Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Бірнеше несие алып, төлемдерді уақытында төлей алмаған жағдайда қарыз мәселесі күрделене түсуі мүмкін. Әсіресе бірнеше несие бойынша берешек жиналып қалса, ай сайынғы төлемді өтеу қиынға соғады. Дегенмен қаржылық жағдай күрделеніп кеткен кезде де қарызды реттеуге және берешек көлемін азайтуға көмектесетін мүмкіндіктер бар.
Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6❤3👏2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Долговая нагрузка может стать серьезной проблемой, особенно если у человека несколько кредитов и просроченных обязательств. Однако даже в сложной финансовой ситуации существуют механизмы, которые помогают урегулировать задолженность и снизить долговую нагрузку.
Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍8❤3👏2
Цифрлық технологиялар оңалту жүйесінің мүмкіндігін кеңейтіп келеді. Бүгінде оңалту көмегі орталықтағы немесе маман кабинетіндегі қызметпен ғана шектелмейді. Заманауи цифрлық құралдар оңалту бағдарламасын үйде жалғастыра отырып адамның жағдайындағы өзгерістерді қадағалауға, маман мен отбасы арасындағы тұрақты байланысты сақтауға жағдай жасайды. Осылайша оңалту бағытын дер кезінде анықтауға мүмкіндік туады.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығы осындай технологиялық шешімдерді оңалту саласына енгізіп келеді. Негізгі мақсат – маман жұмысын толықтырып, оңалту көмегін адам мен оның отбасына қолжетімді әрі жеке қажеттіліктерге бейім ету.
Орталық 2024 жылдан бері «Қазақстан халқына» қоғамдық қорымен және Министрлікпен бірлесіп «QH. Мүгедектігі бар балаларды үй жағдайында оңалту» жобасын іске асырып келеді. Қазір жоба Шымкент қаласы мен Қызылорда, Павлодар және Абай облыстарында жалғасып жатыр. Маңызды ерекшеліктерінің бірі – оңалту жұмысының үйде де жалғасуы. Мамандармен өткізілген сабақтан кейін бала өзіне жеке іріктелген жаттығуларды үйде орындайды. Ата-аналар берілген ұсынымдар мен тапсырмалардың орындалғанын цифрлық оңалту күнделігіне белгілейді. Ал мамандар баланың жағдайындағы өзгерістерді қадағалап, қажет болса, оңалту бағдарламасын түзете алады. Осының арқасында маман мен отбасының байланысы кезекті қабылдаумен шектелмей, оңалту жұмысы үздіксіз жалғасады.
Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍8❤3
Цифровые технологии расширяют возможности системы реабилитации. Сегодня реабилитационная помощь уже не ограничивается услугами, оказываемыми в центре или кабинете специалиста. Современные цифровые инструменты позволяют продолжать реабилитационную программу дома, отслеживать изменения в состоянии человека, поддерживать постоянную связь между специалистом и семьёй и при необходимости своевременно корректировать направление реабилитации.
Национальный научный центр развития сферы социальной защиты Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан внедряет такие технологические решения в практику реабилитации. Основная задача заключается в том, чтобы использовать технологии как инструмент, дополняющий профессиональную работу специалиста и делающий реабилитационную помощь более доступной, системной и адаптированной к индивидуальным потребностям человека и его семьи.
С 2024 года Центр совместно с общественным фондом «Қазақстан халқына» и Министерством реализует проект «QH. Реабилитация детей с инвалидностью в домашних условиях». В настоящее время проект продолжается в городе Шымкенте, Кызылординской, Павлодарской областях и области Абай. Одна из его важных особенностей заключается в том, что реабилитационная работа продолжается и дома. После занятий со специалистами ребёнок выполняет индивидуально подобранные упражнения в домашних условиях. Родители отмечают выполнение рекомендаций и заданий в цифровом дневнике реабилитации, а специалисты отслеживают изменения в состоянии ребёнка и при необходимости корректируют реабилитационную программу. Благодаря этому взаимодействие специалиста и семьи не ограничивается очередным приёмом, а реабилитационный процесс сохраняет непрерывность.
Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍8❤4
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Төлем тәртібінің өзгеруі зейнетақы жүйесінің дамуымен байланысты. Азаматтарға өздерінің зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін жеке компаниялардың сенімгерлік басқаруына беру мүмкіндігі берілді.
Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7❤2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Изменение порядка выплат обусловлено развитием пенсионной системы: граждане получили право передавать до 100% своих накоплений в доверительное управление частным компаниям.
Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍9❤4
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
2026 жылдың сәуір айынан бастап субсидияланатын жұмыс орындарын бөлудің жаңа, сараланған тәртібі енгізілді. Жұмыс берушілерге қойылатын талаптар әр ұйымның жағдайына қарай сараланады. Бұл ретте штаттағы тұрақты қызметкерлер саны мен субсидияланған жұмыс орнында еңбек еткен азаматты кейін тұрақты жұмысқа қабылдау мүмкіндігі де ескеріледі.
Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍9❤5👏2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
С апреля 2026 года введен новый, дифференцированный подход к распределению субсидируемых рабочих мест. Теперь требования к работодателям определяются с учетом типа организации, наличия постоянных работников в штате и возможности принять человека на постоянную работу после завершения его участия в субсидируемом рабочем месте.
Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍10👏3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Баршаңызды жаңа оқу жылының басталуымен бірге келетін айтулы мереке - Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Білім - адамға бағыт-бағдар беріп, оның мүмкіндігін кеңейтетін, елдің ертеңін айқындайтын ең маңызды құндылықтардың бірі. Ұлы ақын Абай атамыз: «Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез», - деп білім мен талапты ұштастыра отырып, ізденіс пен еңбектің адам өміріндегі маңызын терең танытқан.
Бүгін - әсіресе мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер үшін ерекше күн. Қолдарына алғаш рет қалам ұстап, білім әлеміне қадам басқан бүлдіршіндердің қуанышын ата-аналары мен жақындары да бірге бөлісуде. Баланың мектепке алғаш келуі - оның өміріндегі жаңа кезеңнің бастауы ғана емес, әр отбасы үшін жүрекке жылы, есте қаларлық сәт.
Қымбатты оқушылар Алдарыңызда біліммен қатар, жаңа мүмкіндіктер мен үлкен мақсаттарға толы кең жол тұр. Мектеп - тек білім алатын орын ғана емес, адамның тұлға болып қалыптасатын, арманын айқындап, өз болашағына жауапкершілікпен қарауды үйренетін маңызды орта.
Әр сабақты жаңа мүмкіндіктің бастауы деп қабылдаңыздар. Көп оқыңыздар, ізденіңіздер, сұрақ қоюдан және қателесуден қорықпаңыздар. Өйткені үлкен жетістікке апарар жол табандылықтан, еңбектен және үздіксіз ізденістен басталады. Армандарыңыз биік, мақсаттарыңыз айқын болсын.
Қадірлі ұстаздар! Сіздердің еңбектеріңіз - ұрпақ тәрбиесі мен ел болашағына қосылған баға жетпес үлес. Ұстаздың шәкіртіне берген білімі мен тәрбиесі оның бүкіл өмір жолына ықпал етеді. Сондықтан жас ұрпаққа сапалы білім беріп, олардың бойына адамгершілік, жауапкершілік пен еңбекқорлық қасиеттерін сіңіріп жүрген барша ұстаздарға шынайы ризашылығымды білдіремін.
Құрметті ата-аналар! Балаға білім беруде мектеп пен отбасының өзара түсіністігі мен қолдауының маңызы зор. Перзенттеріңіздің әр жетістігіне қуанып, әр қадамына демеу болып, олардың арманына сеніммен қараңыздар. Балаға берілетін ең үлкен тәрбие – оның бойына білімге деген құштарлық пен еңбекке деген құрметті қалыптастыру.
Жаңа оқу жылы баршаңызға жаңа мүмкіндіктер, толағай табыстар мен жарқын жетістіктер әкелсін! Оқушылардың білімге деген қызығушылығы артып, ұстаздардың еңбегі жемісті, ата-аналардың қуанышы еселене берсін. Әр мектепте ізденіс пен жаңашылдық, әр отбасында береке мен шаттық болсын.
Білім күні құтты болсын! Жаңа оқу жылы сәтті басталып, баршаңызға үлкен жетістіктер әкелсін!
Ізгі ниетпен,
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7❤4
Солтүстік Қазақстан облысында үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет алатын мүгедектігі бар балаларды сүйемелдеудің жаңа тәсілін сынақтан өткізу жоспарланып отыр. Жоба барысында әр саланың мамандары тартылып, FSM Social цифрлық платформасы пайдаланылады.
Жобаны Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығы жүзеге асырады. Сынақ аясында 180 баланы қамту көзделген. Оның ішінде тірек-қимыл аппараты бұзылған 20 бала және психоневрологиялық бұзылыстары бар 160 бала бар.
Басты мақсат әр балаға өзіне қажет көмекті уақытында көрсету. Сол үшін мамандар баланың жағдайын жеке бағалап, қолдау түрін соған қарай анықтайды. Жобаға 7 дәрігер, 9 логопед және 8 психолог қатысып отыр. Мамандар үйге барып жұмыс істейді, ал қажет жағдайда онлайн кеңес өткізіп, ата-аналарға баланың дамуы мен оңалуына көмектесетін кеңестер береді.
Баламен жүргізілетін жұмыстың барлық кезеңін бір жүйеге біріктіру үшін FSM Social цифрлық платформасы қолданылады. Оны оңалтудың цифрлық күнделігі деуге болады. Платформада мамандардың ұсынымдары жазылып, берілген тапсырмалардың орындалуы белгіленеді. Бұл балаға көрсетілетін көмекті жүйелі түрде жалғастыруға және мамандардың кездесулер арасындағы жұмысты бақылауына мүмкіндік береді.
Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍9❤3
В Северо-Казахстанской области планируется апробация модели сопровождения детей с инвалидностью, получающих специальные социальные услуги на дому, с привлечением междисциплинарной команды специалистов и использованием цифровой платформы FSM Social.
Проект Национального научного центра развития сферы социальной защиты предусматривает охват 180 детей, в том числе 20 детей с нарушениями опорно-двигательного аппарата и 160 детей с психоневрологическими нарушениями.
Особенность подхода заключается в том, что сопровождение будет выстраиваться с учетом индивидуальных потребностей каждого ребенка. К работе планируется привлечь 7 врачей физической медицины и реабилитации, 9 логопедов и 8 психологов. Специалисты смогут дополнять очную работу в рамках надомного обслуживания дистанционными консультациями и рекомендациями.
Для объединения всех этапов сопровождения будет использоваться цифровая платформа FSM Social. Она станет своего рода цифровым дневником реабилитации, позволяющим фиксировать рекомендации специалистов, отслеживать выполнение назначенных мероприятий и обеспечивать преемственность работы с ребенком в период между очными консультациями.
Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍8❤2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Әлеуметтік қолдау әр азаматқа дер кезінде жетіп, нақты қажеттілігіне сай көрсетілуі керек. Өмірлік қиын жағдайға тап болған әрбір отбасы мемлекет көмегін сезініп, ертеңгі күнге сеніммен қарауы тиіс.
Қазақстанда халықты әлеуметтік қорғау жүйесін ауқымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Оның негізінде әділдік, объективтілік және ашықтық қағидаттары жатыр.
Маңызды өзгерістердің бірі – мемлекеттік ақпараттық жүйелердің деректеріне негізделген мұқтаждықты бағалаудың цифрлық тетігін енгізу. Бұл тәсіл әлеуметтік қолдауға мұқтаждықты айқындау рәсімдерін жеңілдетіп, шешім қабылдау барысында адами фактордың ықпалын барынша азайтуға мүмкіндік береді.
Отбасының әл-ауқат деңгейін бағалау кезінде бір ғана көрсеткіш емес, әлеуметтік-экономикалық факторлардың жиынтығы ескеріледі. Атап айтқанда, отбасының табысы, материалдық жағдайы, жұмыспен қамтылуы және тұрғын үй жағдайы назарға алынады.
Бұл отбасының нақты мұқтаждық деңгейін неғұрлым объективті айқындап, мемлекеттік қолдауды оған шын мәнінде мұқтаж азаматтарға бағыттауға мүмкіндік береді. Жаңа жүйе әлеуметтік көмек көрсету тетігін неғұрлым әділ, ашық, түсінікті және атаулы етуге, сондай-ақ бюджет қаражатын тиімді пайдалануға бағытталған.
Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7❤2👏2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Социальная поддержка должна быть не формальной, а своевременной, адресной и эффективной. Каждая семья, оказавшаяся в трудной жизненной ситуации, должна получать реальную поддержку государства и иметь уверенность в завтрашнем дне.
В Казахстане продолжается масштабная модернизация системы социальной защиты населения. В её основе – принципы справедливости, объективности и прозрачности.
Одним из ключевых изменений становится внедрение цифрового механизма оценки нуждаемости, основанного на данных государственных информационных систем. Такой подход позволяет сократить бюрократические процедуры и минимизировать влияние человеческого фактора при определении права на государственную поддержку.
При оценке уровня благополучия семьи учитывается не один отдельный показатель, а совокупность социально-экономических факторов: доходы, материальное положение, занятость и жилищные условия.
Это позволяет более объективно определять степень нуждаемости семьи и направлять государственную поддержку тем гражданам, которые действительно в ней нуждаются. Новая система призвана сделать механизм предоставления социальной помощи более справедливым, прозрачным, понятным и адресным, а использование бюджетных средств - более эффективным.
Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍9❤3👏1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ерлан Сыздықов металлургия саласына 40 жылға жуық ғұмырын арнады. Ол кәсіби жолын 1985 жылы электр дәнекерлеуші болып бастап, бүгінде Балқаш мыс балқыту зауытының мыс балқыту цехындағы газ жолын пайдалану учаскесін басқарып келеді.
Осы уақыт ішінде Ерлан Сыздықов өндірістің қыр-сырын меңгеріп, білікті маман ретінде қалыптасты. Жылдар бойы жинаған білімін кейінгі буынмен бөлісіп, жастарға бағыт-бағдар беріп келеді. Ол жас қызметкерлердің кәсіби тұрғыдан қалыптасуына, өз міндетіне жауапкершілікпен қарауына және еңбекті бағалай білуіне ерекше мән береді.
Көп жылғы табанды қызметі үшін Ерлан Сыздықов III дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісімен, Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттармен марапатталған.
Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7❤3👏2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Мансап орталығының мамандары Гүлмираға жаңа қонысындағы жұмысқа орналасуға көмектесті. Ал бағдарлама аясында қарастырылған мемлекеттік қолдау шараларының арқасында ол алғаш рет жеке баспанасына қол жеткізді.
Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5👏4❤3
Павлодар облысындағы «Aqtogai Milk» ЖШС-де алты жұмысшының қаза болуына әкеп соққан топтық жазатайым оқиғаға жүргізілген арнайы тексеру аяқталды.
Тексеру барысында жұмысшылардың бірі кәріз құдығында күкіртсутегінен уланғаны анықталды. Оған көмек көрсетуге ұмтылған басқа жұмысшылар да құдыққа кезекпен түскен.
Салдарынан бір-бірін құтқаруға тырысқан алты жұмысшы күкіртсутегінің әсерінен қаза тапты.
Комиссия жұмысшылардың қауіптілігі жоғары жұмыстарды қауіпсіз орындау бойынша тиісті оқудан өтпегенін және қажетті жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілмегенін анықтады.
Сонымен қатар кәріз құдығындағы жұмыстарды ұйымдастыру кезінде, оның ішінде авариялық жағдай туындаған және құтқару жұмыстары жүргізілген кезде қауіпсіздіктің қажетті деңгейі қамтамасыз етілмеген.
Үкіметтік комиссияның жұмысы қорытындысы бойынша жұмыс беруші – «Aqtogai Milk» ЖШС-нің кінә дәрежесі 100 пайыз деп белгіленді.
Арнайы тексеру нәтижесінде жазатайым оқиғаның себептері мен мән-жайлары айқындалып, жауапты лауазымды тұлғалар белгіленді. Сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жою және алдағы уақытта осындай жағдайларға жол бермеу жөнінде ұсынымдар әзірленді.
Осыған байланысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Павлодар облысының және басқа да өңірлердің жұмыс берушілерін қауіптілігі жоғары жұмыстарды, оның ішінде құдықтарда, резервуарларда және басқа да жабық кеңістіктерде жүргізілетін жұмыстарды қауіпсіз ұйымдастыруға ерекше назар аударуға шақырады.
Жұмысшыларды қажетті жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етуге, оларды жұмысты қауіпсіз орындау әдістеріне тиісті деңгейде оқытуға, сондай-ақ авариялық жағдай туындаған кездегі іс-қимылдарға және құтқару жұмыстарын жүргізуге дайындауға ерекше көңіл бөлу қажет.
Қауіптілігі жоғары жұмыстарды орындау кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау – жұмыс берушінің тікелей міндеті әрі жұмысшылардың өмірі мен денсаулығын қорғаудың негізгі шарттарының бірі.
Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤6
В Павлодарской области завершено специальное расследование группового несчастного случая, произошедшего в ТОО «Aqtogai Milk», в результате которого погибли шесть работников.
В ходе расследования установлено, что один из работников при выполнении работ в канализационном колодце подвергся воздействию сероводорода. При попытке оказать ему помощь другие работники последовательно спускались в колодец, пытаясь спасти находившихся там коллег.
В результате воздействия сероводорода погибли шесть работников, пытавшихся оказать помощь друг другу.
Комиссией установлено, что работники не были надлежащим образом обучены безопасным методам и приемам выполнения работ повышенной опасности, а также не были обеспечены необходимыми средствами индивидуальной защиты.
Кроме того, организация работ в канализационном колодце не обеспечивала необходимый уровень безопасности, в том числе при возникновении аварийной ситуации и проведении спасательных мероприятий.
По итогам работы Правительственной комиссии степень вины работодателя, ТОО «Aqtogai Milk», установлена в размере 100 процентов.
По результатам специального расследования определены причины и обстоятельства несчастного случая, установлены ответственные должностные лица, а также выработаны рекомендации по устранению выявленных нарушений и недопущению аналогичных случаев в дальнейшем.
В связи с произошедшим Министерство труда и социальной защиты населения призывает работодателей Павлодарской области и других регионов уделить особое внимание организации работ повышенной опасности, в том числе работ в колодцах, резервуарах, емкостях и иных замкнутых пространствах.
Особое внимание необходимо уделять обеспечению работников необходимыми средствами индивидуальной защиты, их надлежащему обучению безопасным методам выполнения работ, а также подготовке к действиям при возникновении аварийных ситуаций и проведении спасательных мероприятий.
Соблюдение требований безопасности при выполнении работ повышенной опасности является непосредственной обязанностью работодателя и одним из ключевых условий сохранения жизни и здоровья работников.
Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4❤3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Бағалау кезінде бір ғана көрсеткіш емес, отбасының қазіргі жағдайын неғұрлым объективті бағалауға мүмкіндік беретін бірқатар деректер ескеріледі.
Бұл ретте отбасының өмірлік жағдайындағы өзгерістерге және деректердің жаңартылуына қарай оның санаты да өзгеруі мүмкін.
Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5❤4
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
При оценке учитывается не один отдельный показатель, а целый комплекс сведений, позволяющий более объективно оценить текущее положение семьи.
При этом категория может меняться в зависимости от изменений жизненной ситуации и актуализации данных.
Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7❤4
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Адамның өмір жағдайы бір қалыпта тұрмайды. Әртүрлі себептерге байланысты отбасының тұрмысы жақсаруы да, керісінше қиындауы да ықтимал.
Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤5👍5