Erteńmedia
11K subscribers
3.39K photos
1.21K videos
1 file
3.08K links
✓Қазақ тіліндегі ең танымал телеграм-арна.
✓Ашық ақпарат, анық талдау, астарлы пайым.

™ @kurilkabai_bot
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Жат елдің соғысына айдалған қазақтар: Қайсардың жанайқайы Ақордаға жетті

Ресейге жұмыс істеуге барып, артынша мәжбүрлі түрде әскери келісімшартқа отырғызылған 19 жастағы Қайсар Алмаз шұғыл бейнеүндеу жариялап, мемлекет басшылығы мен құзырлы органдардан араша сұрады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Оның айтуынша, Ресей аумағында бір топ отандасымыз ашықтан-ашық алданып, тұзаққа түскен. Жастарды күшпен құжатқа қол қойғызып, соғыс қимылдары жүріп жатқан аймаққа аттандыруға дайындап жатыр.

«Біз алданып қалдық. Ешқайсымыз өз еркімізбен майданға баруды қалаған жоқпыз. Бізді мәжбүрлеп, күштеп құжаттарға қол қойғызды. Бізбен бірге келген он бес шақты адам бар еді, қазір он шақтысы ғана қалды. Күн сайын жігіттерді өз еркінен тыс соғысқа алып кетіп жатыр», – дейді Қайсар.


Ең қауіптісі - уақыт тығыз. Майдан шебіне айдауға небәрі 3 күн қалған. Қазақстандық жастар елшілік пен жергілікті заңгерлерге 10 күн бұрын хабарласқанымен, ресми өкілдерден «сабыр сақтаңдар, жауап күтіңдер» дегеннен басқа нақты әрекет көрмеген.

«Бізді соғысқа аттандыруына небәрі үш-ақ күн қалды. Елшілік он күннен бері тек күтіңдер деп келеді. Бір-екі күнде алып кетеміз дегеніне он күннен асты. Нақты нәтиже жоқ», – деп дабыл қақты ол.

Жігіттер жат елдің саяси мүддесі үшін оққа байланғанша, елге жетіп жаза арқалауға да дайын екендерін ашық білдірді:

«Біз басқа жерде соғысып өлгенше, өз жерімізде өлгеніміз артық. Егер елге жеткізіп, уақытша ұстау изоляторына апарса да, сол жақта отырып шешімді күтуге бармыз. Тек майданға аттандырмаса екен. Барша қазақ елінен, ҰҚК төрағасынан, СІМ-нен және президент Тоқаевтан көмек сұраймыз».


Ашығын айтқанда, бұл алғашқы дабыл емес. Бірақ жағдайдың критикалық шекке жеткені сонша, есеп сағатпен жүріп жатыр. Ақорда? Егер үлкен үй қазір шұғыл дипломатиялық және арнайы каналдарды іске қоспаса, үш күннен кейін өз азаматтарымызды бөтен елдің окопынан бір-ақ табуымыз мүмкін.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱20🤬13🙏6❤3🔥3😢2
⚡️ Соғыс даласында қалған қазақтар: СІМ Мәскеумен келіссөз бастады

Әлеуметтік желіде Ресейдегі әскери қақтығыс аймағына тап болған отандастарымыздың видеоүндеуі тарағаннан кейін Сыртқы істер министрлігі шұғыл шараларды қолға алды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Қазіргі уақытта дипломаттар майдан шебінде жүрген азаматтарды елге аман-есен қайтару үшін жан-жақты келіссөз жүргізіп жатыр.

Министрліктің мәліметінше, арнайы жедел желіге хабарламалар толассыз түсуде. Әр азаматтың жағдайы жіті тексеріліп, нақтыланғаннан кейін толық тізім ресми түрде ресейлік тарапқа тапсырылмақ.


«Ақпараттың әрқайсысы жеке қаралады. Тексеріс аяқталған соң қалыптасқан тізім Ресей жағына жіберіледі. Бұл мәселе бойынша түрлі деңгейде тұрақты байланыс орнатылған», – деп хабарлады ведомство өкілдері.

СІМ-нің ресми өкілі Жанболат Үсенов бұл жағдайға министрлік аса жауапкершілікпен әрі байыппен қарап отырғанын атап өтті. Оның сөзінше, шетелдегі қазақстандықтардың құқығы мен өмірін қорғау басты басымдық.

Сондай-ақ еліміздің бұған дейін де әлемнің түрлі қақтығыс аймақтарынан өз отандастарын елге қайтару бойынша нақты практикалық тәжірибесі бар екені еске салынды.


Біздіңше, бұл процесс оңай болмайды. Азаматтардың ол жаққа қандай жолмен, қандай шартпен түсіп қалғаны өз алдына, Ресей заңнамасы мен майдан шебіндегі жағдай дипломаттардан өте үлкен ерік-жігерді талап етеді.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍26❤4🙏4🤔3😢2
⚡️«Ет комбинаты деп алдаған»: Кремльдің соғысына тартылған қазақтарға қатысты тың мәлімет тарады

Ресейге жұмыс істеуге кеткен қазақтар майдан шебінен бір-ақ шықты. Олардың аналары билікке үндеу жасап, балаларының алдау немесе бопса арқылы әскери келісімшартқа отырғанын айтып, оларды елге қайтаруды сұрауда, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Көпбалалы ана Гүлжан Ташарғанованың 25 жастағы ұлы Мирас тамыз айында Ресейге ет комбинатына қаптаушы болып жұмысқа кеткен. Бір айдан кейін ол соғысқа бара жатқанын хабарлаған. Анасының сөзінше, жігітке тіпті келісімшартты оқуға да мұрша бермей, «күзет агенттігіне барасың» деп бос қағазға қол қойғызып алған.


Дәл осындай жағдай Астанадан кеткен 27 жастағы Ақылбек Телманның да басына түскен. Ол шұжық цехына бардым деп, артынша Луганскіде жүргенін айтқан. Анасы Ақмарал Әбілғазина ұлын «қол қоймасаң, түрмеге жабамыз» деп қорқытып, мәжбүрлегенін жеткізіп отыр.

Шымкенттік Нәзира Болысованың ұлы құс фабрикасына кетіп, жақында ғана госпитальден анасына дыбыстық хабарлама жолдаған екен:

«Анашым, маған оқ тиді. Қолыма тиді. Көп қан жоғалттым, тірі қаламын деп ойламадым...»


Шыны керек, бұл кездейсоқ емес, нақты жолға қойылған схемаға ұқсайды. Әлеуметтік қорғалмаған, заңдық сауаты төмен жастар нәпақа іздеп барады да, қысымға шыдамай, біреудің соғысының жеміне айналады.

Мәселеге Сыртқы істер министрлігі ресми жауап берді. Ведомствоның қазақтарды қақтығыс аймағынан қайтару тәжірибесі барын және ресейлік тараппен консультация жүріп жатқанын мәлімдеді:

«Азаматтарды құқықтық тұрғыдан қорғау үшін министрлікке олардың толық аты-жөні, туған күні, шамамен жүрген жері және жасасқан еңбек келісімшарттарының шарты туралы нақты мәлімет қажет. Отандастарымызды қайтару бойынша бірлескен шараларды пысықтау үшін Кремльмен келіссөз жалғасуда».


Қазіргі таңда барлық өтініш бойынша арнайы тізім жасақталып, тексерістен кейін Ресей билігіне тапсырылмақ. Елшіліктерде шұғыл байланыс желі іске қосылған. Алайда майдан даласындағы әр күн мен сағат шешуші болуы мүмкін.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱21🤬17❤6👍3😢2🤔1🙏1
⚡️ «Қазақ тілін білмей-ақ күн көруге болады»: Алматыдағы «гидтің» сөзін енді полиция тексереді...

Ресейлік блогерге Алматыны аралатып, Қазақстанның тарихы мен қазақ тілі туралы даулы мәлімдемелер жасаған Татьяна есімді келіншектің ісін полиция тексеретін болды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Бұған дейін ресейлік блогер Сергей Григорьев-Аполлоновпен түсірілген видеода гид Алматыда қазақ тілін білмей-ақ еркін өмір сүруге болатынын, тілдің қажеттілігі шамалы екенін айтып, тіпті ел тарихына қатысты сыңаржақ пікір білдірген. Бұл ма, бұл желі қолданушыларының наразылығын тудырған-тұғын.


Қоғамдық резонанстан соң Туризм және спорт министрлігі ресми мәлімет жинап, барлық материалды Ішкі істерге жолдағанын мәлімдеді. Nege.kz-тегі әріптестердің хабарлауынша Алматы қалалық туризм басқармасы Татьянаны шақыртып, одан түсініктеме алған.

Қызығы сол, ведомство өкілдері оны кәсіби гид емес, бар болғаны «таныстарының өтініші бойынша экскурсия өткізген адам» деп түсіндіруге тырысты. Бірақ Татьянаның өзі дәл осы блогерге берген сұхбатында туризм саласында үш жылдан бері кәсіби гид болып жұмыс істейтінін мақтана айтқан еді.


Шыны керек, осы оқиға Қазақстандағы экскурсия саласының қаншалықты бақылаусыз қалғанын дәлелдеп отыр. Елімізге келетін мыңдаған шетелдікке мемлекет тарихын, тілін, салт-дәстүрін кім қалай түсіндіріп жатқанын осы уақытқа дейін ешкім қадағаламаған.

Даудан кейін Туризм министрлігі гидтер, экскурсоводтар мен туризм нұсқаушыларының жұмыс ережесін қайта қарауға кірісті. Қазір жаңа талаптар «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және салалық қауымдастықтармен бірге талқыланып жатыр.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏44👍20❤6💯5🔥4
⚡️ «Маған поқ..й»: Алматы көшелерін қорлаған блогер абыройдан айырылып, жарнамадан қағылды...

Желіде «Mini Knopka» лақап атымен белгілі блогер Әйгерім Бердалиева Алматы көшелерінің қазақша атауына қатысты дөрекі әрі былапыт жазба жариялап, қоғамда үлкен резонанс тудырды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Блогер әлемжелідегі парақшасында Алматыдағы «Достық», «Наурызбай батыр», «Желтоқсан» сынды көше атауларын менсінбей, қаланың «нағыз тұрғындары» тек кеңестік Ленин, Фурманов, Дзержинский, Мира, Виноградов атауларын қолданатынын айтқан. Мұнымен қоймай, қарсы пікір білдірген оқырмандарға боғауыз сөздер жаудырып, арсыз қимыл көрсеткен.


Бұған Eurasian Fashion Week халықаралық сән апталығының ұйымдастырушылары бірден реакция білдірді. Ұйым ресми мәлімдеме жасап, блогердің ұстанымын қолдамайтындарын және оны барлық жарнамалық материалдардан біржола алып тастайтындарын жеткізді.

«Біз блогердің жеке парақшасында жарияланған пікіріне ешқандай қатысымыз жоқ екенін және оның ұстанымын мүлде бөліспейтінімізді хабарлаймыз. Ол біздің жобаның барлық жарнамалық өнімдерінен өшіріледі», — деп мәлімдеді Eurasian Fashion Week өкілдері Threads желісінде.

Шыны керек, бұл ма, бұл қазақ қоғамында соңғы кезде нақты көрініс таба бастаған этикалық әрі мәдени кәнселингтің (cancel culture) нақты мысалы. Тәуелсіздікке, ұлттық қадір-қасиетке және құрбандардың рухына тіл тигізіп хайп жасаудың бағасы кәсіби бедел мен жарнамалық келісімшарттардан қағылу болуы тиіс.


Айта кетелік, желі қолданушылары аталған блогердің әрекетін ұлтараздықты қоздыру және тарихи жадты мазақ ету деп бағалап, құқық қорғау органдарын да назар аударуға шақырып жатыр.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥40👏12❤8💯5😱3🤬3
⚡️ Мұқтаж жандарға көмек: 2027 жылдан бастап кейбір әлеуметтік төлемдерді тағайындау тәртібі өзгереді

Қазақстанда тұрмысы жақсы отбасылар енді мемлекеттік әлеуметтік көмек пен жәрдемақының 10 бірдей түрін ала алмайды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Бектенов үкіметі Цифрлық отбасы картасы арқылы кімнің шын мұқтаж екенін анықтаудың жаңа қағидаларын бекітті. Басты жаңалық бұдан былай мемлекет тек ресми кіріске қарап көз жұмбайды.

Азаматтардың нақты шығыны, атына тіркелген жылжымайтын мүліктері, қымбат көліктері мен тіпті банктегі депозиттері бірыңғай цифрлық жүйе арқылы тексеріледі.


Қазақстандағы барлық отбасы әл-ауқатына қарай бес санатқа (A, B, C, D, E) жіктеледі. Мемлекеттік қамқорлық тек қиын жағдайдағы C, D және E тобына бағытталады. Ал жағдайы жақсы саналған A және B санаттары жеңілдіктерден автоматты түрде қағылады.

Ауқаттылар қатарына ілінгендерге мынадай 10 көмек түрі енді берілмейді:

• Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК);
• Мектептердегі тегін ыстық тамақ;
• Балабақша ақысын субсидиялау;
• Коммуналдық қызметтерге арналған тұрғын үй көмегі;
• Мәслихат шешімімен төленетін біржолғы әлеуметтік төлемдер;
• Шипажайлық-курорттық емделуге берілетін жолдамалар;
• Жеңілдікті дәрі-дәрмектер;
• Қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүру;
• Мемлекеттік баспана кезегіндегі басымдықтар;
• Жұмыспен қамту бағдарламалары аясындағы әлеуметтік төлемдер.

Шыны керек, осыған дейін қымбат көлік мініп, бірнеше пәтерін жалға беріп отырса да, ресми айлығын төмендетіп көрсетіп, мемлекеттен тегін көмек алып келгендер аз болған жоқ. Жаңа алгоритм нақ осы олқылықтың жолын кесу үшін енгізіліп отыр.

Егер отбасының ресми жалақысы ең төменгі деңгейде болғанымен, есепшотында ақша айналымы көп болса немесе қымбат активтері анықталса, жүйе оларды бірден «мұқтаж емес» деп таниды.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏16👍13🤔7🔥4😢3❤2💯2
⚡️ Головкинді сынаған журналист қамала ма? Мемлекеттік арнадағы үлкен дау...

«Хабар» агенттігінде 15 жыл бойы еңбек етіп келе жатқан спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне ауыр қысым жасалып жатқанын мәлімдеп, президент Тоқаевтан араша сұрады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Тілшінің басындағы дау Азия ойындары кезінде басталған. Жапонияда Ұлттық олимпиада комитетінің басшысы Головкинмен жолыққан журналист боксшыдан былапыт сөз естігенін желіге жазып, отандық спортшылардың құқығын қорғауға шақырған болатын. Алайда әлгі жазба шенеуніктер мен арна басшылығына ұнамаған сынды.

Қаженовтің айтуынша, жазбаны өшірмесе эфирден шеттетіп, «ұлтаралық алауыздықты қоздырды» деген баппен соттатамыз деп қоқан-лоқы жасаған. Отбасының қауіпсіздігі үшін жазбаны өшіргенімен, елге оралған соң қысым тіпті күшейе түскен.


«Құрметті Қасым-Жомарт Тоқаев, осы мәселеге назар аударасыз деп сенемін. Мен қатардағы тілшімін. Жоғарыдан тапсырма беретін саяси ықпалым да, мықты адвокат жалдайтын қаржым да жоқ. Бірақ қазақ спортындағы олқылықтарды ашық сынауға құқылымын».

Қазір «Хабар» агенттігінің заңгерлері тілшіден жұмыстан өз еркімен кетуді талап етіп, ІІМ-ге арыз дайындап қойған көрінеді.

Шыны керек, мемлекеттік арнада 15 жыл тер төккен кәсіби журналисті шындықты айтқаны үшін қылмыскер етуге тырысу нонсенс.


Оқиғаға Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев та үн қатып, Аслан Қаженовті ашық қорғап шықты. Ол мәселені шешудің орнына шындықты шырылдап айтқан адамның аузын жабуға тырысып жатқанын сынға алды.

Мән-жайы осы тұста: https://ertenmedia.kz/aslan-qazhenov-qysym-tokaevqa-undeu/
🤬29😱13❤11💯6🤮1
⚡️ Перизат Қайраттың жақын туыстарынан Дубайдан 3 миллиард теңгенің элиталық пәтерлері табылды

Алаяқтық пен қылмыстық жолмен келген кірістерді заңдастырғаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылған Перизат Қайраттың туған нағашы ағасының отбасы Дубайда жалпы құны 5,9 миллион долларға (шамамен 2,67 миллиард теңге) бағаланатын аса қымбат жылжымайтын мүліктерге иелік ететіні анықталды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Дубайдың жылжымайтын мүлік тізіліміндегі ресми дерек бойынша, пәтерлер 2020–2022 жылдар аралығында дәл Перизат Қайраттың қоғамдық кеңістікте танылып, қор жұмысын белсенді жүргізе бастаған кезеңінде алынған. Элиталық апартаменттердің бәрі Гүлбану Алашбаеваның атына тіркелген. Ол Перизатпен бірге 7 жылға сотталған анасы Ғайни Алашбаеваның туған інісі Сәбит Алашбаевтың заңды әйелі.


Қызығы сол, ерлі-зайыпты Сәбит пен Гүлбану Алашбаевтар Қазақстанда ірі кәсіпкерлер тізімінде жоқ. Олардың атында тек Астана мен Ақтөбеде тіркелген қарапайым екі ЖК ғана бар, ал өмірде екеуі де қатардағы риелтор болып қызмет етеді. Тіпті отандық жылжымайтын мүлік нарығы шарықтап тұрған күннің өзінде, қарапайым риелтордың Біріккен Араб Әмірліктерінен миллиондаған долларға қымбат пәтерлер сатып алуы ақылға сыймайды.

Гүлбану Алашбаеваның атына Дубайдың ең қымбат нүктелерінен 7️⃣ нысан жазылған:

• Әйгілі Burj Khalifa маңындағы Forte Tower II кешенінде көлемі 116,3 шаршы метр болатын пәтер (құны шамамен $878,6 мың);
• Vida Dubai Mall Tower II кешенінде — 74,8 шаршы метрлік бір бөлмелі пәтер ($750 мың);
• Дәл осы кешенде екі жатын бөлмесі бар 105,6 шаршы метрлік тағы бір апартамент ($1,12 млн);
• Көршілес Bellevue Towers кешенінде — 119,6 шаршы метрлік үш бөлмелі пәтер ($735 мың);
• Azure Residence кешенінде — ауданы бірдей (106 шаршы метр) 5 және 7-қабаттардағы екі пәтер (жалпы құны $1,65 млн);
• Harbour Views кешенінде Дубай каналына қарайтын 106,1 шаршы метрлік пәтер ($780 мың).

Сонымен қатар бұған дейін Acacia at Park Heights кешенінен 380 мың долларға алынған тағы бір пәтер туристерге жалға беріліп, кейін сатылып кеткені анықталды.


Кезінде Қаржы мониториң «Biz Birgemiz Qazaqstan» қорының негізін қалаушыға қатысты шетелдік активтер немесе үшінші тұлғаларға жазылған мүліктер туралы білетіндерді ақпарат беруге шақырған еді. Алайда тергеу барысында шетелден ешқандай мүлік табылмай, Қазақстан аумағындағы 900 миллион теңгенің дүниесі ғана мемлекетке тәркіленген болатын.

Ашығын айтқанда, қордан жымқырылды делінген 3,5 миллиард теңгенің бір бөлігі дәл осы Дубайдың зәулім мұнараларына құйылған болуы әбден мүмкін. Ендігі кезекте құзырлы органдар қарапайым риелтор туыстардың бұл активтерін назарға ала ма, жоқ па уақыт көрсетеді.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱27❤13🤬5🔥3💯3😁2
⚡️Жапонияда 11 мың, бізде 463 мың: Аймағамбетов дәрі нарығындағы ашық тонауды әшкереледі...

Қазақстанда шетелде қолжетімді заманауи дәрі-дәрмектерді табу әлі күнге дейін мұң, ал табылған күннің өзінде оның бағасы он еседен астам қымбатқа сатылып жатыр. Құрылтай депутаты Асхат Аймағамбетов осы мәселені нақты мысалмен әшкерелеп, тіркеуді жеңілдету туралы қабылданған жаңа заңның іс жүзінде жұмыс істемей тұрғанын сынады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Депутаттың жеке қабылдауына келген науқасқа дәрігер асқазан дертіне (Helicobacter pylori) қарсы вонопразан препаратын жазып берген. 14 күндік емдік курсқа бар-жоғы 28 таблетка қажет болған.

Ашық деректерге сүйенсек, дәл осы түпнұсқа препарат (Takeda компаниясының өнімі) Жапонияда шамамен 11 мың теңге тұрады. Малайзияда 30 таблеткалық қорабы 27–30 мың теңге аралығында.


Ал Қазақстанда әлгі дәрі кәдімгі дәріханаларда мүлдем жоқ. «Тапсырыспен алдырамыз» деген делдалдар науқасқа қажет 28 түйірдің орнына 100 таблеткалық қаптаманы 463 мың теңгеге бір-ақ өткізбек болған.

Нәтижесінде науқас дәрінің бір данасына Жапониядағы ресми бағадан 12 есе артық төлеуге мәжбүр. Не емнен бас тартуы керек, не қажетінен төрт есе көп дәріні сатып алып, жарты миллион теңгесін санап беруге тиіс.


Шыны керек, биыл Парламент беделді халықаралық ұйымдар, соның ішінде АҚШ-тың FDA агенттігі мақұлдаған сапалы дәрілерді елге әкелу мен тіркеуді жеңілдететін заң қабылдаған еді. Алайда қағаздағы реформа өмірге өтпей отыр.

«Егер заманауи препараттар дәріханаларда әлі де жоқ болса, ал азаматтарымыз оны шетелден іздеп немесе еселеп артық ақша төлеуге мәжбүр болып отырса, демек, жаңа тетік әлі ойдағыдай іске қосылмаған», — дейді Аймағамбетов.


Депутаттың пікірінше, мәселе тек құжатта емес. Сұранысқа ие дәрілерді анықтап, өндірушілермен тікелей жұмыс істеп, науқастарды тонауға жол бермеу қажет. Мәселе алдағы Құрылтайда көтерілмек.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥46❤19💯18👍6😱6
⚡️ «Қайда екенін білмейміз, бірақ бермейміз»: Ресей Кенесары ханның сүйегін қайтарудан ресми түрде бас тартты

Кремль соңғы қазақ ханы Кенесары Қасымұлының бас сүйегін Қазақстанға қайтару туралы өтінішті қанағаттандырмады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Ресей Сыртқы істері қазақстандық дипломаттарға жолдаған ресми жауабында ішкі заңнамасына сілтеме жасаған. Олардың уәжі бойынша, «РФ Музей қоры және музейлері туралы» федералды заңының 11-бабына сәйкес, елдің музей қорына енген жәдігерлерді мемлекет шекарасынан асыруға қатаң тыйым салынған.

Алайда бұл жерде көзге бадырайып көрінетін бір үлкен парадокс бар.

Мәскеу «музей қорындағы мүлік» деп қайтарудан бас тартқанымен, Кенесары ханның бас сүйегінің нақты қай музейде немесе қай архивте жатқаны осы күнге дейін ресми түрде анықталған жоқ. Яғни, бір жағынан «бізде бар, бірақ заң бермейді» десе, екінші жағынан «нақты қайда екенін білмейміз» деген екіұдай позиция ұстанып отыр.


Шыны керек, бұл саяси тұрғыда Мәскеудің тарихи әділдікті қалпына келтіруге ниеті жоқ екенін көрсететін кезекті формалды сылтау ғана.

Осындай суық жауапқа қарамастан, Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Сыртқы істер іздеуді тоқтатпайтынын мәлімдеді. Ведомстволар реликвияға қатысты архив құжаттарын ақтарып, зерттеу жұмысын әрі қарай жалғастырмақ.

Ханның сүйегі туған жерге орала ма, әлде Ресейдегі құлыпталған есіктердің артында біржола қала ма, белгісіз. Белгілісі бізді алда үлкен дипломатиялық күрес күтіп тұр.

Дереккөз: Курсив басылымы

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬44😡9💯7❤5😱3
⚡️ Каспийдегі даудан кейінгі дүмпу: Арнайы операциялар күштеріне жаңа қолбасшы келді

Президент Тоқаевтың өкімімен Саят Исанов Қарулы күштердің Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Ауыс-түйіс соңғы айда әскери ведомствоны сілкіп өткен кадрлық өзгерістердің тікелей жалғасы.

Бұған дейін құрылымды басқарып келген Айдос Мырзахметов күтпеген жерден Қорғаныс министрі қызметіне жоғарылатылған еді. Ал оған Каспий теңізіндегі қайғылы оқу-жаттығудан кейін министр Дәурен Қосановтың отставкаға кетуі себеп болғаны белгілі.


Босаған орынға бөтен адам келген жоқ. Саят Исанов осы уақытқа дейін қолбасшының орынбасары болып, арнайы жасақтардың жауынгерлік даярлығы мен жедел қимылдарына тікелей жетекшілік етіп келді. Яғни ол құрылымның ішкі тынысын бес саусағындай білетін офицер.

Айта кетелік, Арнайы операциялар күштері әдепкі әскери бөлім емес. Құрылым 2022 жылғы Қаңтар оқиғасының сабағы ретінде, Тоқаевтың тікелей бастамасымен құрылған болатын. Негізгі миссиясы гибридтік қатерлерге найзағайдай жедел тойтарыс беру және мемлекет қауіпсіздігіндегі ең жабық, аса күрделі тапсырмаларды орындау.


Біздіңше, тағайындау армия элитасында тәжірибелі практиктерге басымдық беріле бастағанын аңғартады. Әсіресе соңғы жылдағы бейбіт күндегі шығындар мен төтенше оқиғалардан кейін Ақордаға қағазбасты генералдық емес, нақты жедел дайындықты ұстап тұратын офицерлер ауадай қажет болып отыр.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔14👏6💯4❤3😁2🔥1
⚡️Түн түнегіндегі үш тәулік, Айсұлтанның трагедиясы және 5D әлемі: Нұрәлі Әлиев жан сырын ақтарды...

Назарбаевтың жиені бұрын-соңды ешкімге тіс жармаған отбасылық құпиясы жайында тосын сұхбат берді деп жазады Ertenmedia.kz.

Әңгіменің шарықтау шегі 2020 жылы жұмбақ жағдайда көз жұмған інісі Айсұлтанға арналған. Айтуынша, оның тылсым дүниелерге, Амазонкы шамандарының дәстүрі мен аяуаска секілді күшті психоделиктерге тереңдеуіне бауырын ажал тырнағынан алып қалуға деген талпынысы түрткі болған.


«Бұл мен үшін ең алдымен қазір арамызда жоқ бауырымды емдеудің амалы еді. Осы тақырыпқа терең бойладым. Рухани жолға түсем деп күткен жоқпын, жанұшыра інімді құтқарудың жолын іздедім. Осы саланы 5 жыл бойы зерттеп, ақыры өзімді соған арнауға толық бел будым», - дейді ол.

Әңгіме барысында ол әкесі Рахат Әлиевтің үй ішілік мінезі жайлы да тұңғыш рет тіс жарады. Бір кездері тұтас елді үрейде ұстаған генерал өз әулетінде де авторитарлы тәртіп орнатқан көрінеді. Нұрәлі бала-шағасына мүлдем басқа әке болуға тырысып жүргенін, оларға кәсіп таңдауда қысым жасамайтынын және ақша мәселесінде шектеу қоятынын айтыпты.

Айсұлтанның тағдыры мен отбасындағы трагедияларды саралаған ол әулеттегі деструктивті сценарийлерді үзуге бел буған екен. «Соңғы қайғылы оқиғалар бізбен тоқтауы керек», - дейді ол.

Сұхбаттың тағы бір тосын қыры «қараңғылық ретриті». Экс-елбасының жиені 3 тәулік бойы жарық атаулыдан ада, тас түнек бөлмеде жатып, есі кіресілі-шығасылы, өң мен түстің арасында өмірден өткен ет жақындарының әруағымен жүздескен екен.


Бір қызығы, күніне бес уақыт намазын қаза қылмайтын Нұрәлі мистика мен ислам арасында еш қайшылық жоқ деп есептейді және Құрандағы «яқын» (шынайы таным) ұғымына сүйенеді.

Әлиев бүгінде таза биохакинг пен стартаптарға көшкен. Смарт сақиналар адамға үрей салады деп тақпайды, қызыл ет жемейді, триатлонмен айналысады және Mental Health Ventures қоры арқылы менталдық сауығу жобасына қаржы салып жатыр.

Өзін «арктуриандық» деп көрсетіп, жер беті 3D өлшемінен 5D-ге көшіп жатыр деген философияны дәріптеу үстінде.


Әлдеқашан кванттық санаға өтіп кеткен адамның монологы мұнымен аяқталмайтын сыңайлы.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤25😱19🤔7👍6😁6🤮6😢5🔥2
⚡️ Шымкентте Қайрат Нұртастың концертінде тапталған 18 жастағы қыз жансақтау бөлімінде жатыр...

Қажымұқан атындағы орталық стадионда өткен Қайрат Нұртастың концертінде кіреберістегі сұмдық кептеліс салдарынан 18 жастағы бойжеткен ауыр жарақат алып, жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы науқастың жағдайы тым ауыр екенін растап отыр. Бойжеткенге алдымен оқиға орнында жедел жәрдем көмегі көрсетіліп, артынша дереу ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер қазір оның өмірін аман алып қалу үшін күресуде.

Зардап шеккен қыздың жақындары желіде жан айқайын жеткізіп, елден дұға тілеуді сұрады:

«Адамды құлатып, өлім аузына жеткенше таптайтындай сонша қатыгез болуға болады ма? Менің сіңлімді не үшін ұрып, таптадыңыздар? Барып тұрған надандық. Организация оңбағандар! Ол алты сағаттан бері жансақтау бөлімінде, өмір мен өлімнің арасында жатыр. Қазір бізге өте ауыр. Өтінеміз, жаны қалсын деп дұға етіңіздерші!»


Куәгерлердің айтуынша, стадионның кіреберісінде қауіпсіздік пен тәртіп мүлдем қамтамасыз етілмеген. Нөпір халық бір-бірін итеріп, адамдар аяқ астында құлап, есінен танып қалған. Көрерменнің бірі: «Өзім де, кеудем қысылып, оңбай құладым. Осы жерде өлетін шығармын ой келді. Өте қорқынышты болды», - деп жазыпты.

Шараны Show Service компаниясы ұйымдастырған. Мыңдаған халық жиналатын нысанда адамдар легін бақылау, кезек ретін жасақтау және шұғыл дәліздерді ұйымдастыру секілді элементар қауіпсіздік талаптары неге ескерілмеді деген сұрақ ашық қалып отыр.


Шымкент полициясы оқиға бойынша ресми жауап дайындалып жатқанын хабарлаумен ғана шектелді. Ашығын айтқанда, шоу-бизнес өкілдері мен ұйымдастырушылар кассалық түсімге келгенде көздері жайнап, ал сол жұрттың қауіпсіздігіне келгенде жауапкершіліктен қашатыны бұрыннан бар ауру. Егер бұған нақты жаза қолданылмаса, мұндай трагедиялар ертең қайталанбасына ешкім кепілдік бере алмайды.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱23❤6😢5😁3🙏3🔥1🤯1
⚡️ Той емес, трагедия: Қайрат Нұртастың Шымкенттегі концерті қылмыстық іспен аяқталды

Шымкентте өткен Қайрат Нұртастың мерейтойлық концерті стадион кіреберісіндегі жаппай дүрбелеңмен, адамдардың тапталуымен және жансақтау бөліміне түскен ауыр жағдайдағы науқаспен аяқталды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Күні кеше қаладағы Орталық стадионда әншінің «Сахнада 20 жыл» атты ауқымды кеші өткен. Алайда мыңдаған көрермен есіктің дер кезінде ашылмауы салдарынан стадион кіреберісінде ұзақ уақыт кептелісте тұрған. Қақпа ашылған сәтте бақылаудан шыққан қалың нөпір ішке лап қойып, жаппай қысылыс басталған.

Нәтижесінде бірнеше адам аяқ астында қалып, талып құлаған. Ең ауыры қалың топтың астында қалған 18 жастағы бойжеткен ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оның жағдайы қазір тым ауыр, дәрігерлер науқастың өмірі үшін күресіп жатыр.

Шымкенттің полиция департаменті қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету дерегі бойынша қылмыстық іс тіркепті. Іс-шараны ұйымдастырушылар бүгін таң азанмен полиция бөлімшесіне жеткізіліп, тергеле бастады.


Ал билет сатумен айналысқан «Freedom Афиша» компаниясы ресми мәлімдеме жасап, бар жауапкершіліктен ат-тонын ала қашты. Айтуынша, басты ұйымдастырушы - Show Service агенттігі.

Билет операторы тек кіреберісте білезік таратушы еріктілерді бөлгенін, ал көрерменнің қауіпсіздігі, стадионды дайындау мен күзет мәселесі міндетіне кірмейтінін алға тартып отыр.


Мыңдаған адам сыятын стадионда нөпірді реттеу механизмі неге ойластырылмаған? Күзет пен құқық қорғау күштерінің үйлесімі неге ақсады? Енді осы сауалдарға тергеу нүкте қоюы тиіс.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱13👍8❤5😢4🔥2🤮2👎1😁1
⚡️«Яндекс» серверлері істен шықты: Ресейдегі дрон соққысы Қазақстанның цифрлық тәуелсіздігін әшкереледі...

Ресейде «Яндекс» корпорациясының үш ірі дата-орталығына дрон шабуылы жасалып, істен шыққан соң, Қазақстандағы Yandex Go такси сервисі жаппай бұғатталып, жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Қосымшаға кірген қолданушыларға «бос көлік жоқ» деген хабарлама шығып, қызмет ұзақ уақыт бойы қолжетімсіз болып тұр. Бір қарағанда, соғысып жатқан көрші елдегі оқиға біздің қатысымыз не? Бірақ мәселенің түп-төркіні әлдеқайда тереңде жатыр.

Біздің заңнама бойынша, «Яндекс-Қазақстан» серверлерін ел ішінде ұстауға міндетті. 2023 жылдың желтоқсанында сол кездегі Цифрлық даму министрі «Яндекс» серверлерін Қазақстанға толық көшіргенін және енді тек осы қуаттармен жұмыс істейтінін мәлімдеген. Сол кезде: «Министрлік азаматтарымыздың қауіпсіздігіне баса назар аударады», - деп есеп берген еді ведомство.


Тіпті 2024 жылдың сәуірінде компания өз бұлтты қызметтерін Қарағандыдағы дата-орталыққа орналастырғанын сүйіншілеп, «тұтынушыларға жақындай түстік» деп ақпар таратқан.

Сонда қалай?

Ресейдегі орталық өртенгенде, Қарағандыдағы серверлер қайда қарап қалды? Оқиға «Яндекс-Қазақстанның» Мәскеусіз дербес жұмыс істей алмайтынын анық көрсетіп отыр.


Осы уақытқа дейін айтылған «деректер көшірілді, қауіпсіздік қамтамасыз етілді» деген уәделер қып-қызыл өтірік болған ба деген заңды сұрақ туындайды. Біздің цифрлық тәуелсіздік әлі күнге көршінің розеткасына тығулы тұр екен.

UPD: Айтқандай, компанияның өзінен жауап келді.

"Яндекс сияқты технологиялық сервистер бірнеше елде орналасқан инфрақұрылымды пайдаланады. Сондықтан бір елдегі жүйеде ақау шықса, бұл басқа елдегі сервистердің жекелеген функциясына әсер етуі мүмкін. Қазақстандықтардың дербес дерегін Yandex Qazaqstan заңға сәйкес Қазақстан аумағында сақтайды және олардың тиісті деңгейде қорғалуы қамтамасыз етіледі".

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💯36❤10😱10🔥9🤬4👍2🤯1
⚡️ Қайрат Нұртастың концертіндегі хаос: Шымкентте ұйымдастырушы қамалды

Қайрат Нұртастың концертіне алаңның сыйымдылығынан әлдеқайда көп билет сатылған, салдарынан кіреберісте жаппай кептеліс болған, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Полицияның мәліметінше, адам қарасы шамадан тыс көп болғандықтан, есік алдында хаос орнаған. Жұрт бір-бірін таптап кете жаздап, 18 жастағы бойжеткен ауыр жарақатпен ауруханаға түсті. Дәрігерлер бұған дейін оның жағдайын өте ауыр деп бағалаған болатын.

Концертті өткізуге жауапты 42 жастағы ұйымдастырушы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Касса түсімін ғана ойлап, мыңдаған көрерменнің қауіпсіздігіне көз жұмған мұндай безбүйректік адам өміріне қауіп төндіретін деңгейге жетті.

Сонымен қатар полиция желіде тараған «адам шығыны бар» деген ақпаратты жоққа шығарды. Қаза тапқандар жоқ, алайда зардап шеккен бойжеткеннің денсаулығы дәрігерлердің бақылауында. Біздіңше, мына жағдайда билет сатқан платформа да құзырлы органдардың алдында жауап беруі тиіс.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍16😱6🤮5❤4🤯3💯2
⚡️ Бала күлкісі естілмейтін ел: Оңтүстік Корея ТМД кәрістеріне есігін неге айқара ашты?

Оңтүстік Кореяда бала туу көрсеткішінің күрт құлдырауы салдарынан мыңдаған мектеп біржола жабылып, үкімет демографиялық шыңыраудан шығу үшін Қазақстан мен өзге де ТМД елдеріндегі этникалық кәрістерге көші-қон жеңілдіктерін күрт көбейтті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Ресми статистика төбе шашты тік тұрғызады. Елдің Білім министрлігінің дерегінше, оқушы санының азаюына байланысты 4 мыңнан астам мектеп жабылған. Оның 3,6 мыңы бастауыш сыныптар. 1980 жылдары 9,9 миллион оқушы болса, бүгінде көрсеткіш 5 миллионға дейін құлдыраған.

Ең сорақысы биыл 200-ден астам мектепке, соның ішінде тіпті астанасы Сеулдегі бірқатар оқу орнына бірде-бір бірінші сынып оқушысы қабылданбаған.


Демографиялық апатқа тап болған Корея билігі иммиграция қақпасын айқара ашуға мәжбүр болып жатыр:

• ТМД кәрістері үшін бұрынғы шектеулі H-2 визасы тоқтатылып, елде тұрақты тұруға және кәсіппен шектеусіз айналысуға жол ашатын бірыңғай F-4 мәртебесі берілуде.

• Ұрпақ шектеуі түбегейлі жойылды. Енді тіпті 4-ші және 5-ші буын ұрпақтары да тарихи отанына кедергісіз қоныс аудара алады.

• Халық саны сиреп бара жатқан аймақтарға баратындар үшін тұрақты тұру (F-5) және жеңілдетілген тәртіппен азаматтық алу мүмкіндігі жасалуда.

Бүгінде туу коэффициенті 0,7-ге түскен Оңтүстік Корея ұлттың жойылып кетпеуі мен бос қалған өңірлерді сақтап қалу үшін жанталасуда. Әлемнің ең озық елі біртіндеп бала күлкісінен айырылып барады.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱34❤5🤔3💯3😁1😢1
⚡️ «Даңғазаны ұнатпайды»: Аймағамбетов Тоқаевтың басқару құпиясын ашты...

Депутат Асхат Аймағамбетов президент Тоқаевтың мемлекет басқарудағы басты ұстанымдары мен арзан популизмге қарсы саясатын жайып салды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Айтуынша, қазір мемлекеттік қызметтегі басты өлшем өзгерген! Көзге ұрып тұратын даңғаза жарнамадан гөрі, халыққа нақты пайдасы бар, бірақ сырт көзге байқалмайтын күрделі мәселелер бірінші кезекке шыққан.


Бұған дейін әкім-қаралар үлкен кісіге жағыну үшін аудан орталықтарына субұрқақ орнатып, саябақ ашып, лента қиюды әдетке айналдырған еді. Ал қазір триллиондаған қаржы жер астындағы тозған құбырлар мен жылу қазандықтарына құйылып жатыр. Мұндай жұмысты салтанатты түрде көрсетіп, сториске салу қиын, бірақ ол елдің қауіпсіздігі үшін шешуші рөл атқарады.

«Мемлекет басшысының арзан популизмге қарсы екенін бәрі жақсы біледі. Қай кездегі сөзінде де нақты жұмыс істеп, алға қойған мақсатқа жарнамасыз, мақтансыз қол жеткізу керектігін айтып келеді. Өзін «жалданған менеджермін» деп атағаны да көпшіліктің есінде. Бұл ма, бұл оның саяси мәдениетін көрсетеді», – деді Аймағамбетов журналист Ербол Сейілханға берген сұхбатында.


Сондай-ақ депутат Президенттің жеке қабылдауында болған сәттерін еске алды. Айтуынша, әрбір кездесуде Тоқаев ұстаздардың мәртебесін қорғауды, оларды артық міндетке жекпеуді қатаң қадағалап отырған.

Біздіңше, «жалданған менеджер» психологиясы шенеуніктер кабинетіне әзірге түгел сіңіп үлгерген жоқ. Лента қиып суретке түсуге үйренген аппаратқа жер астындағы шіріген инфрақұрылыммен күресу әлі күнге ауыр тиіп жатыр.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💯21😁12👏5❤3🔥1🤯1💩1