Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Бектеновтің екінші айналымы: Балаева министрлер кабинетіне қатысты маңызды белгі берді...
Бектеновтің орынбасары, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Құрылтай сайлауынан кейін Үкімет құрамында түбегейлі өзгеріс бола қоймайды деп есептейді. Оның болжамынша, қазіргі министрлердің көбі қызметінде қалуы мүмкін, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Вице-премьер жаңа Үкімет құрамына енген жағдайда, медиа мен онлайн-платформаларға қатысты заңнаманы жетілдіру жұмысын жалғастыратынын жеткізді. Ақпарат кеңістігіндегі басты түйткілдің бірі ретінде жалған мәліметтің таралуын атады. Оның пікірінше, фейкті толық жою мүмкін емес, сондықтан журналистер кәсіби қағидаларды берік ұстанып, әр деректі мұқият тексеруге тиіс.
Айтуынша, осыған дейін үкімет жетекшілері (Смайылов, Мәсімов, Сағынтаев, Мәмин) молшылық жылдары инфрақұрылымды жаңартудың орнына, ақшаны мүлде басқа бағытқа жұмсап жіберген.
Видео: Ұлысмедиа порталынан
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
✈️ https://t.me/ertenmedia

«Бектенов? Қазіргі министрлер кабинеті өте кәсіби. Мемлекет басшысының нақты міндеттері мен бастамалары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. Сондықтан көптеген министр өз қызметінде қалады деп ойлаймын», – деді Балаева.
Вице-премьер жаңа Үкімет құрамына енген жағдайда, медиа мен онлайн-платформаларға қатысты заңнаманы жетілдіру жұмысын жалғастыратынын жеткізді. Ақпарат кеңістігіндегі басты түйткілдің бірі ретінде жалған мәліметтің таралуын атады. Оның пікірінше, фейкті толық жою мүмкін емес, сондықтан журналистер кәсіби қағидаларды берік ұстанып, әр деректі мұқият тексеруге тиіс.
Бұған дейін танымал сарапшы қазіргі үкіметті қолдап, Бектеновтың дүлей дауыл кезінде билікке келгенін келгенін айтқан.
Айтуынша, осыған дейін үкімет жетекшілері (Смайылов, Мәсімов, Сағынтаев, Мәмин) молшылық жылдары инфрақұрылымды жаңартудың орнына, ақшаны мүлде басқа бағытқа жұмсап жіберген.
Видео: Ұлысмедиа порталынан
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍16🤔8👎6❤5🔥2👏1😁1
⚡️«Баршаңыз жақсы білетін адам». Тоқаев вице-президентке қатысты интриганы қоюлатты...
Қазақстанның вице-президенті кім болатыны алдағы 10 күн ішінде айқындалады. Тоқаев жаңа қызметке елге жақсы таныс, белгілі тұлға тағайындалатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Құрылтай сайлауында дауыс берген Мемлекет басшысы кандидаттың есімін дәл қазір атауға әлі ерте деп отыр.
Айтуынша, алғашқы вице-президенттің есімі келесі аптада немесе 10 күн ішінде белгілі болады.
«Ол ма, ол баршаңыз жақсы білетін белгілі адам», – деді Мемлекет басшысы.
Вице-президенттің нақты өкілеті, мемлекеттік басқарудағы орны және Үкімет пен Президент әкімшілігімен жұмыс істеу тетігі кейінірек айқындалмақ.
Мемлекет басшысы мұнымен саяси реформалар аяқталмайтынын да айтты. Алда Халық кеңесінің жұмысын іске қосу міндеті тұр. Кей азаматтар су жаңа құрылымды атышулы Ассамблеясымен салыстырып жүргенін айтқан Тоқаев Халық кеңесінің аясы әлдеқайда кең болатынын меңзеді.
Президент алдағы кезеңге жоспарланған жобаларға да тоқталды.
Мемлекет басшысы Құрылтай сайлауының өту барысына да оң баға берді. Пікірінше, саяси дода барысында қоғамдық алаңға жаңа тұлғалар шығып, мазмұнды әрі сындарлы ұсыныстар айтылған.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
✈️ https://t.me/ertenmedia
Қазақстанның вице-президенті кім болатыны алдағы 10 күн ішінде айқындалады. Тоқаев жаңа қызметке елге жақсы таныс, белгілі тұлға тағайындалатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Құрылтай сайлауында дауыс берген Мемлекет басшысы кандидаттың есімін дәл қазір атауға әлі ерте деп отыр.
«Вице-президент қызметіне қатысты сауалды жан-жақтан қойып жатырсыздар. Расында, бұл елеулі өзгеріс. Біз Ата заңда жаңа лауазымды саналы түрде бекіттік. Қазіргі күрделі кезеңде мұндай қызмет елімізге айрықша қажет», – деді Тоқаев.
Айтуынша, алғашқы вице-президенттің есімі келесі аптада немесе 10 күн ішінде белгілі болады.
«Ол ма, ол баршаңыз жақсы білетін белгілі адам», – деді Мемлекет басшысы.
Тоқаев кандидаттың есімін құпия ұстағанымен, оның ел-жұртқа бейтаныс тұлға болмайтынын аңғартып отыр. Үлкен үй ойлап тапқан жаңа лауазым мемлекеттік басқару жүйесіне аса қажетті саяси институт ретінде бағалануда.
Вице-президенттің нақты өкілеті, мемлекеттік басқарудағы орны және Үкімет пен Президент әкімшілігімен жұмыс істеу тетігі кейінірек айқындалмақ.
Мемлекет басшысы мұнымен саяси реформалар аяқталмайтынын да айтты. Алда Халық кеңесінің жұмысын іске қосу міндеті тұр. Кей азаматтар су жаңа құрылымды атышулы Ассамблеясымен салыстырып жүргенін айтқан Тоқаев Халық кеңесінің аясы әлдеқайда кең болатынын меңзеді.
Президент алдағы кезеңге жоспарланған жобаларға да тоқталды.
«Бұған дейін айтқанымдай, Қазақстан үлкен құрылыс алаңына айналуға тиіс. Әрбір облыс орталығында, аудан мен қалада ауқымды құрылыс жобалары жүзеге асырылады. Емханалар, балаларды оңалту орталықтары және өзге де әлеуметтік нысандар салынады», – деді ол.
Мемлекет басшысы Құрылтай сайлауының өту барысына да оң баға берді. Пікірінше, саяси дода барысында қоғамдық алаңға жаңа тұлғалар шығып, мазмұнды әрі сындарлы ұсыныстар айтылған.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥11🤔7❤4👎2😁2😱2👍1💯1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️«Құқығым бар». Тоқаев президенттік додаға қайта түсу мүмкіндігін сақтап отыр...
Қасым-Жомарт Тоқаев 2029 жылғы президент сайлауына түсу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді. Мемлекет басшысы қайта сайлануға заңды құқығы бар екенін растағанымен, нақты шешім туралы айтуға әлі ерте деп отыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Президент Конституциялық соттың жаңа Ата заң күшіне енгесін мемлекеттік лауазымдарға қайта сайлану немесе тағайындалу тәртібіне қатысты шешіміне сүйенді.
Мемлекет басшысы дәл қазір саяси науқаннан бұрын ел алдында тұрған міндеттерге назар аудару қажет деп отыр. Нақты жауап келесі жылы айтылуы мүмкін.
Анығы, Тоқаев 2029 жылғы сайлауға қатысу-қатыспауына байланысты есікті толық жапқан жоқ. Сонымен қатар қайтадан кандидат болатынын да растамады. Президент журналистерге осы мәселеге келесі жылы қайта оралуды ұсынуда.
Осылайша, Мемлекет басшысы қайта сайлануға конституциялық құқығы барын ашық растады. Ал сол құқықты пайдаланатыны немесе пайдаланбайтыны жөніндегі саяси шешім әзірге жарияланған жоқ. 2029 жылғы президент сайлауына қатысты интрига кемінде келесі жылға дейін сақталмақ.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
✈️ https://t.me/ertenmedia
Қасым-Жомарт Тоқаев 2029 жылғы президент сайлауына түсу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді. Мемлекет басшысы қайта сайлануға заңды құқығы бар екенін растағанымен, нақты шешім туралы айтуға әлі ерте деп отыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Президент Конституциялық соттың жаңа Ата заң күшіне енгесін мемлекеттік лауазымдарға қайта сайлану немесе тағайындалу тәртібіне қатысты шешіміне сүйенді.
«Конституциялық сот осындай шешім қабылдады. Ол, әрине, заңды. Менің қайта сайлануға заңды түрде құқығым бар. Алайда алдағы сайлауға барам ба, бармаймын ба, ол қай жылы өтеді деген мәселені әзір талқылау ерте», – деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы дәл қазір саяси науқаннан бұрын ел алдында тұрған міндеттерге назар аудару қажет деп отыр. Нақты жауап келесі жылы айтылуы мүмкін.
Анығы, Тоқаев 2029 жылғы сайлауға қатысу-қатыспауына байланысты есікті толық жапқан жоқ. Сонымен қатар қайтадан кандидат болатынын да растамады. Президент журналистерге осы мәселеге келесі жылы қайта оралуды ұсынуда.
«Тағы бір рет кездеселік. Мүмкін, келесі жылы сіздерге нақтырақ жауап берермін», – деді ол.
Осылайша, Мемлекет басшысы қайта сайлануға конституциялық құқығы барын ашық растады. Ал сол құқықты пайдаланатыны немесе пайдаланбайтыны жөніндегі саяси шешім әзірге жарияланған жоқ. 2029 жылғы президент сайлауына қатысты интрига кемінде келесі жылға дейін сақталмақ.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎23🤔11👍10❤4🔥1👏1😁1🤮1🙏1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Генералдар да құшақтасып кетті: Тоқаев қоғамдағы ерсі әдетке тоқтау қоймақшы...
Президент Тоқаев жұрт алдында құшақтасып, сүйісіп амандасу үрдісін сынға алды. Мемлекет басшысы қоғамдағы қарым-қатынас мәдениетін төл дәстүрге қайта бейімдеу қажет деп санайды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Айтуынша, әлгіндей әдет жастармен ғана шектелмей, егде жастағы адамдар мен әскери қызметшілердің арасында да кең тарап барады.
Президенттің сөзінен кейін елдегі амандасу мәдениетіне қатысты жаңа ұстаным қалыптасуы мүмкін. Ақорда қоғамдық мінез-құлыққа заңмен шектеу қоюды емес, амандасу мен араласу әдебін ұлттық дәстүр тұрғысынан қайта қарауды ұсынуда.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
✈️ https://t.me/ertenmedia
Президент Тоқаев жұрт алдында құшақтасып, сүйісіп амандасу үрдісін сынға алды. Мемлекет басшысы қоғамдағы қарым-қатынас мәдениетін төл дәстүрге қайта бейімдеу қажет деп санайды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Айтуынша, әлгіндей әдет жастармен ғана шектелмей, егде жастағы адамдар мен әскери қызметшілердің арасында да кең тарап барады.
«Жастардың да, егде жастағы адамдардың да жүріс-тұрысын бақылап, төл дәстүрімізді қайта еске түсіретін уақыт келді деген ойға тоқтадым. Ер адамдардың бір-бірін құшақтап, сүйгені, әйелдердің ер адамдарды, ер адамдардың әйелдерді сүйіп амандасқаны жараспайды. Мұндай әдет бұрын салтымызда болмаған. Тіпті әскери формадағы адамдар мен генералдар да бір-бірін құшақтай бастады. Мұны қалай түсінуге болады?» – деді Тоқаев.
Президенттің сөзінен кейін елдегі амандасу мәдениетіне қатысты жаңа ұстаным қалыптасуы мүмкін. Ақорда қоғамдық мінез-құлыққа заңмен шектеу қоюды емес, амандасу мен араласу әдебін ұлттық дәстүр тұрғысынан қайта қарауды ұсынуда.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍36🔥5😁5💯4❤2🤡2
⚡️Сайлау жәшігі экс-елбасының есігін қақты: Назарбаев Құрылтайға үйінен дауыс берді....
Нұрсұлтан Назарбаев Құрылтай депутаттарын сайлауға үйінен қатысты. Жуырда ота жасатқан экс-елбасыға жылжымалы дауыс беру жәшігі жеткізілді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Назарбаевтың баспасөз қызметі оның денсаулық жағдайына байланысты сайлау учаскесіне бармай, заңда қарастырылған тәртіппен үйінде дауыс бергенін мәлімдеді.
Қаңтардан кейін зейнетке шыққан айтқан Назарбаев соңғы жылдары қоғамдық-саяси іс-шараларға сирек қатысып жүр. Бұған дейін экс-президенттің баспасөз хатшысы оның тарих қойнауына сіңген «Аманат» партиясына түк қатысы жоқ деп мәлімдеген.
«Әбішұлының әлгі партияға қандай қатысы бар? Ол өзінің президенттік өкілетін 2019 жылы толық тапсырған болатын. Ол зейнеттегі адам. Қазір саясатпен айналыспайды, партиядағы шешімдерге араласпайды», – деген еді Айдос Үкібай.
Назарбаев 2019 жылы президенттіктен кетсе де, 2022 жылдың қаңтарына дейін Қауіпсіздік кеңесі мен бұрынғы «Нұр Отан» партиясының орынтағын ешкіммен бөліспей, бір өзі билеп-төстеп отырған. Қаңтар оқиғасынан кейін «Нұр Отанға» ребрендинг жасалып, атауын «Аманатқа» өзгерткен еді. Қазір оның орнын «Әділет» партиясы басты.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
✈️ https://t.me/ertenmedia
Нұрсұлтан Назарбаев Құрылтай депутаттарын сайлауға үйінен қатысты. Жуырда ота жасатқан экс-елбасыға жылжымалы дауыс беру жәшігі жеткізілді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Назарбаевтың баспасөз қызметі оның денсаулық жағдайына байланысты сайлау учаскесіне бармай, заңда қарастырылған тәртіппен үйінде дауыс бергенін мәлімдеді.
Жарияланған суретте экс-президенттің бюллетеньді Қазақстанның мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген жәшікке салып тұрғаны көрінеді. Оған ота жасалғаны және қазіргі жағдайы жөнінде қосымша мәлімет берілген жоқ.
Қаңтардан кейін зейнетке шыққан айтқан Назарбаев соңғы жылдары қоғамдық-саяси іс-шараларға сирек қатысып жүр. Бұған дейін экс-президенттің баспасөз хатшысы оның тарих қойнауына сіңген «Аманат» партиясына түк қатысы жоқ деп мәлімдеген.
«Әбішұлының әлгі партияға қандай қатысы бар? Ол өзінің президенттік өкілетін 2019 жылы толық тапсырған болатын. Ол зейнеттегі адам. Қазір саясатпен айналыспайды, партиядағы шешімдерге араласпайды», – деген еді Айдос Үкібай.
Назарбаев 2019 жылы президенттіктен кетсе де, 2022 жылдың қаңтарына дейін Қауіпсіздік кеңесі мен бұрынғы «Нұр Отан» партиясының орынтағын ешкіммен бөліспей, бір өзі билеп-төстеп отырған. Қаңтар оқиғасынан кейін «Нұр Отанға» ребрендинг жасалып, атауын «Аманатқа» өзгерткен еді. Қазір оның орнын «Әділет» партиясы басты.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤮17👍11🤔6❤5💩3😢1🙏1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Ақорда моторды ауыстырмайтын сыңайлы: Тоқаев Бектенов командасына саяси сенім білдірді...
Президент Тоқаев Құрылтай сайлауынан кейін Үкімет отставкаға кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Дей тұрғанмен, Тоқаевтың сөзінен Бектенов командасының жұмысына қатысты саяси кінәрат немесе елеулі наразылық жоғын аңғаруға болады.
Президент кадр ауыстыруды біреуді қызметтен кетірудің амалына айналдыруға қарсы екенін де айтты. Пайымынша, шенеунікті жұртқа ұнау немесе ақпарат кеңістігін уақытша дүрліктіру үшін орнынан алу дұрыс емес.
Тоқаевтың мәлімдемесі алдағы кадрлық өзгерістерге қарамастан, Олжас Бектенов басқарған Үкіметтің жалпы бағыты Ақорданың көңілінен шыққанын көрсетеді. Бізге жеткен инсайд бойынша Бектенов, Жұманғарин бастаған министрлердің көпшілігі креслосын сақтап, жұмысын алаңсыз жалғастыруға мүмкіндік алады.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
✈️ https://t.me/ertenmedia
Президент Тоқаев Құрылтай сайлауынан кейін Үкімет отставкаға кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Дей тұрғанмен, Тоқаевтың сөзінен Бектенов командасының жұмысына қатысты саяси кінәрат немесе елеулі наразылық жоғын аңғаруға болады.
«Бектенов? Сіздерге ашық айтайын, Үкіметтің жұмысына алаңдауға немесе оның қызметіне көңіл толмайды деуге ешқандай негіз жоқ. Министрлер де, Үкімет басшысы да бар күшін салып жатыр. Сондықтан кішігірім өзгеріс жасаймыз. Кадрлық ауыс-түйіс қашанда қажет. Ол Үкімет жұмысына тың күш береді», – деді Тоқаев.
Президент кадр ауыстыруды біреуді қызметтен кетірудің амалына айналдыруға қарсы екенін де айтты. Пайымынша, шенеунікті жұртқа ұнау немесе ақпарат кеңістігін уақытша дүрліктіру үшін орнынан алу дұрыс емес.
Тоқаевтың мәлімдемесі алдағы кадрлық өзгерістерге қарамастан, Олжас Бектенов басқарған Үкіметтің жалпы бағыты Ақорданың көңілінен шыққанын көрсетеді. Бізге жеткен инсайд бойынша Бектенов, Жұманғарин бастаған министрлердің көпшілігі креслосын сақтап, жұмысын алаңсыз жалғастыруға мүмкіндік алады.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎28👍9❤7🤔4🔥2👏2💯1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Бес пайыздың ар жағында қалған Ертісбаев: Назарбаевтың экс-кеңесшісі елге өкпелі үндеу жолдады...
Халық партиясының бұрынғы төрағасы, атышулы Ермұхамет Ертісбаев саясаттан кететінін мәлімдеді. Ол мұндай шешімді НПК Құрылтай сайлауындағы 5 пайыздық межеден өте алмағаннан кейін қабылдаған, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Айтуынша, сайлау науқанында Халық партиясы «қазақстандық социализм» идеясын ұсынған. Партия әлеуметтік әділдік, еңбек адамының құқығын қорғау, қолжетімді медицина мен білім, лайықты қарттық және ұлттық байлықты әділ бөлу мәселесін көтерген.
Алайда аталған бағдарлама сайлаушылар тарапынан партия күткендей кең қолдау таппады. Ертісбаев мұны ашық мойындап, «қазақстандық социализм» идеясының тығырыққа тірелгеніне қынжылыс білдірді.
Ерекең енді ішкі саясаттан біртіндеп шегініп, халықаралық қатынастарды талдауға ден қоймақ. Сонымен қатар ол өткен дәуірдегі саяси шешімдердің бүгінгі өмірге қалай ықпал еткенін талдайтын көлемді тарихи цикл бастайтынын хабарлады.
Ертісбаевтың өмір жолының елеулі бөлігі Назарбаев дәуірімен сабақтас. Ол бірнеше мәрте экс-елбасының кеңесшісі болды, АП-ның қоғамдық-саяси бөлімін басқарды. 2006–2008 жылдары Мәдениет және ақпарат министрі қызметін атқарды.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
✈️ https://t.me/ertenmedia
Халық партиясының бұрынғы төрағасы, атышулы Ермұхамет Ертісбаев саясаттан кететінін мәлімдеді. Ол мұндай шешімді НПК Құрылтай сайлауындағы 5 пайыздық межеден өте алмағаннан кейін қабылдаған, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
«Мен белсенді саясаттан кетемін. Саяси өмірбаянымның осы кезеңі аяқталды деп санаймын. Бізге дауыс берген, сайлау науқанында еңбек еткен, үгіт жүргізген, пікірталасқа қатысып, бағдарламамызды қорғаған және бізге сенген барша азаматқа зор алғыс айтамын», – деді Ертісбаев.
Айтуынша, сайлау науқанында Халық партиясы «қазақстандық социализм» идеясын ұсынған. Партия әлеуметтік әділдік, еңбек адамының құқығын қорғау, қолжетімді медицина мен білім, лайықты қарттық және ұлттық байлықты әділ бөлу мәселесін көтерген.
Алайда аталған бағдарлама сайлаушылар тарапынан партия күткендей кең қолдау таппады. Ертісбаев мұны ашық мойындап, «қазақстандық социализм» идеясының тығырыққа тірелгеніне қынжылыс білдірді.
«Демек, не қоғам әзірге осы идеяға дайын емес, не біз оны жеткілікті дәрежеде нанымды түсіндіре алмадық. Мүмкін, екі себеп те әсер еткен шығар», – деді Ертісбаев.
Ерекең енді ішкі саясаттан біртіндеп шегініп, халықаралық қатынастарды талдауға ден қоймақ. Сонымен қатар ол өткен дәуірдегі саяси шешімдердің бүгінгі өмірге қалай ықпал еткенін талдайтын көлемді тарихи цикл бастайтынын хабарлады.
Ертісбаевтың өмір жолының елеулі бөлігі Назарбаев дәуірімен сабақтас. Ол бірнеше мәрте экс-елбасының кеңесшісі болды, АП-ның қоғамдық-саяси бөлімін басқарды. 2006–2008 жылдары Мәдениет және ақпарат министрі қызметін атқарды.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤮29💩9😁6❤5🙏3😱2😢1
⚡️Президенттен кейінгі ең ауыр кресло: Тоқаевтың таңдауы кімге түспек?..
Вице-президент? 10 күннің ішінде Тоқаевтың таңдауы түскен кандидаттың есімі белгілі болады. Мұндай орынға жүйенің ішкі тамыр соғысын жатқа білетін, жауапкершілік арқалай алатын, ең бастысы кландық ықпалдан азат фигура қажет.
Ertenmedia.kz осы тұста мемаппаратта шыңдалған, өзіндік басқару стилі мен стратегиялық беделі бар 6 тұлғаның кандидатурасы сұрыптан өткізіп көрді.
Балаева
Аида Балаеваның феномені оның түрлі кландық топтардан тысқары тұруында. Мемқызметтегі жолын ең төменгі сатыдан бастап, Астана мен Алматының ішкі саясатын, АП бөлімдерін басқарып, кейін министрлік мен Үкіметте ұшталған саясаткердің бойында жүйенің «институционалды жады» толық сақталған.
Балаеваның елдегі 2-ші тұлғаның позициясына тағайындалуы элита аралық хаос туғызбайды. Егер әлгі жерге қайсыбір қаржылы-өнеркәсіптік топтың, мұнай гигантының немесе өңірлік кланның өкілі келсе, бұл өзге топтардың қарсылығын туғызып, саяси теңгерімді бұзатын еді. Балаеваның клансыздығы, оның ең басты артықшылығы.
Сыртқы саяси аспектіде мұндай саясаткердің жоғарылауы Батыс пен халықаралық ұйымдар үшін реформаторлық пен заманауилықтың факторына айналады.
Қарин
Ерлан Қариннің осы сапта жүруі сіз бен біз үшін идеологиялық суверенитеттің кепілі. Мемкеңесші лауазымында Ерлан Тынымбайұлы құрғақ идеологиялық пафосты реакцияшыл, қоғыммен тығыз диалог құра алатын тірі процеске айналдырды. Ұлттық құрылтай сияқты институционалдық диалог алаңын құрып, азаматтық қоғам, сарапшылар мен зиялы қауымның басын бір арнаға тоғыстырды.
Қазіргі алай-дүлей заманда мемлекетке тек есеп беретін бюрократ емес, ұлттық нарративті қалыптастыра алатын саяси стратег керек. Қарин қоғамдық ой-сананы, трендтерді, радикалды ағымдардың табиғатын терең түсінеді. Артында олигархиялық топтардың болмауы оған идеологиялық векторды таза ұлттық мүдде бағытында ұстауға мүмкіндік береді.
Оның вице-президенттік орынтақтан көрінуі елдегі саяси реформалардың кері қайтпайтынын, мемлекеттіліктің интеллектуалдық өзегі бекемделе түсетінін білдіретін айқын белгі...
Тағы төрт кандидаттың есім-сойы осы жерде.

Артында қаржылық империясы, лоббистік топтары немесе зауыт-фабрикасы жоқ саясаткердің вице-президент креслосына келуі саяси элитаның барлық қанаты үшін қауіпсіз, бейтарап консенсус.
Сыртқы саяси аспектіде мұндай саясаткердің жоғарылауы Батыс пен халықаралық ұйымдар үшін реформаторлық пен заманауилықтың факторына айналады.
Қарин
Ерлан Қариннің осы сапта жүруі сіз бен біз үшін идеологиялық суверенитеттің кепілі. Мемкеңесші лауазымында Ерлан Тынымбайұлы құрғақ идеологиялық пафосты реакцияшыл, қоғыммен тығыз диалог құра алатын тірі процеске айналдырды. Ұлттық құрылтай сияқты институционалдық диалог алаңын құрып, азаматтық қоғам, сарапшылар мен зиялы қауымның басын бір арнаға тоғыстырды.
Қариннің осы орынға келуін нығыздайтын батыл аргумент оның концептуалды саяси талдау мен идеологиялық инженерияны мемаппараттың күнделікті жұмысына кіріктіре алуында.
Қазіргі алай-дүлей заманда мемлекетке тек есеп беретін бюрократ емес, ұлттық нарративті қалыптастыра алатын саяси стратег керек. Қарин қоғамдық ой-сананы, трендтерді, радикалды ағымдардың табиғатын терең түсінеді. Артында олигархиялық топтардың болмауы оған идеологиялық векторды таза ұлттық мүдде бағытында ұстауға мүмкіндік береді.
Оның вице-президенттік орынтақтан көрінуі елдегі саяси реформалардың кері қайтпайтынын, мемлекеттіліктің интеллектуалдық өзегі бекемделе түсетінін білдіретін айқын белгі...
Тағы төрт кандидаттың есім-сойы осы жерде.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍24👎10❤9🔥3😁1💯1
⚡️Олимпиадаға еріп баратындардың дәурені бітті: Смайылов спорт бюджетін тәртіпке салды...
Қазақстандық спортшыларды Олимпиада, Азия ойындары және өзге де жарыстарға алып баратын делегацияның құрамы енді нақты нормативпен белгіленеді. Бас аудитор Әлихан Смайыловтің сүзгісінен кейін бапкер, дәрігер, массажшы, психолог, штаб мүшесі мен ресми өкіл санын өз бетінше көбейтуге тосқауыл қойылды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Бұған Токиода Олимпиадасына бөлінген бюджет ақшасының қаншалықты тиімді жұмсалғанын тексерген аудит түрткі болған. Жоғары аудиторлық палата тексеру кезінде делегацияны қалыптастырудың ортақ тәртібі болмағанын әшкере қылыпты.
Осыған байланысты "қазақтың Әлиханы" Спорт министрлігіне делегация құрамын реттейтін норматив әзірлеуді тапсырды.
Жаңа талап бойынша спортшылар санына шаққандағы жаттықтырушылардың, клиникалық-ғылыми топ мамандарының, штаб өкілдері мен ресми тұлғалардың үлесі алдын ала белгіленуге тиіс еді.
Жаңа норматив делегациядағы орынды ең алдымен спортшының дайындығы мен денсаулығына тікелей жауап беретін мамандарға бөледі. Жаттықтырушы және медициналық құрам негізгі басымдыққа ие болады.
Ал штаб мүшелері мен ресми өкілдердің саны шектеліп, әрқайсысының сапарға не үшін баратыны норматив арқылы негізделмек. Нормативтің енгізілуі делегация шығынын жарысқа дейін есептеуге мүмкіндік береді. Ұшақ билеті, қонақүй, тәуліктік төлем және өзге де іссапар шығыны енді алдын ала бекітілген адам санына сүйеніп жоспарланады.
Бұдан былай аудиторлар «жол сапар шығыны жағдайға қарай шешілді» деген жалпылама аргументті қабылдамайды. Смайыловтың шарты спорт делегациясына қатысы күмәнді адамдардың жолын кесуі тиіс.
Осылайша Токио Олимпиадасының ақшасын тексеруден басталған аудит ақырында бүкіл спорт саласына ортақ тәртіпке ұласты.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
✈️ https://t.me/ertenmedia
Қазақстандық спортшыларды Олимпиада, Азия ойындары және өзге де жарыстарға алып баратын делегацияның құрамы енді нақты нормативпен белгіленеді. Бас аудитор Әлихан Смайыловтің сүзгісінен кейін бапкер, дәрігер, массажшы, психолог, штаб мүшесі мен ресми өкіл санын өз бетінше көбейтуге тосқауыл қойылды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Бұған Токиода Олимпиадасына бөлінген бюджет ақшасының қаншалықты тиімді жұмсалғанын тексерген аудит түрткі болған. Жоғары аудиторлық палата тексеру кезінде делегацияны қалыптастырудың ортақ тәртібі болмағанын әшкере қылыпты.
Бір спортшыға қанша жаттықтырушы, дәрігер, массажшы, психолог, штаб қызметкері немесе ресми тұлға ілесуге тиіс екені ешбір құжатта нақты көрсетілмеген. Ең бастысы, спортқа қатысы шамалы адамдардың іссапар шығыны қаншалықты негізді екенін тексеретін бірыңғай өлшем болмаған.
Осыған байланысты "қазақтың Әлиханы" Спорт министрлігіне делегация құрамын реттейтін норматив әзірлеуді тапсырды.
Жаңа талап бойынша спортшылар санына шаққандағы жаттықтырушылардың, клиникалық-ғылыми топ мамандарының, штаб өкілдері мен ресми тұлғалардың үлесі алдын ала белгіленуге тиіс еді.
Ербол Мырзабосынов? Спорт министрі Бас аудитордың нұсқамасын орындап, тиісті бұйрықты бекіткен екен. Енді Олимпиада, Азия ойындары және басқа да ірі жарыстарға баратын делегация бұрынғыдай бей-берекет жасақталмайды. Әр санаттағы маман саны белгіленген пропорцияға сай есептеледі.
Жаңа норматив делегациядағы орынды ең алдымен спортшының дайындығы мен денсаулығына тікелей жауап беретін мамандарға бөледі. Жаттықтырушы және медициналық құрам негізгі басымдыққа ие болады.
Ал штаб мүшелері мен ресми өкілдердің саны шектеліп, әрқайсысының сапарға не үшін баратыны норматив арқылы негізделмек. Нормативтің енгізілуі делегация шығынын жарысқа дейін есептеуге мүмкіндік береді. Ұшақ билеті, қонақүй, тәуліктік төлем және өзге де іссапар шығыны енді алдын ала бекітілген адам санына сүйеніп жоспарланады.
Бұдан былай аудиторлар «жол сапар шығыны жағдайға қарай шешілді» деген жалпылама аргументті қабылдамайды. Смайыловтың шарты спорт делегациясына қатысы күмәнді адамдардың жолын кесуі тиіс.
Осылайша Токио Олимпиадасының ақшасын тексеруден басталған аудит ақырында бүкіл спорт саласына ортақ тәртіпке ұласты.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏25👍21❤4🔥3💯1
⚡️Перуашевсіз парламент: Құрылтайға кімдер өтіп, кімдер өтпей қалды...
Құрылтайға өткен «Ауыл», «Ақ жол», ЖСДП және Respublica партиясы депутаттық мандатты үлестіріп берді. Төрт саяси күш атынан су жаңа парламентке барлығы 35 депутат жол тартады деп жазады Ertenmedia.kz.
Ең тосын өзгеріс «Ақ жолдың» сапында, партияның көз үйренген көп жылдан бергі жетекшісі Азат Перуашев ақырғы тізімге енген жоқ. Ақын Қазыбек Иса да осы санаттан сырт қалған екен.
Бақандай 10 мандатты иеленген «Ауыл» Құрылтайдағы депутат саны жөнінен екінші саяси күшке айналайын деп тұр. Айтқандай, жасы келген Жигули Дайрабаев «Ауылдағы» жастау әріптестеріне жол берген секілді. Саяси ұйымның тағы бір танымал мүшесі Қарақат Әбден де саптан шығып қалыпты.
Құдай сақтағанда, Аша Матай мен Тамара Асар бес пайыздық межені еңсере алмады. Ал 110 мандатты иеленген «Әділет» партиясының тізімі әні-міні күтіліп отыр.
Парламентке өткен азшылықтың (35 депутаттың) толық тізімімен осы жерден таныссаңыз болады.

ЖСДП? Бір кездері Ермұрат Бапимен жаға жыртысқан, түнеукүнгі дебатта тәп-тәуір сөз саптаған Тазабек Сәмбетбайды да тізімнен таба алмадық. Ал Respublica партиясы атышулы Бейбіт Әлібековтен іргесін аулақ салыпты.
Бақандай 10 мандатты иеленген «Ауыл» Құрылтайдағы депутат саны жөнінен екінші саяси күшке айналайын деп тұр. Айтқандай, жасы келген Жигули Дайрабаев «Ауылдағы» жастау әріптестеріне жол берген секілді. Саяси ұйымның тағы бір танымал мүшесі Қарақат Әбден де саптан шығып қалыпты.
Құдай сақтағанда, Аша Матай мен Тамара Асар бес пайыздық межені еңсере алмады. Ал 110 мандатты иеленген «Әділет» партиясының тізімі әні-міні күтіліп отыр.
Парламентке өткен азшылықтың (35 депутаттың) толық тізімімен осы жерден таныссаңыз болады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥13😁5❤4😱2🤮2🤡1💯1
⚡️Ташкентке тірелген із: Астанада өзбек профессоры тыңшылық күдігімен ұсталды...
Астанадағы Maqsut Narikbayev University-де халықаралық қатынас пәнінен сабақ берген Өзбекстан азаматы Иқболжон Қорабоев тыңшылық жасады деген күдікпен ұсталды деп хабарлайды Ertenmedia.kz BBC-дің Өзбек қызметіне сілтеп.
46 жастағы ғалымның қамауда отырғанына екі айға жуықтаса да, істің нақты мән-жайы және оның қай мемлекеттің мүддесіне жұмыс істегені әлі белгісіз.
Ғалым Қылмыстық кодекстің 176-бабы бойынша күдікке ілініп отыр. Аталған бап шетелдік азаматтың мемлекеттік құпияны шет мемлекетке немесе ұйымға беруі, жинауы, ұрлауы мен сақтауын, сондай-ақ Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне қарсы өзге де әрекетін қамтиды.
Ғалымның жақыны ҰҚК Қорабоевты үйінен алып бара жатқанда оның Астанадағы Өзбекстан консулдығының қызметкеріне ақпарат жеткізіп тұрғанын меңзегенін айтты. Профессор мұны сол сәтте жұбайына айтып үлгерген.
Екінші болжам ғалымның стратегиялық маңызы бар минералдарға қатысты зерттеуімен байланысты. BBC Қорабоевтың биыл сәуірде жазылған, бірақ әлі жарық көрмеген соңғы ғылыми еңбегімен танысқан екен. Зерттеу «Қазақстан мен Өзбекстандағы маңызды минералға қатысты саяси және стратегиялық нарративтер» деп аталады.
Ашығын айтқанда, детальдер өте көп. Толық нұсқасы осы тұста.

Қорабоевтың ет жақындарының айтуынша, 3 шілдеде бірнеше адам профессордың Астанадағы үйіне сау етіп кіріп келген. Олар ғалымға тыңшылық жасады деген күдік тағылғанын айтып, өздерімен бірге алып кеткен.
Ғалым Қылмыстық кодекстің 176-бабы бойынша күдікке ілініп отыр. Аталған бап шетелдік азаматтың мемлекеттік құпияны шет мемлекетке немесе ұйымға беруі, жинауы, ұрлауы мен сақтауын, сондай-ақ Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне қарсы өзге де әрекетін қамтиды.
Ғалымның жақыны ҰҚК Қорабоевты үйінен алып бара жатқанда оның Астанадағы Өзбекстан консулдығының қызметкеріне ақпарат жеткізіп тұрғанын меңзегенін айтты. Профессор мұны сол сәтте жұбайына айтып үлгерген.
Осы дерекке сүйенген болжамдардың бірі бойынша, Қорабоев Тәшкенттің пайдасына тыңшылық жасады деген күдікке ілінуі мүмкін.
Екінші болжам ғалымның стратегиялық маңызы бар минералдарға қатысты зерттеуімен байланысты. BBC Қорабоевтың биыл сәуірде жазылған, бірақ әлі жарық көрмеген соңғы ғылыми еңбегімен танысқан екен. Зерттеу «Қазақстан мен Өзбекстандағы маңызды минералға қатысты саяси және стратегиялық нарративтер» деп аталады.
Ашығын айтқанда, детальдер өте көп. Толық нұсқасы осы тұста.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱25🤔10❤6🔥4💯2😡1
⚡️Үкіметтің формалды финалы: Тоқаев Бектенов командасын сақтап қала ма?
Бектенов бастаған министрлер кабинеті алғаш рет сайланған Құрылтай алдында өз өкілеттігін доғарды. Жаңа Үкімет жасақталғанға дейін қазіргі құрам өз міндетін уақытша атқара береді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Тоқаев бұған дейін министрлер кабинетінде жаппай ауыс-түйіс болмайтынын меңзеген еді. Президент Үкіметтің қазіргі жұмысына жалпы алғанда көңілі толатынын айтып, «жұмыстан шығару үшін жұмыстан шығару» ұстанымын қолдамайтынын атап өткен.
Сондықтан әзіргі өкілеттіктің тоқтатылуы бүкіл кабинеттің міндетті түрде жаңаратынын білдірмейді. Қазіргі министрлердің басым бөлігі жаңа Үкімет құрамындағы қызметін сақтап қалатын тәрізді.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
✈️ https://t.me/ertenmedia
Бектенов бастаған министрлер кабинеті алғаш рет сайланған Құрылтай алдында өз өкілеттігін доғарды. Жаңа Үкімет жасақталғанға дейін қазіргі құрам өз міндетін уақытша атқара береді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Тоқаев бұған дейін министрлер кабинетінде жаппай ауыс-түйіс болмайтынын меңзеген еді. Президент Үкіметтің қазіргі жұмысына жалпы алғанда көңілі толатынын айтып, «жұмыстан шығару үшін жұмыстан шығару» ұстанымын қолдамайтынын атап өткен.
Мемлекет басшысының сөзінше, кадрлық өзгерістердің мақсаты жекелеген шенеуніктерді қызметінен аластату емес, Үкімет жұмысына жаңа серпін беру болуға тиіс.
Сондықтан әзіргі өкілеттіктің тоқтатылуы бүкіл кабинеттің міндетті түрде жаңаратынын білдірмейді. Қазіргі министрлердің басым бөлігі жаңа Үкімет құрамындағы қызметін сақтап қалатын тәрізді.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍11❤4🤮4💯3👏2
⚡️Ұлттық қордың жаңа миссиясы: Тоқаев ақшаның сандықта «сүрленіп» жатқанын қаламайды...
Ақорда Ұлттық қордағы қаражаттың бір бөлігін ұзақ мерзімді әлеуметтік-экономикалық нәтиже беретін жобаларға бағыттамақ. Президент Тоқаев мұны қор жинағын есеп-қисапсыз жұмсау деп бағалауға болмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Айтуынша, Ұлттық қордың тиімділігі онда қанша қаражат жиналғанымен өлшенбеуге тиіс. Қор ел дамуына нақты үлес қосып, келер ұрпақтың игілігіне қызмет етуі керек.
Тоқаев қор қаржысының бір бөлігі балалардың есепшотына аударылып жатқанын да еске салды. Алайда балаларға тікелей қаражат аударумен шектелу жеткіліксіз. Президенттің пайымынша, өскелең ұрпақ болашақта пайдаланатын мектеп, медицина, көлік және өзге де заманауи инфрақұрылым қалыптастыру қажет.
Ақорда қордан бөлінетін қаржы күнделікті шығындарды жабуға немесе қысқа мерзімді міндеттерді шешуге емес, ондаған жылға есептелген жобаларды жүзеге асыруға жұмсалатынын аңғартты.
Мемлекет басшысы Ұлттық қор қаржысын пайдалану тетігіне алдағы Жолдауында кеңірек тоқталатынын мәлімдеді.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
✈️ https://t.me/ertenmedia
Ақорда Ұлттық қордағы қаражаттың бір бөлігін ұзақ мерзімді әлеуметтік-экономикалық нәтиже беретін жобаларға бағыттамақ. Президент Тоқаев мұны қор жинағын есеп-қисапсыз жұмсау деп бағалауға болмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Айтуынша, Ұлттық қордың тиімділігі онда қанша қаражат жиналғанымен өлшенбеуге тиіс. Қор ел дамуына нақты үлес қосып, келер ұрпақтың игілігіне қызмет етуі керек.
«Ақшаны мақсатсыз жұмсау жөнінде сөз болуы мүмкін емес. Мұндай жорамалды мәселенің байыбына бара бермейтін, ниеті түзу емес адамдар таратып жүр», – деді Президент.
Тоқаев қор қаржысының бір бөлігі балалардың есепшотына аударылып жатқанын да еске салды. Алайда балаларға тікелей қаражат аударумен шектелу жеткіліксіз. Президенттің пайымынша, өскелең ұрпақ болашақта пайдаланатын мектеп, медицина, көлік және өзге де заманауи инфрақұрылым қалыптастыру қажет.
Ақорда қордан бөлінетін қаржы күнделікті шығындарды жабуға немесе қысқа мерзімді міндеттерді шешуге емес, ондаған жылға есептелген жобаларды жүзеге асыруға жұмсалатынын аңғартты.
«Еліміздің алдағы ондаған жылға, ал кей жағдайда жүз жылға жететін берік даму іргетасы қаланады. Мұның мемлекеттілігімізді нығайтуға тікелей қатысы бар», – деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы Ұлттық қор қаржысын пайдалану тетігіне алдағы Жолдауында кеңірек тоқталатынын мәлімдеді.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍14😱5💯4🔥3😁3❤2👎2
⚡️Тоқаев Құрылтай төрағалығына Айбек Дәдебайды ұсынды...
Президент Тоқаев жаңа Құрылтайдың төрағасы лауазымына Айбек Дәдебайдың кандидатурасын ұсынды деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Ата заңның 57-бабына сәйкес, Құрылтай төрағасы лауазымына кандидатты Президент ұсынады. Осы өкілеттік негізінде Тоқаев жауапты қызметке Айбек Дәдебайды лайық деп тапқан.
Енді ұсынылған кандидатура Құрылтай депутаттарының қарауына шығарылады.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
✈️ https://t.me/ertenmedia
Президент Тоқаев жаңа Құрылтайдың төрағасы лауазымына Айбек Дәдебайдың кандидатурасын ұсынды деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Ата заңның 57-бабына сәйкес, Құрылтай төрағасы лауазымына кандидатты Президент ұсынады. Осы өкілеттік негізінде Тоқаев жауапты қызметке Айбек Дәдебайды лайық деп тапқан.
«Сіздер оны жақсы білесіздер. Ұзақ уақыт мемлекеттік басқару жүйесінде қызмет атқарды, мол тәжірибе жинақтады. Білімі терең, отаншыл әрі жауапкершілігі жоғары азамат екенін іс жүзінде дәлелдеді», – деді Мемлекет басшысы.
Енді ұсынылған кандидатура Құрылтай депутаттарының қарауына шығарылады.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💯14🔥8😁5💩4❤2👍1
⚡️145:0. Айбек Дәдебай тұңғыш Құрылтайдың тізгінін ұстады...
Айбек Дәдебай Қазақстанның тұңғыш Құрылтайының төрағасы болып сайланды. Оның кандидатурасын отырысқа қатысқан 145 депутат түгел қолдаған, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Құрылтай төрағасы қызметіне Дәдебайдың кандидатурасын президент Тоқаев ұсынған еді. Мемлекет басшысы оның мемлекеттік басқару жүйесінде жинаған тәжірибесі мен кәсіби білігіне тоқталды.
«Сіздер оны жақсы білесіздер. Ол ұзақ уақыт мемлекеттік басқару жүйесінде қызмет атқарды, мол тәжірибесі бар. Білімді, отаншыл әрі жауапкершілігі жоғары азамат екенін іс жүзінде дәлелдеді», – деді Президент.
Айбек Дәдебай сайлау науқанында «Әділет» партиясының төрағасы ретінде саяси күшті бастап шыққан. Сайлау қорытындысы бойынша партия Құрылтайдағы 145 мандаттың 110-ын иеленіп, басым күшке айналды.
Ата заңның 57-бабына сәйкес, Құрылтай төрағасы лауазымына кандидатты Президент ұсынады, ал түпкілікті шешімді депутаттар дауыс беру арқылы қабылдайды.
Бұған дейін Бектенов үкіметі алғаш рет сайланған Құрылтай алдында өз өкілеттігін тоқтатқан еді. Қазіргі министрлер жаңа кабинет жасақталғанға дейін міндетін уақытша атқарушы мәртебесінде жұмысын жалғастырады.
Тоқаев Құрылтай құрылымы толық қалыптасқан соң депутаттардың қарауына вице-президент пен Премьер-министр қызметіне кандидаттарды ұсынатынын мәлімдеді.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
✈️ https://t.me/ertenmedia
Айбек Дәдебай Қазақстанның тұңғыш Құрылтайының төрағасы болып сайланды. Оның кандидатурасын отырысқа қатысқан 145 депутат түгел қолдаған, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Құрылтай төрағасы қызметіне Дәдебайдың кандидатурасын президент Тоқаев ұсынған еді. Мемлекет басшысы оның мемлекеттік басқару жүйесінде жинаған тәжірибесі мен кәсіби білігіне тоқталды.
«Сіздер оны жақсы білесіздер. Ол ұзақ уақыт мемлекеттік басқару жүйесінде қызмет атқарды, мол тәжірибесі бар. Білімді, отаншыл әрі жауапкершілігі жоғары азамат екенін іс жүзінде дәлелдеді», – деді Президент.
Депутаттардың жабық дауыс беру қорытындысы бойынша Дәдебайға 145 дауыс берілді. Осылайша, оның кандидатурасы бірауыздан қолдау тапты.
Айбек Дәдебай сайлау науқанында «Әділет» партиясының төрағасы ретінде саяси күшті бастап шыққан. Сайлау қорытындысы бойынша партия Құрылтайдағы 145 мандаттың 110-ын иеленіп, басым күшке айналды.
Ата заңның 57-бабына сәйкес, Құрылтай төрағасы лауазымына кандидатты Президент ұсынады, ал түпкілікті шешімді депутаттар дауыс беру арқылы қабылдайды.
Құрылтай төрағасы сайланғаннан кейін жаңа парламенттің басшылық құрамы мен ішкі құрылымын қалыптастыру жалғасады.
Бұған дейін Бектенов үкіметі алғаш рет сайланған Құрылтай алдында өз өкілеттігін тоқтатқан еді. Қазіргі министрлер жаңа кабинет жасақталғанға дейін міндетін уақытша атқарушы мәртебесінде жұмысын жалғастырады.
Тоқаев Құрылтай құрылымы толық қалыптасқан соң депутаттардың қарауына вице-президент пен Премьер-министр қызметіне кандидаттарды ұсынатынын мәлімдеді.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤8🤡8🔥7👏3👍2💯1
⚡️Құрылтай төрағасының үш орынбасары қызметіне кірісті...
Нұрлан Бекназаров, Динара Зәкиева және Дания Еспаева Құрылтай төрағасының орынбасарлары болып сайланды. Үшеуінің де заң шығару саласында тәжірибесі бар, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Нұрлан Бекназаров пен Динара Зәкиева Құрылтайға «Әділет» партиясының атынан сайланған. Ал Дания Еспаева «Ақ жол» демократиялық партиясының өкілі саналады.
Нұрлан Бекназаров
Бекназаров бұған дейін Сенат депутаты болған. Жоғарғы палатада Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетін басқарған. Оның бұрынғы қызмет бағыты конституциялық реформалар, сот жүйесі мен құқық қорғау саласына қатысты заң жобаларын қамтыды.
Динара Зәкиева
Динара Зәкиева бұрын Мәжіліс депутаты болып, әлеуметтік мәселелер мен бала құқығын қорғау бағытында жұмыс істеген. Кейін Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне тағайындалды.
Зәкиеваның Құрылтай басшылығына келуі әлеуметтік саясат, отбасы мен бала қауіпсіздігіне қатысты мәселелердің жаңа парламент күн тәртібіндегі салмағын арттыруы ықтимал.
Дания Еспаева
Дания Еспаева бұған дейін Мәжіліс төрағасының орынбасары қызметін атқарған. Сондықтан ол Құрылтай басшылығындағы үш орынбасардың арасында парламент жұмысын тікелей басқару тәжірибесі бар саясаткер саналады.
Еспаева депутаттық қызметінде экономика, қаржы және кәсіпкерлік мәселелеріне ден қойып келген.
Осылайша, жаңадан сайланған Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебайдың үш орынбасары да бұрын парламентте қызмет атқарған тәжірибелі саясаткерлерден жасақталды.

👎11👏7❤5🔥2🤡2
⚡️Көпшілікке беймәлім жиен. Дана Медеуова енді елдің қауіпсіздік заңдарын қарайды...
Президент Тоқаевтың жиені Дана Медеуова бірінші сайланған Құрылтайдың 145 депутатының қатарында Қазақстан халқына адал қызмет етуге ант берді. Ол парламентке «Әділет» партиясының атынан өтіп, халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінде жұмыс істейді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Дана Медеуова – Мемлекет басшысының қарындасы Қарлыға Ізбастина мен дипломат Теміртай Ізбастиннің қызы. Әкесі бұған дейін Қазақстанның Болгариядағы елшісі қызметін атқарған.
Құрылтайдағы ант беру рәсімінен алынған бейнекадр да оның интернетте тараған санаулы суретінің бірі саналады.
Енді Дана Медеуова депутат ретінде Қазақстанның сыртқы саясаты, халықаралық қатынастары, қорғаныс қабілеті мен ұлттық қауіпсіздігіне қатысты заң жобаларын қарайтын комитет құрамында қызмет атқарады.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
✈️ https://t.me/ertenmedia
Президент Тоқаевтың жиені Дана Медеуова бірінші сайланған Құрылтайдың 145 депутатының қатарында Қазақстан халқына адал қызмет етуге ант берді. Ол парламентке «Әділет» партиясының атынан өтіп, халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінде жұмыс істейді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Дана Медеуова – Мемлекет басшысының қарындасы Қарлыға Ізбастина мен дипломат Теміртай Ізбастиннің қызы. Әкесі бұған дейін Қазақстанның Болгариядағы елшісі қызметін атқарған.
Жаңа депутат осыған дейін саясат пен ақпарат кеңістігінен тысқары жүрген. Кейбір дереккөздер оның девелопмент саласында (құрылыс) табыс тапқанын жарыса жазуда. Медеуованың өмірбаяны мен қоғамдық қызметіне қатысты ашық мәлімет өте тапшы.
Құрылтайдағы ант беру рәсімінен алынған бейнекадр да оның интернетте тараған санаулы суретінің бірі саналады.
Енді Дана Медеуова депутат ретінде Қазақстанның сыртқы саясаты, халықаралық қатынастары, қорғаныс қабілеті мен ұлттық қауіпсіздігіне қатысты заң жобаларын қарайтын комитет құрамында қызмет атқарады.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤮16👍12🤔9❤2🔥2💩2👎1👏1😱1
⚡️Сауалдан жалтарған депутат: Балаева Армангүл Тоқтамұрат төңірегіндегі дауға үн қатты...
Құрылтай депутаты Армангүл Тоқтамұраттың журналист сауалына жауап бермей қашқан сәті желідегі күн тәртібінен түспей тұр. Мәселеге Ақпарат министрі Аида Балаева араласып, депутаттарды қудалау мен жеке басына тиісуді тоқтатуға шақырды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Дау Құрылтайдың жаңадан сайланған депутатына тұрғын үй мәселесі жөнінде сұрақ қойылғаннан кейін тұтанған. Журналист Серік Жолдасбай Тоқтамұраттан 2022 жылы пәтер сатып алғаны туралы жазбасы мен кейін Тоқаевтың атынан журналистерге берілген баспананың бірін иеленуіне қатысты түсініктеме сұраған.
Тұрғын үйге қатысты мәселе алғаш рет көтеріліп отырған жоқ. 2023 жылы журналистерге Президент атынан пәтер берілген кезде де Тоқтамұраттың бұған дейін баспана сатып алғаны туралы жазбасы ел назарын аударған-ды.
Осы пікірталастан кейін Балаева мәлімдеме жасап, соңғы күндері бірқатар Құрылтай депутатына, соның ішінде тұрғын үй мәселесіне байланысты «негізсіз жорамал мен әдепсіз пікірлер» айтылып, жағдай буллингке ұласқанын мәлімдеді. Министр Армангүл Тоқтамұраттың есімін тікелей атамағанымен, жазба аталған дау аясында жарияланып отыр.
«Пәтерлер тек меншігінде жылжымайтын мүлкі жоқ сала қызметкерлеріне беріліп келеді», – деді министр.
Тоқтамұрат? Сонымен бірге Балаева мемлекеттік орган өкілдері мен Құрылтай депутаттары қоғамды қызықтырған сауалға мүмкіндігінше түсініктеме беруге тиіс екенін атап өтті. Осы сөзімен ол депутаттың журналист сұрағынан жалтармауы керектігін де аңғартқандай.
Министр адамды қудалау, жеке басына тиісу және назар аударатын тақырып үшін әдейі арандату журналистикаға жараспайтынын айтып отыр. Түптеп келгенде, даулы сауалға толық жауап алу үшін депутаттың өзінің нақты түсіндірмесі қажет тәрізді.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
✈️ https://t.me/ertenmedia
Құрылтай депутаты Армангүл Тоқтамұраттың журналист сауалына жауап бермей қашқан сәті желідегі күн тәртібінен түспей тұр. Мәселеге Ақпарат министрі Аида Балаева араласып, депутаттарды қудалау мен жеке басына тиісуді тоқтатуға шақырды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Дау Құрылтайдың жаңадан сайланған депутатына тұрғын үй мәселесі жөнінде сұрақ қойылғаннан кейін тұтанған. Журналист Серік Жолдасбай Тоқтамұраттан 2022 жылы пәтер сатып алғаны туралы жазбасы мен кейін Тоқаевтың атынан журналистерге берілген баспананың бірін иеленуіне қатысты түсініктеме сұраған.
Алайда депутат сауалға жауап бермей, Құрылтай ғимаратына кіріп кеткен. Осы видео желіге тарап, экс-журналистің әріптесінен жалтаруы сынға ұшырады.
Тұрғын үйге қатысты мәселе алғаш рет көтеріліп отырған жоқ. 2023 жылы журналистерге Президент атынан пәтер берілген кезде де Тоқтамұраттың бұған дейін баспана сатып алғаны туралы жазбасы ел назарын аударған-ды.
Осы пікірталастан кейін Балаева мәлімдеме жасап, соңғы күндері бірқатар Құрылтай депутатына, соның ішінде тұрғын үй мәселесіне байланысты «негізсіз жорамал мен әдепсіз пікірлер» айтылып, жағдай буллингке ұласқанын мәлімдеді. Министр Армангүл Тоқтамұраттың есімін тікелей атамағанымен, жазба аталған дау аясында жарияланып отыр.
Балаеваның түсіндіруінше, Ақорда медиа саласы қызметкерлерінің баспана мәселесін жүйелі түрде шешіп келеді. Алғашқы жылдары пәтер редакциялар жасаған тізім бойынша берілсе, кейін тұрғын үй арнайы қағидаларға сәйкес бөлінген.
«Пәтерлер тек меншігінде жылжымайтын мүлкі жоқ сала қызметкерлеріне беріліп келеді», – деді министр.
Тоқтамұрат? Сонымен бірге Балаева мемлекеттік орган өкілдері мен Құрылтай депутаттары қоғамды қызықтырған сауалға мүмкіндігінше түсініктеме беруге тиіс екенін атап өтті. Осы сөзімен ол депутаттың журналист сұрағынан жалтармауы керектігін де аңғартқандай.
Министр адамды қудалау, жеке басына тиісу және назар аударатын тақырып үшін әдейі арандату журналистикаға жараспайтынын айтып отыр. Түптеп келгенде, даулы сауалға толық жауап алу үшін депутаттың өзінің нақты түсіндірмесі қажет тәрізді.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎20👍10😁8❤7🔥1🤮1💯1
⚡️Тоқаев Ерлан Қаринді вице-президент қызметіне ұсынды...
Президент Тоқаев Қазақстанның вице-президенті қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды. Оны тағайындауға келісім беру мәселесін Құрылтай депутаттары қарайды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
31 тамыз күні таңертең Құрылтай депутаттары вице-президент пен премьер-министрдің кандидатураларын келісу үшін жиналды.
Вице-президент институты 2026 жылғы 15 наурыздағы референдумда қабылданған жаңа Конституцияда бекітілді. Осы өзгеріске байланысты мемлекеттік кеңесші қызметі таратылған-тұғын.
Конституциялық заңға сәйкес, вице-президентті Құрылтай депутаттарының көпшілігі келісім бергеннен кейін Президент тағайындайды.
Бұған дейін Ertenmedia.kz «Президенттен кейінгі ең ауыр кресло: Тоқаевтың таңдауы кімге түспек?» деген тақырыпта талдау жасап, Ерлан Қаринды осы орынтақтың негізгі үміткері ретінде атаған еді.
Айтқандай Құрылтай ұзақ күттірген жоқ. Қариннің кандидатурасын бірауыздан құптады.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
✈️ https://t.me/ertenmedia
Президент Тоқаев Қазақстанның вице-президенті қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды. Оны тағайындауға келісім беру мәселесін Құрылтай депутаттары қарайды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
31 тамыз күні таңертең Құрылтай депутаттары вице-президент пен премьер-министрдің кандидатураларын келісу үшін жиналды.
Тоқаев Құрылтай сайлауы өткен 23 тамызда вице-президент қызметіне ел жақсы білетін танымал тұлға тағайындалатынын айтқан еді. Мемлекет басшысының таңдауы бұған дейін мемкеңесші, кейін Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болған Ерлан Қаринге түсті.
Вице-президент институты 2026 жылғы 15 наурыздағы референдумда қабылданған жаңа Конституцияда бекітілді. Осы өзгеріске байланысты мемлекеттік кеңесші қызметі таратылған-тұғын.
Конституциялық заңға сәйкес, вице-президентті Құрылтай депутаттарының көпшілігі келісім бергеннен кейін Президент тағайындайды.
Вице-президент мемлекет басшысының тапсырмасымен оның Құрылтаймен, Үкіметпен және өзге мемлекеттік органмен байланысын қамтамасыз етеді. Қосымша өкілеттікті Президенттің өзі белгілейді.
Бұған дейін Ertenmedia.kz «Президенттен кейінгі ең ауыр кресло: Тоқаевтың таңдауы кімге түспек?» деген тақырыпта талдау жасап, Ерлан Қаринды осы орынтақтың негізгі үміткері ретінде атаған еді.
Айтқандай Құрылтай ұзақ күттірген жоқ. Қариннің кандидатурасын бірауыздан құптады.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎16👏8😁7❤3🔥3🤔1💯1
⚡️Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болып тағайындалды
Құрылтай депутаттары Ерлан Қаринді вице-президент қызметіне тағайындауға келісім берді. Оның кандидатурасын президент Тоқаев ұсынған еді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Депутаттар мемлекет басшысы ұсынған кандидатураны жедел мақұлдады. Осылайша, Ерлан Қарин 2026 жылғы жаңа Конституция бойынша қайта құрылған вице-президент институтының алғашқы өкілі атанды.
Еңбек жолын тарих пәнінің мұғалімі болып бастап, кейін саясаттану және мемлекеттік басқару саласына ауысты. Отыз жылға жуық уақыт ішінде Президент Әкімшілігінде, Nur Otan партиясында, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында және «Қазақстан» телерадиокорпорациясында басшылық қызмет атқарды.
Бұған дейін біз «Президенттен кейінгі ең ауыр кресло: Тоқаевтың таңдауы кімге түспек?» деген тақырыпта талдау жасап, Ерлан Қаринды осы орынтақтың негізгі үміткері ретінде атаған едік.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
✈️ https://t.me/ertenmedia
Құрылтай депутаттары Ерлан Қаринді вице-президент қызметіне тағайындауға келісім берді. Оның кандидатурасын президент Тоқаев ұсынған еді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Депутаттар мемлекет басшысы ұсынған кандидатураны жедел мақұлдады. Осылайша, Ерлан Қарин 2026 жылғы жаңа Конституция бойынша қайта құрылған вице-президент институтының алғашқы өкілі атанды.
Вице-президент қызметі мемлекеттік кеңесші лауазымының орнына енгізілді. Ерлан Қарин осыған дейін мемкеңесші, кейін Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарған.
Еңбек жолын тарих пәнінің мұғалімі болып бастап, кейін саясаттану және мемлекеттік басқару саласына ауысты. Отыз жылға жуық уақыт ішінде Президент Әкімшілігінде, Nur Otan партиясында, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында және «Қазақстан» телерадиокорпорациясында басшылық қызмет атқарды.
Жаңа Конституцияға сәйкес, вице-президент мемлекет басшысының тапсырмасымен оның Құрылтаймен, Үкіметпен және өзге мемлекеттік органмен байланысын қамтамасыз етеді. Қызметтік өкілеттігінің нақты аясын Президент белгілейді.

👍20👎9❤3👏3💯1