⚡️Жалған ақпараттан кибершабуылға дейін: Amanat негізгі цифрлық сын-қатерлер мен оларға қарсы тұру жолдарын айқындады...
«Digital Bridge 2025» халықаралық форумы аясында «Amanat» партиясы «Amanat and AI: Bolashaqqa Qadam» панельдік сессиясын өткізді деп жазады Ertenmedia партиясының баспасөз қызметіне сілтеп..
Онда саясаттағы, экономикадағы және әлеуметтік саладағы жасанды интеллекттің рөлі талқыланды. Заманауи ақпараттық технологиялардың сын-қатерлері мен мүмкіндіктері, жасанды интеллектті заңнамалық тұрғыда реттеу, сондай-ақ техноұлт қалыптастыру перспективалары басты назарда болды.
«Әлемде цифрлық жарыс жүріп жатыр. Мұның бізге де тікелей қатысы бар. Осы цифрлық бәсекеде табысты болуымыз керек. Бұл туралы кеше осы алаңда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев егжей-тегжейлі айтып берді.
Ол Қазақстан Еуразияның негізгі цифрлық хабына айналуға тиіс екенін атап өтті. Бұл бағытта мемлекет тарапынан айтарлықтай ауқымды жұмыс жүргізілді.
Ал бүгінде еліміз eGov-тан AI-Gov-қа көшіп жатыр. Осылайша, Қазақстан енді әлемдік үрдістерге бейімделіп қана қоймай, өзінің дербес цифрлық мемлекет үлгісін қалыптастыруда», – деді ол.
Толығырақ осы тұста. ЖИ-ге қызығатын қауым үшін біраз құнды ақпарат айтылыпты.
Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇
https://t.me/ertenmedia

Сессияда сөз сөйлеген «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек цифрлық күн тәртібі жекелеген салалар шеңберінен шығып, еліміздің тұрақты дамуына қажет жағдайға айналатынын атап өтті.
«Әлемде цифрлық жарыс жүріп жатыр. Мұның бізге де тікелей қатысы бар. Осы цифрлық бәсекеде табысты болуымыз керек. Бұл туралы кеше осы алаңда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев егжей-тегжейлі айтып берді.
Ол Қазақстан Еуразияның негізгі цифрлық хабына айналуға тиіс екенін атап өтті. Бұл бағытта мемлекет тарапынан айтарлықтай ауқымды жұмыс жүргізілді.
Бізде мемлекеттік қызметтердің 92%-ы онлайн-форматта көрсетіледі. ТМД бойынша 1-ші және электронды үкімет индексі бойынша әлемде 28-ші орындамыз.
Ал бүгінде еліміз eGov-тан AI-Gov-қа көшіп жатыр. Осылайша, Қазақстан енді әлемдік үрдістерге бейімделіп қана қоймай, өзінің дербес цифрлық мемлекет үлгісін қалыптастыруда», – деді ол.
Толығырақ осы тұста. ЖИ-ге қызығатын қауым үшін біраз құнды ақпарат айтылыпты.
Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇
https://t.me/ertenmedia
👍43💯25❤6👏4🔥1
⚡️Тоқаевтың тосын тапсырмасы: Мұрат Нұртілеу оффшор ақшасын «отанына» қайтарады...
Мұрат Нұртілеудің Сыртқы істер министрі қызметінен кетіп, Президенттің халықаралық инвестиция мен сауда жөніндегі көмекшісі болып тағайындалуы көпшілік күткендей төмендеу емес, керісінше стратегиялық маңызы бар шешім болып шықты, деп хабарлайды Ertenmedia.
Respublika-ның пайымдауынша сырт көзге екі саты төмен қызметке кеткендей көрінген Нұртілеу Ақорда үшін әлі де сенімді фигура. Соңғы кезде сан түрлі қауесеттің қақ ортасында жүрген саясаткер министр қызметінен түсіп қалғанына аса қатты қайғырмайтын секілді.
Нұртілеудің жаңа қызметіндегі міндеті де ерекше мәнге ие дейді.
Президенттің халықаралық инвестиция мен сауда жөніндегі уәзірі бола отырып, ол Қазақстанға инвестиция салуға мүдделі шетелдік алпауыттармен жоғары деңгейде келіссөз жүргізуге құқылы тұлғаға айналды.
Ақорданың әзіргі бас ауруы инвестицияның сарқылып жатқаны. Сыртқы инвесторлардың белсенділігі бәсеңдесе, ішкі инвесторлар капиталын әлі де болса шетелге тасығанды жөн көреді. Бұдан шығудың жалғыз амалы кезінде шетел асқан миллиардтарды елге қайтару.
Бас прокурордың жуырдағы мәлімдемесі осы аргументке дәлел. Асыловтың сөзінше прокуратура олигополия өкілдеріментіл табысып , олардың ел экономикасына 5,2 триллион теңге инвестиция салуына жол ашқан.
Швейцария секілді елдер құпия есеп-шоттардың кодын ұсынып, Батыс елдері оффшор аймаққа қысымды күшейткен шақта, мұндай капиталдың Қазақстанға қайтуы әлдеқайда қауіпсіз болмақ.
Тоқ етерін айтқанда, Нұртілеу президент Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен және оның саяси қолдауымен Қазақстаннан заңсыз шығарылған қыруар қаржыны елге қайтару бойынша аса маңызды миссияны өз мойнына алып отыр.
Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇
https://t.me/ertenmedia
Мұрат Нұртілеудің Сыртқы істер министрі қызметінен кетіп, Президенттің халықаралық инвестиция мен сауда жөніндегі көмекшісі болып тағайындалуы көпшілік күткендей төмендеу емес, керісінше стратегиялық маңызы бар шешім болып шықты, деп хабарлайды Ertenmedia.
Respublika-ның пайымдауынша сырт көзге екі саты төмен қызметке кеткендей көрінген Нұртілеу Ақорда үшін әлі де сенімді фигура. Соңғы кезде сан түрлі қауесеттің қақ ортасында жүрген саясаткер министр қызметінен түсіп қалғанына аса қатты қайғырмайтын секілді.
Нұртілеу "Президенттің сенімді серігі" деген мәртебесінен айырылған жоқ. Тоқаевтың да одан бас тартуы екіталай. Мұрат Әбуғалиұлы Ақораданың іші-сыртындағы ақпаратқа қанық адамның бірі, оның "Жаңа Қазақстанның" мозайкасын қалаудан сырт қалуы Мемлекет басшысына да тиімді емес.
Нұртілеудің жаңа қызметіндегі міндеті де ерекше мәнге ие дейді.
Президенттің халықаралық инвестиция мен сауда жөніндегі уәзірі бола отырып, ол Қазақстанға инвестиция салуға мүдделі шетелдік алпауыттармен жоғары деңгейде келіссөз жүргізуге құқылы тұлғаға айналды.
Ақорданың әзіргі бас ауруы инвестицияның сарқылып жатқаны. Сыртқы инвесторлардың белсенділігі бәсеңдесе, ішкі инвесторлар капиталын әлі де болса шетелге тасығанды жөн көреді. Бұдан шығудың жалғыз амалы кезінде шетел асқан миллиардтарды елге қайтару.
Бас прокурордың жуырдағы мәлімдемесі осы аргументке дәлел. Асыловтың сөзінше прокуратура олигополия өкілдерімен
Енді осы үлкен келісімдердің басты мәмілегері Нұртілеудің өзі болады. Оның алдындағы міндет Назарбаев әулетінің және отбасыға жақын топтардың шетел асқан миллиардын елге қайтарып, экономикалық айналымға қосу.
Швейцария секілді елдер құпия есеп-шоттардың кодын ұсынып, Батыс елдері оффшор аймаққа қысымды күшейткен шақта, мұндай капиталдың Қазақстанға қайтуы әлдеқайда қауіпсіз болмақ.
Тоқ етерін айтқанда, Нұртілеу президент Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен және оның саяси қолдауымен Қазақстаннан заңсыз шығарылған қыруар қаржыны елге қайтару бойынша аса маңызды миссияны өз мойнына алып отыр.
Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇
https://t.me/ertenmedia
❤32👍27💯6🔥3🤮3😁1
⚡️«Адам келетін жер емес екен…». Армияда көз жұмған Нұрасылдың соңғы сөзі
Қызылордадан Алматы облысындағы Қарасай ауданының шекара қызметіне (ҰҚК) шақырылған 18 жастағы Нұрасыл Әнуар жұмбақ жағдайда қайтыс болды деп хабарлайды Ertenmedia.
Ресми диагноз менингококцемия. Менингококк бактериясы денеге тарап, сепсис тудырған. Дәрігерлер мәліметінше, сарбаз осы қауіпті инфекцияның асқынуынан көз жұмған.
«Денсаулығында ақау болса, мед. комиссия анықтар еді. Мұндай қауіпті инфекция кемі бір тәулік ішінде белгі беретін еді ғой. 4 қазан күні кешке аға-әпкесімен телефон арқылы тілдескенде денсаулығына шағым айтқан жоқ. Тек «мына жер адам төзер жер емес екен» деп бірнеше рет қайталаған. Армияны мүлде басқаша елестеткен сияқты», – дейді Orda-ға пікір білдірген сарбаздың әпкесі Динара.
Нұрасыл Әнуар әскерге 2025 жылдың 27 қыркүйегінде өз қалауымен кеткен. Бір аптадан соң 5 қазан күні таңғы сағат 7:40-та туыстары оның қайтыс болғанын естіген. Жедел жәрдем таңғы сағат 4:47-де шақырылғанымен, дәрігерлер сарбаздың өмірін сақтап қала алмаған.
«Марқұм әулеттің кенжесі еді. Әскерге барарын естігенде қатты қобалжыдық, бірақ өзі Отан алдындағы борышымды өтеймін деген мақтанышпен кетті. Өмірге құштар, әділдікке сенген, мейірімді жігіт еді. Әскер бейбіт күнде жастардың өмірін жалмайтын жер емес қой. Бұл орны толмас қаза. Анасы тірі болса, мұндай қайғыны көтере алмас еді», – дейді Нұрасылдың ет жақындары.
«Біз, Нұрасылдың отбасы, Мемлекет басшысы Тоқаевқа қайырылып отырмыз. Осы істі өз бақылауыңызға алыңызшы. Мемлекетке сеніп, баламыздың қауіпсіздігіне кепілдік береді деп үміттендік. Бейбіт заманда жастар неге осылай өлуі тиіс? Бұл бір ғана отбасының трагедиясы болып қалмасын. Мұндай оқиғаның қайталанбауы үшін барлық шара қабылдансын. Қорғаныс министрлігі мен Шекара қызметінен жауап күтеміз», – деді марқұмның жақындары.
Шекара қызметі әскери бөлімде қызметтік тергеу басталғанын, ал полиция сотқа дейін тексеру жүргізіп жатқанын хабарлады. Сарбаздың денесі толық сараптамадан кейін Қызылордаға жеткізіліп, туған жерінде жерленеді.
Бұл мәселеге әлі де тоқталамыз. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

Алайда марқұмның туыстары бұған күмән келтіріп отыр. Айтуларынша, әскерге шақырылмас бұрын Нұрасылдың денсаулығында еш кінәрат болмаған.
«Денсаулығында ақау болса, мед. комиссия анықтар еді. Мұндай қауіпті инфекция кемі бір тәулік ішінде белгі беретін еді ғой. 4 қазан күні кешке аға-әпкесімен телефон арқылы тілдескенде денсаулығына шағым айтқан жоқ. Тек «мына жер адам төзер жер емес екен» деп бірнеше рет қайталаған. Армияны мүлде басқаша елестеткен сияқты», – дейді Orda-ға пікір білдірген сарбаздың әпкесі Динара.
Нұрасыл Әнуар әскерге 2025 жылдың 27 қыркүйегінде өз қалауымен кеткен. Бір аптадан соң 5 қазан күні таңғы сағат 7:40-та туыстары оның қайтыс болғанын естіген. Жедел жәрдем таңғы сағат 4:47-де шақырылғанымен, дәрігерлер сарбаздың өмірін сақтап қала алмаған.
«Марқұм әулеттің кенжесі еді. Әскерге барарын естігенде қатты қобалжыдық, бірақ өзі Отан алдындағы борышымды өтеймін деген мақтанышпен кетті. Өмірге құштар, әділдікке сенген, мейірімді жігіт еді. Әскер бейбіт күнде жастардың өмірін жалмайтын жер емес қой. Бұл орны толмас қаза. Анасы тірі болса, мұндай қайғыны көтере алмас еді», – дейді Нұрасылдың ет жақындары.
Марқұмның туыстары осы оқиғаға байланысты президент Тоқаевқа үндеу жолдап, істің ашық әрі әділ тергелуін талап етуде.
«Біз, Нұрасылдың отбасы, Мемлекет басшысы Тоқаевқа қайырылып отырмыз. Осы істі өз бақылауыңызға алыңызшы. Мемлекетке сеніп, баламыздың қауіпсіздігіне кепілдік береді деп үміттендік. Бейбіт заманда жастар неге осылай өлуі тиіс? Бұл бір ғана отбасының трагедиясы болып қалмасын. Мұндай оқиғаның қайталанбауы үшін барлық шара қабылдансын. Қорғаныс министрлігі мен Шекара қызметінен жауап күтеміз», – деді марқұмның жақындары.
Шекара қызметі әскери бөлімде қызметтік тергеу басталғанын, ал полиция сотқа дейін тексеру жүргізіп жатқанын хабарлады. Сарбаздың денесі толық сараптамадан кейін Қызылордаға жеткізіліп, туған жерінде жерленеді.
Бұл мәселеге әлі де тоқталамыз. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇
https://t.me/ertenmedia
😢43😱18❤13🤬2👍1🙏1
⚡️ Кан әулетінің кезекті арандатуы. Алматыда Путинді мақтау сеансы өтті...
Алматыдағы медиафорумда ресейлік коуч Алексей Ситниковтың Путинді мақтап сөйлеген сөзі қазақ қоғамының ашу-ызасына тиді, деп хабарлайды Ertenmedia.
«Путиннің қайсарлығына, табандылығына қараңызшы. Оған қарсы 55 мемлекет шайқасуда, бірақ ол бет қаратпай келе жатыр. Трамптың өзі Путинді ұшақтан түскен бетте қалай күтіп алғанын көрдіңіздер ме? Ол басқа ешкімді бұлай қарсы алмайды. Тұлғаның пассионарлығы ұлтты ғана емес, тұтас әлемді өзгертетін күшке айналады», – деген ресейлік психологтың сөзі Кремль басқыншылығын қолдамайтын қауымның құлағына түрпідей тиді.
Қазақтілді орта Путинді пайғамбар санайтын адамның Қазақстанға қалайша аяқ басқанына аң-таң. Әлемжелідегі қауым Ситниковтің сөзін пропаганда мен провокация деп бағалап отыр.
Алексей Ситников Ресейде психология мен коммуникация бойынша тренинг өткізіп жүрген коуч. Жалпақ тілмен айтқанда "инфоцыған".
Оны Алматыдағы BeWoman форумына аттай қалап алдырған Жанна Кан есімді әйел еліміздегі энергетика саласын билеп төстеп отырған Сергей Канның жұбайы. Сергей мен оның серіктесі Александр Клебанов Екібастұз бен Шымкенттің ТЭЦ-ін әбден тоздырып, қыс ортасында мыңдаған адамды дірдектетіп қойғанын ұмыта қойған жоқпыз.
Айтпақшы, дәл осы Жанна түнеукүні ғана қазақтарға ақыл үйреткен болатын.
Оның сөзінше, қазақтар салық төлеуді Еуропа мен Әмірикадағыдай әдетке айналдыруы тиіс екен. Сонда ғана "Қаңтар оқиғасы" қайталанбай, елде мамыражай заман орнайды.
Бұл мәселеге әлі де тоқталамыз. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇
https://t.me/ertenmedia
Алматыдағы медиафорумда ресейлік коуч Алексей Ситниковтың Путинді мақтап сөйлеген сөзі қазақ қоғамының ашу-ызасына тиді, деп хабарлайды Ertenmedia.
Энергетика саласының олигархы Сергей Канның әйелі Жанна Кан ұйымдастырған BeWoman әйелдер форумында әлгі Ситников Ресей президентінің тұлғасына табынып, оны «жеңілмейтін лидер» ретінде дәріптеген.
«Путиннің қайсарлығына, табандылығына қараңызшы. Оған қарсы 55 мемлекет шайқасуда, бірақ ол бет қаратпай келе жатыр. Трамптың өзі Путинді ұшақтан түскен бетте қалай күтіп алғанын көрдіңіздер ме? Ол басқа ешкімді бұлай қарсы алмайды. Тұлғаның пассионарлығы ұлтты ғана емес, тұтас әлемді өзгертетін күшке айналады», – деген ресейлік психологтың сөзі Кремль басқыншылығын қолдамайтын қауымның құлағына түрпідей тиді.
Қазақтілді орта Путинді пайғамбар санайтын адамның Қазақстанға қалайша аяқ басқанына аң-таң. Әлемжелідегі қауым Ситниковтің сөзін пропаганда мен провокация деп бағалап отыр.
"Ситниковті бұлайша сайратып қоюға кім рұқсат берді? Путин басқыншылығын дәріптеуге жол берілмеуі тиіс. Идеологияға жауапты басшылар қайда қарап отыр? Сол шарада әлгінің аузына қақпай қоятын адам табылмады ма?", - дейді желідегі жұрт.
Алексей Ситников Ресейде психология мен коммуникация бойынша тренинг өткізіп жүрген коуч. Жалпақ тілмен айтқанда "инфоцыған".
Оны Алматыдағы BeWoman форумына аттай қалап алдырған Жанна Кан есімді әйел еліміздегі энергетика саласын билеп төстеп отырған Сергей Канның жұбайы. Сергей мен оның серіктесі Александр Клебанов Екібастұз бен Шымкенттің ТЭЦ-ін әбден тоздырып, қыс ортасында мыңдаған адамды дірдектетіп қойғанын ұмыта қойған жоқпыз.
Айтпақшы, дәл осы Жанна түнеукүні ғана қазақтарға ақыл үйреткен болатын.
Оның сөзінше, қазақтар салық төлеуді Еуропа мен Әмірикадағыдай әдетке айналдыруы тиіс екен. Сонда ғана "Қаңтар оқиғасы" қайталанбай, елде мамыражай заман орнайды.
Бұл мәселеге әлі де тоқталамыз. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇
https://t.me/ertenmedia
🤮39😡19🤬10❤9💯2😱1
⚡️ Теріскейден тараған токсин. Алматы форумындағы идеологиялық диверсия...
Қазақстанға теріскейден түрлі «инфоцыған», псевдожурналист, поп-жұлдыз мен пропагандистерді тоқтаусыз тарту кейбір ықпалды адамдардың санасындағы «стокгольм синдромының» белгісі.
Саясаттанушы Досым Сәтпаев осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Ertenmedia.
Оның айтуынша, Кеңес Одағы күйрегелі бері 30 жылдан астам уақыт өтсе де, қоғамның кей өкілі әлі күнге дейін сол дәуірдің идеологиясын сағынады.
«Осы уақытта мүлде жаңа буын өсіп жетілді. Қоғам өзін-өзі тану, деколонизация кезеңін басынан кешіруде. Бірақ кейбір бизнесмендер мен элита өкілдері осы үрдісті әлі толық қабылдамаған тәрізді.
Алайда бұлар Қазақстанға маңайлатуға болмайтын персоналарға қызыл кілем төсеп мәз», – дейді ол.
Саясаттанушының бүй деуіне ресейлік коуч, инфоцыған Алексей Ситниковтың Алматыдағы атышулы Жанна Кан ұйымдастырған әйелдер форумындағы сөзі себеп болған.
Ресейден келген мейман Кремль көсемін «жеңілмейтін тұлға» деп сипаттап, оны бүкіл әлемге әсер етуші құдіретті күш ретінде дәріптеген еді. Ситниковтың сөзі басқыншы елдің ешбір әрекетін қолдамайтын қазақ қоғамында шу туғызып жатыр.
Доскең осындай "токсичный" спикерлерге әлі де алаң беріп отырған біздің элитаны оңдырмапты. Толығырақ осы тұста.
Бұл мәселеге әлі де тоқталамыз. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇
https://t.me/ertenmedia
Қазақстанға теріскейден түрлі «инфоцыған», псевдожурналист, поп-жұлдыз мен пропагандистерді тоқтаусыз тарту кейбір ықпалды адамдардың санасындағы «стокгольм синдромының» белгісі.
Саясаттанушы Досым Сәтпаев осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Ertenmedia.
Оның айтуынша, Кеңес Одағы күйрегелі бері 30 жылдан астам уақыт өтсе де, қоғамның кей өкілі әлі күнге дейін сол дәуірдің идеологиясын сағынады.
«Осы уақытта мүлде жаңа буын өсіп жетілді. Қоғам өзін-өзі тану, деколонизация кезеңін басынан кешіруде. Бірақ кейбір бизнесмендер мен элита өкілдері осы үрдісті әлі толық қабылдамаған тәрізді.
Олар мемлекет қаржысын да, жеке қаржысын да көрші елдің инфоцығандары мен пропагандистерін шақыруға шашып жүр. Халықаралық форум өткіземіз деп жүргендер әлемнің түкпір-түкпірінен интеллектуалды, мәдени өнім беретін шын мәніндегі тұлғаларды әкелуі керек еді.
Алайда бұлар Қазақстанға маңайлатуға болмайтын персоналарға қызыл кілем төсеп мәз», – дейді ол.
Саясаттанушының бүй деуіне ресейлік коуч, инфоцыған Алексей Ситниковтың Алматыдағы атышулы Жанна Кан ұйымдастырған әйелдер форумындағы сөзі себеп болған.
Ресейден келген мейман Кремль көсемін «жеңілмейтін тұлға» деп сипаттап, оны бүкіл әлемге әсер етуші құдіретті күш ретінде дәріптеген еді. Ситниковтың сөзі басқыншы елдің ешбір әрекетін қолдамайтын қазақ қоғамында шу туғызып жатыр.
«Мұндай спикерлердің елге келуі өте қауіпті үрдіс. Бұлар Ресейдегі зомби-жәшікпен әлдеқашан біте қайнасып, соғыс пен агрессияның синониміне айналып кеткен. Қазақстанда бұларға қарсы мәдени және ақпараттық иммунитет қалыптасуы керек еді. Бірақ көріп отырғанымыздай, біздің кейбір азаматтар оларға әлі күнге дейін аузын ашып, таңырқай қарайды», – дейді Досым Сәтпаев.
Доскең осындай "токсичный" спикерлерге әлі де алаң беріп отырған біздің элитаны оңдырмапты. Толығырақ осы тұста.
Бұл мәселеге әлі де тоқталамыз. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇
https://t.me/ertenmedia
💯34❤15🔥4🤔4👎3
⚡️Бөкеңнің мұрагері банкрот болды. Нұрбол Назарбаев елден шыға алмайды...
Болат Назарбаевтың үлкен ұлы Нұрбол Назарбаев банкротқа ұшырап, оған тиесілі компаниялар мен мүліктер бұғатталды, деп хабарлайды Ertenmedia.
Қазір экс-президенттің немере інісі 58 млрд теңге қарызы үшін істі болып жатыр. Оның банктегі есеп-шоты мен дүние-мүлкі бұғатталып, компаниялардағы үлесіне шектеу қойылған. Бұған қоса Нұрбол Назарбаев елден шығу құқығынан айырылды.
«Shishkin Like» арнасының мәліметінше, Назарбаевтар әулетінің ірі активтерін басқарған Prime cap бас компаниясы бүгінде жабылу алдында тұр.
Оған қарасты Prime Capital Real, Prime Capital Re Plaza, Prime Capital Invest сынды бірнеше кәсіпорынның Алматы мен Алматы облысында жылжымайтын мүлкі бар.
Нұрболға тиесілі активтердің ішінде Алматы ауыр машина жасау зауытындағы (АЗТМ) үлестері де бар.
Бұған дейін Ertenmedia Нұрболдың есімі Активтерді қайтару комитетінің жабық тізімінде тұрғанын хабарлаған еді. Бізге жеткен инсайд бойынша оған қарсы кампания әулеттің капиталын қайтарудағы ірі науқанның ақтық әрі маңызды кезеңі.
Болат Назарбаев өзініңөсиетхатын алғаш рет 2014 жылы жазып, онда барлық мүлкін үлкен ұлы Нұрболдың атына табыстаған. Бөкеңнің өзі өмірден өткенмен, отбасының активтері ыдырай қоймаған еді.
Нұрбол мен оның інісі Ербол Назарбаевтар қолда бар мүлікті ұстап қалу үшін соңына дейін күресуге дайын деген ақпарат та тараған болатын.
Бөкеңнің артында 9 заңды баласы, одан бөлек онға жуық заңсыз бала қалды. Оның ішінде бәйбішенің ұлдары Нұрбол мен Ербол Назарбаевтардың қолдары ұзын.
Ertenmedia Болат Назарбаевтың бақытты өмірін де, бақытсыз өмірін де жазған болатын. Әлі де көз қырын салып отырады. Бізге жазылып алыңыздар👇
https://t.me/ertenmedia
Болат Назарбаевтың үлкен ұлы Нұрбол Назарбаев банкротқа ұшырап, оған тиесілі компаниялар мен мүліктер бұғатталды, деп хабарлайды Ertenmedia.
Қазір экс-президенттің немере інісі 58 млрд теңге қарызы үшін істі болып жатыр. Оның банктегі есеп-шоты мен дүние-мүлкі бұғатталып, компаниялардағы үлесіне шектеу қойылған. Бұған қоса Нұрбол Назарбаев елден шығу құқығынан айырылды.
«Shishkin Like» арнасының мәліметінше, Назарбаевтар әулетінің ірі активтерін басқарған Prime cap бас компаниясы бүгінде жабылу алдында тұр.
Оған қарасты Prime Capital Real, Prime Capital Re Plaza, Prime Capital Invest сынды бірнеше кәсіпорынның Алматы мен Алматы облысында жылжымайтын мүлкі бар.
Сондай-ақ Prime Capital Re Talgar компаниясының атына тіркелген шарап зауыты мен жер телімдері, Prime Capital Re Ushkonyr иелігіндегі Шамалғандағы ауқымды аумақ, Іле ауданындағы «Qaz-Aq-Kus» құс фабрикасы, Карасайдағы «Бахар-А» тойханасы және басқа да жер телімдері бүгінде бұғаттаулы тұр.
Нұрболға тиесілі активтердің ішінде Алматы ауыр машина жасау зауытындағы (АЗТМ) үлестері де бар.
Бұған дейін Ertenmedia Нұрболдың есімі Активтерді қайтару комитетінің жабық тізімінде тұрғанын хабарлаған еді. Бізге жеткен инсайд бойынша оған қарсы кампания әулеттің капиталын қайтарудағы ірі науқанның ақтық әрі маңызды кезеңі.
Болат Назарбаев өзінің
Нұрбол мен оның інісі Ербол Назарбаевтар қолда бар мүлікті ұстап қалу үшін соңына дейін күресуге дайын деген ақпарат та тараған болатын.
Соңғы кезде ағайындыларға қарсы ақпараттық науқанның күрт күшейгенін байқауға болады. Мәжілістегі Ермұрат Бапи бастаған белді депутаттар Болаттың ұлдарына күн бермейін деп тұр. Бөкең қайтыс болса да, ол үшін "Жаңа Қазақстан" алдында жауап беретін адам бар. Ол Болаттың ұлы Нұрбол Назарбаев.
Бөкеңнің артында 9 заңды баласы, одан бөлек онға жуық заңсыз бала қалды. Оның ішінде бәйбішенің ұлдары Нұрбол мен Ербол Назарбаевтардың қолдары ұзын.
Ertenmedia Болат Назарбаевтың бақытты өмірін де, бақытсыз өмірін де жазған болатын. Әлі де көз қырын салып отырады. Бізге жазылып алыңыздар👇
https://t.me/ertenmedia
🔥30👍18❤14👏4😁2🤡2💯1
⚡️«Оттегі жетпеген» режиссер Қазақстанға қайта оралды...
Танымал режиссер Ермек Тұрсынов араға аз уақыт салып елге қайта оралды. Оның Қазақстанға келгенін экс-саясаткер Болат Әбілов растап отыр, деп жазады Ertenmedia.
Әбілов досының қысқа мерзімді «қуғын-сүргіннен» аман-есен оралғанын қуана хабарлаған екен. Бес айға жуық бөгде елде өмір кешкен Тұрсыновпен арадағы әңгіме ел ішіндегі ахуал, әлемдегі дүрбелең төңірегінде өрбіген.
"Қайда қарасаң аласапыран, шиеленіс, дағдарыс. Осындайда дүниеге даналық биігінен қарау маңызды", - деп толғаныпты Әбілов.
Экс-саясаткер Тұрсыновтың тұлғалық болмысына тамсанып, оның Қазақстан атынан үш рет «Оскарға» ұсынылғанын еске салыпты. Айтуынша, режиссердің шығармашылық шабыты енді-енді ашылып келеді, Ермектің отандық киноға әлі де берері мол.
Айта кетсек, мамырдың ортасында Тұрсынов Қазақстаннан біржола кетіп жатқаны туралы тосын жазба қалдырған. Елде өмір сүру ауырлап кеткенін, творчествосына шектеу қойылғанын және өзіне қысым жасалғанын айтқан. Тұрсынов салаға жауапты болған шенділерге, әсіресе Ақтоты Райымқұлова, Дәурен Абаев пен Асхат Ораловқа қатты шүйліккен-тұғын.
Өз кезегінде журналист Гүлбану Әбенова әлгі мәлімдеменің астарында басқа себеп жатқанын алға тартқан. Оның пікірінше, Тұрсынов отандық кинематографияда мемлекеттен ең көп қолдау көрген маман. Оған әрдайым қуатты PR жасалып отырған.
Әбенова режиссерге соңғы жылдары мемлекеттен миллиардтаған теңге бөлінгенін атап өткен. Тек "Бесмойнақ" фильміне 500 млн теңге жұмсалған, ол әлі күнге дейін көрерменге жол тартпаған. Режиссердің өзі жауапкершілікті мойнына алмаған көрінеді.
Ол сонымен қатар режиссердің отбасы соңғы он жыл бойы Испанияда тұратынын айтқан. Мәдениет комитеті кинематография басқармасының басшысы Ғани Мұратов "Ермек елден кетер алдында, мемлекеттен тағы да ақша (20 млрд теңге) сұрады" деп мәлім еткен еді.
Сөйткен Тұрсынов араға бес ай салып, Қазақстанға қайта оралды. Оның елде қанша уақытқа дейін аялдайтыны әзірге белгісіз.
Бұл мәселеге әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

"Еркін шығармашылықпен айналысуыма амал қалдырмағасын, елден кетуге мәжбүрмін. Маған бұл елде оттегі жетпейді. Абсурд әдепкі жағдайға айналды. Біз құзға құлап барамыз", - деген болатын режиссер.
Өз кезегінде журналист Гүлбану Әбенова әлгі мәлімдеменің астарында басқа себеп жатқанын алға тартқан. Оның пікірінше, Тұрсынов отандық кинематографияда мемлекеттен ең көп қолдау көрген маман. Оған әрдайым қуатты PR жасалып отырған.
Әбенова режиссерге соңғы жылдары мемлекеттен миллиардтаған теңге бөлінгенін атап өткен. Тек "Бесмойнақ" фильміне 500 млн теңге жұмсалған, ол әлі күнге дейін көрерменге жол тартпаған. Режиссердің өзі жауапкершілікті мойнына алмаған көрінеді.
"Алдымен пандемияға сілтеді, сосын маргетингі төмен деді, кейін тағы бір себеп тапты. Ермек өзінен басқаның бәрін кінәлайды. Бір кезгі шалқыған заманның дәуірі өтіп, продюсерлердің үйіне Антикор сау етіп кіріп келгенде, Тұрсынов кенеттен қысым туралы сөйлей бастады. Бұғалтырынан бастап кәскәдөріне дейін тергеуге шақырды. Өзіне тықыр таянғанын сезіп, Қазақстаннан кетуді ұйғарды", – деп жазған еді журналист.
Ол сонымен қатар режиссердің отбасы соңғы он жыл бойы Испанияда тұратынын айтқан. Мәдениет комитеті кинематография басқармасының басшысы Ғани Мұратов "Ермек елден кетер алдында, мемлекеттен тағы да ақша (20 млрд теңге) сұрады" деп мәлім еткен еді.
Сөйткен Тұрсынов араға бес ай салып, Қазақстанға қайта оралды. Оның елде қанша уақытқа дейін аялдайтыны әзірге белгісіз.
Бұл мәселеге әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
https://t.me/ertenmedia
❤25👍7🤡7👏2🤔2😱1
⚡️ Тоқаевтың сөзін "қалқан" қылған әкім: Қандыағаштағы қызметтік роман немен аяқталды...
Ақтөбе облысы Қандыағаш қаласының әкімі Қазыбек Аққайыр ашынасын тепкіге жыққаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Ertenmedia.
Сот шенеунікке 314 560 теңге айыппұл салды.
Orda-ның мәліметінше сот процесі кезінде үйлі-баранды, ақарлы-шақарлы әкім жұмыс орнындағы әріптесімен әмпей-жәмпей болғанын жоққа шығармапты. Алайда көңілдесіне қол көтергенін мойындамаған. «Отбасымның алдында-ақ жазамды тартып отырмын» деген уәж айтқан екен.
Соттағы соңғы сөзінде әкім болған іске өкініш білдіріп, тіптіпрезидент Тоқаевтың сөзін мысалға келтірді:
«Президент кей әйелдердің айқай шығарып, қоғамдық тәртіпті бұзатынын айтқан еді. Қандыағашта да сондай әйелдер бар», – деген Аққайыр осылайша өз әрекетін ақтауға тырысты.
Судья оның уәжіне иланған жоқ. Аққайырдың кінәсі дәлелденіп, 314 560 теңге айыппұл салынды. Бұған қоса ол жәбірленушіге 100 мың теңге моральдық төлем және сонша көлемде адвокат шығынын өтеуге міндеттелді.
Бізге жазылып алыңыз👇
https://t.me/ertenmedia
Ақтөбе облысы Қандыағаш қаласының әкімі Қазыбек Аққайыр ашынасын тепкіге жыққаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Ertenmedia.
Сот шенеунікке 314 560 теңге айыппұл салды.
Orda-ның мәліметінше сот процесі кезінде үйлі-баранды, ақарлы-шақарлы әкім жұмыс орнындағы әріптесімен әмпей-жәмпей болғанын жоққа шығармапты. Алайда көңілдесіне қол көтергенін мойындамаған. «Отбасымның алдында-ақ жазамды тартып отырмын» деген уәж айтқан екен.
Оқиға Жаңа жыл қарсаңында шенеуніктің кабинетінде болған. Әкім мен оның көңілдесінің арасында жанжал шығып, Аққайыр әйелдің алқымынан алып, бірнеше рет төмпештеп жіберген.
Соттағы соңғы сөзінде әкім болған іске өкініш білдіріп, тіпті
«Президент кей әйелдердің айқай шығарып, қоғамдық тәртіпті бұзатынын айтқан еді. Қандыағашта да сондай әйелдер бар», – деген Аққайыр осылайша өз әрекетін ақтауға тырысты.
Судья оның уәжіне иланған жоқ. Аққайырдың кінәсі дәлелденіп, 314 560 теңге айыппұл салынды. Бұған қоса ол жәбірленушіге 100 мың теңге моральдық төлем және сонша көлемде адвокат шығынын өтеуге міндеттелді.
Бізге жазылып алыңыз👇
https://t.me/ertenmedia
😁23❤7👍6🤮5🤔4👏2
⚡️ Ресейге кеткен вагондар. ҚТЖ-дағы Мәмин схемаларының құпиясы ашылды...
Асқар Мәминнің ҚТЖ басшылығындағы сегіз жылы ұлттық компания толық тұралатып кетті деп хабарлайды Ertenmedia.
Осы кезеңде ҚТЖ триллиондаған қарызға батып, темір жол саласындағы стратегиялық маңызы зор активтер қолдан қолға өткен. Компанияның локомотив құрастырудан бастап, астық тасымалына дейінгі маңызды секторы шетелдік серіктестерге сатылып кеткен.
Сөй деген қоғам белсендісі Елмар Құсайынов экс-премьердің КТЖ-ны басқарған жылдардағы қызметіне қатысты тың деректерді бөлісті.
Оның айтуынша, Мәмин басқарған 2008-2016 жылдар аралығында мемлекет ұлттық компанияның бірқатар ірі активтерінен айырылып қалған. Атап айтқанда, ресейлік «Трансмашхолдинг» ҚТЖ-ның басты активі Локомотив құрастыру зауытының 50 пайызын иеленсе, кейін Электровоз құрастыру зауыты акциясының 25 пайызы француздың «Alstom Transport SA» компаниясына берілген.
Сол кезеңде «Қамқор Локомотив» пен «Қамқор вагон» компаниясы жекешелендіріліп, соңында Құлыбаевқа жақын құрылымдардың бақылауына өткен.
Одан бөлек, 2014 жылы ҚТЖ мен Әлия Назарбаеваға қатысы бар «Instant Payments» ЖШС арасында келісім жасалған. Компания сатылған әр билеттен комиссия ұстап келген. Бұл шарт тек 2022 жылы ғана бұзылды.
Экономист Олжас Құдайбергеновтың есебінше, Мәмин басқарған жылдары ұлттық компания 2 триллион теңгеден аса қарызға батқан. Осы кезеңде ҚТЖ табысты қызметінен емес, сырттан алынған кредит есебінен көрсетіп келген.
2013 жылы «Қазтеміртранс» пен ресейлік «Русагротранс» бірігіп, «Астық-Транс» компаниясын құрып, әрқайсысы оған 1500 вагоннан берген. Арада бір жыл өткенде қазақстандық тарап акциясының барлығын ресейлік серіктесіне сатып жіберген. Нәтижесінде, Қазақстанның стратегиялық маңызы зор астық тасымалы нарығы толықтай ресейлік компанияның қолына өткен.
"Бұрынғы премьерден қалған мұраның зардабын толық бағалау үшін ондаған, тіпті жүздеген қылмыстық істің томдары да жеткіліксіз. Қазақстан стратегиялық маңызы жоғары активтерінен айырылып, темір жол саласын толықтай ақсатып алды", - дейді Елмар Құсайынов.
Мәминге әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

Пікірінше, Назарбаевтың сенімді серігі саналған Мәминнен қалған «мұраның» зардабын Қазақстан әлі ұзақ уақытқа дейін тартатын болады.
Оның айтуынша, Мәмин басқарған 2008-2016 жылдар аралығында мемлекет ұлттық компанияның бірқатар ірі активтерінен айырылып қалған. Атап айтқанда, ресейлік «Трансмашхолдинг» ҚТЖ-ның басты активі Локомотив құрастыру зауытының 50 пайызын иеленсе, кейін Электровоз құрастыру зауыты акциясының 25 пайызы француздың «Alstom Transport SA» компаниясына берілген.
Сол кезеңде «Қамқор Локомотив» пен «Қамқор вагон» компаниясы жекешелендіріліп, соңында Құлыбаевқа жақын құрылымдардың бақылауына өткен.
Бұған қоса, Мәмин тұсында «Транпорттың сервис орталығы" компаниясы Қайрат Сатыбалдының меншігіне берілген. Кейін компанияның 629 теміржол торабын заңсыз иеленгені анықталып, активтер мемлекетке қайтарылған еді. Сатыбалды тарифтерді негізсіз өсіргені үшін сотталған болатын.
Одан бөлек, 2014 жылы ҚТЖ мен Әлия Назарбаеваға қатысы бар «Instant Payments» ЖШС арасында келісім жасалған. Компания сатылған әр билеттен комиссия ұстап келген. Бұл шарт тек 2022 жылы ғана бұзылды.
Экономист Олжас Құдайбергеновтың есебінше, Мәмин басқарған жылдары ұлттық компания 2 триллион теңгеден аса қарызға батқан. Осы кезеңде ҚТЖ табысты қызметінен емес, сырттан алынған кредит есебінен көрсетіп келген.
2013 жылы «Қазтеміртранс» пен ресейлік «Русагротранс» бірігіп, «Астық-Транс» компаниясын құрып, әрқайсысы оған 1500 вагоннан берген. Арада бір жыл өткенде қазақстандық тарап акциясының барлығын ресейлік серіктесіне сатып жіберген. Нәтижесінде, Қазақстанның стратегиялық маңызы зор астық тасымалы нарығы толықтай ресейлік компанияның қолына өткен.
2019 жылы «Астық-Транс» акциясы офшорлық Malesto Investments компаниясына сатылып кеткен. Биылғы есеп бойынша, Қазақстанның астық тасымалындағы «Астық-Транс» үлесі 89,5 пайызға жеткен.
"Бұрынғы премьерден қалған мұраның зардабын толық бағалау үшін ондаған, тіпті жүздеген қылмыстық істің томдары да жеткіліксіз. Қазақстан стратегиялық маңызы жоғары активтерінен айырылып, темір жол саласын толықтай ақсатып алды", - дейді Елмар Құсайынов.
Мәминге әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
https://t.me/ertenmedia
😱55💯19❤11😡8👍4🤬3🔥2
⚡️Қырық минуттық кешірім. Путин Душанбеде нені мойындады...
Путин мен Әлиев Душанбіде биылдыққа алғаш рет көзбе-көз кездесті, деп хабарлайды Ertenmedia.
Кремль көсемі әңгіменің әлқиссасын былтыр желтоқсанда апатқа ұшыраған әзербайжандық AZAL ұшағына қатысты мәселені мойындаудан бастады. Мәскеу осы күнге дейін бұған қатысы барын жоққа шығарып келген.
Еске салсақ, өткен жылдың соңында Әзербайжан әуе компаниясының Бакуден Грозныйға бет алған ұшағы Қазақстан аумағында құлаған. Салдарынан 38 адам қаза тапқан. Баку әу бастан ұшақтың сыртқы әсерден апатқа ұшырағанын айтса да, Кремль әдепкі әдетіне салып, кінәніКиевке аударған еді. Бұған шамданған Әлиев мәселені халықаралық сотқа шығаратынын мәлімдеген болатын.
«Ұшақтың корпусы оқ пен жарықшақ іздеріне толы. Жолаушылардың екеуі жарықшақтан жараланды. Бұған украиналық дрон себепкер болды деу баланың әңгімесі», – деген еді Әзербайжан президенті.
«Ұшаққа екі зымыран атылды. Олар ұшаққа тікелей тимеген, 10 метрдей қашықта жарылған. Әуе кемесіне зымыран қалдықтары тиген. Ұшқыш мұны құстармен байланыстырып, диспетчерге солай жеткізген», – деп түсіндірді Путин.
Былтырғы апат екі ел арасындағы жалғыз түйткіл емес.
Осы жазда Екатеринбұрда Әзербайжан диаспорасының өкілдері ұсталып, екеуі қаза тапқан. Баку олардың өліміне ресейлік пәлцейлердің жауыздығы себеп болды деп мәлімдеген.
Бұған қарымта ретінде Баку ел аумағында жүрген сегіз ресейлікті есірткі контрабандасы және киберқылмыс бойынша құрықтаған болатын. Сондай-ақ, Бакудегі «Русский домның» есігіне құлып салынып, мекеме өкілдері тыңшылықпен айналысты деп айыпталған...
Бұдан бөлек, Әзербайжандағы ресейліктердің елде жүру мерзімі бір жылда 90 күнге дейін қысқартылған.
Душанбе төріндегі екі ел басшысының кездесу шамамен қырық минутқа созылған дейді. Әлиевке лайкты аямайық👍
Бізге жазылып алыңыз👇
https://t.me/ertenmedia
Путин мен Әлиев Душанбіде биылдыққа алғаш рет көзбе-көз кездесті, деп хабарлайды Ertenmedia.
Кремль көсемі әңгіменің әлқиссасын былтыр желтоқсанда апатқа ұшыраған әзербайжандық AZAL ұшағына қатысты мәселені мойындаудан бастады. Мәскеу осы күнге дейін бұған қатысы барын жоққа шығарып келген.
Еске салсақ, өткен жылдың соңында Әзербайжан әуе компаниясының Бакуден Грозныйға бет алған ұшағы Қазақстан аумағында құлаған. Салдарынан 38 адам қаза тапқан. Баку әу бастан ұшақтың сыртқы әсерден апатқа ұшырағанын айтса да, Кремль әдепкі әдетіне салып, кінәні
«Ұшақтың корпусы оқ пен жарықшақ іздеріне толы. Жолаушылардың екеуі жарықшақтан жараланды. Бұған украиналық дрон себепкер болды деу баланың әңгімесі», – деген еді Әзербайжан президенті.
Бұл жолы Путин мәселенің мән-жайын толық мойындап, ұшақтың ресейлік әуе қорғаныс жүйесінің қателігінен зақымданғанын ашық айтты.
«Ұшаққа екі зымыран атылды. Олар ұшаққа тікелей тимеген, 10 метрдей қашықта жарылған. Әуе кемесіне зымыран қалдықтары тиген. Ұшқыш мұны құстармен байланыстырып, диспетчерге солай жеткізген», – деп түсіндірді Путин.
Ресей президенті бұған таяуда ғана көзі жеткенін айтып, оқиғаға өкініш білдіріп, Әлиевтен кешірім сұрады. Осы жолғы кездесуде Әзірбайжан басшысы ресейлік тарапқа ешбір сын айтқан жоқ.
Былтырғы апат екі ел арасындағы жалғыз түйткіл емес.
Осы жазда Екатеринбұрда Әзербайжан диаспорасының өкілдері ұсталып, екеуі қаза тапқан. Баку олардың өліміне ресейлік пәлцейлердің жауыздығы себеп болды деп мәлімдеген.
Бұған қарымта ретінде Баку ел аумағында жүрген сегіз ресейлікті есірткі контрабандасы және киберқылмыс бойынша құрықтаған болатын. Сондай-ақ, Бакудегі «Русский домның» есігіне құлып салынып, мекеме өкілдері тыңшылықпен айналысты деп айыпталған...
артынша атышулы «Sputnik Әзербайжан» агенттігінің бас редакторы мен директоры да тұтқындалған болатын.
Бұдан бөлек, Әзербайжандағы ресейліктердің елде жүру мерзімі бір жылда 90 күнге дейін қысқартылған.
Душанбе төріндегі екі ел басшысының кездесу шамамен қырық минутқа созылған дейді. Әлиевке лайкты аямайық
Бізге жазылып алыңыз👇
https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍95❤14🔥6👏5🤡2💯2
⚡️Тоқаевтың теріскей тактикасы: Ресеймен қатынастың жұмсақ сөзі мен қатқыл есебі...
Президент Тоқаев Душанбеде өткен «Орталық Азия - Ресей» саммитінде Кремль Қазақстанның стратегиялық серіктесі екенін айтты, деп хабарлайды Ertenmedia.
«Әлемде бұрын-соңды болмаған геосаяси дүрбелеңге қарамастан, Ресей Қазақстанның одақтасы әрі стратегиялық серіктесі болып қала береді», – деді Мемлекет басшысы.
Президенттің айтуынша, Ресей мен Орталық Азия арасындағы сауда айналымы 2024 жылы 20 пайызға артып, $50 млрд-тан асқан.
«2030 жылға дейін Қызылордадан Ресей шекарасына дейінгі автожолды төрт жолаққа дейін кеңейтеміз. Ресей және Түрікменстанмен бірлесіп, «Солтүстік-Оңтүстік» дәлізінің шығыс тармағын дамытамыз. 2027 жылға қарай оның жүк өткізу әлеуетін екі есеге арттыру көзделген. Былтыр осы бағыт бойынша жүк тасымалы 2,5 млн тоннаға жетті. Дәліздің әлеуетін толық ашу үшін бірлескен инвестициялық бағдарлама әзірлеу қажет. Бұл мәселелерді 12 қарашада Ресейге жасайтын сапарым алдында егжей-тегжейлі талқылауды ұсынамын», – деді Тоқаев.
Оның сөзінше, Қазақстан Ресей мұнайының Қытайға жеткізілуіндегі негізгі транзиттік бағыт. Қазір жылына 10 млн тонна ресейлік мұнайды Қытайға тасымалдап отыр, тіпті биыл бұл көрсеткіштен асып кеткен. Жуырда Петерборда Мәскеу мен Астана газ саласындағы ынтымақтастық жөніндегі маңызды келісімге қол қойған.
Экологиялық мәселелер де назардан тыс қалмады.
«Су қауіпсіздігі өте-мөте маңызды мәселе. Сондықтан су ресурстары мен ауыл шаруашылық жерлерінің жай-күйін нақты бағалап, төтенше жағдайды болжау үшін бірлескен ғарыштық мониторинг бағдарламасын іске асыруды ұсынамын», – деді Мемлекет басшысы.
Президенттің айтуынша, орыс тілі ортақ байлық әрі байланыстырушы фактор болып қала бермек. Дегенмен бұл қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін нығайтуға еш кедергі болмауы керек екенін ескертті.
«Мен жастарымыздың орыс тілін жақсы білуі маңызды екенін үнемі айтып келемін. Алайда бұл қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін нығайту жөніндегі жұмысқа кедергі келтірмейді. Тіліміз бізге Жаратқаннан берілген әрі оның мәртебесі Конституцияда бекітілген. Сондықтан қазақ тіліне назар аудару, көңіл бөлу жалғасады. Менің ойымша, жастарымыз екі немесе тіпті үш-төрт тілді еркін меңгеруге толық қабілетті», – деді Тоқаев.

Оның жартысынан көбі Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда үлесі, былтыр ол $28 млрд-қа жетті. Ресей Қазақстан экономикасына $26 млрд-тан аса инвестиция құйып, ең ірі инвесторлардың қатарына енген.
«2030 жылға дейін Қызылордадан Ресей шекарасына дейінгі автожолды төрт жолаққа дейін кеңейтеміз. Ресей және Түрікменстанмен бірлесіп, «Солтүстік-Оңтүстік» дәлізінің шығыс тармағын дамытамыз. 2027 жылға қарай оның жүк өткізу әлеуетін екі есеге арттыру көзделген. Былтыр осы бағыт бойынша жүк тасымалы 2,5 млн тоннаға жетті. Дәліздің әлеуетін толық ашу үшін бірлескен инвестициялық бағдарлама әзірлеу қажет. Бұл мәселелерді 12 қарашада Ресейге жасайтын сапарым алдында егжей-тегжейлі талқылауды ұсынамын», – деді Тоқаев.
Оның сөзінше, Қазақстан Ресей мұнайының Қытайға жеткізілуіндегі негізгі транзиттік бағыт. Қазір жылына 10 млн тонна ресейлік мұнайды Қытайға тасымалдап отыр, тіпті биыл бұл көрсеткіштен асып кеткен. Жуырда Петерборда Мәскеу мен Астана газ саласындағы ынтымақтастық жөніндегі маңызды келісімге қол қойған.
Экологиялық мәселелер де назардан тыс қалмады.
Президент Орталық Азия мен Ресейдің экология жөніндегі арнайы министрлер кеңесін құруды ұсынды. Кеңес трансшекаралық өзендер мен Каспий теңізінің экологиялық ахуалын бақылауға алып, Каспийдің су ресурсын сақтау бойынша мемлекетаралық бағдарлама әзірлеуі қажет.
«Су қауіпсіздігі өте-мөте маңызды мәселе. Сондықтан су ресурстары мен ауыл шаруашылық жерлерінің жай-күйін нақты бағалап, төтенше жағдайды болжау үшін бірлескен ғарыштық мониторинг бағдарламасын іске асыруды ұсынамын», – деді Мемлекет басшысы.
Президенттің айтуынша, орыс тілі ортақ байлық әрі байланыстырушы фактор болып қала бермек. Дегенмен бұл қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін нығайтуға еш кедергі болмауы керек екенін ескертті.
«Мен жастарымыздың орыс тілін жақсы білуі маңызды екенін үнемі айтып келемін. Алайда бұл қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін нығайту жөніндегі жұмысқа кедергі келтірмейді. Тіліміз бізге Жаратқаннан берілген әрі оның мәртебесі Конституцияда бекітілген. Сондықтан қазақ тіліне назар аудару, көңіл бөлу жалғасады. Менің ойымша, жастарымыз екі немесе тіпті үш-төрт тілді еркін меңгеруге толық қабілетті», – деді Тоқаев.
Бізге жазылып алыңыз👇
https://t.me/ertenmedia
👍59👎14❤13🔥4🤔3🤮3💯1
⚡️Алматының жүрегіне қадалған мұнаралар: заңсыз құрылысқа рұқсат берген шенділерге тықыр таянды...
Алматы әкімдігінің бірқатар лауазымды тұлғаларына қаладағы даулы құрылыстарға қатысты тексеру басталды, деп хабарлайды Ertenmedia.
Бұл туралы премьер Олжас Бектенов депутаттар сауалына берген жауабында мәлімдеді.
«Алматы әкімдігінің құрылыс сапасын қадағалайтын жауапты мекемелеріне қатысты тексеру тағайындалды. Биыл төртінші тоқсанға жоспарланған кешенді тексеріс аясында құрылыс нысандарына берілген рұқсат құжаттардың заңдылығы толық зерттеледі», – деді үкімет басшысы.
Атап айтқанда, компания салған NEF Uptown, RAMS City, Rams Garden, RAMS Evo және Signature тұрғын үй кешенінің барлығынан дерлік заң бұзушылық анықталған.
«NEF Uptown» кешені бойынша тапсырыс беруші мен құрылысшыға (мердігерге) кемшілікті жою туралы талап қойылған. Нәтижесінде кем-кетіктер түзетіліп, нысан пайдалануға берілген.
«RAMS City» және «Rams Garden» кешенінде анықталған заңсыздық бойынша құрылыс компаниясына әкімшілік жаза қолданып, оларды орындау міндеттелген. Компания талапты орындаған соң ғана тұрғын үйлер пайдалануға берілген.
Еске салсақ, бұған дейін Базарбек-Пономарев тандемі Алматыдағы RAMS компаниясының жобаларын құмырсқаның илеуіне теңеп, қаланың қақ ортасынан «VIP-адамдарға арналған» 40 қабатты тұрғын үй салуға қарсылық білдірген еді. Тұрғындар ауқымды құрылысқа қарсылық білдіргесін дауға президент Тоқаев араласып, қала әкімі Дархан Сатыбалдыға мұндай жобаларға тежеу қоюды тапсырған еді.

Соңғы бес жыл бедерінде Алматы әкімдігі RAMS Kazakhstan құрылыс компаниясымен алысып келеді.
Атап айтқанда, компания салған NEF Uptown, RAMS City, Rams Garden, RAMS Evo және Signature тұрғын үй кешенінің барлығынан дерлік заң бұзушылық анықталған.
«NEF Uptown» кешені бойынша тапсырыс беруші мен құрылысшыға (мердігерге) кемшілікті жою туралы талап қойылған. Нәтижесінде кем-кетіктер түзетіліп, нысан пайдалануға берілген.
«RAMS City» және «Rams Garden» кешенінде анықталған заңсыздық бойынша құрылыс компаниясына әкімшілік жаза қолданып, оларды орындау міндеттелген. Компания талапты орындаған соң ғана тұрғын үйлер пайдалануға берілген.
Жақында ғана қоғам назарын аударған атышулы «Beyond» тұрғын үй кешені бойынша құрылыс тоқтатылып, әкімдік тарапынан олқылықты жою туралы ұйғарым берілген.
Еске салсақ, бұған дейін Базарбек-Пономарев тандемі Алматыдағы RAMS компаниясының жобаларын құмырсқаның илеуіне теңеп, қаланың қақ ортасынан «VIP-адамдарға арналған» 40 қабатты тұрғын үй салуға қарсылық білдірген еді. Тұрғындар ауқымды құрылысқа қарсылық білдіргесін дауға президент Тоқаев араласып, қала әкімі Дархан Сатыбалдыға мұндай жобаларға тежеу қоюды тапсырған еді.
Бізге жазылып алыңыз👇
https://t.me/ertenmedia
👍25❤16👏10🔥3😁3🤔1
⚡️Сюцай синдромы. Баталов басқаратын палата кімдерге табынады...
«Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Алматыдағы филиалы «сюцай» деп аталатын күмәнді ағым өкілдерін шақырып, бизнесмендерге тренинг өткізбек болыпты. Бұл туралы телегадағы OK Channel арнасы жазды деп хабарлайды Ertenmedia.
Арнаның айтуынша, тренингті өзін «халықаралық дәрежедегі сарапшы» ретінде дәріптейтін ресейлік Сергей Теплых өткізуі тиіс болған. Ол өзін БҰҰ-ның «Әлем елшісі», «2019 жылғы үздік цифролог», «Бейбітшілік үшін алтын орден» және BRICS Award of Honor медалінің иегерімін деп көрсеткен.
«Алаяқ секта мем.құрылымдардың қолдауымен жаңа деңгейге көтеріліп жатыр. Үкімет те құрылтайшысы болып саналатын, кәсіпкерлер жарна төлейтін «Атамекен» палатасы енді бизнесмендерді осы күмәнді ағымға тартуды жөн санапты», – делінген хабарламада.
Арна авторлары егер тренинг өтер болса, палата басшысы Райымбек Баталов пен Бас прокурорға арызданатынын айтқан. Олар осыған мұрындық болғандарды «мемлекеттік деңгейдегі алаяқтық» үшін заң алдында жауап беруге шақырып отыр.
Арна авторлары ұқсас жағдай бұрын Астанада да болғанын еске салды. Бір-екі жыл бұрын «Аманат» партиясының елордалық филиалы сюцай қозғалысының жетекшісіне «Тоқаевтан алғыс хат» берілгені туралы дау шыққан еді. Кейін партия филиалы хаттың жалған екенін айтып, полицияға шағым түсіретінін мәлімдеген. Бірақ іс сол күйі жалғасын таппаған.
Ertenmedia-ға жеткен мәлімет бойынша соңғы жылдары еліміздегі «сюцай» ағымы қанатын кеңге жоюда. Күмәнді ағымның өкілдерін түрлі жабық шараларға шақырып, "уағызын" ұйып тыңдайтын аудитория ұлғайып келеді.
Ал сіз сюцайға сенесіз бе?..

Тексере келе, әлгі атақ-марапаттың ешбірі ресми түрде расталмаған, шындыққа сай келмейтіні анықталған.
«Алаяқ секта мем.құрылымдардың қолдауымен жаңа деңгейге көтеріліп жатыр. Үкімет те құрылтайшысы болып саналатын, кәсіпкерлер жарна төлейтін «Атамекен» палатасы енді бизнесмендерді осы күмәнді ағымға тартуды жөн санапты», – делінген хабарламада.
Арна авторлары егер тренинг өтер болса, палата басшысы Райымбек Баталов пен Бас прокурорға арызданатынын айтқан. Олар осыған мұрындық болғандарды «мемлекеттік деңгейдегі алаяқтық» үшін заң алдында жауап беруге шақырып отыр.
Айғай-шудан қорыққан «Атамекеннің» Алматы филиалы іле-шала тренингтің өтпейтінін жеткізген екен. Палата директоры алдағы «сюцай сектасының өкілдерін» шақырмауға уәде беріпті.
Арна авторлары ұқсас жағдай бұрын Астанада да болғанын еске салды. Бір-екі жыл бұрын «Аманат» партиясының елордалық филиалы сюцай қозғалысының жетекшісіне «Тоқаевтан алғыс хат» берілгені туралы дау шыққан еді. Кейін партия филиалы хаттың жалған екенін айтып, полицияға шағым түсіретінін мәлімдеген. Бірақ іс сол күйі жалғасын таппаған.
Ertenmedia-ға жеткен мәлімет бойынша соңғы жылдары еліміздегі «сюцай» ағымы қанатын кеңге жоюда. Күмәнді ағымның өкілдерін түрлі жабық шараларға шақырып, "уағызын" ұйып тыңдайтын аудитория ұлғайып келеді.
Ал сіз сюцайға сенесіз бе?..
Бізге жазылып алыңыз👇
https://t.me/ertenmedia
😡34❤16😱14👍5🤔4🤯1
⚡️ «Қырық пайыздық қамыт». Базалық мөлшерлеменің 18 пайызға жеткені нені білдіреді...
Қазақстанда ипотека мен автонесие 25 пайызға дейін көтерілуі мүмкін. Ал тұтынушылық несие тіпті 40 пайыздан асып түсуі ғажап емес.
Бұған Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені 18 пайызға көтеруі себеп жазады Ertenmedia экономист Алмас Шөкинге сілтеп.
«Меніңше, қазіргі ахуалды «сейсмикалық өзгеріс» деген сипаттаған жөн. Табанымыздың астындағы қара жердің өзі сәт сайын шайқалып тұрғандай әсер қалдырады», — дейді ел экономикасының шатқаяқтап тұрғанын меңзеген Шөкин.
Сарапшының айтуынша, базалық мөлшерлеме 18 пайызға жеткенде банктер ең сенімді клиенттеріне қысқа мерзімді несиені 22 пайызбен ғана бере алады.
«Мұндайда экономикаға инвестиция тартып, өндірісті қалай дамытуға болатынын түсіну қиын. Шағын бизнес те, қарапайым халық та зардап шегеді. Ең өкініштісі пайыздық мөлшерлеме жақын уақытта төмендей қоймайды», – деп болжайды сарапшы.
Экономист Бектенов үкіметінің саясатына сынап отыр. Ұлттық қордан алынатын трансферттің көлемін ұлғайту мүмкіндігі таусылғасын, билік сырттан қарыз алуға көшкен.
Мәселен 8 триллион теңгелік мемлекеттік инвест. бағдарлама «Бәйтерек» арқылы жүзеге аспақ. Ол үшін «Бәйтерекке» 1 триллион теңге бөлінеді де, қалған 7 триллион теңгені ішкі нарықтан қарызға алады.
Шөкин Үкімет тарапынан қолға алынып жатқан ауқымды инвестициялық жобалардың нақты өндіріс пен тұтынушы нарығына пайдасы шамалы екенін айтады. Ал Ұлттық банк осы жолы инфляцияның шарықтауын тым кеш байқап қалған.
«Мүмкін Сүлейменовке базалық мөлшерлемені жазда-ақ көтере түсу керек пе еді? Қазіргі инфляция деңгейін теңгенің бағамына қарап-ақ болжауға болады. Доллар қайда кетсе, инфляция да сол жаққа кетеді. Немесе керісінше инфляция артса, доллар да оның соңынан ереді», – деп түйіндеді сарапшы.

Ал қарапайым халыққа ипотека мен автокредит кемінде 24-25 пайыз, тұтынушылық несие болса 40 пайызға дейін шарықтайды.
«Мұндайда экономикаға инвестиция тартып, өндірісті қалай дамытуға болатынын түсіну қиын. Шағын бизнес те, қарапайым халық та зардап шегеді. Ең өкініштісі пайыздық мөлшерлеме жақын уақытта төмендей қоймайды», – деп болжайды сарапшы.
Экономист Бектенов үкіметінің саясатына сынап отыр. Ұлттық қордан алынатын трансферттің көлемін ұлғайту мүмкіндігі таусылғасын, билік сырттан қарыз алуға көшкен.
Мәселен 8 триллион теңгелік мемлекеттік инвест. бағдарлама «Бәйтерек» арқылы жүзеге аспақ. Ол үшін «Бәйтерекке» 1 триллион теңге бөлінеді де, қалған 7 триллион теңгені ішкі нарықтан қарызға алады.
«Түсінбейтінім, ішкі нарықтан мұндай орасан соманы қандай пайызбен алмақшы? Бұл да кемі 21-22 пайызбен алынатын несие ғой. Мұндай пайыздық жүктемемен қай жоба өзін ақтай алады? 22 пайыздық несие үш жарым жылда екі еселенеді», – деп атап өтті сарапшы.
Шөкин Үкімет тарапынан қолға алынып жатқан ауқымды инвестициялық жобалардың нақты өндіріс пен тұтынушы нарығына пайдасы шамалы екенін айтады. Ал Ұлттық банк осы жолы инфляцияның шарықтауын тым кеш байқап қалған.
«Мүмкін Сүлейменовке базалық мөлшерлемені жазда-ақ көтере түсу керек пе еді? Қазіргі инфляция деңгейін теңгенің бағамына қарап-ақ болжауға болады. Доллар қайда кетсе, инфляция да сол жаққа кетеді. Немесе керісінше инфляция артса, доллар да оның соңынан ереді», – деп түйіндеді сарапшы.
Бізге жазылып алыңыз👇
https://t.me/ertenmedia
😱15👍10❤3🤬2👎1🔥1🤔1
⚡️Түркияға тур, қымбат телефон, элиталы парфюм: Ақтөбе элитасын жемдеген 6 миллиард...
Ақтөбеде CNPC-ге қарасты қытайлық компанияның бұғалтыры мен басшысының орынбасары 6 миллиард теңгеден астам қаржыны қолды қылғаны үшін сотталды.
Мұнай-газ саласының сарапшысы Нұрлан Жұмағұлов осы іске қатысты тың дерекпен бөлісті, деп хабарлайды Ertenmedia.
Оның айтуынша, CNPC-дің еншілес кәсіпорны «СНПС-Ақтөбемұнайгазға» қарасты «Ту-Ха» мұнай-техникалық қызмет көрсету компаниясының екі қызметкері сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салу және заңсыз жолмен тапқан қаражатты заңдастыру бойынша кінәлі деп танылған.
Оларға 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Жалпы шығын көлемі 6 миллиард теңгеден асып жығылған.
Айыпкерлердің айтуынша, 2004 жылдан 2020 жылға дейін компания басшылығының бұйрығымен ақшаны қолма-қол шығарып, қаражатты қазақстандық шенділерге пара ретінде үлестіріп келген.
Атап айтқанда…
Шетелдік жұмыс күшін кедергісіз кіргізу үшін ай сайын доллармен Ақтөбе облысының Еңбек департаменті мен облыс әкімдігіне ақша төленген.
Экология департаментіне жыл сайын химреагенттер мәселесін «шешу» үшін 20 мың доллар беріліп тұрған.
Сондай-ақ 2016 жылы компания талапқа сай келмесе де, лицензиялау комитетіне пара беру арқылы арнайы қызмет түріне рұқсат алған.
Одан бөлек, кеден органына баж салығын азайту мақсатында 500 мың доллар, Ақтөбе облысының прокуратурасына 100 мың доллар, ал қаржы полициясына салық төлеуден жалтаруға байланысты қозғалған қылмыстық істі жабу үшін тағы да пара берілген.
Жұмағұловтың жазуынша...
Тергеу кезінде анықталғандай, қытайлық басшылар ақшаны қолма-қол айналымға түсіру үшін салықты 3 пайызбен төлейтін шағын кәсіпорындарды пайдаланған.
Сарапшы қытайлықтардың біздің шенділердің ұртын майлағанын олардың өздері үшін үлкен қауіп деп отыр. Қытай заңнамасында шетелдік шенеуніктерге пара берген адам өлім жазасына кесіледі.
Толығырақ осы тұсқа салдық.

Ал Миграция қызметіне Қытайдан жұмысшылардың кедергісіз келуі үшін жалпы сомасы 2,4 миллион доллар жұмсалған.
Сондай-ақ 2016 жылы компания талапқа сай келмесе де, лицензиялау комитетіне пара беру арқылы арнайы қызмет түріне рұқсат алған.
Одан бөлек, кеден органына баж салығын азайту мақсатында 500 мың доллар, Ақтөбе облысының прокуратурасына 100 мың доллар, ал қаржы полициясына салық төлеуден жалтаруға байланысты қозғалған қылмыстық істі жабу үшін тағы да пара берілген.
Жұмағұловтың жазуынша...
компания қазақстандық лауазымды тұлғаларға сый-сияпат жасауға да аямай ақша бөлген. Шенеуніктерге шетелге сапар ұйымдастырып, қымбат телефон, элиталы парфюм, сағат пен фитнес-орталықтардың абонементі тарту етілген.
Тергеу кезінде анықталғандай, қытайлық басшылар ақшаны қолма-қол айналымға түсіру үшін салықты 3 пайызбен төлейтін шағын кәсіпорындарды пайдаланған.
Сарапшы қытайлықтардың біздің шенділердің ұртын майлағанын олардың өздері үшін үлкен қауіп деп отыр. Қытай заңнамасында шетелдік шенеуніктерге пара берген адам өлім жазасына кесіледі.
Толығырақ осы тұсқа салдық.
Бізге жазылып алыңыз👇
https://t.me/ertenmedia
😱26🤬8👍7🤯6❤5
⚡️Қымбатшылыққа еті үйренген ел: Үш жүзге жеткен бензинге ешкім таңғалмады...
Қазақстанда бензин бағасы тағы қымбаттады. Қазанның басында жанармай нарығындағы негізгі ойыншылар АИ-95 маркалы бензиннің бір литрін 300 теңгеден сата бастады, деп хабарлайды Ertenmedia.
Digitalbusiness дерегінше межені ең бірінші болып Compass жанармай бекеті бағындырған.
Жалпы баға өзгерісіне келсек, АИ-92 маркасының бір литрі 235 теңгеден 238 теңгеге көтерілді. АИ-95 маркалы бензин бірден 5 теңгеге қымбаттап, қазір 300 теңгеден сатылып жатыр.
Ал АИ-98 бензині бүгінгі таңда 350 теңгеден ұсынылуда. Дизель бағасы 331 теңге.
Билік маңындағы сарапшылар бензин бағасының 300 теңге межесінен асуы қоғамда бұрынғыдай дүрбелең тудырмағанын атап өткен екен.
Бізге жазылып алыңыз👇
https://t.me/ertenmedia
Қазақстанда бензин бағасы тағы қымбаттады. Қазанның басында жанармай нарығындағы негізгі ойыншылар АИ-95 маркалы бензиннің бір литрін 300 теңгеден сата бастады, деп хабарлайды Ertenmedia.
Digitalbusiness дерегінше межені ең бірінші болып Compass жанармай бекеті бағындырған.
1 қазанда Астанада АИ-95 бағасы 300 теңгеге жетсе, Алматыда бұл бензин тіпті 305 теңгеге саудаланды. Қазір Royal Petrol секілді ірі желілер де осы бағамен сатуға көшті.
Жалпы баға өзгерісіне келсек, АИ-92 маркасының бір литрі 235 теңгеден 238 теңгеге көтерілді. АИ-95 маркалы бензин бірден 5 теңгеге қымбаттап, қазір 300 теңгеден сатылып жатыр.
Ал АИ-98 бензині бүгінгі таңда 350 теңгеден ұсынылуда. Дизель бағасы 331 теңге.
Билік маңындағы сарапшылар бензин бағасының 300 теңге межесінен асуы қоғамда бұрынғыдай дүрбелең тудырмағанын атап өткен екен.
Бізге жазылып алыңыз👇
https://t.me/ertenmedia
😢19🤬15👍6❤3🤔3👎2🔥1👏1😡1