Erteńmedia
10.9K subscribers
3.39K photos
1.21K videos
1 file
3.07K links
✓Қазақ тіліндегі ең танымал телеграм-арна.
✓Ашық ақпарат, анық талдау, астарлы пайым.

™ @kurilkabai_bot
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Базарбек оқиғасынан кейінгі бір ай: жол апатынан зардап шеккен Нұржігіт үйіне оралды

Экс-депутат Бақытжан Базарбек мінген көліктегі жол апатында ауыр жарақат алған 36 жастағы Нұржігіт Қошанов бір айдан астам уақытқа созылған емдеу курсынан кейін ауруханадан шықты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Дәрігерлер өміріне қауіп төніп, комаға түскен азаматтың беті бері қарағанын растап, оны үйіне жіберді.

Тасжолдағы оқиғаның мән-жайы

Қайғылы оқиға 15 тамыз күні Жамбыл облысы аумағынан өтетін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автожолында орын алған.

Нұржігіт Қошанов көліктердің жүруіне кедергі келтірмеуі үшін жолда көлік қағып кеткен малдың өлексесін шетке сүйреп шығармақ болған. Дәл осы сәтте оны экс-депутат Бақытжан Базарбек тақымдаған көлік қағып кеткен.


Комада өткен күндер және ахуалдың жақсаруы

Апаттан кейін Нұржігіт аса ауыр жағдайда жансақтау бөліміне жеткізіліп, ұзақ уақыт ес-түссіз жатты. Дәрігерлер оның өмірін аман алып қалу үшін күрделі медициналық шараларды жүргізді.

Зардап шегуші ауруханада ем қабылдаған бүкіл уақыт бойы Бақытжан Базарбек оның отбасының жанынан табылып, емдеу барысын жеке бақылауында ұстады. Экс-депутат науқастың жағдайы туралы желідегі парақшасы арқылы жұртшылықты үнемі хабардар етіп келді.


Дәрігерлердің күтімі мен дер кезінде көрсетілген көмектің нәтижесінде бір айдан астам уақыт төсек тартып жатқан азаматтың жағдайы жақсарып, отбасына аман-есен оралды.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏49❤16🙏5💯3🔥2👍1
⚡️Мемлекеттің таксиге кеткен миы: Білікті кадрлар 180 мың теңгеден қашып жатыр...

Меморгандардағы білікті мамандар мардымсыз айлық пен шектен тыс жүктемеге шыдамай, жаппай жеке секторға немесе такси жүргізуге кетуде. Сөй деген экс-депутат Мұрат Әбенов қатардағы қызметшілердің әлеуметтік жағдайы жемқорлыққа жол ашатынын ескертіп, мәселені шешу үшін Үкіметке ұсыныс жолдайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Әбенов жақында такси қызметін пайдалану кезінде бұрынғы мемлекеттік қызметкермен кездескен. Көлік тізгіндеген азамат кезінде салық органдарында қызмет еткен, қазір жеке көлігімен айына 800 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін таза табыс тауып жүргенін айтқан.

Бұрынғы инспектордың айтуынша, мемлекеттік мекемедегі 180-200 мың теңге көлеміндегі айлық отбасын асырауға мүлдем жетпеген. Оған қоса таңертеңнен түнге дейін созылатын тынымсыз жұмыс пен сенбі күнгі кезекшілік отбасындағы ұрыс-керіске себеп болған.

Саясаткер меморгандардағы жағдайдың психологиялық қысымын бұрынғы салықшының сөзі арқылы жеткізді. Мемлекеттік қызметшілер жеке кәсіпорындарды тексеруге барғанда, бизнестегі мамандардың өздерінен 3-4 есе көп жалақы алатынын көріп, қынжылады екен.


«Тексеруге барғанда, алдымызда отырған жеке компания мамандарының жалақысы біздікінен 3-4 есе көп екенін көретінбіз. Олар біздің айлықты естіп, кейбіреуі аяп қарайды, енді біреуі «бұған қалай күн көресіңдер, пара алатын шығарсыңдар» деп күдіктенетін. Нарықта бизнес көп табыс тауып, ал оларды тексеретін мемлекеттік қызметкерлер әлдеқайда аз айлық алса, бұл сыбайлас жемқорлыққа тікелей жол ашады», – деп жазды Мұрат Әбенов.

Қазіргі таңда тәжірибелі кадрлар жеке секторға кезегімен кетіп жатыр. Әсіресе сотта ірі алпауыт компаниялармен айтысып, мемлекет қазынасына миллиардтаған теңге қайтарған тәжірибелі заңгерлер мен салықшыларды бизнес өкілдері жоғары жалақы ұсынып, өзіне тартып алуда.


Экс-депутаттың айтуынша, ел мүддесін қорғайтын майталман мамандар кеткеннен кейін мемлекеттік органдар сотта дәрменсіз күй кешеді. Қалған тәжірибесіз қызметкерлер ірі корпорациялар жалдаған мықты адвокаттарға қарсы тұра алмай, тек ресми қағазды оқып берумен шектеледі.

Әбенов мұнымен тоқтаған жоқ. Тағы бірнеше тың мәлімет айтты. Толығырақ осы тұста.

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍48❤15💯7👏4
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Қатаң жазаланады: Бозымбаев Каспийдегі сарбаздардың қазасына қатысты мәлімдеме жасады...

Маңғыстау облысындағы трагедиядан кейін шұғыл құрылған Үкіметтік комиссия жетекшісі, премьердің орынбасары Қанат Бозымбаев арнайы мәлімдеме жасады. Вице-премьер қайғылы оқиғаға жол берген барлық лауазымды тұлға ең қатаң жазаға тартылатынын жеткізді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Үкімет өкілі қайғылы жағдайға кінәлілерге қатысты ұстанымын нақты жеткізді:

«Қайғылы оқиғаға кінәлі әрбір лауазымды тұлға заңға сәйкес ең қатаң жазасын алады», – деп мәлімдеді Қанат Бозымбаев.


Үкіметтік комиссия басшысы марқұм сарбаздардың жақындарына мемлекет тарапынан толық материалдық және өзге де қажетті әлеуметтік көмек берілетінін хабарлады. Қолдаудың өз уақытында әрі нақты көрсетілуін өзі тікелей қадағалайтынын айтты.

Сонымен қатар вице-премьер тергеу органдарының қылмыстық іс бойынша жүргізіп жатқан барлық іс-қимылдарын жеке бақылауында ұстауға уәде берді.

Қайғылы оқиға 24 қыркүйек күні Каспий теңізі жағалауындағы жоспарлы әскери оқу-жаттығу барысында болған. Ауа райының кенеттен бұзылып, екпінді дауылдың тұруынан 17 әскери қызметшіні ағыз ашық теңізге алып кетті.


Соңғы деректер бойынша, 12 сарбаз көз жұмды, үшеуі құтқарылып, қалған екі адамды іздестіру шаралары әлі де жүріп жатыр. Бүгін елімізде Мемлекет басшысының өкімімен Жалпыұлттық аза тұту күні жарияланған. Ақтау гарнизонында Бас прокуратура қозғаған қылмыстық іс бойынша ведомствоаралық жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😢23🕊6👍4❤2🔥1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😢26🙏6❤2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Каспийдегі сарбаздар қазасы: Қорғанмин-нің 5 бірдей лауазымды тұлғасы қамауға алынды

Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты Қорғанмин-нің жүйесіндегі жоғары және аға басшылық құрамның 5 бірдей лауазымды тұлғасы ұсталды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Ұсталғандар арасында кімдер бар?

Құзырлы органдардың мәліметінше, қолға түскен офицерлерге ауыр зардапқа әкеп соққан қызметке салғырт қарау және кеме жүргізу ережесін өрескел бұзу бойынша айып тағылып отыр.

Күдікті ретінде қамауға алынғандардың қатарында:

- Әскери-теңіз күштері Бас қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы;

- Екі әскери бөлімнің командирлері;

- Теңіз жаяу әскері ротасының командирі;

- Әскери катердің командирі бар.

Барлық 5 лауазымды тұлғаға ресми түрде күдікті мәртебесі берілді. Қазір олар Ақтау қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Төтенше жағдайдың мән-жайы

Адам өліміне әкеп соққан оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шараcын Ішкі істердің Әскери-тергеу басқармасы жүргізіп жатыр.

Қайғылы оқиға 24 қыркүйек күні Ақтау қаласынан 43 шақырым жердегі Каспий теңізі жағалауында орын алған. «Хазар қорғаны – 2026» оқу-жаттығуы кезінде қолайсыз ауа райына қарамастан, «Қайсар» катерінен жеке құрамды жағаға түсіру операциясы жүргізілген.


Салдарынан екпінді дауыл мен жойқын толқын сарбаздарды ашық теңізге алып кеткен.

Тергеу нені анықтайды?

Қазір жедел-тергеу тобы жауынгерлік тапсырманы ұйымдастыру және өткізу кезінде шешімдердің қалай қабылданғанын жан-жақты тексеруде.

Атап айтқанда:

- Оқу-жаттығу кезіндегі қауіпсіздік талаптарының сақталуы;

- Гидрометеорологиялық ахуалдың және ауа райының ескерілуі;

- «Қайсар» катерінің техникалық жарамдылық жағдайы;

- Жеке құрамның амандығына жауапты командирлердің нақты әрекеттері толық тексеріледі.

Тергеу барысы Ішкі істер мен Бас прокуратураның ерекше бақылауына алынған.

Видео: policia.kz

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍22❤10💯4😱3🤬1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Жауапкершіліктен жалтармаймыз: 14 сарбазынан айырылған Қорғаныс министрі мәлімдеме жасады...  

Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу кезінде опат болған әскери қызметшілердің қазасына қайғырып, көпшілікке үндеу жолдады. Ведомство басшысы оқиғаға кінәлілер заң алдында жауапқа тартылатынын жеткізді деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Қоғам тарапынан әскер басшылығына қойылып отырған сыни сауал мен талаптарды толық түсінетінін жеткізген ол ведомствоның жауапкершіліктен қашпайтынын атап көрсетті.

«Бүгін елімізде жалпыұлттық аза тұту күні. Өз атымнан, Қорғаныс министрлігі және Қарулы күштердің бүкіл жеке құрамы атынан қаза тапқан әскери қызметшілердің ет жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Отбасылардың қайғысын түсінемін. Қоғамның бізге қойып отырған талап-сұрақтарын да түсінемін. Біз жауапкершіліктен жалтармаймыз. Ата-аналардың бізге өз ұлдарын сеніп тапсырғанын, ал бүгін орны толмас қазаға ұшырап отырғанын жеткізу маған да өте ауыр тиіп отыр. Оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Осы жағдайға байланысты кінәлі адамдар жауапқа тартылатын болады», – деді Дәурен Қосанов.


Атап өткеніндей, Қорғанмин марқұмдардың отбасыларымен тікелей байланыс орнатқан. Мемлекет тарапынан зардап шеккен әр шаңыраққа жан-жақты көмек көрсетіледі.

Министр сөзінің соңында марқұмдардың жақындарына сабыр тілеп, көңіл айтуын түйіндеді.

«Қара жамылған отбасылармен үнемі байланыстамыз. Оларға барлық қажетті көмек көрсетіп жатырмыз. Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары мен қоғам алдындағы міндетімізді түсінеміз. Арыстай азаматынан, ұлдарынан айырылған әр отбасының қайғысына ортақпын. Әскери міндетін атқаруда қаза тапқан азаматтарымыздың жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын», – деп түйіндеді Қосанов.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😡33🕊8❤2🤡2🤔1😱1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Басымды иіп, кешірім сұраймын: Қорғаныс министрі қаза тапқан сарбаздардың шаңырағына барды...

Президент Тоқаев Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына арнайы көңіл айту жеделхатын жолдады. Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов қара жамылған шаңырақтарға арнайы барып, марқұмдардың туған-туыстарына көңіл айтып, әскерилердің алдында басын иетінін жеткізді деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Қаралы шаңырақта көпшілікпен бірге тізе бүккен министр орын алған ауыр қаза үшін кешірім сұрап, жағдайға жауаптылардың ешқайсысы жазасыз қалмайтынын ашық айтты.

Ведомство басшысы қазаның күллі елге ортақ екенін жеткізіп, марқұмның жақындарына сабыр тіледі.

«Құрметті ата-аналары, туысқандары! Мен Қорғаныс министрімін. Басымды иіп, сіздердің алдарыңызға көңіл білдірейін деп келдім. Қайғы сіздердікі ғана емес, күллі қазақ елінің қайғысы. Кешіріңіздер... Балаларыңыз үшін сабыр сақтаңыздар. Қаза тапқан азаматтарымыздың жатқан жері жәннатта болсын. Барлық кінәлі адамдар жазасына тартылады, соны біліңіздер», – деді Дәурен Қосанов.


Қаралы отбасыға президент Тоқаевтың көңіл айту жеделхаты оқылып, ресми түрде табысталды. Мемлекет басшысы Отан алдындағы антына адал болған марқұм жауынгерлердің есімі ұмытылмайтынын, олардың мем.наградаға ұсынылатынын мәлім етті.

«Бүкіл халқымыз сіздермен бірге аза тұтып отыр. Менің тапсырмам бойынша оқыс оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтайтын үкіметтік комиссия құрылды. Кінәлілердің барлығы заңға сәйкес жазасын алады. Сіздерге жан-жақты көмек пен қолдау көрсетіледі. Аталған мәселе менің тікелей бақылауымда болады. Қайғыларыңызға ортақпын. Қиын сағатта әулеттеріңізге сабыр тілеймін. Бекем болыңыздар», – делінген Мемлекет басшысының жеделхатында.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💩18👍9❤5🤔3😢3🙏2💯1
⚡️Каспийдегі қаралы қасіреттен соң: Тоқаев Қорғаныс министрін қызметінен алды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Дәурен Қосанов Қорғаныс министрі қызметінен босатылды. Жоғары лауазымды шенеуніктің қызметінен кетуі Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу кезінде 14 әскери қызметшінің қаза табуынан кейін орын алды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Ресми хабарламада отставканың нақты себебі аталмағанымен, қоғамда мұндай қадам соңғы күндері теңізде орын алған қайғылы оқиғаның тікелей салдары деп бағалануда.

Министрдің қызметтен босатылуына 24 қыркүйекте Каспий теңізі жағалауында өткен «Хазар қорғаны – 2026» жоспарлы оқу-жаттығуы кезіндегі төтенше жағдай себеп болды. Ақтаудан 43 шақырым жердегі полигонда ауа райының кенеттен бұзылуы салдарынан «Қайсар» әскери катерінен жағаға түсірілген 17 жауынгерді екпінді толқын ашық теңізге алып кеткен еді.

Нәтижесінде 14 сарбаз қаза тауып, үшеуі аман қалды. Ел Президенті 25 қыркүйекті елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаған болатын. Қоғам мен әлеуметтік желі қолданушылары, сондай-ақ бірқатар саясаткерлер қорғаныс саласының басшылығын қарамағындағы сарбаздардың қазасы үшін моралдық жауапкершілікті мойнына алып, отставкаға кетуге шақырған еді.


Аталған іс бойынша Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің жедел-тергеу тобы қызметке салғырт қарау және кеме жүргізу қағидаларын бұзу баптары негізінде қылмыстық іс жүргізуде.

Қазірдің өзінде Қорғаныс министрлігі жүйесіндегі жоғары және аға офицерлік құрамның бес бірдей өкілі қамауға алынды. Олардың арасында Әскери-теңіз күштері Бас қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы, екі әскери бөлімнің командирлері, теңіз жаяу әскері ротасының командирі мен әскери катердің жетекшісі бар.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏30❤5👍5🔥3💯2
⚡️Несиеге дейінгі жеті аялдама: Онлайн кредит бұрынғыдай оңай берілмейді...

1 қазаннан бастап банктер мен микроқаржы ұйымынан (МҚҰ) онлайн несие алу ережесі ресми түрде өзгерді. Енді интернет арқылы кепілсіз несие немесе микроқарыз рәсімдеу үшін бірнеше батырманы баса салу жеткіліксіз, клиент міндетті түрде арнайы сауалнамадан өтуге тиіс, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Қаржы нарығын реттеу агенттігі бекіткен жаңа талап, ең алдымен, алаяқтың арбауына түсіп қалатындарды қорғауға және несиені қайта қаржыландыру (рефинансирование) кезіндегі былықты тыюға бағытталған.

7 сұрақтан тұратын сүзгі: банк сізден нені білгісі келеді?

Бұрын алаяқтар телефон шалып, өзін «Ұлттық қауіпсіздік қызметкерімін» немесе «банктің қауіпсіздік бөліміненмін» деп таныстырып, адамды өз атынан несие алып, ақшаны «қауіпсіз шотқа» аударуға оп-оңай көндіретін. Азаматтар психологиялық қысыммен 5 минуттың ішінде миллиондаған қарызға батып шыға келетін.

Енді бұған тосқауыл қою үшін кез келген онлайн қарыз аларда алдыңыздан 7 сұрақ шығады. Банк сізден мынаны сұрайды:

❤️ Несие алуды сізге кім ұсынды?

❤️ Өтінішті өз еркіңізбен беріп отырсыз ба, әлде біреудің айтуымен бе?

❤️ Ақшаны нақты қандай мақсатқа жұмсайсыз?

❤️ Шарттың пайызымен, қайтару кестесімен таныстыңыз ба?

❤️Біреу сізге қысым көрсетіп, «тез ал» деп асықтырып жатқан жоқ па?

❤️ Кредит алып жатқаныңызды туысыңыздан немесе банк қызметкерінен жасыруға кеңес берілді ме?

❤️ Сізге жақында біреу қоңырау шалып: «Шотыңызға қауіп төнді, ақшаңызды құтқару керек» деді ме?

Егер жауаптан титімдей болса да күдік туса, банк автоматты түрде ақша аударуды тоқтатады. Клиентпен қайта байланысып, биометриялық тексеруден өткізеді, нөмірдің кімге тиесілі екенін тексереді. Қауіп сейілмейінше, несие берілмейді.

Қайта қаржыландыру (рефинансирование): ақша қолға берілмейді

Тағы бір өте маңызды өзгеріс кредиттерді біріктіру немесе пайызды төмендету мақсатында жасалатын қайта қаржыландыруға қатысты.

Бұрын қалай еді? Мысалы, сіздің пәленше банкте 1 млн теңге қарызыңыз бар делік. Пайызын жеңілдету үшін түгенше банктен арзанырақ несие рәсімдейсіз де, ақша қолыңызға түскенде көңіліңіз ауып, оны ескі несиені жабуға емес, той жасауға немесе басқа шығындарға жаратып жібересіз. Нәтижесінде бұрынғы бір қарыздың үстіне екінші қарыз жамалып, борыш екі есеге артатын.

1 қазаннан бастап бұл «қулық» өтпейді:

❤️ Егер сіз ескі қарызды жабу үшін жаңа банктен қайта қаржыландыру алсаңыз, ол ақша сіздің қолыңызға немесе картаңызға мүлдем түспейді.

❤️Жаңа банк сіздің келісіміңізбен қаражатты тікелей бұрынғы қарызыңыз тұрған банкке немесе микроқаржы ұйымына аудара салады.

❤️Ақша түскен бойда ескі қарыз 5 күннің ішінде автоматты түрде жабылады. Сізден ешқандай қосымша өтініш сұралмайды.

Бұдан кім ұтады, кімге қиын болады?

Көшедегі ата-апаларды адамдарды алдап ақша табатын қылмыстық топтарға үлкен соққы тиді. Себебі құрбанын «гипноздап», лезде ақша аудартып алатын жылдамдық енді жоқ, банктер клиентті сауалнамамен тоқтатып, ойлануға уақыт береді.

Сондай-ақ банктер енді онлайн несиенің барлық деректерін (қоңыраулар, хаттар, биометрия) кемінде 5 жыл сақтауға міндеттелді. Бұл кейін сотта шындықты дәлелдеуді жеңілдетеді.

Ал үнемі несие алып, оны басқа несиемен жауып, артық қаражатты басқа жаққа жұмсап үйренген тәртіпсіз борышкерлер үшін жағдай күрделене түсті. Енді қаржы тек нақты мақсатқа жұмсалады.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥15👍14❤4👏4💯1
⚡️ «14 қаруластың аманаты»: Каспийдегі апаттан аман қалған үш сарбаз үйіне оралды...

Каспий теңізінде өткен әскери оқу-жаттығу кезінде ажал аузынан аман қалған үш сарбаз мерзімді әскери қызметін аяқтап, үйіне оралды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Әскери-теңіз күштерінің матростары Ақжол Темірхан, Қуандық Бекет және Никита Удалов туған жеріне жетті. Бірақ бұл жолы әскерден қайтқандарды әдеттегідей ән-күй мен салтанатты марш емес, ауыр үнсіздік пен көз жасы қарсы алды. Олар өзімен бірге суға кеткен 14 қаруласының ауыр естелігін арқалап қайтты.

Аман қалғандардың бірі, Жаңаөзен қаласының 19 жастағы тұрғыны Ақжол Темірхан ауруханадан жақында ғана шыққан. Ол Маңғыстаудан шақырылып, сол оқиғадан тірі қалған жалғыз жауынгер. Ақжол ауылына орала салысымен ата-анасымен бірге қаза тапқан барлық 14 жолдасының отбасына арнайы барып, жеке көңіл айтуды ұйғарған.


Атыраулық Қуандық Бекет пен Батыс Қазақстанның тумасы Никита Удалов та жақындарымен қауышты. Вокзалдағы туыстарымен құшақтасқан сәттері әлемжеліде тарап, елдің қабырғасын қайыстырды.

Еске сала кетейік, 24 қыркүйекте Каспийдегі жаттығу кезінде күрт көтерілген қатты дауыл 17 әскери қызметшіні ашық теңізге алып кеткен-ді. 14 сарбаз мерт болып, тек осы үш жауынгер аман құтқарылды. Тоқаевтың жарлығымен оларға «Ерлігі үшін» медалі берілді, ал қаза тапқандарға марапат марқұм болған соң табысталды.

Ашығын айтқанда, трагедия тек 14 шаңырақтың қара жамылуымен шектелмейді. Каспийдегі жағдай бейбіт күнде сарбазын сақтай алмаған әскери жүйенің былығын жайып салды. Президент Қорғаныс министрі Дәурен Қосановты бірден қызметінен қуды.


Қазір әскери бөлім мен катер командирлері, тіпті Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының бірінші орынбасарына дейін қамауда отыр.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😢20❤9👍3😁1🙏1
⚡️ Қорғанминнің 50 нысанында шұғыл аудит: Тоқаев Смайыловқа тексерісті үдетуді жүктеді...

Қорғаныс министрлігіне қарасты 50 нысанда, оның ішінде 48 әскери бөлімде бюджет қаржысының жұмсалуы мен техникалық жағдайға қатысты жоспардан тыс шұғыл аудит жүргізіліп жатыр деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Президент Тоқаев Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдап, ведомстводағы тексеру жұмысының барысын тыңдады. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Бас аудиторға Қорғанминдегі аудитті тыңғылықты жалғастыруды және қадағалау тетіктерін түбегейлі жетілдіруді нақты жүктеді.

Бұл жолғы аудиттің ауқымы мен сипаты мүлде бөлек. Ревизияны сапалы жүргізу үшін мемлекеттік аудит саласының білікті мамандарымен бірге байланыс және IT саласының тәуелсіз сарапшыларынан арнайы жедел топ құрылған. Тексерушілер әскери бөлімшелердің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін, жеке құрамның жауынгерлік дайындығын, инфрақұрылымның жай-күйін және қару-жарақты жаңғыртуға бөлінген қаржының қайда кеткенін тікелей сүзгіден өткізуде.


Әлихан Смайылов мемлекеттік қорғаныс тапсырысы бойынша жүргізілген кезеңдік аудиттің аяқталғанын да жеткізді. Оның қорытындысы бойынша анықталған заңбұзушылықтарды жою үшін Үкіметке және тиісті органдарға 57 нақты ұсыным мен тапсырма жолданған.

Ашығын айтқанда, әзіргі ауқымды тексеріс кездейсоқ басталған жоқ. Бұған дейін Маңғыстау облысындағы Каспий теңізінде өткен оқу-жаттығу кезінде 14 әскери қызметші қаза тауып, елді дүр сілкіндірген еді. Соның артынша Бас қолбасшы мен екі вице-министр қызметінен қуылды. Ендігі кезек тек кадрлық тазартумен шектелмей, армияның қаржылық қуыс-қалтарысын түгел ақтаруға ұласқан сыңайлы.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏27👍8❤6💯3🔥2🤮2
⚡️ Маңғыстау қасіретінен кейінгі тергеу: Тоқаев Балаеваның есебін тыңдады...

Маңғыстаудағы теңіз жаттығуы кезінде 14 әскери қызметшінің қаза табуы Қазақстанның Қарулы күштерінде жылдар бойы қордаланған жүйелі дағдарыстың бетін ашты. Жүргізілген алғашқы тексеріс қорытындысымен бірден 13 қылмыстық іс тіркеліп, бес лауазымды тұлға қамауға алынды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Президент Тоқаев әзірде ғана Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Аида Балаева басқарған арнайы комиссияның алғашқы есебін тыңдады. Қосанов?

Ақорда таратқан ақпаратқа сүйенсек, Каспийдегі трагедияға бұрынғы басшылық тарапынан әскери шараларды жоспарлау кезінде жіберілген өрескел қателіктер мен тиісті бақылаудың болмауы тікелей себеп болған.


Тергеу кезінде десант түсіруді ұйымдастыру, қауіп-қатерді алдын ала бағалау және сарбаздардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүлдем талапқа сай жүргізілмегені әшкереленді. Қылмыстық салғырттық фактісі бойынша қазірдің өзінде 5 лауазымды тұлға қамауда отыр.

Бірақ мәселе тек бір жаттығудың былығымен шектелмейді. Тексерудің бірінші кезеңінде-ақ мемлекет мүлкін жымқыру, қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану және әскердегі әлімжеттік деректері бойынша 13 қылмыстық іс ашылды. Жеке құрамға күш қолдану мен жарғыдан тыс қарым-қатынастар әлі күнге дейін тыйылмай тұрғаны ресми деңгейде расталды.

Айта кетелік, 24 қыркүйек күні болған апаттан кейін Президент Қорғанмин Дәурен Қосановты қызметінен босатып, орнына Айдос Мырзахметовті тағайындаған еді. Енді жаңа басшылық пен комиссия армияны түбегейлі реформалау жоспарын дайындауы тиіс.


Ашығын айтқанда, осынау тексеріс қорғаныс жүйеміз тек сыртқы қауіпке ғана емес, өз ішіндегі жауапсыздық пен жемқорлыққа да дәрменсіз екенін көрсетті. Бейбіт күнде командирлердің қателігінен 14 сарбаз толқынға жұтылып кетсе, ел тыныштығын кімге сеніп тапсырамыз деген сауал бүкіл қоғамды мазалап отыр.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💯27😢6❤5😱2💩2
⚡️ Семей тағы да үлгермеді: Бектенов Абай облысы әкімінің орынбасарын жазалауды тапсырды...

Қазақстанда жылыту маусымы ресми түрде басталғанымен, барлық өңір бірдей қысқа дайын болып шықпады. Абай облысы жылу желілерін белгіленген мерзімде тапсыра алмай, Үкіметтен сөгіс естіді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Премьер Бектеновтің мәлімдеуінше, еліміз бойынша барлық жылу көздері мен инженерлік желілер 1 қазанға дейін толық дайын болуға тиіс еді. Алайда Абай облысы осы қатаң талапты бұзып, бекітілген кестеге сыймай қалған.


Семейдегі жылу желілерін жөндеу және жаңғырту жұмыстарының дер кезінде аяқталмауы салдарынан Үкімет басшысы облыс әкімінің осы салаға жауапты орынбасарын тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырды.

Ашық дереккөздер мен облыстық әкімдіктің құрылымына көз жүгіртсек, өңірде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен энергетика мәселелерін әкімнің орынбасары Бекжан Бапышев қадағалайды. Демек, негізгі жауапкершілік те тікелей осы шенеуніктің мойнына ілінбек.


Айта кетелік, Семейдің жылу жүйесі соңғы жылдары еліміздегі ең осал әрі проблемалы нүктелердің бірі болып қалып отыр.

Біздіңше, тәртіптік жаза әрі кетсе, сөгіс қана. Бірақ қыстың қақаған аязында тоңып отыратын қарапайым тұрғындар үшін әкім орынбасарының сөгіс алғанынан үйі жылып кетпейді. Мәселе нақты нәтижеде.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍21❤2🔥1😁1😱1🤮1💯1
⚡️ Мешіттегі қамшы: сауат ашу лагерінде шәкірттерін сабаған ұстаз қызметтен қуылды

Алматы облысы Қарасай ауданындағы «Түркістан-1» мешітінде діни сауат ашу курсына келген жасөспірімдерді аяусыз ұрып-соққан оқытушы жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Желіде тараған бейнебақылау камерасының жазбасынан мұғалімнің сыныптағы жасөспірімдерді бірнеше мәрте ұрып, тіпті қамшыға ұқсас затпен аяусыз сабағанын анық көруге болады. Рухани тәрбие береді деген орындағы бассыздық қоғамда үлкен резонанс тудырды.


Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оқиға маусым айының басында «Имани жаз» сабақтары кезінде болғанын мойындады. Мүфтияттың түсіндіруінше, оқушылар өзара кикілжіңге түскенде, оқытушы Дүйсехан Нұрберді оларды тәртіпке шақырмақ болып, «эмоцияға беріліп, педагогикалық әдепке сай келмейтін әрекетке жол берген».

Оқиға желіге тарағаннан кейін мешітте шұғыл жиын өтіп, ұстаз кінәсін мойындап, ата-аналардан кешірім сұраған.

Ресми хабарламада тіпті ата-аналардың да оған еш шағымы жоқ екені, мұны жазбаша және бейнежазба түрінде растағаны айтылады. ҚМДБ бұйрығымен ол жұмысынан дереу босатылды.


Ашығын айтқанда, бала құқығы аяққа тапталған мұндай ауыр фактіні «ата-ана кешірді» немесе «эмоцияға берілді» деген сөзбен жылы жауып қою өте қауіпті үрдіс. Мешіт қабырғасындағы зорлық-зомбылыққа тек тәртіптік шара емес, құқық қорғау органдары тарапынан да нақты құқықтық баға берілуі керек.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍14😱7😁4❤3🔥1😢1
⚡️ 14 сарбаздың қазасы: Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы қамауға алынды

Қазақстан Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы қызметіне салғырт қарағаны үшін ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Ішкі істердің әскери-тергеу басқармасы бұған Каспий теңізіндегі жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты қозғалған қылмыстық іс аясында барып отыр. Қамауға алынған 1-дәрежелі капитан шеніндегі бұрынғы главком.

Айта кетейік, жақында ғана Президент өкімімен Қанат Ниязбеков Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылған еді. Онымен бірге қорғаныс министрінің екі орынбасары да қызметінен қуылған-тын.


Еске салсақ, 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында өткен оқу-жаттығу кезінде күтпеген жағдайда 17 әскери теңізге ағып кеткен. Олардың тек үшеуі ғана аман құтқарылып, 14 сарбаз ажал құшты.

Қазір осы факт бойынша жан-жақты тергеу жүріп жатыр: қауіпсіздік шараларының сақталуы, ауа райының ескерілуі және құтқару жұмыстарының ұйымдастырылуы тексерілуде. Осыған дейін Қарулы күштердің бес лауазымды тұлғасы ұсталып, күдікті деп танылған еді. Енді сол тізімнің басына бұрынғы бас қолбасшының өзі шықты.

Ашығын айтқанда, Каспийдегі трагедия қорғаныс саласындағы жүйелі проблемалардың бетін ашып берді. Тоқаев қатысқан соңғы жиында ведомстводағы тексеріс қорытындысы бойынша бірден 13 қылмыстық іс қозғалғаны айтылды. Мемлекет мүлкін жымқыру, қызмет бабын асыра пайдалану, әлімжеттік пен тәртіпсіздік мұның бәрі жылдар бойы жиналған іріңдей ашылып жатыр.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥15👍8👏6❤3💯2🤔1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Жат елдің соғысына айдалған қазақтар: Қайсардың жанайқайы Ақордаға жетті

Ресейге жұмыс істеуге барып, артынша мәжбүрлі түрде әскери келісімшартқа отырғызылған 19 жастағы Қайсар Алмаз шұғыл бейнеүндеу жариялап, мемлекет басшылығы мен құзырлы органдардан араша сұрады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Оның айтуынша, Ресей аумағында бір топ отандасымыз ашықтан-ашық алданып, тұзаққа түскен. Жастарды күшпен құжатқа қол қойғызып, соғыс қимылдары жүріп жатқан аймаққа аттандыруға дайындап жатыр.

«Біз алданып қалдық. Ешқайсымыз өз еркімізбен майданға баруды қалаған жоқпыз. Бізді мәжбүрлеп, күштеп құжаттарға қол қойғызды. Бізбен бірге келген он бес шақты адам бар еді, қазір он шақтысы ғана қалды. Күн сайын жігіттерді өз еркінен тыс соғысқа алып кетіп жатыр», – дейді Қайсар.


Ең қауіптісі - уақыт тығыз. Майдан шебіне айдауға небәрі 3 күн қалған. Қазақстандық жастар елшілік пен жергілікті заңгерлерге 10 күн бұрын хабарласқанымен, ресми өкілдерден «сабыр сақтаңдар, жауап күтіңдер» дегеннен басқа нақты әрекет көрмеген.

«Бізді соғысқа аттандыруына небәрі үш-ақ күн қалды. Елшілік он күннен бері тек күтіңдер деп келеді. Бір-екі күнде алып кетеміз дегеніне он күннен асты. Нақты нәтиже жоқ», – деп дабыл қақты ол.

Жігіттер жат елдің саяси мүддесі үшін оққа байланғанша, елге жетіп жаза арқалауға да дайын екендерін ашық білдірді:

«Біз басқа жерде соғысып өлгенше, өз жерімізде өлгеніміз артық. Егер елге жеткізіп, уақытша ұстау изоляторына апарса да, сол жақта отырып шешімді күтуге бармыз. Тек майданға аттандырмаса екен. Барша қазақ елінен, ҰҚК төрағасынан, СІМ-нен және президент Тоқаевтан көмек сұраймыз».


Ашығын айтқанда, бұл алғашқы дабыл емес. Бірақ жағдайдың критикалық шекке жеткені сонша, есеп сағатпен жүріп жатыр. Ақорда? Егер үлкен үй қазір шұғыл дипломатиялық және арнайы каналдарды іске қоспаса, үш күннен кейін өз азаматтарымызды бөтен елдің окопынан бір-ақ табуымыз мүмкін.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱20🤬13🙏6❤3🔥3😢2
⚡️ Соғыс даласында қалған қазақтар: СІМ Мәскеумен келіссөз бастады

Әлеуметтік желіде Ресейдегі әскери қақтығыс аймағына тап болған отандастарымыздың видеоүндеуі тарағаннан кейін Сыртқы істер министрлігі шұғыл шараларды қолға алды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Қазіргі уақытта дипломаттар майдан шебінде жүрген азаматтарды елге аман-есен қайтару үшін жан-жақты келіссөз жүргізіп жатыр.

Министрліктің мәліметінше, арнайы жедел желіге хабарламалар толассыз түсуде. Әр азаматтың жағдайы жіті тексеріліп, нақтыланғаннан кейін толық тізім ресми түрде ресейлік тарапқа тапсырылмақ.


«Ақпараттың әрқайсысы жеке қаралады. Тексеріс аяқталған соң қалыптасқан тізім Ресей жағына жіберіледі. Бұл мәселе бойынша түрлі деңгейде тұрақты байланыс орнатылған», – деп хабарлады ведомство өкілдері.

СІМ-нің ресми өкілі Жанболат Үсенов бұл жағдайға министрлік аса жауапкершілікпен әрі байыппен қарап отырғанын атап өтті. Оның сөзінше, шетелдегі қазақстандықтардың құқығы мен өмірін қорғау басты басымдық.

Сондай-ақ еліміздің бұған дейін де әлемнің түрлі қақтығыс аймақтарынан өз отандастарын елге қайтару бойынша нақты практикалық тәжірибесі бар екені еске салынды.


Біздіңше, бұл процесс оңай болмайды. Азаматтардың ол жаққа қандай жолмен, қандай шартпен түсіп қалғаны өз алдына, Ресей заңнамасы мен майдан шебіндегі жағдай дипломаттардан өте үлкен ерік-жігерді талап етеді.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍26❤4🙏4🤔3😢2
⚡️«Ет комбинаты деп алдаған»: Кремльдің соғысына тартылған қазақтарға қатысты тың мәлімет тарады

Ресейге жұмыс істеуге кеткен қазақтар майдан шебінен бір-ақ шықты. Олардың аналары билікке үндеу жасап, балаларының алдау немесе бопса арқылы әскери келісімшартқа отырғанын айтып, оларды елге қайтаруды сұрауда, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Көпбалалы ана Гүлжан Ташарғанованың 25 жастағы ұлы Мирас тамыз айында Ресейге ет комбинатына қаптаушы болып жұмысқа кеткен. Бір айдан кейін ол соғысқа бара жатқанын хабарлаған. Анасының сөзінше, жігітке тіпті келісімшартты оқуға да мұрша бермей, «күзет агенттігіне барасың» деп бос қағазға қол қойғызып алған.


Дәл осындай жағдай Астанадан кеткен 27 жастағы Ақылбек Телманның да басына түскен. Ол шұжық цехына бардым деп, артынша Луганскіде жүргенін айтқан. Анасы Ақмарал Әбілғазина ұлын «қол қоймасаң, түрмеге жабамыз» деп қорқытып, мәжбүрлегенін жеткізіп отыр.

Шымкенттік Нәзира Болысованың ұлы құс фабрикасына кетіп, жақында ғана госпитальден анасына дыбыстық хабарлама жолдаған екен:

«Анашым, маған оқ тиді. Қолыма тиді. Көп қан жоғалттым, тірі қаламын деп ойламадым...»


Шыны керек, бұл кездейсоқ емес, нақты жолға қойылған схемаға ұқсайды. Әлеуметтік қорғалмаған, заңдық сауаты төмен жастар нәпақа іздеп барады да, қысымға шыдамай, біреудің соғысының жеміне айналады.

Мәселеге Сыртқы істер министрлігі ресми жауап берді. Ведомствоның қазақтарды қақтығыс аймағынан қайтару тәжірибесі барын және ресейлік тараппен консультация жүріп жатқанын мәлімдеді:

«Азаматтарды құқықтық тұрғыдан қорғау үшін министрлікке олардың толық аты-жөні, туған күні, шамамен жүрген жері және жасасқан еңбек келісімшарттарының шарты туралы нақты мәлімет қажет. Отандастарымызды қайтару бойынша бірлескен шараларды пысықтау үшін Кремльмен келіссөз жалғасуда».


Қазіргі таңда барлық өтініш бойынша арнайы тізім жасақталып, тексерістен кейін Ресей билігіне тапсырылмақ. Елшіліктерде шұғыл байланыс желі іске қосылған. Алайда майдан даласындағы әр күн мен сағат шешуші болуы мүмкін.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱21🤬17❤6👍3😢2🤔1🙏1
⚡️ «Қазақ тілін білмей-ақ күн көруге болады»: Алматыдағы «гидтің» сөзін енді полиция тексереді...

Ресейлік блогерге Алматыны аралатып, Қазақстанның тарихы мен қазақ тілі туралы даулы мәлімдемелер жасаған Татьяна есімді келіншектің ісін полиция тексеретін болды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Бұған дейін ресейлік блогер Сергей Григорьев-Аполлоновпен түсірілген видеода гид Алматыда қазақ тілін білмей-ақ еркін өмір сүруге болатынын, тілдің қажеттілігі шамалы екенін айтып, тіпті ел тарихына қатысты сыңаржақ пікір білдірген. Бұл ма, бұл желі қолданушыларының наразылығын тудырған-тұғын.


Қоғамдық резонанстан соң Туризм және спорт министрлігі ресми мәлімет жинап, барлық материалды Ішкі істерге жолдағанын мәлімдеді. Nege.kz-тегі әріптестердің хабарлауынша Алматы қалалық туризм басқармасы Татьянаны шақыртып, одан түсініктеме алған.

Қызығы сол, ведомство өкілдері оны кәсіби гид емес, бар болғаны «таныстарының өтініші бойынша экскурсия өткізген адам» деп түсіндіруге тырысты. Бірақ Татьянаның өзі дәл осы блогерге берген сұхбатында туризм саласында үш жылдан бері кәсіби гид болып жұмыс істейтінін мақтана айтқан еді.


Шыны керек, осы оқиға Қазақстандағы экскурсия саласының қаншалықты бақылаусыз қалғанын дәлелдеп отыр. Елімізге келетін мыңдаған шетелдікке мемлекет тарихын, тілін, салт-дәстүрін кім қалай түсіндіріп жатқанын осы уақытқа дейін ешкім қадағаламаған.

Даудан кейін Туризм министрлігі гидтер, экскурсоводтар мен туризм нұсқаушыларының жұмыс ережесін қайта қарауға кірісті. Қазір жаңа талаптар «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және салалық қауымдастықтармен бірге талқыланып жатыр.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏43👍20❤6💯5🔥4
⚡️ «Маған поқ..й»: Алматы көшелерін қорлаған блогер абыройдан айырылып, жарнамадан қағылды...

Желіде «Mini Knopka» лақап атымен белгілі блогер Әйгерім Бердалиева Алматы көшелерінің қазақша атауына қатысты дөрекі әрі былапыт жазба жариялап, қоғамда үлкен резонанс тудырды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Блогер әлемжелідегі парақшасында Алматыдағы «Достық», «Наурызбай батыр», «Желтоқсан» сынды көше атауларын менсінбей, қаланың «нағыз тұрғындары» тек кеңестік Ленин, Фурманов, Дзержинский, Мира, Виноградов атауларын қолданатынын айтқан. Мұнымен қоймай, қарсы пікір білдірген оқырмандарға боғауыз сөздер жаудырып, арсыз қимыл көрсеткен.


Бұған Eurasian Fashion Week халықаралық сән апталығының ұйымдастырушылары бірден реакция білдірді. Ұйым ресми мәлімдеме жасап, блогердің ұстанымын қолдамайтындарын және оны барлық жарнамалық материалдардан біржола алып тастайтындарын жеткізді.

«Біз блогердің жеке парақшасында жарияланған пікіріне ешқандай қатысымыз жоқ екенін және оның ұстанымын мүлде бөліспейтінімізді хабарлаймыз. Ол біздің жобаның барлық жарнамалық өнімдерінен өшіріледі», — деп мәлімдеді Eurasian Fashion Week өкілдері Threads желісінде.

Шыны керек, бұл ма, бұл қазақ қоғамында соңғы кезде нақты көрініс таба бастаған этикалық әрі мәдени кәнселингтің (cancel culture) нақты мысалы. Тәуелсіздікке, ұлттық қадір-қасиетке және құрбандардың рухына тіл тигізіп хайп жасаудың бағасы кәсіби бедел мен жарнамалық келісімшарттардан қағылу болуы тиіс.


Айта кетелік, желі қолданушылары аталған блогердің әрекетін ұлтараздықты қоздыру және тарихи жадты мазақ ету деп бағалап, құқық қорғау органдарын да назар аударуға шақырып жатыр.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥40👏12❤8💯5😱3🤬3