🐿️ Бәйбек мәселесін тезірек реттеуге нұсқау берілді
Алматыдағы жер көшкіні бір отбасының өмірін жалмағаннан кейін, тау бөктерінде қалай үйлер салынып кеткені тексерілмек. Заңгер Бақытжан Базарбектің зерттеуінше, топырақ астында қалған үй салынған жер телімінің нысаналы мақсатын бақшадан үй салуға ауыстырған шешімде Алматының экс әкімі Бауыржан Бәйбек пен оның орынбасары Болат Сауранбаевтың қолы тұр.
Бәйбекке қатысты экс Әділет министрі Марат Бекетаев та тергеушілерге біраз құнды ақпарат берген болатын. Қылмыстық іс қозғауға тұрарлық біршама материал жиналып қалды.
Бәйбектің Алматыдағы барлық шешімдеріне ревизия жасалатын болады. Оған ревизиялық комиссия мүшелері мен аудиторлар жұмылдырылады деп жоспарланған.
Соңғы рет Бауыржан Бәйбек Кипр мен Германияда бой көрсеткен еді. Негізі ол өткен желтоқсан айында Солтүстік Кипр аумағында жүрген дейді, дереккөз. Солтүстік Кипр БҰҰ тарапынан мойындалмаған квазимемлекет. Бірақ Түркия арқылы экстрадиция мәселесін шешуге болады.
Ал тағы бір дереккөз Бауыржан Бәйбектің Африкаға көшейін деп жатқанын мәлімдеді. Танзанияда кобальт өндірісіне инвестиция салған қазақ кәсіпкерлерін жағалайды деген ақпарат бар. Бизнесмендер оған сәл де болса қолдау білдіріп жіберуге кет әрі емес.
DALA INSIDE Бауыржан Бәйбек туралы көптен бері жазып келеді. Бұл өзі тағдыры бөлек қызық персонаж. Бізге тіркеліп алыңыздар 👇
https://t.me/dalainside

"Қазір Бауыржан Бәйбекке қылмыстық іс қозғамақ бұрын, оны экстрадициялау мүмкін бе, сол жағы шешілуде. Себебі "Жаңа Қазақстан" үшін адамды сыртынан соттау жарамайды", дейді, DALA INSIDE дереккөзі.
Бәйбектің Алматыдағы барлық шешімдеріне ревизия жасалатын болады. Оған ревизиялық комиссия мүшелері мен аудиторлар жұмылдырылады деп жоспарланған.
Соңғы рет Бауыржан Бәйбек Кипр мен Германияда бой көрсеткен еді. Негізі ол өткен желтоқсан айында Солтүстік Кипр аумағында жүрген дейді, дереккөз. Солтүстік Кипр БҰҰ тарапынан мойындалмаған квазимемлекет. Бірақ Түркия арқылы экстрадиция мәселесін шешуге болады.
Ал тағы бір дереккөз Бауыржан Бәйбектің Африкаға көшейін деп жатқанын мәлімдеді. Танзанияда кобальт өндірісіне инвестиция салған қазақ кәсіпкерлерін жағалайды деген ақпарат бар. Бизнесмендер оған сәл де болса қолдау білдіріп жіберуге кет әрі емес.
DALA INSIDE Бауыржан Бәйбек туралы көптен бері жазып келеді. Бұл өзі тағдыры бөлек қызық персонаж. Бізге тіркеліп алыңыздар 👇
https://t.me/dalainside
👍130😁9🔥5😱2💯2🤯1
⚡️ "Қаңтар оқиғасы" кезінде бүлік ұйымдастырды деп айыпталған - ҰҚК полковнигі Руслан Ысқақовтың хаты арнамыздың назарын аударды...
Ресейдің "Новая газетасына" үшбу хат жолдаған Ысқақов өзін ақтауға тырысқан-тұғын. Өзіне шаң жуытпай, кінәнің бәрін өзгелерге үйіп-төккен Ысқақовтың хатында логикаға сыймайтын бірнеше фактор бар.
"Дикий Арманның" биографиясымен жақсы таныс DALA INSIDE Жұмагелдиевтің былықтарын бұған дейін де жіпке тізген. Қаңтарда халықаралық іздеуде жүрген Арманның шекараны кесіп өтіп, әп-сәтте Алматының алаңынан табылғаны қалай? Бірақ, Ысқақов бұл сұраққа жауап беруден жалтарып кетеді.
Тергеуде белсенді сөйлей бастаған Жұмагелдиев Алматы көшелеріне (бір топ баскесерімен бірге) өзінің тікелей кураторы, Ысқақовтың бұйрығымен шыққанын айтқан.
Демек, бұл экс-КНБшниктің Қаңтардағы қырғынға тікелей қатысы барын көрсетеді әрі оның "Дикий Арман" секілді ОПГ-лармен ауыз жаласқанын дәлелдейді.
Екінші себеп: егер Ысқақов пәрмен бермесе, шетелде бой тасалап жүрген Жұмагелдиев Қазақстанға қалай кірер еді? Кірген күннің өзінде шекарада ұсталып, қол-аяғына кісен салынары анық еді ғой. Белгілісі, "Ысқақов факторы" Жұмагелдиевтің жолындағы барлық кедергі алып тастаған.
DALA INSIDE-ты толғандырып отырған тағы бір сауал: ҰҚК-ның бұрынғы басшылығы іздеудегі қылмыскермен қалай контакт орнатқан, оны өздерінің лас істеріне тартуда қандай бартерге келіскен? Бұның заңға қайшы екені бесенеден белгілі.
Жұмагелдиевтің Алматыдағы "Қазақстан" қонақ үйінде қауқарсыз қазақтың балаларын итше тепкілеп жатқан "дикий" әрекетіне бәріміз куәміз.
Ысқақов өз хатында "Самат Әбіш әкімдік ғимаратында қалып қойған полицейлерді шығару үшін Жұмагелдиевтен көмек сұрауды" тапсырғанын айтады. Соншама арсеналы, арнайы жасағы бола тұра КНБ "Дикий Арманның" көмегіне зәру болып қалғаны ма? Өзін ақтау үшін Ысқақов бәрін осыншалық пүшәйман қылып көрсетіп жатыр ма? Әлде шынымен іздеудегі Жұмагелдиевтен алақан жайып, көмек сұраған ба?
Тоқ етері, тергеудегі Ысқақов өзін және істі болған "үш әріптегі" бұрынғы басшыларын ақтау үшін жанын салып жатқаны сезіліп тұр. Оның тікелей басшысы Мәсімовтің айыбы да, кінәсі де сотта дәлелденді. Ысқақов мұны естен шығарса керек.
DALA INSIDE бұл туралы көптен бері жазып келеді. Бізге тіркеліп алыңыздар 👇
https://t.me/dalainside
Ресейдің "Новая газетасына" үшбу хат жолдаған Ысқақов өзін ақтауға тырысқан-тұғын. Өзіне шаң жуытпай, кінәнің бәрін өзгелерге үйіп-төккен Ысқақовтың хатында логикаға сыймайтын бірнеше фактор бар.
Алғашқысы: "Үш әріптің" экс-қызметкері "Дикий Арман" деген лақап атпен танылған атышулы Арман Жұмагелдиевті ақтап, қара терге түседі. Әзір абақтыда жатқан бандыны жанжалға басу айтқысы келген адамның кейпінде көрсетуге талпынады.
"Дикий Арманның" биографиясымен жақсы таныс DALA INSIDE Жұмагелдиевтің былықтарын бұған дейін де жіпке тізген. Қаңтарда халықаралық іздеуде жүрген Арманның шекараны кесіп өтіп, әп-сәтте Алматының алаңынан табылғаны қалай? Бірақ, Ысқақов бұл сұраққа жауап беруден жалтарып кетеді.
Тергеуде белсенді сөйлей бастаған Жұмагелдиев Алматы көшелеріне (бір топ баскесерімен бірге) өзінің тікелей кураторы, Ысқақовтың бұйрығымен шыққанын айтқан.
Демек, бұл экс-КНБшниктің Қаңтардағы қырғынға тікелей қатысы барын көрсетеді әрі оның "Дикий Арман" секілді ОПГ-лармен ауыз жаласқанын дәлелдейді.
Екінші себеп: егер Ысқақов пәрмен бермесе, шетелде бой тасалап жүрген Жұмагелдиев Қазақстанға қалай кірер еді? Кірген күннің өзінде шекарада ұсталып, қол-аяғына кісен салынары анық еді ғой. Белгілісі, "Ысқақов факторы" Жұмагелдиевтің жолындағы барлық кедергі алып тастаған.
DALA INSIDE-ты толғандырып отырған тағы бір сауал: ҰҚК-ның бұрынғы басшылығы іздеудегі қылмыскермен қалай контакт орнатқан, оны өздерінің лас істеріне тартуда қандай бартерге келіскен? Бұның заңға қайшы екені бесенеден белгілі.
Жұмагелдиевтің Алматыдағы "Қазақстан" қонақ үйінде қауқарсыз қазақтың балаларын итше тепкілеп жатқан "дикий" әрекетіне бәріміз куәміз.
Ысқақов өз хатында "Самат Әбіш әкімдік ғимаратында қалып қойған полицейлерді шығару үшін Жұмагелдиевтен көмек сұрауды" тапсырғанын айтады. Соншама арсеналы, арнайы жасағы бола тұра КНБ "Дикий Арманның" көмегіне зәру болып қалғаны ма? Өзін ақтау үшін Ысқақов бәрін осыншалық пүшәйман қылып көрсетіп жатыр ма? Әлде шынымен іздеудегі Жұмагелдиевтен алақан жайып, көмек сұраған ба?
Тоқ етері, тергеудегі Ысқақов өзін және істі болған "үш әріптегі" бұрынғы басшыларын ақтау үшін жанын салып жатқаны сезіліп тұр. Оның тікелей басшысы Мәсімовтің айыбы да, кінәсі де сотта дәлелденді. Ысқақов мұны естен шығарса керек.
DALA INSIDE бұл туралы көптен бері жазып келеді. Бізге тіркеліп алыңыздар 👇
https://t.me/dalainside
👍124💯9😱7🔥5👎4😁2👏1
🏳️🌈🎤 Байден Дудьпен сөйлеспек
Ресей басшысы Владимир Путин "Fox News" телеарнасынан жұмыстан қуылған, ватник тілші Такер Карлсонға сұхбат бергеннен кейін, АҚШ Президенті Джо Байден әкімшілігі орыс тілді аудиторияға танымал, либерал журналист Юрий Дудьге сұхбат беру мәселесін ойластыра бастады. Қазір ол сұхбаттің концепциясы мен идеясын Байденмен ақылдасып, одан кейін Дудьпен келісу жоспарланған.
Байден Ресейдің қарапайым халқына көптен бері үндеу жасағысы келіп жүрген еді. Айтқысы келгені, "Путин өтірік сыртқы жау іздеп, шын мәнінде ұрлығын жасыру үшін сіздерді алдап жүр, сіздер жақсы өмірге лайықсыздар" деген месседж болатын. Дудь аудиториясы осыған қолайлы болып отыр.
Такер Карлсон Украинадағы әскери қақтығыс басталғалы бері президент Владимир Путинмен сөйлескен алғашқы батыс журналисі атанды. Енді оны АҚШ-тағы Демократиялық партияның кейбір радикалды белсенділері "сатқын" деп тану бойынша мәселе көтере бастады. Демократиялық партия қазіргі ресурсын пайдаланып, Путиннен сұхбат алған Такерді президенттікке үміткер, республикандықтардың серкесі Дональд Трамп қолдаған деп, соны Трампқа қарсы қара пиар ретінде ойнатпақ. Есесіне, Конгресте басымдау орын алып отырған республикалықтар Байденнің Украина мен Израильға әскери көмек ретіндегі ірі траншын блоктап тастады.
Онымен бірге, Дональд Трамп президенттікке келсе Конгресстің барлық сыртқы қаржыландыруын паузаға қоймақ. Әлем бойынша грант алып отырған кейбір үкіметтік емес ұйымдар және Азаттық радиосының жабылу тәуекелі арта түсті. Қазір оған жауап ретінде Азаттық радиоларының барлық елдердегі бөлімшелеріне Трампты жағымсыз жағынан көбірек көрсету бойынша бейресми нұсқаулықтар түсе бастады. Азаттық радиосы Дональд Трамп АҚШ президенті болған 2017-2021 жылдар кезеңіндегі түрлі ішкі жанжалдар, сәтсіз шешімдер, казустар туралы, оларды қайта зерттеп және Трамппен жанама байланыстырып жаза беруі тиіс. Ертеңгі дүйсенбіден бастап алғашқы материалдар жарық көреді.
Бір қызығы, Дональд Трамп Президент болса, АҚШ тарапынан Қазақстанға санкция жариялану қаупі мүлдем сейіледі. Бірақ Трамп президенттігі біздің елдігімізге басқа жағынан өте қауіпті. Трамп Украинаға сыртқы көмекті тоқтатса, Путин Украина мәселесін өзіне қолайлы түрде шешуге мүмкіндік алады. Одан кейін Кремль үшін Молдова, Грузия және Қазақстанмен айналысуға ұрымтал сәт тумақ.
DALA INSIDE Вашингтондағы ойындарды бақылап отыр. Бізбен бірге бақылаңыздар 👇

Алайда Байденнің коммуникация бойынша кеңесшісі Бен ЛаБолт бұл идеяға қарсы болып отыр. Ол Юрий Дудьге берілген сұхбат Путинді қайталау болып табылады деген позиция ұстануда. Бір жағынан, Путин жасаған маневрді Байденнің қайталауы АҚШ-қа бедел әкелмейтіні түсінікті.
Байден Ресейдің қарапайым халқына көптен бері үндеу жасағысы келіп жүрген еді. Айтқысы келгені, "Путин өтірік сыртқы жау іздеп, шын мәнінде ұрлығын жасыру үшін сіздерді алдап жүр, сіздер жақсы өмірге лайықсыздар" деген месседж болатын. Дудь аудиториясы осыған қолайлы болып отыр.
Такер Карлсон Украинадағы әскери қақтығыс басталғалы бері президент Владимир Путинмен сөйлескен алғашқы батыс журналисі атанды. Енді оны АҚШ-тағы Демократиялық партияның кейбір радикалды белсенділері "сатқын" деп тану бойынша мәселе көтере бастады. Демократиялық партия қазіргі ресурсын пайдаланып, Путиннен сұхбат алған Такерді президенттікке үміткер, республикандықтардың серкесі Дональд Трамп қолдаған деп, соны Трампқа қарсы қара пиар ретінде ойнатпақ. Есесіне, Конгресте басымдау орын алып отырған республикалықтар Байденнің Украина мен Израильға әскери көмек ретіндегі ірі траншын блоктап тастады.
Онымен бірге, Дональд Трамп президенттікке келсе Конгресстің барлық сыртқы қаржыландыруын паузаға қоймақ. Әлем бойынша грант алып отырған кейбір үкіметтік емес ұйымдар және Азаттық радиосының жабылу тәуекелі арта түсті. Қазір оған жауап ретінде Азаттық радиоларының барлық елдердегі бөлімшелеріне Трампты жағымсыз жағынан көбірек көрсету бойынша бейресми нұсқаулықтар түсе бастады. Азаттық радиосы Дональд Трамп АҚШ президенті болған 2017-2021 жылдар кезеңіндегі түрлі ішкі жанжалдар, сәтсіз шешімдер, казустар туралы, оларды қайта зерттеп және Трамппен жанама байланыстырып жаза беруі тиіс. Ертеңгі дүйсенбіден бастап алғашқы материалдар жарық көреді.
Бір қызығы, Дональд Трамп Президент болса, АҚШ тарапынан Қазақстанға санкция жариялану қаупі мүлдем сейіледі. Бірақ Трамп президенттігі біздің елдігімізге басқа жағынан өте қауіпті. Трамп Украинаға сыртқы көмекті тоқтатса, Путин Украина мәселесін өзіне қолайлы түрде шешуге мүмкіндік алады. Одан кейін Кремль үшін Молдова, Грузия және Қазақстанмен айналысуға ұрымтал сәт тумақ.
DALA INSIDE Вашингтондағы ойындарды бақылап отыр. Бізбен бірге бақылаңыздар 👇
https://t.me/dalainside
👍127🤯25💯7👏5😁5🔥4😡2
🏴☠️ "Тбилиси" операциясы сәтті өтуде
Ақпан айының басында Қазақстанның Халық партиясындағы ішкі тартыс пен интригалар әбден шегіне жетті. Партия төрағасы Ермұхамет Ертісбаев өз миисиясын орындады, енді Халық партиясы ыдыраудың алдында тұр дейді, DALA INSIDE дереккөзі.
Партияның Парламенттегі блогы да өзара қырқыса бастаған. Басты себеп, Халық партиясына бұрынғыдай келетін қаржы қызметкерлерге премия түрінде бөлінудің орнына, "Ертісбаев LIVE" ютуб-арнасына жұмсалуда.
Халық партиясы келесі сайлауға дейін монолитті формасын сақтап тұра ала ма? Парламенттегі дереккөз ең осал, ыдырап кетуі мүмкін дәл осы партия деген пікірде. Бір қызығы Халық партиясы бар болса да, жоқ болса да, саяси аренада ештеңе өзгермейді.
DALA INSIDE оқулы болсын 👇

Ақшалары азайғаннан кейін экс-коммунистер солшыл идеологиядан түңіле бастады.
Халық партиясы келесі сайлауға дейін монолитті формасын сақтап тұра ала ма? Парламенттегі дереккөз ең осал, ыдырап кетуі мүмкін дәл осы партия деген пікірде. Бір қызығы Халық партиясы бар болса да, жоқ болса да, саяси аренада ештеңе өзгермейді.
DALA INSIDE оқулы болсын 👇
https://t.me/dalainside
👍97🤮25🔥5👏3😁3💯1
⚡ Главного редактора DALA INSIDE вызвали на допрос в Департамент полиции г.Астаны по заявлению руководителя строительной компании "G-Park" Габита Сатмагамбетова.
DALA INSIDE намерен обратиться в Международный фонд защиты свободы слова "Әділ сөз" и Союз журналистов Казахстана для защиты прав журналистов издания.
------
"G-Park" құрылыс компаниясының басшысы Ғабит Сәтмағамбетовтың арызына сәйкес, DALA INSIDE бас редакторы Астана қаласы Полиция департаментіне тергеуге шақырылды.
DALA INSIDE өз тілшілерінің құқығын қорғау мақсатында "Әділ сөз" халықаралық қоры мен Қазақстан журналистер одағына жүгінбек.

👍109😱38😡9🤮5🔥3👏1😁1
⛏️ Теміртаудағы бандылар ұрланған металды Ресейге жіберуін тоқтатар емес
Ондаған жылдар бойы Qarmet аумағынан метал ұрлау, оны лом ретінде өткізіп бизнес жасап келген ұйымдасқан топтар әлі де жойылмай отыр. Кезінде тіпті олар жергілікті құқық қорғау органдарымен астыртын байланысып келген. Егер олар тез арада құрықталмаса, Qarmet-ті аяғынан тұрғызу мүмкін болмайды.
Күні кеше шахтерлерді бопсалап келген қылмыстық топ мүшелері ұсталды. Бірақ бұл жүйе қанатын тым жайып келгендіктен, ұсталған топ қылмыс айсбергінің басы ғана.
Қолда бар мәліметтерге сәйкес, Теміртау қаласындағы қара және түсті металл сынықтарын жинаумен, сақтаумен және өткізумен айналысатын төрт арнайы орындағы ломның басым бөлігін «Qarmet» АҚ кәсіпорындарынан шыққан заңсыз лом құрап отыр.
Қазір Qаrmet-тен ұрланған заңсыз метал қазақ жерінде орналасқан, алайда Ресей меншігі болып табылатын Петропавл теміржол станциясы арқылы Ресейдің қорғаныс кәсіпорындарына тасылуда. Ол ломнан Ресейлік зауыттар қару-жарақ, әскери техника жасап, Украинадағы соғысқа аттандырып отыр. Біздің қылмыстық топтар осы арқылы қанқұйлы соғысқа көмектесіп келеді.
Петропавлдағы темір жол вокзалында Ресей заңы жүреді. Оған РЖД басшылық жасайды, билеттер рубльмен сатылады, күзет те Ресейдікі. Ресейдің өзі қазір өз лом металын сыртқа шығармайды. Қолайлысы - қазақ жерінен ұрланған металды арзан бағамен алып, одан танк пен снарядтар жасауды жалғастыра беру. Сондықтан Qarmet өз кәсіпорындарында тәртіп орната бастаған кезде, оған ұйымдасқан қарсылық болатынын қазірден бастап болжауға болады.
DALA INSIDE Теміртаудың барлығы білетін, бірақ айтылмай келген құпияны ашып отыр. Бізге жазылып алыңыздар 👇

Мурка және басқа да түрлі ұйымдасқан қылмыстық топтардың уақыты кетсе де, олардың ісі жалғасып келеді. Ломды елден шығару бойынша Индустрия және құрылыс министрлігінің тыйымдары жұмыс істемейді.
Қазір Qаrmet-тен ұрланған заңсыз метал қазақ жерінде орналасқан, алайда Ресей меншігі болып табылатын Петропавл теміржол станциясы арқылы Ресейдің қорғаныс кәсіпорындарына тасылуда. Ол ломнан Ресейлік зауыттар қару-жарақ, әскери техника жасап, Украинадағы соғысқа аттандырып отыр. Біздің қылмыстық топтар осы арқылы қанқұйлы соғысқа көмектесіп келеді.
Петропавлдағы темір жол вокзалында Ресей заңы жүреді. Оған РЖД басшылық жасайды, билеттер рубльмен сатылады, күзет те Ресейдікі. Ресейдің өзі қазір өз лом металын сыртқа шығармайды. Қолайлысы - қазақ жерінен ұрланған металды арзан бағамен алып, одан танк пен снарядтар жасауды жалғастыра беру. Сондықтан Qarmet өз кәсіпорындарында тәртіп орната бастаған кезде, оған ұйымдасқан қарсылық болатынын қазірден бастап болжауға болады.
DALA INSIDE Теміртаудың барлығы білетін, бірақ айтылмай келген құпияны ашып отыр. Бізге жазылып алыңыздар 👇
https://t.me/dalainside
😡152👍64😱23💯2😁1
🪨 ГОК деп шулатып жүргендер алысқа бара алмады
Қаржы мониторинг агенттігі «Тиолайн» компаниясының тең иесі Долгалевке қатысты тергеу бастағанын хабарлады.
2024 жылдың 3 ақпанында Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментінің қызметкерлері «Тиолайн» компаниясының иелерінің бірі Виктор Долгалевті жер қойнауын рұқсатсыз пайдаланып жүрген кезде ұстаған.
Сот санкциясымен ол қамауға алынды. Долгалевке қатысты аса ірі көлемде кіріс алу арқылы заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін тергеу жүргізілуде.
Тергеу мәліметтері бойынша, 2021 жылдың наурыз айында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі компанияның 38 млрд теңгеге қаржылық және инвестициялық міндеттемелерін орындамауына байланысты «Обуховское» кен орнында жер қойнауын пайдалану бойынша келісімшартты мерзімінен бұрын тоқтатқан.
Сонымен қатар, 2020 жылдың 1 маусымында сот шешімімен В.Долгалевке «Тиолайн» компаниясының мүлкін басқаруға тыйым салынды.
Маманның қорытындысы бойынша қылмыстық табыстың жалпы сомасы 26 млрд теңгеден асты. Бұл қаражатқа еншілес тұлғалар арқылы кен орнына іргелес жатқан 7,5 мыңға жуық гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер сатып алынып, ол жерде де заңсыз кен өндіру жүргізілген. Сонымен қатар, 2 млрд теңгеге бюджетке төленетін салықтар мен төлемдерден жалтару фактілері анықталды.
DALA INSIDE бұл мәселені назарда ұстамақ. Бізге жазылыңыздар 👇

Осыған қарамастан, В.Долгалев өзінің бақылауындағы құрылымдар арқылы заңсыз тау-кен өндірісін жалғастырып, Қытайға және басқа елдерге сұр схемалар бойынша экспорттаған. Тек үш жыл ішінде (2021-2023 жж.) 113 мың тоннаға жуық кен экспортталды.
Маманның қорытындысы бойынша қылмыстық табыстың жалпы сомасы 26 млрд теңгеден асты. Бұл қаражатқа еншілес тұлғалар арқылы кен орнына іргелес жатқан 7,5 мыңға жуық гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер сатып алынып, ол жерде де заңсыз кен өндіру жүргізілген. Сонымен қатар, 2 млрд теңгеге бюджетке төленетін салықтар мен төлемдерден жалтару фактілері анықталды.
DALA INSIDE бұл мәселені назарда ұстамақ. Бізге жазылыңыздар 👇
https://t.me/dalainside
👍79😁11😱10💯3
⚖️ Түймебаевпен сотта кездеседі: мехмат факультетіндегі үш студент қыздың ата-анасы бірігіп адвокат жалдамақ
Дауы өршіп тұрған "Пәктік тізіміндегі" студент қыздардың ата-аналары Қазақ ұлттық университетін жауапқа тартпақ.
Адвокаттарға алғашқы сұрау түсті дейді, DALA INSIDE дереккөзі. Қазір әркімнен шеке шағым емес, біріккен арыз мәселесі шешілуде.
Дәл осы кезде Жоғарғы білім министрлігі де ҚазҰУ ректорын ауыстыру мәселесін ойластыра бастады. 2019 жылдан бері ұлттық статусы бар университет ректорларын Президент емес, министрлік ашық конкурс арқылы сайлай алады. Сондықтан ректор Жансейіт Түймебаев мәселесі министр Саясат Нұрбектің қолында болып тұр.
Мысалы, 2023 жылдың күзінде ҚазҰУ "Ескі Қазақстандағы" әдетіне басып, Журналистика факультетінің бос аудиториясына Кемел Тоқаевтың атын бергізеді. Ол университеттің өз бастамасы болған. Алайда, шараға келген тәуелсіз БАҚ - "Азаттық радиосы" алдында ректор Түймебаев ұстамсыздық танытып, ол әрекеті ютубта кең таралады. Артынан журналистика факультетінің деканаты "Азаттық радиосына" пікір бергені үшін дәріс оқып жүрген жас мұғалім Дастан Қастайды қудалай бастайды. Нақтырақ айтсақ, деканаттағы хатшы қыз Дастан Қастайға папкадағы делосын әкеліп беріп, "сіз өтпей қалдыңыз, енді сабаққа келмеңіз" деген. Алайда Дастан Қастайдың осы мәселеге қатысты фейсбуктағы жазбасы үлкен резонанс тудырып, іске Жоғарғы білім министрі Саясат Нұрбек араласты. Одан кейін журналистика факультетіндегі деканның міндетін атқарушы жұмыстан кетті.
ҚазҰУ қазіргі күйінде ескі авторитарлы-консерваторлық, бюрократиялық механизмнің жиынтық образына ұқсайды. Университеттің ішкі бизнес-процестері ауыр және күрделі болғандықтан, оқу орнына серпінді даму өте қиын. Жаңа ректор жаңа энергия алып келе ала ма? Оны тек уақыт көрсетеді.
DALA INSIDE жағдайды бақылап отыр. Бізге тіркеліп алыңыз 👇

"Адвокаттар біріккен арыздың тиімді болатынын айтқан. Арызданушылар моральді компенсация көлемі туралы ортақ шешімге келуі тиіс. Одан кейін арыз сотқа жіберілетін болады"
Дәл осы кезде Жоғарғы білім министрлігі де ҚазҰУ ректорын ауыстыру мәселесін ойластыра бастады. 2019 жылдан бері ұлттық статусы бар университет ректорларын Президент емес, министрлік ашық конкурс арқылы сайлай алады. Сондықтан ректор Жансейіт Түймебаев мәселесі министр Саясат Нұрбектің қолында болып тұр.
Ректор туралы сұрақ күн тәртібіне бекер қойылып отырған жоқ. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті соңғы екі жылда түрлі жанжалдардан көз ашпай келеді. Біраз жанжалды ректор Түймебаевтің өзі туғызды.
Мысалы, 2023 жылдың күзінде ҚазҰУ "Ескі Қазақстандағы" әдетіне басып, Журналистика факультетінің бос аудиториясына Кемел Тоқаевтың атын бергізеді. Ол университеттің өз бастамасы болған. Алайда, шараға келген тәуелсіз БАҚ - "Азаттық радиосы" алдында ректор Түймебаев ұстамсыздық танытып, ол әрекеті ютубта кең таралады. Артынан журналистика факультетінің деканаты "Азаттық радиосына" пікір бергені үшін дәріс оқып жүрген жас мұғалім Дастан Қастайды қудалай бастайды. Нақтырақ айтсақ, деканаттағы хатшы қыз Дастан Қастайға папкадағы делосын әкеліп беріп, "сіз өтпей қалдыңыз, енді сабаққа келмеңіз" деген. Алайда Дастан Қастайдың осы мәселеге қатысты фейсбуктағы жазбасы үлкен резонанс тудырып, іске Жоғарғы білім министрі Саясат Нұрбек араласты. Одан кейін журналистика факультетіндегі деканның міндетін атқарушы жұмыстан кетті.
ҚазҰУ қазіргі күйінде ескі авторитарлы-консерваторлық, бюрократиялық механизмнің жиынтық образына ұқсайды. Университеттің ішкі бизнес-процестері ауыр және күрделі болғандықтан, оқу орнына серпінді даму өте қиын. Жаңа ректор жаңа энергия алып келе ала ма? Оны тек уақыт көрсетеді.
DALA INSIDE жағдайды бақылап отыр. Бізге тіркеліп алыңыз 👇
https://t.me/dalainside
👍100😱11💯4🤯3🔥2
💥 Коммунист депутаттарға қарсы шықты
Экс депутат Ақбөпе Әбілқасымова өзінің фейсбук парақшасында Мәжіліс депутаттарының тәртібін қатаң сынады.
Әбілқасымованың жазуынша, депутаттар - заң шығарушы, ал министрлер - атқарушы биліктің өкілдері екенін түсіну керек. Биліктің екі тармағы да тең. Қазір көптеген министрлер парламентте бірнеше мерзім қонжиып отырған депутаттардан әлдеқайда сауатты. Депутаттар министрлерді халық жауы етіп, камераға өздерін қамқоршы ретінде көрсеткісі келетін сияқты. Алайда өзін көрсетіп қанша бұлданса да ақыр соңында қолдап дауыс береді. Онысымен халықты да, билікті де өздеріне қарсы қоюда.
Әбілқасымова Әдеп кодексін тәжірибеде қолдану мәселесін көтеріп отыр. Соңғы кездері депутаттардың жөнсіз популизмге ұрынып, арзан ұпай жинауға машықтанып алғанын біз де байқап жүрміз.
DALA INSIDE бір көзі Парламентте. Бізге жазылып алыңыздар
https://t.me/dalainside
Экс депутат Ақбөпе Әбілқасымова өзінің фейсбук парақшасында Мәжіліс депутаттарының тәртібін қатаң сынады.
«Мәжіліс отырыстарынан бірнеше видео көрдім. Жаңадан келгендер де, ескі Қазақстаннан бері отырған депутаттар да өте эмоционалды сөйлейді. Мысалы, министрлік есептері немесе министрлердің заң жобалары бойынша ұсыныстары, жақында ғана Қала құрылысы кодексіне қатысты отырыстарды шолдым. Және депутаттық комиссияның кеңейтілген отырысынан мәжіліске төрағалық етуші депутаттың Мэлс Елеусізовтің сөзін өте дөрекі түрде бөлгенін көрдім», - деп жазады Ақбөпе Әбілқасымова.
Әбілқасымованың жазуынша, депутаттар - заң шығарушы, ал министрлер - атқарушы биліктің өкілдері екенін түсіну керек. Биліктің екі тармағы да тең. Қазір көптеген министрлер парламентте бірнеше мерзім қонжиып отырған депутаттардан әлдеқайда сауатты. Депутаттар министрлерді халық жауы етіп, камераға өздерін қамқоршы ретінде көрсеткісі келетін сияқты. Алайда өзін көрсетіп қанша бұлданса да ақыр соңында қолдап дауыс береді. Онысымен халықты да, билікті де өздеріне қарсы қоюда.
Әбілқасымова Әдеп кодексін тәжірибеде қолдану мәселесін көтеріп отыр. Соңғы кездері депутаттардың жөнсіз популизмге ұрынып, арзан ұпай жинауға машықтанып алғанын біз де байқап жүрміз.
DALA INSIDE бір көзі Парламентте. Бізге жазылып алыңыздар
https://t.me/dalainside
👍116🤮18😁10🤩3👎2🤯2😡1
⚡ Dalanews/DALA INSIDE редакциясының тәуелсіз журналистері атынан ҚР Бас прокуроры Б.Асыловқа, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі А.Балаеваға, ІІМ министрі Е.Сәденовке, "Әділ Сөз" Халықаралық сөз бостандығын қорғау Қорына, Қазақстан журналистер Одағына, Қазақстан Транспаренси қорына, Internews-ке, барлық ақпарат құралдары мен журналистерге
РЕСМИ ҮНДЕУ
Өкінішке орай, Қазақстанда сөз бостандығының жағдайы нашарлап барады.
Dalanews және DALA INSIDE редакцияларының тәуелсіз журналистері осы Үндеу аясында "G-Park" құрылыс компаниясы және оның басшысы Ғабит Сатмағамбетов туралы материалдар жарияланғаннан кейін қысымға тап болғанын хабарлайды және мұндай жағдайға алаңдаушылық білдіреді. "G-Park" туралы алғашқы материалдардан бастап, бізді жауапкершілікке тартқан оқиғалар хронологиясын егжей-тегжейлі баяндай отырып, үкіметтік, халықаралық ұйымдардың қолдауын сұраймыз.
DALA INSIDE "G-Park" құрылыс компаниясының басшысы Ғабит Сатмағамбетов ашуына қалай тиді?
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбектің 2023 жылғы 22 желтоқсандағы «G-Park компаниясына жаңа нысандардың құрылысын бастауға тыйым салу» туралы барлық БАҚ-та таратылған жария мәлімдемесі, экс әкім Алтай Көлгінов отставкаға кеткеннен кейін құрылыс компаниясында проблемалар басталғандығын, бұрынғы полиция қызметкері Ғ.Сәтмағамбетовтің жағдайы мәз емес деген тұжырымды растай түсті. Себебі, алдымен "G-Gark" ЖШС "Женева" МЖК нысаны бойынша бойынша жосықсыз құрылыс салушылар тізіміне енгізілді. Ал одан кейін рұқсат құжаттары жоқ ТК құрылысына қатысты жанжалдар, 2023 жылғы тамызда кеңседе үлескерлердің митингілері орын алды. Бұған дейін Астанада құрылыс компанияларының басшылары қашып, зардап шеккен үлескерлердің құқықтары мемлекет тарапынан бірнеше рет қорғалғандықтан, олардың міндеттемелері тиісінше салық төлеушілердің қалтасынан, ел бюджетінен жабылды. Бұқаралық ақпарат құралдарында жеке құрылыс компаниясының капиталын немесе бизнесін қорғасын деген еш міндеттеме жоқ. Журналистер өздерінің кәсіби борышына байланысты тек қана азаматтарды, үлескерлерді және мемлекетті алдағы тәуекелдер туралы ескертуге міндетті. Сондықтан мұндай күрделі мәселелерді уақтылы анықтау және жариялау көбінесе үлескерлердің құқықтарын жаппай бұзуды тоқтатуға және алдын алуға мүмкіндік береді. Біздің редакцияның қызметі дәл осы мақсатқа бағытталған.
2023 жылдың 25 желтоқсанында DALA INSIDE телеграм арнасында "Қуат" оқиғасы қайталанады. "G-Park" құрылыс компаниясының басшысы Ғабит Сатмағамбетов Дубайда жасырынуға көшті" тақырыбымен материал жарияланды.
Аталған материал шыққаннан кейін "G-Park" басшысы Ғабит Сатмағамбетов өзінің Instagram парақшасында Астанада екендігін жариялап, редакцияға біздің жарияланымды жоққа шығару туралы талап жіберді. Осыдан кейін, 2023 жылдың 28 желтоқсанында DALA INSIDE Ғабит Сатмағамбетовтың Астанада екендігі туралы ақпаратына сілтеме жасай отырып, алдыңғы материалды теріске шығарады. Яғни, жарияланған ақпарат жедел түрде теріске шығарылып, ескі пост алынып тасталғаннан кейін, мәселе сол жерде жойылды деп есептедік. Алайда Сатмағамбетов мырза жоқ жерден "тырнақ астынан кір іздеуді" жалғастырды.
2024 жылдың 4 қаңтарында ол Астана қаласының полиция департаментіне арыз жазды. Ол журналистердің негізсіз шабуылына ұшырап, Дубайға бармағандығын алға тартады. Біз алғашқы материалды теріске шығарып, алып тастасақ та, полиция Ғабит Сатмағамбетовтен арызды дереу қабылдады. Және 2024 жылдың 5 қаңтарында Астана қаласы полиция Департаментінің тергеу басқармасының тергеушісі біздің материалымыз бен 365info.kz басылымдағы әріптестеріміздің материалын қарап шықты. Бқл ақпараттың бастапқы дереккөзі біздің материал болған. Бізді осы қылмыстық іс бойынша полиция қызметкерлерінің жылдамдығы таң қалдырды. Мұндай жылдам реакция іс жүзінде жиі бола бермейтін құбылыс.
Осыдан кейін Астана қаласы полиция Департаментінің жедел тергеу басқармасы 365info.kz және DALA INSIDE редакция қызметкерлерінен жауап алу үшін оларды Алматы мен Астана қаласынан шақыра бастады.

👍66💯7🔥6🤯6
БАҚ туралы Заңның 20-бабына қарамастан, тергеушінің негізгі мақсаты журналистерді даулы құрылыс компаниясы туралы ақпаратты қай дереккөзден алғанын ашуға мәжбүрлеу болды. Қазіргі уақытта біздің редакциямыздың журналистерін тінту, кеңсе техникасын алып қою және қамауға алуға санкция беру қаупі бар. Астана қалалық Полиция департаментінің тергеу басқармасы нақты күдіктінің жоқтығына және біздің ақпаратты жария етпеу туралы еш құжатқа қол қоймағанымызға қарамастан, аталған іс туралы ақпараттың ашылғаны үшін жауапкершілік болатынын қайта-қайта ескертуге тырысты. Біз өзіміздің дұрыстығымызға және ақпаратымызды беру тәсіліне сенімдіміз. Сондықтан сотта өз позициямызды соңына дейін қорғаймыз және адал, кәсіби журналистика құқық қорғау органының бұрынғы қызметкері, G-Park бизнесін ұстаушы Ғ.Сатмағамбетовтың амбициясынан, оның байланыстарынан да жоғары екенін дәлелдейміз. Ол өз бизнесінің проблемаларынан алшақтап шетелге кетті деген сөзге ренжіді. Ал бұл құрылыс компаниясына сенген үлескерлерінің тағдыры қалай болмақ? Біз олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғай аламыз ба? Біз бұл сұрақтарға артынан жауап алатын боламыз. Өйткені үлескерлердің митингілері мен құрылысқа тыйым салынғанына қарамастан, Сатмағамбетов тұрақты түрде әлем бойынша саяхаттауды жалғастыруда және көптеген елдерге барып үлгерді. Осыдан кейін, ол шетелден шықпаса, бизнестің проблемаларынан алшақтады деп қалай айта алмаймыз?
Өз кезегінде Dalanews, DALA INSIDE және "Қала мен Дала" газетінің құрылтайшысы өз жұмысын атқарған редакция журналистерін аяғына дейін қорғауға ниетті.
Біз "Әділ Сөз" Халықаралық сөз бостандығын қорғау қорына және Қазақстан Журналистер Одағына және жоғарыда аталған барлық лауазымды тұлғаларға жүгінеміз және құрылыс секторында туындауы мүмкін проблемалардың алдын алуға, Қазақстан халқының мүддесін бірінші кезекке қоя отырып жұмыс істеп жатқан журналистер мен БАҚ-қа қысым жасау фактісіне назар аударуды сұраймыз. Біз қазір Ғабит Сәтмағамбетов бизнесіндегі барлық ықтимал бенефициарларды ашу, Қазақстаннан заңсыз сыртқа қаржы шығарудың ықтимал жолдарын зерттеу, компаниядағы баға құрылымы, құрылысқа рұқсат беру құжаттары мен жер учаскелерін алу рәсімдеріне қатысты зерттеу жұмысымызды одан әрі жалғастырамыз.
Қалай болғанда да, "G-Park" пен DALA INSIDE ашық сотта кездеседі.
Dalanews/DALA INSIDE редакциясы, 19 ақпан 2024 жыл

👍80😡21🔥5💯4👏3🤯1
⚡ Ішкі істер министрлігі әділ тергеу жүргізіп, DALA INSIDE үстінен қозғалған істі қылмыс құрамы болмағандықтан тоқтатты
Өз тарапынан, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева істі жеке бақылауында ұстап отырды.
Астана қаласы Полиция департаменті өз инстаграм аккаунтында тиісті хабарлама берді:
♥️ Dalanews/DALA INSIDE редакцияларының ұжымы істі объективті қарастырған Ішкі істер министрлігі мен салалық қолдау білдірген Мәдениет және ақпарат министрлігіне алғыс білдіреді.

Астана қаласының Полиция департаментіне елорда тұрғыны "365info.kz" және "DALAINSIDE" интерфейстерінде жалған ақпарат тарату фактісі бойынша өтініш білдірді Оның өтініші бойынша сотқа дейінгі тергеу тіркелді. Қылмыстық іс аясында тиісті сараптама тағайындалды. Істің барлық мән-жайларын жан-жақты және толық зерттеуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілді.
Барлық тараптардың дәлелдерін зерделеу қорытындысы бойынша іс қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылды.
🔹🔹🔹
В Департамент полиции г.Астаны обратился с заявлением житель столицы по факту распространения ложной информации на интерфейсах "365info.kz" и "DALAINSIDE". По его заявлению было зарегистрировано досудебное расследование. В рамках уголовного дело была назначена соответствующая экспертиза.
Проводились все необходимые следственные действия, направленные на всестороннее и полное исследование всех обстоятельств дела. По итогам изучения доводов всех сторон, дело было прекращено за отсутствием состава уголовного правонарушения.
♥️ Dalanews/DALA INSIDE редакцияларының ұжымы істі объективті қарастырған Ішкі істер министрлігі мен салалық қолдау білдірген Мәдениет және ақпарат министрлігіне алғыс білдіреді.
👍206🔥7👏6💯4🙏2
🏭 Жүйе ескі, адам жаңа. АНПЗ-дағы жанжал төркіні неде?
Атырау мұнай өңдеу зауытындағы оқиға мұнай мафиясы тамырының тым тереңге кетіп қалғанын білдіреді. Біраз инсайдты ақпарат құралдары кешеден бері жаза бастады.
Мұнай өңдеу зауытының бас директоры болып бар болғаны бір ай жұмыс істеген Ғалымжан Жусанбаев қызметкерлердің ұйымдасқан шағымына тап болып отыр. Және осы оқиғадан кейін тез арада жұмыссыз қалды.
Әділ аудит жүрсе, Жусанбаев айтқан сатып алу кезіндегі тауарлар бағасын қымбаттату фактілерін тексеру қиын емес.
Ұзақ жылдары бойы АНПЗ-да қалыптасқан жемқор жүйені білмеген жаңа адам реформа жасаймын деп, зауыттың қаржылық жұмысын тексеруге кіріскен. Сол кезде былықтар шыға бастады. Ал зауыттың ескі командасына мұндай қауіпті адамды тез алып тастау керек болды дейді, дереккөз.
Қазмұнайгаз АНПЗ-ге тәртіп орната ала ма? Әзірге акционер тек жанжалдың тараптарын жұмыстан босатумен шектелді. Ары қарай не болады?
АНПЗ Атырау облысының экономикасы үшін ең маңызды нысан. Ал оның жанармайын халық тұтынып отыр. Көптеген салықты осы зауыт төлеп отырғандықтан, қолында билік барлар да, жемқорлар да айналасынан шықпай келеді.
DALA INSIDE жағдайды арнайы бақыламақ. Бізбен бірге болыңыздар 👇

Жусанбаев білмеуі тиіс бірнеше ірі контрактты біліп қойды және олар бойынша төлем жасап отырудан бас тартты дейді, DALA INSIDE дереккөзі.
Әділ аудит жүрсе, Жусанбаев айтқан сатып алу кезіндегі тауарлар бағасын қымбаттату фактілерін тексеру қиын емес.
«Олар еншілес компаниялардан 150 миллиард теңгеге көтерілген бағамен тауар сатып алып, кокс пен күкіртті сақтауда нормаларды бұзып, өндірістегі ысырапты бақыламаған», — деп жазады, Жусанбаев өз хатында.
Ұзақ жылдары бойы АНПЗ-да қалыптасқан жемқор жүйені білмеген жаңа адам реформа жасаймын деп, зауыттың қаржылық жұмысын тексеруге кіріскен. Сол кезде былықтар шыға бастады. Ал зауыттың ескі командасына мұндай қауіпті адамды тез алып тастау керек болды дейді, дереккөз.
Қазмұнайгаз АНПЗ-ге тәртіп орната ала ма? Әзірге акционер тек жанжалдың тараптарын жұмыстан босатумен шектелді. Ары қарай не болады?
АНПЗ Атырау облысының экономикасы үшін ең маңызды нысан. Ал оның жанармайын халық тұтынып отыр. Көптеген салықты осы зауыт төлеп отырғандықтан, қолында билік барлар да, жемқорлар да айналасынан шықпай келеді.
DALA INSIDE жағдайды арнайы бақыламақ. Бізбен бірге болыңыздар 👇
https://t.me/dalainside
👍162🔥38💯5👎4👏1
💸 Нихуа Банк. Халық Банктің Қытай құшағына ену мүмкіндігі күн санап артып келеді
Өткен жылдың соңында Halyk Group делегациясы бірнеше рет Қытайға кездесулерге барып қайтты дейді, DALA INSIDE дерекөзі. Онда қозғалған тақырыптар негізгі бизнес және Halyk тобы мен қытайлық әріптестердің бірлескен кәсіпорыны – «Алтын Банк» АҚ төңірегінде өрбігенін шамалауға болады. Қазір Алтын банктің 51 пайыз акциясы қытайлық China CITIC Bank, 9,9 пайызы China Shuangwei Investment, ал 40 пайызы Халық Банк қолында. Алтын Банк 2023 жылы шамамен 34 миллиард теңге таза кіріс алды және 118 миллиард теңге капитал ұстап отыр.
Дәл осы Алтын банк қазір Тимур Құлыбаев үшін бәлендей керемет мәселе емес. Бірінші кезекте алпауыт Халық Банк бойынша ең дұрыс шешім қандай болар еді, осы сұрақ Асқарұлын көптен бері мазалап жүр.
Halyk - Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең ірі банк. Активтерінің көлемі бойынша ТМД кеңістігінде Ресейдің Сбербанкінен кейін екінші орын алады. Банк активтері 30,8 миллиард долларға жеткен. Қазір Тимур мен Динара Құлыбаевтар «АЛМЭКС» холдингі арқылы Халық банкінің 69,52 пайыз акциясын ұстап отыр. Қалған 29,52 пайыз акция «Bank of New York» номиналды ұстаушысы арқылы Лондон биржасында (LSE) еркін саудада. Осыдан бес жыл бұрын Құлыбаевта акцияның 74,5 пайызы болғанын ескерсек, жыл санап Құлыбаевтар банктегі өз үлесін жәймен азайтып келе жатқанын аңғарамыз.
Қытайдағы бірнеше келіссөздер осы стратегиялық инвестор нұсқасына көбірек меңзейді. Мұнда ең маңызды мәселе - Тимур Асқарұлы өзінің Қазақстандағы болашағын қалай болжап отыр, соған қатысты болмақ.
«Жаңа Қазақстанның» Тимур Құлыбаев үлесі бар мұнай, сығылған газ операторларына, теміржол тупиктері, қоймалар мен логистикалық бизнестерге соққы бергені рас. Сот арқылы Тимур Құлыбаевтың адамдары иелік етіп келген біраз компания мемлекет меншігіне қайтты. Әзірге «Жаңа Қазақстан» Тимур Асқарұлының банк бизнесіне тиіспей отыр. Ол статус-кво қай уақытқа дейін созылары белгісіз.
DALA INSIDE болжауынша, қазіргі саяси желдің ауанын сезген Тимур Құлыбаев Қытайға көбірек арқа сүйейтін болады. Егер Бейжіңнің саяси шешімдеріне ықпалы бар ірі қаржылық топпен Халық Банк акцияларын арзан бағамен бөліссе, онда өзіне де болашақтағы қауіпсіздік гарантиясын алуға мүмкіндігі бар.
Тимур Құлыбаев Қазақстандағы IQ деңгейі өте жоғары азаматтар санатына жатады. Ол әр шешімді ұзақ бағалап, оның мүмкін нәтижесін жан-жақтан саралағаннан кейін ғана қабылдайтын тұлға. Сондықтан Халық Банкке қатысты асығыс шешім қабылданбайтынын түсінеміз. Тіпті бір қадам жасалу үшін кемінде 200 келіссөз бен кездесу өтуі мүмкін.
DALA INSIDE бұл бағытта көптеген процестерді бақылап отыр. Бізге жазылып алыңыздар 👇

Тимур Құлыбаевқа өз үлесін екі жолмен қысқартуға болады. Ол өз акцияларын қор биржасы арқылы оңай сата алады немесе тұрақты стратегиялық инвестор тауып, қомақты акцияны соған аудара алады дейді, DALA INSIDE дереккөзі.
Қытайдағы бірнеше келіссөздер осы стратегиялық инвестор нұсқасына көбірек меңзейді. Мұнда ең маңызды мәселе - Тимур Асқарұлы өзінің Қазақстандағы болашағын қалай болжап отыр, соған қатысты болмақ.
«Жаңа Қазақстанның» Тимур Құлыбаев үлесі бар мұнай, сығылған газ операторларына, теміржол тупиктері, қоймалар мен логистикалық бизнестерге соққы бергені рас. Сот арқылы Тимур Құлыбаевтың адамдары иелік етіп келген біраз компания мемлекет меншігіне қайтты. Әзірге «Жаңа Қазақстан» Тимур Асқарұлының банк бизнесіне тиіспей отыр. Ол статус-кво қай уақытқа дейін созылары белгісіз.
Халық банк акцияларын сатудан түскен орасан зор ақшаны Құлыбаевтар шетелге заңды түрде шығара ала ма? Негізгі сұрақ осында дейді, дереккөз. «АЛМЭКС» холдингі Қазақстанда тіркелгендіктен есеп-шоттары да осында. Ал акцияны тартып алудан көрі есеп-шоттағы ақшаны тәркілеу оңай.
DALA INSIDE болжауынша, қазіргі саяси желдің ауанын сезген Тимур Құлыбаев Қытайға көбірек арқа сүйейтін болады. Егер Бейжіңнің саяси шешімдеріне ықпалы бар ірі қаржылық топпен Халық Банк акцияларын арзан бағамен бөліссе, онда өзіне де болашақтағы қауіпсіздік гарантиясын алуға мүмкіндігі бар.
Тимур Құлыбаев Қазақстандағы IQ деңгейі өте жоғары азаматтар санатына жатады. Ол әр шешімді ұзақ бағалап, оның мүмкін нәтижесін жан-жақтан саралағаннан кейін ғана қабылдайтын тұлға. Сондықтан Халық Банкке қатысты асығыс шешім қабылданбайтынын түсінеміз. Тіпті бір қадам жасалу үшін кемінде 200 келіссөз бен кездесу өтуі мүмкін.
DALA INSIDE бұл бағытта көптеген процестерді бақылап отыр. Бізге жазылып алыңыздар 👇
https://t.me/dalainside
👍62👎20🔥6😡5💯3👏2
🛤️ ҚТЖ әлде Антимонополия. Қазақтың Әлиханы қайда барады?
Он бірінші Премьер, кезінде Қазақстан Үкіметін басқарған Әлихан Смайылов жаңа жұмыс мәселесін жазға таман реттеуі ықтимал.
Смайыловтың негізгі мамандағы қаржыгер, оның ішінде бюджеттік жоспарлауға жақын болғандықтан, оның потенциалын антикризистік ұлттық компания басшысы ретінде пайдалану туралы консультациялар жүре бастады.
Дереккөз сөзінше, Әлихан Смайыловтың қолына "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы тізгінін беру туралы идея да жоқ емес. Ол рас болып шықса, ҚТЖ нағыз "премьерлер ошағына" айналмақ. Себебі, Смайыловқа дейін Үкімет басқарған Асқар Мамин де ҚТЖ көрген болатын.
Қазақтың Әлиханы үкіметті 2022-2024 жылдар аралығында басқарды. 2022 жылы экономикалық өсім 3,2%, 2023 жылы 5,1% болды. Асханұлы қаржыгер ретінде excel файлдарымен жақсы жұмыс істесе де, масштабты түрде серпіліс туғыза алмады. Себебі ол консервативті көзқарастағы формацияға үйренген болатын. Тиісінше, ол басқарған үкіметте антибастамашыл бюрократия күшейіп, барлық жарқын бастамаларды сол үкіметішілік бюрократия жеп қойды.
Соңғы жылдары бюрократия қазақтың нағыз сорына айналып отыр. Басшы сөзі төменге басқаша жетеді. Мысалы, Смайылов "шаш" десе, облыс әкімі оны "құлақ" деп естіді, ал мәселеге қатысы бар аудан әкіміне (мектеп, аурухана директоры) ол тіпті "мұрын" болып естілді. Сонда, нақты проблеманы шешуі тиіс, сол жерде отырған жауапты тұлға "шаш" мәселесінің орнына "мұрынмен" айналысып отырды. Одан қазақтың Әлиханы да шаршағаны анық.
Ол енді қайда барады? Бірге бақылап отырамыз. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇
https://t.me/dalainside
Он бірінші Премьер, кезінде Қазақстан Үкіметін басқарған Әлихан Смайылов жаңа жұмыс мәселесін жазға таман реттеуі ықтимал.
Ол премьерлікке Қаңтар оқиғасынан кейін бірден келгендіктен жұмыс режимі өте ауыр болды, дейді DALA INSIDE дереккөзі. Сондықтан Әлихан Асханұлы қазір кем дегенде екі ай демалып алғысы келетінін жасырмаған.
Смайыловтың негізгі мамандағы қаржыгер, оның ішінде бюджеттік жоспарлауға жақын болғандықтан, оның потенциалын антикризистік ұлттық компания басшысы ретінде пайдалану туралы консультациялар жүре бастады.
Дереккөз сөзінше, Әлихан Смайыловтың қолына "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы тізгінін беру туралы идея да жоқ емес. Ол рас болып шықса, ҚТЖ нағыз "премьерлер ошағына" айналмақ. Себебі, Смайыловқа дейін Үкімет басқарған Асқар Мамин де ҚТЖ көрген болатын.
Тағы бір дереккөз Әлихан Асханұлына антимонополиялық орган ұсынылды дейді. Бірақ ол бойынша ешқандай нақты келіссөз жүрмеген.
Қазақтың Әлиханы үкіметті 2022-2024 жылдар аралығында басқарды. 2022 жылы экономикалық өсім 3,2%, 2023 жылы 5,1% болды. Асханұлы қаржыгер ретінде excel файлдарымен жақсы жұмыс істесе де, масштабты түрде серпіліс туғыза алмады. Себебі ол консервативті көзқарастағы формацияға үйренген болатын. Тиісінше, ол басқарған үкіметте антибастамашыл бюрократия күшейіп, барлық жарқын бастамаларды сол үкіметішілік бюрократия жеп қойды.
Соңғы жылдары бюрократия қазақтың нағыз сорына айналып отыр. Басшы сөзі төменге басқаша жетеді. Мысалы, Смайылов "шаш" десе, облыс әкімі оны "құлақ" деп естіді, ал мәселеге қатысы бар аудан әкіміне (мектеп, аурухана директоры) ол тіпті "мұрын" болып естілді. Сонда, нақты проблеманы шешуі тиіс, сол жерде отырған жауапты тұлға "шаш" мәселесінің орнына "мұрынмен" айналысып отырды. Одан қазақтың Әлиханы да шаршағаны анық.
Ол енді қайда барады? Бірге бақылап отырамыз. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇
https://t.me/dalainside
👍73😁16👎6💯3🔥2🤯2😡2👏1
🏞️ Үшқоңыр серті: Нұрбол мен Ербол Назарбаевтар шешуші шайқасқа дайындала бастады
"Жаңа Қазақстан" Болат Назарбаевтан қалған активтер бойынша жұмысын қыздыра түсті. Алматы облысының жер ресурстарын басқару бойынша департаменті Қарасай аудандық прокуратурасының қарарымен Үшқоңыр жайлауындағы Нұрбол Назарбаевтың иелігіндегі 9241 гектар жерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша сотқа жүгінген болатын. Алайда бірінші отырыстағы 193 гектарлық бірінші жер телімі бойынша дауда "Жаңа Қазақстан" жеңіліс тапты. Қарасай ауданың судьясы Азамат Шалтабаев ол жер кезінде Болат Назарбаев иелігіне заңды түрде өткен, сондықтан Қарасай ауданы әкімдігі мен Болат Назарбаев компаниялары арасында жасалған келісім-шартты бұзуға негіз жоқ деген шешімге келген.
Нұрбол пен Ербол Назарбаевтардың бұған дейін құқық қорғау органдарында істеген жұмыстарына, ондағы олар тергеген қылмыстық істерге толық ревизия жасала бастайды деп күтілуде. Алғашқы мәлімдеме кеше жасалды.
Нұрбол Назарбаев Алматы облысының Қарасай ауданында өзі басқаратын «Steppe AgroMeat» және «QazAgroCentre» фирмалары арқылы жалпы ауданы 9241 гектарды құрайтын бірнеше жер теліміне иелік етеді деп жазады, Свидетель.kz. Құжатқа сай, фирмалар аралас егін, дәнді және бұршақ дақылдарын өсіру және жылқы шаруашылығымен айналысады
Бұған дейін прокуратура Болат Назарбаев иелігіндегі 4 мың гектардан астам жерді мемлекетке қайтарған болатын. Бірақ ол Үшқоңыр жайлауының кішкентай бөлігі ғана. Жайлау әлі де Назарбаевтар меншігінде қалып отыр.
Сонымен қатар, Алматы ортасындағы Никольский базары үшін соғыс әлі алда. Болаттың империясы әлі ыдыраған жоқ және Нұрбол мен Ербол Назарбаевтар құнды активтері үшін барынша күресуге ниетті.
DALA INSIDE "Үшқоңыр" шайқасын көптен бері бақылап келеді. Кезінде жоңғардың Шамалған мен Қаскелең сынды батырлары басын жоғалтқан қырларда енді жаңа батырлар да ат жалын құшатыны анық. Бізбен бірге шайқасты тамашалаңыздар 👇

Енді департамент аппелияцияға жүгініп отыр. DALA INSIDE дереккөзінің айтуынша, Нұрбол мен Ербол Назарбаевқа қарсы ақпараттық соққылар күшейетін болады. Және ондағы басты жұмысты Мәжіліс депутаттары, "Әділетті Қазақстан" жауынгерлері Ерлан Сайыров, Ермұрат Бапи, Абзал Құспан, Мақсат Толықбайлар атқармақ.
Нұрбол пен Ербол Назарбаевтардың бұған дейін құқық қорғау органдарында істеген жұмыстарына, ондағы олар тергеген қылмыстық істерге толық ревизия жасала бастайды деп күтілуде. Алғашқы мәлімдеме кеше жасалды.
Нұрбол Назарбаев Алматы облысының Қарасай ауданында өзі басқаратын «Steppe AgroMeat» және «QazAgroCentre» фирмалары арқылы жалпы ауданы 9241 гектарды құрайтын бірнеше жер теліміне иелік етеді деп жазады, Свидетель.kz. Құжатқа сай, фирмалар аралас егін, дәнді және бұршақ дақылдарын өсіру және жылқы шаруашылығымен айналысады
Бұған дейін прокуратура Болат Назарбаев иелігіндегі 4 мың гектардан астам жерді мемлекетке қайтарған болатын. Бірақ ол Үшқоңыр жайлауының кішкентай бөлігі ғана. Жайлау әлі де Назарбаевтар меншігінде қалып отыр.
Сонымен қатар, Алматы ортасындағы Никольский базары үшін соғыс әлі алда. Болаттың империясы әлі ыдыраған жоқ және Нұрбол мен Ербол Назарбаевтар құнды активтері үшін барынша күресуге ниетті.
Олар қазіргі активтерді қымбат болмаса да тұратын бағасына бір олигархтың қолына сатып, ал қаржыны шетелге шығару мүмкіндігін де жоққа шығармай отыр деп топшылайды, дереккөз. Ондай сценарий қазіргі жағдайда Назарбаевтар үшін қолайлы болар еді.
DALA INSIDE "Үшқоңыр" шайқасын көптен бері бақылап келеді. Кезінде жоңғардың Шамалған мен Қаскелең сынды батырлары басын жоғалтқан қырларда енді жаңа батырлар да ат жалын құшатыны анық. Бізбен бірге шайқасты тамашалаңыздар 👇
https://t.me/dalainside
👍94🔥53😱8👎6💯5👏4😢2
🎓 Қайнайды қаның: Қазақ ұлттық университеті "ППС" операциясын бастады
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Жансейіт Түймебаев ақпараттық кризиске ұшырап, БАҚ пен әлеуметтік желілерде оған қатысты жағымсыз ақпараттар көбейіп кеткендіктен, ректорат тарапынан қызметкерлерге бейресми емеурін білдірілді. Әлеуметтік желілерде өз университетін қорғап жазған қызметкер мен мұғалімдер ректорат тарапынан жақсы ілтипат алу мүмкіндігін іштей түсініп отыр.
Расында да 3-4 күннен бері ҚазҰУ қызметкерлері тарапынан "Қайнайды қаның, бізді көре алмайды, университетіміз керемет, Түймебаев білікті басшы" деген сарындағы жазбалар көбейген.
Бір жағынан ол сәйкестік болуы да мүмкін. Екінші жағынан әркімнің өз мекемесін мақтап жазуға, әлдекімді жақтауға, пікір білдіруге толық құқы бар.
Қансейітұлын ҚазҰУ емес, Талдықорған, Павлодар сынды облыс орталықтарындағы беделді университет ректорлығына ауыстыру туралы да идеялар жабық есік жағдайында ойластырылуда.
"Пәк қыздар" тізімі биылғы ҚазҰУ-да орын алатын соңғы жанжал болмайтыны анық. Ұлттық университеттің негізгі проблемасы - олар кез-келген оқиғаға баяғы советтік әкімшілік көзқараспен қарайды. Алайда басшылық ресурспен басып тастау сынды тәсілдері жұмыс істемейтінін соңғы жағдайлар айқын көрсетті. Себебі, ҚазҰУ тым үлкен, онда адам көп, бәрін қадағалау мүмкін емес. Қазіргі студенттер еркін, баяғы ұяң жастар жоқ. Бастысы, әлеуметтік желілер барда ештеңе жасыра алмайды. Ұлттық университетте болған кез-келген жағдайды бір сағаттан кейін бүкіл Қазақстан біліп отырады.
Бұл материалға ҚазҰУ-дың өз айтар позициясы болса, екінші жақтың пікірін жариялауға дайынбыз.
DALA INSIDE ұлттық университет пен оның ректоры тағдырын бақылап отыр. Бізге тіркеліп алыңыз 👇

"ППС операциясы деп қалжыңдаймыз. Профессорско-преподовательский состав дегені. Қолынан келгендері университетті қорғап жазып жатыр", - дейді DALA INSIDE дереккөзі.
Расында да 3-4 күннен бері ҚазҰУ қызметкерлері тарапынан "Қайнайды қаның, бізді көре алмайды, университетіміз керемет, Түймебаев білікті басшы" деген сарындағы жазбалар көбейген.
Бір жағынан ол сәйкестік болуы да мүмкін. Екінші жағынан әркімнің өз мекемесін мақтап жазуға, әлдекімді жақтауға, пікір білдіруге толық құқы бар.
"Түймебаевтың ректорлығы әлі де қаралып жатқан мәселе. Әрине, жанжал тым көбейіп кетті. Бірақ Жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Жансейіт Қансейітұлын өзіне жау жасағысы келмейді. Түймебаевты ренжіту өте қауіпті. Оны Сол жағалаудағылар да білмейді емес, біледі", - дейді, дереккөз.
Қансейітұлын ҚазҰУ емес, Талдықорған, Павлодар сынды облыс орталықтарындағы беделді университет ректорлығына ауыстыру туралы да идеялар жабық есік жағдайында ойластырылуда.
"Пәк қыздар" тізімі биылғы ҚазҰУ-да орын алатын соңғы жанжал болмайтыны анық. Ұлттық университеттің негізгі проблемасы - олар кез-келген оқиғаға баяғы советтік әкімшілік көзқараспен қарайды. Алайда басшылық ресурспен басып тастау сынды тәсілдері жұмыс істемейтінін соңғы жағдайлар айқын көрсетті. Себебі, ҚазҰУ тым үлкен, онда адам көп, бәрін қадағалау мүмкін емес. Қазіргі студенттер еркін, баяғы ұяң жастар жоқ. Бастысы, әлеуметтік желілер барда ештеңе жасыра алмайды. Ұлттық университетте болған кез-келген жағдайды бір сағаттан кейін бүкіл Қазақстан біліп отырады.
Бұл материалға ҚазҰУ-дың өз айтар позициясы болса, екінші жақтың пікірін жариялауға дайынбыз.
DALA INSIDE ұлттық университет пен оның ректоры тағдырын бақылап отыр. Бізге тіркеліп алыңыз 👇
https://t.me/dalainside
👍63😱7😡7💯3🔥2😁1
💸 Қазақстан ОПЕК мәселесін шешуді ойластырып қойды. Енді тек күту керек
Бүгін профильді Энергетика министрлігі еліміздің ОПЕК+ келісімі аясында мұнай өндіруді қосымша қысқарту мерзімін ұзартатындығын мәлімдеді.
Сонда 2024 жылдың маусым айының соңына қарай Қазақстандағы өндіріс тәулігіне 1 468 баррель мұнайды құрамақ. Еліміз картельдің мұнай өндіруді ерікті қысқарту бастамасына былтыр сәуір айында қосылған болатын. Қазір оны орындай беруде еш қиындық жоқ. Бірақ келесі жылдан бастап жағдай өзгеруі мүмкін.
Теңізшевройлда 46 миллиард доллар инвестиция салынған Теңіз кенішін кеңейту мен скважина қысымын арттыру (ПБР-ПУУД) жобасы келесі жылдан іске қосыла бастайды. Сонда кеніш өндіріс көлемін жылына 12 миллион тоннаға арттырмақ. 2023 жылы Теңізшевройлдың 28,9 миллион тонна мұнай өндіргенін ескерсек, болашақ жылдық өндіріс көлемі 40 миллион тонна мұнайдан асуы тиіс. Бұл ОПЕК+ шектеулеріне қайшы келеді.
Осыған қатысты ОПЕК-тің негізгі ойыншылары, әсіресе көп жағдайда қыңырлау позиция ұстанатын Біріккен Араб Әмірліктерімен өте маңызды кездесулер дайындалуда.
DALA INSIDE энергетика секторындағы маневрларды бақылап отыр. Бізбен бірге болыңыздар 👇
https://t.me/dalainside
Бүгін профильді Энергетика министрлігі еліміздің ОПЕК+ келісімі аясында мұнай өндіруді қосымша қысқарту мерзімін ұзартатындығын мәлімдеді.
«Қазақстан ОПЕК+ кейбір мүше елдерімен келісе отырып, 2024 жылдың екінші тоқсанына дейін тәулігіне 82 мың баррельге қосымша ерікті өндіруді қысқартады», - делінген хабарламада.
Сонда 2024 жылдың маусым айының соңына қарай Қазақстандағы өндіріс тәулігіне 1 468 баррель мұнайды құрамақ. Еліміз картельдің мұнай өндіруді ерікті қысқарту бастамасына былтыр сәуір айында қосылған болатын. Қазір оны орындай беруде еш қиындық жоқ. Бірақ келесі жылдан бастап жағдай өзгеруі мүмкін.
Теңізшевройлда 46 миллиард доллар инвестиция салынған Теңіз кенішін кеңейту мен скважина қысымын арттыру (ПБР-ПУУД) жобасы келесі жылдан іске қосыла бастайды. Сонда кеніш өндіріс көлемін жылына 12 миллион тоннаға арттырмақ. 2023 жылы Теңізшевройлдың 28,9 миллион тонна мұнай өндіргенін ескерсек, болашақ жылдық өндіріс көлемі 40 миллион тонна мұнайдан асуы тиіс. Бұл ОПЕК+ шектеулеріне қайшы келеді.
Биылғы жылдың соңына қарай біз ОПЕК+ ерікті қысқарту келісімінен кете бастаймыз. Оны басқа мүше елдердің бізге қарсы бірігуіне жол бермей, әдемі реттеу керек, дейді DALA INSIDE дереккөзі.
Осыған қатысты ОПЕК-тің негізгі ойыншылары, әсіресе көп жағдайда қыңырлау позиция ұстанатын Біріккен Араб Әмірліктерімен өте маңызды кездесулер дайындалуда.
DALA INSIDE энергетика секторындағы маневрларды бақылап отыр. Бізбен бірге болыңыздар 👇
https://t.me/dalainside
👍51👎1
🇷🇺 Россотрудничество шешім фазасын аяқтап, түсіндіру жұмыстарына көшті
Россотрудничество 2024 жылғы жоспарын бекітіп, онда орыс тілінің көрші елдердегі позициясын нығайтуға бағытталған федералды жобаны белсенді іске асыратынын жариялады. Жоба "Формирование системы стимулирования интереса к изучению русского языка" в рамках комплексной государственной программы российской Федерации "Поддержка и продвижение русского языка за рубежом" деп аталады.
Орыс тілін қорғайтын ұйым 2023 жылы барлық мақсаттарын орындады. Наурыз айының соңында қорытынды есебін бекітеді. Қазақстанның оңтүстігінде ашылатын үш орыс мектебі мәселесі үкіметаралық деңгейде шешілді. Енді ол мектептерді Кремльдің қазіргі саясаты көзқарасымен сабақ беретін ресейлік мұғалімдермен толтыру бойынша шаралар қолға алынған.
Орыс мектептерінің саны бойынша Қазақстан Орталық Азияның барлық мемлекеттері арасында көш бастап келеді. 2023 жылы Қазақстанда орыс тілінде оқытатын мектептер саны 3606 болса, көрші Өзбекстанда 1 мыңнан астам, Қырғызстанда 751, Тәжікстанда 200, Түркіменстанда 71 мектеп болған.
Қаймана қазақтың ордасы - Оңтүстік Қазақстанда үш орыс мектебін ашу арқылы Кремль өскелең қазақ жастарының Ресей мүддесімен санасу мәселесін шешеді және оған Россотрудничество қаржыны аямайды.
Енді Ресей мұғалімдерінің келуіне қоғам көзқарасын жұмсарту үшін оңтүстіктегі қазақтілді блогерлерге тапсырыс беру жоспарланған. Бишімбаев процесінде нәтижелі жұмыс істеген блогерлерге өте тиімді ұсыныс жасалмақ.
Одан бөлек, орысша айтыс ұйымдастыру идеясы да күн тәртібінен түскен жоқ. Орыс мектептерінің ашылу салтанатына орай Түркістанда халықаралық мүшайра өткізіп, ақындарды домбырамен орысша айтыстырып қою креативі Россотрудничествоға қатты ұнап отыр.
DALA INSIDE осы құбылыстарды үздіксіз бақылауда. Арнамызға жазылыңыздар 👇

Қазақстандық мұғалімдер орыс тілінен сабақ бере алса да, Ресейдің қазіргі саясатын түркістандық оқушыларға түсіндіре алмайды. Сондықтан Россотрудничество екі жеп биге шығу үшін өздері ашатын мектептердің Кремль идеологиясы аясында жұмыс істегенін көздеп отыр. Ол мәдени байланыс, кадр алмасу деген желеулермен іске асатын болады.
Орыс мектептерінің саны бойынша Қазақстан Орталық Азияның барлық мемлекеттері арасында көш бастап келеді. 2023 жылы Қазақстанда орыс тілінде оқытатын мектептер саны 3606 болса, көрші Өзбекстанда 1 мыңнан астам, Қырғызстанда 751, Тәжікстанда 200, Түркіменстанда 71 мектеп болған.
Қазақстанда биыл 339 880 оқушы бірінші сыныпқа барды. Оның 70,7 пайызы қазақ тілін, қалғаны орыс тілін таңдаған.
Қаймана қазақтың ордасы - Оңтүстік Қазақстанда үш орыс мектебін ашу арқылы Кремль өскелең қазақ жастарының Ресей мүддесімен санасу мәселесін шешеді және оған Россотрудничество қаржыны аямайды.
Енді Ресей мұғалімдерінің келуіне қоғам көзқарасын жұмсарту үшін оңтүстіктегі қазақтілді блогерлерге тапсырыс беру жоспарланған. Бишімбаев процесінде нәтижелі жұмыс істеген блогерлерге өте тиімді ұсыныс жасалмақ.
Одан бөлек, орысша айтыс ұйымдастыру идеясы да күн тәртібінен түскен жоқ. Орыс мектептерінің ашылу салтанатына орай Түркістанда халықаралық мүшайра өткізіп, ақындарды домбырамен орысша айтыстырып қою креативі Россотрудничествоға қатты ұнап отыр.
DALA INSIDE осы құбылыстарды үздіксіз бақылауда. Арнамызға жазылыңыздар 👇
https://t.me/dalainside
👎187🤮63👍17😡15🤯12😱6🔥2💯2👏1
🦷 Адамдарға емес экономикаға: мемлекет зейнетақы ақшасын пайдалануды шектей бастады
Көптеген стоматология және емханалар үшін Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы азаматтар салымын пайдалану күрт қиындап кеткен.
Дереккөз пайымдауынша, операторлар БЖЗҚ-дан бейресми тапсырма алғанға ұқсайды. Нәтижесінде БЖЗҚ-дан сыртқа кететін ақша ағыны баяулауы тиіс. Себебі, экономикаға 1,5 триллион теңге бөлініп жатқан кезде, салымшылар өтініші қабаттасып, ол зейнетақы қорындағы ақшаның азайып қалуына әкелуі ғажап емес.
БЖЗҚ-қанша ақша бар?
Қазіргі таңда қорда 18,1 триллион теңге салымдар жинақталған. Одан жыл басынан бері 63 миллиард теңге алынды. Оның ішінде 15 миллиард тенге зейнетке жаңа шыққан азаматтарға төленді. 18 миллиард теңгені азаматтар баспана алуға, ипотека үшін шешіп алса, 9,1 миллиард теңгені тіс және денсаулықты жақсартуға пайдаланған.
Екі айда баспана мен тіске 27,1 миллиард жұмсалса, бір жылда бұл сома 162 миллиард теңгеден асып кетуі мүмкін. Операторлар ақша аударуды қиындату арқылы, 2024 жылы осы шығынды 100 миллиард теңгеден асырмауға тырысатын болады дейді, дереккөз.
DALA INSIDE бұл жағдайды бақылайтын болады. Бізге жазылып алыңыздар 👇
https://t.me/dalainside
Көптеген стоматология және емханалар үшін Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы азаматтар салымын пайдалану күрт қиындап кеткен.
БЖЗҚ-дан экономикаға 1,5 триллион теңге қаржы құю бойынша шешім шыққалы бері операторлар, оның ішінде Отбасы банк стоматология мен емханаларға ақша аудару процесіне қосымша бақылау енгізді дейді, DALA INSIDE дереккөзі.

👍24😡6