбасына берілетін өтемақы мөлшері жарияланбайды

Маңғыстау облысында оқу-әскери жаттығу кезінде қаза болған немесе жарақат алған әскери қызметкерлердің отбасына берілетін өтемақы мөлшері, сонымен бірге көмек алушылардың жеке деректері олардың туыстарының өтініші бойынша және құпиялылықты сақтауға байланысты жарияланбайды. Бұл туралы Қазақстан Халық кеңесінің мүшесі және Маңғыстау облысы қоғамдық кеңесінің төрағасы Бекмұрат Жүсіпов мәлімдеді деп жазды Lada.kz.

«Отбасы мен туыстарының шешіміне түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. Комиссияның жұмысы аяқталды. Түскен барлық қаражат белгіленген рәсімдерге сәйкес бөлінді және тиісті шешімдер құжатталды» деді ол.
🤣13🔥5🤔4❤2
Ташкентте 10 мың долларын жоғалтып алған қазақстандыққа ақшасы қайтарылды

Ташкентке көлік сатып алуға барып, сондағы метрода 10 мың долларын жоғалтып алған Қазақстан азаматының ақшасы толық қайтарылды деп хабарлады Өзбекстан ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Тергеушілердің айтуынша, Ташкент метросында станциялардың бірінен асығыс түсіп бара жатқанда Қазақстан азаматы сөмкесінен 10 мың доллар түсіп қалғанын байқамаған. Ақшасы жоғын көлік базарына барғанда байқап, жақын маңдағы полиция бөлімшесіне жүгінген.

Ақша біраз уақыт жерде жатқан, ешкім оған мән бермеген. Кейінірек Ташкент метросының баспасөз қызметі жолаушының ақша тауып алғаны көрінетін видео жариялады. Құқық қорғау органдары бақылау камераларының көмегімен иесін анықтап, ақшасын қайтарды. Face ID жүйесі де ақша иесін табуға көмектескен.
👍42❤5😁2
Журналист-зерттеуші Болот Теміров Лондонда халықаралық The Albies сыйлығын алды

Қырғызстан соты "экстремистік қызметпен" айналысты деп таныған журналист-зерттеуші Болот Теміров "Әділет үшін" қоры тағайындаған халықаралық The Albies International сыйлығын алғанын хабарлады. Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлауынша, марапаттау рәсімі 7 қазанда Лондонда өтті.

Теміров бұл марапат өзінің туған елі Қырғызстанда материалдары "экстремистік" деп танылған Temirov Live және "Айт, айт десе" жобалары жұмысының халықаралық деңгейде танылғанын білдіреді деді.

Халықаралық Albies сыйлығы Болот Теміров пен оның әйелі, журналист-зерттеуші Махабат Тәжібекқызына берілді. Алайда Тәжібекқызы марапаттау рәсіміне қатыса алмады. 25 тамызда Бішкек соты оған Лондонға баруға рұқсат бермеді.

The Albies сыйлығын 2022 жылдан бері актер Джордж Клуни мен оның әйелі – адам құқығы бойынша адвокат Амаль Клуни негізін қалаған "Әділет үшін" қоры тағайындайды. Сыйлық адам құқығы мен әділетті қорғау саласында істеген тұлғаларға беріледі.
👍25🔥5❤1
Трамп Украинаға "жаңа президент керек" деп санайды

Ақ үй маңында журналистердің сұрақтарына жауап берген АҚШ басшысы Дональд Трамп Украина президенті Владимир Зеленскийді Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарына соққы жасағаны үшін сынады. Трамптың айтуынша, соққының салдарынан дизель отыны қымбаттаған. Ол Зеленскийді сонымен бірге соғысты аяқтағысы келмейді деп те айыптады.
“[Украинаға] келісім жасай алатын жаңа басшы табуға кеңес бергенмін. Ол көп келісім жасай алған болар еді, бірақ қандай да бір себептен ешқашан жасаған емес” деді Трамп.

Трамп сонымен бірге Вашингтон Киевтен Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарына соққыны доғаруды сұрағанын растады.
“Зеленскийге “не істегің келсе, соны істе, бірақ дизель отынына соққы жасамашы” дедік. Ал ол не істеп жатыр? Алады да, дизель отынына соққы жасайды. Ол барлығын істей алады, бірақ сол нәрсені істей алмайды” деді Трамп
🤬38😁9💩5🤡4🙈3❤1🤨1
Yandex-тің дата орталықтарына дрон шабуылынан кейін Қазақстанда компанияның қызметінде ақау пайда болды

Жексенбі, 11 қазанда Қазақстанда Yandex-тің бірқатар қызмет түрлері істемей қалды.
“Достар, қазір кей сервисімізде техникалық мәселе туындап, олардың жұмысы уақытша қиындауы мүмкін. Бұл жағдайдан хабардармыз. Мамандарымыз сервистер жұмысын мүмкіндігінше тезірек қалпына келтіру үшін бар күшін салып жатыр. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз.” деп хабарлады Яндекс Go Qazaqstan жексенбі күні.

Қолданушылардың айтуынша, қазір Қазақстанның кейбір қалаларында Yandex taxi қызметін пайдаланғысы келгендер қосымшаны ашып, көлікке тапсырыс бергісі келсе, “көлік жоқ” деген жазу шығады.

Бұған дейін ақпарат құралдары Ресейде Yandex-тің дата орталықтарына украин дрондары шабуыл жасағанын хабарлаған еді. Sota-ның жазуынша, 9 қазанға қараған түнгі соққыдан компанияның Калугадағы дата орталығы бүлінген. Оның алдында компанияның Рязань облысындағы дата орталығына шабуыл жасалған.
👍31🔥6😁6❤1🤯1🤬1
Yandex-тің дата орталығына үшінші рет шабуыл жасалғаны хабарланды. Ресей мен тағы бірнеше елде компанияның қызметінде ақау пайда болды

Yandex Мәскеуден шамамен 180 шақырым жерде орналасқан Владимирдегі дата-орталықтың инфрақұрылымы дрон шабуылынан бүлінгенін және жұмысы толық тоқтағанын хабарлады.

Дрон шабуылы компанияның Ресей, Сербия, Беларусьпен қатар Қазақстандағы қызметтеріне әсер еткен. Қазақстандық кейбір қолданушылар жексенбіге қараған түні Yandex қосымшасы арқылы такси шақыра алмай қалғанын хабарлады.

Yandex-ке бұған дейін 8-9 қазанда да шабуыл жасалған. Ол кезде Рязань облысы мен Калугадағы дата орталықтан өртенген еді.
👍47❤3🔥1🤯1
Шымкентте Қайрат Нұртастың концертіндегі қысылысу: полиция қылмыстық іс қозғады

Шымкентте өткен Қайрат Нұртастың концерті кезінде жұрт қысылысып, 18 жастағы қыз зардап шекті. Дәрігерлер оның жағдайы ауыр екенін хабарлады. Туыстары Ulysmedia-ға сүрініп қалған қызды жұрт таптап кеткенін айтқан.

Полиция қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін қызмет көрсету фактісіне байланысты қылмыстық іс қозғады.

“Адамдардың көп жиналуына байланысты келушілердің бірі зардап шекті. Қыз медициналық мекемеде дәрігерлердің бақылауында. Іс-шараны ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр” деп жазылған полиция хабарламасында. Олардың айтуынша, ұйымдастырушылардың әрекетіне “құқықтық баға беріліп”, “тергеу нәтижесі бойынша тиісті процестік шешім қабылданады”.

Концерт 10 қазанда Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда болған. Желіде қолданушылар концертте көп адам болғанын, кейбір адамдардың жүрегі қысылып, құлап қалғанын жазды.
😱24😁7❤4💩2👎1🤬1🤣1
Хуситтердің Эр-Рияд әуежайына соққысы кезінде кемінде 12 адам қаза болды

Йемендік хуситтер Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядтағы халықаралық әуежайға ракетамен соққы жасап, кемінде 12 адам қаза болды, 400-ге жуық адам зардап шекті.

Осы аптада осымен әуежайға үшінші рет соққы жасалып отыр, ең ауыры да осы. Қаза болғандар арасында Сауд Арабиясынан бөлек, АҚШ, Бангладеш, Иордания, Палестина, Сирия, Судан, Египет азаматтары бар.

Видеода аэровокзалдың айтарлықтай бүлінгені көрінеді. Әуежай уақытша жабылған.

АҚШ президенті Дональд Трамп шабуылды қатаң айыптап, АҚШ "Сауд Арабиясының хуситтерге қарсы соққысына қосылу жөнінде" "жылдам шешім қабылдауы" мүмкін екенін айтты. Бұған дейін АҚШ Эр-Риядтың бірігіп соққы жасау туралы ұсынысын кері қаққан. Әуежайға соққыны Таяу Шығыстағы бірқатар ел айыптады.
🤬19🔥4❤2
Azattyq - Азаттық
Трамп Украинаға "жаңа президент керек" деп санайды Ақ үй маңында журналистердің сұрақтарына жауап берген АҚШ басшысы Дональд Трамп Украина президенті Владимир Зеленскийді Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарына соққы жасағаны үшін сынады. Трамптың айтуынша, соққының…
Зеленский: егер Ресей Украина энергетикасына соққы жасауын доғарса, Украина Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарына соққыны тоқтатады
“Шиеленісті бәсеңдетуге бағытталған кез келген қадам өзара әрі нақты кепілдіктермен бекітілуі керек” деді АҚШ президентінің бірқатар мәлімдемесіне түсініктеме берген Украина басшысы Владимир Зеленский.

Трамп Украинаны Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарына соққы жасап, халықаралық нарықтағы дизель отыны тапшылығын ушықтырды деп айыптаған. Бұған қоса, 9 қазанда Ресей басшысы Владимир Путинмен телефон әңгімесіне түсініктеме бере отырып, соғысты аяқтауға Кремльдің ынталы болып отырғанын, мұндай талпыныс Украина президентінің кеңсесінен байқалмағанын айтқан. Трамп Украинаға “жаңа президент керек” деп санайтынын жеткізген.

10 қазанда Трамп пен Путин ресейлік дизель отынын халықаралық нарыққа жеткізуге келіскен. Украина мұны “Ресейге сыйлық” деп атаған.
👍30❤2🔥1
Қырғызстанның оңтүстігінде жер опырылып, он шақты адам эвакуацияланды

10 қазанда Қырғызстанның оңтүстігіндегі Ош облысы Қара Құлжа ауданы Тоғызбұлақ ауылының он шақты тұрғыны жердің опырылуына байланысты қауіпсіз жерге көшірілді. Бұл жөнінде төтенше жағдай министрлігіне сүйенген Азаттықтың Қырғыз қызметі хабарлады.

Министрліктің айтуынша, аталған аумақта жер қыртысы жылжығаны жөнінде хабар түсіп, мамандар бақылау жүргізген.

Ведомствоның мониторинг және болжау департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, жер қыртысындағы жарылымның ұзындығы 220 метр, көшкін массасының көлемі 42 800 текше метр. Көшкіннің жылдамдығы сағатына шамамен 1,1 метр.
😱13👍3❤1
☄️ Ресей шабуылдарынан Украинада жеті адам қаза тапты: төртеуі - Харьковте, үшеуі Ивано-Франковскіде

Жексенбі күндіз Харьковтің Немышля ауданында үйінді астынан шығарылған 35 жастағы әйел ауыр жарақаты салдарынан кейін ауруханада қайтыс болды деп хабарлады қала әкімшілігінің басшысы Игорь Терехов.

Кешке қарай Ресей әскері Харьковке қайта шабуылдап, қала маңындағы азық-түлік дүкенін нысанаға алған. Шабуылдан 16 жасар жасөспірім, 19 жастағы қыз бен 51 жастағы әйел қаза болған.

Харьков облысы аумағында ондаған ғимарат және автокөліктер бүлінді деп хабарлады аймақ әкімшілігінің төрағасы Олег Синегубов.

Ивано-Франковскіде ресейлік дрондар соққысынан үш әскери қызметкер қаза тауып, тағы үшеуі жараланғанын қала мэрі Руслан Марцинкив мәлімдеді. Шабуылдан көпқабатты тұрғын үйлер мен коммерциялық нысандар зақымдалған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬23😢6❤1
🇰🇿🇧🇪 Бельгия королі Филипп жұбайымен Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

Жексенбі күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елге мемлекеттік сапармен келген Бельгия королі Филипп пен Матильда патшайымды Астанада әуежайдан қарсы алды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ұшу алаңында меймандарды құрмет қарауылы сап түзеп қарсы алған. Әуежайда өткен қысқа әңгімеде Тоқаев король мен жұбайының бұл сапары екі ел арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайту үшін маңызды екенін айтқан.

"Қазақстанға қош келдіңіздер. Сапарларыңыз мемлекетіміздің дамуындағы өте маңызды кезеңмен тұспа-тұс келіп отыр. Жалпы, еліміз өркендеп, экономикасы ілгерілеп келеді. Сіздердің сапарларыңыз екіжақты қарым-қатынасқа тың серпін береді деп айтуға болады" деген Тоқаев.

Король Филипп Қазақстан басшысына қонақжайлығы үшін алғыс айтып, жоғары деңгейде өтетін келіссөздер табысты болады деген сенім білдірген.

"Ұшақ трапынан қазақ жеріне қадам басқан сәттен бастап көрсетілген сый-құрмет үшін сізге алғыс айтамын. Үш күндік сапармен келгенімізге қуаныштымыз әрі еліңізбен жақынырақ танысамыз деп сенемін" деген Бельгия королі.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥13👏8🤷‍♂2🤔2💩1
🇺🇸🇺🇦 Трамп Ресей мен Украина "энергетикалық бітімге" келгенін айтты. Зеленский оны тосын жаңалық деп атады

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей мен Украина арасында "энергетикалық бітім" күшіне енгенін жариялады. Ол өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында бұл келісімге "екі тарап та келісті" деп жазып, "Оны бұзбаңыздар!" деп ескертті. Алайда ол бұл бітімнің нақты шарттары мен нені көздейтіні жайлы ештеңе айтқан жоқ.

Украина президенті Владимир Зеленский Axios басылымына Трамптың бұл мәлімдемесі өзі үшін тосын жаңалық болғанын айтты, бірақ егер бітім екіжақты болса, Украина оны қолдауға дайын екенін жеткізді.

"Егер президент Трамп бұл жайлы Путинмен келіскен болса, онда бізге атысты тоқтату қашан басталатынын айтыңыздар. Біз дайынбыз және оны қабылдаймыз" деген Зеленский.


Кейінірек Зеленский өзінің ресми Telegram-арнасында Трамптың мәлімдемесінен соң НАТО бас хатшысы Марк Рюттемен, Финляндия президенті Александр Стуббпен және Канада премьер-министрі Марк Карнимен телефонмен сөйлескенін хабарлады. Ол Украина атысты тоқтатуды қолдайтынын және мұндай қадамды Ресейдің де қолдауы маңызды екенін атап айтты.

"Америка тарапынан егжей-тегжейін күтеміз. Өз тарапымыздан жағдайды ушықтырмауға, адам өмірін қорғауға және соғысты тоқтатып, ұзақмерзімді бейбітшілікке кепілдік беретін қажетті шешімдерді әрдайым қолдаймыз" деп жазды Украина президенті.


Мәскеу бұл мәлімдемеге байланысты әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤯11👍10🤣6❤1💩1
🇺🇦 Зеленский Украинада президент сайлауын өткізу шартын атады

Украина президенті Владимир Зеленский елде президент сайлауын өткізу үшін соғыс қимылдарын 60 күнге толық тоқтату қажет екенін мәлімдеді. Мұны ол америкалық ABC News телеарнасына сұхбатында айтты.

"Мен президент Трампқа және оның командасына бірнеше рет айтқам: егер ол сайлау арқылы қандай да бір өзгерісті қаласа, президент Путинге айтсын – бізге екі ай, яғни 60 күн бойы толық бітім берсін, сонда біз сайлауды ұйымдастырамыз. Әрине, біз халқымыздың, нақты айтқанда украин халқының кез келген таңдауын қабылдауға дайынбыз" деген Зеленский ABC тележүргізушісі Джонатан Карлға.


Украина президенті қолданыстағы заңнамада соғыс болып жатқанда сайлау өткізуге тыйым салынғанын еске салды.

"Бірақ ең бастысы – ол үшін адамдарға дауыс беруге мүмкіндік жасап, сайлау инфрақұрылымының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Әрине, қашан, қалай және кімге дауыс беру керектігін украиндар өздері ғана шешеді" деген Зеленский.


10 қазанда АҚШ президенті Дональд Трамп Украина президенті лауазымында жаңа адам болғанын көргісі келетінін мәлімдеген. Оның пікірінше, Владимир Зеленский Ресеймен соғысты аяқтау үшін жеткілікті күш-жігер жұмсап жатқан жоқ.

"Оларға мәмілеге келе алатын жаңа көшбасшы қажет" деген Трамп Ақ үйде журналистерге.


Трамптың Зеленскийге таққан негізгі кінәсі – Украина қарулы күштерінің Ресейдегі мұнай өңдеу зауыттарына жасап жатқан шабуылдарына байланысты. АҚШ президенті Зеленскийден "жаһандық мәселе тудыратын" мұндай әрекеттерді тоқтатуды талап еткенін, бірақ шабуылдар тоқтамағанын алға тартқан.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤23👍6🏆2
🇸🇦 Эр-Рияд әуежайына тағы шабуыл жасалды: бір кісі өліп, 11 адам жараланған

💥 Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядтағы халықаралық әуежай тағы да шабуылға ұшырады. Салдарынан бір адам қаза тауып, 11 адам жараланған деп хабарлады Associated Press пен Reuters.

Билік органдарының мәліметінше, қаза тапқан адам – Пәкістан азаматы. Сауд Арабиясы бастаған коалиция күштері 11 қазанда жолаушыларға арналған № 4 терминалға белгісіз снаряд түсіп, салдарынан өрт шыққанын айтқан.

Бұл – Сауд Арабиясы бастаған коалиция Йемендегі хуситтерге қарсы әскери операция бастағаннан бері өткен апта ішінде Эр-Рияд әуежайына әуеден жасалған төртінші шабуыл. 10 қазанда әуежайға жасалған әскери соққыдан 13 адам қаза тауып, 300-ден астам адам жараланған еді.

Бұл шабуылдарға жауапкершілікті Иранның қолдауына арқа сүйеген йемендік хуситтер өз мойнына алды. Кейінгі шабуылдан соң әуежай жабық тұр деп хабарлады басылымдар.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬16🔥1👏1
Azattyq - Азаттық
🇸🇦 Эр-Рияд әуежайына тағы шабуыл жасалды: бір кісі өліп, 11 адам жараланған 💥 Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядтағы халықаралық әуежай тағы да шабуылға ұшырады. Салдарынан бір адам қаза тауып, 11 адам жараланған деп хабарлады Associated Press пен Reuters.…
🇰🇿 Қазақстан Сауд Арабиясының азаматтық инфрақұрылымына жасалған шабуылдарды айыптады

Қазақстан сыртқы істер министрлігі Сауд Арабиясындағы азаматтық инфрақұрылым нысандарына жасаған шабуылдарды айыптаған.

"Мұндай шабуылдар халықаралық құқық нормаларын бұзады. Оларға гуманитарлық тұрғыдан жол беруге болмайды. Бұл әрекеттер Йемендегі ахуалды тұрақтандыру жөніндегі күш-жігерге нұқсан келтіріп, қақтығысты саяси жолмен реттеуге кедергі келтіреді" деген Қазақстан СІМ 11 қазанда таратқан мәлімдемесінде.

Астана шабуылдарды дереу тоқтатуға және дағдарысты тек саяси-дипломатиялық құралдар арқылы шешуге шақырған.

Қазақстан Сауд Арабиясы корольдігімен ынтымақтастық танытып, оның БҰҰ Жарғысына сәйкес өз егемендігі мен қауіпсіздігін қорғауға құқылы екенін растаған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤮8🤣6🤔2💩2
Тоқаев Бектеновпен және Дәдебаймен мәслихаттар өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату жайлы кеңес өткізді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновпен және Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебаймен барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесі жөнінде кеңес өткізген. Бұл туралы 12 қазанда Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Президент депутаттық корпусты жаңарту жергілікті өкілді органдардың қызметін едәуір күшейтетініне сенім білдірді" делінген хабарламада.

Кездесу қорытындысы бойынша, Тоқаев Конституцияның негізгі ережелеріне толық сәйкес және айтылған пікірлерді ескере отырып, түпкілікті шешім қабылдайтынын айтты деп хабарлады Ақорда.
🤮11😁5💩4❤3🤬2
👮‍♀️🆘 "Басына қап кигізіп алып шыққан". Алматыда 61 жастағы тұрғынның қазасына күдікті төрт адам ұсталды

12 қазанда Алматы қаласының полиция департаменті 61 жастағы адамның өліміне байланысты тергеу амалдары барысында қылмыстың мән-жайы, күдіктілердің жеке басы және олардың марқұмның пәтерін заңсыз иемденуге қатысы болуы мүмкін екені анықталғанын хабарлады.

"Төрт күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық істі тергеу үшін ІІМ-нің ең тәжірибелі қызметкерлерінен арнайы тергеу-жедел тобы құрылды. Тергеу барысы Ішкі істер министрінің жеке бақылауында" деп хабарлады департамент.


Полиция көпқабатты үй подъезіндегі бейнебақылау камерасының видеоларын жариялады. Онда үйге сырттан кірген екі ер адам баспалдақпен жоғары көтерілгені, келесі кадрда басына қап кигізілген әлдебір адамды иығына салып алып, жоғары жақтан баспалдақпен түскен ер кісінің подъезден сыртқа шығып кеткен сәті көрінеді.

Оқиға қашан, нақты қай үйде болғаны туралы әзірше ақпарат жоқ. Полиция тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейтінін айтты.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱18🤬5