Erteńmedia
11K subscribers
3.39K photos
1.21K videos
1 file
3.08K links
✓Қазақ тіліндегі ең танымал телеграм-арна.
✓Ашық ақпарат, анық талдау, астарлы пайым.

™ @kurilkabai_bot
Download Telegram
⚡️"Жер тек қадірін білетін азаматтарға берілуі тиіс" деп мәлімдеді президент Тоқаев. Оның айтуынша, қазірге дейін 13 млн гектар жер қайтарылғанымен, әкімдіктер соның тек 6 млн гектарын ғана жаңа иелеріне үлестірген. Әкімдерге аталған мәселені келесі жылдың ортасына дейін толық шешу тапсырылды.
🔥17👏11😁3
⚡️Президент Тоқаев сүт өндірушілердің нарықта қолдаусыз қалып, бәсекелестеріне жол беруге мәжбүр екенін айтты. Ол үкіметке Еуразиялық саудада әділ жағдай жасауды талап етуді, ал депутаттарға заң арқылы отандық өндірушілерді қорғауды бұйырды.
🔥19❤7😁5👍4
⚡️Президент Тоқаев Каспийдің тартылуы экологиялық апатқа ұласатынын айтып, теңізді сақтауға арналған мемлекетаралық бағдарлама әзірлеуді ұсынды. Ол осы мәселені Шанхай сапары кезінде көтергенін атап өтіп, теңіз тағдыры тек Қазақстан емес, өзге елдерге де ортақ жауапкершілік екенін еске салды.
🔥23👏11😁3
⚡️Президент Тоқаев Қазақстандағы суды үнемдеу мәдениетін сынға алды. Оның айтуынша, елде су тапшылығы қазірдің өзінде сезіле бастаған, ал халықтың су тұтыну мәдениеті өте төмен деңгейде қалып отыр.
💯28🔥12👍3😁3
⚡️Мемлекеттік компаниялардың негізсіз көбеюі бизнестің дамуына тұсау болып отыр деп мәлімдеді президент Тоқаев.
🔥21👏10💯4😁3
⚡️Президент Тоқаев мем.органдар бизнесті тексергенде ескерту жасаудың орнына бірден қатаң шараға жүгінетінін сынға алды. Оның айтуынша, бизнесті қорғауда жазалау емес, ескерту мен түсіндіру шарасы басым болуы керек.
❤22🔥14👍4😁4💯1
⚡️ҚТЖ? Тоқаев теміржолдағы жолаушылар тасымалының сапасын сынға алды. Мемлекет басшысы вагондардың жай-күйі мен тазалығына қатысты елдің шағымы көп екенін атап өтті. Мәселені шешу үшін Астанада шетелдік инвестордың қатысуымен халықаралық стандартқа сай заманауи вагон шығаратын кәсіпорын іске қосылмақ.
👍33😁4🔥3❤2💯1
⚡️Қазақстанда оқушыларға жасанды интеллект негіздері оқытылады. Сонымен қатар жасанды интеллектіні сапалы енгізу үшін арнайы Kazakh digital платформасы құрылады.
🔥23👏8😁3
⚡️ Президент Тоқаев халықтың өңірлерден Астанаға жаппай көшу себебін атады. Айтуынша, кейбір облыс әкімдері кәсіпорындардан түскен салықтың ақшасын маңызды мәселені шешудің орнына брусчатка төсеу секілді тиімсіз жобаларға жұмсаған. Салдарынан жергілікті тұрғындар жайлы өмір іздеп, елордаға қашып жатыр.
👍46💯14🔥10😁4❤1
⚡️ Президент Тоқаев Қазақстанда газ-химия саласын дамытудың негізгі бағыттарын белгіледі. Ол Атыраудағы ірі газ-химия кешенін және Павлодардағы сұйытылған газды терең өңдеу кәсіпорнын уақытылы іске қосуды міндеттеді. Сондай-ақ ілеспе және сұйытылған мұнай газын экономикалық ресурс ретінде тиімді пайдалану керегін айтып, инвесторларды тұрақты газбен қамтамасыз ететін нақты механизм әзірлеуді тапсырды.
👏13👍9❤5😁2🔥1
⚡️Президент Тоқаев Қазақстандағы мемлекетке масыл футбол клубтарын жекешелендіру жұмысын жеделдетуді тапсырды.
🔥36👍15💯4😁3
⚡️ Президент Тоқаев ұлттық мүддеге сай жүргізілген сыртқы саясат Қазақстанның тәуелсіздігін сақтауға кепіл болатынын айтты. Осы тұрғыда Қытай, Түркия, Қырғызстанға жасаған сапарын мысалға келтірді. Жыл соңына дейін Ресей мен Өзбекстанға сапар жоспарланған. Ақорда 🇺🇸АҚШ -пен қарым-қатынасты да белсенді дамытып жатыр. Президент халықаралық қақтығыстарды реттеуде келісім мен компромиске шақырып, БҰҰ-ны реформалау қажеттігіне тоқталды. Бұл туралы ол алдағы уақытта Нью-Йорктегі Бас Ассамблеяда ұсыныс жасамақ.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥20❤5👏4😁2
⚡️Сенаттың тағдыры шешілетін сәт жақын...
🔥20❤2👍2😁2
⚡️ Президент Тоқаев Қазақстан парламентін бір палаталы етуді ұсынып, Сенатты тарату туралы бастама көтерді.
🔥49👏24❤7😁2
Erteńmedia
⚡️ Президент Тоқаев Қазақстан парламентін бір палаталы етуді ұсынып, Сенатты тарату туралы бастама көтерді.
⚡️Сенатты тарату бойынша референдум 2027 жылы өтуі мүмкін. Президент Тоқаев парламент реформасын неге ерте жариялағанын түсіндірді. Оның айтуынша, әдетте саяси технология тұрғысынан мұндай шешім күтпеген жерден қабылданады, алайда ел тағдырына қатысты маңызды мәселелер ашық талқылануы тиіс. «Мұндай ауқымды реформаны халықтан жасырын ұстауға болмайды», – деді Президент.
❤27👍12😁3🔥1
⚡️Сенаттың соңғы сапары. Парламенттегі бір палаталы кезеңге дайындық басталды...

Президент Тоқаев Парламентті бір палаталы ету халықаралық тәжірибеге сай шешім екенін айтты деп жазады Ertenmedia. Оның сөзінше, Мәжілістің қазіргі құрамы өз мерзімі аяқталғанша заң шығару жұмысын тұрақты атқара береді.

Сенаттың қызметі референдум өтіп, жаңа парламент сайланғанша жалғасады.


Президент саяси партияларға осы уақытты сайлауға тыңғылықты дайындалуға пайдалануды ұсынды. Сондай-ақ депутаттарды ел тағдырына қатысты ауқымды өзгерістерге жауапкершілікпен қарауға шақырып, мұндай реформа халықпен ашық талқылануы тиіс екенін атап өтті.

«Тек ашық диалог арқылы әділетті әрі қуатты Қазақстанды бірге құрамыз», – деді президент.

Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

📱 Erteńmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤21👏13🔥5😁2
⚡️ Сенатсыз Қазақстан: Тоқаев тактикасының тасасында тұрған транзит...

Саясаттанушы Досым Сәтпаев бүгінгі ұсыныс биліктің алдағы транзит кезеңіне дайындық амалы болуы мүмкін деп топшылайды.

Бұл туралы Ertenmedia хабарлайды.

90-шы жылдардың басында экс-президент Назарбаев пен Жоғарғы Кеңес арасындағы тартыстан кейін 1995 жылғы Конституция бойынша екі палаталы парламент пайда болған.

Сол кездегі Сенат биліктің «сақтандыру клапаны» рөлін атқарған еді.

"Тоқаевтың әзірдегі ұсынысы жаңа билік транзитіне дайындық секілді. Бір палаталы парламенттің спикері автоматты түрде президенттен кейінгі басты фигураның біріне айналады. Елде экс-президенттер үміт артатын тағы бір маңызды лауазым пайда болмақ", – дейді саясаттанушы.


Сәтпаевтың пікірінше егер қазіргі жүйе сақталып, сайлау туралы заң мен партиялық реформаланбаса, бір палаталы парламент те АП-ға тәуелді орган болып қала береді.

Билік сайлауды тек пропорционалды жүйемен, яғни партиялық тізім бойынша өткізу арқылы парламентті бақылауда ұстай беруге мүдделі.

"Пропорционалды жүйемен сайланатын парламенттің халық алдында легитимділігі төмен болады. Парламентке өткен партияның беделі де төмендейді. Оның үстіне, сайлаушы бүкіл партияға тұтас дауыс береді, жеке кандидатқа дауыс бере алмайды. Мұндайда депутаттар халықтың көңіл-күйінен гөрі, партия басшылығының қас-қабағына көбірек қарайлайды", – дейді сарапшы.

Сәтпаев Қаңтар оқиғасының басты себептерінің бірі де осында деп есептейді. Қоғамдағы наразы көңіл-күйдің саяси арналар арқылы сыртқа шықпауы әлеуметтік жарылысқа әкелген.

"Халық өз өңірінен, нақты бір округтен шыққан тәуелсіз кандидатқа дауыс бергісі келеді. Қазіргі партиялық тізім жүйесі бұған мүмкіндік бермейді. Елдегі зомби-партиялар да бұл мәселені шеше алмайды. Демек, пропорционалды жүйеге толық көшу саяси тығырыққа апарар жол", – дейді саясаттанушы.


Сарапшы Қазыбек Бейсебаев керісінше "Сенатты сақтап қалу керек" деп отыр. Толығырақ осы тұста.

Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

📱 Erteńmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤16👍8🤔4👏3🔥1🤮1💯1
Erteńmedia
⚡️Президент Тоқаев алдағы үш жылда сирек металдар саласында бірқатар кәсіпорынды іске қосуды тапсырды.
⚡️ Қарағандыдан табылған тосын қазына: Күйректікөлде сирек металдың мол қоры анықталды...

Қарағанды облысындағы Күйректікөл кенішінде сирек кездесетін металдың қоры бұрын болжанғаннан әлдеқайда көп екені белгілі болды.

Геологиялық барлау жұмысының жаңа дерегі бойынша, кеніштің коммерциялық тұрғыдан тиімді қоры бастапқыда айтылған 20 млн тоннадан асып, 28,2 млн тоннаға жеткен деп хабарлайды Ertenmedia.

2022 жылы басталған барлау жұмыстары барысында геологтар тереңдігі 300 метрге жететін төрт негізгі учаскеден церий және өзге де сирек кездесетін металдардың жоғары концентрациясын тапқан.

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әлібек Әлденейдің айтуынша, зерттеу кезінде аймақтың басқа бөліктерінен алтын, мыс пен вольфрамның жаңа кен орындары да анықталған.


«Қазірдің өзінде шетелдік компаниялар осы бағытта зерттеулер жүргізіп жатыр. Мұның арқасында өңірдің минералды шикізат базасы кеңейіп, сирек кездесетін әрі бағалы металдарды өңдейтін жаңа өндірістер ашылады», – деді Әлденей.

Толығырақ осы тұста.

Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

📱 Erteńmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍31🤔7❤3🔥2😱2😁1
⚡️Целинныйдағы құдалар кездесуі: Боранбаевты қолдауға келген Дариға...

Алматыдағы «Целинный» заманауи мәдениет орталығының ашылу салтанатында атышулы Дариға Назарбаева төбе көрсетті.

Экс-елбасының үлкен қызы шараға өзінің құдасы бизнесмен Қайрат Боранбаевты қолдау үшін арнайы келген деп хабарлайды Ertenmedia.


«Целинныйды» қайта жаңғырту жұмысы 2018 жылы басталған. Алайда пандемия мен Боранбаевтың қамауға алынуына байланысты орталық тек биыл, 5 қыркүйекте ашылды.

Орталықтың ашылуында журналистер Боранбаевтан жөндеу жұмысының не себепті 7 жылға созылғанын және жобаға қанша қаржы кеткенін сұрады.

«Неге бәрі үнемі ақша жайлы сұрайды? Бұл жобадағы басты мақсатымыз шығынды санау емес, мәдени-көркем жобалар өтетін ерекше алаң қалыптастыру. Жоба толығымен өз қалтамнан қаржыландырылды. Шынын айтқанда, қаражатты талқылауға еш ықыласым жоқ", – деді Боранбаев.

Орталық 90-жылдары театрға, кейіннен екі залы бар кинотеатр мен түнгі клубқа айналған еді.

2014 жылдан бері жұмыс істемеген ғимаратты 2015 жылы Боранбаев сатып алып, заманауи мәдениет орталығына айналдыруды қолға алған болатын.

Боранбаев Дариға Назарбаеваның туған құдасы. Оның қызы Аида марқұм Айсұлтан Назарбаевтың жары болған.


Бізге жеткен мәлімет бойынша Назарбаева Алматыға 27 тамызда келген.

Фото: Orda порталы

Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

📱 Erteńmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤮11😱8❤6👏4💩3
⚡️ RT-ның экраны бұлдыраған күн: Тоқаевпен салғыласқан Симоньянға ауыр диагноз қойылды...

Петербор форумында Тоқаевпен пікір таластырып, Қазақстанның Донецк пен Луганскіні мойындаудан бас тартуын ашық сынаған RT бас редакторы Маргарита Симоньян ауыр науқасқа шалдыққанын мәлімдеді деп хабарлайды Ertenmedia.

Ресейлік журналист Владимир Соловьевтің «Россия 1» арнасындағы авторлық бағдарламасына қатысып, ауыр дертке шалдыққанын, 8 қыркүйекте күрделі операция жасататынын айтты.

«Осы аптада дәрігерлер маған ауыр, қорқынышты диагноз қойды. Ертең операцияға жатамын», – деді Симоньян.


Ол денсаулығының нашарлағанына қарамастан, эфирге шығып, майданда жүрген әскерилер мен олардың отбасына қолдау көрсетуді жөн санағанын жеткізді. Сондай-ақ, журналист өзінің күйеуі, режиссер Тигран Кеосаянның тоғыз айдан бері комада жатқанын да еске салды.

"Орыста "бәле келсе қақпаңды аш" деген сөз бар ғой. Біздің үйдің қақпасы қазір тіпті жабылмайтын болды, тағдыр дауылы соғып, жұлып әкетті", – деді Симоньян.

Еске сала кетсек, Маргарита Симоньян Санкт-Петербург экономикалық форумында президент Тоқаевты ашық пікірталасқа шақырып, Қазақстанның Луганск пен Донецкіні мойындаудан бас тартуын сынға алған еді.


Қазақстан президенті халықаралық құқықтың екі негізгі принципі территориялық тұтастық пен ұлттардың өзін-өзі анықтау құқығы бір-біріне қайшы келетінін айтып, Ақорданың бұл мәселедегі ұстанымы нақты екенін жеткізген болатын.

Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

📱 Erteńmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥24❤10👍7👏4🤔1😢1