DALA INSIDE
10.2K subscribers
412 photos
136 videos
1 file
1.17K links
✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал
✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар
™ Жарнама @dalareklanaBot

Самый узнаваемый казахский телеграм канал. Инсайды, политика, схемы, прогнозы. Экономические, финансовые расследования.
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Қан төгілмесін! Марқұм Шерзат Болаттың әкесі елге үн қатты...

Талғарда қаскөйлердің қолынан қаза тапқан Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов қазақ халқына үндеу жасап, жағдайға сабырмен қарауға шақырды.

Ол билік органдарының оқиғаға байланысты жұмыс істеп жатқанын айтып, кінәлілердің әділ сот алдында жауап беретініне үміт артты.

«Қазақ еліне айтарым – бізге қантөгіс керек емес. Құзырлы органдар істі өз бақылауына алды, барлығы заң аясында шешіледі деп сенемін. Мен ешкімнен қорықпаймын, кім келсе де жауап бере аламын. Ең бастысы, тыныш жатқан елде дүрбелең тумаса екен. Әділетті Қазақстан құрамыз десек, бір қазақ екінші қазаққа қару кезенбеуі керек», – деді Нұрымов.

Нұрымовтар әулетінің баспанасын
түнде белгісіз біреулер өртеп жіберген. Аймақ қоршауға алынған, полиция қызметкерлері жүр.


Бұл туралы әлі де айтамыз, бізге тіркеліп алыңыз👇

https://t.me/dalainside
👍43😢20😱11😡3💯2
⚡️ "Хутор" бригадасы: Шерзат Болаттың ісі арқылы шындық ашыла ма?..

Желідегі жұрт Шерзат Болаттың қайғылы өлімі мен оның үйінің өртенуін тек қылмыстық оқиға ретінде ғана емес, қаладағы билік пен қылмыстық құрылымдардың тоғысқан нүктесі ретінде қарастыруда.

"ОПГ тек қылмыстық әрекеттермен шектелмей, жергілікті билік жүйесіне де еніп кеткен" деген талғарлық тұрғындардың пікірі жиі ұшырасып жатыр.

Тергеуші топтың жұмысында бұлыңғыр мәліметтердің болуы және тергеу барысындағы кейбір күдікті жағдайлар осы сұрақтардың негізсіз еместігін көрсетеді.

Ұйымдасқан қылмыстық топтар көбіне жергілікті деңгейдегі беделді тұлғалармен қарым-қатынасты пайдаланып, өздерін құқық қорғау органдарының бақылауынан тыс қалдыра алатыны ешкімге таңсық емес.

Осы тұста билікке жақын бірқатар телеграм арналар атышулы "Хутор" бандасына қатысты "біртүрлі" инсайдтар таратуда.

Белгілі болғандай, қылмыстық топ 2015-2016 жылдары белсенді болған, оның жетекшісі Ержан Қасымбаев адам өлтіргені үшін 15 жылға сотталған, қазір абақтыда отыр.


Қасымбаевтар үш ағайынды. Ақорда маңындағы күбір-сыбырға жақын жүретін инсайдерлердің айтуынша Шерзаттың оқиғасында есім-сойы жиі ұшырасқан атышулы Хасан қазір Алматыда тұрады, оның ағасы Асылан Талғар қаласы әкімінің аппарат жетекшісі (рукап). Қоғамның алаңдаушылығын туғызып отырған да осы жәйт. Үйдің үлкені Асыланның лауазымы бұл істі одан сайын шиеленістіріп тұр.

Бұл контексте "Хутор" тобының қазіргі оқиғаларға қатысы жоқ болып көрінуі мүмкін. Бірақ бұл жерде бір нәрсені ескеру керек: ОПГ-лардың өмір салтында "спәчкіге" кететін дағды бар.

"Банданың нақты құрамы мен ішкі құрылымы толық зерттелмейінше, олардың әрекеттері мен ықпалы толық жойылды деп айту қиын" деп пайымдайды DALA INSIDE. Билік "Хутор" бандасы миф пе, шындық па?" деген сауалға да әлі күнге жарытымды жауап қатқан жоқ.

Қылмыстық топтардың құрылымы көп жағдайда басшыларына ғана тәуелді емес. Ержанның түрмеде болуы топтың белсенділігін азайтқанымен, оның басқа мүшелері немесе сол топпен тығыз байланыстағы тұлғалар аймақта өз әрекеттерін жалғастыруы мүмкін.


Жағдай күрделі болғандықтан, орталықтан арнайы тергеу тобы келіп, істі мұқият қарастыруда. Бізге жеткен мәлімет бойынша жақын уақытта Талғардың "акиматы" мен құқық қорғау жүйесінде кадрлық ауыс-түйістер болады. Жергілікті құқық қорғау органдарының сылбыр жұмысы сынға алынып, әкімдіктің әрекеті де май шаммен қаралады.

DALA INSIDE-ты осы орайда "билік пен қылмыстық топтар арасында кімнің ықпалы басымырақ" деген сауал мазалайды. Шерзат Болаттың қазасы және оның үйінің өртенуі осы күштер арасындағы күрестің бір бөлігі болуы мүмкін.

Шерзат Болаттың қазасы мен оның үйінің өртенуі тек бір ғана оқиғаның салдары емес, бұл Талғардағы күрделі саяси, қылмыстық және әлеуметтік проблемалардың тоғысқан нүктесі.

Билік осы оқиғаға дұрыс жауап беріп, аймақтық деңгейдегі проблемаларды шешу үшін шынайы қадамдар жасамаса, бұл Қазақстанның басқа өңірлерінде де қайталануы ықтимал.

Бұл туралы әлі де айтамыз. Бізге тіркеліп алыңыз 👇

https://t.me/dalainside
👍117🔥31😱12💯4😡4👏2😢2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Талғардағы қаралы үйдің өртенуі: Қылмыскерлер ұсталып, міндетті түрде жауапқа тартылады

Талғар ауданында үйді өртеу қылмысы бойынша барлық айғақтар алынып, қажетті сараптамалар жүргізілуде.

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов пен Алматы облысының прокуроры Берік Адамов Талғар ауданындағы үйді өртеу фактісі бойынша тергеу барысы туралы хабарлады.

❗️ Әленовтың айтуынша, қылмыс жасалған сәттен бастап, яғни 4 қазаннан бері Талғар ауданында министрдің бірінші орынбасары бастаған ІІМ орталық аппараты қызметкерлерінен құралған жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

– Жедел-тергеу тобы құрылып, қылмыс жасалған жерде мұқият тексеру жұмыстарын жүргізуде. Бейнебақылау камераларынан жазбалар қаралуда. Аулалар мен есепте тұрған тұлғалар тексерілуде. Отбасының тұрғылықты жерін полиция қызметкерлері патрульдеуде.

Оқиға орын алған кезде өрт болған үйде ешкім тұрып жатқан жоқ еді. Жанұя қазіргі кезде басқа мекенжайда тұрып жатыр.


Қылмыскерлер ұсталып, міндетті түрде жауапқа тартылады. Сонымен қатар жалған ақпарат таратпауға шақырамын, – деді Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов.

Алматы облысының прокуроры Берік Адамов барлық тергеу әрекеттері Бас прокуратураның бақылауында екенін атап өтті.

– Тергеу барысы туралы бас прокурорға есеп беремін. Бүгінгі таңда арнайы прокурорлар үйді өртеу фактісін тергеп жатыр. Оқиға орнынан барлық айғақтар алынып, олар бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Біз сараптама нәтижелерін күтудеміз, одан кейін қосымша ақпарат беріледі. Бүгінгі таңда осы іс бойынша көптеген жалған ақпарат таратылуда. Азаматтарға жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылатынын ескерткім келеді, – деді Алматы облысының прокуроры Берік Адамов.

Дереккөз: Polisia.kz
👍54😡20🤮7💯5🔥2
⚡️ Ұлттық банк базалық ставканы 14,25% деңгейінде сақтап қалды

Қазақстандағы инфляцияның темпі біршама бәсеңдегенімен, Ұлттық банк қымбатшылық қаупі әлі де сейілмеді деп есептейді. Қыркүйек айында жылдық инфляция 8,3%-ды құрағанымен, бұл 5% деңгейіндегі таргеттен алыс (таргет - Ұлттық банктің инфляция бойынша қойған мақсаты немесе межесі).

Осы себепті регулятор базалық ставканы 14,25% деңгейінде қалдыруды жөн көрген. Жоғары ставкілер елдегі сұранысты тежейді. Бизнес үшін несие алу ауырлайды, тұтынушылар да тізгін тартады. Бұл қадам инфляцияға қарсы "бронжилет" секілді жұмыс істейді: бағаның шарықтап кетуіне жол бермейді.

Бірақ мұндай шешімнің өз бағасы бар: бизнестің қолжетімді несиеден қағылуы экономикалық белсенділікке кері әсер етеді. Тек сұраныс қана емес, жалпы нарықтың динамикасы баяулайды.


Біздің ел үшін сыртқы факторлар да маңызды. Ресейдегі жоғары инфляция Қазақстанға кері әсерін тигізбей қоймайды, себебі екі елдің экономикасы тығыз байланысты. Бұған қоса, әлемдегі азық-түлік бағаларының шарықтауы да елдегі баға өсімін күшейтіп отыр. Импорттық азық-түлік пен тауарларға деген тәуелділік Қазақстанның экономикасындағы "ахиллестің өкшесі".

Ішкі факторларға келсек, коммуналдық тарифтердің өсуі мен тұтынушылық несиенің артуы инфляцияға қысым түсіріп отыр. Тұрғындардың несиені көптеп алуы ішкі сұранысты арттырып, бағаның жоғарылауына әсер етеді. Ұлттық банк бұл "қысымға" қарсы жауап қатуға мәжбүр.

Регулятордың алдағы мақсаты инфляцияны жүйелі түрде төмендету. Бірақ бұл үшін ұзақмерзімді шыдамдылық қажет.

Бұл туралы әлі де айтамыз. Бізге тіркеліп алыңыз 👇

https://t.me/dalainside
😱14👍13🔥3💯3😡2
⚡️"Халық мені бекер қарғап сілейді". Атышулы Хасан Қасымбаев сотқа арыз түсірді...

Қоғамда кеңінен талқыланып жатқан Шерзат ісі тың мәліметтермен толығуда.

DALA INSIDE-қа мәлім болғандай, осы істе есім-сойы жиі ұшырасқан Хасан Қасымбаев өзінің ар-намысы мен абыройын қорғау мақсатында марқұм баланың әкесіне және тағы басқа тұлғаларға қарсы арыз дайындап, Талғар аудандық сотына тапсырған.

Хасанның айтуынша, оның атына тағылған айыптар мен қоғамдағы әңгімелер шындыққа жанаспайды. Ол қарапайым тұрмыстық төбелесті ұйымдасқан қылмыстық топтардың арасындағы қақтығыс ретінде көрсетуге тырысып жатыр деген пікірде.

Касымбаевтың пікірінше, оны атышулы қылмыстық топпен байланыстыру негізсіз. Әлгі арызда ол ешқашан кісі өлтіруге қатысты жастарды көрмегенін, білмегенін және олардың әрекеттеріне ешқандай қатысы жоқ екенін мәлімдеген.

Хасан кез-келген қоғамдық алаңда, тіпті БАҚ арқылы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге дайын екенін айтқан. Оның ойынша, бұл оқиға қарапайым тұрмыстық жанжал болған, бірақ оны әдейі бұрмалап, үлкен қылмыстық астар қосып, оның атына кір келтірмекші.


Бұған дейін БАҚ беттері мен әлемжеліде марқұм Шерзат пен оның отбасына шабуыл жасаған бір топ бұзақының "Хутор" атты жергілікті бандымен байланысы бар деген ақпар тараған еді. Бірнеше дереккөз топтың төбе басында Хасан есімді азаматтың тұрғанын жазған болатын.

Алматы облыстық полиция департаменті Шерзаттың өліміне күдікті ретінде ұсталған жеті адамның ұйымдасқан қылмыстық еш қатысы жоғын жеткізген.

DALA INSIDE-қа белгілі болғандай, қылмыстық топ 2015-2016 жылдары белсенді болған, оның жетекшісі Ержан Қасымбаев адам өлтіргені үшін 15 жылға сотталған, қазір абақтыда отыр.

Қасымбаевтар үш ағайынды. Ақорда маңындағы күбір-сыбырға жақын жүретін инсайдерлердің айтуынша Шерзаттың оқиғасында есім-сойы жиі ұшырасқан атышулы Хасан қазір Алматыда тұрады, оның ағасы Асылан Талғар қаласы әкімінің аппарат жетекшісі (рукап).

Бұл туралы әлі де айтамыз. Бізге тіркеліп алыңыз 👇

https://t.me/dalainside
👍65😱24😡22🤮7🔥2💯2🤯1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Бұрынғы Хутор, қазіргі Рысқұлов ауылының тұрғындары халыққа үндеу жолдады...

Әзірде ғана Талғар ауданы, Рысқұлов ауылында (бұрынғы Хутор) шамамен 60 шақты адам жиналып, жұртқа видеоүндеу жазды деп хабарлайды DALA INSIDE.

Видеоүндеуде ауыл тұрғындары ел арасында тараған ауылда "бандитизм" жайлағаны туралы ақпаратты теріске шығарды.


Ауылға қатысты теріс пікірлерге наразы болған олар, қоғамдық тәртіптің бұзылмағанын атап өтті.

Оқиға орнында патрульдеу жұмыстары күшейтілді. Жағдай тұрақты. Ақпарат бойынша әлі де толықтыру болады.

Арнамызды бақылап отырыңыз👇

https://t.me/dalainside
😁61😡47👍17🤯3🔥2💯2
⚡️ Марқұм Шерзаттың әпкесі (бұрынғы) Хутор ауылының тұрғындарына жауап қатты...

Талғар ауданындағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты жанжал ушығып барады. Марқұмның әпкесі Перизат Нұрымова бағанарақта бейнеүндеу жасаған Рысқұлов (бұрынғы Хутор) ауылының тұрғындарына жауап қатты жазады DALA INSIDE Ұлысмедиаға сілтеп.

Айта кетелік, күдікті ретінде ұсталғандардың тұрғылықты жері осы ауыл. Қылмыс әлемінің серкесі делінген Хасан Қасымбаев та осы өлкенің тумасы.


Марқұмның әпкесі: "Ауыл ақсақалдары Хасанға араша түскенше, неге біздің алдымызға келмейді" деп ашынып отыр.

Перизат Нұрымова ауыл адамдарының өздерін қорғауға құқылы екенін айта келе, тұрғындардың ағат кеткен тұстарына да егжей-тегжейлі тоқталыпты.

"Олар (ауыл адамдары) азаматтық танытып, әкемнің алдына келіп, болған жағдайға қатысты өкініш білдіріп, әділ сотты күтіп отырғандарын айтулары тиіс еді. Олардың Қаңтар оқиғасы немесе басқа да жағдайларға сілтеме жасағаны орынсыз", – дейді марқұм Шерзаттың әпкесі.

Ол сонымен қатар әлгі бейнеүндеуде сөйлеген тұрғындарды танымайтынын, олардың осы уақытқа дейін әрекетсіз жатқанын атап өтті.

Перизат Нұрымованың сөзіне қарағанда осыған дейін сол ауылдың әйелдері "түн жамылып" келіп, қара жамылған отбасыға көңіл айтпақ болған. Алайда "беттерін бүркеп, жүздерін жасырып" келген.


"Соған қарап ол ауылда төрелік айтатын ақсақалдар жоқ па деген ой туады. Түнде әйелдерін жібергені дұрыс емес. Пейілі түзу болса, күндіз келіп тілдесер еді," – дейді ол.

Бүгін Рысқұлов ауылында шамамен 60 шақты адам жиналып, бейнеүндеу жариялағанын DALA INSIDE хабарлаған еді.

Ауыл ақсақалдары "ауылымыз ұйымшыл, Хасан мектепке, мешітке жәрдемдеседі, оған тағылған айыптар негізсіз" деп мәлімдеген.

Шерзат Болаттың өліміне байланысты ұсталған күдіктілер дәл осы ауылдың тұрғындары екені және олардың Хасан есімді қылмыс әлемінің өкіліне жақын екені хабарланған болатын.

Ақпарат бойынша әлі де толықтыру болады. Арнамызды бақылап отырыңыз👇

https://t.me/dalainside
👍79🔥7😢6💯6👎3😱1
⚡️ Атышулы Хасанның тағы бір үндеуі тарап жатыр...

Ол бандаға еш қатысы жоқ екенін айтып дабыл қағуда.

“Мен де әкемін. Бала тәрбиелеп, өсіріп отырмын. Біздің отбасымызға да оңай болып тұрған жоқ. Неше күннен бері ұйқы жоқ. Жалған ақпараттан менің де, отбасымның да мазасы қашты”, - дейді ол.

Dalanews.kz сайтындағы әріптестер үндеудің астарына үңілуге тырысыпты. Толығырақ👇

https://dalanews.kz/kz/article/men-de-akemin-atishuli-xasan-qazaqstandiqtarga-undeu-jasadi.html
😡29😱27👍15😢4😁3🤯3🤮3🔥2
⚡️ Түркістан? Ердоған жаңа геосаяси операцияға білек түре кірісті...

Түркияның "Түркістан" ұғымын елдің білім беру бағдарламасына енгізуі - үлкен идеологиялық революция, әрі бүкіл түркі әлемінің геосаяси картасына елеулі әсер ететін батыл қадам деп пайымдайды DALA INSIDE.

Бұйырса, бұл бастама тарихи әділеттілікті қалпына келтіру мен жаңа идеологиялық доктринаның негізі болады. Ердоғанның "Түркістан" ұғымын қайта жаңғыртуы Путиннің ұзақ уақыттан бері сақтап келген "soft power" (жұмсақ күш) саясатына жасалған соққы.

Осынау шешімнің астарында Анкараның аймақтағы лидерлік позицияға таласып, Мәскеудің Орта Азиядағы ықпалын шайқалтуға бағытталған стратегиясы жатыр.

Ердоған аймақтағы Кремль үстемдігіне ашық түрде қарсы шығып, біріккен түркі кеңістігінің негізін қалауға бел буған сынды.

"Түркі ғасыры" идеясы Анкараның аймақтық көшбасшылыққа талпынуы ғана емес, түркі халықтарының "жаңа бірлігін" (жаңа формадағы ынтымақтастық) қалыптастыруға деген ұмтылысы іспетті.


"Түркістан" терминін тірілту арқылы Түркия Ресейдің Орта Азиядағы интеллектуалдық кеңістігіне шабуыл жасап отыр. Осы концепцияны санамызға сіңдірген Қызыл империя аймақты тек экономикалық және саяси мүдде арқылы өлшеген болса, "Түркістан" атауы жадымыздан ұмытыла бастаған рухани-мәдени кодты қайта жаңғыртады.

Оның ішінде түркі халықтарының ортақ әліпбиін, ортақ тарихы мен карталарын жасау арқылы біздің санамызға ортақ болашаққа деген сенім ұялату мақсаты бар.

Былайша айтқанда, бұл - Мәскеуді ықпал ету аймағынан айыруға бағытталған геосаяси операция. "Түркістан" - бұл жай атау ғана емес, жаңа әлемдік тәртіпке қол созу.


Анкараның әмбициясы - аймақтық ойыншыдан жаһандық ықпалды күшке айналу. "Түркістан" ұғымы тек Орта Азияны ғана емес, керек десеңіз Ресейдің өзіндегі түркі тектес халықтарды да біріктіруі ықтимал...

Мәселе, осынау өзгеріс Мәскеудің "зәдний дворы" саналатын Қазақстанның Түркияға қарай ойысуына түрткі бола ма? Анкарамен тарихи байланыстарды нығайтып, ортақ болашақты Түркиямен бірге құрысуға дайынбыз ба?

"Түркістан" тек білім саласындағы термин емес, ол болашақтағы геосаяси жобаның атауы болуы мүмкін. Егер түркі халықтары біріксе, онда Ресейге қарсы жаңа экономикалық және саяси блок қалыптасуы ғажап емес.

Мұны жақсы түсінетін Кремль түркілердің ортақ тарихы, тілі, картасы, әліпбиі секілді элементтерді қайта біріктіруді көздеген Анкараға кедергі келтіруге тырысары анық.

Бұл туралы ертең айтамыз. Бізге тіркеліп алыңыз👇

https://t.me/dalainside
👍178💯14🔥8👏5🤝3😁1😱1
Астанада «She Rug» атты теңдессіз көрме ашылды

Экспозицияда қазақтың ежелгі қолөнері – кілем тоқудың барлық сатысы ұсынылды.

Көрме 17 қазаннан 8 қарашаға дейін Forte Kulanshi Artspace галереясында өтуде. Оның ашылу салтанатына өнер адамдары жиналып, қолөнер иелері шығарған кілемнің түр-түрін тамашалады. Көрменің орталық бөлігі ShyraQ әлеуметтік жобасы болмақ.

https://dalanews.kz/kz/article/gajayiptan-toqilgan-oner-astanada-ashilgan-korme-qazaq-elin-elen-etkizdi.html
😁33👍15😡5😢3
🙏 Қазақ Тәңірі оянды ма? Бүгін тенгрианды ресми концессия ретінде тіркеу петициясына жиналған қол саны мыңнан асты

Бүгін үкіметтің ресми петициялық e-petition сайтында Ерлан Еспенбетовтың тәңіршілдікті ресми концессия ретінде қабылдауға бағытталған петициясы мыңнан астам қол жинады. Бұл оқиға Қазақстанда ұлттық болмыс пен тарихи тамырларды қайта жаңғыртуға қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді. Бірақ тенгризмнің бүгінгі Қазақстанда болашағы бар ма?

Бұған дейін петиция авторы, руника зерттеушісі Ерлан Еспенбетов "Тәңір Елі" республикалық діни бірлестігін ресми тіркету бойынша және Тәңірлікті ислам, христиан, иудаизм мен буддизммен қатар Қазақстанда мойындалған дін ретінде қарастыруға қатысты «Алаш онлайн» сервисінде бейресми петиция жариялаған болатын. Бірақ оның нәтижелері Қазақстанда ресми мойындалмайтын болғандықтан, петиция «E-Petition» сервисіне ауысты. Петиция тиісті қол жинайтын болса, тәңіризмге Мәдениет және Ақпарат министрлігінің Дін істері комитетіне бекітілген тәртіппен тіркелу керек.

«Тәңіршілдіктің дін болғаны қазаққа керек пе деген сұрақ өте қиын болып тұр. Бұл наным ретінде жақсы жүреді. Ал догма ретінде қалыптасып, өзінің кітабы болса, тиымы болса, оның басқа діндерден еш айырмашылығы болмайды», - DALA INSIDE дереккөзінің бірі, түркітанушы ғалым.


Оның айтуынша, тенгризм наным, ішкі ұстаным ретінде әлдеқайда таза, кіршіксіз көрінетін сияқты. Догмалық діндерге кір жұғады, себебі олар күнә мен жаза, ізгі іс пен марапат системасына негізделген. Ал тәңірлік наным ретінде догмадан ада, сондықтан оған кір жұға бермейді.

Бүгіндері Дін істері комитеті мәліметінше, қазір елімізде 18 конфессияны қамтитын 3977 діни бірлестік тіркелген. Оның ішінде, 2835 - исламдық, 347 - православие, 93 - католик, 586 - протестант, 61 - Ехоба куәгерлері, 24 - Жаңаапостолдық шіркеу, 13 - Кришна санасы қоғамы, 7 - иудаизм, 6 - бахаи, 2 - буддизм, 2 - соңғы күнгі әулиелер (мормондар), 1 - муниттер. Ал жалпы 3776 діни ғимарат бар. Оның ішінде 2834 - мешіт, 304 - православие шіркеуі, 117 - католик шіркеуі, 424 - протестанттық ғибадат үйі, 57 - Ехоба куәгерлерінің ғибадат үйі, 24 - Жаңа апостол шіркеуінің үйі, 6 - синагог, 2 - Бахаи ғибадат үйлері, 5 - Кришна ғибадатханалары, 2 - буддисттік ғибадатхана, 1 - муниттер үйі.

Түркітанушы ғалымның сөзінше, біздегі тәңіршілдерді негізінен үш бағытқа бөлуге болады.

1. Секталық, діни сипатта даму керек дейтін топ. Бірақ, олар көп емес. Ол секта исламның қағидаларын қазақшалап алып, соны таратуда. Мысалы, “Амин” дегенді “Өмін” деп бет сипатады.

2. Тәңірлікті саяси қозғалыс ретінде көретін топ. Бұлар секта емес, ұлттық партия жолымен жүргісі келеді. Олар да аз.

3. Этнозерттеушілер тобы. Олар тәңірлікті дін деп қабылдамайды. Олар үшін бұл байырғы көшпелілер дүниетанымы ғана. Олар осы дәстүрді сақтап қалуға тырысады.

Дегенмен, 2024 жылдан бастап жастар арасында тенгризмнің модаға айналып келе жатқаны байқалады. Әлеуметтік желілерде бұл бағытты қолдайтын топтар мен парақшалар көбеюде, олар ежелгі қазақ дүниетанымын қайта жаңғыртуды ұсынады.

Егер петиция қарқын алса, болашақта тәңіршілдік ресми түрде мойындалуы мүмкін. Себебі, Жаңа Қазақстан барлық үмітін тек қана исламға артпай, дін мәселесінде диверсификация жолдарын қарастыруда. Тым радикалданып бара жатқан исламға альтернатива болатын, қазақы төл жол керек деген дауыстар да жиі шыға бастады.

Бұл эволюциялық мәселені DALA INSIDE бақылап отыр. Қазақстанда жаңа дін пайда болса, біз оны міндетті түрде хабарлайтын боламыз

https://t.me/dalainside
👍90👎55🔥7😡7👏4😁3😱2
🫣 Бір гәп болуы мүмкін. Депутаттар Рау мен Авершиннің түпкі ойына анализ жасалатын болады

Мәжілісте шыққан шудан кейін "Сол жағалаудағы" аналитикалық орталықтар депутаттар Альберт Рау мен Константин Авершиннің жер қойнауын бөлетін, үлестіретін қызметті мемлекет құзырынан жеке акционерлік қоғамға ауыстырудағы өте белсенді жұмысын сараптай бастады.

Кеше «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекске енгізілетін түзетулердің таныстырылымы барысында даулы мәселе туындап, Альберт Рау оны Мемлекет басшысының тапсырмасы деп келтірген болатын. Түзетулерде Геология комитетінің геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, жүйелеу, жинауды, қол жеткізуді қамтамасыз ету жөніндегі құзыретін ұлттық операторға беру жөнінде норма көзделген.

Бұған депутат Бақтықожа Ізмұхамбетов қарсы болды.

«Тікесін айтайын. Жер қойнауын 20 жыл басқарған адаммын. Бұл мәселенің бәрін бір кісідей білемін. Мемлекеттік мүддені акционерлік ұйымға беру деген - мүлдем қате. Әрине, комитет министрліктің қарауында. Мынадай сұрақ қояйын деп едім: жұмыс тобына бұрын қатысқан жоқпын. Мынаны Үкіметке қарауға қай уақытта жіберді және Үкіметтен кім берді? Үкіметтің адамы берген болса, анық-қанығын анықтайық. Неге ол бұл тиімді деп санайды? Бұл түбегейлі дұрыс емес. Бірнеше позиция бар. Неге екенін айта аламын. «Үкіметтің қорытындысы бар» дейді. Не үшін қарап отырмыз онда? Мынаны берген Үкіметтің адамы Үкіметтің жағдайын ойлайтын кісі емес. Өте дұрыс емес, қате»


«Кодекске енгізілетін түзетулер инвестордың жер қойнауын алып, оны қалай болса солай игере беруіне жол ашады. Кәмпиттің қабығын ашып, бір тістеп тастай берген сияқты болады. Кенішті сәл шұқиды да, бетіндегі қаймағын сүзіп, қалдырып кете алады. Демек, сол жерге инвестиция тарту, құрылғыларды жаңалау, жергілікті жерге жәрдемдесу сынды кешенді инвестиция болмайды», - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.

Қазір Альберт Рау бастаған топ Кодекске түзетулерді Үкіметке мақұлдатып алған. Нақты кім мақұлдады және олардың түпкі мақсаты неде екені енді анықталатын болады.

DALA INSIDE жағдайды бақылап отыр. Бізбен бірге бақылаңыздар 👇

https://t.me/dalainside
😡63👍57😱16🔥4💯2👏1
⚽ Футболдағы «перезагрузка»: тиын жасап жүрген агенттер мен функционерлер жаппай сотталмақ

DALA INSIDE сенімді дереккөздеріне сүйенсек, спорт саласындағы кадрлық ауыс-түйістер алдағы күндері футбол әлемінде де жалғасуы мүмкін. Париж олимпиадасынан кейін «Сол жағалау» спорттық құрылымдарды толық тексеріп, білек сыбана жұмысты қолға алатыны айтылған еді. Алдымен хоккей саласында орын алған өзгерістер футболға жеткен сыңайлы.

Күні кеше су жаңа министрге толық карт-бланш берілгенін жазған едік. Бұл дегеніміз - майлы креслоларға жабысып қалған функционерлермен қоштасу кезеңі басталды деген сөз. Қоштаспақ тұрмақ, оларды темір тордың ар жағына жіберу мақсаты тұр. Олардың қатарында футболдағы басшылық лауазымдарды ұзақ жылдар бойы иемденіп келген кейбір танымал тұлғалар да бар. Кім екенін жақын арада ести бастайсыздар.

Бізге жеткен деректерге сәйкес, алдағы уақытта мемлекеттік қолдаудың қызығын көріп келген, алайда нәтиже бермеген клубтар жіті назарға алынып, олардың қаржылық шығындары қатаң аудиттен өтпек.


Сонымен қатар, сырттан бапкер шақыруға әуес Қазақстан футбол федерациясының төрағасы Әділет Бәрменқұловтың да кәсіби деңгейіне баға берілмек. Қазіргі құрама бапкері Станислав Черчесовтың жетістіктерін (жеңілістерін) отандық кез-келген бапкер де қайталай алатыны түсінікті. Онда Черчесовке неге қыруар қаржы төлеп отырмыз деген заңды сұрақ туады.

Қазақ футболы «Сол жағалауға» мүлде ұнамай отыр. Бапкер Адиевтің кезінде үміт оты пайда болып еді. Бірақ қазіргі түсініксіз тірліктер осыған дейін жеткен биіктеріміздің барлығын жуып-шайып жіберіп, қазақ футболын кім көрінгенге ұтылып жүрген 2008-2016 жылдардың деңгейіне қайта түсіріп тастады. Бізден Тәжікстан мен Судан жоғары тұрған ФИФА рейтингі осыған айқын дәлел.

Бұл жолғы "тазалау" бұрынғыларынан әлдеқайда қатал болуы мүмкін дейді дереккөз.


Алдағы инсайдтар үшін бізге тіркеліп, жаңалықтарымыздан қалыс қалмаңыз👇

https://t.me/dalainside
👍94🔥4💯3👏1
💰 Бауыржан Бәйбек криптомиллионер атануы мүмкін

Бауыржан Бәйбек Люксембургтағы ықпалды азаматтарды ара ағайын ретінде пайдаланып, Қазақстанға қауіпсіз оралу мәселесін талқылауды ойластыра бастады. DALA INSIDE дереккөзі, «Жаңа Қазақстан» тарапынан Бәйбекке гарантия беретін тұлғаның әлі анықталмай отырғанын тілге тиек етеді.

Бір кездері Алматы қаласының әкімі, "Nur Otan" партиясы басшыларының бірі болған Бауыржан Бәйбек соңғы жылдары Кипрде тұрақтаған. Бірақ Еуропаға жиі сапарлап жүр.

Бәйбектің Кипрге кеткені туралы ақпарат қоғамда екі түрлі қабылданды. Біреулер оны саяси себептермен кетуге мәжбүр болды десе, басқалары Бәйбек түрлі қаржылық махинациялар бойынша айыптаулардан қашты деп санайды.

«Бауыржан Бәйбек шетелде криптавалютамен айналысып көрді. Шын айтқанда бұл тірлігі біршама табысты болып шықты. Қазір ол кәнігі криптоинвестор», - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.

Бәйбектің болашақта оралуына әсер еткен негізгі себептер ретінде соңғы саяси өзгерістерді айтуға болады. Жаңа билік құрылымы, активтерді қайтарғандарға жылы көзқарас оның елге қайта оралып, қоғамдық немесе саяси өмірге қайта араласуына жағдай жасай алатын секілді.

Бәйбектің елге оралуы қоғамды екіге жара алады. Біреулер оны бұрынғы істері үшін жауап беруі керек деп санаса, енді біреулер оның жаңа көзқараспен, тәжірибемен оралып, елге пайда тигізе алатынын алға тартуы мүмкін.

Бәйбектің оралуы Қазақстандағы саяси сахнада жаңа бетбұрыс әкелмек. Әзірше бұл тек инсайдерлік ақпарат ретінде қарастырылып отыр. Анығын Люксембургтағы авторитет шешеді.

Бәйбектің оралуына қалай қарайсыздар? Әзіргі ескі команда шетелде үндемей отыр.

DALA INSIDE жағдайды бақылаудан шығарып алмауға тырысады. Бізбен бірге тырысыңыздар 👇

https://t.me/dalainside
👎117👍28😁9🔥3👏1💯1
Forwarded from Dala Finance
📈 Қымбатшылық қысып барады: Бір жылда электр энергиясы 22,9%-ға, қара судың құны 60,3%-ға, жылу бағасы 33,6%-ға өскен...

Halyk Finance сарапшыларының мәлім еткеніндей, қазан айындағы инфляция 8,5%-ға жеткен. Бұл қыркүйектегі 8,3%-бен салыстырғанда 0,2%-ға жоғары.

Қателеспесек, жыл бойындағы ең жоғары мән шілде айында байқалып, инфляция 8,7%-ға дейін көтерілген болатын.

Қазандағы инфляцияға ақылы қызметтер айтарлықтай есер еткен. Бұл сектордағы бағаның жылдық өсімі 14,3%-ды құрап, инфляцияға 3,97 пайыздық пунктке дейін үлес қосты.


Коммуналдық қызмет, әсіресе электр энергиясы, суық су, және орталық жылытудың бағасы едәуір өскен: электр энергиясы 22,9%-ға, суық су 60,3%-ға, ал орталық жылытудың бағасы 33,6%-ға артқан.

Азық-түліктің өсімі қыркүйекпен салыстырғанда (5,1%) азайғанымен, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 7,8%-ға қымбаттап инфляцияны құтырта түскен.

"Ұлттық қордан қазынаға қосымша 2 трлн 🏣 бөлінуі де жағдайды ушықтырып жіберді. Қаражат қыркүйек-қазан айларында экономикаға түсіп, ликвидтілікті арттыру арқылы сұранысты көтерді және инфляциялық қысым жасады. Алдағы айларда инфляцияның төмендеуі екіталай. Жыл соңына дейін 8,5% деңгейінде қалады. Осыған байланысты, 🇰🇿 Ұлттық банк базалық пайыздық мөлшерлемені ағымдағы деңгейде сақтайды", - деп болжам жасаған екен Halyk Finance сарапшылары.

DALA FINANCE анықтамасы: Трансферттік қаражат инфляцияға қалай әсер етеді?

Ұлттық қордан бюджетке ауған ілгерідегі 2 трлн теңге экономикадағы ақша массасының өсуіне және инфляцияның қарқын алуына ықпал етеді. Басқаша айтқанда, нарықтағы ақша мен нақты тауардың тепе-теңдігі бұзылады, тауар мен қызмет бірліктері санына қарағанда ақша көбірек айналымда болады.

Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalafinance
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎37😢14👍11🔥3😡3💯2😁1
⚡️ Goldman Sachs: 🇰🇿 Бектенов үкіметінің экономикалық стратегиясы жақын уақытта жемісін береді...

Әлемге әйгілі Goldman Sachs халықаралық инвестициялық банкінің есебіне сәйкес, Қазақстан экономикасы алдағы жылдары ақырындап еңсе тіктейді.

Банк сарапшыларың есеп-қисабына сәйкес, Қазақстан экономикасы:

2024 жылы ЖІӨ 3,7%-ға өседі деп болжануда.
2025 жылы бұл көрсеткіш 5,0%-ға дейін жеделдейді.
2026 жылы өсім сәл баяулап, 4,1% құрайды.

Бұл өсім Орта және Шығыс Еуропа, Таяу Шығыс және Қара құрлық (CEEMEA) аймағындағы орташа көрсеткіштен жоғары.

Инфляция ше? Goldman Sachs: "Бектенов үкіметі биылғы жылды 8,5% деңгейімен аяқтайды", - деп тұспалдап отыр. Ал...

2025 жылы бұл көрсеткіш 7,9%-ға дейін төмендейді деп күтілуде.
2026 жылы инфляция 6,2%-ға дейін баяулауы мүмкін.

"Инфляцияның біртіндеп төмендеуі елдегі макроэкономикалық тұрақтылықтың жақсарып келе жатқанын көрсетеді", - дейді қаржы институтының әнәлитиктері.


Алгоритм бойынша инфляцияның төмендеуі 🇰🇿 Ұлттық Банктің негізгі ставкасына әсер етеді. Қазіргі уақытта Ұлттық Банктің негізгі мөлшерлемесі 14,25% құрайды.

Goldman Sachs болжамы бойынша, ставкі де:

2025 жылға қарай 12,25%-ға дейін;
2026 жылға қарай 8%-ға дейін біртіндеп төмендейді.

"Негізгі ставканың төмендеуі несие алу шарттарын жеңілдетуге мүмкіндік береді, бұл бизнестің дамуына және инвестициялық белсенділіктің артуына оң ықпал етеді", - дейді Goldman Sachs.


Тұтастай алғанда инфляция және негізгі ставканың біртіндеп төмендеуі экономикалық белсенділікті ынталандырып, елдің әл-ауқатын арттыруға ықпал етеді деп күтілуде.

DALA INSIDE анықтамасы: Goldman Sachs – әлемге танымал американдық инвестициялық банк және қаржы қызметтерін ұсынатын компания. Ол корпорациялар, үкіметтер және жеке тұлғалар үшін инвестициялық банкинг, активтерді басқару, бағалы қағаздар саудасы және қаржылық кеңес беру қызметтерін атқарады. Қаржы саласындағы беделі жоғары, әлемдік экономикалық талдаулар мен болжамдар жасаумен танымал.

Алдағы инсайдтар үшін бізге тіркеліп, жаңалықтарымыздан қалыс қалмаңыз👇

https://t.me/dalainside
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍46🤮19🙏7💯4🔥3😁2👏1
⚡️ Атышулы Хасан Қасымбаев ұсталды. Полиция осыдан үш жыл бұрынғы істі архивтен аршып алды...

"Хутор" ОПГ-сымен байланысы бар делінген Хасан Қасымбаев ұсталды. Алматы облыстық полиция департаменті Қасымбаевты ❗️ 2021 жылы жасалған қылмыс бойынша құрықтағанын хабарлады.

Департамент мәліметінше, Қасымбаев А. есімді азаматқа қасақана ауыр зиян келтіріп, оны үптеп-түптеп кетті деген күдікке ілінген. Бұған дейін Orda порталына берген сұхбатында Қасымбаев "заң алдында кінәсіз екенін" айтып, ант-су ішкен еді.

Қасымбаевқа қатысты іс материалдары бұлтартпау шарасын тағайындау үшін сотқа жолданған. Тергеу амалдары облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында.


Айта кетейік, бұған дейін кәмелетке толмаған Шерзат Болаттың өліміне қатысты бірқатар БАҚ Қасымбаевты "Хутор" ұйымдасқан қылмыстық тобымен байланыстырған. Кейін Orda-ға сұхбат берген Хасан әлгі ОПГ-мен еш байланысы жоқ екенін, Шерзатты танымайтынын мәлімдеген. Сонымен қатар, өзіне қарсы жасалған шабуылдың астары барын айтқан. Оның ойынша бұл істің артында белгілі бір күштер тұруы ғажап емес.

Қасымбаев неге қазір ғана ұсталды? 2021 жылы жасалған қылмыс бойынша күдіктіні үш жылдан кейін тұтқындау нені білдіреді?

DALA INSIDE-тың пайымдауынша "Шерзат ісі" бойынша ұсталғандар тергеуде шешіліп сөйлей бастаған. Шегінерге жер қалмағанын түсінген олар процессуалдық келісімге қол жеткізу үшін (жазасын жеңілдету) банданың ескі қылмыстарын да еске түсіруде.

Демек, жақын күндері атышулы Хасан мен онымен байланысты делінген "Хутор" ОПГ-на қатысты небір-небір инсайдтар тарайын деп тұр.

Талғардағы әкімдік, полиция және прокуратурадағы кадрлық тазалаудан кейін істің барысы да өзгере бастағандай әсер қалдырады. Әйтпесе бұған дейінгі полиция басшылығының Хасанға қатысты риторикасы бөлек еді.


DALA INSIDE-тың долбары дәл келіп, "Шерзат ісі" бойынша ұсталғандардың сөйлей бастағаны расталса, полицияның үш жыл бұрынғы істі архивтен қайта аршып алуы логикалық жағынан ақылға сыйымды әрекет.

Бұл туралы әлі де айтамыз, бізге тіркеліп алыңыз👇

https://t.me/dalainside
👍133🔥9😁4😱3🙏2💯2🤯1
⚔️ Қазақстанды толық бандиттерден тазарту міндеті қойылды

Құқық қорғау органдарының жабық консультацияларында "90 жылғы рэкет, братва" ұғымдарының қайтып оралмауы үшін тиімді амалдар талқылануда. 2026 жылы елімізде бір де бір бандит қалмауы тиіс.

Бандитизмге қандай да бір қатысы бар деген істер қайта қаралып, кезінде құтылып кеткен шортандар жаппай ұсталатын болады. Ел арасында айтылып жүрген бандалар туралы сөздерге де мән беру, олардың шын-өтірігін тексеру туралы міндет те қойылды. Идеологиялық блокқа жастар арасында жүруі мүмкін "түрме романтикасына" пропаганда күшімен күресу де ұсынылды.

Мектеп оқушыларының арасында түрмеге "жылу" (грев) жинау оқиғаларын анықтап, оның ұйымдастырушыларын жаппай ұстау тапсырылды.

"Ұйымдасқан қылмыспен күрес" бөлімдері күшейтіліп, штаттары мен керек-жарақтары ұлғаяды деп болжанған. 2025 жылы бандиттерге қиын болайын деп тұр", - дейді DALA INSIDE дереккөзі.


Өкінішке орай, Қазақстан қылмыс деңгейі жоғары елдерге жатады. 2024 жылғы Numbeo рейтингінде Қазақстан 146 елдің ішінде 75-ші орынға тұрақтады. ТМД елдері арасында Қырғызстан (41 орын), Беларусь (53 орын), Украина (68 орын) елдерінде жағдай бізден нашар. Өзбекстанда (118 орын), Арменияда (139 орын) қылмыс деңгейі өте төмен.

Алматы Қазақстан мен Орталық Азия бойынша адам өміріне ең қауіпті жер деп саналады. Бүкіл өңірдің қылмыстық астанасы атанған Алматыда жыл сайын кемінде 40 адам қылмыскер қолынан қаза табуда.

DALA INSIDE білуінше қыстан бастап түрлі авторитеттердің құрықталғаны туралы жаңалықтар көбейеді. Барахолка мен автонарықта орнығып алған этникалық бандалар да жаппай жойылмақ. Бізден бірге болыңыздар 👇

https://t.me/dalainside
👍147😁17👏9🔥6💯3😡1
⚡️🇺🇸 Америкадағы президент сайлауында Республикалық партияның кандидаты Доналд Трамп жеңіске жетіп, елдің 47-президенті болып сайланды.

Бұл туралы Reuters агенттігі Өкілдер палатасының спикері Майк Джонсонға сілтеме жасап хабарлады.

Дональд Трамп бұған дейін 2017-2021 жылдар аралығында АҚШ-тың 45-президенті қызметін атқарған. Оның Ақ үйге қайта оралуы АҚШ саясаты мен халықаралық қатынаста жаңа кезеңнің басталуын білдіреді.

Соңғы деректерге сүйенсек, Дональд Трамп жеңіске жетуі үшін қажетті 270 дауыстың 267-сіне қол жеткізген. Дауыс санау әлі де жалғасуда. Бұл жеңіс Республикалық партияның елдегі ықпалын күшейтіп, алдағы жылдағы саяси бағытқа әсер етуі мүмкін.

Флоридадағы электораттың алдында сөз сөйлеген Дөкең "менің дәуірімде Әміриканың алтын ғасыры орнайды" деп уәде етті.


Трамптың қайта сайлануы АҚШ-тың ішкі және сыртқы саясатында қандай өзгерістер әкелетінін уақыт көрсетеді. Әлем елдері жаңа әкімшіліктің қадамдарын мұқият бақылап, өзара қарым-қатынастарын бейімдеуге дайындалуда.

https://t.me/dalainside
👎53👍16👏13💯2🔥1🤯1
Forwarded from Dala Finance
🧮 Экономист Олжас Байділдинов бюджет тапшылығы мәселесін шешу үшін мемлекеттік субсидияларды қысқартуды ұсынады

"Мысалы, Алматыда қоғамдық көлік билетінің нақты құны - 310 теңгеден асады, ал белгіленген баға - 120 теңге. Айырманы бюджеттен төлейміз. 2024 жылы тасымалдараушыларды субсидиялауға 97,3 млрд теңге немесе шамамен 200 млн доллар бөлінген!!! Бұл дегеніңіз қып-қызыл, қырғын ақша! Ал бүкіл ел бойынша бұл цифр одан сайын зорайып шыға келеді: тиімсіз әрі ашықтығы күмәнді субсидияға жұмсалып жатқан бюджет ақшасы. Сондықтан бюджет тапшылығын жою үшін бірінші қолға алынуы керек нәрсе – осындай субсидиялар көлемін қысқарту", - дейді "Байдильдинов. Нефть" парақшасын жүргізуші, мұнай саласы бойынша сарапшы Олжас Байділдинов.


Қазақстан мен БАӘ мемлекеттік бюджеттерін салыстыра қарастырған желідегі жазбасында ол біздің ел арабтарға қарағанда 2,7 есе мемлекеттік бюджетке көп ақша жұмсайтынын айтады. Сонда неге бізде даму жоқ? Бұған ол былай жауап қатады:

"Біріншіден, мұндағы халық саны аз, жергілікті азаматтар 3 миллиондай (9,5 млн) ғана болады. Екіншіден, мұндағы біз көріп жүрген - Дубай, Әбу Даби және өзге де көз қызықтырар қалалар жекенің ақшасына салынған. 1980 жылдардан бастап БАӘ аймағына (Таяу Шығыс және Солтүстік Африка) триллиондаған доллардың тікелей және жанама шетелдік инвестициялары келіп құйылып жатты, олардың көпшілігі БАӘ-ге бағытталады. Дубай Маринаны да мемлекет салған жоқ! Мемлекет тек инфрақұрылым түзіп, жағдай жасады, болды, қалғанының бәрі – тұрғын үйлер, сауда орталықтары, Blue Water Island жасанды аралы және т.б. әлемнің түкпір-түкпірінен келген сатып алушылардың қаражатына салынды. Сондықтан Дубай/Әмірліктер қанша мұнай өндіреді, бұл маңызды емес, бұл бір-бірін толықтыратын, бірақ бір-бірінен тәуелсіз екі бөлек дүние".


Сондай-ақ сарапшы мынандай қызық мысал келтіреді: қазан айында Дубайдың жылжымайтын мүлік нарығы тағы да рекорд орнатты - $16,7 млрд! Яғни, тек бір айда елдің жылдық мемлекеттік бюджетінің сомасына сай бастапқы және екінші деңгейдегі нарықтарда мәмілелер жасалған!

"Демек, БАӘ-ге өндірілген мұнайды сатудан түскен қаражаттан қарағанда инвестициялық ақша едәуір көп түседі. Осыны жақсылап түсініп алу керек", - дейді ол.


Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalafinance
👍53🔥9💯3👏2😡1