Erteńmedia
11K subscribers
3.4K photos
1.21K videos
1 file
3.08K links
✓Қазақ тіліндегі ең танымал телеграм-арна.
✓Ашық ақпарат, анық талдау, астарлы пайым.

™ @kurilkabai_bot
Download Telegram
⚡️ Варшавадағы "тыңшы" қазақ: Польша НАТО-ның құпиясына қызыққан дипломатты тұтқындады...

Польша билігі дипломатиялық мәртебесі бар қазақ азаматын тыңшылық жасады деген айыппен тұтқынға алды.

Бұл туралы бірқатар БАҚ дерекөзге сілтеп хабарлады деп жазады Ertenmedia.

Даудың дәл ортасында қалған дипломат Қазақстанның Украинадағы елшілігінде әскери атташе көмекшісі қызметін атқарған.


Польшаның ішкі қауіпсіздік агенттігінің (ABW) мәліметінше, күдікті наурыз бен шілде аралығында Варшава мен Быдгощ қалаларында астыртын әрекет еткен.

Ресми Варшаваның пайымынша, қазақ дипломаты елдің ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін құпия мәліметтерді жинаумен айналысқан.

Әсіресе, НАТО альянсының әскери инфрақұрылымына қатысты ақпараттарды астыртын жолмен қолға түсірмек болған екен.


Дипломаттың тұтқындалуы 30 шілдеде жүзеге асып, Варшава аудандық соты оны үш ай мерзімге қамауға шешім шығарған. Дегенмен күдікті өзіне тағылған кінәні мойындаудан бас тартып, тек қысқа ғана түсініктеме берумен шектелген. Егер кінәсі дәлелденсе, Польша заңы бойынша 5 жылдан 30 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Оқиғаға қатысты Польшаның премьер-министрі Дональд Туск та пікір білдіріп, ел қауіпсіздігіне қатер төндіргендердің жазасыз қалмайтынын мәлімдеді.

Қазақстанның ресми мекемелері әлі мардымды жауап қатпай отыр. Сыртқы істер министрлігі әскери мәселеге байланысты пікір бере алмайтынын айтып, жауапкершілікті Қорғаныс министрлігіне ысырған.


Польша тарапы ресми хабарламасында күдіктінің нақты қай елдің атынан әрекет еткенін әзір ашып айтқан жоқ. Қазақ дипломатының айыбы нақтыланса, екі елдің арасында үлкен дипломатиялық дағдарыс туу қаупі бар.

Айта кетейік, Қазақстан мен Польшаның дипломатиялық байланысы 1992 жылдан бастау алады. Сауда және парламентаралық әріптестік жыл сайын жанданып, 2023 жылғы екі елдің тауар айналымы 1,23 млрд долларды құраған еді.

Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

📱 Erteńmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍92🤬30❤24😱12🤔5🔥1💯1
⚡️ Жамбылдағы беспредел: әкімнің бейқамдығы, имамның үнсіздігі және өгей әкенің озбырлығы...

Жамбыл облысы Талас ауданына қарасты Көктал ауылында ұзақ жыл бойы өгей әкеден қорлық көрген балалардың оқиғасы өңірдегі заң мен тәртіптің ахуалынан хабар бергендей.

Қазір бұған қатысты қылмыстық іс қозғалып, күдікті екі ай мерзімге қамауға алынды деп жазады Ertenmedia. Контексті айта кетейік...

Осыдан бірнеше күн бұрын малды өріске шығарған үш ағайынды үйге оралмай, ұшты-күйлі жоғалып кеткен. Анасы полицияға арызданғасын, іздеу салынған балалар Алматыдан табылған. Олар туған әкесі мен аналарының әпкесін паналауға мәжбүр болған. Кейіннен ағайындылар Тараздағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жапа шеккендерді қабылдайтын орталыққа жеткізілген.

Белгілі болғандай, олар өгей әкесінен 5 жыл бойы зәбір көріп келген. Жасөспірімдерді ұрып-соғып, телефондарын тартып алып, күнделікті мал бағуға мәжбүрлеген.


Үш ұлдың үлкені, 16 жастағы егіздің сыңары колледжге түскенімен, өгей әкесі оның шәкіртақысын түгелдей өз қалтасына басып, баланы оқуға жібермей қойған. Он жасар Ұзақбай төртінші сыныпта оқуы керек болғанымен, қара танымайды, жазу-сызуға қабілетсіз күйде қалған.

Жәбірленушілердің жақындары бұған ауыл әкімі мен жергілікті имамның қатысы бар деп есептейді. Олардың айтуынша, ауыл әкімі Қайрат мырза мен имам әлгі отбасымен жақын араласқан, жағдайдан хабардан болған. Алайда балалардың тағдырына бас қатырмаған.

"Әкім де, имам да олардың басындағы жағдайды анық білді. Бірақ үнсіз қалды. Той-томалақтың ортасында жүретін олар бейбақтардың көз жасын неге көрмеді? Әкім мен имам да заң алдында жауап беруге тиіс", – дейді балалардың туысы.


Сондай-ақ олар тергеушілердің қылмыстық істі жеңілдетіп жібергеніне наразы.

Полиция "ұрып-соғу, ауыр жұмысқа шегу құлдыққа жатпайды, құлдық тек кісен мен бұғауға таңылған жағдайда ғана болады" деп отыр екен.

Қазір балалар Тараздағы дағдарыс орталығында. Туыстары оларға тиісті көмек көрсетілмегенін айтады. Ағайындылардың туған анасы өгей әкелерінің сөзін сөйлеп шығыпты.

Ербол Қарашөкеев жағдай әбден ушығып, ел ішіне тараған соң ғана қозғала бастады. Облыс әкімі арнайы жұмыс тобын құрып, істің мән-жайын анықтауға тапсырма беріпті.


Полиция іске қатысты тергеу жүріп жатқанын жеткізіп, балаларға қорлық көрсеткен өгей әкенің қатаң жазаға тартыларын мәлімдеп отыр. Балалардың өзі туған әкесімен бірге болуды қалайды. Олар ең кенже бауырын жетімдер үйіне беруге қарсы екенін жеткізіп, қоғамнан араша сұрауда.

Осының алдында Erteńmedia "Қарашөкеевтің тұсындағы Тараз 90-шы жылдарға қайта оралып жатқанын" жазған еді.

Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

📱 Erteńmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱99💯77❤10😢3🔥2
⚡️ Қорытылып кеткен 600 мың теңге: қазақ тойындағы ең қымбат десерттің трагедиялы тағдыры...

Treads-те 600 мың теңгелік торттың төңірегіндегі дау толастамай тұр.

Астаналық кондитер Нұршат Ақбергенова мен Әселина Батыр дейтін блогердің арасындағы батл елді екіге жарған жайы бар деп жазады Ertenmedia.

Нұршат Ақбергенова блогердің тапсырысымен туған күн кешіне салмағы 18 келі болатын ерекше торт әзірлеген. Бір апталық еңбектің нәтижесінде торттың бағасы 600 мың теңгеге шыққан.


Алайда кондитер тапсырыс берушіден алдын ала алған 100 мың теңгеден басқа ақшасын ала алмай жүр.

"Материалдарға ғана өз қалтамнан 440 мың теңге жұмсадым, әр тиынының чегі қолымда тұр. Торттың сапасына, жасалуына ешкімнің шағымы болған жоқ. Бірақ тапсырыс беруші еңбегімді елеген жоқ. Бір апта бойы төрт адам еңбек еттік. Қазір өз ақымды ғана емес, қызметкерлерімнің де ақшасын бере алмай отырмын. Мен екі баланы жалғыз өсіріп отырған анамын. Торттың ақысын күтіп шаршадым", – деді Нұршат Ақбергенова.

Ал Әселина Батыр өз кезегінде торттың бағасын алдын ала білмегенін алға тартып отыр. Блогердің айтуынша, тәттінің бағасын кондитер оған тек шара аяқталғаннан кейін, торт желініп болған соң ғана жіберген.


"Ол жағдайды әсірелеп, халықты маған қарсы қойып отыр. 600 мың теңге туралы алдын ала келіскен жоқпыз. Мен тапсырыстың 100 мың теңгесін алдын ала төледім. Тортты алар сәтте қанша екенін нақты сұрағанымда, "кейін жазамын" деген жауап естідім. Бағаны алдын ала білгенде, мұндай тортқа тапсырыс бермес едім", – дейді блогер.

Кондитер болса, тапсырыс берушінің үнемі ойын өзгертіп, қосымша талап қойғанын айтып ақталуда. Нұршаттың сөзіне қарағанда, бағаның қымбаттығы сол талаппен тікелей байланысты.

Жанжал ушыққан соң Әселина Батыр заңгер жалдап, "жала жабу мен бопсалау" бойынша сотқа арыз әзірлеп жатқанын мәлімдеді.

Оның сөзінше, кондитер бағаны әдейі жасырған.


Желідегі жұрттың пікірі қақ жарылып, қырықпышақ болып жатыр. Бір топ "тауар бағасын алдын ала айту керек еді" деп блогерді жақтаса, келесі тарап "тортты тауысып тастаған соң қымбатсынып отыр" деп кондитерге қолдау білдіруде.

Сіздің ойыңызша, қазақ тойындағы ең қымбат десерттің шын бағасы қанша болуы керек еді?

Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

📱 Erteńmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😁69🔥17❤10😱5👎3
⚡️ Берденов ісінің астарындағы ақша дауы: Шымкент әкімдігі «Тұрғын үй Шымкентті» тергеп жатыр...

Шымкентте «Тұрғын үй Шымкент» компаниясының қызметіне тексеріс басталды. Компанияны бұған дейін қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасады деп айыпталған Ернар Жиембай басқарған деп жазады Ertenmedia.

Дей тұрғанмен қала әкімдігі тексерістің Жиембай ісімен байланысы жоқ екенін мәлімдеп отыр.


Әкімдік өкілдерінің айтуынша, аудит тұрғын үйлерге жасалған жөндеудің сапасын тексеріп, бюджет қаражатының мақсатты жұмсалғанын анықтауға бағытталған.

Ал Ернар Жиембай мен әкім орынбасары арасындағы кикілжің «қаржыға қатысты болды» деген қауесетті әкімдік жоққа шығарды.

«Тұрғын үй Шымкент» компаниясы 2023–2025 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасы бойынша бюджеттен 4 миллиард теңгеден астам қаржы алған.

Биыл компания 15 үйді жөндеп біткен, тағы 10 нысанда жұмыс жалғасуда. Жыл соңына дейін 22 үй толық жаңартылмақ.

Күрделі жөндеуге жауапты мердігерлерді тұрғын үй кеңестері өздері таңдайды. Әкімдік мамандары қаржының барлығы қайтарымды екенін, тұрғындардың төлемдері арқылы бюджетке қайта түсетінін айтып отыр.

«Қаржыландыру мен есеп беру процесі ашық әрі анық жүргізіледі», – деп хабарлады әкімдік.

Сондай-ақ, «Тұрғын үй Шымкентті» тендерге қатысудан шеттету туралы мәселе көтерілмегені белгілі болды. Компанияның құрылтайшысы қала әкімдігі.

Бұған дейін Берденовке қастандық ісі бойынша сот ісінде айыпталушы шендіге шенеунікке мылтық кезеніп, оқ атуының себебін егжей-тегжейлі айтып берген.

Жиембай оқиғаның жұмысқа түк қатысы жоғын, бәрі де жеке бастың мәселесінен, нақтырақ айтқанда қызғаныштан туындағанын мәлімдеген еді.


«Қоғам мұның ақ-қарасын білгені дұрыс. Мұны ел естісе екен деймін. Оқиғаның астарында қызметке қатысты ешқандай дау жоқ, бәріне қызғаныш түрткі болды. Ол келіншегімнің телефонына «сен сұлусың» деген хабарлама жіберген. Бұдан бөлек суретіне де лүпіл басқан», — деген еді ол.

Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

📱 Erteńmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏38😱29🤔7❤5🤯3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Үш жүз қазаққа көмек керек! Депутат Сайыров дабыл қақты...

Ауғанстаннан босып, екі жылдан бері Пәкістанның Карачи қаласын паналап отырған 40 қазақ отбасының тағдыры қыл үстінде тұр деп жазады Ertenmedia.

"Олар кез келген сәтте қайтадан Ауғанстанға кері қайтарылуы мүмкін", деп дабыл қақты Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров.


Бұл туралы депутатқа Карачиде тұрып жатқан Хамит Жорабай есімді қазақ хабарлаған.

Оның айтуынша, екі жыл бұрын Пәкістанды паналап барған үш жүз қазаққа осы елдің Қазақстандағы елшісі қолдау білдіруге уәде берген. Бірақ содан бері ешқандай көмек көрсетілмеген.

Енді Пәкістан билігі босқын мәртебесі жоқ қандастарымызды Ауғанстанға мәжбүрлі түрде қайтармақшы.


"Сыртқы істер министрлігі бұл жағдайдан хабардар. Бірақ олардың айтуынша, қандастарымыздың қолында "қазақ" деген анықтама жоқ. Ол құжатты алу үшін қайтадан Ауғанстанға оралу қажет екен. Егер олар Ауғанстан жеріне қайтатын болса, көретін күні тозақ болатыны сөзсіз", – дейді депутат.

Осыған орай, Ерлан Сайыров үкіметбасы Бектенов пен Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеуге үндеу жолдады. Депутаттың пайымынша, мемлекет қандастарымызға қол ұшын беруге міндетті.

Оларды Қазақстанға көшіріп әкелуге мүмкіндік болмаса, онда бұл мәселені БҰҰ-ның алдына қою керек.

«Үш жүз қазақтың босқын мәртебесін БҰҰ арқылы мойындатудан басқа амал жоқ. Тек солай ғана қандастарымызды аман алып қала аламыз", – деді депутат.

📱 Erteńmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍93💯11❤6👏4🔥2
⚡️ Зеленский Украина аумағын саудаға салуға құқым жоқ деп мәлімдеді...

Украина президенті Владимир Зеленский ел аумағының бір бөлігін Ресейге беру туралы ақпаратты жоққа шығарды деп жазады Ertenmedia.

Бұған дейін батыстың ықпалды басылымы The Telegraph Украина президенті Ресеймен бейбіт келісімге келу үшін территориялық жеңілдіктерге дайын деген ақпарат таратқан еді.

Зеленский «Интерфакс-Украинаға» берген сұхбатында бұл мәліметті толықтай теріске шығарды.


"Мен "Телеграф" журналистерімен тілдескен емеспін. Алайда ақпараттық кеңістіктің қалай дайындалатынын жақсы білемін. Алдымен „Украина жерін айырбастауға дайын“ деген қауесет таратады, одан соң халықтың, блогерлердің, сарапшылардың реакциясын бақылайды. Мұның бәрі ақпараттық алаңды дайындаудың белгілі бір әдісі", – деді ол журналистермен кездесуде.

Зеленскийдің айтуынша, ел аумағын өз қалауы бойынша бөліп беру ешкімнің қолынан келмейді. Бұл заңға немесе Конституцияға ғана емес, моральдық қағидаға да қарсы әрекет.


"Мемлекет ешкімнің жеке меншігі емес. Донецк облысының 30 пайызы да біреудің жеке иелігі емес. Аумақ айырбастау мәселесі өте нәзік тақырып. Мұндай келісім Украинаның қауіпсіздігі мен тәуелсіздігіне тікелей қатысты. Елді ешкімнің алдында жығып беруге менің құқым жоқ", – деп түйіндеді ол.

Бұған дейін The Telegraph басылымы Зеленскийдің позициясы өзгергенін, Трамп пен Путиннің 15 тамыз күні Аляскада өтетін келіссөзі алдында ол территориялық жеңілдіктерге көнуі мүмкін екенін хабарлаған болатын.

Бірақ Украина президенті бұл мәліметті толық жоққа шығарып отыр.

Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

📱 Erteńmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎74🔥43👏16❤6👍5
⚡️Сыздықбековтің "салқын душы". Шымкент әкімдігі Берденов-Жиембай жанжалынан іргесін аулақ салуда...

"Тұрғын үй Шымкент" компаниясының қызметіне аудит жүргізетінін айтқан әкімдік тексерістің Жиембай ісіне қатысы жоғын мәлімдеп отыр.

Кикілжіңге "ТОО-дағы ақша айналымы түрткі болды" деген қауесетті де теріске шығарып үлгерді. Компанияны тендерге қатысудан шеттету туралы мәселе көтерілмегені белгілі болды.


"Әкімдік Берденов пен Жиембай арасындағы дауға саяси реңк беруден бас тартып, екі тарапты теңдей алыстатып, мәселені тұрмыстық деңгейге түсіруге күш салып жатқандай әсер қалдырады", - деп пайымдайды осы тұста Ertenmedia.

Сыздықбеков басыбүтін әкімдікке бағынатын компанияны жанжал ошағы етіп көрсетуге құлықты емес. ТОО-ға қатысты барлық дерек қолында тұрғасын, дәл осы тұста аудит жүргізу арқылы алдағы уақытта пайда болатын түрлі-түрлі спекуляцияның алдын алмақ.

Әкім іске қатысты әлдебір маңызды ақпаратты жариялауға әлі ерте деп есептеп отырғандай.

Тергеушілер тарапынан сұрақ туындап қалса, қолдағы дәлел мен аудит қорытындысын құзырлы органның алдында тосып, шешуші сәтте (бәлкім, Берденов сөйлей бастаған кезде) әкімдік беделін қорғап қалуға қамданып жатқан секілді.

Берденов пен Жиембайдың жанжалына "тұрмыстық дау" деген ресми анықтама бермесе де, әкімдіктің ілгерідегі мәлімдемесі еріксіз осындай ойға жетелейді.


Қала басшысы екі тарапқа да салқын қарап, мәселеге өзінің табиғи ағысымен жүруге ерік беріп отыр. Әдетте мұндайда кейбіреулер асығыс шешім қабылдап, қоғам қысымына шыдамай, популистік әрекетке барып жатады. Осы орайда әкімнің әліптің артын бағу стратегиясы әзір ең ұтымды әдіс.

Сыздықбеков бір жағынан қоғамдық пікірді бақылауда ұстаса, екінші жағынан әкімдіктің өз ішіндегі түрлі күштердің тартысын сыртқа шығармауға тырысуда.

Бұл тұрғыда аудит көпфункционалды әрі күні бұрын ойластырылған қадам.

Сыздықбеков соңғы кезде өршіп кеткен "Тұрғын үй Шымкентке" қатысты түрлі-түрлі алып-қашпа әңгімені сап тыймақшы.


Біздіңше желідегі "Берденов пен Жиембайдың жанжалы компаниядағы былықтан тұтанды" деген тұспал Ғабит Әбдімажитұлына ұнамайды. Берденовті жемқорлықпен күрескер ретінде дәріптеу де өзін-өзі ақтамайтын сценарий. Атышулы ТОО толықтай әкімдіктің иелігінде. Кикілжіңнің түп-төркіні компанияның миллиардтарына тірелсе, ендеше қала басшысының беделіне де сөзсіз көлеңке түседі.

Сыздықбеков мұндай тәуекелге саналы түрде барып отыр. Аудит жүргізу арқылы барлық жауапкершілікті өз мойнына алып, "Тұрғын үй Шымкент" қызметінің "тазалығын" құжат жүзінде дәлелдеуді мақсат тұтуда.

Біздіңше қала басшысы жанжалдың түп-тамырын біледі және аудиттің де таза шығарына сенімді.


Аудит таза шығар болса, Берденов пен Жиембай арасындағы конфликті әкімдік дәлізінен алыстап, сотта тұрмыстық сипаттағы сценарийге екпін берілуі мүмкін.

Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

📱 Erteńmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💯44❤18😱17👏2🤔2🔥1
Erteńmedia
⚡️ Варшавадағы "тыңшы" қазақ: Польша НАТО-ның құпиясына қызыққан дипломатты тұтқындады... Польша билігі дипломатиялық мәртебесі бар қазақ азаматын тыңшылық жасады деген айыппен тұтқынға алды. Бұл туралы бірқатар БАҚ дерекөзге сілтеп хабарлады деп жазады…
⚡️ Варшавадағы "тыңшы" қазақ: Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады...

Ведомствоға қарасты Халықаралық ынтымақтастық орталығы Польшада тыңшылық жасады деген күдікпен қазақстандық дипломаттың ұсталғанын растады.

Польша арнайы қызметінің хабарлауынша, Қазақстанның әскери атташесінің көмекшісі НАТО-ға қарсы әрекет етуі мүмкін деген күдікке іліккен.

«Ellmedia» басылымының дерегінше, ұсталған азаматтың есімі Әнуар Б. (қауіпсіздік мақсатында толық аты-жөні жарияланбады). Ол Қазақстанның Украинадағы елшілігінде бір жарым жылдай қызмет атқарған.


Аталған азаматтың дипломатиялық иммунитеті тек Украина аумағында ғана жарамды болған. Ал Польша аумағында оның иммунитеті жүрмегендіктен, жергілікті полиция дипломатқа еш кедергісіз айып тағып, ұстауға құқылы болған.

Қазір Қазақстанның Қорғаныс министрлігі Варшавамен келіссөз жүргізіп, мәселені шешуге күш салуда. Министрлік ұсталған азаматтың құқығын қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатқанын мәлімдеді.

Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

📱 Erteńmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱36👍10😁3🤔3❤2🔥1👏1
⚡️ Боранбаевтан қалған байтақ жер: Шамалғандағы 4,5 мың гектар өз иесін тапты...

Алматы облысындағы атышулы Қайрат Боранбаевқа тиесілі болған 4,5 мың гектар жер аукционда 217 млн теңгеге сатылды, деп хабарлайды Ertenmedia.

Ескі Қазақстанның активтерін қайтарумен айналысатын компания (КУВА) Шамалған ауылы маңындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы ірі жер телімі жаңа иесін тапқанын мәлімдеді.

Аукцион 13 тамыз күні өткен, мәміле 217 млн теңгеге жасалған.

Аумағы 6300 футбол алаңына тең келетін учаскі бұған дейін Боранбаев құрылтайшысы болған "Алмалы" холдингінің меншігінде еді. Айта кету керек, аумақ бастапқы ұсынылған бағамен сатылған.


Келісімшарт заң бойынша 10 жұмыс күні ішінде рәсімделіп, сома толық түскеннен кейін ғана жер телімі жаңа иесіне өтеді. Бұдан түскен қаражат арнайы мемлекеттік қорға аударылады.

Қаскелеңге жақын орналасқан Шамалған ауылы Назарбаевтың кіндік қаны тамған, әулеттің "атамекені" саналады. Құйқалы жердің жаңа қожайыны туралы ақпарат ашық айтылмай отыр.

Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

📱 Erteńmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤43😱24👍7🔥2😁2👏1
⚡️ Үстелді тоқпақтаған Тоқаев, курьермен күрескен Сәденов: мемлекеттің көз алдында өскен есірткі империясы...

Есірткі бизнесі мемлекеттен тыс, өз алдына бөлек экономикаға айналып барады деп хабарлайды Ertenmedia.

Қаржы мониторинг агенттігі (ҚМА) әшкерелеген 50 наркодүкеннің жылдық айналымы 25 миллиард теңге.


Таңғаларлығы криминалды нарық кәдімгі банк жүйесімен біте қайнасып кеткен. Онлайн-сервистердің қалқасында тұрған есірткі саудасы мемлекеттің іш-құрылысына дендеп кіріп алғанын байқамай да қалыппыз.

❗️Ресми дерекке сенсек, Қазақстанда есірткі тұтынатын 40 мың адам бар. Бұл жәй ғана жалаң цифр емес, сіз бен біздің ортамызда жүрген адамдар. Олардың аты-жөні, IP-адрестері, транзакциялары анықталған. Арасында мектеп оқушылары да, шенеуніктер де жетіп артылады.

Президент Тоқаев күні кеше есірткі саудасы мен өндірісін қатаң бақылауға алу туралы өткір мәлімдеме жасады. Есірткі бизнесін қаржыландыратын күмәнді қаржы ағындарына тосқауыл қоюды тапсырды.

Мемлекет басшысы жастарды теріс жолға түсірген осы "бизнестің" интернет арқылы романтизацияланып жатқанына қынжылып отыр.


Қазірдің өзінде 20 мыңнан астам дроп-карта бұғатталған. Тоқаевтың сөзінен кейін банктер 8 мың клиентпен келісім-шартты едел-жедел бұзып жатыр екен.

Осыншама есепшот ашылып, есірткі ақшасы криптовалюта арқылы айналып жатқанда банк мамандары қайда болды? Әлемжелі мен курьер арқылы жүздеген картаны рәсімдеген кезде неге ойланбады дейсің.

3 мың криптоәмияндағы 11,5 миллион доллардың жолы кесілген. 130 жасырын криптоайырбастау пункті жұмыс істеп келген, бірақ қозғалған іс саны 64 қана.

Ішкі істер министрі Сәденовтің көз алдында нағыз цифрлық наркоимперия қалыптасқан.

ҚМА операциясы барысында 118 келі есірткі тәркіленіпті. Оның ішінде синтетика да бар. 217 мың доза психотропты зат алынған. Елімізде психотропты препараттар кәдімгі дүкен сөресіндегі тауардай саудаланатын жағдайға жеткен. Одан да сорақысы, халықаралық пошта қызметі арқылы есірткі жеткізіп тұрған төрт ірі арна анықталған.

Қазақстанда есірткі нарығы кәдімгі маркетплейс секілді құрылған дейді. Мұнда менеджер, курьер, логистика, банк, криптовалюта, тіпті жарнамаға дейін бар. Қазақтар жиі қолданатын әлемжелілерде "закладкаға" қатысты әзіл контенттер өріп жүр. Оларды ешкім бақылап жатқан жоқ...


Президенттің кешегі мәлімдемесін айтылды-ұмытылды деп қабылдайтындар бар секілді. Себебі нақты құрықтау жоқ, қылмыс әлемінің барондары тасада қалып, көшеде жүрген бейшара курьер мен нашақорлар ғана темір торға түседі.

Тұтқынға тек курьер емес, криптобиржаның артында тұрғандар, есірткі сайттары мен дүкен қожайындары, күмәнді транзакцияларды көрсе де, көзін жұмып отырған банк қызметкерлері, кабинетте отырып-ақ осы нарықтың кеңеюіне үнсіз рұқсат берген лауазымды тұлғалар түсуі тиіс еді.

Дәл қазір жаппай тазарту басталмаса, алдағы жылдары бұдан да ауыр, бұдан да үрейлі статистикаға куә боламыз.

Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

📱 Erteńmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍125😱28❤8💯4🤯1
⚡️ Әбдешовтің кабинетіндегі кісеннің сыңғыры Берденовтің болжамын растады...

Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Арман Әбдешов жұмыс кабинетінде ұсталды деп хабарлайды Ertenmedia.

КНБ-ның дерегіне сүйенсек, оған Қылмыстық кодекстің 189-бабы, 4-бөлігі («Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе талан-таражға салу») бойынша айып тағылған. Шенді қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Ақпаратты арнамыздың дереккөздері растап отыр.

Әбдешов бұл қызметке биылғы ақпанда, Руслан Берденов қала әкімінің орынбасары болып тағайындалған тұста келген.


Шендінің тұтқындалуы әкімдікке қарасты "Тұрғын үй Шымкент" компаниясының директоры Ернар Жиембайдың Берденовке қастандық ісі бойынша атышулы сот процесімен тұспа-тұс келіп отыр. Айтпақшы, компанияда дәл қазір аудит жүргізілуде.

Күні кеше қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың көмекшісі сотта куәлік беріп, тосын мәлімдеме жасаған еді.

Оның айтуынша, Руслан Берденов жиналыс сайын басқарма басшыларын үнемі тексеріспен қорқытқан.

"Берденов басқарма басшыларын жинағанда әр жиналысты тексеріспен, "антикор мен экономикалық тергеу қызметін барлық жерге жіберемін" деген ескертумен бастайтын", – деген еді куәгер.


Бұл оқиғалардың арасында қандай да бір байланыс бар-жоғы әзірге беймәлім.

Тағы бір назар аударатын жайт, Әбдешов ұсталған күні әкімдіктің ресми сайтындағы сәулет басқармасына арналған парақша кенеттен ашылмай қалған. Сыздықбеков әзірге үнсіз. Қаланың құрылыс саласындағы түйткілдердің түп-тамыры қайда жатқаны белгісіз күйінде қалып отыр.

Айта кетелік, бұған дейін біз Шымкент әкімдігінің Берденов-Жиембай жанжалынан іргені аулақ салып жатқанын жазған едік.

Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

📱 Erteńmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏34😱21❤8🔥2🤔1
⚡️Шымкенттегі тосын тұтқындауға Әбдешовтің Жамбылдағы былығы түрткі болған...

Шымкенттің бас сәулетшісі Арман Әбдешовтің ұсталуы әкім орынбасары Руслан Берденовтің атышулы мәлімдемесімен байланысты емес деп хабарлайды Ertenmedia дереккөзі.

Арнамызға жеткен инсайдқа сәйкес, Әбдешовтың үстінен қозғалған қылмыстық іс оның бұған дейінгі қызметіне Жамбыл облысындағы жұмыс кезеңіне қатысты.


Арман Әбдешов 2020-2022 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасын басқарған. Дәл сол кезеңде жасалған ықтимал заңсыздықтар енді ғана анықталып, қазіргі тергеуге негіз болып отыр.

Бұған дейінгі хабарымызда Берденовтің жиналыстарда басқарма басшыларын Антикор және экономикалық тергеу қызметінің тексерісімен қорқытып келгенін жазған едік.

Күні кеше ғана қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің көмекшісі сотта куәлік етіп, Берденовтің әр басқосуды тексеріс туралы қатаң ескертуден бастайтынын айтқан болатын.

"Берденов әр жиналыста "антикор мен экономикалық тергеуді барлықтарыңызға жіберемін" деп үнемі қайталап, үрей туғызатын", – деген еді куәгер.

Осы мәлімдемеден кейін қоғамда Әбдешовтің ұсталуын Берденовтің тексеріс жайлы сөздерімен байланыстыратын болжам тараған.


Алайда, арнамыздың сенімді дереккөз мұны толықтай жоққа шығарып отыр. Оның айтуынша екі оқиға тек уақыт жағынан ғана сәйкес келген, іс жүзінде ешқандай байланыс жоқ.

Айта кетейік, КНБ Арман Әбдешовті жұмыс орнында ұстаған болатын. Шенеунік Қылмыстық кодекстің 189-бабы («Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу») бойынша айыпталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

📱 Erteńmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💯67❤34😱20🔥5👏2🤔1
⚡️ Әкімдіктің ТОО-сы және жалдамалы пәтердегі өмір: Ернар Жиембайдың анасы жұртқа жауап қатты...

Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасады деген Ернар Жиембайдың анасы көпшілікке үндеу жолдады, деп хабарлайды Ertenmedia.

Соңғы күндері желіде ұлына қатысты түрлі қауесет мен қаралау сипатындағы ақпараттың көбейіп кеткеніне алаңдаған Светлана Сәриева елдің көкейіндегі сауалға өз жауабын берген екен.


Айтуынша, Ернар мектеп қабырғасынан бастап ерекше қабілетімен, елгезектігімен көзге түсіп, №50 мектепті ҰБТ-дан 114 балл жинап, мемлекеттік грант иегері атанған. Бұған дейінгі оқуында №38 мектепте оқушылар арасында президент болып, қатарластарының сеніміне ие болған.

Анасы ұлын намысшыл, әділ әрі елжанды азамат ретінде сипаттап, "ел іргесіне қауіп төнсе, ұлымның ең бірінші болып сапқа тұрарына сенімдімін" дейді.


"Ернарға қатысты ешқашан қылмыстық іс қозғалмаған. Оны сотқар етіп көрсетуге тырысып жатқандар да бар. Негізсіз айыптау мен жалған ақпарат таратушылардың заң алдында жауап беретінін ескерткім келеді", – дейді Светлана Сәриева.

Ол сондай-ақ, ұлының миллиардтаған соманы жымқырғаны туралы ақпараттың да шындыққа жанаспайтынын жеткізді.

"Әлі сөз рас болса, ол қазір келініммен бірге жалдамалы пәтерде тұрмас еді. Мұны оның көршілері де, туыстары мен әріптестері де жақсы біледі. Оның үстіне, Ернар жұмыс істеген "Тұрғын үй Шымкент" ЖШС оның жеке кәсібі емес, ол толықтай әкімдікке қарасты мекеме", – деп атап өтті Сәриева.

Сонымен қатар ол Ернардың әкесі туралы да жалған ақпарат тарап жатқанын айтты.


"Жолдасым прокуратура органдарында қызмет еткені рас, алайда 2013 жылы зейнет жасына толуына байланысты қызметтен босатылған. Ол ешқашан қызметін асыра пайдаланып, біреудің ала жібін аттаған емес. Абыроймен еңбек етіп, таза күйінде зейнетке шықты", – дейді Ернардың анасы.

Светлана Сәриева қоғамды негізсіз қауесетке сенбей, шындықты анықтауға шақырып отыр.

Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

📱 Erteńmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💯67👍24❤12😱4🤡1
💸 Бір пәшкі доллар: Шымкенттік блогер бопса үстінде ұсталды...

Түркістан облысында жергілікті кәсіпкерден ақша бопсалаған шымкенттік блогер, қалалық қоғамдық кеңестің бұрынғы мүшесі Рүстем Әшетаев ұсталды деп хабарлайды Ertenmedia.

Полиция ақпаратына сүйенсек, күдікті кәсіпкерге «абыройыңа нұқсан келтіретін ақпаратты әлеуметтік желіде жариялаймын» деп қорқытып, одан алғашында 2 мың доллар алған.


Кейін блогер жәбірленушіге қайта хабарласып, тағы 4 миллион теңге талап еткен.

Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері Әшетаевты Сайрам ауданындағы кафелердің бірінде кезекті рет ақша алып жатқан сәтінде қолға түсірген. Ұстау кезінде одан тұтас бір бума доллар жалпы сомасы 6900 АҚШ доллары тәркіленген.

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторында отыр. Аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

📱 Erteńmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏58😱27❤5🔥2😢1
⚡️ Астанадан Анкараға жеткен шу: Боранбаевтың түрік досы ұсталды...

Атышулы Қайрат Боранбаевтың бизнес серіктесі, NEF Qazaqstan басшысы Тарық Волкан Оскай ұсталды деп хабарлайды Ertenmedia.

NEF Qazaqstan-ның басқарушы серіктесі Тарық Волкан Оскай көктемнен бері іздеуде жүрген болатын.

Ішкі істер министрлігі оның ұсталғанын растап, қазір тергеу жалғасып жатқанын мәлімдеді. Бұған дейін Алматы полиция департаменті кәсіпкерге сырттай қамауға алу шарасы белгіленгенін хабарлаған.

Тарық Волкан Оскай Қайрат Боранбаевпен бірге «Royal Comfort Astana» компаниясының иесі ретінде танымал. Компания Comfort Hotel Astana кешенін бақылауда ұстап, кейін активтерді қайтару науқаны аясында кешен мемлекет меншігіне өткен.


Сонымен қатар Оскай Қайрат Боранбаевтың меншігіндегі «Алмалы» (Almaly Assets Management) активтерді басқару компаниясында қызмет атқарған.

NEF Qazaqstan аты Қазақстанға 2023 жылы Green Center тұрғын үй кешені бойынша туындаған үлкен даудан кейін кең танылды. Түркиялық құрылыс холдингінің Қазақстандағы еншілес компаниясы Алматыда ірі тұрғын үй кешенін салуға уәде беріп, кейін оны орындамаған.

Соның салдарынан NEF Qazaqstan Астана халықаралық биржасында (AIX) алғаш рет облигациялар бойынша дефолт жариялаған компания ретінде тарихта қалды. Сол кезде инвесторлар алдындағы қарызы 4 миллиард теңгеден асып кеткен.


2024 жылы инвесторлар компанияны сотқа беріп, NEF Qazaqstan қарызын өтеуге міндеттелген. Бірақ компания міндеттін толық орындамай, берешектің негізгі бөлігін 1,5 миллиард теңгені қайтармай қалған. Оған қосымша тағы 360 миллион теңгеден астам айыппұл мен сот шығындары да бар.

Оскайдың ұсталуымен NEF Qazaqstan айналасындағы дау қайта жанданды. Компанияға қатысты тергеу жалғасып жатыр.

Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

📱 Erteńmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍58❤10👏8🔥2
⚡️ Сатыбалды Алматы билігін экс-әкімнің кадрларынан тазартуға кірісті...

Алматы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин қызметінен босатылды деп хабарлайды Ertenmedia.

Қалалық әкімдік оның басқа жұмысқа ауысқанын хабарлады.

Әмрин 2022 жылдың ақпанынан бері мегаполистегі сәулет, қала құрылысы, энергетика, қаржы және сумен қамту мәселелеріне жауап берген болатын.


Әмрин мемлекеттік қызмет жолын Ақмола облысынан бастаған. Әділет министрлігінде, Табиғи монополияларды реттеу агенттігінде жетекші лауазымдарда істеді. Қаржы вице-министрі болды, Индустрия министрлігінде және Бас прокуратурада қызмет атқарды.

Кейіннен Астана әкімінің кеңесшісі болып, 2016-2022 жылдары Астана әкімінің орынбасары лауазымында отырды. Ал Алматыға келген соң Ерболат Досаевтың оң қолы ретінде танылды.

Сонымен қатар, Бостандық ауданының әкімі Санжар Әлин де қызметінен кетті. Бұған дейін әкімнің тағы бір орынбасары Әсем Нүсіпова да лауазымымен қоштасқан еді.


Еске салсақ, биыл көктемде Ерболат Досаев Алматы әкімінің креслосымен қош айтысып, оның орнына Дархан Сатыбалды келген. Содан бері жаңа басшы әкімдік аппаратын Досаевтың командасынан тазартуға үстінде.

Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

📱 Erteńmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍104👏39❤12👎8🔥2
⚡️ Қашағанды құтқарған курс: NCOC қалайша миллиард доллар үнемдеп қалды

Мұнай-газ сарапшысы Олжас Байділдинов теңгенің күрт әлсіреуі салдарынан Қашаған кенішінің операторы NCOC консорциумына салынған экологиялық айыппұл долларға шаққанда шамамен 1 миллиардқа қысқарғанын айтты деп жазады Ertenmedia.

Оның атап өткеніндей, былтыр наурызда NCOC-қа экологиялық заңсыздықтар үшін 2,3 трлн теңге айыппұл салынған. Ол кезде доллардың ресми бағамы 451,71 теңге еді. Осылайша, айыппұлдың жалпы сомасы доллармен есептегенде 💰5,9 миллиардтан асып кеткен.

Алайда түнеукүні сот осы шешімнің күшін жойды. Оған айыппұлды рәсімдеу кезінде жіберілген процессуалдық кемшіліктер себеп болған. Іс алдағы уақытта қайта қаралуы тиіс.

"Егер сот айыппұлды қайта бекітсе, қазіргі валюта бағамымен (шамамен 560 теңге) есептегенде, консорциумның төлейтін сомасы шамамен 985 миллион долларға азаяды. Демек, олар екі жыл ішінде еш қиындықсыз шамамен 1 миллиард доллар үнемдеп отыр", – дейді Байділдинов.


Сарапшы шетелдік мұнай компаниялары үшін экологиялық айыппұлдың теңгемен емес, доллармен есептелмейтініне қынжылып отыр. Ол мәжіліс депутаттарын осы жағдайға назар аударып, Қазақстан заңнамасына тиісті түзетулер енгізуге шақыруда.

"Қашаған операторы ішкі нарыққа мұнай жеткізбейді. Олар елдегі жанармай бағасын ұстап тұруға да үлес қоспайды. Мұнай экспортынан түсетін барлық табысы доллармен. Сонда оларға салынатын айыппұлды неге теңгемен есептейміз?» – дейді Байділдинов.


Сарапшы сөз еткен мәселе Қазақстанның экологиялық заңнамасын қайта қарауға негіз болуы мүмкін. Әзірше теңгенің құнсыздануы шетелдік инвесторлардың қалтасына тиімді болып тұр.

Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

📱 Erteńmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💯73👍41😱22❤6🤬5🤡2🤔1
⚡️ Қытай көлігінің қасіреті: Jetour маркасын алған семейліктер зар илеп жүр...

Атышулы Jetour X70 моделінен небәрі 9 мың шақырымнан кейін кінәрат шыққан. Бір жылға толмаған тағы бір Jetour тас жолдың үстінде келе жатып, шынжыры үзіліп, қозғалтқышы талқандалған.

"Бір-ақ сәтте далада қалдық. Несиені төлеуді ешкім тоқтатпайды. Автосалон көлікті жөндеп те бермейді, ақшаны да қайтармайды. Сотқа жүгінсек, істі Қостанайда қарайды екен. Бір ғана судья істі жүргізеді, сотта жеңіліп жатқан да біздер. Сонда біз не үшін жаңа көлікке сонша қаражат төледік?" – дейді ашынған тұрғындар.

Толығырақ осы тұста: https://ertenmedia.kz/qytaj-koeligining-qasireti-jetour-markasyn-alghan-semejlikter-zar-ilep-zhuer/
😱43💯10😡5😁4❤3😢3
⚡️ Тамыздағы тосын тезис: отбасылық-кландық жүйені күйреткен Тоқаев...

Қазақстанда отбасылық-кландық жүйе келмеске кетті. Президент Тоқаев мұғалімдердің дәстүрлі тамыз кеңесінде сөйлеген сөзінде осылай деп мәлімдеді хабарлайды Ertenmedia.

Президент «Жаңа Қазақстанның» іргесін қалайтын мұғалімдердің қоғамдағы рөліне ерекше тоқталып, оларсыз әділетті мемлекет құру мүмкін емес екенін айтты.

Мемлекет басшысы Қазақстанның жаңа даму кезеңіне аяқ басқанын атап өтті.

«Елімізде отбасылық-кландық жүйенің дәуірі аяқталды.

Мемлекеттік қызметте енді меритократия принципі лайықты әрі қабілетті азаматтарды көтермелеу жүйесі бекіп жатыр. Лауазымды қызметке тағайындау кезінде ең алдымен маманның білімі мен кәсібилігі басты назарда болады.


Қазір еркін ойлы, бәсекеге қабілетті жаңа буын өсіп келеді. Біз сапалы әрі әділетті қоғамға өттік. Алайда өзгерістерді жай ғана жариялап қою жеткіліксіз. Оларды халықтың санасына сіңіріп, берік ұстанымға айналдыру керек. Ал бұл ең алдымен сіздердің жауапкершіліктеріңіздегі міндет», – деді президент.

Тоқаевтың айтуынша, педагогтар қоғам санасын жаңғыртып, әділетті, ашық және еркін ойлайтын азаматтарды тәрбиелеуі тиіс.


Президент сөзінде мұғалімдер мәртебесі мен әлеуметтік жағдайына ерекше мән берді. Соңғы төрт жылда Қазақстанда мұғалімдердің жалақысы екі есеге өскенін және 500 мыңнан астам педагог қосымша үстемақы алып отырғанын атап өтті.

Тоқаев қазіргі қоғамдағы күрделі мәселелердің бірі мектептердегі буллинг екенін де тілге тиек етті.

«Буллинг мәселесін ешқашан назардан тыс қалдыруға болмайды. Биылдан бастап барлық мектепте балалар мен жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы арнайы бағдарлама енгізіледі», – деді ол.

Мемлекет басшысы мұғалімдерді негізсіз айыптап, әр оқыс жағдай үшін жазалай беруге қарсы шықты. Әсіресе, оқиға мектеп аумағынан тыс жерде орын алса, мұғалімді бірден кінәлауға болмайтынын ескертті.


Бұл ретте ол ата-ананың да баласына жауапкершілігін күшейту керектігін айтып, «Педагог мәртебесі туралы» заңға тиісті өзгерістер енгізуді ұсынды.

Сөзінің соңында әділетті мемлекет құру әрбір азаматтың парызы екенін тағы бір мәрте еске салды.

Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

📱 Erteńmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏59😁31🙏19❤5👍5🤮5🔥1💯1
⚡️ Жаңаөзенге Кендірлінің тұщытылған теңіз суы жетті...

Маңғыстау облысында бой көтерген теңіз суын тұщыту зауыты Жаңаөзен қаласы мен оған жақын орналасқан елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ете бастады деп жазады Ertenmedia.

Осылайша өңірде көптен бері өзекті болып келген ауыз су мәселесі оң шешімін тауып, Астрахан – Маңғышлақ магистральді су құбырының да жүктемесі біршама азаяды.

Президент Тоқаевтың тапсырмасымен қолға алынған ауқымды әлеуметтік жобаны «ҚазМұнайГаз» компаниясы жүзеге асырып отыр.


Қазірдің өзінде зауытта тәулігіне 12 500 текше метр су өндіретін алғашқы өндірістік желі іске қосылды. Қазан айына дейін қуатты тәулігіне 50 мың текше метрге дейін арттыру көзделген.

Алғашқы зертханалық сынамалар судың санитарлық-гигиеналық нормаларға толық сәйкес келетінін растады.

Теңіз суы зауытта бірнеше кезеңнен тұратын тазарту мен тұщыту процесінен өтеді. Дайын ауыз су ұзындығы 100,7 шақырымдық су құбыры арқылы Жаңаөзендегі орталық сумен жабдықтау торабына жеткізіледі.

Жаңа нысанға сапарлап барған «ҚазМұнайГаз» басқарма төрағасы Асхат Хасенов, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай және мұнай-газ саласының ардагерлері тұщытылған теңіз суының дәмін алғаш болып татты.

Кендірлідегі зауытта жалпы саны 91 тұрақты жұмыс орны ашылады. Құрылыс барысында нысанда бір мезетте 650 адам жұмыс істеген.

Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

📱 Erteńmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍95👏25❤15