Erteńmedia
10.9K subscribers
3.39K photos
1.21K videos
1 file
3.07K links
✓Қазақ тіліндегі ең танымал телеграм-арна.
✓Ашық ақпарат, анық талдау, астарлы пайым.

™ @kurilkabai_bot
Download Telegram
⚡️ Мұқтаж жандарға көмек: 2027 жылдан бастап кейбір әлеуметтік төлемдерді тағайындау тәртібі өзгереді

Қазақстанда тұрмысы жақсы отбасылар енді мемлекеттік әлеуметтік көмек пен жәрдемақының 10 бірдей түрін ала алмайды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Бектенов үкіметі Цифрлық отбасы картасы арқылы кімнің шын мұқтаж екенін анықтаудың жаңа қағидаларын бекітті. Басты жаңалық бұдан былай мемлекет тек ресми кіріске қарап көз жұмбайды.

Азаматтардың нақты шығыны, атына тіркелген жылжымайтын мүліктері, қымбат көліктері мен тіпті банктегі депозиттері бірыңғай цифрлық жүйе арқылы тексеріледі.


Қазақстандағы барлық отбасы әл-ауқатына қарай бес санатқа (A, B, C, D, E) жіктеледі. Мемлекеттік қамқорлық тек қиын жағдайдағы C, D және E тобына бағытталады. Ал жағдайы жақсы саналған A және B санаттары жеңілдіктерден автоматты түрде қағылады.

Ауқаттылар қатарына ілінгендерге мынадай 10 көмек түрі енді берілмейді:

• Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК);
• Мектептердегі тегін ыстық тамақ;
• Балабақша ақысын субсидиялау;
• Коммуналдық қызметтерге арналған тұрғын үй көмегі;
• Мәслихат шешімімен төленетін біржолғы әлеуметтік төлемдер;
• Шипажайлық-курорттық емделуге берілетін жолдамалар;
• Жеңілдікті дәрі-дәрмектер;
• Қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүру;
• Мемлекеттік баспана кезегіндегі басымдықтар;
• Жұмыспен қамту бағдарламалары аясындағы әлеуметтік төлемдер.

Шыны керек, осыған дейін қымбат көлік мініп, бірнеше пәтерін жалға беріп отырса да, ресми айлығын төмендетіп көрсетіп, мемлекеттен тегін көмек алып келгендер аз болған жоқ. Жаңа алгоритм нақ осы олқылықтың жолын кесу үшін енгізіліп отыр.

Егер отбасының ресми жалақысы ең төменгі деңгейде болғанымен, есепшотында ақша айналымы көп болса немесе қымбат активтері анықталса, жүйе оларды бірден «мұқтаж емес» деп таниды.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏16👍13🤔7🔥4😢3❤2💯2
⚡️ Головкинді сынаған журналист қамала ма? Мемлекеттік арнадағы үлкен дау...

«Хабар» агенттігінде 15 жыл бойы еңбек етіп келе жатқан спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне ауыр қысым жасалып жатқанын мәлімдеп, президент Тоқаевтан араша сұрады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Тілшінің басындағы дау Азия ойындары кезінде басталған. Жапонияда Ұлттық олимпиада комитетінің басшысы Головкинмен жолыққан журналист боксшыдан былапыт сөз естігенін желіге жазып, отандық спортшылардың құқығын қорғауға шақырған болатын. Алайда әлгі жазба шенеуніктер мен арна басшылығына ұнамаған сынды.

Қаженовтің айтуынша, жазбаны өшірмесе эфирден шеттетіп, «ұлтаралық алауыздықты қоздырды» деген баппен соттатамыз деп қоқан-лоқы жасаған. Отбасының қауіпсіздігі үшін жазбаны өшіргенімен, елге оралған соң қысым тіпті күшейе түскен.


«Құрметті Қасым-Жомарт Тоқаев, осы мәселеге назар аударасыз деп сенемін. Мен қатардағы тілшімін. Жоғарыдан тапсырма беретін саяси ықпалым да, мықты адвокат жалдайтын қаржым да жоқ. Бірақ қазақ спортындағы олқылықтарды ашық сынауға құқылымын».

Қазір «Хабар» агенттігінің заңгерлері тілшіден жұмыстан өз еркімен кетуді талап етіп, ІІМ-ге арыз дайындап қойған көрінеді.

Шыны керек, мемлекеттік арнада 15 жыл тер төккен кәсіби журналисті шындықты айтқаны үшін қылмыскер етуге тырысу нонсенс.


Оқиғаға Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев та үн қатып, Аслан Қаженовті ашық қорғап шықты. Ол мәселені шешудің орнына шындықты шырылдап айтқан адамның аузын жабуға тырысып жатқанын сынға алды.

Мән-жайы осы тұста: https://ertenmedia.kz/aslan-qazhenov-qysym-tokaevqa-undeu/
🤬29😱13❤11💯6🤮1
⚡️ Перизат Қайраттың жақын туыстарынан Дубайдан 3 миллиард теңгенің элиталық пәтерлері табылды

Алаяқтық пен қылмыстық жолмен келген кірістерді заңдастырғаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылған Перизат Қайраттың туған нағашы ағасының отбасы Дубайда жалпы құны 5,9 миллион долларға (шамамен 2,67 миллиард теңге) бағаланатын аса қымбат жылжымайтын мүліктерге иелік ететіні анықталды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Дубайдың жылжымайтын мүлік тізіліміндегі ресми дерек бойынша, пәтерлер 2020–2022 жылдар аралығында дәл Перизат Қайраттың қоғамдық кеңістікте танылып, қор жұмысын белсенді жүргізе бастаған кезеңінде алынған. Элиталық апартаменттердің бәрі Гүлбану Алашбаеваның атына тіркелген. Ол Перизатпен бірге 7 жылға сотталған анасы Ғайни Алашбаеваның туған інісі Сәбит Алашбаевтың заңды әйелі.


Қызығы сол, ерлі-зайыпты Сәбит пен Гүлбану Алашбаевтар Қазақстанда ірі кәсіпкерлер тізімінде жоқ. Олардың атында тек Астана мен Ақтөбеде тіркелген қарапайым екі ЖК ғана бар, ал өмірде екеуі де қатардағы риелтор болып қызмет етеді. Тіпті отандық жылжымайтын мүлік нарығы шарықтап тұрған күннің өзінде, қарапайым риелтордың Біріккен Араб Әмірліктерінен миллиондаған долларға қымбат пәтерлер сатып алуы ақылға сыймайды.

Гүлбану Алашбаеваның атына Дубайдың ең қымбат нүктелерінен 7️⃣ нысан жазылған:

• Әйгілі Burj Khalifa маңындағы Forte Tower II кешенінде көлемі 116,3 шаршы метр болатын пәтер (құны шамамен $878,6 мың);
• Vida Dubai Mall Tower II кешенінде — 74,8 шаршы метрлік бір бөлмелі пәтер ($750 мың);
• Дәл осы кешенде екі жатын бөлмесі бар 105,6 шаршы метрлік тағы бір апартамент ($1,12 млн);
• Көршілес Bellevue Towers кешенінде — 119,6 шаршы метрлік үш бөлмелі пәтер ($735 мың);
• Azure Residence кешенінде — ауданы бірдей (106 шаршы метр) 5 және 7-қабаттардағы екі пәтер (жалпы құны $1,65 млн);
• Harbour Views кешенінде Дубай каналына қарайтын 106,1 шаршы метрлік пәтер ($780 мың).

Сонымен қатар бұған дейін Acacia at Park Heights кешенінен 380 мың долларға алынған тағы бір пәтер туристерге жалға беріліп, кейін сатылып кеткені анықталды.


Кезінде Қаржы мониториң «Biz Birgemiz Qazaqstan» қорының негізін қалаушыға қатысты шетелдік активтер немесе үшінші тұлғаларға жазылған мүліктер туралы білетіндерді ақпарат беруге шақырған еді. Алайда тергеу барысында шетелден ешқандай мүлік табылмай, Қазақстан аумағындағы 900 миллион теңгенің дүниесі ғана мемлекетке тәркіленген болатын.

Ашығын айтқанда, қордан жымқырылды делінген 3,5 миллиард теңгенің бір бөлігі дәл осы Дубайдың зәулім мұнараларына құйылған болуы әбден мүмкін. Ендігі кезекте құзырлы органдар қарапайым риелтор туыстардың бұл активтерін назарға ала ма, жоқ па уақыт көрсетеді.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱27❤13🤬5🔥3💯3😁2
⚡️Жапонияда 11 мың, бізде 463 мың: Аймағамбетов дәрі нарығындағы ашық тонауды әшкереледі...

Қазақстанда шетелде қолжетімді заманауи дәрі-дәрмектерді табу әлі күнге дейін мұң, ал табылған күннің өзінде оның бағасы он еседен астам қымбатқа сатылып жатыр. Құрылтай депутаты Асхат Аймағамбетов осы мәселені нақты мысалмен әшкерелеп, тіркеуді жеңілдету туралы қабылданған жаңа заңның іс жүзінде жұмыс істемей тұрғанын сынады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Депутаттың жеке қабылдауына келген науқасқа дәрігер асқазан дертіне (Helicobacter pylori) қарсы вонопразан препаратын жазып берген. 14 күндік емдік курсқа бар-жоғы 28 таблетка қажет болған.

Ашық деректерге сүйенсек, дәл осы түпнұсқа препарат (Takeda компаниясының өнімі) Жапонияда шамамен 11 мың теңге тұрады. Малайзияда 30 таблеткалық қорабы 27–30 мың теңге аралығында.


Ал Қазақстанда әлгі дәрі кәдімгі дәріханаларда мүлдем жоқ. «Тапсырыспен алдырамыз» деген делдалдар науқасқа қажет 28 түйірдің орнына 100 таблеткалық қаптаманы 463 мың теңгеге бір-ақ өткізбек болған.

Нәтижесінде науқас дәрінің бір данасына Жапониядағы ресми бағадан 12 есе артық төлеуге мәжбүр. Не емнен бас тартуы керек, не қажетінен төрт есе көп дәріні сатып алып, жарты миллион теңгесін санап беруге тиіс.


Шыны керек, биыл Парламент беделді халықаралық ұйымдар, соның ішінде АҚШ-тың FDA агенттігі мақұлдаған сапалы дәрілерді елге әкелу мен тіркеуді жеңілдететін заң қабылдаған еді. Алайда қағаздағы реформа өмірге өтпей отыр.

«Егер заманауи препараттар дәріханаларда әлі де жоқ болса, ал азаматтарымыз оны шетелден іздеп немесе еселеп артық ақша төлеуге мәжбүр болып отырса, демек, жаңа тетік әлі ойдағыдай іске қосылмаған», — дейді Аймағамбетов.


Депутаттың пікірінше, мәселе тек құжатта емес. Сұранысқа ие дәрілерді анықтап, өндірушілермен тікелей жұмыс істеп, науқастарды тонауға жол бермеу қажет. Мәселе алдағы Құрылтайда көтерілмек.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥46❤19💯18👍6😱6
⚡️ «Қайда екенін білмейміз, бірақ бермейміз»: Ресей Кенесары ханның сүйегін қайтарудан ресми түрде бас тартты

Кремль соңғы қазақ ханы Кенесары Қасымұлының бас сүйегін Қазақстанға қайтару туралы өтінішті қанағаттандырмады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Ресей Сыртқы істері қазақстандық дипломаттарға жолдаған ресми жауабында ішкі заңнамасына сілтеме жасаған. Олардың уәжі бойынша, «РФ Музей қоры және музейлері туралы» федералды заңының 11-бабына сәйкес, елдің музей қорына енген жәдігерлерді мемлекет шекарасынан асыруға қатаң тыйым салынған.

Алайда бұл жерде көзге бадырайып көрінетін бір үлкен парадокс бар.

Мәскеу «музей қорындағы мүлік» деп қайтарудан бас тартқанымен, Кенесары ханның бас сүйегінің нақты қай музейде немесе қай архивте жатқаны осы күнге дейін ресми түрде анықталған жоқ. Яғни, бір жағынан «бізде бар, бірақ заң бермейді» десе, екінші жағынан «нақты қайда екенін білмейміз» деген екіұдай позиция ұстанып отыр.


Шыны керек, бұл саяси тұрғыда Мәскеудің тарихи әділдікті қалпына келтіруге ниеті жоқ екенін көрсететін кезекті формалды сылтау ғана.

Осындай суық жауапқа қарамастан, Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Сыртқы істер іздеуді тоқтатпайтынын мәлімдеді. Ведомстволар реликвияға қатысты архив құжаттарын ақтарып, зерттеу жұмысын әрі қарай жалғастырмақ.

Ханның сүйегі туған жерге орала ма, әлде Ресейдегі құлыпталған есіктердің артында біржола қала ма, белгісіз. Белгілісі бізді алда үлкен дипломатиялық күрес күтіп тұр.

Дереккөз: Курсив басылымы

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬44😡9💯7❤5😱3
⚡️ Каспийдегі даудан кейінгі дүмпу: Арнайы операциялар күштеріне жаңа қолбасшы келді

Президент Тоқаевтың өкімімен Саят Исанов Қарулы күштердің Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Ауыс-түйіс соңғы айда әскери ведомствоны сілкіп өткен кадрлық өзгерістердің тікелей жалғасы.

Бұған дейін құрылымды басқарып келген Айдос Мырзахметов күтпеген жерден Қорғаныс министрі қызметіне жоғарылатылған еді. Ал оған Каспий теңізіндегі қайғылы оқу-жаттығудан кейін министр Дәурен Қосановтың отставкаға кетуі себеп болғаны белгілі.


Босаған орынға бөтен адам келген жоқ. Саят Исанов осы уақытқа дейін қолбасшының орынбасары болып, арнайы жасақтардың жауынгерлік даярлығы мен жедел қимылдарына тікелей жетекшілік етіп келді. Яғни ол құрылымның ішкі тынысын бес саусағындай білетін офицер.

Айта кетелік, Арнайы операциялар күштері әдепкі әскери бөлім емес. Құрылым 2022 жылғы Қаңтар оқиғасының сабағы ретінде, Тоқаевтың тікелей бастамасымен құрылған болатын. Негізгі миссиясы гибридтік қатерлерге найзағайдай жедел тойтарыс беру және мемлекет қауіпсіздігіндегі ең жабық, аса күрделі тапсырмаларды орындау.


Біздіңше, тағайындау армия элитасында тәжірибелі практиктерге басымдық беріле бастағанын аңғартады. Әсіресе соңғы жылдағы бейбіт күндегі шығындар мен төтенше оқиғалардан кейін Ақордаға қағазбасты генералдық емес, нақты жедел дайындықты ұстап тұратын офицерлер ауадай қажет болып отыр.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔14👏6💯4❤3😁2🔥1
⚡️Түн түнегіндегі үш тәулік, Айсұлтанның трагедиясы және 5D әлемі: Нұрәлі Әлиев жан сырын ақтарды...

Назарбаевтың жиені бұрын-соңды ешкімге тіс жармаған отбасылық құпиясы жайында тосын сұхбат берді деп жазады Ertenmedia.kz.

Әңгіменің шарықтау шегі 2020 жылы жұмбақ жағдайда көз жұмған інісі Айсұлтанға арналған. Айтуынша, оның тылсым дүниелерге, Амазонкы шамандарының дәстүрі мен аяуаска секілді күшті психоделиктерге тереңдеуіне бауырын ажал тырнағынан алып қалуға деген талпынысы түрткі болған.


«Бұл мен үшін ең алдымен қазір арамызда жоқ бауырымды емдеудің амалы еді. Осы тақырыпқа терең бойладым. Рухани жолға түсем деп күткен жоқпын, жанұшыра інімді құтқарудың жолын іздедім. Осы саланы 5 жыл бойы зерттеп, ақыры өзімді соған арнауға толық бел будым», - дейді ол.

Әңгіме барысында ол әкесі Рахат Әлиевтің үй ішілік мінезі жайлы да тұңғыш рет тіс жарады. Бір кездері тұтас елді үрейде ұстаған генерал өз әулетінде де авторитарлы тәртіп орнатқан көрінеді. Нұрәлі бала-шағасына мүлдем басқа әке болуға тырысып жүргенін, оларға кәсіп таңдауда қысым жасамайтынын және ақша мәселесінде шектеу қоятынын айтыпты.

Айсұлтанның тағдыры мен отбасындағы трагедияларды саралаған ол әулеттегі деструктивті сценарийлерді үзуге бел буған екен. «Соңғы қайғылы оқиғалар бізбен тоқтауы керек», - дейді ол.

Сұхбаттың тағы бір тосын қыры «қараңғылық ретриті». Экс-елбасының жиені 3 тәулік бойы жарық атаулыдан ада, тас түнек бөлмеде жатып, есі кіресілі-шығасылы, өң мен түстің арасында өмірден өткен ет жақындарының әруағымен жүздескен екен.


Бір қызығы, күніне бес уақыт намазын қаза қылмайтын Нұрәлі мистика мен ислам арасында еш қайшылық жоқ деп есептейді және Құрандағы «яқын» (шынайы таным) ұғымына сүйенеді.

Әлиев бүгінде таза биохакинг пен стартаптарға көшкен. Смарт сақиналар адамға үрей салады деп тақпайды, қызыл ет жемейді, триатлонмен айналысады және Mental Health Ventures қоры арқылы менталдық сауығу жобасына қаржы салып жатыр.

Өзін «арктуриандық» деп көрсетіп, жер беті 3D өлшемінен 5D-ге көшіп жатыр деген философияны дәріптеу үстінде.


Әлдеқашан кванттық санаға өтіп кеткен адамның монологы мұнымен аяқталмайтын сыңайлы.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤25😱19🤔7👍6😁6🤮6😢5🔥2
⚡️ Шымкентте Қайрат Нұртастың концертінде тапталған 18 жастағы қыз жансақтау бөлімінде жатыр...

Қажымұқан атындағы орталық стадионда өткен Қайрат Нұртастың концертінде кіреберістегі сұмдық кептеліс салдарынан 18 жастағы бойжеткен ауыр жарақат алып, жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы науқастың жағдайы тым ауыр екенін растап отыр. Бойжеткенге алдымен оқиға орнында жедел жәрдем көмегі көрсетіліп, артынша дереу ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер қазір оның өмірін аман алып қалу үшін күресуде.

Зардап шеккен қыздың жақындары желіде жан айқайын жеткізіп, елден дұға тілеуді сұрады:

«Адамды құлатып, өлім аузына жеткенше таптайтындай сонша қатыгез болуға болады ма? Менің сіңлімді не үшін ұрып, таптадыңыздар? Барып тұрған надандық. Организация оңбағандар! Ол алты сағаттан бері жансақтау бөлімінде, өмір мен өлімнің арасында жатыр. Қазір бізге өте ауыр. Өтінеміз, жаны қалсын деп дұға етіңіздерші!»


Куәгерлердің айтуынша, стадионның кіреберісінде қауіпсіздік пен тәртіп мүлдем қамтамасыз етілмеген. Нөпір халық бір-бірін итеріп, адамдар аяқ астында құлап, есінен танып қалған. Көрерменнің бірі: «Өзім де, кеудем қысылып, оңбай құладым. Осы жерде өлетін шығармын ой келді. Өте қорқынышты болды», - деп жазыпты.

Шараны Show Service компаниясы ұйымдастырған. Мыңдаған халық жиналатын нысанда адамдар легін бақылау, кезек ретін жасақтау және шұғыл дәліздерді ұйымдастыру секілді элементар қауіпсіздік талаптары неге ескерілмеді деген сұрақ ашық қалып отыр.


Шымкент полициясы оқиға бойынша ресми жауап дайындалып жатқанын хабарлаумен ғана шектелді. Ашығын айтқанда, шоу-бизнес өкілдері мен ұйымдастырушылар кассалық түсімге келгенде көздері жайнап, ал сол жұрттың қауіпсіздігіне келгенде жауапкершіліктен қашатыны бұрыннан бар ауру. Егер бұған нақты жаза қолданылмаса, мұндай трагедиялар ертең қайталанбасына ешкім кепілдік бере алмайды.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱23❤6😢5😁3🙏3🔥1🤯1
⚡️ Той емес, трагедия: Қайрат Нұртастың Шымкенттегі концерті қылмыстық іспен аяқталды

Шымкентте өткен Қайрат Нұртастың мерейтойлық концерті стадион кіреберісіндегі жаппай дүрбелеңмен, адамдардың тапталуымен және жансақтау бөліміне түскен ауыр жағдайдағы науқаспен аяқталды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Күні кеше қаладағы Орталық стадионда әншінің «Сахнада 20 жыл» атты ауқымды кеші өткен. Алайда мыңдаған көрермен есіктің дер кезінде ашылмауы салдарынан стадион кіреберісінде ұзақ уақыт кептелісте тұрған. Қақпа ашылған сәтте бақылаудан шыққан қалың нөпір ішке лап қойып, жаппай қысылыс басталған.

Нәтижесінде бірнеше адам аяқ астында қалып, талып құлаған. Ең ауыры қалың топтың астында қалған 18 жастағы бойжеткен ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оның жағдайы қазір тым ауыр, дәрігерлер науқастың өмірі үшін күресіп жатыр.

Шымкенттің полиция департаменті қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету дерегі бойынша қылмыстық іс тіркепті. Іс-шараны ұйымдастырушылар бүгін таң азанмен полиция бөлімшесіне жеткізіліп, тергеле бастады.


Ал билет сатумен айналысқан «Freedom Афиша» компаниясы ресми мәлімдеме жасап, бар жауапкершіліктен ат-тонын ала қашты. Айтуынша, басты ұйымдастырушы - Show Service агенттігі.

Билет операторы тек кіреберісте білезік таратушы еріктілерді бөлгенін, ал көрерменнің қауіпсіздігі, стадионды дайындау мен күзет мәселесі міндетіне кірмейтінін алға тартып отыр.


Мыңдаған адам сыятын стадионда нөпірді реттеу механизмі неге ойластырылмаған? Күзет пен құқық қорғау күштерінің үйлесімі неге ақсады? Енді осы сауалдарға тергеу нүкте қоюы тиіс.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱13👍8❤5😢4🔥2🤮2👎1😁1
⚡️«Яндекс» серверлері істен шықты: Ресейдегі дрон соққысы Қазақстанның цифрлық тәуелсіздігін әшкереледі...

Ресейде «Яндекс» корпорациясының үш ірі дата-орталығына дрон шабуылы жасалып, істен шыққан соң, Қазақстандағы Yandex Go такси сервисі жаппай бұғатталып, жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Қосымшаға кірген қолданушыларға «бос көлік жоқ» деген хабарлама шығып, қызмет ұзақ уақыт бойы қолжетімсіз болып тұр. Бір қарағанда, соғысып жатқан көрші елдегі оқиға біздің қатысымыз не? Бірақ мәселенің түп-төркіні әлдеқайда тереңде жатыр.

Біздің заңнама бойынша, «Яндекс-Қазақстан» серверлерін ел ішінде ұстауға міндетті. 2023 жылдың желтоқсанында сол кездегі Цифрлық даму министрі «Яндекс» серверлерін Қазақстанға толық көшіргенін және енді тек осы қуаттармен жұмыс істейтінін мәлімдеген. Сол кезде: «Министрлік азаматтарымыздың қауіпсіздігіне баса назар аударады», - деп есеп берген еді ведомство.


Тіпті 2024 жылдың сәуірінде компания өз бұлтты қызметтерін Қарағандыдағы дата-орталыққа орналастырғанын сүйіншілеп, «тұтынушыларға жақындай түстік» деп ақпар таратқан.

Сонда қалай?

Ресейдегі орталық өртенгенде, Қарағандыдағы серверлер қайда қарап қалды? Оқиға «Яндекс-Қазақстанның» Мәскеусіз дербес жұмыс істей алмайтынын анық көрсетіп отыр.


Осы уақытқа дейін айтылған «деректер көшірілді, қауіпсіздік қамтамасыз етілді» деген уәделер қып-қызыл өтірік болған ба деген заңды сұрақ туындайды. Біздің цифрлық тәуелсіздік әлі күнге көршінің розеткасына тығулы тұр екен.

UPD: Айтқандай, компанияның өзінен жауап келді.

"Яндекс сияқты технологиялық сервистер бірнеше елде орналасқан инфрақұрылымды пайдаланады. Сондықтан бір елдегі жүйеде ақау шықса, бұл басқа елдегі сервистердің жекелеген функциясына әсер етуі мүмкін. Қазақстандықтардың дербес дерегін Yandex Qazaqstan заңға сәйкес Қазақстан аумағында сақтайды және олардың тиісті деңгейде қорғалуы қамтамасыз етіледі".

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💯36❤10😱10🔥9🤬4👍2🤯1
⚡️ Қайрат Нұртастың концертіндегі хаос: Шымкентте ұйымдастырушы қамалды

Қайрат Нұртастың концертіне алаңның сыйымдылығынан әлдеқайда көп билет сатылған, салдарынан кіреберісте жаппай кептеліс болған, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Полицияның мәліметінше, адам қарасы шамадан тыс көп болғандықтан, есік алдында хаос орнаған. Жұрт бір-бірін таптап кете жаздап, 18 жастағы бойжеткен ауыр жарақатпен ауруханаға түсті. Дәрігерлер бұған дейін оның жағдайын өте ауыр деп бағалаған болатын.

Концертті өткізуге жауапты 42 жастағы ұйымдастырушы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Касса түсімін ғана ойлап, мыңдаған көрерменнің қауіпсіздігіне көз жұмған мұндай безбүйректік адам өміріне қауіп төндіретін деңгейге жетті.

Сонымен қатар полиция желіде тараған «адам шығыны бар» деген ақпаратты жоққа шығарды. Қаза тапқандар жоқ, алайда зардап шеккен бойжеткеннің денсаулығы дәрігерлердің бақылауында. Біздіңше, мына жағдайда билет сатқан платформа да құзырлы органдардың алдында жауап беруі тиіс.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍16😱6🤮5❤4🤯3💯2
⚡️ Бала күлкісі естілмейтін ел: Оңтүстік Корея ТМД кәрістеріне есігін неге айқара ашты?

Оңтүстік Кореяда бала туу көрсеткішінің күрт құлдырауы салдарынан мыңдаған мектеп біржола жабылып, үкімет демографиялық шыңыраудан шығу үшін Қазақстан мен өзге де ТМД елдеріндегі этникалық кәрістерге көші-қон жеңілдіктерін күрт көбейтті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Ресми статистика төбе шашты тік тұрғызады. Елдің Білім министрлігінің дерегінше, оқушы санының азаюына байланысты 4 мыңнан астам мектеп жабылған. Оның 3,6 мыңы бастауыш сыныптар. 1980 жылдары 9,9 миллион оқушы болса, бүгінде көрсеткіш 5 миллионға дейін құлдыраған.

Ең сорақысы биыл 200-ден астам мектепке, соның ішінде тіпті астанасы Сеулдегі бірқатар оқу орнына бірде-бір бірінші сынып оқушысы қабылданбаған.


Демографиялық апатқа тап болған Корея билігі иммиграция қақпасын айқара ашуға мәжбүр болып жатыр:

• ТМД кәрістері үшін бұрынғы шектеулі H-2 визасы тоқтатылып, елде тұрақты тұруға және кәсіппен шектеусіз айналысуға жол ашатын бірыңғай F-4 мәртебесі берілуде.

• Ұрпақ шектеуі түбегейлі жойылды. Енді тіпті 4-ші және 5-ші буын ұрпақтары да тарихи отанына кедергісіз қоныс аудара алады.

• Халық саны сиреп бара жатқан аймақтарға баратындар үшін тұрақты тұру (F-5) және жеңілдетілген тәртіппен азаматтық алу мүмкіндігі жасалуда.

Бүгінде туу коэффициенті 0,7-ге түскен Оңтүстік Корея ұлттың жойылып кетпеуі мен бос қалған өңірлерді сақтап қалу үшін жанталасуда. Әлемнің ең озық елі біртіндеп бала күлкісінен айырылып барады.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱34❤5🤔3💯3😁1😢1
⚡️ «Даңғазаны ұнатпайды»: Аймағамбетов Тоқаевтың басқару құпиясын ашты...

Депутат Асхат Аймағамбетов президент Тоқаевтың мемлекет басқарудағы басты ұстанымдары мен арзан популизмге қарсы саясатын жайып салды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Айтуынша, қазір мемлекеттік қызметтегі басты өлшем өзгерген! Көзге ұрып тұратын даңғаза жарнамадан гөрі, халыққа нақты пайдасы бар, бірақ сырт көзге байқалмайтын күрделі мәселелер бірінші кезекке шыққан.


Бұған дейін әкім-қаралар үлкен кісіге жағыну үшін аудан орталықтарына субұрқақ орнатып, саябақ ашып, лента қиюды әдетке айналдырған еді. Ал қазір триллиондаған қаржы жер астындағы тозған құбырлар мен жылу қазандықтарына құйылып жатыр. Мұндай жұмысты салтанатты түрде көрсетіп, сториске салу қиын, бірақ ол елдің қауіпсіздігі үшін шешуші рөл атқарады.

«Мемлекет басшысының арзан популизмге қарсы екенін бәрі жақсы біледі. Қай кездегі сөзінде де нақты жұмыс істеп, алға қойған мақсатқа жарнамасыз, мақтансыз қол жеткізу керектігін айтып келеді. Өзін «жалданған менеджермін» деп атағаны да көпшіліктің есінде. Бұл ма, бұл оның саяси мәдениетін көрсетеді», – деді Аймағамбетов журналист Ербол Сейілханға берген сұхбатында.


Сондай-ақ депутат Президенттің жеке қабылдауында болған сәттерін еске алды. Айтуынша, әрбір кездесуде Тоқаев ұстаздардың мәртебесін қорғауды, оларды артық міндетке жекпеуді қатаң қадағалап отырған.

Біздіңше, «жалданған менеджер» психологиясы шенеуніктер кабинетіне әзірге түгел сіңіп үлгерген жоқ. Лента қиып суретке түсуге үйренген аппаратқа жер астындағы шіріген инфрақұрылыммен күресу әлі күнге ауыр тиіп жатыр.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💯21😁11👏5❤3🔥1🤯1💩1
⚡️«Бас сүйегіне шарап құйып іштік»: Кенесарының аруағын қорлаған қырғыз қыздарына қылмыстық іс қозғалды

Әлемжеліде Кенесарының рухына тіл тигізіп, қорлау сипатындағы мәлімдеме жасаған Қырғызстан азаматтарына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Бұған дейін желіде көрші елдің екі студенті түскен жантүршігерлік видео тараған еді. Онда бойжеткендер Кенесары ханның аруағын таптап, «оның бас сүйегіне шарап құйып іштік» деп сайқалданып, масаттанған. Осы бір оспадар қылық қазақтілді қауымның ашу-ызасын тудырған-ды. Кейін олар жыламсырап кешірім сұрағанымен, танымал адвокат ұлттық намысты былғаған әрекетті жабулы қазан күйінде қалдырмапты.


Мейірман Шекеев құқық қорғау органдарына ресми арыз түсіріп, мәселені құқықтық алаңға шығарған екен. Нәтижесінде Ішкі істер оқиғаны назарға алып, тиісті құжатты қорғаушының қолына табыстаған.

«Қырғызстан азаматтарына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталғанын жариялаймыз. Болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға және еліміздің заңнамасына сәйкес процестік шешім қабылдауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр деген ресми құжат қолыма тиді», – дейді адвокат Шекеев.

Ашығын айтқанда, арзан хайп үшін тұтас ұлттың тарихи қасіретін мазақ қылу ашық арандату. Кенесары ханның бас сүйегі мен оның тағдыры қазақ халқының жазылмаған жарасы болып тұрғанда, мұндай арсыздыққа көз жұма қарауға болмайтын еді.

Адвокаттың айтуынша, оқиға көршілес екі халықтың арасына сына қақпауы керек, бірақ шектен шыққан жеке тұлғалар жазасыз қалмауы тиіс:

«Жаман ұлт болмайды, жаман адам болады демекші, болмысымызға, ұлттық мүддемізге, ата-бабамыздың рухына тиісу біздің намысымызға тиетінін ескерткіміз келеді. Кенесарының болсын, басқа да бабаларымыздың бүгінде ұрпақтары өмір сүріп жатыр. Сондықтан тарихи тұлғаларымызға, жерімізге немесе ұлтымызға қатысты теріс сөз сөйлеп, әрекет етуге жол бермейміз».


Біздіңше, бүгінгі әрекет қазақтың тарихы мен намысына тіл тигізетін кез келген әлемжелі «батырларына» үлкен сабақ болуы тиіс. Арзан кешірім сұрау дәуірі өтіп, нақты заңның қатаң жазасы басталуы керек.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍70🔥33👏21❤15💯14😱2👎1😢1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Кеше сигнал іздеді, бүгін ЖИ қолданады: Мусин Жамбылдың ауылдарын интернетке жалғап жатыр

Жамбыл облысының Меркі ауданына қарасты төрт ауыл жоғары жылдамдықты талшықты-оптикалық интернетке қосылды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Кеше ғана қарапайым мобильді байланыс ұстамайтын Ақкөз-Қайнар, Алтынарық, Кентай және Беларық ауылдарының тұрғындары енді толыққанды цифрлық сервистерге қол жеткізді. «Қазақтелеком» басшысы Бағдат Мусин өңір жұртшылығымен тікелей телекөпір арқылы хабарласып, байланыс сапасын тексерді.

Ауылдарға интернеттің келуі әсіресе әлеуметтік нысандардың жұмысын жеңілдетіп жатыр. Мәселен, Кентай ауылындағы фельдшерлер электронды медициналық базаға жылдам кіре бастаса, жергілікті ұстаздар BilimClass платформасын пайдаланып, сабақ барысында жасанды интеллект құралдарын еркін қолданып жатыр.


Жұмыс «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында жүзеге асуда. Жоспар ауқымды:

• Тек Жамбыл облысында 1 457 шақырым оптикалық байланыс желісі тартылады;
• Нәтижесінде 171 ауылдағы 92 мыңға жуық тұрғын және 339 мемлекеттік мекеме жылдам интернетке ие болады;
• Ал жыл соңына дейін өңірдегі тағы 42 ауылға желі тартылуы тиіс.

Бағдат Мусиннің айтуынша, басты міндет қала мен ауыл арасындағы цифрлық алшақтықты жою:

«Ауыл қаншалықты шалғай болса да, ауыл баласының білім алу мүмкіндігі қаладағы қатарласынан кем болмауы керек. Ал ауыл дәрігері үшін интернет науқастың дерегін уақытылы алудың жолы. Біздің мақсат қарадүрсін кабель тарту емес, адамдардың оны шынымен пайдалана алуын қамтамасыз ету», — деді ол.


Айта кетерлігі, 2027 жылдың соңына дейін ел бойынша 3 мыңнан астам ауылды оптикамен қамтып, 1 миллионнан астам азаматты өркениетті желіге қосу жоспарланған. Басталған қарқын жақсы, ендігі мәселе осы сапаның тұрақты сақталуында.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍18👏3🔥2❤1🤔1💯1
⚡️ Несиеге қарсы науқан: қаржы реттеушісі қарыз беретін тағы бір есікті жаппақ...

Қаржы нарығын реттеу агенттігі ломбардтарға қойылатын талапты қатаңдатпақшы. Агенттік төрайымы Мәдина Әбілқасымова банктер мен микроқаржы ұйымдарындағы шектеуден кейін халықтың жаппай ломбардтарға ағылуына наразы, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

«Ломбардтарда қарыз алу фактілерінің күрт өсуіне байланысты біз олардың қызметіне қойылатын талаптарды күшейтеміз. Бұл несие беру шарттарына да, тұтынушылардың құқығын қорғауға да қатысты», – деп мәлімдеді Әбілқасымова ханым.


Агенттік 2023 жылдан бері халықтың «шамадан тыс несиеленуімен» күресіп, банктерді нақты секторды қаржыландыруға мәжбүрлеуге тырысып келеді. Осы мақсатта кепілсіз несие мен шағын заемдардың нормативі бірнеше рет қатайтылды. Нәтижесінде заңды тұтынушылық несие секторы айтарлықтай салқындады.

Бірақ мәселенің басқа астары бар. Бірқатар сарапшылар есеп-қисапқа сүйене отырып, Қазақстанда жаппай «қарызға бату» трагедиясы жоқ екенін, бұл тым әсіреленген ақпарат екенін дәлелдеген еді. Ең сорақысы заңды нарықты тым қатты қысу салдарынан елде көлеңкелі, қара несие базары етек жайып барады.

Банк пен МҚҰ-дан беті қайтқан қарапайым жұрт амалсыздан соңғы бағалы затын арқалап ломбардқа баратын. Енді реттеуші осы есікті де қымтай бастаса, ақшаға қысылған жұрт қайда барады?


Жауабы белгілі. Көшедегі, желідегі заңсыз өсімқорларға ағылады. Қазірдің өзінде заңсыз ақша таратушылар үш таңбалы пайызбен, ешбір реттеусіз халықты қабалаға байлап жатыр. Мұндай қауіп туралы бұған дейін де ескертілген. Алайда реттеуші орган көлеңкелі несиенің қарыштап өскенін көргісі келмейтіндей. Мәселені ашық айтып, дабыл қағып отырған әзірге Ұлттық құрылтай мүшелері мен Қаржы мониторинг агенттігі ғана.

Біздіңше, ресми нарықты шектей бергеннен азаматтардың табысы өсіп, қаржылық мұқтаждығы жоғалып кетпейді. Ломбардтарды қыспаққа алу мәселені шешпейді, тек халықты астыртын криминалдық өсімқорлардың құшағына еріксіз итере түседі.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍21❤11🔥2😱1
⚡️ «Төле немесе ұшпайсың»: Экс-депутат FlyArystan-ның трап алдындағы «рэкетін» әшкерелеп, Үкіметтен жауап талап етті

FlyArystan-ның ұшаққа отырғызу алдында жолаушының қол жүгін тексеріп, орасан зор айыппұл салуы заңсыз бопсалауға айналып барады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Сөй деген экс-депутат Мұрат Әбеновтің мәлімдеуінше, жолаушылар тура гейт алдында тығырыққа тіреледі. Мұндай сәтте артық жүкті шығарып салушыға қалдыру немесе оны багажға қалыпты бағамен тапсыру мүмкін емес. Әуе компаниясы адамдарға ультиматум қойып, келісімшартта көрсетілмеген қыруар төлемді дәл сол жерде талап етеді. Төлемесең - билетің жойылады, ұшпайсың.

«Азаматтық кодекс қызметтерді күштеп таңуға қатаң тыйым салады. Әуе билетін сатып алғанда жолаушы белгілі бір шартқа қол қояды. Гейт алдындағы сұрапыл айыппұл сомасын ешкім алдын ала келіспеген, қосымша шарт жасалмаған. Келісім жоқ па демек, ол төлемді өндіріп алудың да ешқандай заңды негізі жоқ», — дейді Мұрат Әбенов.


Оның сөзінше, бұл жерде Тоқаевтың тікелей тапсырмасы аяқасты болып отыр. Президент монополистердің жасырын комиссиялары мен түрлі негізсіз айыппұлына тосқауыл қоюды тапсырған еді. Қазір Құрылтайда осыған тосқауыл қоятын заң жобасы қаралғанымен, процесті әлдекімдер әдейі тежеп отырғандай.

Шыны керек, бірқатар шенеуніктердің тұтынушыны қорғаудың орнына, олардың өзін айыптауы Үкімет ішіндегі қуатты лоббидің бар екенін аңғартады.

Осыған байланысты экс-депутат бірнеше мемлекеттік органға ресми сауал тастады:

• Бас прокуратураға: адамдарды сапарын үзу қатерімен қорқытып, жасырын алым төлеуге мәжбүрлеудің заңдылығына құқықтық баға беруді сұрады;

• Мемкірістер комитетіне: трап түбінде жиналатын миллиондаған ақшаның фискализациясы мен салығы қалай тексерілетінін анықтауды талап етті;

• Вице-премьер Серік Жұманғарин мен Сауда министрі Арман Шаққалиевке: жеке компанияның ішкі тәртібі мемлекет заңынан және Қазақстан азаматтарының құқығынан неге жоғары тұратынын ашық сұрады;

• Көлік министрлігіне: қол жүгінің базалық 7 килограмын әуе компанияларының шантаж құралына айналдырмайтын бірыңғай стандартты шұғыл бекітуді жүктеді.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤43👏19💯13😱3
⚡️«Яндекс» өшкенде пайда көргендер: inDrive бағаны үш есе өсіргені үшін ескерту алды

Еліміздегі такси нарығында баламаның жоқтығы халықтың қалтасына кезекті рет соққы болып тиді. «Яндекс Go» қосымшасы жалп етіп өшкен күні жол ақысын шарықтатып жіберген inDrive қызметіне Бәсекені қорғау агенттігі ескерту жасады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

11 қазан күні ірі такси агрегаторында техникалық ақау шыққанда, жолаушылар амалсыз inDrive-қа жаппай ауысқан. Нәтижесінде тапшылықты пайдаланған жүргізушілер қарапайым 900 теңгелік бағытты 2 600 теңгеге дейін көтеріп, Алматыда сапар құны тіпті 4 мың теңгеден асып кеткен. Желідегі наразылықтан соң мемлекеттік орган амалсыз іске араласыпты.


Сервис жетекшісі Арсен Томский бұны «сұраныс пен ұсыныстың күрт бұзылуы» деп түсіндіріп, 19 қалада комиссияны 1%-ға дейін түсіргенін әрі саудаласу шегіне арнайы шектеу қойғанын мәлімдеді.

Біздіңше, осының өзі Қазақстандағы тасымал саласының қаншалықты морт сынғыш әрі монополияланғанын көрсетіп отыр. Бір ғана шетелдік қосымша жұмысын тоқтатса, бүкіл қаланың тынысы тарылып, балама саналатын қызметтер алыпсатарлыққа жол береді.


Агенттік осы жолы тек алдын алу ескертуімен шектеліпті. Бірақ төтенше сәттерде тарифке шекті баға қоятын халықаралық тәжірибені енгізбесе, келесі техникалық ақауда халық тағы да тоналуға мәжбүр болады.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥16🤔9👍7😱5💯2❤1