Еңбек министрлігі 🇰🇿 Министерство труда
3.39K subscribers
4.21K photos
912 videos
5 files
3.38K links
🇰🇿 ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми арнасы

🔹️ 🔸️ 🔹️

🇰🇿 Официальный канал Министерства труда и социальной защиты РК

📩 kense@enbek.gov.kz
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 Еңбек нарығы өзгеріп жатыр. Жасанды интеллект пен цифрлық технологиялардың дамуы мамандықтарға деген сұранысқа да әсер етуде.

Бүгінде бәсекеге қабілетті маман болу үшін қандай дағдыларға мән беру керек? Қай мамандықтарға сұраныс жоғары? Еңбек нарығындағы қазіргі талаптар қандай?

Осы сұрақтарға Еңбек ресурстарын дамыту орталығының бас сарапшысы Имағали Есімбек «24KZ» телеарнасына берген сұхбатында жауап берді.

▶️ Толығырақ бейнематериалдан көріңіздер.

Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍9❤5
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 Қазақстанда барлық азаматтың құқықтары мен мүмкіндіктерін тең қамтамасыз етуге, қоғам өміріне толыққанды араласуына жағдай жасауға бағытталған заманауи инклюзивті саясат жүйесі қалыптасып келеді.

Қазақстан Республикасының 2025-2030 жылдарға арналған инклюзивті саясат тұжырымдамасы аясында 13 негізгі бағыт бойынша 52 шараны қамтитын жоспар жүзеге асырылуда.

Бұл жұмыс қолжетімді орта қалыптастыру, инклюзивті білім беруді дамыту, жұмыспен қамтуға қолдау көрсету, әлеуметтік және құқықтық қорғау, медициналық әрі кәсіби оңалту сияқты көптеген бағытты қамтиды.

Мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды қолдауға да ерекше көңіл бөлінеді. Сонымен қатар мүгедектігі бар азаматтардың қоғамдық, экономикалық және әлеуметтік өмірге белсенді қатысуына жағдай жасау көзделген.

Жоспардағы шаралардың басым бөлігі өңірлерде жүзеге асырылады. Бұл әр аймақтағы азаматтардың нақты қажеттіліктерін ескеріп, соған сәйкес қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.

Инклюзивті саясаттың жүзеге асырылуы туралы ақпаратты азаматтар тұрғылықты жері бойынша әкімдіктен ала алады. Сондай-ақ өз құқықтарын қорғау және қажетті қызметтерді алу мәселелері бойынша да сол жерге жүгіне алады.

▶️ Инклюзивті саясат аясында не өзгереді және азаматтарға қандай жаңа мүмкіндіктер беріледі? Бұл туралы толығырақ бейнематериалымыздан көріңіздер.

Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍11❤2👏1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 БҚО-ДА МҮГЕДЕКТІГІ БАР БАЛАЛАРДЫ ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА ОҢАЛТУ ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Батыс Қазақстан облысында мүгедектігі бар балаларды үй жағдайында оңалтуға бағытталған жоба іске қосылды. Жоба оңалту көмегінің қолжетімділігін арттырып, баламен күнделікті үй жағдайында жұмыс істеуге мүмкіндік беруді көздейді.

Куәландырудан және қайта куәландырудан өтіп жатқан мүгедектігі бар балалардың заңды өкілдеріне жобаға қатысу мүмкіндігі туралы SMS-хабарлама жіберіледі. Отбасы жобаға қатысуға ниет білдірген жағдайда, мамандар баланың заңды өкіліне жобаның шарттары мен қатысу тәртібін түсіндіреді. Одан кейін мамандар баланың жеке қажеттіліктері мен функционалдық мүмкіндіктерін бағалайды. Бағалау нәтижесіне қарай балаға қажетті инновациялық техникалық оңалту құралы (ИТОҚ) таңдалады.

Бұл ретте мамандар тек қажетті құралды таңдауға емес, оны дұрыс қолдануға да мән береді. ИТОҚ берілмес бұрын баланың заңды өкіліне құралды қауіпсіз пайдалану және оны үй жағдайындағы оңалту кезінде қолдану тәртібі түсіндіріледі.

Аталған жобаның алғашқы қатысушысы да анықталды. Орал қаласының тұрғыны Құжырғали Ғибратқа жеке қажеттіліктеріне сәйкес оңалту құралы таңдалып, оны үй жағдайында пайдалану үшін берілді. Баланың анасы Тұрсынгүл Андешова жоба баласының оңалуына оң әсер ететініне сенім білдірді.

«Жобаның Орал қаласында іске қосылғанына қуаныштымын. Мемлекет тарапынан баламызға қажетті оңалту құралын жеке қажеттілігіне қарай таңдап, үй жағдайында пайдалануға мүмкіндік берілгеніне ризамын. Мамандар бізге құралды дұрыс пайдалану жолдарын түсіндіріп, қажетті оқыту жүргізді. Үй жағдайында тұрақты түрде қолдану баламыздың оңалуына оң әсер етеді деп сенеміз. Алдағы уақытта жақсы нәтижелерге қол жеткізетінімізге үміттіміз. Осындай мүмкіндік жасаған мамандарға алғысымызды білдіреміз», – дейді Тұрсынгүл Бейбітқызы.


Дұрыс таңдалған техникалық құралдарды үй жағдайында пайдалану баланың қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастыруға, дене қалпын дұрыс ұстауына, өздігінен әрекет етуіне және күнделікті өмірге белсендірек қатысуына көмектеседі.

Жобаға қатысу үшін Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Зачаганск кенті, 3-шағын аудан, 21-құрылыс мекенжайында орналасқан «Ақжайық» мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау және оңалту орталығына жүгінуге болады.

Айта кетейік, бүгінгі таңда жоба Павлодар, Абай және Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында іске асырылуда.

Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍9❤5
🇰🇿 В ЗКО ЗАПУЩЕН ПРОЕКТ ПО РЕАБИЛИТАЦИИ ДЕТЕЙ С ИНВАЛИДНОСТЬЮ НА ДОМУ

В Западно-Казахстанской области запущен проект по реабилитации детей с инвалидностью в домашних условиях. Проект направлен на повышение доступности реабилитационной помощи и создание условий для проведения занятий с ребенком в привычной домашней обстановке.

Законным представителям детей с инвалидностью, проходящих освидетельствование или переосвидетельствование, направляются SMS-уведомления с информацией о возможности участия в проекте.

Если семья принимает решение участвовать в проекте, специалисты знакомят законного представителя ребенка с его условиями и порядком участия. Затем проводится оценка индивидуальных потребностей и функциональных возможностей ребенка. На основании результатов оценки подбирается инновационное техническое средство реабилитации (ИТСР), соответствующее потребностям ребенка.

Особое внимание уделяется не только подбору необходимого средства, но и его правильному использованию. Перед передачей ИТСР законного представителя ребенка обучают правилам безопасного применения средства и объясняют, как использовать его в процессе домашней реабилитации.

Первый участник проекта в Западно-Казахстанской области уже определен. Жителю города Уральска Кужыргали Гибрату подобрали техническое средство реабилитации с учетом его индивидуальных потребностей и передали его для использования в домашних условиях. Мама ребенка Турсынгуль Андешова выразила уверенность, что проект положительно повлияет на процесс реабилитации ее сына.

«Я рада, что проект запустили в городе Уральске. Благодарна государству за возможность получить необходимое средство реабилитации, подобранное с учетом индивидуальных потребностей моего ребенка, и использовать его дома. Специалисты подробно объяснили нам, как правильно пользоваться средством, и провели необходимое обучение. Мы верим, что его регулярное использование в домашних условиях положительно повлияет на реабилитацию нашего ребенка. Надеемся, что в дальнейшем увидим хорошие результаты. Благодарим специалистов за такую возможность», – отметила Турсынгуль Бейбитовна.


Правильно подобранные технические средства, используемые в домашних условиях, помогают формировать двигательные навыки ребенка, поддерживать правильное положение тела, развивать самостоятельность и активнее участвовать в повседневной жизни.

Для участия в проекте можно обратиться в Центр абилитации и реабилитации лиц с инвалидностью «Ақжайық» по адресу: ЗКО, г. Уральск, п. Зачаганск, мкр. 3, строение 21.

Отметим, что на сегодняшний день проект также реализуется в Павлодарской, Кызылординской областях и области Абай, а также в городе Шымкенте.

Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍15❤3
🇰🇿 ЕҢБЕК МИНИСТРЛІГІ КАЙ-ФУ ЛИМЕН ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ КАДР ДАЯРЛАУ САЛАСЫНДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІ ҚОЛДАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев 01.AI компаниясының негізін қалаушы әрі бас директоры, Sinovation Ventures басқарма төрағасы, ҚР Президентінің штаттан тыс кеңесшісі, доктор Кай-Фу Лимен кездесті.

Тараптар жасанды интеллектіні жұмыспен қамту, кадрларды даярлау және қайта даярлау салаларында кеңінен қолдану, сондай-ақ қазақстандықтардың қазіргі еңбек нарығында сұранысқа ие цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект бойынша практикалық дағдыларын дамыту мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында AI Earners бағдарламасы таныстырылды. Бағдарлама «дағды → тапсырыс → расталған табыс» қағидатына негізделген. Оның негізгі мақсаты азаматтардың жасанды интеллект құралдарымен жұмыс істеуді үйренуін нақты бизнес тапсырмаларын орындаумен байланыстыру. Яғни адам алған білімін іс жүзінде қолданып, қажетті дағды қалыптастырады. Бұл дағдыларды жұмысқа орналасу, өз бетінше еңбек ету және табыс табу үшін пайдалануға болады.

Асқарбек Ертаев доктор Кай-Фу Ли мен оның командасының заманауи технологиялар мен цифрлық шешімдерді дамытуға қосқан үлесін атап өтті. Сондай-ақ Министрлік әлеуметтік-еңбек саласында жасанды интеллектіні қолдану аясын кезең-кезеңімен кеңейтіп келе жатқанын айтты.

«Біз цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамытуға үлкен мән береміз. Әлеуметтік саясатта әр адамға жеке көзқарас қажет. Сондықтан цифрлық шешімдер ең алдымен азаматтардың қажетіне жұмыс істеуі керек. Бүгінде біз жасанды интеллектіні жұмыспен қамту, мемлекеттік қызметтер көрсету және әлеуметтік қорғау салаларында қолданып келеміз. Ендігі маңызды қадам – жасанды интеллект мүмкіндіктерін адам капиталын дамытуға пайдалану. Яғни азаматтарға сұранысқа ие дағдыларды меңгеруге, жұмысын тезірек табуға және табыстың жаңа көздерін қалыптастыруға көмектесу. Біз үшін технологияның адамға нақты мүмкіндік беріп, нақты нәтиже әкелуі маңызды», – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.


🔗 Толығырақ

Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍10👏5❤2
🇰🇿 МИНИСТЕРСТВО ТРУДА И СОЦИАЛЬНОЙ ЗАЩИТЫ НАСЕЛЕНИЯ РК И КАЙ-ФУ ЛИ ОБСУДИЛИ ПРИМЕНЕНИЕ ИИ В СФЕРЕ ЗАНЯТОСТИ И ПОДГОТОВКИ КАДРОВ

Министр труда и социальной защиты населения РК Аскарбек Ертаев провел встречу с основателем и генеральным директором 01.AI, председателем Sinovation Ventures, внештатным советником Президента РК доктором Кай-Фу Ли.

Стороны обсудили перспективы расширения применения искусственного интеллекта в сфере занятости, подготовки и переподготовки кадров, а также развития у казахстанцев практических цифровых и ИИ-навыков, востребованных на современном рынке труда.

В ходе встречи была представлена программа AI Earners, построенная по модели «навык → заказ → подтвержденный доход». Ее ключевая идея заключается в том, чтобы связать обучение работе с инструментами искусственного интеллекта с выполнением реальных задач бизнеса и других заказчиков. Таким образом, полученные знания должны трансформироваться в практические навыки, которые граждане смогут использовать для трудоустройства, самостоятельной занятости и получения дохода.

Аскарбек Ертаев отметил вклад доктора Кай-Фу Ли и его команды в развитие современных технологий и цифровых решений, а также подчеркнул, что Министерство последовательно расширяет применение искусственного интеллекта в социально-трудовой сфере.

«Мы придаем большое значение цифровизации и развитию искусственного интеллекта. Социальная политика по своей сути требует индивидуального подхода к каждому человеку, поэтому цифровые решения должны прежде всего работать в интересах граждан. Сегодня мы уже применяем искусственный интеллект по ряду направлений – в сфере занятости, при оказании государственных услуг, в системе социальной защиты. Следующий важный шаг – использовать возможности ИИ для развития человеческого капитала: помочь людям получать востребованные навыки, быстрее находить работу и создавать новые источники дохода. Для нас важно, чтобы технологии давали человеку конкретные возможности и конкретный результат», - отметил министр труда и социальной защиты населения РК.


🔗 Подробнее

Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍13👏5❤3
🇰🇿 АСҚАРБЕК ЕРТАЕВ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАДЫ

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев азаматтарды жеке қабылдап, Жамбыл және Павлодар облыстарының, сондай-ақ Шымкент қаласы тұрғындарының өтініштерін қарады.

Кездесу барысында азаматтар шипажайлық-курорттық және оңалту қызметтерінің сапасы, оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету, мүгедектікті белгілеу, «Инватакси» қызметінің жұмысы, зейнетақымен қамсыздандыру және жұмысқа орналасу мәселелері бойынша жүгінді.

Жеке қабылдауға министрліктің бейінді комитеттері мен құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, жергілікті атқарушы органдардың және ведомствоның аумақтық бөлімшелерінің өкілдері қатысты.

Асқарбек Ертаев әрбір өтініш берушіні жеке тыңдап, ұсынылған материалдарды жан-жақты қарады және қолданыстағы заңнама аясында тиісті түсіндірмелер берді.

«Азаматтармен кері байланыс – жұмысымыздың тиімділігін көрсететін маңызды көрсеткіштердің бірі. Әрбір өтініш нақты мәселені шешуге қолдау көрсетіп қана қоймай, назар аударуды қажет ететін жүйелі мәселелерді анықтауға мүмкіндік береді. Қабылдау қорытындысы бойынша берілген барлық тапсырмалар бақылауда болады», – деді министр.


🔗 Толығырақ

⚜️ ⚜️ ⚜️

🇰🇿 АСКАРБЕК ЕРТАЕВ ПРОВЁЛ ЛИЧНЫЙ ПРИЁМ ГРАЖДАН

Министр труда и социальной защиты населения Республики Казахстан Аскарбек Ертаев провёл личный приём граждан, в ходе которого рассмотрел обращения жителей Жамбылской и Павлодарской областей, а также города Шымкента.

​В ходе встречи граждане обратились по вопросам качества санаторно-курортных и реабилитационных услуг, обеспечения техническими средствами реабилитации, установления инвалидности, работы службы «Инватакси», пенсионного обеспечения и трудоустройства.

​В приёме приняли участие руководители профильных комитетов и структурных подразделений Министерства, представители местных исполнительных органов и территориальных подразделений ведомства.
​Аскарбек Ертаев лично выслушал каждого заявителя, подробно рассмотрел представленные материалы и дал разъяснения по вопросам, регулируемым действующим законодательством.

​«Обратная связь с гражданами – один из важнейших показателей эффективности нашей работы. Каждое обращение позволяет не только оказать содействие в решении конкретного вопроса, но и выявить системные вопросы, требующие внимания. Все поручения, данные по итогам приёма, будут находиться на контроле», - отметил Аскарбек Ертаев.


🔗 Подробнее

Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍11❤3
🇰🇿 ҚАЗАҚСТАН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ДӘУІРІНЕ САЙ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖҮЙЕСІН БЕЙІМДЕП ЖАТЫР

Жасанды интеллект мамандықтардың мазмұнына, жұмыс процестеріне және жұмыс берушілердің мамандарға қоятын талаптарына өзгеріс енгізіп жатыр. Қазақстанда бұл өзгерістер кадр даярлау және мемлекеттік жұмыспен қамту жүйесін дамыту кезінде ескерілуде.

Мемлекет басшысы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын меңгерген мамандарға сұраныстың артып келе жатқанын атап өткен болатын. 2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек нарығының жаңа талаптарына сай жұмыспен қамту жүйесін бейімдеп жатыр. Бұл ретте цифрлық дағдыларды дамытуға, қайта даярлауға және азаматтарға лайықты жұмысты дәлірек таңдауға басымдық берілуде.

Мамандықтар қалай өзгеріп жатыр?
Жасанды интеллект ең алдымен мәтінді өңдеу және теру, деректерді енгізу, мәтінді тексеру сияқты қайталанатын жұмыстарды автоматтандыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте көптеген мамандықтар бойынша жұмыс орындарының жойылуы емес, еңбек мазмұны мен қажетті дағдылардың өзгеруі туралы сөз болып отыр.

Қазірдің өзінде жасанды интеллект бухгалтерлерге, инженерлерге, дәрігерлерге, мұғалімдерге, сату саласының мамандарына және басқа да мамандарға жұмыс құралы ретінде қолданылып келеді. Сонымен қатар жаңа бағыттар пайда болып, қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын талаптар да өзгеруде.

Министрліктің бағалауынша, 2035 жылға дейін Қазақстан экономикасына 2,9 млн жаңа қызметкер қажет болады. Сондықтан мамандарды даярлау кезінде өзгеріп жатқан еңбек нарығында сұранысқа ие болатын дағдыларды ескеру маңызды.

Цифрлық дағдылар – кадр даярлаудың бір бөлігі
2026 жылдың соңына дейін кәсіби стандарттармен 600-ден астам жұмысшы мамандығын қамту жоспарланып отыр. Бұл стандарттарға цифрлық құзыреттерге қатысты талаптар енгізіледі. Оның ішінде жасанды интеллект құралдарын пайдалану, деректермен және BI-талдаумен жұмыс істеу, киберқауіпсіздік негіздері бар.

Бұл стандарттар колледждер мен жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларына, сондай-ақ қайта даярлау бағдарламаларына негіз болады. Осылайша мамандарды даярлау кезінде жұмыс берушілердің еңбек нарығындағы өзекті талаптарын ескеруге мүмкіндік жасалады.

Жасанды интеллект жұмыс іздеуге көмектеседі
Цифрлық трансформацияның негізгі бағыттарының бірі – жасанды интеллект негізінде Цифрлық жұмыспен қамту қызметін құру.

🔗 Толығырақ

Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍10❤2👏2
🇰🇿 КАЗАХСТАН АДАПТИРУЕТ СИСТЕМУ ЗАНЯТОСТИ К ЭПОХЕ ИСКУССТВЕННОГО ИНТЕЛЛЕКТА

Искусственный интеллект меняет содержание профессий, рабочие процессы и требования работодателей к специалистам. В Казахстане эти изменения учитываются при подготовке кадров и развитии государственной системы занятости.

В Послании народу страны «Казахстан в эпоху искусственного интеллекта: актуальные задачи и их решения через цифровую трансформацию» Глава государства отметил рост спроса на специалистов, владеющих цифровыми технологиями и навыками работы с ИИ. 2026 год объявлен Годом цифровизации и искусственного интеллекта.
Министерство труда и социальной защиты населения РК адаптирует систему занятости к новым требованиям рынка труда, делая акцент на цифровых компетенциях, переобучении и более точном подборе работы.

Как меняются профессии
ИИ позволяет автоматизировать прежде всего рутинные операции – обработку и набор текстов, ввод данных, корректуру и другие типовые задачи. При этом во многих профессиях речь идет не об исчезновении рабочих мест, а об изменении содержания труда и необходимых навыков.
ИИ становится рабочим инструментом для бухгалтеров, инженеров, врачей, учителей, специалистов по продажам и представителей других сфер. Одновременно появляются новые направления деятельности и требования к квалификации работников.

По оценкам Министерства, до 2035 года экономике Казахстана потребуется 2,9 млн новых работников. Поэтому при подготовке кадров необходимо учитывать навыки, которые будут востребованы на меняющемся рынке труда.

Цифровые навыки – часть подготовки кадров
До конца 2026 года профессиональными стандартами планируется охватить более 600 рабочих профессий. В них включается блок цифровых компетенций: применение инструментов ИИ, работа с данными и BI-аналитикой, основы кибербезопасности.

На эти стандарты будут опираться образовательные программы колледжей и вузов, а также программы переобучения, что позволит учитывать актуальные требования работодателей при подготовке специалистов.

ИИ будет помогать искать работу
Одним из ключевых направлений цифровой трансформации станет создание Цифровой службы занятости на основе искусственного интеллекта.

🔗 Подробнее

Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍10👏2❤1
🇰🇿 ҚАЗАҚСТАНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КОМПЛАЕНС ҚЫЗМЕТІ МАМАНДАРЫНЫҢ ЕҢБЕК КЕПІЛДІКТЕРІ НАҚТЫЛАНДЫ

Астанада «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқу-ағарту және корпоративтік мәдениетті дамыту: комплаенс қызметтерінің рөлі» тақырыбында диалог алаңы өтті. Іс-шара барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев еңбек заңнамасындағы жаңа нормалар және оларды іс жүзінде қолдану тәртібі туралы айтып берді. Жиынға мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектордың және ұйымдардың өкілдері қатысты.

Бірінші вице-министрдің айтуынша, комплаенс мамандарының жұмысы кәсіби дайындықты, дербестікті және жоғары жауапкершілікті талап етеді. Олар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтап, заң талаптарының сақталуын бақылайды. Сондай-ақ анықталған мәселелер бойынша ұйым басшылығына ұсыныстар енгізеді.

«Мамандар өз міндеттерін толық орындауы үшін олардың функциялары мен өкілеттіктері нақты белгіленуі керек. Сонымен қатар заңда көзделген еңбек құқықтары мен кепілдіктер іс жүзінде сақталуға тиіс», – деді Ербол Тұяқбаев.


Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістер сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметтерінің қызметкерлеріне қатысты еңбек қатынастарын реттеудің ерекшеліктерін белгіледі. Бұл нормалар еңбек шартын жасасу және тоқтатуға, еңбекақы төлеуге, тәртіптік жауапкершілікке тартуға және басқа да мәселелерге қатысты.

🔗 Толығырақ

Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍10❤2
🇰🇿 В КАЗАХСТАНЕ УТОЧНИЛИ ТРУДОВЫЕ ГАРАНТИИ ДЛЯ СПЕЦИАЛИСТОВ АНТИКОРРУПЦИОННЫХ КОМПЛАЕНС-СЛУЖБ

На диалоговой площадке по вопросам развития комплаенс-служб первый вице-министр труда и социальной защиты населения РК Ербол Туякбаев рассказал о новых нормах трудового законодательства и их практическом применении.

В Астане состоялась диалоговая площадка «Развитие антикоррупционного просвещения и корпоративной культуры: роль комплаенс-служб». В мероприятии приняли участие представители государственных органов, квазигосударственного сектора и организаций.

Выступая на площадке, первый вице-министр труда и социальной защиты населения РК отметил, что работа комплаенс-специалистов требует профессиональной подготовки, самостоятельности и высокой ответственности. Они выявляют коррупционные риски, следят за соблюдением законодательства и вносят руководству предложения по выявленным вопросам.

«Чтобы специалисты могли полноценно выполнять свои обязанности, их функции и полномочия должны быть чётко определены, а трудовые права и предусмотренные законом гарантии - соблюдаться на практике», - подчеркнул Ербол Туякбаев.


Изменения, внесённые в Трудовой Кодекс, распространили особенности регулирования трудовых отношений на работников антикоррупционных комплаенс-служб. Они касаются заключения и прекращения трудового договора, оплаты труда, привлечения к дисциплинарной ответственности и др.

🔗 Подробнее

Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍11❤3👏2
🇰🇿 ҚАЗАҚСТАНДА КОХЛЕАРЛЫҚ ИМПЛАНТЫ БАР БАЛАЛАРДЫ ҮЗДІКСІЗ ОҢАЛТУДЫҢ ЖАҢА МОДЕЛІ ЕНГІЗІЛУДЕ

Қазақстанда кохлеарлық импланты бар балалардың есту және сөйлеу қабілетін үздіксіз оңалтудың жаңа моделі енгізіліп жатыр. Бағдарламада қашықтан оңалту үшін цифрлық технологиялар қолданылады. Мультидисциплинарлық топ баланы сүйемелдеп, оның даму барысын тұрақты бақылап отырады.

Негізгі мақсат – жекелеген қысқа мерзімді курстармен шектелмей, баланы жыл бойы үздіксіз сүйемелдеу. Бұл ретте оның жеке қажеттіліктері мен даму қарқыны ескеріледі. Әлемде 430 миллионнан астам адамның есту қабілеті мүгедектікке әкелетін дәрежеде бұзылған. Олардың 34 миллионы – балалар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамынша, 2050 жылға қарай бұл көрсеткіш 700 миллионға жетуі мүмкін. Қазақстанда жыл сайын кохлеарлық имплантацияға байланысты 200-ден астам операция жасалады. 2007 жылдан бері екі мыңнан астам адам осындай операциядан өткен.

Қазақстанның географиялық ерекшеліктері мен бейінді мамандардың негізінен ірі қалаларда шоғырлануы оңалтуды осылай ұйымдастыруды қажет етеді. Шалғай өңірлерде тұратын балалардың оңалту сабақтарына тұрақты барып қатысу мүмкіндігі бола бермейді. Жаңа модельде қашықтан сүйемелдеу мен мамандарға барып оңалтудан өту ұштастырылады. Бұл аталған кедергілерді азайтуға көмектеседі.

Бағдарламаға қабылданған әр балаға жеке оңалту маршруты әзірленеді. Алдымен куратор өтінімді тіркеп, баланың бағдарламаға қатысу талаптарына сай келетінін тексереді. Одан кейін отбасының интернетке қолжетімділігі мен қажетті құрылғыларының бар-жоғы анықталып, қашықтан өтетін сабақтарға қатысу мүмкіндігі бағаланады. Әлеуметтік педагог баланың білім алу бағытын нақтылайды. Сурдопедагог, логопед пен психолог баланың жағдайын бастапқыда кешенді бағалайды. Қажет болса, оларға дефектолог пен емдік дене шынықтыру маманы қосылады.

🔗 Толығырақ

Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍10❤2
🇰🇿 В КАЗАХСТАНЕ ЗАПУСКАЕТСЯ НОВАЯ МОДЕЛЬ НЕПРЕРЫВНОЙ РЕАБИЛИТАЦИИ ДЕТЕЙ С КОХЛЕАРНЫМИ ИМПЛАНТАМИ

В Казахстане запускается новая модель непрерывной слухоречевой реабилитации детей с кохлеарными имплантами с использованием цифровых технологий. Программа объединяет цифровые технологии, дистанционную реабилитацию, регулярный мониторинг динамики развития ребенка и сопровождение мультидисциплинарной команды.

Основная цель новой модели – перейти от отдельных краткосрочных курсов к непрерывному сопровождению ребенка в течение года с учетом его индивидуальных потребностей и темпов развития. В мире более 430 миллионов человек имеют нарушения слуха, приводящие к инвалидности. Из них 34 миллиона – дети. По прогнозам Всемирной организации здравоохранения, к 2050 году число таких людей может достичь 700 миллионов. В Казахстане ежегодно проводится более 200 операций по кохлеарной имплантации. С 2007 года такие операции были проведены более чем двум тысячам человек.

Необходимость внедрения новой модели обусловлена географическими особенностями Казахстана и тем, что профильные специалисты сосредоточены преимущественно в крупных городах. Для детей, проживающих в отдаленных регионах, регулярное участие в очной реабилитации не всегда доступно. Новая модель призвана сократить эти барьеры за счет сочетания дистанционного сопровождения и очной реабилитации.

Для каждого ребенка, включенного в программу, разрабатывается индивидуальный реабилитационный маршрут. На первом этапе куратор регистрирует заявку и проверяет соответствие ребенка критериям участия в программе. Затем оцениваются доступ семьи к интернету, наличие необходимых устройств и возможность участвовать в дистанционных занятиях. Социальный педагог уточняет образовательный маршрут ребенка. Сурдопедагог, логопед и психолог проводят первичную комплексную оценку. При необходимости к работе подключаются дефектолог и специалист по лечебной физкультуре.

🔗 Подробнее

Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7❤5👏1
🇰🇿 Қадірлі ақсақалдар, ардақты ардагерлер мен аға буын өкілдері!

Сіздерді баршаңызға ортақ Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – адам өміріндегі ең басты құндылықтарды, яғни үлкенге құрмет пен ізетті, алғыс пен жақынға деген сүйіспеншілікті еске салатын ерекше күн. Аға буын – өмірден көргені мен түйгені мол, кейінгі ұрпаққа ақыл-кеңесін айтып, әрдайым жол көрсетіп келе жатқан қадірлі жандар.

Үлкенді сыйлау – қазақтың қанға сіңген қасиеті, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан дәстүрі. Ақсақалдың сөзіне құлақ асу, өмірлік тәжірибесі мен ақылын бағалау, батасын алу – отбасымыздағы тәрбиенің ажырамас бөлігі. Сіздерден біз адамды қадірлеуді, отбасын бағалауды, еңбекті құрметтеуді, туған жерді аялауды және болашаққа сеніммен қарауды үйренеміз.

Сіздер – біздің тарихымыз бен даналығымыз, өткеніміз бен күшімізсіздер. Әрқайсыңыздың арттарыңызда еңбек пен жетістікке, отбасы мен елге деген қамқорлыққа толы тағылымды өмір жолы бар. Мағыналы ғұмыр жолдарыңыз – еліміздің тарихының бір бөлігі, кейінгі ұрпаққа қалатын баға жетпес мұрасы. Оны сақтап, жастарға жеткізу – біздің ортақ міндетіміз.

Бүгінде аға буынның әрбір өкілі өзіне деген құрмет пен қамқорлықты сезінуі аса маңызды. Үлкендерге қамқорлық жасау – мемлекеттің ғана міндеті емес, баршамызға ортақ парыз. Бұл – отбасыңыз бен еліңіз үшін атқарған еңбектеріңізге деген құрмет пен алғыстың табиғи көрінісі.

Біз аға буынның лайықты әрі белсенді өмір сүруіне жағдай жасау бағытында тұрақты жұмыс жүргізіп келеміз. Жас ұлғайған кезеңді де жаңа мүмкіндіктерге, жақсы қарым-қатынас пен қуанышты сәттерге толы етуге мән береміз. Елімізде аға буынның белсенді өмір сүріп, қоғаммен араласуына, спорт пен шығармашылыққа көңіл бөлуіне, жаңа нәрсе үйреніп, өз білімін толықтыруына жағдай жасалып келеді. Біз үшін ең бастысы – әр адамның күнделікті өмірінде жылу мен қамқорлықты сезініп, жақындарымен жақсы қарым-қатынаста болуы маңызды.

Қымбатты ақсақалдар, ардақты ардагерлер!

Сіздердің ақ баталарыңыз бен өмірлік кеңестеріңіз – кейінгі ұрпаққа берер басты мұра. Олар бізге өткенді құрметтеп, отбасы құндылықтарын сақтап, балаларымыз бен немерелерімізге жақсы тәрбие мен жарқын болашақ қалдыруды үйретеді.

Ұрпақтар сабақтастығы – қоғамның берік болуының негізі. Үлкенді сыйлап, олардың ақылын тыңдау арқылы біз отбасылық құндылықтарды сақтап, кейінгі ұрпаққа өмірлік тәжірибе мен жақсы қасиеттерді жеткіземіз. Туған елге деген сүйіспеншілікті де осылай жалғастырамыз.

Әрқайсыңыз әрдайым құрмет пен қамқорлыққа бөленіп, жақындарыңыздың ортасында аман-есен жүріңіздер! Балаларыңыз, немерелеріңіз бен шөберелеріңіз өз жетістіктерімен қуанта берсін. Әр шаңырақта тыныштық пен жылулық, береке мен бақ орнасын!

Осы айтулы күні баршаңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, жан тыныштығы мен отбасыларыңызға амандық тілеймін. Әр күндеріңіз қуанышқа, жақсы жаңалыққа толы болып, көңілдеріңіз әрдайым көтеріңкі жүрсін.

Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз, ақыл-кеңестеріңіз бен ақ баталарыңыз кейінгі ұрпақ үшін қашанда қымбат. Ұрпақтарыңыздың қызығын көріп, елдің сый-құрметіне бөлене беріңіздер. Ақ баталарыңыз елге жетіп, шаңырақтарымызға тыныштық пен береке әкелсін!

Мерекелеріңіз құтты болсын!

Құрметпен,
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Асқарбек ЕРТАЕВ

Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍10❤4👏2
🇰🇿 Дорогие аксакалы, уважаемые ветераны, представители старшего поколения!

От всей души поздравляю вас с Международным днём пожилых людей – светлым и добрым праздником, который напоминает нам о главных человеческих ценностях: уважении, благодарности, любви и заботе о тех, кто является нашей опорой и примером для многих поколений.

В казахстанской культуре особое отношение к старшим всегда было и остаётся важнейшей духовной ценностью. Слова старших, их жизненный опыт, мудрость и благословение испокон веков занимают особое место в наших семьях. Именно у вас мы учимся быть достойными людьми, ценить семью, уважать труд, беречь родную землю и с уверенностью смотреть в будущее.

Вы – наша история и наша мудрость, наша память и наша сила. За каждым из вас – большая жизнь, наполненная трудом, достижениями, заботой о семье и о своей стране. Ваш созидательный жизненный путь – часть истории, бесценное наследие, которое мы должны бережно сохранять и передавать следующим поколениям.

Сегодня особенно важно, чтобы каждый представитель старшего поколения чувствовал: вы нужны, вы важны, вас любят и ценят. Забота о старших – это не только задача государства, но и наша общая человеческая ответственность. Это естественное проявление уважения и благодарности за всё, что вы сделали для своих семей и страны.

Мы последовательно работаем над созданием условий для достойной и активной жизни старшего поколения и стремимся к тому, чтобы зрелые годы были временем новых возможностей, общения и радости. Чтобы каждый день приносил добрые встречи, новые впечатления и желание двигаться вперёд.

В нашей стране создаются возможности для активного долголетия, общения, занятий спортом и творчеством, получения новых знаний и навыков. Но самое главное - чтобы каждый день был наполнен вниманием, теплом и человеческим участием.

Дорогие наши аксакалы, уважаемые ветераны!

Ваши добрые слова, мудрые советы и благословение – это особая сила, которая объединяет семьи и поколения. Ваше присутствие в нашей жизни напоминает нам о том, откуда мы пришли, какие ценности должны беречь и какое будущее строить для наших детей и внуков.

Преемственность поколений – одна из основ устойчивости нашего общества. Сохраняя уважение к старшим, мы сохраняем связь времён, укрепляем семью и передаём молодым поколениям самое ценное – жизненный опыт, нравственные ориентиры и любовь к родной стране.

Пусть каждый из вас будет окружён уважением, любовью и заботой! Пусть рядом всегда будут родные и близкие. Пусть дети, внуки и правнуки радуют вас своими успехами, а в ваших домах царят мир, тепло, достаток и благополучие.

Желаю вам крепкого здоровья, бодрости, душевных сил и неиссякаемой энергии! Пусть глаза светятся радостью, сердце будет спокойно, а каждый новый день приносит больше счастливых моментов.

Пусть ваше мудрое слово и благословение всегда оберегают наши семьи, объединяют поколения и укрепляют наш общий дом – Казахстан!

С праздником вас, дорогие наши старшие! Здоровья вам, счастья, семейного тепла, благополучия и долгих лет жизни!

С уважением и наилучшими пожеланиями,
Министр труда и социальной защиты населения Республики Казахстан
Аскарбек ЕРТАЕВ

Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍11❤4👏1
🇰🇿 ҚАЗАҚСТАНДА АҒА БУЫНДЫ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ БЕЛСЕНДІ ӨМІР СҮРУІНЕ ЖАҒДАЙ ЖАСАУ ШАРАЛАРЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

Жыл сайын 1 қазан күні әлемнің көптеген елдерінде, соның ішінде Қазақстанда да Халықаралық қарттар күні аталып өтеді. Елімізде жасы бойынша зейнетақы алатын 2,6 миллионға жуық азамат бар. Мемлекет тарапынан аға буын өкілдерін әлеуметтік қорғау, зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін жетілдіру және олардың белсенді өмір сүруіне жағдай жасау бойынша тұрақты жұмыс жүргізілуде.

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап ынтымақты зейнетақы мөлшері 10%-ға артты. Сонымен қатар күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты базалық зейнетақы мөлшері де ұлғайтылды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес базалық зейнетақыны кезең-кезеңімен арттыру жалғасып келеді. Биыл базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ына дейін, ал ең жоғары мөлшері 110%-дан 118%-ға дейін жеткізілді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аға буын өкілдерінің әлеуметтік жағдайын жақсартумен қатар, олардың белсенді өмір сүруіне және қоғам өміріне араласуына да ерекше көңіл бөледі. Бүгінде елімізде 132 Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы жұмыс істейді. Орталықтар «бір терезе» қағидаты бойынша белсенді ұзақ өмір сүру, денсаулық мәдениеті және қоғаммен байланыс бағыттарында қызмет көрсетеді. Мұнда қарт адамдардың бос уақытын тиімді өткізуіне, денсаулығын нығайтуына және жаңа дағдыларды меңгеруіне жағдай жасалған. Атап айтқанда, йога, скандинавиялық жүріс, цифрлық сауаттылық, ағылшын тілі, мотивациялық және кәсіпкерлік курстар ұйымдастырылады.

Қарттар күніне орай Астана қаласындағы, Ұлытау, Павлодар және Ақмола облыстарындағы зейнетақысы ең төменгі мөлшерде және одан төменгі мөлшерде алушыларға, Маңғыстау облысындағы және Шымкент қаласындағы 70 жастан асқан адамдарға, Қарағанды облысындағы 75 жастан асқан адамдарға, Түркістан облысындағы үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер алатын жалғызбасты қарт адамдарға жалпы сомасы 3,8 млрд теңгені құрайтын, 274,2 мың адамды қамтитын біржолғы материалдық көмек көрсетіледі.

🔗 Толығырақ

Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍9❤4👏1
🇰🇿 В КАЗАХСТАНЕ РАЗВИВАЮТСЯ МЕРЫ ПОДДЕРЖКИ И АКТИВНОГО ДОЛГОЛЕТИЯ ПОЖИЛЫХ ГРАЖДАН

Ежегодно 1 октября во многих странах мира, в том числе в Казахстане, отмечается Международный день пожилых людей. Сегодня в Казахстане около 2,6 млн граждан получают пенсионные выплаты по возрасту. Социальная защита представителей старшего поколения, совершенствование пенсионной системы и создание условий для активного долголетия являются одними из основных направлений социальной политики государства.

С 1 января 2026 года размер солидарных пенсий увеличен на 10%. Кроме того, в связи с изменением величины прожиточного минимума повышен размер базовой пенсионной выплаты. В соответствии с поручением Главы государства продолжается поэтапное повышение базовой пенсионной выплаты. В текущем году ее минимальный размер доведен до 70% величины прожиточного минимума, а максимальный – с 110% до 118%.

Министерство труда и социальной защиты населения уделяет внимание не только улучшению социального положения представителей старшего поколения, но и созданию условий для их активного долголетия и участия в общественной жизни. Сегодня в стране работают 132 центра активного долголетия. Они оказывают услуги по принципу «одного окна» по трем основным направлениям: активное долголетие, культура здоровья и социальная активность. В центрах пожилым людям созданы условия для полезного проведения свободного времени, укрепления здоровья и освоения новых навыков. Для них организуются занятия по йоге, скандинавской ходьбе, цифровой грамотности, английскому языку, а также мотивационные и предпринимательские курсы.

Кроме того, в связи с Международным днем пожилых людей будет оказана единовременная материальная помощь на общую сумму 3,8 млрд тенге, которой будет охвачено 274,2 тыс. человек. Помощь будет предоставлена получателям пенсионных выплат в минимальном размере и ниже минимального размера в городе Астане, а также в области Ұлытау, Павлодарской и Акмолинской областях; лицам старше 70 лет в Мангистауской области и городе Шымкенте; лицам старше 75 лет в Карагандинской области; а также одиноким пожилым людям в Туркестанской области, получающим специальные социальные услуги на дому.

🔗 Подробнее

Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍11❤2👏1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 ЕҢБЕК МИНИСТРЛІГІ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАРДЫ ОҢАЛТУДЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТЕДІ

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде ҚР Президентінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі Алексей Цойдың, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевтың, Денсаулық сақтау министрлігі мен бейінді ұйымдар өкілдерінің қатысуымен жұмыс кеңесі өтті.

Кеңес барысында мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың техникалық құралдарымен (ОТҚ) және жеке гигиена құралдарымен қамтамасыз ету, ұсынылатын бұйымдардың сапасын арттыру, өнім берушілердің қызметіне бақылауды күшейту, сондай-ақ процестерді одан әрі цифрландыру мәселелері талқыланды.

Әлеуметтік қызметтер порталының ашықтығын арттыруға ерекше назар аударылды. Осы бағытта Еңбек министрлігі өнім берушілердің қызметіне кешенді талдау жүргізіп, мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі деректерді салыстырды. Талдау барысында өнім берушілердің кадрлық әлеуеті, салық аударымдары, нақты қызметінің болуы, қойма орындары мен тауар қоры, сондай-ақ ықтимал үлестестігі зерделенді. Нәтижесінде 2026 жылы белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін және басқа да негіздер бойынша 551 өнім беруші Портал тізілімінен шығарылды.

Бақылауды одан әрі күшейту мақсатында министрлік өнім берушілерді автоматтандырылған верификациялау тетігін енгізіп жатыр. Бірінші кезеңде ақпараттық жүйе мемлекеттік дерекқорлар арқылы, оның ішінде берешек, еңбек шарттары және басқа да көрсеткіштер бойынша тексеру жүргізеді. Келесі кезеңде цифрлық құралдар мен геолокацияны пайдалана отырып, тауарлардың және қойма орындарының нақты бар-жоғын растау көзделіп отыр.

🔗 Толығырақ

Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍11❤2👏1