Erteńmedia
11K subscribers
3.39K photos
1.21K videos
1 file
3.08K links
✓Қазақ тіліндегі ең танымал телеграм-арна.
✓Ашық ақпарат, анық талдау, астарлы пайым.

™ @kurilkabai_bot
Download Telegram
⚡️ Вашингтонның визалық лабиринті: АҚШ-қа асыққан ресейліктердің Астанаға ағылған көші...

Орыстарға АҚШ визасын алу қиындай түсті. Бұдан былай туристік, оқу немесе жұмыс визасына үміткерлер сұхбаттан өту үшін Варшава немесе Астанаға баруға мәжбүр деп хабарлайды Ertenmedia.

Американың Мем.департаменті визалық өтініштерді қарастыру тәртібін жаңартты. Енді Ресей, Беларусь, Ауғанстан және Солтүстік Корея сияқты 16 елдің азаматы өз елінде орналасқан АҚШ-тың дип.өкілдігінен визалық қызметті ала алмайды.


Аталған елдердің тұрғындары визалық сұхбаттан өту үшін басқа мемлекетке баруы тиіс.

2021 жылдың мамырынан бастап Мәскеудегі АҚШ елшілігі Кремль енгізген шектеудің салдарынан дипломатиялық емес визаны рәсімдеуді тоқтатқан еді. Сол кезден бастап ресейліктер Еуропадағы немесе Орта Азиядағы елдерге барып, виза алуға мәжбүр болды. Бұған дейін олар кез келген шетелдік АҚШ елшілігіне өтініш бере алатын.

Енді жағдай тіпті күрделене түсті. Мем.департаменттің жаңа тәртібіне сай, Ресей азаматтары АҚШ визасын тек Польшадағы (Варшава) немесе Қазақстандағы (Астана) дип. өкілдіктер арқылы ғана рәсімдей алады.


Шешімнің нақты орындалуы да қиындық туғызады. Мәселен Польша орыстарға гуманитарлық жағдайларды қоспағанда, іс жүзінде виза бермейді. Варшаваға визалық сұхбаттасуға бару мүмкіндігі өте төмен.

АҚШ дипломаттары өз азаматтығынан тыс елде сұхбаттан өткен азаматтарға күту мерзімінің ұзақ болатынын да ескертіп отыр.

Қазақстанға келер болсақ, Астанадағы АҚШ елшілігі алдағы уақытта орыстар үшін негізгі визалық орталыққа айналуы ықтимал.


Кремльдің басқыншылығынан кейін АҚШ елшілігі Ресейдегі жұмысын 75 пайызға қысқартып, Владивосток, Екатеринбург пен Петербордағы консулдықты жауып тастаған.

Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

📱 Erteńmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤯20❤11👍10😱4😡4🔥3
⚡️Жолдауға бармаған Бас прокурор: Берік Асылов Сингапурде не жоғалтты...

Берік Асыловтың Сингапурда өткен халықаралық прокурорлар жиынына барып, Тоқаев Жолдауына қатыспауының астарында салмақты себеп жатыр деп жазады Ertenmedia.

Жиын барысында екі ел арасында қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімге (MLAT) қол қойылды.

Бұл Орта Азия елдерінің ішінде Сингапурмен жасалған алғашқы құжат.

Оның ерекшелігі күдікті активтерді бұғаттау, тәркілеу, дәлелдерді жинау және активтерді елге қайтаруға тікелей құқықтық мүмкіндік беруінде.


Біздіңше Бас прокурорға Жолдау мен Сингапурдың арасында таңдау жасауға тура келген.

Құқықтық тұрғыдан Сингапурмен келісімге қол қою Астанаға шетелге шығарылған заңсыз активтерді қайтаруға мүмкіндік береді. Бұған дейін сингапурлық құқық қорғау органдары Қазақстаннан келетін қаржылық запростарға жауап қатпауға толық құқылы еді.

Мәселен, егер Қазақстан белгілі бір жемқордың банк шоты немесе жылжымайтын мүлікке қатысты мәлімет сұратса, сингапурлық тарап мұндай өтінішті елемей тартпаға тастай салатын. Қазір бұл кедергінің бәрі жойылды.


Тікелей әріптестік орнап, осы келісімнің негізінде жасалған сұрау салуларға жауап беру міндеттеледі.

Осылайша Бас прокуратура заңсыз ақша жасырынатын тағы бір «сенімді» елдің есігін жапты. Кім біледі, бәлкім Сингапурдан да ескі Қазақстанның сыртқа шығарылған миллиардтары табылып қалар.

Бірақ бір кілтипан бар: билік осы келісімді нақты құқықтық құрал ретінде пайдалана ма, әлде бұл кезекті имидждік қадам ба?

Шын мәнінде, алғашқы нәтиже көп ұзамай көрінуі керек: Сингапурға құқықтық көмек бойынша жасалатын сұраныстар, активтерді бұғаттау мен тәркілеу туралы алғашқы сот шешімдері және олардың жария есебі.


Келісімнің тиімділігі Тоқаевтың саяси еркіне байланысты. Егер Астана дәлелді әрі ашық істерді қолға алуға дайын болса, онда бұл келісімнен нақты нәтиже шығады.

Саяси ерік шынайы құқықтық шешімдермен үйлеспесе, активтерді қайтару науқаны бұрынғыдай жабық есік артындағы келісім мен шантаждың құралы болып қалуы мүмкін.

Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

📱 Erteńmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤33👏13🔥3💩2
⚡️Базарбек-Пономарев тандемі RAMS-қа тыным бермей тұр...

Мәжілісмендер аты даудан арылмай келе жатқан RAMS құрылыс компаниясының мәселесін тағы көтерді деп хабарлайды Ertenmedia.

Сергей Пономарёв депутаттық сауалында елдегі құрылыс компанияларының былықтарын жіпке тізді. Соның ішінде көпшіліктің наразылығын тудырған RAMS компаниясы да бар.

«Телефоным осы компания салған тұрғын үй кешендерінің тұрғындарынан түскен шағымға толып қалған. Компания елдегі ең ірі құрылыс салушылардың сегізінші орнында тұр.

Тұрғындар RAMS тұрғызған кешендердің сапасыздығын жиі сынайды. Құрылыс нормасының сақталмауы өз алдына, кейбір нысанда құрылыс жұмысы аяқталмаған күйі қалған.


Соған қарамастан, компания жаңадан алып кешендердің құрылысын бастап жатыр», – деді депутат.

Айтуынша, RAMS компаниясы бастапқыда тұрғындарға ірі жобаны іске асырып, жолды кеңейтіп, трансформаторлық қосалқы станция, мектеп пен емхана салып, жақын маңдағы өзеннің жағалауын абаттандыруға және 6 гектар жерді жасыл аймаққа айналдыруға уәде берген. Бірақ оның бірде-бірі орындалмаған.

«Компания тұрғын үй кешендерін халыққа тапсырғаннан кейін де үлкен мәселе шығып жатыр: егілген тал-терек солып қалған, ғимараттың қасбеті құлап, терезе мен қаптамалар сынып түсіп жатыр, шатырдан су ағып, жертөлелердің іші көгеріп кеткен», – дейді депутат.

Сонымен қатар тұрғындар су мен жарықтың жиі өшіп қалатынын, автокөлік қоятын орынның жетіспейтінін айтып, жиі шағымданады екен.

Осындай даулы мәселе шешілмей жатып, RAMS Алматыда тағы бір алып құрылыс 40 қабатты Beyond кешенін сала бастаған.


«Осы жоба да тұрғындардың жаппай наразылығын тудырды. Депутаттардың араласуымен кешеннің құрылысы уақытша тоқтатылып, оның заңдылығы мен қала құрылысына әсері тексеріле бастады. Алматы қаласының экологиялық тепе-теңдігін сақтау үшін осы бейберекет құрылысты тоқтату қажет. Мұндай заңсыздық қаланың өмірін парализдеп, мем.бюджеттің басты доноры саналатын Алматының дамуын тежейді», – деді депутат.

Пономарёв осыған байланысты RAMS компаниясының барлық нысанына кешенді тексеру жүргізуді және Beyond көпқабатты кешенінің құрылысын мүлдем тоқтатуды талап етті.

Айта кетелік, бұған дейін депутат Базарбек Алматыдағы 40 қабатты құрылысты тоқтатып, RAMS компаниясының заңсыз әрекетін әшкерелеген еді.

Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

📱 Erteńmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍42❤10👏7
⚡️Құлыбаевтың жаңа қонысы: активтер дауы аяқталды, инвестиция дәуірі басталды...

Құлыбаевтың «Астана» халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) жаңа холдингтік компанияны тіркеуі нені білдіреді?

Саясаттанушы Ғазиз Әбішев әлгі шешімді ірі бизнес өкілдерінің президент Тоқаевтың жаңа экономикалық бағытын қолдау ретінде бағалайды деп жазады Ertenmedia.

Әбішевтің айтуынша Құлыбаевтың АХҚО-да Almex Holding Limited компаниясын тіркеуі елдегі активтерді қайтару науқанының ресми түрде саябырсыған кезеңімен сәйкес келіп тұр.

Президент жуырда ғана активтерді қайтару жөніндегі комитетті қайта атауды тапсырған еді. Жаңа атауда бұрынғыдай «активтер» сөзі жоқ, есесіне «инвестицияларды қорғау» түсінігі пайда болды.


Бұл биліктің ірі бизнес өкілдерін үркітіп-қорқыту саясатының орнына, олармен өзара сенім мен серіктестік қарым-қатынас орнатуға ниетті екенін аңғартады.

«Соңғы кезде ауқатты азаматтар активтерді қайтару үрдісіне қарсылық көрсетудің орнына, Президент Тоқаев белгілеген бағытқа қарай бет бұрып жатыр. Бұл бағыт нақты секторға инвестиция құю, қайырымдылықпен айналысу және жалпы экономиканы дамыту. Құлыбаевтың Almex Holding Limited компаниясын АХҚО-да тіркеуі осы үрдістің айқын көрінісі. Өйткені, АХҚО Лондон, Сингапур және Дубайдың тәжірибесіне негізделген, ағылшын құқығына сүйенетін беделді халықаралық алаң. Мұнда инвесторлардың мүддесі жоғары деңгейде қорғалады», – дейді саясаттанушы.

Сарапшының пайымдауынша, Құлыбаевтың қадамы АХҚО-ның ірі инвесторлар арасындағы беделін күшейтіп, олардың орталыққа деген сенімін нығайта түседі.


Тимур осылайша тәуекелді ақылмен бағалап, капиталын халықаралық деңгейде қорғайтын алаңда орналастыруды жөн көрген.

Жүзіне күлкі үйірілген Құлыбаев пен биліктің қарым-қатынасы қайта жылыған тәрізді. Толығырақ осы тұсқа салдық.

Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

📱 Erteńmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍13❤9😱8🤮3😁2🤔2🔥1🕊1
⚡️Мәжілістегі бір топ депутат Ардақ Назаровпен жабық форматта әңгімелесуді жоспарлап отыр...

Депутат Ардақ Назаровтың пленарлық отырыста анасына құттықтау жолдауы Парламент қабырғасында бұрыннан қайнап жатқан ішкі қайшылықтың қақпағын ашып жіберді деп хабарлайды Ertenmedia.

Назаровтың мінберді жеке басының қуанышымен шатастырып алуы бірқатар әріптесінің жынына тиген. Депутаттық корпустағы ықпалды топ Назаровтың әрекеті парламенттік беделге үлкен сын екенін бетпе-бет жеткізу үшін жабық форматтағы кездесу өткізуді жоспарлап отыр.

Олардың пайымынша, парламенттік мінбер әлеуметтік желінің тікелей эфирі емес, мемлекеттің тағдыры шешілетін орын.


Осы мәселеге байланысты Мәжіліс спикері Қошановтың тарапынан да қатаң ұстаным байқалады.

Ерлан Жақанұлы орынбасарларына депутаттық мәлімдемелердің тәртібін қатаң қадағалауды, жеке сипаттағы мәлімдемеге мүлде жол бермеуді тапсырған.

Спикер мұндай әрекеттің Мәжілісті халық алдында ұсақтатып, мем.институт ретіндегі салмағын кемітіп, депутаттық корпусқа деген халық сеніміне көлеңке түсіреді деп алаңдайды.


Ertenmedia-ға пікір білдірген Мәжілістегі дереккөздердің айтуынша Назаровтың кешегі қылығы соңғы шақырылымдағы депутаттық құрамның ішкі қайшылығын да анық байқатқан.

Парламенттегі халықтың тарапынан мойындалған тұлғалар пулы келесі науқанға спортшылар мен шоу-бизнес өкілдерін мүлде жолатпау керек деген ұстанымда.

Олардың саяси тәжірибесінің аздығы, этикалық ұстанымының саяздығы парламенттік мәдениетті бұзып, Мәжілісті популизм мінберіне айналдырып жіберген.


Бұл кейстің парламенттік ортаның ішкі тәртібіне өзгеріс әкелуі мүмкін екені байқалады. Назаровтың әрекетінен соң Мәжіліс регламенті мен депутаттардың мінез-құлық кодексіне түзету енгізілуі ықтимал. Мінбердің қадірін кетіретін, халықтың аманатын жеке басының мәселесіне айналдыратын қадамға бұдан былай шектеу қойылады деген сыбыс бар.

Мәжіліс спикерінің талабы депутаттарды жеке бас пен елдік мәселені шатастырмауға, парламенттік мәдениетті сақтауға міндеттейтін қатаң ескерту болмақ.

Бұл туралы әлі де айтамыз. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

📱 Erteńmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍43💯33❤19🔥4😁4🤔2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Маңғыстаудағы қаралы жол: Сенек маңындағы апат он адамның өмірін жалмады...

Маңғыстау облысында жантүршігерлік жол апатынан 10 адам көз жұмды деп хабарлайды Ertenmedia.

Қайғылы оқиға 11 қыркүйек күні Қарақиян ауданындағы Сенек ауылынан 90 шақырым жерде болған. Toyota Hiace шағын автобусының жүргізушісі көлікті басқара алмай, жолдан шығып, бірнеше жолаушысымен бірге аударылған.

Оқиға орнында 8 адам қаза тапса, тағы екі адам ауруханаға барар жолда жан тапсырған. Жүргізуші мен тағы екі жолаушы түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.


Біздің редакцияға жеткен мәлімет бойынша жолаушылар Бекет атаға зиярат етуге бара жатқан.

Қазір осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптама тағайындалды. Тергеу амалы министрдің жеке бақылауына алынған.

Мамандар жүргізушінің әрекетін, көліктің техникалық жағдайы мен жол сапасын мұқият тексеріп жатыр.


Жергілікті әкімдікпен бірлесіп, зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасыларына қажетті көмек көрсетілуде.

Ақпаратты толықтырып отырамыз. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

📱 Erteńmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😢32😱8🕊7❤2
⚡️Назаровтан кейінгі нысана – Дәулет Мұқаев: Мәжіліс моральдық жауапкершілікке көшті...

Ардақ Назаровтың пленарлық отырыстағы даулы құттықтауынан соң Мәжілісте енді депутат Дәулет Мұқаевтың мәселесі қаралмақшы.

Оның «Декретке миллионмен» атты курсы заңды тікелей бұзбаса да, көпшіліктің жалған схемаларға ұрынуына себеп болғаны парламент ішінде үлкен талқыға түсті деп хабарлайды Ertenmedia «Курилка Байтерека» арнасына сілтеп.

Мәжілістегі дереккөздің айтуынша, Назаровтың оқиғасынан кейін депутаттық корпус арасында ішкі тексеріс басталған.


«Ол ұсынған курс заңды түрде бұрыс болмаса да, депутаттың қоғамдық беделі мен ықпалын пайдаланған ондаған әйел алаяқтыққа ұласқан әрекеттерге барды. Бұл парламенттің репутациясына ауыр соққы», – дейді дереккөз.

Бүгін Ақтөбеде екі бухгалтер әйелге сот үкімі шықты. Олар ондаған жүкті әйелді жалған жеке кәсіпкерлік арқылы рәсімдеп, мемлекетке 100 миллион теңге шығын келтірген.

Сотталғандардың бірі, 39 жастағы Гауһар Өмербекова, бұған дейін Дәулет Мұқаевтың курсын оқығанын мойындап отыр. Осыған ұқсас басқа істерде де күдіктілер Мұқаевтың курсын «үлгі» ретінде атағаны белгілі болды.


Депутаттың өзі бұған дейін бірнеше рет «ешқашан заң бұзуға шақырмадым» деп мәлімдеген еді. Дереккөз Мұқаевтың мәселесі тек заңдық емес, депутаттық этика тұрғысынан қаралуы тиіс екенін алға тартып отыр.

«Әрине, формалды тұрғыда Дәулет кінәсіз. Бірақ оған өзіне деген халықтың сенімін ақтамады деген айып тағылуы мүмкін. Жұртты жаппай жалған схемаға итермелеген, тікелей Мұқаевтың көпшілік алдындағы абырой-беделі мен насихаты екені анық», – деп қосты Мәжілістегі дереккөз.

Мәжілісте Дәулет Мұқаевтың мәселесі арнайы талқыланып, оның депутаттық мандатының тағдыры да қарастырылуы мүмкін.

Енді ол Мәжіліс алдында өз бастамаларының жалған кәсіпкерлікті ынталандырмағанын дәлелдеуі тиіс. Депутаттың жауапкершілігі тек заң алдында ғана емес, моральдық тұрғыдан да бағаланбақ.

Бұл туралы әлі де айтамыз. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

📱 Erteńmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍45❤15👏7👎3🔥3🤔2😱2💯2
⚡️ ҚМГ-ға жасалған шабуыл: ресейлік хакерлер мұнай алыбының жүрегіне қалай жол тапты...

Қазақстанның ең ірі мұнай-газ компаниясы «ҚазМұнайГазға» (ҚМГ) ресейлік хакерлік топ кибершабуыл жасады деген ақпарат шықты деп хабарлайды Ertenmedia Dark Reading басылымына сілтеп.

Seqrite Labs сарапшыларының айтуынша, шабуылды ұйымдастырған топ биыл сәуірден бастап белсенділік танытып келеді. Хакерлер ҚМГ-ның қаржы бөлімінің қызметкерінің электронды поштасын бұзып кіріп, компания қызметкерлеріне жалған хаттар таратқан.

Хаттар «ШҰҒЫЛ!» деген тақырыппен тараған және қызметкерлерден «жаңа өзгерістерге байланысты жалақы мен жұмыс кестесі туралы құжаттармен танысып шығуды» талап еткен. Құжаттар архив түрінде ұсынылған.


Ашқан жағдайда, қызметкердің компьютеріне хакерлер арнайы бағдарлама орнатқан. Сол арқылы олар компанияның ішкі жүйесіне кіріп, ақпарат ұрлауға мүмкіндік алған.

Seqrite Labs бұл хакерлік топты «Noisy Bear» (Шулы аю) деп атаған. Зерттеушілер олардың Орталық Азияда, әсіресе Қазақстанның мұнай-газ саласына қызығушылық танытатынын айтады...

Толығырақ тұсқа салдық.

Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

📱 Erteńmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱28🤯10❤2😡2🔥1😁1
⚡️ Қошановқа берілген карт-бланш: Тоқаев реформасының негізгі бенефициары кім..

Президент Тоқаевтың түнеукүнгі ұсынысы елдің саяси ландшафтын түбегейлі өзгертетін түрі бар деп пайымдайды Ertenmedia.

Реформаның түпкі мәні Сенаттың өз миссиясын орындап болғанында. Бастаманың астары да айқын.

Бір палаталы парламент Мәжіліс салмағын арттырып қана қоймай, оның төрағасын биліктің саяси әрхитектурасындағы орталық фигураға айналдырады.

Мәжіліс төрағасы бұған дейін көбіне рәсімдік рөл атқарса, енді парламенттік процестің негізгі дирижері болмақ. Оған заң шығару ісінен бастап, елдегі күн тәртібін айқындауға дейінгі жаңа құзырет пен саяси капитал беріледі.


Осы тұрғыдан реформаның жемісін көретін тұлға қазіргі Мәжіліс спикері әрі «Аманат» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов болғалы тұр.

Ерлан Жақанұлы саяси баспалдақпен сенімді көтеріліп келе жатқан саясаткер. Қарағанды облысының әкімі ретінде өңірдегі күрделі процестің ортасында жүріп тәжірибе жинаса, АП-ны басқарған тұста саяси шешім қабылдау алаңында ықпалын бекемдей түсті.

Қошановтың партия мен парламенттегі ұстанымы Тоқаевтың талабымен толық үйлесіп, Ақорданың саяси бағдарын іске асыруда шешуші рөл атқарып отыр. Реформа жүзеге асса, мәжілістегі басым партияның жетекшісі барлық саяси процестің ұйытқысына айналмақ.

Бізге жеткен инсайд бойынша, президенттің бірмандатты депутаттардан көңілі қалған. Олар көбіне әлемжелідегі арзан ұпай жинайтын мәлімдемеден аса алмай, заң шығарушылық міндетін орындамаған.


Соған қарағанда Тоқаев саяси жүйені партиялық жауапкершілік аясында реформалауды көздеп отырған сыңайлы.

Қалай болған күнде келер жылғы кампания Қошановтың мансабындағы жұлдызды сәт. Әлбетте, көп нәрсе Ерлан Жақанұлының саяси менеджментіне тікелей байланысты.

Бір палаталы парламент Тоқаев дәуіріндегі маңызды белес десек, оның жүзеге асуын мәжілістің қазіргі спикерінсіз елестету қиын.


Президент жоспары іске асса, парламент жүйесіндегі ең ықпалды тұлға Қошанов болмақ. Алдағы саяси процестің басты интригасы да осында жатыр.

Бұл туралы әлі де айтамыз. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

📱 Erteńmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤20🔥7🤔5👍4🤬2
⚡️Назарбаевтар "Реалдың" ойынын көруге төрт көзі түгел жиналмақ...

30 қыркүйекте Алматының Орталық стадионында өтетін "Қайрат" пен "Реалдың" айқасын ескі Қазақстан өкілдері де асыға күтіп отыр деп жазады Ertenmedia.

Жергілікті клуб пен испандық алпауыт арасындағы ойынды тамашалауға Назарбаев әулеті тегіс жиналуы мүмкін.


Әулеттің басын қосуға дәнекер болып отырған адам клуб қожайыны Қайрат Боранбаев. Соңғы уақта абырой-беделіне әжептәуір дақ түскен бизнесменнің "отбасыдан" қол үзе қоймағаны байқалады.

Түнеукүні ғана Дариға Назарбаеваның - туған құдасына тиесілі Алматыдағы "Целинный" орталығында емін-еркін, оққағарсыз, шампан атып, бокал қағысып жүргені осы сөзімізді растай түседі.

Бізге жеткен мәлімет бойынша экс-елбасының үлкен қызы Алматыға тамыздың соңына таман келген. Әлия Назарбаева да осында жүр дейді, алдағы күндері бұларға Нұралы Әлиев те қосылмақ деген қауесет бар.


Футбол әулет үшін тосын тақырып емес. Көзі тірі кезінде марқұм Айсұлтан Назарбаев Қазақстанның футбол федерациясын басқаруға талпынған еді. Экс-президенттің күйеубаласы Рахат Әлиев табаны күректей жеті жыл бойы осы ұйымға жетекшілік еткен.

Назарбаев отбасының ел алдында төбе көрсетуі Тоқаевтың соңғы Жолдауындағы мына бір тезиспен тұспа-тұс келіп тұр. Мемлекет басшысы Активтерді қайтару комитетін инвесторды қорғау комитеті деп өзгертуді ұсынған еді.

Сырт көзге президент пікірі "ескі Қазақстанмен арадағы ашық текетірес дәуірі аяқталды" деген саяси ишара секілді сезілген болатын.


Боранбаевтың өзі де екі тараптың да көңілінен шығуға тырысып, баланс іздеп жүргені байқалады.

Әлбетте "ескі гвардия реваншқа дайындалып жатыр" дейтін Ермұрат Бапидің риторикасынан аулақпыз. Десе де, әулеттің үңгірден шыққысы келетін ниеті бар. Әр тұстан көріну арқылы халықтың тамырын басып, қоғам мен биліктің реакциясы тексеру әрекеті алдағы уақытта жиілей береді. Бұған атақты "Реалмен" өтетін матчтың таңдалуы тегін емес...

Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/ertenmedia
🤔30❤17🔥5👍3👎2👏1💯1
⚡️Сағынтаевтың "сағым" саябағы: Тоқаев еккен тал-шыбық солып қалған..

Саясаткер Санжар Боқаев Алматы әкімдігі қыруар қаржы бөліп, сол күйі іске аспай қалған бірнеше нысанды шарлап шықты деп хабарлайды Ertenmedia.

Белсенді алдымен атышулы «Қарағайлы бор» (Сосновый бор) саябағына ат басын бұрыпты.

Жобаны 2021 жылы Алматының сол тұстағы әкімі Бақытжан Сағынтаев Президентке қызыл лентасын кестіріп, арнайы таныстырған болатын.


Тек жобалаудың өзіне ғана бюджеттен 57,6 миллион теңге (!) бөлінгенімен, саябақтың қазіргі күйі мүшкіл.

"50 млн-нан астам қаражатты тек проектілеуге бөлген. Нәтижесінде ештеңе жасалмаған. Мұнда бірде-бір суару жүйесі жұмыс істемейді. Соның кесірінен қарағай атаулы тегіс қурап жатыр. Осы арадағы қылқан жапырақты ағаштарға бір тамшы су тимеген. Тоқаев отырғызған көшеттер де солып, қурап қалған. Тал-теректі отырғызарда олардың күтімсіз қалатынын алдын ала біле тұра, бюджеттен не үшін ақша бөлінді? Шын мәнінде, мұндай жобалау ақша шығарудың тың тәсіліне айналған", – деді Боқаев.

Қоғам белсендісі келесі кезекте Алматының Ботаникалық бағында салынуға тиіс болған көпірге де егжей-тегжейлі тоқталыпты. Айтуынша, көпірді жобалау үшін бюджеттен 333 млн теңге бөлінген, бірақ нысан әлі күнге дейін салынбаған.

"Бұл жоба да сол беті қағаз бетінде қалды. Арада үш жыл өтіп кетті. Жобаның жарамдылық мерзімі де аяқталып тынды", – дейді ол.

Боқаев қаладағы Тұңғыш Президент саябағына да бас сұққан екен. Парктегі "өлі жоба" субұрқаққа бюджеттен бақандай 500 млн теңге бөлінген, алайда атқарылған жұмыс жоқтың қасы.


"Жарты миллиард теңге бөлінген фонтанға бар-жоғы косметикалық жөндеу жасалған. Толық жөндеу сол күйі басталмаған, субұрқақ әлі күнге дейін құрғап, қаңсып тұр. Шенеуніктер де, жауапты мердігерлер де жазасыз жүр", – дейді белсенді.

Сөй деген Боқаев бюджеттен миллиардтап бөлінген ақшаның қайда кеткенін анықтап, жауапты тұлғаларды жазаға тартуды талап етуде.

Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/ertenmedia
👏52❤12😱4🔥2😁1
⚡️Онлайн олжаның соңы. Жанәбіловтер ісінен басталған блогерлердің «қара күзі»...

Әкімшілік істен құтылдық деп қуанған блогерлер Ерболат Жанәбілов пен жұбайы Елмира Төлегенованың жағдайы одан сайын ушықты.

Астана қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Мәлика Ноғайбекова олардың әрекетінен қылмыстық істің белгілерін көріп, істі Экономикалық тергеу департаментіне жолдады, деп хабарлайды Ertenmedia.

Ерлі-зайыпты Жанәбілевтерге бұған дейін заңсыз лотерея ұйымдастырды деген айып тағылған еді. Бірақ олардың адвокаты Олег Чернов мұнымен келіспейді. Оның айтуынша, ешқандай заңсыз лотерея болмаған. Көлік сияқты бағалы сыйлықтар тек курс сатып алғандарға қосымша бонус ретінде беріліпті.

Айта кетерлігі, істің бір ұшы Туризм және спорт министрлігіне де тіреледі. Министрлік қызметкерлері блогердің 30 мың теңгелік курсын сатып алып, оның мазмұнына көңілдері толмаған көрінеді.

Тергеу органдарының пікірінше, Жанәбіловтер жұбы сияқты инфобизнес өкілдері заңдағы олқылықтарды пайдаланып, лотереяны «бонустық сыйлық» деген желеумен бірнеше жыл бойы жүргізіп келген.

Ertenmedia-ға жеткен мәлімет бойынша билік Жанабыловтар ісін үлгі етіп, онлайн курстар мен астыртын лотереяларды заң аясында жаппай тазартуды көздеп отыр.


Қазіргі кезде тергеу органдары аталған іспен шындап айналысуда. Мемлекет бұл істі ақырына дейін жеткізбейінше тоқтамайтын сыңайлы.

Сарапшылардың пайымдауынша, осы арқылы билік блогер-миллионерлердің «оңай олжаға» кенелу дәуірі аяқталғанын аңғартпақшы. Бұдан былай желідегі жұлдыздар үшін жеңіл ақшаның соңы ауыр жазаға айналуы әбден мүмкін.

Фото: ИА «NewTimes»

Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/ertenmedia
🔥32❤12👍12💯3👏2😁1🤔1
⚡️ Құлыбаевқа қарсы майдан: «Халық» брендін қайтару қозғалысы басталды...

Мәжіліс депутаты Марат Бәшімов Halyk Bank-тің атауын сынға алып, Тимур Құлыбаевтан банктің брендін тартып алуды ұсынды, деп хабарлайды Ertenmedia.

Жаңа банк заңын талқылауға арналған жиында депутат Қазақстандағы қаржы нарығының қазіргі жағдайын сынға алып, шетелдік тәжірибені мысал етті.

Оның пікірінше, қаржы саласындағы мемлекеттік қатысудан қашудың қажеті жоқ, себебі әлемнің жетекші елдерінде жүйеқұраушы банктер мемлекет меншігінде. Депутат Германия мен Францияны мысалға келтіре отырып, банк жүйесіндегі мемлекеттік бақылау ұлттық қауіпсіздіктің кепілі деп санайды.

«Бізге ұзақ жылдар бойы банк секторы толықтай жекеменшік болуы тиіс деген ұғымды сіңірді. Ал шындығына келгенде, Германия, Франция және Еуропаның өзге де дамыған елдерінде банк жүйесі мемлекет қолында тұр. Бұл ұлттық қауіпсіздіктің басты кепілі», – дейді депутат.

Бұдан әрі Бәшімов Қазақстандағы банк атауларына тоқталып, Halyk Bank брендін сынға алды. Оның пікірінше, Құлыбаевтың банкке «Халық» деген атауды беруі дұрыс емес, өйткені Конституция бойынша халық атынан тек ресми мемлекеттік органдар ғана әрекет ете алады.


«Бізде Азаматтық кодекс бар. Ол бойынша елдің немесе халықтың атын жекеменшік құрылымдардың пайдалануына рұқсат жоқ. Халық атынан сөйлеуге тек конституциялық мәртебесі бар ұйымдар құқылы.

Ал бұл банктің «Халықтық» деп аталуы заң тұрғысынан қаншалықты дұрыс? Бұл атау халықты шатастырып отырған жоқ па? Бұған кім рұқсат берген?


Әділет министрлігі банк атауларын қайта қарап, мұндай мәселелерді заңмен реттеуі тиіс», – деп ашуланды депутат.

Марат Бәшімовтың ұсынысына жауап берген Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәселенің заң тұрғысынан тексерілетінін айтты.

Ол банктердің «халықтық-патриоттық» атауларын қолдану туралы нақты құқықтық ұстаным жоқ болса, мәселенің назарға алынатынын жеткізді.

Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/ertenmedia
👍34🔥15❤5👏4💯4
⚡️ Мемлекеттің триллионын жұтқан банктерге Әбілқасымованың «үш деңгейлі тұзағы» құрылды...

Қаржы нарығын реттеу агенттігінің басшысы Мәдина Әбілқасымова банктердің мемлекеттен қарызға алған қаражатын қашан қайтаратынын айтты деп хабарлайды Ertenmedia.

Әбілқасымованың айтуынша, қазір төрт банктің балансында жалпы көлемі 1,3 трлн теңге мемлекеттік көмек қаражаты тұр.


Оның ішінде Alatau City Bank-те 950,2 млрд, Bank RBK-де 176,8 млрд, Еуразиялық банкте 150 млрд, ал Нұрбанкте 46,8 млрд теңге.

Банктер алдағы үш-бес жылда аталған қаражатты мерзімінен бұрын қайтаруды жоспарлап отыр. Бірақ Alatau City Bank міндеттемені ұзақ уақыт ішінде ғана орындай алады.

Бұдан былай мемлекеттің банк секторына көмегі ең соңғы шара ретінде ғана қарастырылмақ.

Мұндай кезде мемлекет тікелей банк капиталына кіріп, акционерлерді ауыстырып, банк басшылығын өзгертуге, дивиденд пен бонустар төлеуге тыйым салуға, тәуекелді операцияларды шектеуге құқылы болады.

Банк тұрақтанған соң оны жаңа инвесторға сату арқылы мемлекет қаражатын қайтару көзделеді...

Әбілқасымованың банктерге қатысты «үш деңгейлі тұзағы» туралы толығырақ осы тұстан оқи аласыз.

https://t.me/ertenmedia
❤17🔥9👏9👍1
⚡️ Жамбылдағы беспредел: Қарашөкеевтің "сөгіс терапиясы" нәтиже бермей тұр...

Жамбыл облысында оқушылар өлімінен кейін бірқатар шенеунікке қатаң сөгіс берілді, деп хабарлайды Ertenmedia.

Жаңа оқу жылы басталғалы облыста жасөспірімдер арасындағы ауыр қылмыс көбейген. Соңғы екі аптада аймақта үш қайғылы оқиға болды.


Бүгін Тараз қаласындағы мектептің бірінде 9-сынып оқушысы қатарласымен төбелесіп, ажал құшты. Бұған дейін, 12 қыркүйек күні Шу ауданына қарасты Көкқайнар ауылында футбол матчынан кейін 11-сыныптың оқушысы жеңілістің ашуын 10-сынып оқушысынан алып, соққыға жыққан. Жасөспірім жедел жәрдем жеткенше жан тапсырды.

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев бұған дейін де жасөспірімдер арасындағы қылмысты азайтуға байланысты нақты тапсырма бергенін, алайда жауапты тұлғалардың әрекетінен нәтиже байқалмай отырғанын айтып ақталды.


Аймақ басшысы әрбір ауылдық округке жеке учаскелік полиция қызметкерін бекітуді және бос орындарға тез арада маман тағайындауды тапсырды.

Жиын қорытындысында облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемовке жай сөгіс, Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековке, Шу ауданының әкімі Бақытжан Жәнібековке, облыстық білім басқармасының басшысы Нұрбек Оршубековке, сондай-ақ әлеуметтік саланы басқаратын Тараз қаласы әкімінің орынбасары Ұлана Сламбекова мен Шу ауданы әкімінің орынбасары Найман Сұлтанбаевқа қатаң сөгіс берілді.

Қарашөкеев Тараз қалалық және Шу аудандық білім бөлімдерінің басшыларын қызметіне сәйкестігін тексеруді талап етіп отыр.

Бұдан бөлек, жасөспірімдер қылмысының алдын алу мақсатында арнайы мониторингтік топ құрылмақ. Топ негізінен жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттерінің құқықтық сауатын арттырып, құқықбұзушылықтың ауыр зардаптарын түсіндіруге ден қоймақшы. Жұмыстың нәтижесіне қала және аудан әкімдері тікелей жауапты болады.

Белгілі журналист Асқар Бековтың айтуынша Тараздағы жағдай осыдан 25 жыл бұрынғы ахуалдан өзгерген жоқ.

"Жамбыл билігі құқық қорғау органдармен бірге бұл мәселені "жылдам шешетініне" күмән жоқ. Бәрін ұсталған балаға жаба салады... Білім ордасының директоры тез арада "оқиға мектеп аумағында болмаған" деп ақпарат таратып, басын ала қашады.

Шын мәнінде (өңірдегі) мектептің бәрінде, әсіресе жоғарғы сынып оқушылары арасында "бардак".


Ақша жинау, әлсіздерді қорқыту. Неге осы қарапайым, белгілі жайттарды жылдар бойы шеше алмаймыз, әкім мырза?", - дейді әріптесіміз.

Бұған дейін Ertenmedia "Қарашөкеевтің тұсындағы Тараз 90-шы жылдарға қайта оралып жатқанын" жазған еді.

Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/ertenmedia
😱21❤13🤔4🔥3💯3🕊1
⚡️ Масылдықтан мезі болған Тоқаев: президент әлеуметтік «маскарадты» тоқтатуға шақырды...

Еңбек ететіндер жұмыссыздарды асырауға міндетті емес. Сөй деген Тоқаев әлеуметтік көмекті реттеуді тапсырды, деп хабарлайды Ertenmedia.

Президент үкімет мүшелерімен кездесуінде бюджет қаржысының әлеуметтік салаға тым көп жұмсалып жатқанын айтып, экономиканы ретке келтіру керектігін ескертті.

«Бір кезде бюджет шығынының 50 пайызы, ал Астана бойынша 60 пайызы әлеуметтік салаға жұмсалып кетті. Үкімет осы бағытты қайта қарап, шығындарды реттеуі қажет.

Бұл өте күрделі мәселе. Президент ретінде жауапкершілік менің мойнымда. Ашық айту менің міндетім.


Күн-түн демей еңбек ететін адамдар неге жұмыссыз отырған, өзінен екі-үш есе көп адамды асырауы тиіс?» – деді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, Астананың өзінде статистикаға кірмеген 400 мың адам бар.

«Қала әкімдігі оларды орналастыруға, қызмет көрсетуге мәжбүр. Бұл бір қаланың халқымен тең көрсеткіш. Осындай олқылықтар экономиканы тежейді. Қазақстан әлеуметтік мемлекет, әлеуметтік көмектен ешқашан бас тартпаймыз. Бірақ көмек тек шынымен мұқтаж адамдарға берілуі тиіс. Жұмыс істей алатындар өзін ғана емес, отбасын да қамтамасыз етуі керек», – деді Мемлекет басшысы.

Тоқаев импорт алмастыру мәселесіне де тоқталды. Оның пікірінше, ел барлық өнімді өзі шығара алмайды және оның қажеті де жоқ.

Президент бүгін қатты ашулы. Толық нұсқасы осы тұста.

https://t.me/ertenmedia
👏31❤12👍5💩5🔥4😁4🤡4
⚡️ Жетісуға төнген қатер: Сорбұлақ жарылса, салдары Чернобыльден кем болмайды...

Алматының іргесіндегі Сорбұлақ қоймасы аймаққа төнген аса ірі апатқа айналуы мүмкін.

Мәселені Мәжіліс депутаттары ресми түрде Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің назарына ұсынды, деп хабарлайды Ertenmedia.

37 жыл бұрын қаланың лас суын уақытша төгуге арналған Сорбұлақ, бүгінде үлкен улы көлге айналған. Мұнда 750 миллион текше метр қауіпті сұйықтық жиналған.


Соңғы зерттеу нәтижесі бойынша, көл суынан денсаулыққа аса зиянды 31 түрлі химиялық элемент пен ауыр металдар анықталған. Әсіресе кадмий деңгейі қалыпты мөлшерден төрт есе асып кеткен.

Көзге көрінбейтін улы элемент өкпе, бүйрек және жүйке жүйесін зақымдап, обыр дертіне ұшыратады.

Депутаттар апаттың ықтимал зардаптарын Чернобыль апатымен теңестіріп отыр. Өйткені қазір қойма үштен екіге жуық толған, әрі оның табанындағы шөгінділер тұрақсыз.

Толассыз жауған жауын-шашын, су тасқыны немесе жер сілкінісі кезінде улы қойма жарылса, жақын маңдағы Ақши, Күрті ауылдары бірден қауіпке ілігеді. Лас судың арыны Іле, Балқаш және Қапшағайға дейін жетуі мүмкін.


Депутаттар 1988 жылы Жаманқұм бөгетінің жарылуынан 13 адамның қаза тапқанын еске салды.

Мәжіліс депутаттары Үкіметке нақты төрт ұсыныс айтты:

көл суының құрамын тәуелсіз сарапшылар арқылы зерттеу,

заманауи су тазарту нысандарын салу,

осы мақсатқа бөлінген қаржыға аудит жүргізу және


Сорбұлақтағы судың бір бөлігін егістікке жарамды ету үшін арнайы каналдар арқылы басқа жаққа бағыттау.

Депутаттар тек Іле ауданы ғана емес, бүкіл Жетісу өңірінің қауіпсіздігі қыл үстінде тұрғанын жеткізіп, мәселені Үкіметтің ерекше бақылауына алуды сұрады.

Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/ertenmedia
👍32😱14❤9💯4
⚡️ Орта Азиядан айырылған Әмерика: Экс-елші Розенблумның ауыр қорытындысы...

АҚШ-тың Қазақстандағы экс-елшісі Дениел Розенблум Йель университетінде дәріс оқып, Америка дипломатиясының Орта Азиядағы осалдығын ашық мойындады деп жазады Ertenmedia.

Өңірдегі ақпараттық ықпалын жоғалтқан Уашингтонның қателігін жіпке тізген ол, осы майданда Мәскеу мен Бейжіңнің оқ бойы озып озып кеткенін айтып, қынжылды.

Дипломат осы тұста 2023 жылы Қазақстанда орын алған тосын жайтты еске алған екен.


Сол жылдың көктемінде Кремльдің пропаганда құралдары «Алматыда 🇪🇺 НАТО базасы құрылды» деп, қарапайым конференц-залдың ашылуын саяси скандалға ұластырып жіберген-тұғын.

«Өтірікті шындай етіп ұсынатын мұндай тәсілдің тиімділігі сонда, жалған сөз жүз мәрте қайталанса, көптің санасына орнығып, ақиқатқа айналып шыға келеді», — дейді Розенблум.

Айтуынша, АҚШ билігі Мәскеудің ақпарат диверсиясына мардымды жауап қата алмаған. Трамп келгелі USAID жобалары тоқтап, «Әмерика дауысы», «Азаттық» радиосының тынысы тарылған. Дип.корпустың бір жарым мыңға жуық қызметкері қысқарып, аймақтағы әмерикалық жобалар күресінге тасталған.

«Орта Азиядағы ақпарат майданы аяқталды. Ресей немесе Қытай басым түскен жоқ, АҚШ өзі күресуден бас тартты», – дейді Розенблум. Дипломатиялық беделінен айырылған Әмерика қазір әлсіз әрі шарасыз күйде.


«Биыл жазда Алматыда аймақтағы ең ірі АҚШ консулдығы салтанатты түрде ашылды. Элиталы ауданда аумағы ат шаптырым жер бөлініп, еңселі ғимарат бой көтерді. Лепірме сөзбен қиылған қызыл лентадан кейін, қауырт жұмыс басталуы керек еді. Алайда Уашингтон одан әрі жылжуға құлықсыз. Бос кеңістікті Ресей мен Қытай толтырып жатыр», — дейді экс-елші.

Орта Азия өткеннің елесімен арбайтын Мәскеудің ақпараттық орбитасында өмір кешуде, Бейжің өз кезегінде аймаққа миллиардтаған инвестицияны үйіп-төгуде.

«Қытай мен Ресей аймақты оқ шығындамай-ақ отарлап алды», – деген екен экс-елші осы тұста.


Розенблумның пікірінше 🇺🇸 Трамптың тұсындағы Әмериканың ішкі ұстанымы айқын емес. Уашингтонға әлемдік процестерден оқшаулануға болмайды. Дипломатия саласында жеңіске жеткісі келген елге қызыл лента емес, табанды әрі жүйелі жұмыс қажет.

Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💯22❤16🔥8🤔4😢3
⚡️ Агрокландарға арналған «қараша қақпаны»: субсидиямен «семіргендердің» дәурені аяқталуға жақын...

Ақмола облысына барған Президент арпа-бидайдың арасында суретке түсумен шектелген жоқ, деп хабарлайды Ertenmedia.

Тоқаев аймаққа ат басын бұру арқылы агросектордағы ойын ережесін түбегейлі өзгертетінін аңғартып отыр.


Облыстағы егістік аумағы биыл 5,5 млн гектарға дейін жетті, 7 млн тоннадан астам астық жинау жоспарда бар. Сырт қарағанда, көп-көрім нәтиже. Алайда рекордтық көрсеткіштердің тасасында талай жыл қордаланған мәселе бар.

Соңғы уақытта агросекторға 8,25 трлн теңге бөлінгенімен, экономикадағы үлесі 6 пайыздан аспай келеді. Демек, құйылған қаржының қайтарымы жоқ. Нәтижесінде Қазақстан әлі күнге дейін әлемдік азық-түлік нарығының шикізат көзі ғана болып отыр.


Жыл сайын сыртқа 12 млн тонна астық экспорттаймыз. Виетнамға да жол аштық. Бірақ шикізатты сатып, өңделген өнімнен түсетін пайданы шетелдің қалтасына салып беріп жатырмыз.

Саланы дамытудың орнына, агроөнеркәсіпке бекіген белгілі кландар мемлекеттік субсидияларға жыл сайын қол салуды әдетке айналдырған.

Президент Тоқаев жағдайдың дәл осылай қалыптасқанын жақсы біледі. Ақмолаға арнайы келуінің себебі де сол. Президент агрокландар мен бюджетке жылдар бойы жабысып отырған лоббистерге ашық ескерту жасауды көздеп отыр.

Ақорда қыруар бюджет қаражатының агросекторды дамытуға емес, жеке мүдделерге кетіп жатқанына наразы.

Бізге жеткен мәлімет бойынша, қарашада Астанада өтетін Агрофорум ауыл шаруашылығын үлкен «ревизиядан» өткізудің басы болады.


Тексеріс кезінде субсидия таратудың қазіргі жүйесі ғана емес, саладағы ықпалды лоббистердің де аты аталады. Мемлекеттік бағдарламалардан мол пайда көрген агрокландар үшін алдағы форум ауыр соққы болмақ.

Аграрлық саланы "сауып" келген кландардың ендігі жерде бюджетке қол салуына жол берілмейді. Президенттің Ақмола сапары жоспарлы тазарту науқанының бастамасы.

Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/ertenmedia
👏31❤20👍4🔥4
⚡️ Pepsi Ілеге қонды: Алматы облысында әлемдік брендті құтыға құятын зауыт салынады...

Carlsberg Kazakhstan Алматы облысында алкогольсіз сусындар шығаратын жаңа зауыттың құрылысын қолға алды деп хабарлайды Ertenmedia.

Kazakh Invest-тің мәліметінше, жобаға қатысты инвестициялық келісімге қол қойылып, зауыттың іргетасы қаланды.

Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 1 млрд литрге жуық сусын шығаруға жетеді.


«Жобаның жалпы инвестиция көлемі 344 млн долларды құрайды. Мұнда PepsiCo лицензиясымен өндірілген сусындар Қазақстан мен Қырғызстан нарығына жеткізіледі», – деп хабарлады Kazakh Invest өкілдері.

Жаңа зауыт Іле ауданында 17 гектар аумақта орналасады. Құрылысты 2026 жылы аяқтау көзделген. Кәсіпорында 230-дан астам жаңа жұмыс орны ашылады.

Еске сала кетсек, 2024 жылдың қыркүйегінде Carlsberg Group және PepsiCo компаниялары Қазақстан мен Қырғызстан нарығында алкогольсіз сусындарды бірлесіп өндіру, сату және дистрибуциялау бойынша келісімге қол қойған болатын.

Осы келісім негізінде Carlsberg Kazakhstan 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап PepsiCo-ның Қазақстандағы ресми серіктесі ретінде сусындарды өндіруге кіріседі.

Сол кезде Carlsberg Қазақстанда жаңа өндірістік кәсіпорын салуға үш жыл ішінде 100 млн еуродан астам инвестиция құюға ниетті екенін мәлімдеген еді. Компанияның болжамынша, жаңа өндіріс орны Carlsberg Kazakhstan-ның қазіргі бизнес ауқымын екі есеге ұлғайтады.


Қазіргі таңда Carlsberg Group пен PepsiCo Норвегия, Швеция, Швейцария, Камбоджа және Лаос елдерінде табысты жұмыс істеп келеді. Қазақстан нарығында Carlsberg компаниясы 1998 жылдан бастап жұмыс істейді.

#әріптестікнегізде

Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/ertenmedia
👍30❤11👎1🔥1👏1