Erteńmedia
10.9K subscribers
3.39K photos
1.21K videos
1 file
3.07K links
✓Қазақ тіліндегі ең танымал телеграм-арна.
✓Ашық ақпарат, анық талдау, астарлы пайым.

™ @kurilkabai_bot
Download Telegram
⚡️Түрме, тәубе және тағдыр: Мухамадиеваның мұңы мен үйқамақ үміті...

Әлемжеліде қазақтарды әжуәлап, бүтін бір ұлтты келеке еткен атышулы Алика Мухамадиеваға прокурор төрт жарым жыл түрме жазасын сұрады, деп хабарлайды Ertenmedia.

Қарағандыдағы сот процесі Қылмыстық кодекстің 174-бабы «Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни алауыздықты қоздыру» бойынша жүріп жатыр.

Айыптаушы тараптың сөзінше, Мухамадиеваның әлемжелідегі жазбасы ұлтаралық жанжал туғызып, елдегі титулды ұлттың ар-намысына тиген. Мұның бәрі сараптама қорытындысымен дәлелденген.

Іс насырға шапқанын сезген күдікті елден қашып, ізін жасыруға талпынған. Дау тұтанған сәтте қазақтілді қауым провокаторды елден қууды талап еткен болатын.


Аликаның бұған дейін қазақтардан кешірім сұраған, бірақ бұл оны жауапкершіліктен босатпайтын сыңайлы.

"Сол күні қатты күйзелісте болдым. Сол сәтте не істеп қойғанымды өзім де түсінбедім", – деді ол сотта.

Сөзінше қамауға алынғанына 87 күн болған және сол уақыттан бері кішкентай қызын көрмеген. "Қызым күн сайын “Анашым қайда?” деп атама сұрақ қояды…" – деген Мухамадиева сотта көз жасын көл қылған еді.

Ол тергеу изоляторында бірге отырған діндар әйелден Құран кітапты сыйға алғанын және сол арқылы өз қателігін терең ұққанын айтып, ақталып отыр. Аликаның адвокаты да мәселені балаға сілтеп, анасынан айырмауды сұрауда.


"Айыппұл немесе үйқамақпен шектелсе жеткілікті. Тек түрмеге отырмасын", – дейді қорғаушы.

Сот соңғы сөзге дайындалу және істі түйіндеу үшін 3 қарашаға дейін үзіліс жариялады.

Ertenmedia-ға жеткен мәлімет бойынша Қарағанды тұрғыны айыппұлмен құтылмайды. Биліктің өзі де 174-бабты жұмсартуға мүдделі емес. Ақорда идеологтары мұндай жағдайда Алика секілді провокаторлар күрт көбейеді деп қауіптенеді.

Айта кетелік, Алика Мухамадиева Қарағандыда киім дүкені мен доставкі бизнесіне иелік ететін кәсіпкер. Instagram парақшасында жарияланған жазбада Мухамадиева қазақша сөйлеуді талап ететіндерді "мамбет" деп мазақ етіп, мемлекеттік тілді «полукәлбитский диалог» деп келемеждеген.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

https://t.me/ertenmedia
👏37❤19🔥5
⚡️Нұрболдың нәубеті: Болаттың баласына бағытталған Бапидің «бомбасы»

Депутат Ермұрат Бапидің араласуымен Болат Назарбаевтың ұлы Нұрбол Назарбаевтың қатысы бар атышулы іс қайта жалғасты, деп хабарлайды Ertenmedia.

Бұған дейін Бәпи қарағандылық кәсіпкер Қуат Ерментаевтың шағымы бойынша Бас прокурорға жүгінген. Ерментаев өз меншігіндегі «PORUS» ЖШС-дегі үлесін "сантехниктің" ұлы рейдерлік жолмен тартып алғанын айтқан болатын.

"Рейдерлік әрекеттен кейін кәсіпкер тақырға отырған. Оның шағымымен Алматының Экономикалық тергеу департаменті 2022 жылы компаниядағы Ерментаевқа тиесілі үлесті тартып алу бойынша іс қозғаған. Алайда екі жылдан соң, “қылмыс құрамы жоқ” деген желеумен іс жабылған. Назарбаев әулетінің әмірі жүргені айтпаса да түсінікті", – дейді депутат.


Алайда 9 қазанда аталған іс бойынша тергеу қайта басталды. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов мәлімдеді.

"Алматының Экономикалық тергеу департаменті Қуат Ерментаевқа тиесілі “PORUS” компаниясындағы 16 пайыздық үлесті заңсыз қайта тіркеу фактісі бойынша тергеу жүргізген. Іс қылмыс құрамы болмауына байланысты тоқтатылған еді. Алайда Ерментаев ұсынған қосымша аргументті қайта зерттеу нәтижесінде істі тоқтату туралы ескі қаулының күші жойылып, тергеу қайта жалғасты", – деді Асылов.

Әлгіден кейін Алматының Экономикалық тергеу департаменті кәсіпкерге тізе батырған Бөкеңнің баласына қатысы тергеу амалын бастап кетіпті. Істің барысы Асыловтың бақылауында.

41 жастағы Нұрбол Назарбаевты бұған дейін Бас прокуратураға қарасты Активтерді қайтару комитеті де сотқа берген-ді.

Экс-президенттің немере інісі 58 млрд теңге қарызы үшін істі болып жатыр. Оның банктегі есеп-шоты мен дүние-мүлкі бұғатталып, түрлі компаниядағы үлесіне шектеу қойылған. Бұған қоса ол елден шығу құқығынан айырылды.

Болат Назарбаев өзінің өсиетхатын алғаш рет 2014 жылы жазып, онда барлық мүлкін үлкен ұлы Нұрболдың атына табыстаған. Бөкеңнің өзі өмірден өткенмен, отбасының активі ыдырай қоймаған еді.


Соңғы кезде Нұрболға қарсы ақпараттық науқанның күшейгенін байқауға болады. Бапи бастаған депутаттар Болаттың ұлдарына күн бермейін деп тұр. Бөкең қайтыс болса да, ол үшін "Жаңа Қазақстан" алдында жауап беретін адам бар. Ол Болаттың ұлы - Нұрбол Назарбаев.

Бөкеңнің артында 9 заңды баласы, одан бөлек онға жуық заңсыз бала қалды. Оның ішінде бәйбішенің ұлдары Нұрбол мен Ербол Назарбаевтардың қолы ұзын.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

https://t.me/ertenmedia
👏31❤7🔥5
⚡️Мемлекет футбол клубтарын «асырауды» бай-манаптардың мойнына іліп қойды...

Қазақстандық футбол клубтары жекенің қолына өтпек деп хабарлайды Ertenmedia.

Президент Тоқаев футбол командаларын мемлекет есебінен асырауды тоқтатуды тапсырған еді. Осы орайда премьер Бектенов футбол клубтарын сатып алуға ірі бизнес өкілдері мен компаниялар қызығушылық танытып отырғанын жеткізді.

Үкімет басшысы атап өткен инвесторлар қатарында Central Asia Fuel and Energy Company (иесі Сергей Кан) «Қызыл-Жар» клубын сатып алуға дайын.

Freedom Finance негізін қалаған Тимур Турлов «Шахтер» клубына арнайы стадион мен футбол академиясын тұрғызуды көздейді.

Михаил Ломтадзенің 🏦 Kaspi Group компаниясы елордалық «Жеңіс» клубына құда түсіп, Астанада футбол инфрақұрылымын дамытпақшы.


TAU GROUP LTD басшысы Ислам Қозыбақов «Қайсар» клубын өз қолына алуға мүдделі.

Бұдан бөлек, «Тараз», «Елімай» мен «Ертіс» клубына қатысты қызу келіссөз жүріп жатыр. Үкімет футбол клубтарын тезірек жекешелендіру үшін 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды қайта қарап, құжатты тиісті мемлекеттік органдармен келісу үстінде.

Әзірше аталған клубтың бәрі бюджет есебінен күн көруде.

2025 жылы ел бюджетінен футболға 34,9 млрд теңге бөлінген. Оның ішінде кәсіби командаларға 31,8 млрд теңге, ал балалар мен бұқаралық спортқа небәрі 3,1 млрд теңге қарастырылған.


Әлихан Смайыловтың тексеруі жыл сайын миллиардтаған қаржының бейберекет шашылғанын көрсетуде. Бас аудитор бір ғана "Ақтөбе" клубының 250 млн теңгені негізсіз жұмсағанын, ойыншыларға артық бонус бергенін және мердігерлермен жоғары бағамен шарт жасасқанын анықтаған еді.

2026 жылдан бастап футбол саласын қаржыландырудың жаңа ережесі күшіне енеді. Атап айтқанда, легионерлерді мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор есебінен қаржыландыруға тыйым салынады.

Әкімдіктер бір клубты қолдауға жылына 500 АЕК-тен (1 млн 966 мың теңге) артық қаражат бөле алмайды. Сонымен қатар мемлекет есебінен шетелдік ойыншылардың шығынын өтеуге де рұқсат етілмейді.


Осы өзгеріспен қатар балалар мен жасөспірімдер футбол мектептері бапкерлерінің жалақысы 30 пайызға өседі. Әкімдіктерге, әсіресе ауылдық жердегі бапкерлердің еңбекақысын көтеруге екпін беріледі.

Айта кетейік, бұған дейін президент Тоқаев футбол клубтарын тез арада жекешелендіруді тапсырып, спорт нарық заңдарымен жұмыс істеп, тек жеке инвестиция арқылы дамуы тиіс екенін баса айтқан.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏40❤14👍7🤡5🔥3
⚡️Тұманды Альбионның тұтқыны: Лондондағы қонақ үйдің терезесінен қарғыған Әблязов...

Танымал журналист Марк Холлингсворт Британияның құқық қорғау жүйесінен сытылып кеткен Мұхтар Әблязов туралы бірқатар қызықты инсайдпен бөлісті, деп хабарлайды Ertenmedia.

Айтуынша, қазақ олигархы 2012 жылдың 15 ақпаны таң қылаң бере...

Лондонның қақ ортасындағы қымбат қонақүйдің бірінші қабатындағы терезеден қарғып өтіп, Британиядан оп-оңай қашып кеткен.


«Әблязов жылтырақ дүниеге құмар емес. Қымбат Armani емес, ортаңқол Marks & Spencer костюмін киіп жүретін шағын денелі олигарх Виктория вокзалына асығыс жетіп, әрі қарай Дувр портына жол тартады. Сол арада Орталық Африка Республикасының «дипломатиялық» паспортын көрсетіп, Францияға өткен», — дейді ағылшын журналисі.

Сол тұста Британ соты Әблязовқа қатысты ел тарихындағы ең ірі алаяқтық істі қарап жатқан.

Олигарх БТА банкінің 3,2 млрд фунт стерлинг қаражатын жымқырды деп айыпталған. Ұрланған қаржы шамамен жүздеген офшорлы компания мен шетелдік есеп-шотқа жасырылған болатын.

«Британияда бой тасалаған Мұхтар әлгі миллиардтарды лоббистер мен пиаршыларға жұмсап, Лондонның элиталы ауданынан аса қымбат жылжымайтын мүліктер сатып алған.

Соның ішінде атақты Хампстед ауданында бағасы 17 млн фунт тұратын 9 бөлмелі вилласы болды, әлгі вилланың ішінде 12 адам еркін сиятын түрік саунасы бар еді.


Кейіннен Кенсиңтоннан элиталы пәтер мен Виндзор саябағының түбінен 40 гектар жерді және сатып алып қойды», — дейді Холлингсворт.

Саясаткердің қуанышы ұзаққа созылмады. 2012 жылы Ұлыбритания соты Әблязовты активтері туралы жалған мәлімет бергені, құжатты қолдан жасағаны және сотты сыйламағаны үшін кінәлі деп танып, 22 айға түрме жазасына кесті.

«Оның ағылшын жерінен қалай қашқанын ілгеріде айттық. Соңғы 13 жылдан бері Әблязов Ұлыбритания сотына ұстатпай жүр.

Францияның оңтүстігіндегі Ницца мен Экс-ан-Прованс қаласында аяғын теңізге малып, жағалаудағы сәнді вилла мен жалға алынған сарайларда шалқып өмір сүруде.


Әблязов кейсі Британия мен Францияның шетелдік олигархтарға шара қолдануға келгенде әлі де шарасыз екенін көрсетеді», — дейді журналист...

Толығырақ осы тұстан оқуыңызға болады.

Сіздер үшін ізденуден шаршамайтын арнамызға тіркеліп алыңыз👇

https://t.me/ertenmedia
🔥15❤8😱7😁4🤯3
⚡️Құлыбаевқа қарсы крест жорығы. Депутаттар Halyk Bank атауына неге өшікті...

Қазақстанда банктер мен жекеменшік компанияларға «халық» сөзін қолдануға тыйым салынуы мүмкін, деп хабарлайды Ertenmedia.

Orda-ның мәліметінше бастаманы қолдаған 50-ден астам депутат тиісті ұсынысты «Банктер туралы» заңның 7-бабына өзгеріс ретінде енгізді.

Түзетудің негізгі авторы депутат Марат Башимов. Оның айтуынша, «халық» сөзі Ата заңда биліктің қайнар көзімен тікелей байланысты ұғым.


Мұны жеке меншік банктер мен олигархиялық құрылымдар коммерциялық мақсатта пайдаланған кезде, қоғамда «жалған қоғамдық миссия» туралы қате түсінік қалыптасып, елдің қаржы жүйесіне деген сенімге селкеу түседі.

«Конституциядағы «халық» сөзі қасиетті ұғым, ол биліктің қайнар көзі. Осындай салмақты ұғымды коммерциялық құрылымдар жарнама ретінде пайдаланып отыр. Бұл тұтынушыларды шатастырады және әділ бәсеке ережесін бұзады», – дейді Бәшімов.

Депутаттардың сөзінше, халықаралық тәжірибеде «ұлттық», «халықтық», «мемлекеттік» деген сөздер тек мемлекеттік мекемелерге ғана тиесілі, ал жекеменшік компания мұндай атауларды пайдалана алмайды.


Сондай-ақ олар Halyk Bank секілді жеке банктің «халық» сөзін пайдалануы тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заң талаптарын бұзуы мүмкін екенін атап өтті.

Саяси сарапшы Ғазиз Әбішев бастамамен келіспей отыр.

"Конституцияда "халық" деген сөзді тек мемлекеттік немесе саяси институттарға ғана теліп қойған норма жоқ. Halyk Bank кеше құрылған жоқ, бірнеше онжылдық бойы жұмыс істеп келе жатыр. Оны ешкім мемлекеттік банк деп ойламайды. Мұндай жасанды шектеу экономикаға зиянын тигізуі мүмкін», – дейді Әбішев.

Сарапшының пікірінше, мұндай мәселені депутаттар эмоциямен емес, кәсіби қауымдастықпен талқылаған дұрыс.

"Президент Тоқаев жақында ғана инвестициялық климатқа сенімді күшейту керек деді. Ал Halyk Bank инвесторлар қауымдастығына кіреді. Мұндай мәселелені популистік емес, кәсіби тұрғыда талқылаған жөн", – деп түйіндеді ол.

Саясаттанушы Данияр Әшімбаев та осы ұстанымда.

"Депутаттардың логикасына салсақ, ертең Kaspi банктің да атауын өзгерту керек, өйткені біреу оны Каспий теңізінің иесі деп ойлап қалуы мүмкін. Forte банкі шетелше естіледі, соны да өзгерту керек пе? Мұның бәрі қоғам назарын экономикалық дағдарыстан басқа жаққа аударудың амалы сияқты", – деді Әшімбаев.


Айта кетейік, Марат Бәшімов осы мәселені бұған дейін де көтерген еді. Ол Тимур Құлыбаев бақылайтын Halyk Bank атауы азаматтық заң нормасын бұзып, тұтынушыларды шатастырып отырғанын айтқан.

"Құлыбаев? Халық атынан сөйлеуге тек конституциялық мәртебесі бар ұйымдар құқылы. Банктің "халықтық" деп аталуы заң тұрғысынан қаншалықты дұрыс? Бұл атау халықты шатастырып отырған жоқ па? Бұған кім рұқсат берген?", - деген еді ашуға булыққан депутат.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

https://t.me/ertenmedia
👍26❤12🤔7
⚡️BMW мінген депутат, дәріге зар болған бала: Шалданбаевтың шотындағы жұмбақ миллиондар...

«Amanat» партиясының депутаты, Кентау қалалық мәслихатының мүшесі Арман Шалданбаевтың аты тағы дауға қалды, деп жазады Ertenmedia.

Белгілі журналист Ботагөз Омарова депутаттың есепшотында жүздеген миллион теңге пайда болғанын айтып, оның қаражат көзінің күмәнді екенін алға тартты.

Омарованың жазуынша, депутаттың қаржылық былықтары ажырасу процесі кезінде кездейсоқ ашылған. Сот құжатына сәйкес, 2018-2021 жылдар аралығында Шалданбаевтың банктегі шоттарына 240 миллион теңгеден астам қаражат түскен.


Бұған қоса, ол жеке тұлғалардан тағы 330 миллион теңге көлемінде «қарыз» алған. Алайда депутаттың табыс декларациясында бұл сома көрсетілмеген, керісінше, табыс «нөл» деп жазылған.

Журналист депутатқа қатысты тағы бір жайтты ерекше атап өтеді.

Ажырасқан жұбайы мүгедек баласының еміне өз мүлкін сатуға мәжбүр болған кезде, халық қалаулысы BMW X7 көлігін сатып алып, жүздеген миллионға жалған келісімдер рәсімдеген.


Сот депуттатты бұрынғы әйеліне 83 миллион теңге төлеуге міндеттесе де, Шалданбаев шешімді орындаудан бас тартып отыр.

«Мәселенің ең таңғаларлық тұсы сот процесінің алдында ғана депутат желідегі парақшасында Мәжілістегі «Amanat» фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаевпен түскен суретін жариялаған. Мұны қалай түсінуге болады? Бұл кездейсоқтық па, әлде қоғам мен сотқа көрсетілген қысымның белгісі ме?» – дейді Омарова.

Депутаттыққа барар жолда да Шалданбаевтың аты түрлі жанжалмен аталған.

2019 жылы 5 желтоқсанда Бурабайдағы Rixos қонақүйінде болған пышақтасу оқиғасына оның тікелей қатысы бар екені айтылған еді. Камераға түсіп қалған оқиға кезінде Шалданбаев пен оның достары өздерінің танысы Асылбек Мәжіковке пышақпен шабуыл жасаған. Барлығы ұсталып, қамауға алынғанымен, бір аптадан кейін тараптардың татуласуына байланысты іс тоқтатылған.

Дәл сол тұста Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев болатын. Әкімнің аты да осы іске қатысты айтылғанымен, ресми түрде расталған жоқ. Ал оқиғадан кейін көп ұзамай Шалданбаев праймериз арқылы Кентау қалалық мәслихатының депутаты атанды.

Журналист осы мәселеге байланысты Бас прокуратураға, Қаржы мониторингі агенттігіне, Ішкі істер министрлігіне және «Amanat» партиясына ресми сұрау жолдағанын айтты. Ол депутаттың табысы мен Бурабайдағы пышақтасу оқиғасына нақты жауап алмақшы.


«Ең өкініштісі депутаттың өз мүгедек баласына емге ақша тауып беруге уақыты жоқ, бірақ Instagram-да әдемі өмірін көрсетуге келгенде аса белсенді. Өзінің туған ұлына осылай қараған депутаттың елге, мемлекетке деген қатынасы қандай болмақ?» – деп сауал тастайды Ботагөз Омарова.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

https://t.me/ertenmedia
1😱36❤10👍6🔥3😁1
⚡️Тақияның тағдыры: «Прожарканың» дауы прокуратураға жетті...

Журналист Асхат Ниязов YouTube-тегі "Прожарка" шоуында айтқан әзілі үшін заң алдында жауап беруі мүмкін, деп хабарлайды Ertenmedia.

Белгілі блогер Диас Құзайыров журналистің эфирдегі сөзін ұлттық бас киім тақияны қорлау және қазақ халқының ар-намысына тию деп бағалап, құқық қорғау органдарына шағым түсірді.

Әлемжеліде тараған видеода Асхат Ниязов тақия туралы «мүшесінде тақия ілініп тұр» деген мағынадағы дөрекі тіркес айтқан.


Блогердің пікірінше, тақия қазақ халқының ар-намысы мен абыройының символы саналатын ұлттық бас киім. Ал Ниязовтың айтқан сөзі қазақ ұлтының қадір-қасиетін әдейі кемсіту мақсатында айтылған.

Осы себепті блогер Құзайыров журналистің әрекеті ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабына («ұлтаралық алауыздықты қоздыру») сай келеді деп санайды.


Бұл бап бойынша 2 мыңнан 7 мың АЕК-ке дейін айыппұл салу немесе екі жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан шектеу не айыру қарастырылған.

Айта кетейік, аталған шығарылымға сонымен қатар режиссер Қанат Бейсекеев те қатысқан. Эфирде Қаңтар оқиғасына қатысты әжуалы пікір айтылып, қазақтілді қауымның ашу-ызасын туғызған болатын.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

https://t.me/ertenmedia
🔥31👍15❤4👎1
⚡️Құдаларға қойылған әмерикалық кісен: Нью-Йорк соты Әблязов пен Храпуновты тақырға отырғызды...

АҚШ-та БТА Банкі мен Алматы әкімдігіне қатысты атышулы сот процесінің қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды Ertenmedia.

Нью-Йорктің Оңтүстік округінің федералды соты қазақстандық тарапқа 100 миллион доллардан астам өтемақы өндіріп беруге шешім шығарды. Оның 52 миллионы тікелей шығын ретінде есептелсе, қалған 50 миллион доллар іс ұзаққа созылғандықтан өндірілген пайыздық үстеме.

Іс Қазақстаннан 10 жылдан астам уақыт бұрын ұрланып, АҚШ аумағындағы жылжымайтын мүлік нарығына заңсыз бағытталған қаражатқа қатысты өрбіген.


Алматы әкімдігі мен БТА банкінің мүддесін АҚШ-тың әйгілі Boies Schiller Flexner адвокаттық конторасы қорғаған екен.

Қылмыстық схеманың артында Алматы қаласының бұрынғы әкімі мен БТА банктің экс-төрағасы тұр. Бір-бірімен құда-жекжат болып келетін Әблязов-Храпунов тандемі Алматы әкімдігі мен БТА банкінің қаржысын талан-таражға салып, 6 миллиард доллардан астам ақшаның ізін жасырып үлгерген. Храпуновтың ұлы Ілияс та осы афераның бел ортасында тұр.

Америкалық тараптың мәліметінше, алаяқтық желі әу баста-ақ ең мықты деген маманның өзін шатастыратын схема негізінде құрылған. Тергеу барысында жалған келісімдер мен құжаттар, жалған несие шарттары, жалған қарызды кешіру секілді түрлі манипуляция әшкереленген.

Істің айрықша деталі, сотталғандар арасында Доналд Трамппен іскерлік байланыста болған, ресейлік-америкалық кәсіпкер Феликс Сатер бар.


Сатер сот процесінде Әблязов пен Ілияс Храпуновтың Қазақстаннан ұрланған қаражатты АҚШ-қа бағыттауына белсенді атсалысқаны үшін айыпты деп танылды. Құдалардың капиталы АҚШ-тың жылжымайтын мүлік нарығына бағытталып, Сәтер мен оның серіктестерінің есеп-шотына аударылған.

Былтыр осы іс бойынша АҚШ соты Алматы мен БТА банктің пайдасына 32 миллион доллар өндірген еді. Екінші сот талқылауында қорғаушылар аргументті нығайтып, нәтижесінде өтемақы көлемі 100 млн-ға жетіп жығылды.

«Сотқа Алматы әкімдігі мен БТА банкінің өкілдерін қатыстырып, мәселенің астарында қарапайым тұрғындар мен банк салымшыларының мүддесі жатқанын көрсеттік. Храпуновтың Алматыны басқарған тұсындағы бірақ былығын судья үстеліне қойдық. Құдалар ұйымдастырған схеманың заңсыз екенін халықаралық деңгейде дәлелдедік», — дейді Boies Schiller Flexner адвокаттары.

Компанияның айтуынша осыдан кейін Әблязов пен Храпуновтың басқа елдегі активтерін іздестіру ісі қарқын алады. Cот шешімінің шеңберінде қаржы негізінен Сатерден және онымен тікелей байланысы бар компаниялардан өндірілмек.


Сот қаулысы дереу орындалатын болса, Алматы әкімдігі мен БТА банкі АҚШ-та айналымға түскен (100 млн доллар) ірі көлемдегі қаражатын қайтарады. Халықаралық тәжірибеде мұндай істе ақшаны өндіру процесі уақыт жағынан созылып кетуі де ғажап емес.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

https://t.me/ertenmedia
🔥26❤20🤔6👎3👍2
⚡️Атланттың ар жағынан атылған оқ: "Лукойлдың" қазақ жеріндегі алты миллиардтық арманы үзілді...

АҚШ Қаржы министрлігі «Роснефть» пен «Лукойлға» санкция салды әрі Мәскеуді Украинадағы соғысты дереу тоқтатып, бітімге келуге шақырды, деп хабарлайды Ertenmedia.

Әмерика билігі Ресей армиясын "асырап" отырған ірі компанияларды ұрымтал тұстан ұрып, Кремльді келіссөз үстеліне отырғызуды көздеп отыр. Санкцияға іліккен «Роснефть» пен «Лукойл» Ресейдің мұнай-газ нарығындағы алпауыт ойыншылар.

АҚШ Қаржы министрі Скотт Бессенттің айтуынша, санкцияның енгізілуіне президент Путиннің соғысты тоқтатудан бас тартуы себеп болған.


Министрліктің ресми мәлімдемесінде шешімнің Мәскеудің әскери амбициясын қаржыландыру мүмкіндігін шектейтіні айтылған. Жазаның салмағын арттыру үшін Уашиңтон өз одақтастарын да жаңа шектеуді қолдауға шақырып отыр.

Санкцияның негізгі соққысы «Роснефть» пен «Лукойлдың» бас кеңсесіне ғана емес, сонымен қатар олардың Ресейдегі 30-дан астам еншілес кәсіпорнына бағытталған. Бұлардың қатарына «Башнефть», «Самаранефтегаз», «Сибнефтегаз», «Оренбургнефть», «Куйбышевский», «Новокуйбышевский» секілді ірі мұнай өңдеу зауыттары мен кен орындары кірген.

Құрама Штаттар аумағында аталған компаниялардың және олардың еншілес кәсіпорындарының активі бұғатталды. Әмерика азаматына және АҚШ юрисдикциясына кіретін барлық компанияға санкция тізіміндегі тұлғалармен қандай да бір қаржылық операция жасауға қатаң тыйым салынды.


АҚШ Қаржы министрлігі санкцияны бұзған әмерикалық немесе шетелдік компанияларға қатаң шара қолданылатынын ескертті. Санкция тізіміндегі компаниямен байланыс орнатқан шетелдік қаржы мекемелері де Уашиңтонның қосымша санкциясына ұрынуы мүмкін.

Осының нәтижесінде Мәскеу Украинадағы соғысқа қажетті айтарлықтай қаржылық ресурстан қағылады деген болжам бар.


Ресейлік компаниялар Қазақстанның мұнай-газ саласына дендеп еніп алған. Ол туралы егжей-тегжейлі жазған болатынбыз. Толығырақ осы тұста.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

https://t.me/ertenmedia
1❤24🔥12👏11
⚡️ Кремльге картамен жеткен көмек: қазақ банктерінің Батыстан жасырып отырған құпиясы...

Еуроодақ Ресейге қарсы санкциялардың 19-шы пакетін бекітіп, тізімге ВТБ (Қазақстан) банкін енгізді. Сарапшылар мұны Қазақстанның банк секторына жасалған қатаң ескерту ретінде қабылдап отыр, деп хабарлайды Ertenmedia.

Forbes-қа пікір білдірген экономист Арман Бейсембаевтың айтуынша, су жаңа санкцияның сипаты бұрынғыдан бөлек әрі қауіп-қатері көп.

«Әзірге бізді Құдай сақтап тұр, дүлей дауылдан аман қалдық. Дегенмен мұны Қазақстанның банк секторына бағытталған сигнал деп қабылдау керек.

Бұған дейінгі санкцияның көпшілігі көзалдау, тиіп-қашып жасалған шара секілді еді. Кремль көбіне-көп мұндай шымшыма шектеуді мизей бермейтін.


Бұл жолы Батыстың мәселені тереңірек зерттеп, барынша қатаң шараға көшкені байқалады», – дейді сарапшы.

Бейсембаевтың айтуынша, ВТБ банкінің жазаға тартылуы Қазақстанның қаржы жүйесі үшін соншалықты ауыр соққы емес. Банк 2022 жылы-ақ әмірикалық санкцияға шет-жағалай ілігіп үлгерген. Оған қарағанда, былтыр санкция салдарынан ел нарығынан біржола кеткен Сбербанктің ықпалы әлдеқайда күшті еді.

«Сбербанк Қазақстанда капитализация жағынан екінші орында тұрған. Оның нарықтан ығысуы кәдімгідей білінді.

Дәл осындай санкция еліміздің банк нарығында жетекші орынға ие Kaspi-ге салынса, дүрбелеңнің көкесі сонда болар еді. Елде аласапыран болып, қаржы жүйесінің астаң-кестеңі шығар еді.


Бюджет қаражатының басым бөлігі өтетін Halyk банк санкцияға ұшыраса, оның салдарын тіпті елестету де қиын. Мойындау керек, біз мұндай сценарийге мүлде дайын емеспіз», – дейді экономист.

Бейсембаев қазақстандық банктерге аса сақ болуды ескертіп отыр. Оның болжамынша, дүлей дауыл қайта айналып соғады. Келесі санкцияның орбитасына қазақстандық банктер де ілігіп кетуі мүмкін.

«Оған себеп болатын фактор жетіп артылады. Ел ішінде қазақстандық банктердің картасын рәсімдеп, артынша Ресейге аттандыратын арнайы компаниялар бар.

Осы арқылы Ресей азаматтарына SWIFT, Visa мен Mastercard жүйесін қашықтан пайдалануға мүмкіндік беріп қойдық. Батыс саясаткерлерінің көзі соқыр, құлағы керең емес, бәрін көріп-біліп отыр.


Осы саңылау жедел түрде жабылмаса, ертең еліміздің ең ірі бес банкінің кез-келгені санкция тырнағына ілінеді. Босаңсуға әлі ерте. 20-шы және 21-ші санкция пакеті көкжиектен көрініп тұр…», – деп ескерткен екен сарапшы.

Ertenmedia-да бұған дейін Ресей армиясын «асырап» отырған «Лукойл» мен «Роснефтьтің» санкция тұзағына түскенін жазған еді.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

https://t.me/ertenmedia
👏34🔥10❤8👍8😱3🤔1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Бейнеудегі "братва": Теміржолшыларды кім қорқытып отыр...

Маңғыстау облысындағы Бейнеу станциясының теміржолшылары еңбек жағдайына шағымданғаны үшін басшылық қысымына ұшырағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.

Жұмысшылардың айтуынша, олар еңбек жағдайын жақсарту және арнайы жұмыс киімінің сапасыздығын айтып, мәселе көтергеннен кейін қоқан-лоққыға тап болған.


Бейнеу жол дистанциясының қызметкерлері бұл туралы видеоүндеу жариялап, кәсіподақ төрағасы мен дистанция басшысы жиынға «қылмыс әлемімен байланысы бар» адамды алып келгенін жеткізді.

«Басшылық шақырған белгісіз адамдар бізге ашықтан-ашық қысым жасады. Олар «тынышталмасаңдар, жағдайларың қиын болады» деп қорқытты», – дейді жұмысшылар.

Теміржолшылар осы жағдайға тікелей қатысы бар деп санайтын «Қазақстан темір жолы» Маңғыстау магистральдық бөлімшесінің басшысы Ерназар Ізтұрғановты және басқа да жетекшілерді дереу қызметінен босатуды талап етуде.

Жұмысшылардың айтуынша, жоғарыдан қысым көрсету арқылы олардың мәселесін жапқысы келіп отыр.

Қызметкерлердің сөзіне сенсек, Маңғыстау өңірінде жұмысшылар наразылығын басу үшін ОПГ-ны пайдалану бұрыннан бар тәжірибе.

Жергілікті жұмысшылар өңірде ықпалы бар адам ретінде лақап аты "Алиба" деп танылған Әлібек Нарбековты атайды. Ол бұрын ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысы бар, рейдерлік және бұзақылық әрекеті үшін сотты болған. Жұмысшылардың айтуынша, "Алиба" пайда болғаннан кейін аймақтағы кез келген наразылық жұмбақ жағдайда бірден тоқтайды.


Өз кезегінде «Қазақстан темір жолы» жағдайды «ішкі тұрмыстық жанжал» деп атап, өңірге арнайы тексеріс тобын жіберетінін айтты.

«Мұның бәрі бірнеше қызметкер мен аймақтық бөлімше басшылығының арасындағы түсінбеушіліктен туындаған тұрмыстық жанжал», – делінген ҚТЖ мәлімдемесінде.

Жұмысшылар болса мұны ешқандай да «түсініспеушілік» емес, керісінше еңбек құқығын қорғап, еңбек қауіпсіздігін талап еткен мамандардың үнін өшіруге бағытталған әрекет деп есептейді.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

https://t.me/ertenmedia
😱42❤16💯9🤔1
⚡️Қазақстандағы орыс тілінің соңғы симфониясы: Мәскеудің мұңы мен қазақтың қалауы...

Қазақстанда емін-еркін таралатын Pravda еліміздегі орыс тілінің ертеңіне алаңдап отыр.

Кремль пропагандасына сұхбат берген қазақстандық саясаттанушы Максим Қазначеев қоғамдағы орыс тіліне қатысты көзқарастың өзгеріп жатқанына қынжылыпты деп жазады Ertenmedia.

Сарапшының пікірінше, егемендік ала сала, біздің элита британдық және әмірикалық жобалардың жетегінде кеткен. Негізгі кен орындары да солардың қолында, саяси элита толығымен Батысқа бет бұрған.

Айтуынша, Ақорда үшін Ресеймен арадағы шекараны ың-шыңсыз, тыныш ұстаса болғаны. Мәскеудің өзге ешқандай саяси-экономикалық маңызы қалған жоқ.


«Орысша орта барған сайын тарылып, қазақтілді ортаның өрісі кеңейіп келеді. Орыстілді қауымның көбі елден кеткісі келеді. Олардың ішінде тіпті қазақтар да аз емес. Азаматтардың шамамен 75-80 пайызы болашағын басқа елмен байланыстырады. Әсіресе, Ресейге көшу үрдісі күшті. Қазақстандағы орыстар арасында: «ерте ме, кеш пе, мұнда бүлік болуы мүмкін» деген үрей басым», – депті саясаттанушы.

Қазначеевтің пайымдауынша, Қазақстандағы әлемжеліні Батыс елшіліктері басқарады екен. Әлгі жерде Ресейге қарсы русөфобтық агитация белсенді жүргізіледі.


Сарапшы орта білім саласында Ресей туралы көзқарастың өзгеріп жатқанына алаңдап отыр.

«Қазақстан тарихын мифологияға айналдырып, «деколонизация» тенденциясы күшейіп барады. Мұның бәрі Батыстан келген қорлардың ықпалымен болып жатқан процесс. Мақсат Қазақстанды «орыс әлемінен» мейлінше алыстату», – дейді Қазначеев.

Сарапшы елімізде Ресей басқыншылығын қолдайтын аудиторияның аясы тарылып жатқанын айтыпты. Оның мәліметінше, тұрғындардың 20-25 пайызы ғана Кремльді қолдайды, өзге 75-80 пайызы Батысқа қарай бағыт алған. "Әскери операция" әп-сәтте аяқталды деген үміт күл-талқан болған…

Пікірінше, Қазақстандағы Ресейдің ықпалы енді қалпына келмейді. Елдің элитасы мен жастары Мәскеуден түбегейлі алыстаған.


«Бізде Ресеймен біріккен шамамен 8 мың кәсіпорын бар. Бірақ бұл ең төменгі деңгейдегі байланыс. Одан жоғары стратегиялық, саяси деңгейде Ақорда Кремльден кетіп қалған. Түптің түбі Қазақстанның қауіпсіздігін Қытай қамтамасыз етеді. Тоқаевтың Бейжіңмен байланысты нығайтуы бекер емес. Жекешелендірудің екінші кезеңі арқылы елдегі Қытай үлесін 50%-ға жеткізу жоспарланған», – деп түйіндепті саясаттанушы.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

https://t.me/ertenmedia
👏28❤14😁14🤮4👎3🔥2
⚡️Қаңтардан кейінгі қатал курс: Тоқаев Конституцияны қайта сызады...

Президент Тоқаев Республика күніне арналған жиында Конституцияға бірқатар өзгеріс енгізілетінін хабарлап, Қазақстан үшін мықты президенттік билікті сақтау қажеттігін ерекше атап өтті, деп жазады Ertenmedia.

«Осыдан 35 жыл бұрын егемендік туралы декларация қабылданды. Ел тарихының әр кезеңінде өз қолтаңбасын қалдырған барша саяси қайраткерге алғыс білдіремін. Иә, ешбір жұмыс кемшіліксіз болмайды. Біздің міндет өткеннен сабақ алып, өзгенің жетегіне ермей, өз жолымызбен жүру», – деді президент.


Ол соңғы жылдағы жаһандық дағдарыс Қазақстанды да айналып өтпегенін атап өтті. Қаңтар оқиғасынан кейін ел ішінде басталған реформа әлемдегі күрделі кезеңмен тұспа-тұс келген.

«Пәндемия, әлемдік державалар арасындағы санкциялық текетірес, сауда жолының бұзылуы, соғыс-жанжалдан көз аша алмай келеміз. Соған қарамай уақытылы әрі нақты шараларды қолға алдық.

Мемлекет басшысы ретіндегі басты міндетім еліміздің аумақтық тұтастығын, тәуелсіздігін және экономикалық дербестігін қамтамасыз ету.


Осындай қиын кезеңде де Қазақстан тұрақты дамып, барлық елмен дұрыс қарым-қатынасты сақтап отыр», – деді Тоқаев.

Президент бұған дейін Парламент реформасы қолға алынатынын айтқан болатын.

Бүгінгі сөзінде ол Ата заңға енгізілер өзгеріс тек Парламентті ғана емес, сонымен қатар президент, үкімет және басқа да саяси институттардың құзыретін қамтитынын жеткізді.

«Бір нәрсені анық айтуым қажет. Қазақстан мықты президенттік билігі бар мемлекет болып қала беруі тиіс.

Парламенттік басқару жүйесі қауіпсіздік пен тұрақтылық тұрғысынан тиімді болмай тұрған шақта, еліміздің сенімді болашағын қамтамасыз етудің кепілі жалғыз жолы осы.


Біз мемлекетіміздің тәуелсіздігіне қауіп төндіре алмаймыз. Кейбір сарапшылардың таяз пікіріне көзсіз еріп кетпеуіміз керек», – деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы алдағы уақытта жүзеге асатын салық реформасына да тоқталды. Арнайы салық режимінде жұмыс істейтін кәсіпорындардың бұрынғы шарты сақталатынын айтып, үкімет бизнес өкілдерімен диалогты жалғастыратынын жеткізді.

Сөз соңында Тоқаев қоғамды бірлік пен өзара құрметке шақырды. Ол өркениетті қоғамда біреудің еңбегін жоққа шығару мен пікірін келемеждеуге орын жоқ екенін айтты. Президенттің пікірінше, әлемжелідегі дау-жанжал қоғамды іштен ірітіп жатқан өте қауіпті құбылысқа айналып барады.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

https://t.me/ertenmedia
❤27🤔8🤮5👎4👏4🔥1😱1
Алисаға қазақ тілінде сұраныстың 70%-ға өсуі: Yandex Qazaqstan қазақ тілін қалай қолдайтынын айтып берді
 
Yandex Qazaqstan орнықты даму саласындағы жаңа есебін ұсынды. Есепте әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектесетін жобалар, атап айтқанда IT-мамандарды дайындау мен қолжетімді әрі инклюзивті орта құрудан бастап қалалық инфрақұрылымды дамыту және бизнеске арналған шешімдерге дейін сипатталған.
 
Yandex Qazaqstan қазақ тілі және қазақстандық мәдениеттің цифрлық таралуын қолдайды.

Бүгінгі таңда негізгі сервистер толығымен қазақ тілінде қолжетімді және Поисктегі сұраныстардың шамамен 27%-ы қазақ тілінде жасалады.


Виртуалды көмекші Алиса да қазақ тілін түсінеді, қазақша сөйлейді. Маусым айының соңына қарай Алисадағы қазақ тіліндегі сұраныстар саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 70%-ға өсті.

Шығармашылық индустрияны дамыту бағытында жергілікті орындаушыларға аудитория табуға көмектесетін ISKRA Qazaqstan жобасы және «Менің толқыным» жеке ұсыныстар таспасы іске қосылды. КиноПоискте пайдаланушыларға қазақстандық фильмдер мен сериалдардың, ал Яндекс Кітаптарда қазақстандық баспалардың кітаптарының 5200-ден астам атауы қолжетімді.
 
Yandex Qazaqstan-ның орнықты даму саласындағы толық есебі мына сілтемелер бойынша қолжетімді:

🫴 қазақ тіліндегі нұсқа

🫴 орыс тіліндегі нұсқа
👏32❤6🔥3
⚡️Паркингте ұсталған прокурор: Ақша толы пакетпен аяқталған мансап...

Қостанай сотында Рудныйдың бұрынғы прокуроры Мұрат Оспановқа қатысты жемқорлық ісі қаралып жатыр. Экс-прокурорға бюджет қаржысын жымқыру бойынша қылмыстық істі тоқтату үшін 20 миллион теңге пара алмақ болды деген айып тағылды, деп хабарлайды Ertenmedia.

«Қостанай жаңалықтарының» мәліметінше, оқиға осы жылдың көктемінде басталған. Рудный әкімдігінің құрылыс бөлімі қаланы абаттандыру жұмыстары кезінде 255 миллион теңгеден астам бюджет қаржысын талан-таражға салғаны үшін тексеріске іліккен.

Осы кезде бөлім басшысы Дәурен Жәкеновке қылмыстық іс қозғалып, басына бұлт үйірілген болатын.

Тергеу материалына сәйкес, дәл сол тұста Рудныйдың прокуроры мәселені «шешіп беруге» ұсыныс жасап, оның құнын 20 миллион теңгеге бағалаған.


Жәкенов бірден Ұлттық қауіпсіздік комитетіне хабар берген. 28 қыркүйек күні оған комитет қызметкерлері арнайы ақша береді, оның бір бөлігі жалған банкнот болған. Құрылыс бөлімінің басшысы прокурормен қаладағы дүкендердің бірінің тұрағында кездеседі.

Оспанов кездесуге көлікпен келіп, ішінде ақшасы бар пакетті қолына ұстай сала, дереу кетуге оқталған. Бірақ оны сол жерде ҰҚК қызметкерлері ұстап, қолын қайырған.


Қазір іс бойынша сот процесі жедел тәртіпте өтіп жатыр. Экс-прокурор айыбын толық мойындаған, сот материалына қарсылығы жоқ.

«Оны сотқа конвеймен жеткізді. Сот отырысына экс-прокурордың туған-туысы мен таныс-тамыры көптеп келген», – деп жазады жергілікті басылым тілшілері. Істің соңғы нүктесін қоятын сот үкімі жақын күнде шығуы тиіс.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

https://t.me/ertenmedia
👏20❤12😱5🔥2
⚡️Зайытовтың жанайқайы: Нұрбол Назарбаевтің ісіндегі «жасырын папкі»

Түнеукүні депутат Зайытов экс-президент Назарбаевтың немере інісі Нұрбол Назарбаевқа қатысты тәркіленген дүние-мүлік әлі де толық зерттелмегенін айтқан еді деп жазады Ertenmedia.

Orda порталының мәліметінше Нұрбол жалпы сомасы 106,75 миллион доллар (57 миллиард теңге) көлеміндегі активінен айырылған. Сот шешімі бойынша Назарбаевтың есеп-шоты бұғатталып, бизнесі бақылауынан шығарылды және активтерін пайдалануға толық тыйым салынған.

Осыған орай Мәжілісте мәселе көтерген Ринат Зайытов тәркіленген актив айсбергтің бергі беті ғана екенін айтқан. Ел ішінде Назарбаев әулеті Алматы мен Алматы облысындағы шұрайлы жерді заңсыз иемденді деген әңгіменің гу-гулеп тұрғанын жеткізген.


"Алтын Орда? Тәркіленген активтің ішінде осы базарға қатысты еш ақпарат жоқ. Сондықтан қоғамның тарапынан сұрақ туындауы заңды. Бас прокурордан Назарбаевтың барлық мүлкін түгендеп, толық тексеру жүргізуді сұраймын", – деген еді Зайытов.

Бас прокурор Берік Асылов депутат көтерген мәселесі бойынша ресми жауап берді. Айтуынша, әулеттің заңсыз иеленген активін қайтару жұмысы жалғасуда. Бірақ бір нюанс бар, істің егжей-тегжейі құпия сақталады.

"Заң бойынша активтерді қайтаруға жауапты орган алған мәліметтің құпиялылығын қамтамасыз етуге міндетті. Сіз ұсынған дерек активтерді заңсыз иемдену және шетелге шығару әрекетіне тосқауыл қою және оларды қайтару барысында ескеріледі", – деді Асылов.

Осылайша, Бас прокуратура депутат мәлімдемесін назарға алып, Назарбаев отбасының дүние-мүлкін тексеру жалғасатынын жеткізді.


Болат Назарбаев өзінің өсиетхатын алғаш рет 2014 жылы жазып, онда барлық мүлкін үлкен ұлы Нұрболдың атына табыстаған. Бөкеңнің өзі өмірден өткенмен, отбасының активі ыдырай қоймаған еді.

Бөкеңнің артында 9 заңды баласы, одан бөлек онға жуық заңсыз бала қалды. Оның ішінде бәйбішенің ұлдары Нұрбол мен Ербол Назарбаевтардың қолы ұзын.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

https://t.me/ertenmedia
👏21❤13👍4🤔3🔥2
⚡️Тоқаев тапсырмасынан кейінгі төтенше шешім: ҰҚК орынбасары неге ауысты...

Президент Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады.

Бір қызығы, кездесуден кейін көп ұзамай ҰҚК басшысының орынбасары қызметінен босатылды. Орнынан кеткен Қанат Далматовтың орнына генерал-майор Марат Ирменов тағайындалды, деп хабарлайды Ertenmedia.

Қанат Далматов бұл қызметті 2024 жылдың қазанынан бері атқарып келген еді.

Оның орнын басқан Марат Ирменов бұған дейін ҰҚК-нің Алматы қаласы бойынша департаментін басқарған. Ол осы орынға 2022 жылдың қаңтарында тағайындалған еді.


Оған дейін, яғни 2020 жылдың ақпанынан бастап, Жамбыл облысы бойынша департаментті басқарған Ирменов Қордай оқиғасынан кейін осы өңірдегі жағдайды тұрақтандыруға үлес қосқан болатын.

2016-2020 жылдар аралығында Ирменов ҰҚК-нің Ақтөбе облыстық департаментінің бастығы қызметінде болды. Ал одан бұрын Алматы қаласы бойынша ҰҚК департаменті басшысының бірінші орынбасары болған.

Саясаттанушы Марат Шибұтовтың айтуынша, комитет төрағасының орынбасары болып тағайындалған Ирменов Қаңтар кезінде атышулы Кәрім Мәсімов пен оның жақтастарының бұйрығын орындамаған жалғыз аймақтық басшы.

Ол Жамбыл облысында департамент ғимаратын басып алмақ болғандарға қарсы тұрып, өз қарамағындағы күштерді тиімді ұйымдастырған.


Президентпен кездесуде Ермек Сағымбаев жыл басынан бергі 9 айдағы жұмыстың қорытындысын баяндады. Оның мәліметінше, биыл экстремизм және терроризм бойынша 67 адам ұсталған. Бұдан бөлек, радикалды идеологияны ұстанған 83 адам сотталған.

«ҰҚК мен Ішкі істер министрлігі бірлесіп, 17 қылмыстық топтың жолын кесті. 244 адам ұсталып, оның 96-сы қамауға алынды. 453 қару-жарақ, 64 граната және шамамен 6 мың оқ-дәрі тәркіленді», – деді комитет төрағасы.

Сондай-ақ, ҰҚК басшысы есірткі бизнесіне қатысты да бірқатар деректі жариялады. Биыл 16 есірткі зертханасы жойылған. Халықаралық және аймақтық деңгейдегі 44 есірткі тасымалдау арнасының жұмысы тоқтатылды. Операция барысында 20 тонна есірткі, оның ішінде 13 тонна колумбиялық кокаин мен 10 тонна прекурсор тәркіленген.

Бұдан бөлек, Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекетке 3,8 трлн теңге шығынның алдын алып, бюджетке 255 млрд теңге қайтарған. Жемқорлық фактілері бойынша 90-нан астам қылмыстық іс қозғалған.


Кездесу соңында президент Тоқаев Ермек Сағымбаевқа ҰҚК жұмысына қатысты нақты тапсырма берді.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

https://t.me/ertenmedia
👏21❤12🔥4👎1
⚡️Ақмалдың «жарық» көрмеген кеші: ресейлік әншіні көк-сары түстің киесі ұрды...

Ресейлік әнші Ақмал Қостанайдағы концертінің өтпей қалғанын мәлімдеді. Концерттің тосыннан тоқтауына оның сахнадағы өрескел сөзі себеп болған, деп хабарлайды Ertenmedia.

Әншінің сөзіне сенсек, шығармашылық топ Қостанай филармониясының сахнасына шығуға әзір отырған. Бірақ кенеттен концерт залында жарық сөніп қалып, іс-шара тоқтаған.


"Жарық қайта қосылса, концерт беруге дайын едік. Өкінішке қарай, жағдай солай болды. Бірақ кешті түпкілікті тоқтату туралы ойымыз жоқ. Жақын күндері қайта оралып, міндетті түрде концерт береміз", – деп ақталды Ақмал филармония ғимаратының алдында жиналған көрермен алдында.

Алайда оның Қостанайдан бұлай тез қайтуының шынайы себебі басқа.


Бұған дейін Қызылжарда өткен концертте әнші көрермен сыйға тартқан көк-сары түсті (Украинаның жалауынан аумайтын) пакетке қарап: «Мынаны жағып жіберіңдер, түсі ұнамай тұр», – деп өзінің басқыншылық ұстанымын анық аңғартқан болатын.

Желідегі жұрт дүр көтеріліп, Ақмалдың ит терісін басына қаптаған әрі Путин агрессиясын қолдайтын әншінің концертін мүлдем өткізбеуді талап еткен.

Айта кетейік, Ақмал Қожаниязов (Akmal') Түркіменстанда туған, ұлты ұйғыр ресейлік әнші. Қазақстанда гастрольдік сапарда жүрген ол тағы екі қалада концерт беруді жоспарлап отыр екен.

Осы мәселеге орай пікір білдірген қоғам белсендісі Руслан Түсіпбековтің айтуынша, орта ғасырдың өлшемімен ойлайтын Ақмал секілді ақылы таяз қауымға біздің жерде орын жоқ.


"Өскемен мен Павлодардағы концерт те "техникалық себеппен" өтпей қалуын тілейміз. Украина туы түстес пакетті өртеп жіберуді ұсынған Ақмалдың алды-артына бір уыс топырақ", - дейді ол.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

https://t.me/ertenmedia
👏62👍24❤8🔥7😱1
⚡️ Көлеңкедегі реформатор: Астана әкімі экономикалық блоктың жаңа лидері бола ма...

Жеңіс Қасымбек жақын арада қазіргі қызметінен әлдеқайда ықпалды лауазымға өрлеп, Үкіметтегі экономикалық блоктың бір қанатын ұстауы мүмкін, деп хабарлайды Ertenmedia.

Астана әкімі ретінде ол қала өмірінің көзге түсе бермейтін тұсына ерекше екпін беріп, мегаполистің инфрақұрылымдық іргетасын нығайтқан. Соңғы жылдары елорданың сыртқы келбетінен тыс, ішкі тіршілігінде сапалы өзгеріс жасалды.

Әсіресе, қаланың қан-тамыры саналатын жылу жүйесі, ауыз су, электр энергиясын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстың нәтижесі сырт көзге еленбегенмен, оның қала тұрғындарының күнделікті өміріне әсері өте-мөте зор.


Қасымбектің мансап жолы мен атқарған қызметіне қарап, оның басқарушылық тәжірибесі әкімдік деңгейінен әлдеқашан асып кеткенін байқаймыз.

Басқарудың барлық сатысынан өткен, қомақты саяси багаж жинақтаған тұлға ретінде оның келесі миссиясы мемлекеттік басқару жүйесіндегі маңызды позиция болуы әбден мүмкін.

Астана әкімінің креслосы көп ретте саяси мансаптың трамплині ретінде бағаланады. Осы қызметтің ауқымы мен жауапкершілік жүгі бірқатар министрлік пен облыс әкімдерінен де биік тұрады.

Әдетте елорда әкімдері Үкіметке немесе АП-ның стратегиялық бағыттағы позициясына ауысып, елдік деңгейдегі мәселеге атсалысатынын байқаймыз. Сарапшылар пікірінше, Қасымбектің іскерлік стилі мен экономикалық сауаты оны Үкімет құрамында дәл осы бағыттағы вице-премьерлік лауазымға лайықты қылып тұр.

Осы тұрғыда өндірістік әрі инфрақұрылымдық бағыттағы мәселемен айналысатын әзіргі вице-премьерлер Роман Скляр немесе Қанат Бозымбаевпен ротация жасалуы ғажап емес.


Мұндай қадам Үкіметтегі экономикалық блокты жаңартып, мем.басқару сапасын арттыруға сеп болмақ. Қасымбек қайда барса да бұдан мемлекет басқару жүйесі ұтылмайды, керісінше сапалық өзгеріске куә боламыз деген сенім бар.

Арнамызда Астана тұрғындары бар ма, әкімнің жұмысына қандай баға бересіз?..

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

https://t.me/ertenmedia
🔥24👍6❤4🤔3😁2💯2🤮1
⚡️Астана мен Тәшкенттің тактикасы: Тоқаев-Мирзияев тандемі Трампқа не ұсынады...

Орта Азия елдерінің басшылары Доналд Трамппен өтетін кезектен тыс саммитке қызу дайындық үстінде. Қарашаның 6-сына жоспарланған кездесуде Уашингтонның аймақтағы ұзақмерзімді жобалары сөз болады деп жазады Ertenmedia.

Eurasianet-тің мәліметінше Астана мен Тәшкент бірнеше ай бойы Трампты С5+1 форматын Орта Азияда өткізуге көндірмек болған. «Аймаққа аяқ басқан Әміриканың алғашқы президенті боласыз» деген уәж айтылған.

Алайда қыңыр мінезді Ақ үй басшысы мұндай аргументке иланбаса керек, сөйтіп саммитті Уашингтонда өткізуді құп көрген.


Трамп әкімшілігі Орта Азиямен қарым-қатынаста минералды ресурстар мәселесіне басымдық беріп отыр. АҚШ-тың екі жоғары дәрежелі дипломаты, Орта Азия бойынша арнайы өкіл Сержио Гор мен Мемхатшының орынбасары Кристопер Ландау 26-30 қазан аралығында Қазақстан мен Өзбекстанда болып, жабық есік жағдайында келіссөз өткізеді.

МемДеп-тің мәлімдеуінше, сапардың негізгі мақсаты аймақтағы сауда байланысын кеңейту және «C5+1» платформасының 10 жылдығын атап өту. Кездесуде Уашингтондағы саммиттің күн тәртібі де нақтыланады.

Астана мен Тәшкент геосаяси және сауда мүмкіндігін әртараптандыру үшін АҚШ-пен сирек кездесетін металды барлау, өндіру, өңдеу және экспорттау саласында әріптестікті кеңейтуге мүдделі. Уашингтон бұған бірнеше рет қызығушылық білдіргенмен, әзірге нақты әрекетке бара қойған жоқ. Аймақ елдері саммит нәтижесінде әмірикалық корпорациялардың нақты инвестміндет алуға дайын екенін көргісі келеді.

Белгілі болғандай Ақ үй Қазақстандағы ірі вольфрам кен орындарын игеруге қатысты әмірикалық бизнестің бастамасына қолдау білдірген. Тоқаев пен Мирзияев тандемі мұндай жобалардың санын арттыра түсуге ынталы.


Саммит барысында аймақ елдері Ақ үйден экономиканың түрлі саласында қолданатын технология трансфертін тездету үшін экспорттық лицензия беру жүйесін оңтайландыруды өтініп сұрамақшы.

Ақорда осынау саммит нәтижесінде Трамп әкімшілігі атышулы Жексон-Веник түзетуін жойып, елімізге «тұрақты сауда партнері» деген статус береді деп сенеді. Түнеукүні Конгреске бас сұққан вице-премьер Жұманғарин: «Жексон-Веникті жою Трамп әкімшілігі үшін «тарихи жетістік» болады» деген еді.

Астана мен Тәшкент АҚШ-тың мәдени-ағарту жобаларынан бас тартпайтынын мәлімдеп отыр. Саммиттің тағы бір маңызды тақырыбы су мәселесі болмақ.

Тоқаев Трамптың назарын күн сайын тайыздап жатқан Каспийге аудармақшы. Теңіз деңгейінің төмендеуі Әмірика қолдайтын «Орта дәліз» маршрутының дамуына кедергі келтіруде. Теңіз арқылы жүк тасымалдайтын кемелер Ақтау портына жетуде қиындыққа тап болуда.


Түйіндей айтқанда, Уашингтон саммиті АҚШ пен Орта Азия арасындағы байланысты тың форматқа көтеріп, Кремль көсемін түн ұйқысынан айыратын фактор болғалы тұр.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

https://t.me/ertenmedia
💯28❤14👍9🔥7🤔1