Erteńmedia
10.9K subscribers
3.39K photos
1.21K videos
1 file
3.07K links
✓Қазақ тіліндегі ең танымал телеграм-арна.
✓Ашық ақпарат, анық талдау, астарлы пайым.

™ @kurilkabai_bot
Download Telegram
⚡️Ақорданың тұрақтылық формуласы: Тоқаев Үкімет тізгінін тағы да Бектеновке тапсырды...

Олжас Бектенов Қазақстанның премьер-министрі қызметіне қайта тағайындалды. Құрылтай депутаттары президент Тоқаев ұсынған кандидатураны бірауыздан қолдады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Мемлекет басшысы кандидатураны ұсынар алдында Құрылтайдағы партия фракцияларының жетекшілерімен міндетті консультация өткізген. Депутаттардың келісімінен кейін Бектеновті Үкімет басшысы етіп тағайындау туралы Президент Жарлығы жарияланды.

Дауыс беруден кейін Бектенов Президент пен Құрылтай депутаттарына сенім білдіргені үшін алғыс айтты.

«Маған екінші мәрте премьер-министр қызметі сеніп тапсырылды. Алдымызда Қазақстанның дамуын және Президент бастаған саяси өзгерістерді қолдау міндеті тұр. Мұны еліміз дамуының жаңа кезеңі деп санаймын», – деді Бектенов.


Олжас Бектенов Үкіметті алғаш рет 2024 жылғы 6 ақпанда басқарған. Құрылтай сайланғаннан кейін жаңа Конституция талабына сәйкес Үкімет өкілеттігін тоқтатып, жаңа кабинет жасақталғанға дейін міндетін атқарушы мәртебесінде жұмыс істеді.

Бектенов премьер-министр болғанға дейін 2023 жылғы сәуірден АП-ны басқарды. Оған дейін, 2022 жылғы ақпаннан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қызметін атқарған.

Айта кетелік, әзірде ғана Құрылтай Ерлан Қаринді Қазақстанның вице-президенті қызметіне тағайындауға да келісім берді. Енді Тоқаев Құрылтай депутаттарымен консультациядан кейін Үкіметтің жаңа құрамын жасақтайды.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍12👎12❤4🔥3👏2🤔2💯1
⚡️Ақорданың миы мен моторы: Тоқаев Қарин мен Бектеновті неге таңдағанын ашып айтты...

Президент Тоқаев Ерлан Қарин мен Олжас Бектеновтің елдегі жоғары мемлекеттік қызметке лайық деп танылу себебін айтты. Мемлекет басшысы Қариннің стратегиялық пайымын, ал Бектеновтің Үкімет басындағы тәжірибесін ерекше атап өтті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Құрылтай отырысында Президент вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды. Тоқаев оның мемлекеттік басқару саласында ұзақ жыл еңбек еткенін және елдегі ауқымды реформаларды жүзеге асыруға тікелей атсалысқанын айтты.

«Ерлан Қаринді ел жақсы біледі. Ол мемлекеттік басқару жүйесінде көп жыл жұмыс істеген, білімі терең, тәжірибесі мол, нағыз отаншыл азамат. Ауқымды реформаларды іс жүзінде жүзеге асыруға қатысты. Мемлекеттің ұзақмерзімді стратегиясы мен елдің әлеуметтік-экономикалық даму келешегін айқын түсінеді. Сондықтан Ерлан Тынымбайұлы Қаринді осы қызметке лайық деп санаймын», – деді Президент.


Тоқаевтың айтуынша, вице-президент мемлекеттік басқару жүйесінде айрықша міндет атқарады. Ол билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті сақтауға атсалысып, Құрылтай депутаттарымен және Үкіметпен тығыз жұмыс істейді. Конституция мен Президент тапсырмасына сәйкес өзге де міндеттер жүктеледі.

Мемлекет басшысы Құрылтайдағы партия фракциялары жетекшілерінің пікірін ескере отырып, премьер-министр қызметіне Олжас Бектеновті қайта ұсынды.

Президент оны мемлекетшіл, сауатты әрі жауапкершілігі жоғары маман деп сипаттады. Бектеновтің бұған дейін Үкіметті нәтижелі басқарғанын да атап өтті.

«Қазір еліміздің алдында ауқымды міндеттер тұр. Қазақстан бүгінде тұтастай үлкен құрылыс алаңына айналды. Түрлі инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылып жатыр. Дегенмен атқарылатын жұмыс әлі көп. Тәуелсіздік пен егемендікті нығайту, мемлекетті одан әрі дамыту мәселесі өзекті болып қала береді. Осы міндеттерді табысты орындау үшін бәріміз күш біріктіруіміз керек», – деді Тоқаев.


Дауыс беру қорытындысында Құрылтай депутаттарының басым бөлігі Ерлан Қаринді вице-президент, Олжас Бектеновті премьер-министр қызметіне тағайындауды қолдады.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤16👎14🔥6👍5😁5👏3🤔2
⚡️Үкіметтен Қауіпсіздік кеңесіне: Балаеваның саяси траекториясы күрт өзгерді...

Президент жарлығымен Аида Балаева Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды. Ол жаңадан енгізілген лауазымды иеленіп отыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Балаева күні кешеге дейін премьер-министрдің орынбасары, Мәдениет және ақпарат министрі қызметін қатар атқарып келді.


Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары лауазымы Қазақстанның мембасқару жүйесіне жаңа қызмет ретінде енгізілді. Тоқаев мұндай тағайындау жасалатынын Құрылтайдың алғашқы отырысында хабарлаған еді.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎20👍9❤3🤔3🤡3🤮2👏1😱1💯1
⚡️Ең қиын емтиханнан өткен адам: Ерлан Қарин елдегі екінші лауазымға қалай жетті....

Саясаттанушы Данияр Әшімбаев тамыздың соңғы сәтіндегі кадрлық ауыс-түйісті бұрынғы саяси бағыттың жаңа конституциялық қалыпқа бейімделуі деп бағалады. Пайымынша, жаңарған құрылымда Ерлан Қарин саяси үйлестірушіге, Олжас Бектенов атқарушы биліктің тірегіне, ал Аида Балаева қауіпсіздік блогындағы маңызды тұлғаға айналған, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Әшімбаев Тоқаевтың кадрлық шешімге келгенде болжап болмайтын әсер қалыптастыруға тырысатынын атап өтті. Соған қарамастан тамыздағы тағайындаудың астарынан сабақтастық байқалады.

Саясаттанушы Ерлан Қариннің кейінгі жылдағы мансабын қазіргі саяси жүйеде сирек кездесетін тұрақты өсудің мысалы деп отыр. Ол Президенттің кеңесшісі, көмекшісі, мемхатшы, мемкеңесші, Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметінен кейін вице-президент атанды.


Әшімбаевтың бағалауынша, Қарин биліктің идеологиялық бағытын қалыптастырып, үйлестіріп және қоғамға жеткізген негізгі фигураның бірі. Соның нәтижесінде жекелеген бастамалар ортақ президенттік курсқа тоқайласқан.

«Қарин үлкен үйге бағытталған сын мен соққыны мақсатты түрде өзіне қабылдап отырды, алайда ешкіммен ашық текетіреске барған жоқ. Тоқаев? Қазіргі президентпен жұмыс істеу өте қиын, ал оның сеніміне ие болу екінің біріне бұйырмайды. Елдегі екінші лауазымның Ерлан Қаринге сеніп тапсырылуы осыны көрсетеді», – деп жазды саясаттанушы.


Пікірінше, Қаринге идеологиялық дипломатия міндеті де жүктелген. Саясаттанушы Мәскеу, Тәшкент және Бейжіңмен сенімді саяси қарым-қатынас орнату жұмысын соның қатарына қосты.

Вице-президент ретінде Қарин енді Президенттің Құрылтаймен, Үкіметпен және негізгі конституциялық институттармен байланысын қамтамасыз етеді. Әшімбаев мұны оның бұрынғы ықпал аясының заңдық тұрғыдан кеңеюі деп бағалап отыр.

Балаева мен Бектеновке де үлкен мандат берілді. Ақорданың үштағаны туралы толығырақ осы тұста.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍15🤔5❤4😁4👎1🔥1🕊1💯1
⚡️Құрылтайдың бір жылдық чегі. 145 депутатқа 22,53 миллиард теңге жоспарланды...

2027 жылы Құрылтай қызметін қамтамасыз етуге республикалық бюджеттен 22,53 млрд теңге бөлу жоспарланған. Шартты түрде есептегенде, 145 депутаттың әрқайсысына 155,3 млн теңгеден келеді. Экономист Әнел Дәулетғалиева жаңа парламенттің шығынына қатысты осындай есеп ұсынды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Маманның айтуынша, 155,3 млн теңгені депутаттың жалақысы немесе қолына берілетін қаражат деп түсінбеу керек. Көрсеткіш Құрылтайдың жалпы бюджетін депутат санына бөлу арқылы шығарылған.

Жалпы сомаға депутаттардың жұмысын ұйымдастыруға арналған барлық шығын кіреді. Олардың қатарында әкімшілік аппаратты ұстау, коммуналдық төлемдер, көмекшілердің еңбекақысы, кеңсе тауарлары мен депутаттардың тұратын жеріне жұмсалатын қаражат бар.

Құрылтай қызметіне:

2027 жылы – 22,53 млрд теңге;

2028 жылы – 22,85 млрд теңге;

2029 жылы – 22,79 млрд теңге бөлу көзделген.

Кейінгі жылдарға жоспарланған сомалар бюджет нақтыланған кезде өзгеруі мүмкін.

Әнел Дәулетғалиева жаңа бірпалаталы парламенттің бұрынғы Мәжіліс пен Сенатқа қарағанда бюджетке арзанырақ түсетінін атап өтті.

2026 жылы екі палатаның қызметіне 31,96 млрд теңге қарастырылған еді. Ол кезде Мәжілісте 98, Сенатта 50 депутат болған және екі палатаның жеке әкімшілік аппараты жұмыс істеген.


Осы есепке сүйенсек, Құрылтайға жоспарланған жылдық шығын бұрынғы екі палаталы парламент бюджетінен шамамен 9,43 млрд теңгеге немесе 29,5 пайызға аз.

Қазақстан Халық кеңесінің қызметін қамтамасыз етуге 1,76 млрд теңге бөлу жоспарланған. Экономист ұсынған дерек бойынша, жаңа консультативтік органды ұстауға Құрылтаймен салыстырғанда әлдеқайда аз қаражат жұмсалады.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎28👍12😱9😡7❤5💯1
⚡️Салық саясатының командирі: Жұманғарин жаңа Үкіметте де негізгі рөлде қалды...

Қазақстандағы салық реформасының әкесі атанған, осы кампанияға тағдырын тіккен Серік Жұманғарин Үкіметтегі орнын сақтап қалды деп жазады Ertenmedia.kz.

Осыған дейінгі министрлер кабинетінің ең басты дерті жауапкершіліктен қашу, маңызды шешімді созбаққа салу және саяси тәуекелге бармау еді. Үлкен кісінің дәуірінде шенділердің басым бөлігі абайлап сөйлеп, сәтсіздіктің салмағын өз мойнына алмауға тырысатын.

Тоқаевтың тұсында «екінші тынысы» ашылған Жұманғарин керісінше, қоғамның бүкіл ашу-ызасын өзіне қабылдайтын фигура болып тұр. Ақордаға барлық саяси репутациялық соққыны өзіне сорып алатын абсорбер шенеунік әзір ауадай қажет.


Салық саясаты сияқты аса сезімтал салада агрессивті аудиториямен, бизнеспен, тіпті парламенттегі депутаттармен ашық әрі дөрекілеу пікірталасқа түсуге дәті жететін бір адам болса, ол осы - Жұманғарин. Бұл ма, бұл сырт көзге кемшілік көрінгенімен, шын мәнінде кризис менеджментте таптырмас қасиет.

Әсілі, жаңа Салық кодексі арқылы жеңілдіктерді қысқарту процесі ірі бизнес өкілдерінің (қаржы-өнеркәсіптік топтардың) қатты қарсылығына тап болғанын көрдік.

Дәл осы кезеңде компромисске бара салатын иі жұмсақ министр Тоқаев тапсырған реформаның тас-талқанын шығарар еді. Жұманғариннің мінезіндегі белгілі бір көлемдегі бірбеткейлік ірі капиталдың қысымына төтеп бере алды.

Тұтастай алғанда, Бектеновтың бақылау-қадағалау, жемқорлықпен күрес бағытындағы кейсі мен Жұманғариннің бюджеттік-фискалдық блокты басқару дағдысы бір-бірімен тығыз астасып жатқанын мойындау керек.

Салық кодексі, Бюджет кодексі және Ұлттық қордың қаражатын пайдаланудың жаңа ережесі, осының бәрінде Жұманғариннің қолтаңбасы жатыр. Ақорда үшін реформаның сапасы мен оның төңірегіндегі дау-дамайдан гөрі, процестің тоқтап қалмауы және белгіленген мерзімде іске қосылуы маңыздырақ болды ма деп ойлаймыз.


Фискалдық саясатты күшейту, бюджет тесіктерін жамау және көлеңкелі экономикамен күрес сияқты ауыр міндеті орындауда Бектенов-Жұманғарин тандеміне толық карт-бланш берілді деуге негіз бар.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍13👎9💯6❤4🙏2🔥1👏1😁1🤮1
⚡️Үкіметке жасалған жеңіл рестайлинг: Тоқаев Бектенов командасының өзегін сақтап қалды...

Сонымен, Бектенов басқаратын үкіметтің құрамы толық бекітілді. Президент Тоқаев атқарушы биліктің негізгі сүйегін сақтап қалды деп жазады Ertenmedia.kz.

Жаңа кабинеттегі 25 лауазымның 16 пайызы ғана ауысты, бұл ма, бұл бар-жоғы 4 ведомство.

Экономикалық, қаржылық, күштік, аграрлық және әлеуметтік блок түгелдей бұрынғы басшылардың бақылауында.


Басты өзгеріс сыртқы саясат, ақпарат, экология мен төтенше жағдай саласын қамтыды:

• Мұхтар Тілеуберді Сыртқы істерге қайта оралып, дипкорпустың тізгінін қолға алды.

• Мәдениет және ақпарат министрлігіне Аида Балаеваның орнына Арман Қырықбаев келді.

• Әлібек Қуантыров Экология және табиғи ресурстар министрлігінің тізгінін ұстады.

• Төтенше жағдайлар министрі қызметіне 41 жастағы Мұрат Мұханов тағайындалды.

Үлкен үйдегілер премьер Бектенов орынбасарларын орнына қозғаған жоқ. Нұрлыбек Нәлібаев, Ғалымжан Қойшыбаев, Қанат Бозымбаев, Серік Жұманғарин және Жаслан Мәдиев өз орындарында.

Жұманғарин «салық реформасының жауапкершілігін» әрі қарай арқаласа, Мәдиев цифрландыру мен жасанды интеллект бағытын үйлестіруді жалғастырады.


Тоқаевтың өзі де осының алдында Үкіметтің жұмысына жалпы алғанда көңілі толатынын айтып, «жұмыстан шығару үшін жұмыстан шығару» ұстанымын қолдамайтынын атап өткен.

Материалдың толық нұсқасын Ertenmedia-ның сайтынан оқи аласыздар.

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏9👎6😁6❤4🔥2🤔2💯2
⚡️Тоқаев Алматы облысының әкімін орнынан босатты: жаңа басшы кім болуы мүмкін?

Президент Тоқаев Марат Сұлтанғазиевті Алматы облысының әкімі лауазымынан босату туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Өңір басшылығындағы ауыс-түйіс атқарушы билікте жүріп жатқан ауқымды кадрлық ротацияның заңды жалғасы. Күні кеше Үкімет құрамы жасақталған. Өз кезегінде Алматы облыстық мәслихаты Қонаев қаласында барлық деңгейдегі депутаттардың кезектен тыс жиналысы өтетінін хабарлады.

Мәслихат депутаттарының дауыс беруіне Мемлекет басшысы ұсынған үміткерлер шығарылмақ.

Дереккөздер мәліметінше, аймақ әкімі лауазымына басты үміткердің бірі ретінде жақында Төтенмин қызметінен босатылған Шыңғыс Әріновтің кандидатурасы қарастырылып жатыр.


Марат Сұлтанғазиев несімен есте қалды?

Сұлтанғазиев Алматы облысын 2022 жылдың 11 маусымынан бері, аймақ Алматы облысы және Жетісу облысы болып тарихи тұрғыда екіге бөлінген сәттен бастап басқарды. Өңір басшылығына келгенге дейін ол еліміздің қаржы және салық саласында ұзақ жыл қызмет етті.

Әкім кезінде Сұлтанғазиев облыс орталығын Қонаевқа көшіру, өңірдегі ауқымды инфрақұрылымдық құрылыстар, жаңа «Алатау» қаласының жобасын іске қосу және агроөнеркәсіп пен өндіріс саласына тікелей инвестиция тарту жұмысын тікелей үйлестірді. Оның қайда барары әзірге белгісіз.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😢77👍62👎27🤔6❤2👏1😱1
⚡️Тоқаевты қорғаған офицер енді облысты басқарады. Әріновке Алматы өңірі сеніп тапсырылды...

Президент Тоқаев Шыңғыс Әріновті Алматы облысының әкімі қызметіне тағайындады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Әрінов әзірде ғана қызметінен босатылған Марат Сұлтанғазиевтің орнына келді. Сұлтанғазиев Алматы облысын 2022 жылғы маусымнан бері басқарған.

42 жастағы Шыңғыс Әрінов бұған дейін Төтенше жағдайлар министрі қызметін атқарды. Ол жаңадан жасақталған Үкімет құрамына енген жоқ. ТЖМ басшылығына министрліктің бұрынғы аппарат басшысы Мұрат Мұханов тағайындалды.


Әріновтің еңбек жолының басым бөлігі Мемлекеттік күзет қызметімен байланысты. Ол 2006–2022 жылдары аталған құрылымда офицерлік қызметтен басшылық лауазымға дейін көтерілді.

2022 жылы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары әрі Президентті қорғау қызметінің бастығы болды. Төтенмин-нің тізгінін 2024 жылғы ақпанда ұстады. Генерал-лейтенант дейтін әскери атағы бар. 1983 жылғы 29 қазанда Алматы облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетін тәмамдаған.

Әріновтің Алматы облысына әкім болып тағайындалуы оның күштік құрылымнан өңірлік басқаруға ауысқанын білдіреді.


Енді ол халқы тығыз әрі қарқынды өсіп келе жатқан облыстың дамуына жауап береді. Өңірде ірі инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылып, ауыл шаруашылығы дамып келеді. Жаңадан құрылған Алатау қаласын қалыптастыру да облыс басшылығының негізгі міндетінің біріне айналмақ.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍23👎8❤3😁3🔥2🤔2💯2💩1
⚡️Депозит бәйгесі аяқталуға жақын: банктер салым мөлшерлемесін төмендете бастады...

Банктер базалық мөлшерлеменің төмендеуіне ілесіп, депозиттердің табыстылығын азайта бастады. Тамызда бірден 11 банк салым шарттарын қайта қараған. Шілдеде мұндай қадамға небәрі төрт қаржы ұйымы барған еді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz депозитке кепілдік беру қорына сілтеп.

Төмендеу депозит нарығының басым бөлігін қамтыды. Жинақ салымдарымен қатар, ақшаны еркін алып, қайта толықтыруға мүмкіндік беретін мерзімсіз депозиттердің де табысы азайып келеді.

Үдеріс Ұлттық банк шілдеде базалық мөлшерлемені 17 пайыздан 16,75 пайызға түсіргеннен кейін жеделдеген.

Мерзімсіз депозиттердің орташа табыстылығы 14,19 пайыздан 14,08 пайызға төмендеді. Нарықтағы ең жоғары мөлшерлеме бірден 0,9 пайыздық тармаққа қысқарып, 15,95 пайызды құрады.


Толықтыруға болатын мерзімді салымдардың да бұрынғы тартымдылығы бәсеңдей бастады. Мұндай депозиттердің ең жоғары табыстылығы жылдық 20 пайыздан 19 пайызға түскен. Өзгеріс негізінен үш және алты айға ашылатын қысқамерзімді салымдарды қамтыды.

Нарықтағы ең табысты өнім ретінде жинақ салымдары қалып отыр. Толықтыруға болатын депозиттер бойынша ең жоғары мөлшерлеме 20 пайыз, толықтыруға келмейтін салымдарда 20,5 пайызға жетеді.

Алайда жоғары пайыздың өз шарты бар. Жинақ депозитінен ақшаны ішінара алуға болмайды. Салымды мерзімінен бұрын жапқан клиент есептелген сыйақысынан түгелге жуық айырылады. Банк негізгі қаражатты да 30 күннен кейін ғана қайтарады.


Тағы бір маңызды өзгеріс. Ең жоғары 20,5 пайыздық мөлшерлеме енді алты айға емес, үш айға ғана ұсынылып отыр. Мұндай өнімді сақтап қалған банк алты айлық депозитінің табыстылығын төмендетіп үлгерген.

Соған қарамастан, ең тиімді депозиттердің табысы тамыздағы инфляциядан екі еседен астам жоғары. Қазақстандағы жылдық инфляция тамызда 9,8 пайызға дейін баяулаған еді.

Кейінгі үш айда банктер депозиттік өнімдерін түгелге жуық қайта қараған. Айта кетелік,
Ұлттық банк бүгін базалық мөлшерлемені тағы 0,5 пайыздық тармаққа, 16,25 пайызға дейін түсірді.


Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры осыдан кейін салымдардың табыстылығы әрі қарай төмендейді деп күтеді. Осылайша, жылдық табысы 20–20,5 пайызға жететін депозиттер кезеңі аяқталуға жақындады. Дегенмен, салымшылар әлі де жоғары мөлшерлемені бекітіп үлгере алады.

Дәл қазір депозит нарығында ForteBank-тің ұсынысы тартымды болып тұр.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍22❤6👏6😱3🔥2
⚡️Погондағы әкімдер дәуірі: Ақорда өңірлерге генералдарды түсіре бастады...

Алматы облысына Шыңғыс Әріновтың әкім боп келуі үлкен үйдің кадр саясатында талғам мен таңдау өзгеріп жатқанын айғақтайды деп жазады Ertenmedia.kz.

Біздіңше, Тоқаев «өркениетті, Болашақты бітірген, Батыста оқыған, экономикалық тілде сөйлейтін» технократтардың өңірлік реализмге келгенде дәрменсіз екенін түсінген сынды.

Премьер Бектеновтың алдында еxcel-мен есеп беріп, әдемі презентация жасауды жетік меңгерген әлгіндей топ өңірге барған бойда жуңглиге түскендей пәңгіріп қалады. Ақордаға әзір иерархияға қатаң бағынатын, жергілікті элитамен ешқандай тамыр-таныстығы жоқ, бұйрықты екі етпейтін кадрлар ауадай қажет.


Ескі Қазақстаннан мұраға қалған тозған инфрақұрылым, топан су, жылу маусымындағы апат мен басқа да форс-мажордың тұсында елді бейбіт күннің саясатымен басқару мүмкін емес. Ашығын айтқанда, кейбір өңір әлі күнге дейін созылмалы төтенше жағдай режимінде өмір сүруде.

Мұндайда ұзақ мерзімді стратегия құратын әкім емес, әскери жеделдікпен шешім қабылдайтын, штабтық режімде жұмыс істей алатын тұлғалар керек.

Төтенминді басқарған Шыңғыс Әріновтің, Ішкі істерді басқарған Марат Ахметжановтың мысалы Ақорданың өңірдегі басқару стилін әскери-командалық сипатқа көшіріп жатқанын айғақтайды.

Тәшкен көрген технократтар белгілі бір өңірдегі жергілікті бюджетті, жер телімдерін, тендірді уысында ұстап тұрған іргелі кландарды талқандаудан тайсақтауы мүмкін.

Әрінов секілді кадрлардың өңірге келуі әлгіндей элитаға берілген анық сигнал. Погон таққан басшының артында тұтас арнаулы органдардың, күштік құрылымдардың ресурсы тұр. Бұлар жергілікті «феодалдармен» мәмілеге келмейді. Өңірдің дамуына қолбайлау болып отырған кейбір мәселені күшпен деконструкциялап, өз ырқына көндіреді.


Шыны керек, халықтың да дәстүрлі шенділерге, кәстүм-галстук таққан ақ жағалыларға деген сенімі нөлге жақындады. Ел ішінде тәртіп орнататын, пара алмайтын, қатал басшыға деген латентті сұраныс бар-дай. Күштік құрылым өкілін алдыға шығару арқылы билік халықтың осы психологиялық сұранысына жауап бергісі келетіндей. Бірақ, бір нюанс бар.

Саяси реформа мен азаматтық институттар дамымаған жерде мемлекет амалсыз полициялық басқару моделіне арқа сүйеуге мәжбүр болады. Погон таққан кадрды өңірге жіберу технократиялық басқарудың банкротқа ұшырағанын мойындау.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍78👎29💯19❤4🔥3👏2🤮1
⚡️Кремльшіл риториканың кермек дәмі: Ахметова мен Вайстың үстінен іс қозғалды...

Полиция атышулы Анастасия Ахметова мен желіде Вайс тегімен танылған Эльмира Кулакованың үстінен іс қозғады. Екеуі де ұлтараздықты қоздырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Бұған блогерлердің желідегі жазбаларынан кейін құқық қорғау органдарына түскен арыз-шағым себеп болған.

Жұмсартып айтқанда, Ахметова мен Кулакова ұлтаралық қарым-қатынас, әртүрлі ұлт өкілдері арасындағы жанжал және мемлекеттер арасындағы текетіреске байланысты резонансты тақырыптарды жиі көтерген.

Жазбасында Кремль мен Киев арасындағы соғысқа, тіл дауына және Қазақстандағы қоғамдық-саяси оқиғаларға баға берген. Титулды ұлқа тіл тигізген сәттері де аз емес. Күні кеше екеуі де тергеу амалын бастау үшін полицияға жеткізілді. Сот оларға әртүрлі бұлтартпау шарасын таңдаған екен.

Бала-шағасы бар Анастасия Ахметова үйқамаққа алынды. Ал Эльмира Кулакованы қамауда ұстауға санкция беріліп, тергеу изоляторына жіберілген.


Екеуінің ісі де Қылмыстық кодекстің 174-бабы («Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық алауыздықты қоздыру») бойынша қаралуда. Кінәсі дәлелденсе 2 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Анастасия Ахметова: Өзін «интернационалист», «еуразияшыл» ретінде таныстырып жүрген блогер. Желіде Мәскеуді ашық қолдап, Қазақстандағы мемлекеттік тіл мәселесін, ұлттық мүддені қорғаушы белсенділерді үнемі кемсітіп, мұқатып келген. Сондай-ақ Батысқа қарсы мәлімдемесімен, Қазақстанда «шетел агенттері туралы заң қабылдау керек» деген бастамасымен танылған.

Эльмира Кулакова: (желіде Эльмира Вайс): Алматы облысының Талғар қаласында тұрады. Желіде «Вайс» деген бүркеншік атпен жазады. Ол да ұлттық құндылықтарға, әсіресе қазақ тіліне, тарихи оқиғаларға (мысалы, Ашаршылық тақырыбына) қатысты арандату пікірімен және Кремль саясатын ашық насихаттауымен жұрттың наразылығын тудырып келген.

Желідегі қауым бүгінгі оқиғаны «елдегі ақпараттық қауіпсіздік пен ішкі тұрақтылықты сепаратистік риторикадан тазарту» деп бағалауда.


Ал Кремльдегі пропаганда әлгі екеуіне араша сұрап, ұлардай шулап жатқан жайы бар.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍87👎43❤7🔥5👏3😁1💯1
⚡️Сахна, сауда және сәлде: әнші-әртістер неге жаппай орамалын шеше бастады...

Отандық шоу-бизнесте соңғы жылдары етек алған үлкен діни толқынның кері қайту процесі басталды. Кеше ғана тақуалықтың туын тігіп, мыңдаған оқырманға «нәпсіні тиюдің» уағызын айтқан әнші-әртістер, блогерлер тұмшаланған образдан бас тартып, бұрынғы зайырлы, сахналық кейпіне қайта оралуда деп жазады Ertenmedia.kz.

Қазақ эстрадасының өкілдері кезінде орамалға неге жаппай жүгінді және бүгін неге оны дәл сондай жеделдікпен шешіп жатыр?

Ең алдымен, әнші-әртістердің дінге келуі мен орамал тағуы таза рухани ізденістің жемісі болмағанын мойындау қажет. 2018–2022 жылдары елімізде әлемжелінің дамуымен қатар діндар аудитория да күрт артты.


Миллиондаған просмотр жинау, көпшіліктің ықыласына бөлену дәл осы «ұят», «иман», «мұсылман әйел» архетипіне тікелей тәуелді болып қалды.

Продюсерлер, маркетологтар әлгі трендті қас-қағым сәтте шап беріп ұстады. Дін сахнада өзін тауысып бара жатқан немесе шығармашылық тоқырауға ұшыраған әншілер үшін жаңа леп, таптырмас жарнамалық құралға айналды.

Басына орамал тартқан әнші әйел кенеттен «адамгершілік пен отбасылық бақыттың шамшырағы» боп шыға келді. Мұндай образ оларға тек халықтың сүйіспеншілігін ғана емес, өте майлы коммерциялық нарықтың есігін айқара ашты.

Халал косметика, мұсылманша сән үйлері, хиджаб дүкендері, кіші қажылық турлары (умра), түрлі психологиялық семинар мен әйел бақыты марафондары осылардың айналасында топтасты. Орамал өте-мөте табысты монетизациялық құрал ретінде қызмет етті. Ән айтып таппаған табысын олар инстаграмда сәждеге жығылып, артынша күмәнді БАД пен қаржылық пирамидаларды жарнамалау арқылы еселеп тапты.


Алайда соңғы екі жылда осы нарық шектен тыс толып, өзін-өзі жойды. Қоғам бірсарынды ақылгөй-тақуа образдардан мезі болды. Халал жапсырмасы өзінің бұрынғы сиқырлы күшін жоғалтты. Монетизация механизмі тоқтаған сәтте, орамалдың маңызы да құрдымға кетті.

Мәселенің тағы бір қыры бар. Елімізде соңғы уақытта жат ағымдар мен арабтандыруға қарсы өте қуатты иммунитет қалыптасып келеді. Толығырақ осы тұста.

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏57💩33🔥25👍13💯11❤7😁5👎2🙏2😢1
⚡️Алтыннан қалған ащы дәм: Қырғыз жеріндегі Көшпенділер ойыны неге дау-дамаймен аяқталды...

Қырғыз жерінде өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойыны үлкен дау-дамаймен және көпе-көрнеу әділетсіздікпен аяқталды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Жарыс нәтижесінде жүлдені күштеп жұлып алу әрекеті мен спорттық этиканың аяққа тапталуы дүбірлі доданың тарихына қара таңба болып басылды. Дала өркениетін жаһанға танытуды көздеген жоба ағайын елдердің сыйластығына сына қаққан ұсақ амбиция алаңына айналып кетті.

Турнирдің ең сорақы көрінісі ресми медальдық есептегі ашық бұрмалау болды.

Жарыстың соңғы күні Қазақстанның Спорт министрлігі құрамамыздың 32 алтын, 20 күміс және 22 қола, жалпы саны 74 медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға шыққанын ресми түрде жария етті. Жарыс қожайындары 30 алтынмен екінші орында тұрған еді.

Сол-ақ екен қырғыздардың ұйымдастыру комитеті таблодағы көрсеткішті табан астынан өңдеп, Қазақстанның қоржынынан үш бірдей алтынды сызып тастады. Ресми есепте Қазақстанды 29 алтынмен екінші орынға ысырып, 30 алтыны бар Қырғыз құрамасын бірінші орынға қойған жалған кесте пайда болды.


Желіде наразылық толқыны бұрқ еткенде, ұйымдастырушылар әлгі кестені өшіріп тастап, шамалыдан соң қайта шығарып, артынан мүлдем алып тастады.

Көршіміздің Спорт агенттігі тіпті «көшпенділер ойынының ережесі бойынша ресми медальдық есеп жүргізілмейді» деген күлкілі мәлімдеме жасап, жауапкершіліктен жалтарғысы келді.

Мұндай ашық әділетсіздік спорттың қағидатымен мүлде қабыспайды. Қазақстандық тараптың табанды талабынан кейін ғана көрші елдің билігі өз қателігін мойындауға мәжбүр болды. Жапаровтың баспасөз хатшысы Асқат Алагозов шұғыл мәлімдеме жасап, Қазақстанның жеңісі айқын әрі әділ болғанын ресми түрде мойындады.

«Медалді санау кезінде техникалық қателік орын алды. Ұйымдастыру комитеті Қазақстанның үш спортшысының әрқайсысының медалін жеке есепке алу туралы шешім қабылдады. Жалпыкомандалық есепте бірінші орынды Қазақстан иеленді. Қазақ бауырларымызды жеңісімен құттықтаймыз!», – деп жазды ол.


Дегенмен, болар іс болды. Спортшылардың маңдай терімен келген ресми нәтижені көрерменнің көз алдында бұрмалау Көшпенділер ойындарының беделіне орны толмас нұқсан келтірді.

Жарыстың ұйымдастырушылық деңгейі де сын көтермеді. Стадион алдына жиналған қалың тобырдың қысымынан қаймыққан билік билеті жоқ барлық адамды трибунаға тегін кіргізуге пәрмен берді.

Шолпан-Атадағы хаос туралы толығырақ осы тұста.

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍143💯20😱9❤5🤬5🔥4
⚡️АЭС желеуімен келген бопса: «Росатом» қазақ уранына қатысты тосын талап қойды...

Атышулы «Росатом» Қазақстандағы алғашқы АЭС-ті отынмен қамтамасыз ету сылтауымен еліміздегі уран кен орындарын игеру бойынша ұзақ мерзімді кепілдік талап етуі мүмкін, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Мәскеу Қазақстанның стратегиялық шикізат нарығындағы ықпалын бірнеше онжылдыққа бекітіп алуға мүдделі.

Тау-кен өндірісі саласының сарапшысы, бұған дейін «Қазатомда» еңбек еткен Телман Шүриев telegram-арнасында осыған қатысты маңызды деректі жария етті. Айтуынша, орыстар «Балқаш» АЭС құрылысы аясында Астанадан бірқатар жеңілдіктерге қол жеткізуге ұмтылуда.

Әңгіме уран кен орындарын барлау мен өндіру құқығының мерзімін күрт ұзарту туралы болып отыр.


Сарапшы қазірдің өзінде көрші елдің отандық уран секторында айтарлықтай үлесі бар екенін, ал жаңа талап Ресейдің ықпалын тіпті арттыра түсетінін есептеп көрсеткен.

«Бүгінде «Росатомға» қатысы бар кәсіпорындарға Қазақстандағы уран өндірісінің шамамен 21 пайызы немесе 5,5 мың тоннасы тиесілі. Бұлар ма, бұлар «Ақбастау», «Қаратау», «Будёновское» және Оңтүстік кен-химия комбинаты. Басты назар жылына шамамен 6 мың тонна өндіруге тиіс «Будёновское» кен орнына ауысуда. Ресейлік тарап жаңа бірлескен кен орындары есебінен өндіру көлемін жылына 7–7,5 мың тоннаға дейін жеткізуді жеке құжатпен бекіткісі келеді. Оның үстіне, аталған міндеттемелер бірден 60 жылға есептелуі мүмкін», – деп жазды Тельман Шүриев.

Егер әлгі талап инвест келісімге енетін болса, Ресей жарты ғасырдан астам уақыт бойы еліміздің аса маңызды радиоактивті ресурсын өндіру құқығын иеленбек.


Алайда Астана мұндай ауыр шартқа көнгісі жоқ. Қазіргі уақытта қос тарап өзара қолайлы нұсқаны табу бағытында күрделі келіссөз жүргізіп жатыр дейді.

«Росатом» уранды бірлесіп игеру үлесін арттыруды «Балқаш» станциясын салудың міндетті шарты ретінде қоюға тырысқанымен, бұған еліміздің ұлттық операторы қарсы шығуда.


Мәселенің түйіні заңнамалық шектеуде жатыр. Жаңа Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодекске сәйкес, радиоактивті металдар кен орындарын игеру мен барлауда «Қазатом» басым құқыққа ие. Тельман Шүриев аталған жазбасын кейіннен өшіріп тастағанымен, ақпарат желіге жедел тарап үлгерді.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬44👍8❤7💯6😡6👎5😱5🔥1
⚡️Сауын сиыр дәуірінің ақыры: Әбілқасымова банктерді мемлекет қазынасынан ажыратып тастады...

Қазақстанның қаржы нарығында соңғы жылдағы ең ауқымды реформа аяқталып, банктердің қызметіне түбегейлі өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова осы ретте сіз бен бізге қызықты болатын бірқатар сауалға жауап қатқан екен.

Несие кімдерге берілмейді? Шамадан тыс қарыздануға тосқауыл

Халықты қарыз қамытынан сақтау үшін тұтынушылық несиенің берілу талаптары заң жүзінде қатайтылған. Мерзімі өткен берешегі бар азаматтарға, сондай-ақ соңғы 3 жылда қарызы сот немесе банк арқылы кешірілген, не соңғы бір жылда қайта құрылымдау жасалып, бірақ төлемін өтей алмаған борышкерлерге жаңа несие беруге түбегейлі тыйым салынған.

«Тәуекелі жоғары қарыз алушыларды несиелендіруге шектеу қойылды. Сондай-ақ 2027 жылдан бастап қарыз алушының табысына шаққандағы жиынтық қарыз коэффициенті енгізіледі. Қабылданған шараның нәтижесінде ірі банктер бойынша бір жыл ішінде дефолтқа ұшырайтын несиелер үлесі 5 пайыздан 2,5 пайызға дейін қысқарды», – деп мәлімдеді агенттік басшысы.


Соның арқасында кепілсіз тұтынушылық қарыздардың өсу қарқыны 2024 жылғы 30 пайыздан 2025 жылы 14,6 пайызға, ал биылғы жеті айда 3,5 пайызға дейін бәсеңдеген.

Құлаған банкті халықтың ақшасымен құтқаруға тыйым салынды

Бұрын жекеменшік банктер күреп пайда тауып, акционерлеріне миллиардтаған дивиденд үлестіретін, ал қиындық туса мемлекетке қарап отыратын. Жаңа реформа банк қожайындары мен топ-менеджментінің жауапкершілігін бірінші орынға қойды.

Енді реттеуші жыл сайын банктердің 85 пайызына толықтай стресс-тестілеу мен активтер сапасын тексеру жүргізеді. Егер банкте қаржылық тәуекел анықталса немесе капитал жеткіліксіз болса, Агенттік акционерлерге дивиденд төлеуге тікелей шектеу қояды немесе мүлдем тыйым салады.

Сондай-ақ мемлекет банктерді салық төлеушілердің есебінен құтқару тәжірибесінен біржола бас тартты.


«Жеке банктің проблемасын салық төлеушілер өтемеуі тиіс. Шығынды ең алдымен акционерлер мен инвесторлар көтереді. Мемлекеттік қолдау тек қаржылық тұрақтылыққа қатер төнгендегі ең соңғы амал ретінде ғана қарастырылады, ал мемлекет тартқан шығын кейіннен банк секторы есебінен өтеледі», – деп мәлімдеді агенттік басшысы.

Толығырақ осы тұстан оқи аласыз.

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍45💯5🔥4❤2👏2
⚡️Көк бөрінің рухы тірілген күн: Баян Мақсатқызы Тәңір танымын үлкен аудиторияға алып шықты...

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы Тәңір танымы, адам еркіндігі мен «құлдық» санадан құтылу туралы тосын пікір білдірді деп жазады Ertenmedia.kz.

Осыған дейін Тәңіршілдік көбіне тар шеңбердегі тарихшылардың, жекелеген ғалымдар мен маргиналды белсенділердің деңгейінде ғана сөз болып келген. Бұлардың дауысы қалың бұқараға жете бермейтін, ұсынған идеясы аудиториясының аздығынан алысқа ұзамай ұмытылатын еді.

Діни жамағат әлгілерді «адасқандар» деп айыптап, қоғамдық пікірдің шетіне қарай ысырып отырды. Енді ме, енді осы алаңға атышулы Баян Мақсатқызы кіріп жатыр. Оның артында миллиондаған оқырман, әйелдер қауымы, шығармашыл жастар мен қалалық зайырлы элита тұр.

Баян кез келген ұғымды сәнге, трендке, халықтың күнделікті талқылайтын тақырыбына айналдырудың хас шебері. Ол өзінің медиалық беделі арқылы Тәңір танымын шаң басқан архивтен алып шығып, оны заманауи, эстетикалық тұрғыдан тартымды, жастардың тілінде сөйлейтін жаңа философиялық брендке айналдыру әлеуетіне ие.


Егер осы идея Баянның продюсерлік көзімен өңделіп, жаңа өмір салты ретінде насихаттала бастаса, елдегі тым діниленген орта бұрын-соңды кездеспеген аса қауіпті оппонентпен бетпе-бет келуі мүмкін. Себебі бұл жолы оларға халықтың сезімімен ойнай алатын, визуализация мен пиардың тілін жетік білетін медиа-магнат қарсы шығады.

Қазіргі қазақ қоғамы рухани таным жағынан екі үлкен лагерьге жарылып кеткені өтірік емес.

⚫️ Біріншісі – өмірдің барлық саласын шариғат талабына бағындырғысы келетін, ұлттық дәстүрдің өзін діни сүзгіге салатын консервативті қауым;

⚫️Екіншісі – зайырлы мемлекет құндылықтарын, жеке тұлғаның еркіндігін, ғылым мен өркениетті және төл тарихи бірегейлікті сақтап қалғысы келетін бұқара.

Баян Мақсатқызы осы екінші лагерьдің бейресми көшбасшысы, идеологиялық локомотиві ретінде суырылып шықты.

Ол тым діниленген қауымның қоғамға қоятын морализаторлық талаптарынан сескенбейді. Әлемжелідегі хейт пен қарғыстан да қаймығатын кейіпкер емес. Бұл ма, бұл қазақ қоғамының зайырлы бөлігіне үлкен демеу, олардың өз құқығы мен көзқарасын ашық қорғауға деген сенімін оятуы мүмкін.


Алдағы уақытта біз осы екі дүниетанымның бұқаралық мәдениеттегі, медиадағы және күнделікті өмірдегі үлкен текетіресіне куә болатын тәріздіміз. Осы тартыс болашақ Қазақстанның қандай бағытта дамитынын да айқындайтын болады.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎109💯34❤16👏14🔥7🤮6👍4😁3🤡2🤔1
⚡️ForteBank Қазақстандағы шағын және орта бизнеске қызмет көрсететін үздік банк атанды...

ForteBank Asian Banking & Finance Retail Banking Awards 2026 халықаралық сыйлығының SME Bank of the Year – Kazakhstan номинациясы бойынша жеңімпаз атанды деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Бұл марапат Банктің шағын және орта бизнесті қаржыландыруды дамытудағы және кәсіпкерлердің қаржылық құралдарға қолжетімдігін кеңейтудегі жетістіктеріне берілген жоғары баға.

2026 жылы Forte кәсіпкерлерді қолдау бағытындағы жұмысты күшейте түсті. «Даму» қорымен ынтымақтастық аясында кредиттерге кепілдік беру лимиті 102,8 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды.


Бұл механизм тұрақты бизнес-моделі қалыптасқан және өсу әлеуеті бар компанияларға қаржат алуға мүмкіндік береді. Бүгінде Банктің шағын және орта бизнеске арналған кредиттік портфелінің 72%-і өңірлік бизнеске тиесілі, ал бір кредиттің орташа мөлшері 202 млн теңге.

ForteBank кәсіпкерлерге арналған цифрлық сервистерді одан әрі дамытуда. Банкте құжаттарды онлайн беру және қол қою мүмкіндігі енгізіліп, кредит беру процесінің негізгі кезеңдері автоматтандырылды.

Бизнес бағытының қарқынды дамуына клиенттер сенімінің артуы да оң ықпал етіп отыр. 2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша ForteBank-тегі заңды тұлғалардың депозит көлемі 2,4 трлн теңгеге жетті. Сонымен қатар Банк корпоративтік депозиттер көлемі бойынша Қазақстандағы ең ірі үш ЕДБ қатарына енді.

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍29👏11❤6🔥3🤔2😁1🙏1💯1
⚡️ Балаеваға түскен ауыр портфель: жаңарған Қауіпсіздік кеңесі немен айналысады?

Президент Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесі мен оның жаңадан жасақталған дербес аппараты туралы ережелерді бекітті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Жаңарған органның нақты міндеттері шегеленіп, Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасарына жүктелген өкілеттік шеңберін айқындалды.

Аида Балаеваның құзырына Тоқаевтың актілері мен тапсырмаларының, сондай-ақ Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырыстарында қабылданған шешімнің мүлтіксіз әрі толық орындалуын қадағалау міндеті жүктелді.


Бұдан бөлек мынадай стратегиялық бағыттар да Балаеваның бақылауында болады:

❤️ Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, елдің қорғаныс қабілетін арттыру, заң мен тәртіпті сақтау саласындағы меморгандар мен ұйымдардың жұмысын үйлестіру;

❤️ Ақпараттық және киберқауіпсіздік, соның ішінде ЖИ-ді қолдану және дербес деректерді қорғау мәселесін қадағалау;

❤️ Сыбайлас жемқорлық пен экономикалық қылмысқа қарсы іс-қимыл шараларын реттеу;

❤️ Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу салаларын бақылау;

Халықаралық ынтымақтастық байланыстарын орнату және Қауіпсіздік Кеңесі аппаратының қызметін ұйымдастыру.

Қауіпсіздік Кеңесі мен оның аппаратының негізгі міндеті ретінде жаһандық сын-қатерге, геосаяси ахуалға және ел ішіндегі жағдайдың өзекті қырларына тұрақты әрі кешенді талдау жүргізу белгіленді.

Реформаланған Қауіпсіздік кеңесінің аппараты енді АП-ның құрылымына кірмейді. Ол өз алдына дербес мемлекеттік орган ретінде тікелей Президентке бағынады және есеп береді.

Құрылым ұлттық қауіпсіздіктегі тәуекелдерді талдап, мембасқарудың орнықтылығын қамтамасыз етеді және Тоқаев шешімдерінің сөзбұйдаға салынбай, дер кезінде орындалуына институционалды қолдау көрсетеді.


Әзіргі жарлық тамыздың соңында басталған Қауіпсіздік кеңесін түбегейлі қайта құру үдерісін заңдық тұрғыдан толық тиянақтады. Президент басқаратын алқалы орган стратегиялық шешімдердің орындалуын қадағалайтын дербес орталыққа айналды.

Қауіпсіздік кеңесіндегі құпия фигура Геннадий Зуев туралы мәліметті осы тұстан оқи аласыз.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍30👎12💯12😱6❤3🔥2👏1😢1
⚡️Қазақ-қырғыз достығының қара жәшігі немесе Кенесарыға келгенде кілт үзілетін туыстық...

Астанада оқып жүрген қырғыз қыздарының Кенесары ханның аруағына тіл тигізуі (бас сүйегінен шарап ішеміз, ред) Ақорда мен Бішкектің сыйластығына сызат түсіретін фактор деп жазады Ertenmedia.kz.

Қос бойжеткеннің камера алдында көз жасын көлдетіп, кешірім өтінгенімен мәселе шешілмейді. Әлгілердің аузынан шыққан ауыр сөз көрші елдегі мем.идеологияның тікелей көрінісі деп ашық айта аламыз.

Қазақ-қырғыз бір туған деcек те, екі елдің мектеп қабырғасынан бастап оқытылатын тарихында қарама-қайшылық жетерлік. Солардың ең күрделісі де, жанды жері де хан Кененің тұлғасы.


Қазақ даласы үшін Кенесары – Ресейдің отарлау саясатына қарсы келген соңғы заңды хан, қасиетті қаһарман. Ал қырғыз тарихнамасында ол Ормон ханның жеріне, Сарыбағыш руларына жорық жасаған «қатыгез феодал», өз жерін қорғаған қырғыздардың бейбіт ауылдарын шапқан агрессор ретінде сипатталады. Мұндай оқулықпен өскен жас ұрпақтың санасында Кенесарыға деген өшпенділік сәби кезден сана түкпіріне сіңеді.

Екі мемлекет тәуелсіздік алған 30 жылдан астам уақытта осы ортақ тарихи жараның аузын емдеуге, 1847 жылғы Кекіліксеңгір қырғынын саясаттандырмай, ғылыми деңгейде объективті сараптауға бірде-бір рет батыл қадам жасалмады.

Жиырма жастағы студент қыздардың ойына «ханның басынан шарап ішеміз» деген сұмдық метафора көктен салбырап түскен жоқ. Бұл ма, бұл сол елдің билік кулуарында, көше мен ас үйде айтылып жүрген қарадүрсін түсініктің сыртқа тебуі.


Соңғы жылдары қырғыз қоғамында ұлттың пайда болуына қатысты ғылыми негізсіз этномифтер де етек жайып жатыр. Осы құбылыс желіге тарап, өзін «тарихшы» санайтын белсенділер «қазақтар бертінде ғана құралған, түбі бізден тараған» дейтін қисынсыз әңгімелерді ашық айтатын болды. Мемлекет тарапынан мұндай сандырақтарға тоқтау салынбады, керісінше ұлтшыл электоратты жұбатудың таптырмас құралы ретінде пайдаланылды.

Нәтижесінде, заманауи біліммен қаруланудың орнына, желідегі қысқа роликтерден сауат ашқан қырғыз жастары көрші халықтың мемлекеттігі мен тарихын жоққа шығаруды үйреншікті әдетке айналдырды. Астанадағы оқиға осының айнасы.


Әлгі әлгі екі бойжеткен ше? Анығы, кешегі үндеу үрейден туған формальды қадам. Олар жазадан құтылу үшін қазақ тілінде сөйлеп, кешірім сұрағанымен, санасындағы «басқыншы Кенесары» образы немесе қырғыз қоғамындағы «қазақ бізден тараған» деген түсінік жойылып кеткен жоқ.

Ресми Бішкек өз еліндегі тарихи мифтер мен жалғыз сенімді көршісіне бағытталған ауыр риториканы ауыздықтауға күш салмаса, ал Астана мәдени-ақпараттық жұмысты күшейтпесе, ертең мұндай оқиғалар жаппай сипат алуы мүмкін.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
1💯65❤16🤔8👍7🔥7😱2