Еңбек министрлігі 🇰🇿 Министерство труда
3.39K subscribers
4.21K photos
912 videos
5 files
3.38K links
🇰🇿 ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми арнасы

🔹️ 🔸️ 🔹️

🇰🇿 Официальный канал Министерства труда и социальной защиты РК

📩 kense@enbek.gov.kz
Download Telegram
🇰🇿 МИНИСТЕРСТВО ТРУДА И СОЦИАЛЬНОЙ ЗАЩИТЫ НАСЕЛЕНИЯ РК И КМГ ОБСУДИЛИ ВОПРОСЫ ЗАНЯТОСТИ В НЕФТЕГАЗОВОЙ ОТРАСЛИ

Сегодня представители Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан посетили АО НК «КазМунайГаз» для обсуждения вопросов занятости в нефтегазовой отрасли. В мероприятии приняли участие министр труда и социальной защиты населения РК Аскарбек Ертаев и председатель Правления КМГ Асхат Хасенов.

Рассмотрена текущая ситуация в сфере трудоустройства, в том числе в регионах присутствия КМГ. Национальной компанией озвучен ряд предложений по совершенствованию трудового законодательства страны, интеграции разработанной при поддержке КМГ цифровой системы «E-Kezek» для учета и оформления соискателей рабочих мест с электронной биржей труда «Еnbek.kz», более широкому вовлечению частного бизнеса в систему поиска и найма персонала, а также развитию занятости вне нефтяного сектора.

В свою очередь Министерство представило цифровые решения в данной области, включая Цифровую службу занятости, инструменты проактивного подбора вакансий и мониторинга трудовых рисков.

По итогам совещания стороны договорились продолжать совместную работу по ключевым направлениям.

Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍10❤4
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕ: ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ МҰҚТАЖДЫҚ ДЕҢГЕЙІНЕ ҚАРАЙ КӨРСЕТІЛЕДІ

Әлемдік тәжірибеде әлеуметтік қолдаудың атаулылығын қамтамасыз ету қағидаты кеңінен қолданылуда. Яғни жекелеген көмек түрлерін тағайындау кезінде азаматтың немесе отбасының материалдық жағдайы ескеріледі. Мұндай тәсілдің негізгі мақсаты – заңнамада белгіленген өлшемшарттарды ескере отырып, мемлекеттік көмекті оған шын мәнінде мұқтаж адамдарға көрсету.

Мұқтаждықты бағалау тетіктері әр елде әртүрлі. Кейбір мемлекеттерде жәрдемақы алуға құқықты айқындау кезінде отбасының табысы мен мүліктік жағдайы тікелей ескеріледі. Басқа елдерде төлем мөлшері табыс деңгейіне байланысты белгіленіп, табыс өскен сайын біртіндеп азаюы мүмкін.

Мұндай тәсілдер Қазақстанмен көршілес елдерде де қолданылады.

Ресейде балалы отбасыларға берілетін бірыңғай жәрдемақы отбасының табысы мен мүліктік жағдайын қоса алғанда, мұқтаждықты кешенді бағалау негізінде тағайындалады.

Қырғызстанда «үй-бүлөгө көмөк» жәрдемақысы балалары бар аз қамтылған отбасыларға отбасының жиынтық табысы ескеріле отырып беріледі. 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап мұқтаждықты айқындау кезіндегі атаулылық өлшемшарттары да кеңейтілді.
Өзбекстанда әлеуметтік қорғау жүйесі шеңберінде мұқтаждықты бағалау жүргізіліп, ол азаматтардың тиісті қолдау шараларын алуға құқығын айқындау кезінде қолданылады.

Сол секілді Қазақстанда да атаулылық қағидаты әлеуметтік саясат құралдарының бірі болып табылады. Атап айтқанда, атаулы әлеуметтік көмек табысы белгіленген кедейлік шегінен төмен отбасыларға көрсетіледі. Оның мөлшері отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы мен кедейлік шегінің арасындағы айырма негізінде айқындалады.

Материалдық жағдайды бағалау тәжірибесі басқа елдерде де қолданылады. Мысалы, Ұлыбританияда Universal Credit төлемін тағайындау кезінде отбасының табысы, жинақтары мен инвестициялары ескеріледі. Капиталдың белгілі бір деңгейіне жеткен кезде төлем мөлшері төмендейді, ал белгіленген шектен асып кеткен жағдайда төлем алу құқығы тоқтатылады.

Аустралияда бірқатар әлеуметтік төлемдерді тағайындау кезінде табыс пен мүліктік негізінде жағдайды бағалау тетіктері қатар қолданылады. Мысалы, JobSeeker Payment төлемін тағайындау кезінде алушының және оның жұбайының табысы мен активтері ескеріледі.

Осылайша, халықаралық тәжірибе әлеуметтік қолдаудың атаулылығы әлеуметтік саясаттың кең таралған құралдарының бірі екенін көрсетеді. Ол әр елдің ұлттық заңнамасы мен ерекшеліктеріне қарай әртүрлі нысанда қолданылады.

Бұл ретте басты бағдар – азаматтардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету. Халықаралық еңбек ұйымының мәліметіне сәйкес, әлемде 4 миллиардтан астам адам әлеуметтік қорғау жүйесінен тыс қалып отыр. Ал жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алатындардың үлесі жұмыссыздардың бестен біріне де жетпейді.

Қазақстан заңнамада көзделген мемлекеттік кепілдіктерді сақтай отырып, әлеуметтік қорғау жүйесін дәйекті түрде дамытып келеді. Әлеуметтік қолдау тәсілдерін жетілдіру оның атаулылығын, тиімділігін арттыруға және мемлекеттік ресурстарды әділ бөлуге бағытталған. Бұл ретте көмектің бірінші кезекте объективті түрде оған мұқтаж азаматтар мен отбасыларға жетуі көзделеді.

Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍9❤7👏1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 МИРОВОЙ ОПЫТ: СОЦИАЛЬНАЯ ПОДДЕРЖКА ВСЁ ЧАЩЕ ПРЕДОСТАВЛЯЕТСЯ С УЧЁТОМ НУЖДАЕМОСТИ

В мировой практике всё шире применяется принцип адресности социальной поддержки - когда при назначении отдельных видов помощи учитывается материальное положение гражданина или семьи. Главная задача такого подхода - обеспечить предоставление государственной помощи тем, кто действительно в ней нуждается, с учётом установленных законом критериев.

Механизмы оценки нуждаемости различаются в зависимости от страны. В одних государствах учитываются доходы семьи и её имущественное положение непосредственно при определении права на пособие. В других размер выплаты может зависеть от уровня дохода и постепенно уменьшаться по мере его роста.

Подобные подходы применяются и в странах, близких Казахстану.
В России единое пособие семьям с детьми назначается с учётом комплексной оценки нуждаемости, включая доходы и имущественное положение семьи.

В Кыргызстане пособие «үй-бүлөгө көмөк» предоставляется малообеспеченным семьям с детьми с учётом совокупного дохода семьи. С 1 сентября 2026 года в стране также расширены критерии адресности при определении нуждаемости.

В Узбекистане оценка нуждаемости применяется в рамках системы социальной защиты и используется при определении права граждан на соответствующие меры поддержки.

В Казахстане принцип адресности также является одним из инструментов социальной политики. В частности, адресная социальная помощь предоставляется семьям с доходами ниже установленной черты бедности, а её размер определяется исходя из разницы между среднедушевым доходом семьи и чертой бедности.
При этом социальная политика Казахстана включает широкий спектр государственных выплат и пособий.​

Практика оценки материального положения применяется и в других странах. Например, в Великобритании при назначении Universal Credit учитываются доходы, сбережения и инвестиции семьи. При определённом уровне капитала размер выплаты снижается, а при превышении установленного порога право на выплату утрачивается.

В Австралии для ряда социальных выплат применяются одновременно тесты доходов и имущества. Например, при назначении JobSeeker Payment учитываются доходы и активы получателя и его партнёра.

Таким образом, международная практика показывает: адресность социальной поддержки является распространённым инструментом социальной политики и применяется в разных формах с учётом национального законодательства и особенностей каждой страны.

При этом важнейшим ориентиром остаётся обеспечение социальной защиты граждан. По данным Международной организации труда, более 4 миллиардов человек в мире не охвачены ни одной формой социальной защиты, а пособия по безработице получают менее одной пятой безработных.

Казахстан последовательно развивает систему социальной защиты, сохраняя предусмотренные законодательством государственные гарантии. Совершенствование подходов к социальной поддержке направлено на повышение её адресности, эффективности и справедливого распределения государственных ресурсов - с тем чтобы помощь в первую очередь доходила до граждан и семей, которые объективно в ней нуждаются.

Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍13❤4👏1
🇰🇿 ТОЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ КЕЗІНДЕ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ТӘРТІБІ ЖЕТІЛДІРІЛЕДІ

Қазақстанда мемлекет тарапынан толық қамтамасыз етілетін азаматтарды қаржыландыру жүйесін жетілдіру ұсынылып отыр. Тиісті өзгерістер бір шығынның екі рет қаржыландырылуына жол бермеуге, бюджет қаражатын тиімді пайдалануға және заңнамада көзделген әлеуметтік кепілдіктерді сақтауға бағытталған.

Қазіргі таңда аталған орталықтарда тұратын азаматтардың тұруына және қажеттіліктеріне байланысты шығыстар мемлекет қаражаты есебінен толық өтеледі. Олардың тұруы, тамақтануы, киім-кешегі, әлеуметтік қызметтері, медициналық көмегі мен күтімі заңнамада белгіленген көлемде бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етіледі. Мемлекеттік қамтамасыз ету қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде отырған азаматтарға да қарастырылған.

Қолданыстағы тәртіп бойынша зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар бөлінеді.
Төлемнің 30%-ы тікелей азаматқа беріледі және оның жеке қаражаты болып қалады. Ал қалған 70%-ы орталықтың арнайы шотына аударылады. Бұл қаражат әлеуметтік қызмет алушыларды қамтамасыз етуге байланысты қосымша шығындарға, оның ішінде қосымша тамақтануға, жұмсақ керек-жарақтарға және заңнамада көзделген басқа да қажеттіліктерге жұмсалады.

Сонымен бірге толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі азаматтарды ұстауға арналған негізгі шығындар мемлекеттік бюджет есебінен өтеліп қойған. Осыған байланысты бір шығынды екі рет қаржыландыруға жол бермеу үшін зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың 70%-ын пайдалану тәртібін өзгерту ұсынылып отыр.

Бұл ретте азаматтың өз қарамағында қалатын қаражат көлемі өзгермейді. Қазіргі тәртіптегідей, тиісті зейнетақы төлемі немесе мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының 30%-ы азаматқа жеке қажетіне жұмсау үшін беріледі.
Қалған 70%-ын мемлекет тарапынан бұрыннан қаржыландырылып отырған шығындарды қайта өтеуге бағыттамау ұсынылады. Үнемделген бюджет қаражаты әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға, халықты әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуға және әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталуы мүмкін.

🔗 Толығырақ

Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍10❤1
🇰🇿 СОВЕРШЕНСТВУЕТСЯ ПОРЯДОК ФИНАНСИРОВАНИЯ ПРИ ПОЛНОМ ГОСУДАРСТВЕННОМ ОБЕСПЕЧЕНИИ

В Казахстане предлагается усовершенствовать порядок финансирования при полном государственном обеспечении граждан. Соответствующие изменения направлены на исключение дублирования расходов и более эффективное использование бюджетных средств при сохранении предусмотренных законодательством социальных гарантий.

В настоящее время граждане, проживающие в государственных стационарных центрах оказания специальных социальных услуг, находятся на полном государственном обеспечении. За счет бюджетных средств обеспечиваются их проживание, питание, одежда, социальные услуги, медицинская помощь и уход в предусмотренном законодательством объеме. Государственное обеспечение также предусмотрено для граждан, находящихся в учреждениях уголовно-исполнительной системы.

При этом действующий механизм предусматривает распределение пенсионных выплат и государственных социальных пособий: 30% соответствующей выплаты перечисляются непосредственно гражданину и остаются в его личном распоряжении, тогда как 70% направляются на специальный счет центра. Эти средства используются на дополнительные расходы, связанные с обеспечением получателей социальных услуг, в том числе на дополнительное питание, мягкий инвентарь и другие предусмотренные законодательством нужды.

Вместе с тем основные расходы на содержание граждан, находящихся на полном государственном обеспечении, уже покрываются за счет средств государственного бюджета. В связи с этим предлагается скорректировать порядок использования 70% пенсионных выплат и государственных социальных пособий с целью исключения возможного дублирования финансирования одних и тех же расходов.

При этом размер средств, остающихся непосредственно в распоряжении гражданина, не изменяется. Как и прежде, 30% соответствующей пенсионной выплаты или государственного социального пособия будут выплачиваться гражданину на личные нужды.

Предлагается, чтобы оставшиеся 70% не использовались для повторного финансирования расходов, которые уже обеспечиваются государством. Сэкономленные бюджетные ресурсы могут быть направлены на реализацию социально значимых проектов, развитие системы социальной защиты населения и повышение качества социальных услуг.

🔗 Подробнее

Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍11❤4
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 Стационарлық ұйымдарда тұратын зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдарға зейнетақы және әлеуметтік төлемдерінің 30%-ы жеке қажетіне сақталады. Бұл – қолданыстағы норма.

Қалған 70% қаражат азаматтардың қажеттілігіне: тұру жағдайын жақсартуға, қажетті тауарлар мен қосымша күтімге жұмсалады.

Ұсынылып отырған өзгерістер осы 70% қаражатты пайдалану тәртібіне қатысты. Бұл ретте азаматтардың жеке қажетіне кемінде 30% төлем сақталады және ол күнкөріс деңгейінен төмен болмауға тиіс.

▶️ Қандай өзгерістер ұсынылып отыр? Толығырақ бейнематериалымызда.

Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7❤4
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 Пенсионерам и лицам с инвалидностью, проживающим в стационарных организациях, сохраняется 30% пенсионных и социальных выплат на личные расходы. Это действующая норма.

Оставшиеся 70% средств используются на нужды граждан: улучшение условий проживания, необходимые товары и дополнительный уход.

Предлагаемые изменения касаются порядка использования этих 70% средств. При этом за гражданами сохраняется не менее 30% выплат для личного пользования, причем сумма не должна быть ниже прожиточного минимума.

▶️ Какие изменения предлагаются? Подробнее – в нашем видеоматериале.

Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7❤6
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 Әлеуметтік қолдау ең алдымен оған шын мәнінде мұқтаж азаматтарға бағытталуы керек.

2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап табысы жоғары азаматтарға мемлекеттік төлемнен ерікті түрде бас тарту мүмкіндігі беріледі.

▶️ Бұл қалай жүзеге асады? Толығырақ бейнематериалда.

Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍14❤1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 Социальная поддержка в первую очередь должна быть доступна тем, кто действительно в ней нуждается.

С 1 января 2027 года получатели с высоким уровнем дохода смогут добровольно отказаться от государственной выплаты.

▶️ Как это будет происходить? Подробнее – в видео.

Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍13❤3
Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз.

Выражаем глубокие соболезнования семьям и близким военнослужащих, погибших во время учений в Мангистауской области.
❤2👍1
Forwarded from UKIMET
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты

📌Елімізде Президенттің бастамасымен 2013 жылдан бері аталып өтетін Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысып, халықты жұмыспен қамту, кадрлар даярлау және өндірістік қауіпсіздік саласындағы ЖИ элементтері бар заманауи шешімдермен танысты.

Онда жұмыспен қамтылмаған азаматтарды автоматты түрде анықтайтын және оларға жұмыс ұсынатын Жұмыспен қамтудың цифрлық қызметі платформасы көпшілік назарына ұсынылды. Пилоттық жоба Павлодар және Маңғыстау облыстарында 59 мыңнан астам азаматты қамтыды. Қараша айынан бастап жүйе басқа өңірлерге кеңінен таратылмақ.

Астана әкімдігі Joltap бағдарламасының нәтижелерімен таныстырды, жоба шеңберінде бизнесті немесе фрилансты одан әрі іске қосу үшін 22,2 мың адам жұмыс және цифрлық дағдылар бойынша білім алды. Оның 60%-ы жұмысқа орналастырылды, 2 мыңға жуық адам өздерінің шағын бизнесін ашты.

ТжКБ-ның цифрлық дуальды оқыту платформасы жобасы студенттердің, оқытушылар мен жұмыс берушілердің тікелей байланысын қамтамасыз етеді: Астана қаласының қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі түлектерінің білім алған мамандығы бойынша жұмысқа орналасуы 93%-ға жетті.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында цифрлық шешімдер кешені, электрондық наряд-рұқсаттар, жүргізушілердің жағдайын бақылау жүйелері, сондай-ақ нысандарды салу кезінде жарақаттанудың алдын алуға арналған бейнеаналитикасы бар «Ақылды каска» сияқты жасанды интеллект шешімдері ұсынылды.

Бүгінгі таңда Қазақстанда 9,4 млн адам еңбек қызметімен қамтылды, жыл басынан бері 475 мыңнан астам азамат жұмысқа орналасты, электрондық еңбек биржасында 800 мыңнан астам бос жұмыс орны бар. Үкімет өндірістің нақты қажеттіліктері мен еңбек нарығындағы өзгерістерді ескере отырып, кадрларды даярлау бойынша жүйелі шаралар қабылдауда. Кәсіптік оқытуды және технологиялық әрі экономикалық өзгерістерді ескере отырып, мамандарды даярлауды озық қарқынмен дамытуды көздейтін жаңа Жұмыспен қамту бағдарламасы әзірленуде. Цифрлық құзыреттілікті дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Жыл соңына дейін кәсіптік стандарттармен 600 жұмысшы мамандықты қамту жоспарлануда. ТжКБ жүйесінде жұмыс берушілермен бірлесіп мамандар даярлау күшейтіледі. Дуальды оқытуға 552 колледждің 138 мың студенті және 11 мыңға жуық кәсіпорын қатысады, тағы 43 мың студент жұмыс берушілердің мақсатты тапсырысы бойынша білім алуда.

Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Еңбек адамына ерекше мән беретінін атап өтті. Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясы барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әр азаматтың өмірде өз орнын тауып, отбасын адал еңбекпен асырауына және Отанына пайдасын тигізуге жағдай жасау – ортақ міндетіміз» деп айқындап берді. «Адал азамат» тұжырымдамасына сәйкес еңбекқорлық, жауапкершілік және білімге деген ұмтылыс маңызды қасиеттер ретінде анықталды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7❤1
Forwarded from UKIMET
Іс-шара қорытындысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан түрлі кәсіп өкілдеріне мемлекеттік наградалар табыс етілді.

Марапатталғандар:

«Құрмет» ордені иегерлері


🟦Тұрғынжан Аутов – «Алматыэлектротранс» ЖШС троллейбус жүргізушісі, еңбек өтілі – 44 жыл;
🟦Айдарбек Ақтанбердиев – «Метрополитен» КМК монтері, еңбек өтілі – 44 жыл;
🟦Арыстанқали Байымбетов – «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС бөлім басшысы, еңбек өтілі – 39 жыл;
🟦Константин Башкиров – «Степногорск подшипник зауыты» АҚ станокшысы, еңбек өтілі – 43 жыл;
🟦Айжан Беркінбаева – Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы, еңбек өтілі – 28 жыл;
🟦Сәкен Ділдәбаев – «KARLSKRONA LC AB» ЖШС токарі, еңбек өтілі – 44 жыл;
🟦Валентина Зенкина – «Galex Plus» СТТФ» ЖШС шебері, еңбек өтілі – 52 жыл;
🟦Шайхула Зиганшин – «Galanz bottlers» АҚ аға машинисі, еңбек өтілі – 47 жыл;
🟦Кеңес Ысқақов – «Жәйрем» кен-байыту комбинаты» АҚ «Жәйрем» кенішінің бұрғылау қондырғысының машинисі, еңбек өтілі – 36 жыл;
🟦Аян Қайыр – «Кедентранссервис» АҚ Павлодар қаласындағы филиалының бас инженері, еңбек өтілі – 30 жыл;
🟦Владимир Крайсман – «Нұр-Авиценум» медициналық орталығы» құрылтайшы-директоры, еңбек өтілі – 53 жыл;
🟦Оралбай Кұсайынов – «Семізбай-U» ЖШС «Семизбай» кенішінің слесарі, еңбек өтілі – 33 жыл;
🟦Салмен Нұрмағанов – «Астана-Зеленстрой» ЖШС машинисі, еңбек өтілі – 47 жыл;
🟦Өркен Станбеков – «Жамбыл электр жүйесі» ЖШС Шу ауданы электр монтері, еңбек өтілі – 34 жыл;
🟦Бекжан Сыздықов – «Сәтпаев жылу, сумен жабдықтау кәсіпорны» ЖШС жүргізушісі, еңбек өтілі – 37 жыл;
🟦Қанатбек Теміров – «KSP Steel» ЖШС Павлодар филиалының слесарь-жөндеушісі, еңбек өтілі – 40 жыл;
🟦Қайрат Шағырбай – «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Түркістан пайдалану локомотив депосының машинисі, еңбек өтілі – 15 жыл;
🟦Бейбітгүл Шонкенова – «Тарбағатай ауданының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ әлеуметтік жұмыскері, еңбек өтілі – 36 жыл.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍9❤1👏1