Еңбек министрлігі 🇰🇿 Министерство труда
3.39K subscribers
4.21K photos
910 videos
5 files
3.37K links
🇰🇿 ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми арнасы

🔹️ 🔸️ 🔹️

🇰🇿 Официальный канал Министерства труда и социальной защиты РК

📩 kense@enbek.gov.kz
Download Telegram
🇰🇿 MIGRATION.ENBEK.KZ ПОРТАЛЫНДА ҚАЛАЙ ТІРКЕЛІП, ӨТІНІМ БЕРУГЕ БОЛАДЫ?

Көші-қон саласындағы бірқатар қызметті migration.enbek.kz көші-қон процестері порталы арқылы онлайн алуға болады. Портал Қазақстан азаматтары, этникалық қазақтар, шетел азаматтары, жұмыс берушілер мен инвесторларға арналған қызметтерді бір платформада ұсынады.

Бұл жерде «қандас» мәртебесін алу, қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу, еңбек иммигранттарына жұмыс істеуге рұқсат рәсімдеу, шетелдік жұмыс күшін тарту және тағы басқа да қызметтер қолжетімді.

Порталдың басты артықшылығы барлық негізгі рәсімдерді онлайн орындауға болады: тіркеліп, жеке деректерді толтыруға, өтініш беруге және оның мәртебесін жеке кабинеттен бақылауға мүмкіндік бар.

🔹 Тіркелу – қызмет алудың алғашқы қадамы

Алдымен migration.enbek.kz сайтына кіріп, «Кіру» батырмасында «Тіркелу» қажет.

Ол үшін электрондық поштасын және құпиясөзін енгізіп, пайдаланушы келісімінің шарттарын қабылдау және есептік жазба ашу керек. Одан кейін көрсетілген электрондық поштаға тіркелуді растау туралы хат келеді.

Порталда пайдаланушылардың бірнеше санаты қарастырылған. Сондықтан қолжетімді қызметтер мен қажетті мәліметтер пайдаланушы таңдаған санатқа байланысты болады.

🔹 Жеке кабинет: қажетті ақпараттардың барлығы бір жерде

Порталға кіргеннен кейін пайдаланушы жеке кабинетке өтеді. Қызмет алмас бұрын «Жеке деректер» бөлімін толтыру қажет.

Егер шетел азаматының ЖСН-і болса, ол туралы кейбір мәлімет мемлекеттік ақпараттық жүйелерден автоматты түрде алынуы мүмкін. Қалған қажетті деректерді пайдаланушы өзі енгізеді. Мәліметтерді сақтамас бұрын олардың дұрыстығын мұқият тексеру керек.

Жеке мәліметтерді енгізген соң, пайдаланушы өзіне қажетті қызметті таңдап, электрондық өтініш формасын толтырып, оны қарауға жолдай алады.

Жеке кабинетте өтініштің мәртебесін бақылап, тиісті хабарламаларды алуға болады. Бұл қызметтің қалай көрсетіліп жатқанын қосымша сұрау салмай-ақ қадағалауға мүмкіндік береді.

🔗 Толығырақ

Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6❤3👏1
🇰🇿 КАК ПОЛЬЗОВАТЬСЯ MIGRATION.ENBEK.KZ: ОТ РЕГИСТРАЦИИ ДО ПОДАЧИ ЗАЯВЛЕНИЯ

Получить ряд услуг в сфере миграции можно онлайн – через Портал миграционных процессов migration.enbek.kz. Он объединяет в одном цифровом пространстве сервисы для граждан Казахстана, этнических казахов, иностранных граждан, работодателей и инвесторов.

На портале доступны услуги по присвоению статуса «қандас», включению в региональную квоту приема қандасов, оформлению разрешений на трудоустройство трудовых иммигрантов и привлечению иностранной рабочей силы, а также другие миграционные сервисы.

Главное преимущество портала – возможность пройти основные этапы получения услуги онлайн: зарегистрироваться, заполнить персональные данные, подать заявление и отслеживать его статус в личном кабинете.

🔹 Регистрация: первый шаг к получению услуги

Для начала работы необходимо перейти на migration.enbek.kz и нажать кнопку «Войти», затем выбрать «Пройдите регистрацию».

Пользователю необходимо указать электронную почту и пароль, принять условия пользовательского соглашения и создать учетную запись. После этого на указанную электронную почту поступит сообщение для подтверждения регистрации.

Портал предусматривает различные категории пользователей, поэтому доступные сервисы и набор необходимых сведений зависят от выбранной роли.

🔹 Личный кабинет: все необходимое в одном месте

После авторизации пользователь переходит в личный кабинет. Перед получением услуги необходимо заполнить раздел «Персональные данные».

Если у иностранного гражданина имеется ИИН, часть персональных сведений может быть получена из государственных информационных систем. Остальные необходимые данные пользователь заполняет самостоятельно. При этом важно внимательно проверить их достоверность перед сохранением.

После заполнения персональных данных пользователь выбирает необходимую услугу, заполняет электронное заявление и направляет его на рассмотрение.

В личном кабинете можно отслеживать статус заявления и получать соответствующие уведомления, что позволяет контролировать ход оказания услуги без дополнительных обращений.

🔗 Подробнее

Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍11❤3👏1
🇰🇿 «КОНВЕРТТЕГІ» ЖАЛАҚЫ: ЖҰМЫСКЕРДІҢ ТӘУЕКЕЛДЕРІ МЕН ЖҰМЫС БЕРУШІНІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

Ресми жалақы – адамның еңбегіне төленетін ақы ғана емес, оның әлеуметтік қорғалуының да негізі. Әлеуметтік төлемдердің мөлшері, зейнетақы жинақтары және табысынан айырылған жағдайда отбасының қаржылық жағдайын сақтау мүмкіндігі жалақының толық көрсетілуіне және міндетті төлемдердің уақтылы аударылуына байланысты.

Жалақысын толық алатын адам қажет болған жағдайда өзіне тиесілі әлеуметтік қолдауды аламын деп күтеді. Алайда осындай жағдай туындағанда оның нақты табысының қанша бөлігі ресми көрсетілгені маңызды болады. Өйткені әлеуметтік төлемдерді есептеу кезінде әлеуметтік аударымдар жасалған кіріс ескеріледі.

Көбіне мәселе нақты жалақының бір бөлігі жасырылып, одан төленуге тиіс салықтар мен міндетті төлемдердің толық аударылмауынан туындайды.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі еңбекке қабілеттілігінен, асыраушысынан немесе жұмысынан айырылған жағдайда қаржылай қолдау көрсетеді. Сондай-ақ жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы асырап алуға, бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табыстан айырылған кезде әлеуметтік төлемдер қарастырылған.

Ресми жалақының төмен көрсетілуі болашақ әлеуметтік төлемнің мөлшерін азайтуы мүмкін. Мұның салдары әсіресе адамның тұрақты табысы тоқтап, ал отбасының шығындары бұрынғы деңгейде қалған немесе көбейген кезде сезіледі.

Мұны шартты мысалмен түсіндіруге болады. Егер бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемді есептеу үшін соңғы 24 айдағы орташа айлық кіріс 300 мың теңге деп алынса, 40 пайыздық коэффициент бойынша ай сайынғы төлем 120 мың теңгені құрайды. Ал жалақы толық көрсетілмегендіктен, есепке алынатын орташа айлық кіріс 150 мың теңге болса, төлем 60 мың теңге болады.

Осылайша, ай сайынғы айырмашылық 60 мың теңгені құрайды. Бұл сомалардан міндетті зейнетақы жарналары әлі ұсталмаған. Төлемнің нақты мөлшері әр адамның жеке деректері мен заңнамада белгіленген шектеулерге сәйкес есептеледі. Отбасы үшін бұл айырмашылық баланың тамағына, киіміне және басқа да күнделікті қажеттіліктеріне жұмсалатын қаражаттың азаюына әкелуі мүмкін.

Жүктілікке және босануға байланысты әлеуметтік төлемді есептеу кезінде алдыңғы 12 айда әлеуметтік аударымдар жасалған кіріс ескеріледі. Сондықтан адамның нақты жалақысы жоғары болса да, оның бір бөлігі ресми көрсетілмесе, алатын төлемі күткеннен аз болуы мүмкін.

🔗 Толығырақ

#Заңжәнетәртіп #Еңбекжәнехалықтыәлеуметтікқорғауминистрлігі #Законипорядок #Министерствотрудаисоциальнойзащитынаселения

Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5❤3
🇰🇿 ЗАРАБОТНАЯ ПЛАТА «В КОНВЕРТЕ»: КАКИЕ РИСКИ НЕСЁТ РАБОТНИК И ЧТО ГРОЗИТ РАБОТОДАТЕЛЮ

Официальная заработная плата – это не только оплата труда, но и основа социальной защищённости работника. От полноты учёта дохода и своевременной уплаты обязательных платежей зависят размер социальных выплат, пенсионные накопления и возможность для семьи сохранить финансовую устойчивость при потере заработка.

Получая зарплату в полном объёме, человек рассчитывает, что при необходимости сможет получить соответствующую социальную поддержку. Однако при наступлении социального риска решающее значение приобретает то, какая часть его заработка была отражена официально. При расчёте социальных выплат учитываются доходы, которые приняты для исчиления социальных отчислений.

Зачастую проблема возникает, когда реальный доход скрывается, а причитающиеся с него налоги и обязательные платежи перечисляются не в полном объёме.

Система обязательного социального страхования предусматривает финансовую поддержку при утрате трудоспособности, потере кормильца, потере работы, а также при потере дохода в связи с беременностью и родами, усыновлением или удочерением новорождённого ребёнка и уходом за ребёнком до достижения им возраста полутора лет.

Занижение официального заработка может уменьшить размер будущей социальной выплаты. Особенно ощутимыми последствия становятся в период, когда привычный доход прекращается, а расходы семьи сохраняются или увеличиваются.

Это наглядно показывает условный пример. Если средний ежемесячный доход, принимаемый для расчёта социальной выплаты по уходу за ребёнком за последние 24 месяца, составляет 300 тысяч тенге, при коэффициенте 40 процентов размер выплаты составит 120 тысяч тенге в месяц. Если же из-за занижения заработка учитываемый средний доход составляет 150 тысяч тенге, выплата будет равна 60 тысячам тенге.

Разница – 60 тысяч тенге ежемесячно. Указанные суммы приведены до удержания обязательных пенсионных взносов. Фактический размер выплаты определяется по индивидуальным данным с учётом установленных законодательством ограничений. Для семьи такая разница означает сокращение средств, которые могли бы направляться на питание, одежду и другие повседневные потребности ребёнка.

При расчёте социальной выплаты в связи с беременностью и родами учитываются доходы, с которых производились социальные отчисления за предшествующие 12 месяцев. Поэтому даже при достаточно высоком фактическом заработке выплата может оказаться ниже ожидаемой, если часть дохода не отражалась официально.

🔗 Подробнее

#Заңжәнетәртіп #Еңбекжәнехалықтыәлеуметтікқорғауминистрлігі #Законипорядок #Министерствотрудаисоциальнойзащитынаселения

Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7❤4👏1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 Құрметті кәсіподақ саласының ардагерлері, кәсіподақ ұйымдарының басшылары мен белсенділері, әріптестер!

​Сіздерді Қазақстан кәсіподақтары күнімен шын жүректен құттықтаймын!

​Бұл – еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғауға, әлеуметтік әріптестікті нығайтуға және лайықты еңбек жағдайларын қалыптастыруға өз үлесін қосып жүрген барша азамат үшін айрықша күн.

​Кәсіподақтар – ең алдымен, еңбек адамының мүддесін қорғап, құқықтарын қамтамасыз етуге, қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға және лайықты ақы төленуіне ықпал етіп жүрген адамдар. Ауқымды әрі маңызды жұмыстың артында жауапкершілік, табандылық және азаматтардың, олардың отбасыларының әл-ауқатына деген шынайы қамқорлығы тұр.

​Бүгінде Қазақстанда 530 кәсіподақ ұйымының құрамында шамамен 2,9 миллион жұмыскер тіркелген. Бұл – маңызды көрсеткіш әрі үлкен жауапкершілік. Өйткені әрбір санның артында нақты адам, оның еңбегі, отбасы және ертеңгі күнге деген сенімі бар.

​Биыл еліміздің өңірлерінде кәсіподақ қозғалысын дамытуға арналған форумдар, кездесулер және басқа да іс-шаралар өтті. Олар ашық диалог орнатуға, тәжірибе алмасуға және жұмыскерлердің мүдделеріне тікелей қатысты мәселелерді талқылауға арналған маңызды алаңға айналды. Атап айтқанда, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жұмыскерлердің құқықтарын қорғау, жұмыспен қамту жағдайларын жақсарту және әлеуметтік әріптестікті дамыту мәселелері қаралды.

​Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кәсіподақтармен сындарлы өзара іс-қимылға жоғары мән береді. Мемлекет, жұмыс берушілер және жұмыскерлер өкілдері күш біріктіргенде ғана еңбек қатынастарын жүйелі түрде жетілдіріп, адамның еңбегі лайықты бағаланатын және құрметтелетін жағдай қалыптастыра аламыз.

​Әрбір жұмыскер өз құқықтарының қорғалатынын, еңбегінің бағаланатынын және қауіпсіз әрі лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мәселелері әрдайым басты назарда екенін сезінуі біз үшін аса маңызды.

​Кәсіподақ қозғалысының ардагерлеріне айрықша алғысымды білдіремін. Сіздердің көп жылғы еңбектеріңіз, кәсіби біліктіліктеріңіз бен кәсіподақ ісіне деген адалдықтарыңыз еліміздегі кәсіподақ қозғалысының дамуына зор үлес қосты. Жинақтаған тәжірибелеріңіз бен қалыптастырған дәстүрлеріңіз жас буын басшылары мен белсенділеріне үлгі болып, өз жалғасын табатынына сенімдімін.

​Кәсіподақтардың барлық өкілдеріне күнделікті еңбегі, бастамашылдығы және әділ әрі жауапты еңбек қатынастарын нығайтуға қосып жүрген үлесі үшін шынайы алғысымды білдіремін.

​Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық, отбасылық амандық, бейбітшілік пен бақ-береке тілеймін! Еңбектеріңіз әрдайым құрмет пен жоғары бағалауға ие болып, нақты нәтижелерге ұлассын. Қазақстанның кәсіподақ қозғалысы одан әрі дамып, нығая берсін және еңбек адамының мүддесін тиімді қорғау жолындағы маңызды қызметін абыроймен жалғастыра берсін.

​Қазақстан кәсіподақтары күні құтты болсын!

​Баршаңызға толағай табыс, жаңа жетістіктер және жарқын болашаққа деген сенім тілеймін!

Ізгі ниетпен,
ҚР Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
Асқарбек Ертаев

Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4👍4
🇰🇿 Уважаемые ветераны профсоюзного дела, руководители и активисты профсоюзных организаций, коллеги!

​От всей души поздравляю вас с Днём профсоюзов Казахстана!

​Это особый день для всех, кто посвятил себя защите трудовых прав и интересов работников, укреплению социального партнёрства и созданию достойных условий труда.

​Профсоюзы – это прежде всего люди, которые каждый день стоят на защите человека труда, помогают отстаивать его права, содействуют обеспечению безопасных условий работы и достойной оплаты труда. За этой большой и важной работой стоят ответственность, принципиальность и искренняя забота о благополучии людей и их семей.

​Сегодня профсоюзное движение Казахстана объединяет около 2,9 миллиона работников в 530 профсоюзных организациях. Это значимый показатель и, одновременно, большая ответственность. Ведь за каждой цифрой – конкретный человек, его труд, его семья, его стремление быть уверенным в завтрашнем дне.

​В течение года в регионах страны прошли форумы, встречи и другие мероприятия, посвящённые развитию профсоюзного движения. Они стали важными площадками для открытого диалога, обмена опытом и обсуждения вопросов, которые напрямую связаны с интересами работников: безопасностью труда, защитой трудовых прав, улучшением условий занятости и дальнейшим развитием социального партнёрства.

​Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан высоко ценит конструктивное взаимодействие с профсоюзами. Только объединяя усилия государства, работодателей и представителей работников, мы можем последовательно совершенствовать трудовые отношения и создавать условия, в которых труд человека действительно получает достойную оценку и уважение.

​Для нас принципиально важно, чтобы каждый работник знал и чувствовал: его права защищены, его труд ценится, а вопросы безопасности и достойных условий труда находятся в центре внимания.

​Особые слова благодарности хочу адресовать ветеранам профсоюзного движения. Ваш многолетний труд, профессиональный опыт и преданность делу стали важной частью развития профсоюзного движения нашей страны. ​Уверен, что ваши знания и традиции и дальше будут передаваться новым поколениям профсоюзных лидеров и активистов.

​Искренне благодарю всех представителей профсоюзов за ежедневный труд, инициативность и вклад в укрепление справедливых и ответственных трудовых отношений.

​Желаю вам и вашим близким крепкого здоровья, семейного благополучия, мира и достатка! Пусть ваша работа всегда приносит уважение, признание и реальные результаты, а профсоюзное движение Казахстана продолжает развиваться, становиться сильнее и эффективно защищать интересы человека труда.

​С Днём профсоюзов Казахстана!

​Желаю всем успехов, новых достижений и уверенности в завтрашнем дне!

С уважением,
Министр труда и социальной
защиты населения РК
Аскарбек Ертаев


Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍10❤1👏1
🇰🇿 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӘСІПОДАҚТАР ҚАТАРЫНДА 2,9 МИЛЛИОНҒА ЖУЫҚ ЖҰМЫСШЫ БАР

Елімізде 2,9 миллионға жуық мүшесі бар 530 кәсіподақ ұйымы қызмет етеді. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік әріптестермен бірлесіп, еңбек заңнамасын жетілдіру, ұжымдық шарттар жүйесін дамыту және жұмысшылардың құқықтарын қорғау тетіктерін нығайту бағытында жұмыс жүргізіп келеді. 10 қазанда елімізде Кәсіподақтар күні атап өтіледі.

Кәсіподақ ұйымдарының құрамына республикалық деңгейдегі 4 кәсіподақ бірлестігі, салалық 54 кәсіподақ, 25 аумақтық бірлестік және 447 жергілікті кәсіподақ кіреді. Олар жұмыс берушілермен және мемлекеттік органдармен қарым-қатынаста жұмысшылардың мүддесін қорғайды, ұжымдық келіссөздерге қатысады, сондай-ақ еңбек және әлеуметтік мәселелерге қатысты заңнамалық бастамаларды талқылайды.

Кәсіподақтардың қызметі жұмыскерлердің күнделікті еңбек жағдайына тікелей қатысты мәселелерді қамтиды. Атап айтқанда, жалақының төленуі, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жұмыс және демалыс уақытының сақталуы, әлеуметтік кепілдіктерді орындау және еңбек дауларын реттеу бағыттарына басымдық беріледі. Кәсіподақ өкілдері арқылы жұмысшылар еңбек жағдайларын талқылауға және жұмыс берушінің міндеттерін ұжымдық шартта бекітуге қатыса алады.

Еңбек министрлігі ұжымдық шарттар жүйесін дамытуға және бұл үдерісті цифрландыруға ерекше мән береді. 2026 жылдың 1 тамыздағы жағдай бойынша 19 683 ұжымдық шарт цифрландырылған. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11 мыңға көп. Ұжымдық шарттарда жалақы төлеу, кәсіби даярлық, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жұмыскерлерді әлеуметтік қолдау бойынша қосымша кепілдіктер бекітіледі. Ал цифрлық жүйелер осы бағыттағы ақпаратты орталықтандыруға және тараптардың міндеттемелерінің орындалуын бақылауды жетілдіруге жол ашады.

🔗 Толығырақ

Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5
🇰🇿 ПРОФСОЮЗЫ КАЗАХСТАНА ОБЪЕДИНЯЮТ ОКОЛО 2,9 МЛН РАБОТНИКОВ

В Казахстане действуют 530 профсоюзных организаций, объединяющих около 2,9 млн работников. Министерство труда и социальной защиты населения РК совместно с социальными партнерами продолжает работу по совершенствованию трудового законодательства, развитию коллективно-договорных отношений и укреплению механизмов защиты прав работников. 10 октября в стране отмечается День профессиональных союзов.

В число профсоюзных организаций входят 4 республиканских объединения профсоюзов, 54 отраслевых профсоюза, 25 территориальных объединений и 447 локальных профсоюзов. Они представляют интересы работников во взаимодействии с работодателями и государственными органами, участвуют в коллективных переговорах и обсуждении законодательных инициатив в социально-трудовой сфере.

Практическое значение деятельности профсоюзов связано прежде всего с вопросами, которые непосредственно влияют на жизнь работников: оплатой и безопасностью труда, соблюдением режима работы и отдыха, социальными гарантиями и разрешением трудовых споров. Через своих представителей работники могут участвовать в обсуждении условий труда и закреплении обязательств работодателя в коллективном договоре.

Минтруд уделяет особое внимание развитию коллективно-договорного регулирования и цифровизации этих процессов. По состоянию на 1 августа 2026 года в стране оцифровано 19 683 коллективных договора – это на 11 тыс. больше по сравнению с аналогичным периодом прошлого года. Коллективные договоры позволяют закреплять дополнительные гарантии по оплате труда, профессиональному обучению, охране труда и социальной поддержке работников. Цифровизация способствует систематизации сведений и совершенствованию мониторинга исполнения обязательств сторон.

🔗 Подробнее

Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍11
🇰🇿 АСТАНАДА ЕҢБЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН САРАПТАМАЛЫҚ ФОРУМ ӨТТІ

Астанада ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ ұйымдастырған сараптамалық форум өтті. Іс-шара барысында қатысушылар азаматтардың еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғау, халықты әлеуметтік қолдау жүйесін дамыту және әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік басқару тетіктерін жетілдіру мәселелерін талқылады.

Форумға Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институтының, сондай-ақ еңбек, әлеуметтік қорғау және мемлекеттік басқару салаларының сарапшылары қатысты.

Кездесу барысында адам қадір-қасиетін қорғау, азаматтардың еңбек және әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету, сондай-ақ заңнама мен мемлекеттік институттардың қызметін жетілдіру мәселелері қаралды. Шешімдер мен қызмет көрсету тәртібінде азаматтардың қажеттіліктері мен мүдделерін ескерудің маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Пікірталастың жеке бөлімі жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қолдау мәселелеріне арналды. Қатысушылар мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыру, дербес деректерді қорғау, сондай-ақ азаматтарға өз құқықтары мен қолжетімді қолдау шаралары туралы түсінікті әрі шынайы ақпарат ұсыну қажеттігін атап өтті.

🔗 Толығырақ

Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤13👍10
🇰🇿 В АСТАНЕ СОСТОЯЛСЯ ЭКСПЕРТНЫЙ ФОРУМ ПО ВОПРОСАМ ТРУДА И СОЦИАЛЬНОЙ ЗАЩИТЫ

В Астане состоялся экспертный форум, организованный АО «Центр развития трудовых ресурсов» при Министерстве труда и социальной защиты населения РК. Участники обсудили актуальные вопросы защиты трудовых и социальных прав граждан, развития системы социальной поддержки и совершенствования механизмов государственного управления в социально-трудовой сфере.

В мероприятии приняли участие представители Академии государственного управления при Президенте Республики Казахстан, Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева, Института законодательства и правовой информации Республики Казахстан, а также эксперты в области труда, социальной защиты и государственного управления.

В ходе форума рассмотрели вопросы защиты достоинства человека, обеспечения трудовых и социальных прав граждан, а также совершенствования законодательства и деятельности государственных институтов. Особое внимание было уделено необходимости учитывать потребности граждан при принятии решений и предоставлении государственных услуг.

Отдельный блок дискуссии был посвящён вопросам занятости и социальной поддержки населения. Участники подчеркнули важность повышения доступности государственных сервисов, защиты персональных данных и предоставления гражданам понятной и достоверной информации об их правах и доступных мерах поддержки.

🔗 Подробнее

Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤11👍10
🇰🇿 ҚАЗАҚСТАНДА МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАР КҮНІ АТАП ӨТІЛЕДІ

Елімізде қазан айының екінші жексенбісінде Мүгедектігі бар адамдар күні атап өтіледі. Бұл күн әр адамға тең мүмкіндік берудің, қолжетімді орта қалыптастырудың және әркімнің өз қабілетін дамытуына, өз бетінше шешім қабылдауына, қоғам өміріне белсенді араласуына жағдай жасаудың маңызын еске салады.

Қазақстанда мүгедектігі бар 756 мыңнан астам адам тұрады. Оның ішінде 120 мыңы – бала, 636 мыңы – ересек адам. Олардың әрқайсысының өз арманы, таланты, кәсіби мақсаты мен жетістігі бар.

Мүгедектігі бар жандар еліміздің қоғамдық және кәсіби өміріне белсенді араласып жүр. Олар кәсіпкерлікпен айналысады, қоғамдық жұмыстарға қатысады, саясатта, спортта, өнерде және басқа да салаларда жетістікке жетіп келеді.

Осы ретте мүгедектігі бар адамдардың өз өміріне тікелей қатысты шешімдерді талқылап, оларды әзірлеуге қатысуы маңызды. Олардың сараптамалық пікірі азаматтардың шынайы қажеттіліктерін ескеріп, әлеуметтік қолдау жүйесін одан әрі жетілдіруге негіз болады.

Бүгінде мемлекет бұл бағытта әлеуметтік төлемдер тағайындаудан бастап, оңалту қызметтерін ұсынуға, техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз етуге, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге және жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге дейінгі шараларды жүзеге асырып келеді. Аталған жұмыстың негізгі бағыттары Қазақстан Республикасының 2025-2030 жылдарға арналған инклюзивті саясатының тұжырымдамасында белгіленген. Тұжырымдама әр адамның тең құқықтарын қамтамасыз етуге, өз бетінше өмір сүруіне және шешім қабылдауға қатысуына жағдай жасауға бағытталған. Сондай-ақ білім алуға, жұмысқа орналасуға, инфрақұрылымға, ақпаратқа және мемлекеттік қызметтерге қолжетімділікке ерекше көңіл бөлінеді.

Азаматтардың өзіне қажетті қызметтерді таңдау мүмкіндігін кеңейтетін құралдардың бірі – Әлеуметтік қызметтер порталы. Жеке абилитациялау және оңалту бағдарламасына сәйкес азаматтар қажетті техникалық оңалту құралдарын, жеке көмекші мен ымдау тілі маманының қызметтерін, сондай-ақ санаторий-курорттық емделу орындарын өздері таңдай алады. Бұл әр адамның жеке қажеттілігін ескеріп, қолдауды нақты бағытта көрсетуге мүмкіндік береді.

Мүгедектікті белгілеу рәсімдерін цифрландыру жұмысы да жалғасып жатыр. Белгіленген жағдайларда азаматқа медициналық ұйымға жүгіну жеткілікті. Қажетті құжаттар электронды түрде жолданып, мамандар оларды медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесіне бармай-ақ қарайды. Бұл әсіресе шалғай елді мекендерде тұратын азаматтар үшін қолайлы. 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша осындай тәртіппен 83,4 мыңнан астам өтінім қаралды. Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізетін тәуелсіз сарапшылар тізіліміне 79 маман енгізілді.

🔗 Толығырақ

Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤7👍7👏3
🇰🇿 В КАЗАХСТАНЕ ОТМЕЧАЕТСЯ ДЕНЬ ЛИЦ С ИНВАЛИДНОСТЬЮ

Во второе воскресенье октября в Казахстане отмечается День лиц с инвалидностью - дата, которая напоминает о важности равных возможностей, доступной среды и создания условий, позволяющих каждому человеку реализовывать свой потенциал, самостоятельно принимать решения и полноценно участвовать в жизни общества.

Сегодня в Казахстане проживают более 756 тыс. людей с инвалидностью, в том числе 120 тыс. детей и 636 тыс. взрослых. За каждым из этих чисел - люди с собственными мечтами, талантами, профессиональными планами и достижениями.

Люди с особыми потребностями сегодня активно участвуют в общественной и профессиональной жизни страны. Они развивают бизнес, занимаются общественной деятельностью, добиваются успехов в политике, спорте, творчестве и других сферах.

Важной частью этой работы становится участие самих людей с инвалидностью в обсуждении и формировании решений, которые непосредственно затрагивают их жизнь. Их экспертное мнение позволяет лучше учитывать реальные потребности граждан и совершенствовать систему социальной поддержки.

Сегодня государственная политика в этой сфере охватывает широкий комплекс мер - от социальных выплат и реабилитации до специальных социальных услуг, технических средств реабилитации и содействия занятости. Основные направления определены Концепцией инклюзивной политики в Республике Казахстан на 2025-2030 годы, которая ориентирована на равенство прав, самостоятельность человека и его участие в принятии решений. Особое внимание уделяется доступу к образованию, занятости, инфраструктуре, информации и государственным услугам.

Одним из инструментов, расширяющих возможности самостоятельного выбора, является Портал социальных услуг. В соответствии с индивидуальной программой абилитации и реабилитации граждане могут самостоятельно выбирать необходимые технические средства, поставщиков услуг индивидуального помощника и специалиста жестового языка, а также организации санаторно-курортного лечения. Такой подход позволяет сделать поддержку более адресной и учитывать индивидуальные потребности каждого человека.

Продолжается цифровизация процессов установления инвалидности. В предусмотренных случаях гражданину достаточно обратиться в медицинскую организацию, после чего необходимые документы передаются в электронном формате, а специалисты рассматривают их без личного посещения подразделения медико-социальной экспертизы. Это особенно важно для жителей отдаленных населенных пунктов. По состоянию на 1 октября 2026 года в таком формате рассмотрено более 83,4 тыс. заявок, а в реестр включены 79 независимых экспертов медико-социальной экспертизы.

🔗 Подробнее

Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍12❤5👏4
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 Ерікті қоныс аудару бағдарламасы арқылы Қарағанды облысындағы Саран қаласына көшіп барған Асылхан жаңа жерден жұмыс тауып, отбасымен бірге жаңа өмір бастады. Қоныс аударғаннан кейін оған жұмысқа орналасуға, кейін баспана алуға да қолдау көрсетілді. Бүгінде Асылхан метролог, ал жұбайы бухгалтер болып еңбек етеді.

▶️ Отбасының жаңа ортаға қалай бейімделгені және бағдарлама аясында қандай қолдау алғаны туралы толығырақ бейнематериалдан көріңіздер.

Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍9❤6👏3
🇰🇿 ЕҢБЕК МИНИСТРЛІГІ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ 90%-ДАН АСТАМЫ ЭЛЕКТРОНДЫ ФОРМАТТА

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтардың әлеуметтік қолдауды алуын жеңілдету үшін мемлекеттік қызметтерді цифрландыру жұмысын жалғастыруда. Қазіргі уақытта көрсетілетін 49 мемлекеттік қызметтің 45-ін, яғни 91,8 пайызын электронды түрде алуға болады. Ал 28 қызметті проактивті түрде алу мүмкіндігі қарастырылған.

Қызмет түріне қарай азаматтар электронды үкімет порталын, Enbek.kz электрондық еңбек биржасын, eGov Mobile мобильді қосымшасын және екінші деңгейлі банктердің қосымшаларын пайдалана алады. Бұл сервистер арқылы мемлекеттік қызметтерге қашықтан өтініш беруге болады. Осылайша, мекемелерге барудың қажеті азаяды.

Министрлік проактивті қызмет көрсетуді де дамытуда. Бұл жағдайда қызмет ұсыну бастамасын мемлекеттің өзі көтереді. Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мәліметтер негізінде тиісті қолдауды алуы мүмкін азаматтар анықталып, оларға қызметті алу мүмкіндігі туралы хабарлама жіберіледі.

Бұл тәсіл азаматтардың қажетті мемлекеттік қызметті алу үдерісін бастауын жеңілдетеді. Азамат өзіне тиесілі қолдау шаралары туралы білу үшін мемлекеттік органға баруға немесе арнайы өтініш беруге міндетті емес. Ал қызметті рәсімдеу тәртібі оның түрі мен белгіленген талаптарына қарай айқындалады.

Қазіргі уақытта 28 мемлекеттік қызметті проактивті форматта көрсету мүмкіндігі қарастырылған. Бұл жалпы мемлекеттік қызметтер санының 57,1 пайызын құрайды.

🔗 Толығырақ

Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍13❤2👏2