Erteńmedia
10.9K subscribers
3.39K photos
1.21K videos
1 file
3.07K links
✓Қазақ тіліндегі ең танымал телеграм-арна.
✓Ашық ақпарат, анық талдау, астарлы пайым.

™ @kurilkabai_bot
Download Telegram
⚡️Қосановтың қара көзілдірігі: Аналарды алаңға шығарған армия ақиқаты...

Қорғанмин Дәурен Қосанов әскердегі сарбаз өлімі және солдат аналарының наразылығына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ertenmedia.

Министрден әскер қатарындағы сарбаз өлімі мен ашынған аналардың қарсылығына қандай шара қолданылатынын сұраған екен. Қосанов әлгі сауалға таңғалып, әзір армияда мұндай жағдайдың жоққа тән екенін айтыпты.

«Не дейсіз? Сарбаз өлімі? Мұндай жағдай қазір сиреді ғой, оны қайдан алдыңыздар?» – депті таңданысын жасыра алмаған Қорғанмин.


Оның сөзінше, түнеукүні митингіге шығып, наразылық танытқан аналар шын мәнінде өткен (2020-2023 жылғы) кейстерді көтерген. Қосановтың айтуынша олардың мәселесімен айналысу қорғаныс емес, Ішкі істер министрлігі мен Бас әскери прокуратураның құзырына жататын көрінеді.

«Аналардың митингіде көтерген арыз-шағымы тергеу органдарының жұмысына қатысты. Тергеу амалын Ішкі істер министрлігі Бас әскери прокуратураның бақылауымен жүргізеді. Бұл мәселе біздің құзырымызға кірмейді», – дейді Дәурен Қосанов.

Журналистер марқұм сарбаздың аналарынан естіген жантүршігерлік оқиғаларды, атап айтқанда, әскердегі «дедовщина» мен зорлық-зомбылықты мысалға келтіргенде, министр нақты деректерді талап етіп тұрып алыпты.


«Біз аналармен айғайласпаймыз, олармен пікірлесіп, айтқанын тыңдап жүрміз. Әскери бөлімдердің командирлері, психологтармен тұрақты жұмыс жүргізілуде. Әскери бөлімдерге жаппай бейнекамера орнай бастайды. Біздің тараптан жалтару мәселесі жоқ», – деді министр.

Алайда, бір нюанс бар…

Желідегі қауым Қосановтың әскердегі шынайы ахуалдан хабарсыз қалғанына қайран қалып отыр. Ertenmedia-ға жеткен мәлімет бойынша соңғы үш жылда ғана Қазақстан армиясында 270 сарбаз көз жұмса, олардың 86-сының өлімі «суи..ид» деп көрсетілген.

Қаза болғандардың басым бөлігі міндетті қызметке шақырылған 18–19 жастағы бозбалалар. Бірінің қазасы әскери жаттығудағы «абайсыздықтан» болса, енді бірі шекара заставасында «бензин буымен уланып», көз жұмған. Кей сарбаз ауыр дертпен әскер қатарына шақырылып, медициналық көмектің жоқтығынан бақилық болған. «Өзіне қол жұ..сады» деген себеппен істі жылы жаба салған жағдай да жиі кездеседі.

Түнеукүні Қосановты іздеп келген аналар қауымы мұндай аргументпен келіспейтінін алға тартқан еді. Олар баласының еш күйзеліске ұшырамағанын, керісінше әскердегі зорлық-зомбылық құрбаны болғанын айтқан.


Ашынған аналардың митингі Тоқаевқа жетіп, президент сарбаз өліміне қатысты істерді Бас прокурордың мойнына артқан. Берік Асылов күмәнді істерді 12 күн ішінде қайта қарап, әділ әрі ашық тергеуді қамтамасыз ету тиіс. Дедлайн екі күннен кейін аяқталады. Тоқаев тапсырмасының қағаз жүзінде қалып қою да ғажап емес...

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😢18❤9👍5🤬5💯2🤔1
⚡️Балушкиннің базасы: Мәскеу мен Астана арасындағы «Рахман қайнарының» тағдыры...

Шығыстың әкімі Нұрымбет Сақтағанов мемлекет меншігіне қайтарылған «Рахман қайнары» шипажайын қайта қалпына келтіру жоспарын жария етті, деп хабарлайды Ertenmedia.

Бұған дейін әзір шетелде бой тасалап жүрген миллиардер Анатолий Балушкинге тиесілі «БИПЭК Авто Қазақстанның» меншігінде болған шипажай, ұзаққа созылған сот процесінен кейін биыл тамыз айында мемлекетке өтті. Қазір бұл нысан жұмыс істемейді.

Аймақ басшысының айтуынша, жергілікті әкімдік «Рахман қайнарының» қағаз-құжаты мен дүние-мүлкіне толық ревизия жасап жатыр.


«Рахман қайнары Шығыс Қазақстандағы ең көрікті жердің бірі. Біз осы нысанның иелігіне тек тамыздың соңында қол жеткіздік. Қазір қажетті дәкументті реттеп, толық түгендеу жұмысын аяқтадық. Шипажай аумағында 92 ғимарат бар, екі мыңнан астам түрлі мүлік тіркелді», – деді әкім.

Демалыс орнының қауіпсіздігі үшін күзет қойылған екен. Сондай-ақ әкім шипажайға апаратын 13 шақырымдық жол толық жөнделгенін айтты. Тек асфальт төсеу ғана қалған. Жұмыс келесі туристік маусым басталғанша аяқталады деп жоспарланып отыр.

Әкім журналистердің сауалына жауап бере отырып, шипажайдың нақты қашан іске қосылатыны әзірге белгісіз екенін жеткізді.

«Соңғы бірнеше жыл бойы нысанға қол жеткізе алмағанымызды ұмытпаңыздар. Енді ғана құжатын түгендеп болдық. Барлық мәселені ашық талқылап, әрі қарай қалай қолданатынымызды анықтайтын арнайы жұмыс тобын құрамыз», – деді Нұрымбет Сақтағанов.


Айта кетейік, биыл наурыз айында «Азия Авто» мен «БИПЭК Авто Қазақстан» компанияларының сегіз топ-менеджеріне қатысты сот шешімі шыққан.

Атышулы Балушкин 2021 жылы үстіне іс қозғалған кезде Ресейге қашып кетіп, сол жақтың азаматтығын алған. Билік оның активтерін, соның ішінде «Рахман қайнары» базасын мемлекет меншігіне қайтарып жатыр. 🇷🇺 Кремль? Мәскеу Балушкинді экстрадициялаудан бас тартуда.

Бұған дейін Бас прокурор Берік Асылов қашқынды елге қайтару туралы хат жіберген-тұғын. Алайда Ресейдің Әділет министрлігі әлгі өтінішті қараудан бас тартқан болатын.

Асыловтың мәліметінше, Ресей шешімді 2002 жылғы Минск конвенциясын негізге ала отырып қабылдаған-мыс. Ол бойынша орыстардың өз азаматына қатысты шетелдік соттың үкімін мойындамау құқығы бар.

Астана Балушкиннің Мәскеу, Петербор, Новосібір және Краснодардағы жылжымайтын мүлкін бұғаттау туралы өтініш жіберген. Көршіміз бұл өтінішті де қарастырмай, тартпаға тастай салыпты.


«Бүйтер болсақ, елдің қауіпсіздігі мен егемендігіне нұқсан келуі мүмкін» деп түсіндірген екен Мәскеу.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍25❤6👏1😱1
🚔29 мың апат пен жылдамдықтың жазасы: Сәденов полицияны жол жиегіне қайта шығарды...

Қазақстанда 23 қарашадан бастап жаңа жол қозғалысы ережесі күшіне енеді. Өзгеріс жүк көліктерінің жылдамдығына, автобустарға, маяктарды қолдануға және полицияның жұмысына да қатысты болмақ, деп хабарлайды Ertenmedia.

Енді елді мекен ішінде жүк көлігінің жылдамдығы сағатына 50 шақырымнан аспауы тиіс. Ереже жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізіліп отыр. Алайда арнайы белгілермен рұқсат етілген аумақтарда (сағатына 80–90 км) ереже басқаша болады.

«Боран, тұман, жаңбыр немесе қар кезінде көлік колонналарының қозғалысына да қатаң талап қойылды. Мұндай жағдайда жүргізушілерге басып озуға, жолақ ауыстыруға және тоқтауға тыйым салынады. Егер колоннада 10-нан астам көлік болса, екі патрульдік полиция машинасы міндетті түрде ілесіп жүруі керек», – деп атап өтті ІІМ өкілдері.


Сонымен қатар, М2 және М3 санатындағы автобустарға қоғамдық көлік аялдамаларында жолаушы түсіріп-мінгізуге рұқсат берілді. Бұдан бөлек, бұрын арнайы құжаттар мен техникалық паспортқа өзгерту енгізуді талап еткен сары және қызғылт сары маяктарды пайдалану жеңілдеді.

Енді бұл маяктар балалар тасымалдайтын автобустарға, велосипедшілер тобына ілесетін көліктерге, сондай-ақ қауіпті жүк тасымалдаушы машиналарға құжатсыз орнатуға рұқсат етіледі.

Жаңа ережеге сәйкес, сапар парақтарын электронды форматта рәсімдеуге мүмкіндік беріліп, жол белгілері мен таңбалар толықтай цифрланды және жаңартылды.

28 қарашадан бастап патрульдік полицияның қызметіне қатысты өзгеріс те күшіне енеді.

Полиция қызметкерлеріне жол ережесін бұзған көліктерді қозғалыста ғана емес, жол жиегінде тұрып та бақылауға қайтадан рұқсат беріледі. Былайша айтқанда, пәлцейлер 2013 жылғы реформаға дейінгі тәртіпке оралады. Патрульдік полиция қызметкерлері арнайы «тұрақ нүктелерінде» тұрып, көліктерді тоқтата алады.


Жаңа нұсқаулықта полиция қызметкері жүргізушіні көліктен түсуге міндеттей алатын жағдай да анық көрсетілген. Олар: масаң күйде немесе шаршағанын анықтау, көлікті тексеру, көлік нөмірін салыстыру, тергеу амалына қатысу, техникалық ақауды жою, сондай-ақ жүргізушінің полиция қызметкеріне қауіп төндіруі.

Ішкі істермин Ержан Сәденовтің мәліметінше жыл басынан бері Қазақстанда 29 мыңнан астам жол апаты болған. Басты себеп жылдамдықты асыру, қарсы бағытқа шығу, мас күйінде көлік жүргізу және жүргіншілердің жолды кесіп өтуі. ІІМ дерегінше, тек жылдамдықты асырудан 406 адам, қарсы бағытқа шығудан 400 адам көз жұмған.

Бұған дейін депутат Базарбек министр Сәденовтің жұмысын сынға алған болатын.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤23👍11👏3🔥2😁2👎1
⚡️Рудныйдағы идеологиялық инцидент: регламентке түкірген тұрғын қалай жазаланды...

Рудный қаласында көше атауларын қазақшалауға қарсы шыққан тұрғынға дөрекі сөйлегені үшін айыппұл салынды, деп жазады Ertenmedia.

Қалалық мәслихат ұйымдастырған қоғамдық тыңдауда сөз алған Екәтерина Коршагина биліктің көше атауын өзгерту бастамасына наразы екенін жеткізген. Оның айтуынша, қалада шешілмеген мәселе жетерлік, сондықтан әкімдік көше атауына бас қатырмауы тиіс.

Регламентті сақтау туралы ескерту алған тұрғын ашуға ерік беріп, эмоцияға салынып сөйлеген еді.


«Регламенттеріңе түкіргенім (срать я хотела) бар! Менің анам осы қаланы өз қолымен тұрғызған адам. Сендер бәрін совет үкіметімен байланыстыра бересіңдер. Бірақ ұмытпаңдар, Рудный қаласы сол кеңестік кезеңнің арқасында салынды. Қала әлі де дамып жатыр. Жаңа көшелер мен нысандар салып, соларға қазақша атаулар бере беріңіздер. Әлия Молдағұлованың өзі де сол кеңес заманының өкілі екенін естен шығармаңыздар. Сондықтан мен бұл өзгеріске қарсымын», – деді ол.

Жиын аяқталған соң қалалық мәслихат төрағасы полицияға жүгініп, тұрғынның әрекетіне баға беруді сұраған. Полиция «ұсақ бұзақылық» бабымен әкімшілік іс қозғаған.

«Азаматша дөрекі әрі бейәдеп сөздер қолдану арқылы жиын қатысушыларына құрметсіздік танытып, қоғамдық тәртіпті бұзған. Әкімшілік сот оған 20 АЕК (78,6 мың теңге) көлемінде айыппұл салды. Полиция азаматтарды қоғамдық іс-шараларда тәртіп пен регламентті сақтауға шақырады», – деді полиция департаменті өкілдері.

Еске сала кетейік, бұған дейін Рудныйда көше атауын қазақшалауға қатысты өткен жиында шатақ шыққан еді.

Қалалық мәслихат отырысында депутаттардың 12-сі қатысып, оның 10-ы өзгерісті қолдаған. Бір депутат қалыс қалса, тағы бірі «Горняк» орталығының басшысы Валерий Гирфанов ("Аманат" партиясының мүшесі) қарсы шыққан.


Ақыры депутаттардың басым бөлігі 50 жылдық Октябрь көшесін Достық, Иван Франко көшесін Әлия Молдағұлова атына өзгертуге бірауыздан дауыс берген болатын.

Бұған дейін сенатор Нұртөре Жүсіп елді мекендер мен көшелердің тарихи атауын қайта бекіту кезінде қоғамдық тыңдауды өткізудің қажеті жоқтығын ұсынған-тұғын. Бастаманы депутат Еркін Әбіл де қолдаған, бірақ қоғамдық тыңдау орнына сарапшылар талқысын өткізуді ұсынған.

Бізге жеткен мәлімет бойынша Ақорда идеологтары жақын уақытта өңір басшысы Құмар Ақсақаловпен ауыр әңгіме өткізеді. Аймақ басшының идеологиялық саладағы олқылықтары көзге айқын көрініп тұр. Бұған дейін Ertenmedia "Кремль пропагандасы Қостанай көшесінде жаймашуақ серуендеп жүргенін" жазған еді.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍50❤13🔥5👏1🤬1💯1
⚡️Базарбек ашқан былық: қазақтардың дерегі Кремлевтің қолына өте ме...

Әні-міні енеді деп отырған Бірыңғай есепке алу жүйесі (ЕСУ) Мәскеудің атышулы ЦУПИС жобасының копипасты болып шықты. Жүйенің астарында не жатыр, оны кімдер бақылайды, қазақтарға қаупі қандай?

Ertenmedia Exclusive.kz зерттеуіне сүйене отырып осы сауалға жауап іздеп көрді.

Күні кеше депутат Базарбек ЕСУ жүйесіне қатысты тосын деректі жария еткен. Айтуынша, Қазақстанда осы жүйені лоббилеп отырған шенділердің артында NomaPay жеке компаниясымен жасалған құпия келісім бар.

Нәтижесінде қазақтардың жеке дерегі мен капитал сыртқа, нақты айтқанда, Ресейге кетуі мүмкін.


Жүйенің түпнұсқасы көршіміздегі ЦУПИС жобасы. Орыстарда бұ жүйе әуелде құмар ойын нарығын бақылау үшін жасалғанымен, кейін жемқорлық пен монополия ошағына айналып кеткен.

Біздің шенділерге ЦУПИС-ті «ойынқұмарлықты реттейтін мем.бақылау механизмі» ретінде таныстырған. Бірақ бір кілтипан бар.

Ресейде ЦУПИС операторы «Мобильная карта» дейтін микроқаржы (!) ұйымы. Ұйымның түпкі қожайындары ВТБ банкіне жақын кәсіпкерлер мен атышулы Ұмар Кремлев. Осынау топ Ресейдің онлайн букмекер нарығын толықтай билеп-төстеп отыр. Миллиондаған адамның жеке дерегі, банк картасы, мекенжайы мен қаржы ақпараты осы топтың қолында.

Кремлев? Ұмар екі рет қылмыстық жауапқа тартылған адам. Ол басқарған IBA (Халықаралық бокс қауымдастығы) криминалмен байланысы үшін абыройдан айырылып, әзір әлем елдері Гена Головкин басқаратын World Boxing ұйымына ауысуда.


ЦУПИС-тің тасасында тұрған ВТБ банк Путин басқыншылығын қаржыландырғаны үшін АҚШ санкциясына ілінген. Жүйе операторы «Мобильная карта» компаниясы да осы құрсауда.

Жүйені қадағалаушы «Единый регулятор азартных игр» (ЕРАИ) ұйымының өзі Кремлевтің бақылауында. ЕРАИ басшылығында Ресейдің ресми билігінен бір ғана өкіл бар, өзгесі түгелдей Ұмардың сыбайласы. Ашығын айтқанда, мем. қадағалау деген сөз тап-таза өтірік.

Әзір Ресейде бүкмекерлер ЦУПИС жүйесіне қосылмаса, әп-сәтте лицензиясынан айырылады. Кремлев осыны пайдаланып, бүкмекерден «доляңды бер, болмаса жұмысыңды тоқтатамын» деп ашық бопсалайтын көрінеді. Бұл біздегі атышулы Болат Назарбаевтың схемасынан аумайды.


Енді осы жүйе еш өзгеріссіз Қазақстанға келмекші. Былайша айтқанда, бүкмекерлік нарықты Ұмар Кремлев дейтін қайдағы біреуге бере салмақпыз. Оның артында Мәскеудің сұлбасы көрінеді. Еліміздегі ойын нарығының ережесін түгелдей осы топ анықтай болады. Осы бізге керек пе?..

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱47🤬18❤5
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Талдықорғаннан тараған талап: жедел жәрдемнің жанайқайы Тоқаевқа жетті...

Талдықорғандағы жедел жәрдем қызметкерлері айлықты көтеруді талап етіп, президент Тоқаев пен Денсаулық сақтау министріне үндеу жолдады, деп жазады Ertenmedia.

Жетісу облысындағы фельдшерлер мен скорый жүргізушілері үндеу арқылы жұмысының азабы мен жалақының аздығын айтып ашынды.


«Жедел жәрдем адам өмірін сақтап қалатын маңызды қызмет. Біз күн сайын ауыр физикалық және психологиялық қысыммен жұмыс істейміз. Бірақ еңбекақымыз осы жүктемеге мүлдем сай келмейді», – дейді қызметкерлер.

Айта кетейік, бұл соңғы екі-үш аптада медицина саласындағы айлық мәселесін көтерген осымен үшінші үндеу. Бұған дейін Теміртау мен Шу қаласының скорый мамандары дәл осы тектес үндеу жолдап, жалақы мен еңбек жағдайын қайта қарауды талап еткен.

Айлықтың ас-судан аспайтынын айтып шағымданған жұмысшы қауымның наразылығы соңғы кезде жиілеп кетті.


Бұған дейін «Қазақтелекомның» Маңғыстау филиалы қызметкерлері Бағдат Мусинмен кездесуді талап еткен. Олардың мәлім еткеніндей, қатардағы жұмысшылар мардымсыз айлықпен жан сақтап жүргенде, компанияның топ-менеджерлері үйіп-төгіп сыйақы алған.

видео: taldykorganec.insta парақшасынан

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤26👍17💯8🔥5👎1
⚡️Тендірдегі тойдың соңы: Сатыбалды кімдерді сотқа сүйреп жатыр...

Алматы билігі тендірде жеңіске жетіп, артынан міндетін орындамайтын жауапсыз мердігерлерді тәубесіне түсірмек, деп жазады Ertenmedia.

Кейінгі жылы мегаполистің табысы ұлғайып келеді. Былтыр қалалық бюджетке түскен қаржы көлемі 1,8 трлн теңгені құраған. Биылғы даму бюджетінің өзі 450 млрд теңгеден асып жығылған. Ақшаның дені маңызды инфрақұрылымдық жобаларға жұмсалуда

Құрылыс қарқыны да күшті. Емхана, балабақша, мектептер салынып, нысандардың сейсмикасы күшейуде. Канализация, су құбырлары жөнделіп, көше мен жаяу жүргіншілер жолы жаңаруда. Қаланың шеткі аудандарына газ тартылып жатыр. Бірақ, бір нюанс бар…

Осыны жүзеге асыруға жауапты мердігердің арасында міндетіне салғырт қарайтындар көп.

Козачков телеграм арнасының мәліметінше Дархан Сатыбалды әуелде мәселені диалог арқылы шешкісі келіп, мердігерлерді жинап, жұмысты тездетуді өтінген. Бұдан нәтиже шықпапты. Әкімнің ашықтығын әлсіздікке балаған мердігерлер тіптен құтырған екен.


Әлгілерден әбден запы болған әкімдік әзір сөзден іске көшіп, мердігерлерді сотқа сүйрей бастапты. Міндетін орындамаған компанияларды лицензиясынан айырып, тендірдің «қара тізіміне» енгізу туралы талап-арыз сотқа жолданған.

Қазірдің өзінде бірқатар компания лицензиясынан қағылып, тендірге қатысу құқығынан толық шеттетілген.

Айталық…

⚫️Әбіш Кекілбайұлы көшесінде канализацияны жөндеу кезінде көптеген заң бұзуға жол берген «AsiaMax» ЖШС лицензиясынан айырылған.

⚫️Қаланың төменгі бөлігіндегі бірнеше көшенің су құбырын реконструкциялау кезінде мем. құрылыс нормасын сақтамаған «CK Megaron» ЖШС де лицензиясынан қағылды.

⚫️№112 мектептің қосымша құрылысын салуға және Әуезов ауданын абаттандыруға жауапты болған атышулы «СК 7 Строй» ЖШС бекітілген жобадан ауытқып, талапты орындамаған. Бұлар да лицензияға зар болып қалған.

⚫️«Энерджи-Тараз» фирмасы иесіз қалған электр желілерін жөндеуге жарияланған конкурсты ұтып алғанымен, жұмысты талапқа сай атқармаған. Енді әлгі компания еліміздің ешбір аймағында тендірге қатыса алмайды.

Бізге жеткен мәлімет бойынша Сатыбалдының сабыры таусылған.

Әкімдік қаланы жауапсыз мердігерден тазарту науқанын үдете түспек. Әкімнің айтуынша, тек бірнеше компанияның өзі 38 млрд теңгеден астам бюджет қаражатын игерген.


«Бюджеттен осыншама ақша алған мердігерлер құрылысты созып, оның үстіне сапасыз істеп жатыр. Жоспар бойынша нысанда кем дегенде 15 техника мен ондаған жұмысшы болуы тиіс болса, іс жүзінде екі-үш адам мен бір-екі техника ғана жүреді. Бұл ма, бұл барып тұрған жауапсыздық», – деген еді осыған дейін Сатыбалды.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍44❤10👏5
⚡️Құсайыновтың қатерлі болжамы: жұрт неге жаппай жер үй салуға көшпек...

Елімізде жаңа Салық кодексінің іске қосылуына санаулы уақыт қалды. Сарапшылар пікірінше, жаңа кодекс ұзақ мерзімде экономикаға пайдалы болғанымен, алғашқы жылы кейбір салаға ауыр тиеді, деп хабарлайды Ertenmedia.

Белгілі экономист, банкир Ғалым Құсайынов айтуынша, жаңа салық реформасынан ең қатты зардап шегетін сала тұрғын үй құрылысы болмақ.

«Бұған дейін елімізде тұрғын үй құрылысына ҚҚС салынған жоқ. Енді 2026 жылдың қаңтарынан бастап, жаңа салынатын тұрғын үйлер ҚҚС-қа толықтай ілінеді. Шын мәнінде, оның зардабын біз 2027 жылдан бастап көре бастаймыз. Себебі нарыққа ҚҚС қосылған жаңа үйлер сол кезде шығады. Бұл өзгеріс өте маңызды, талқылауды қажет етеді», – дейді экономист.

Сарапшы тұрғын үй құрылысы нарығындағы жағдайды қарапайым мысалмен түсіндіріп өтті:

«Қазір жаңа пәтердің бір шаршы метрі шамамен 500 мың теңге делік. Оның құрылысына 400 мың теңге шығын кетеді.

Осы 400 мыңның ішінде ҚҚС бар шығындар 300 мың теңгені құрайды. Қазіргі салық жүйесінде құрылыс компаниясының осыдан көретін таза пайдасы шамамен 80 мың теңге. Ал жаңа жүйемен есептесек, құрылысшының қолында қалатын таза пайда бар-жоғы 54,4 мың теңгеге дейін төмендейді.


Демек, компанияның таза табысы 32 пайызға бір-ақ кемиді», – дейді сарапшы.

Оның айтуынша, бұл құрылыс компаниялары үшін өте ауыр соққы.

«Пайда осынша қысқарса, компаниялар шығынын жабу үшін бағаны көтеруге мәжбүр болады. Бірақ үйдің бағасын шексіз көтеруге болмайды халықтың қалтасы көтермейді. Ірі қалаларда құрылысшылар осы жағдайды жеңіл өткерсе де, өңірлерде тіпті қиын болмақ.

Себебі шағын қалаларда құрылыс компаниялары қазірдің өзінде әрең күн көреді. Демек, осынау өзгеріс өңірлердегі тұрғын үй құрылысының қарқынын баяулатып, керіснше өз бетінше үй салатындар санын көбейтеді.

Әлбетте, бұл мемлекет үшін жақсы емес. Урбанизация экономиканың басты қозғаушы күші. Сондықтан мәселені тереңірек, жан-жақты қарап, қайта талқылаған жөн деп санаймын», – деп түйіндеді Ғалым Құсайынов. Толығырақ осы тұста.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍25❤11😱8💯5
⚡️ Теңге тірілген күн: Базалық ставка долларды бұрышқа тіреді...

Қазақстан қор биржасында (KASE) доллар бағамы төмендеп, орташа бағамы 512,53 теңгені құрады, деп хабарлайды Ertenmedia.

Бір күндік сауда қорытындысы бойынша, 💸 АҚШ валютасы 4,25 теңгеге арзандады. Ал Ұлттық банктің 28 қарашадағы ресми бағамы – 516,86 теңге.

Қазіргі уақытта Алматы мен Астанадағы айырбастау орындарында доллар бағамы төмендегідей қалыптасқан:

⚫️Алматыда долларды орташа сатып алу бағамы – 511,35 теңге, ал сату – 514,36 теңге.

⚫️Астанада долларды сатып алу орташа есеппен – 510,38 теңге болса, сату бағамы – 517,38 теңге деңгейінде тұр.

Айта кетсек, 28 қарашада Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18 пайыз деңгейінде өзгеріссіз қалдырған болатын.

Бас банкир Тимур Сүлейменовтің айтуынша, теңгенің нығаюы ішкі нарықтағы жоғары белсенділік пен базалық мөлшерлеменің өсуіне байланысты Қазақстанға келген ірі портфельдік инвестициялармен тікелей байланысты.


«Шетелдік инвестор Қазақстанның мем.облигацияларын алу үшін долларға сатып алған теңгесін жұмсайды. Яғни, долларды теңгеге ауыстырады. Инвесторлар көптеп келген сайын, нарықтағы доллар көлемі артып, теңгенің нығаюына жағдай жасайды», – деп түсіндірген еді Ұлттық банк басшысы.

Сүлейменовтің мәліметінше, биыл Қазақстанға шамамен 3-4 млрд доллар көлемінде портфельдік инвестиция келген. Осы инвестициялық ағым ұлттық валютаның нығаюына тікелей әсер етіп отыр. Толығырақ осы тұста.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍21🔥6😁5❤4
⚡️36 гектардың хикаясы: көрдегі Болаттың жердегі проблемасы бітер емес...

Алматы облысында Болат Назарбаевқа тиесілі болған әйгілі «Барыс» автобазарының бір бөлігі мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Ertenmedia.

Әзірге 11 гектар жер учаскесі ресми түрде облыс әкімдігінің қарамағына өткен. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев мәлімдеді.


Жалпы аумығы 36,5 гектарды құрайтын «Барыс» базарының қалған 25,5 гектар жері бойынша сот процесі жүріп жатыр. Учаскілер Қаңтардан кейін бір қолдан бір қолға өтіп, қайта рәсімделген. Облыс прокуратурасы әлгі мәмілелердің заңдылығына күмән келтіріп, сотқа жүгінген.

Әкімнің айтуынша, сот шешімі шыққан бойда жер толықтай мемлекетке қайтарылады.

«11 гектар жерді мемлекет меншігіне қайтардық. Қалған бөлігі бойынша прокуратура сотқа арыз түсірген. Базарға қатысты нақты жоспар бар.

Жер телімі толық асфалтталған, барлық инженерлі-кәммуникациялық желілер тартылған, халық тығыз орналасқан. Сондықтан әлгі жерде тігін цехтары мен басқа да өндіріс орындарын қамтитын индустриалдық аймақ құрамыз.


Жаңа жұмыс орындары ашылады», – деді Сұлтанғазиев.

Еске салсақ, 2023 жылдың басында Қарасай аудандық соты базар орналасқан жер телімдерінің сатылу шартын заңсыз деп таныған-ды.

Тергеу барысында анықталғандай, Бөкеңе, Болат Назарбаевқа жерді беру кезінде облыстық жер ресурсын басқару органдарының келісімі алынбаған, жердің санаты ауылшаруашылық мақсатынан ауыстырылмаған. Ескі Қазақстан білгенін істеген...

Қарасай ауданы прокуратурасының мәліметінше, қазіргі «Барыс» базарының аумағының шамамен 30%-ы (11 гектар) мемлекетке қайтарылса, қалған бөлігі әлі күнге «Auto market Karasay» ЖШС-не тиесілі.

Сұлтанғазиевтің айтуынша, егер сот шешімімен аталған 25 гектардан астам жер толық қайтарылса, Алматы облысының экономикасына тәп-тәуір серпін береді. Соңғы жылдары баяғыда марқұм боп кеткен Болат Назарбаевқа қатысы бар басқа да жер телімдері мен нысандар мемлекетке қайтарылған болатын.

Мысалы, Маңғыстау облысында 239 мың гектар, Жамбыл облысында 60 мың гектар жер учаскесі қайтарылған. Прокуратурамен бірлескен тексеріс нәтижесінде өте-мөте күмәнді жағдайда Бөкеңе өтіп өткен 59 жер учаскесі анықталған.


Болат Назарбаев өзінің өсиетхатын алғаш рет 2014 жылы жазып, онда барлық мүлкін үлкен ұлы Нұрболдың атына табыстаған. Бөкеңнің өзі өмірден өткенмен, отбасының активі ыдырай қоймаған еді. Бөкең қайтыс болса да, ол үшін "Жаңа Қазақстан" алдында жауап беретін адам бар. Ол Болаттың ұлы Нұрбол Назарбаев.

Бөкеңнің артында 9 заңды баласы, одан бөлек онға жуық заңсыз бала қалды. Оның ішінде бәйбішенің ұлдары Нұрбол мен Ерболдың қолы ұзын.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍30😁7❤6🔥3
⚡️Новороссийскідегі түнгі тосынсый: Киев Астанаға сыпайы тойтарыс берді...

Украинаның Сыртқы істер министрлігі Каспий құбыр консорциумының (КТК) теңіздегі мұнай терминалына жасалған шабуылға байланысты Қазақстанның наразылығына жауап қатты, деп жазады Ertenmedia.

Украина тарапы Астананың алаңын түсіністікпен қабылдайтынын айтып, түнеукүні әрекетінің Қазақстанға бағытталмағанын жеткізіпті.

«Операция тек Мәскеудің әскери әлеуетін әлсіретуге арналған. Басты мақсатымыз басқыншы елдің соғыс жүргізу мүмкіндігін азайту. Киев орыстардың агрессиясы мен халқымызға қарсы жасаған қылмысын тоқтату үшін стратегиялық тұрғыдан маңызды нысандарға ғана соққы жасайды», – деді Украина СІМ.

Осы тұста министрлік Ақорданың Ресейдің Украинадағы бейбіт тұрғындарға, азаматтық нысан мен энергі инфрақұрылымға жасаған шабуылын айыптайтын бірде-бір мәлімдеме жасамағанын атап өтіп, өкпесін білдіріпті.


«Бір күн бұрын ғана Кремль Украинаға қарсы 9 сағатқа созылған зымыран-дрон шабуылын жасады, салдарынан бейбіт тұрғындар қаза тапты, ондаған адам жараланды. Киевтің кем дегенде 500 мың және Киев облысының 100 мыңнан астам тұрғыны жарықсыз қалды», — дейді ведомстві.

Украин тарапы Тоқаевты Ресейдің соғысты дереу тоқтатуына ықпал етуге шақырып отыр.

«Қазақтарға құрметіміз шексіз, екі ел арасындағы тарихи байланысқа сай достық әрі прагматикалық қарым-қатынасты дамытуға мүдделіміз», – делінген Украина СІМ мәлімдемесінде.

Бұған дейін президент Тоқаев Кремль мен Киев арасындағы соғыста арағайындық миссияны мойнына алмағанын және осы қақтығыста өзін медиатор ретінде дәріптемейтінін мәлімдеген еді.

«Қақтығыс жалғасқан сайын территориялық, тарихи, ұлттық, тілдік және саяси түйткілдер де көбейе түсуде.

Келіссөз үстеліне Киев Русінен бастап, «сыйға тартылған территорияға» дейінгі (Кремль пропагандасы жиі қолданатын, ред.) мәселелер шығып жатқасын, нақты нәтижеге қол жеткізу қиын болып тұр.


Дегенмен, келіссөздерді жалғастыру керек. Мұны БҰҰ Бас Ассамблеясында да айттым», – деп атап өткен болатын Мемлекет басшысы.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍30❤9🔥5😁2👎1
⚡️Орысша айтылған оғаш ой: Алматы облысы әкімінің орынбасары жұрттан кешірім сұрады...

Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Қанат Есболатов Талғар ауданында өткен жиында мүмкіндігі шектеулі жандарды кемсіткен сөзі үшін халықтан кешірім сұрады, деп хабарлайды Ertenmedia.

Шенеунік желідегі парақшасында кездесуге көптеген азаматтардың қатысып, министрге маңызды сауал қоюға ұмтылғанын айтты.

«Жиынға мүмкіндігі шектеулі жандар да келді. Олар да министрмен (Ақмарал Әлназарова) кездесіп, көкейдегі мәселесін жеткізгісі келді. Бір азамат микрофонға жақындағанда, залдағы кейбір адамдар оған сөзін аяқтатпай, шу көтере бастады.

Мен халықты тыныштыққа шақыру үшін сөз алдым. Сол сәтте орыс тілінде айтқан сөзімді қате жеткіздім. Шын мәнінде, «Алла үлкен сынақ берді» деп айтқым келген.


Өз сөзімнің елдің көңіліне тиіп, намысына тигенін түсінемін. Осы үшін шын жүректен кешірім сұраймын», – деп жазды Қанат Есболатов.

Бұған дейін әлемжеліде тараған видеода облыс әкімінің орынбасары халықты сабырға шақырып, «мүгедектерді сыйлайық, орысша айтқанда Құдай оларды онсыз да жазалап қойған», – деген болатын.

Желідегі қауым әлгі пікірді дөрекі әрі намысқа тиетін мәлімдеме деп есептеп, шендіні жауапқа тартуды талап еткен-тұғын.

«Есболатовтың есі болса, тілін бұрамай, қазақша сөйлей беруі керек еді. Орыс тілінің ығына жығыламын деп ақыры абыройынан айырылды. Талғар ауданындағы жиынға кілең қазақ қатысқан», — деп жазған болатын қазақтілді қауым.


Жағдайға Талғар ауданы әкімінің штаттан тыс уәзірі Марат Жапаров та араласып, Есболатовқа ара түсті. Оның айтуынша, шендінің біреуді кемсітіп, келемеж қылатын ойы болмаған.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎22😱12❤5👍5😡3🤡1💯1
⚡️Мирболат ісі және Мәскеудің «месседжі»: Қазақ тілін қорғаған азаматтың тағдыры трагедияға айналды...

Белгілі журналист Дәурен Қуат Ресей президенті Владимир Путиннің осыдан бәленбай жыл бұрын «қай елде тұрса да, орыстілділердің құқығын қорғаймыз» деген әйгілі мәлімдемесі Қазақстандағы саяси ахуалға тікелей ықпал етті деп есептейді, деп жазады Ertenmedia.

Журналистің пікірінше, Путиннің Кремльде тұрып, кейін Астана сапары барысында тағы бір мәрте айтқан осы пікірі ел ішіндегі Мәскеуге бүйрегі бұратын топтарды құтыртып жіберген.

«Мәлімдеменің астарында «абайлаңдар, қажет болса соғыс ашамын» деген айқын ескерту жатқан еді. Кремльдің қабағына қарағыш Астана осыдан кейін Кеңес дәуірін аңсаушылардың талтаңдауына жол берді», – дейді ол.


Дәурен Қуаттың айтуынша, ел билігінің жалтақтығын пайдаланған Мәскеу идеологтары қазақтардың тарихын, мәдениетін және тілін емін-еркін таптай бастаған. Қазақтың ұлтшыл азаматтарын «нацпат» деп мазақ ету, қорлау үйреншікті көрініске айналған. Солай бола тұра ресми Астана тарапынан ешбір пәрменді наразылық болған жоқ.

Ал Қазақстанның өзінде қазақтың отаншыл азаматы бір замандасына қазақша сөйлеуді талап еткен жағдайда, қылмыскер ретінде сот алдында жауап береді. Соның бір мысалы жақында ғана төрт жылға бас бостандығынан айырылған желтоқсаншы Мирболат Мырзатайұлының ісі.

«Сондағы жалғыз жазығы біреуге «қазақша сөйле» деп талап қоюы. Бар айыбы осы. Конституциямыз бойынша қазақ тілі мемлекеттік тіл. Ел аумағында тұратын әрбір азаматтың мемлекеттік тілді білуі міндет. Әрине, Ата заңда ресми тілдің де орны бар. Ұлық жиындарда, үкімет отырысында мем.тілдің босағада қалып, ресми тілдің төрге шығуы қазақтілді қауымның ашу-ызасын күшейтіп жатыр. Оны ескеріп жатқан ешкім жоқ», – деп жазады журналист.

Автордың пікірінше, Мирболат секілді отаншыл азаматтар елдегі өзге ұлт өкілдерін алаламайды, керісінше Қазақстанды өз Отаным дейтін әрбір жанды бауыр санайды. Осындай азаматтың төрт жыл ғұмырының түрмеде өтуі барып тұрған әділетсіздік.


«Бүгінгі билік елі мен жері үшін жанын шүберекке түйген азаматтарды жазалап, рухын жанши берсе, ертең ел тағдырына кім араша түседі?», – деп түйіндейді Дәурен Қуат.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😢38👍30❤8🔥8😡1
⚡️VIP фастфуд пен Мәскеу метросы: Қазақстан Қожамжаровты қайтарудың қамында...

Финполдың экс-төрағасы Қайрат Қожамжаров 2025 жылдың басынан бері Мәскеуде тұрып жатыр, деп жазады Ertenmedia.

Elmedia-ның дерегінше, соңғы кезде Ресей Қожамжаровқа қолайсыз болып жүр, ескі Қазақстанның белді өкілі басқа елге қоныс аударуды жоспарлап жүр дейді-мыс.

Егер бұл рас болса, демек Қайрекеңнің Мәскеудегі ықпалды достары оған қауіпсіздік кепілдігін бере алмайтынын, тиісінше тергеуден арашалап қала алмайтынын жеткізген.


"Біздегі мәлімет бойынша, Қожамжаров Мәскеуге биылғы жылдың басында көшіп келген. Өзімен бірге Қостанай тумасы, ел ішінде Марго аталып кеткен Мәргәрита Александрова дейтін тоқалын да ертіп алған. Тоқалдан туған екі ұл Мәскеудегі беделді гимназиялардың бірінде оқиды. Қайрат Пернешұлы балаларын мектептен өзі алып кетеді екен. VIP санатындағы фастфудтан тамақ алып, метро арқылы үйге қайтып, көзге түспеуге тырысады», – делінген материалда.

Elmedia Қожамжаровтың Мәскеудегі өмірінен түсірілген суреттерді де жариялапты.

Басылым дерегінше, Қожамжаров Мәскеуде өте сақ жүреді, үнемі айналасына алаңдап, телефонының SIM-картасын жиі ауыстырады. Мұнысы бекер емес. Оның қауіпсіздігіне курстасы, Ресей Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведевтің өзі кепіл бола алмай отырғанға ұқсайды.

Назарбаев 2019 жылы отставкаға кетердің алдында Қожамжаровқа «ешкім тиісе алмайтын мандат» сыйлап, сенатор креслосына отырғызған. 2023 жылдың басында Қайрат Пернешұлы сенатор лауазымынан босады. Сол уақыттан бері оның ешкім тиісе алмайтын статусы жоқ.


Соңғы рет Пернешұлы Қазақстанда 2023 жылдың қарашасында, Болат Назарбаевтың асында төбе көрсеткен. Сол кезде өзі туралы «жеке заң компаниясын аштым» деп қысқа жауап бергені есте.

Соған қарағанда үстінен қылмыстық іс қозғалған Қожамжаровты Қазақстанға экстрадициялау шешілген мәселе сынды. Қыркүйектегі жабық келіссөздер нәтиже бергенге ұқсайды. Айтқандай биыл оның командасы толық жойылды. Татубаев-Кексель-Дүйсенов триосы тергеумен шартқа отырып, барынша сырын ақтаратыны анық. Сол кезде Қожамжаровтың сот алды тергеуі өз пазлын толық жинайды.

Жаңа Қазақстан Қожамжаровтың әлсіз тұсын біледі. Ол әулеттің активі мен бизнесі. Ресейге шығарып алған Қожамжаров капиталына қол жеткізе алмаса да, билік соңғы кезде оның отбасының активтерімен айналыса бастады.


Капитал демекші, Elmedia дерегіне қарағанда, Қожамжаров қызметте жүрген кезінде шамамен жарты миллиард доллар көлемінде байлық жиған. Активтер оның інісі, кәсіпкер Дулат Қожамжаровтың, заңды әйелі Салтанат Аханованың және бала-шағасының (Бексұлтан мен Елнар Пернеш, Жанайдар Қайрат пен Жанел Қайрат) атына рәсімделген.

«Бұдан бөлек, әзірге расталмаған ақпарат бойынша, Қожамжаровтың Нью-Йорктің Бруклин ауданында тұтас бір бизнес-орталыққа иелік ететіні айтылып жүр», – деп жазады басылым.

Қазақстан шын саудаласса, Мәскеуде жүрген Қожамжаровқа "питерлік достары" да, Медведев те көмектесе алмайды. Бұған дейін біз Қожамжаровтың оң қолы саналған Мақсат Дүйсеновтің сөйлей бастағанын жазған едік. Толығырақ осы тұста.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏30❤16🔥5
⚡️«Микрофонды бер!». Петербор радиосын басып алған қазақ Кремльге қарсы тосын үндеу жасады...

Петербордағы «Шок» радиосының тікелей эфирінде тосын оқиға болды. Нұрлан есімді Қазақстан азаматы студияға баса-көктеп кіріп, микрофонды жұлып алып, Кремльге қарсы үндеу жасаған деп жазады Ertenmedia.

Әзір ресейлік күш құрылымдары оның әрекетін мұқият тексеріп жатыр. Оқиға эфирде әдебиет жайлы әңгіме өрбіп жатқан кезде болған. Радио қонағы, баспагер Глеб Стафеевтің айтуынша, эфир басталғаннан кейін арада он минуттай уақыт өткенде студия есігін бөгде біреу тарсылдатып қаға бастаған.

Есікті ашқан бетте бейтаныс адам жүргізушіге тап беріп, орындыққа жайғасып, тікелей эфирді талап еткен. Талабы орындалмаса әлгі жердің күлін көкке ұшыратынын айтып қорқытқан екен.


«Ол студиядағы құрал-жабдықтарды өз бетімен басқаруға тырысты. Жағдайды ушықтырмау үшін оны әңгімеге тартуға тура келді, диктор жігіт дереу полицияға хабар берді. Нұрлан бастапқыда қатты қобалжып, ойын жинақтай алмады. Эфирге шыққаннан кейін Ресейдің әскери операциясына қарсылық білдіріп, Мәскеу мен атом бомбасы жайлы сөйлей бастады», – дейді Глеб Стафеев.

Пәлцейлер келген кезде Нұрлан қарсылық танытпай, өз еркімен берілген екен. Кейін анықталғандай, 50-дің үстіндегі азамат бұған дейін де әлгіндей әрекетке барған көрінеді. Қазан айында ол өзін куриер ретінде таныстырып, «Питер FM» радиосының студиясына кірмек болған. Ұсталған сәтінде эфирге шығып, бейбітшілік үндеуін жасағысы келгенін мәлімдеген.

Бұл жолы Нұрекең оңайлықпен құтылмайтын секілді. Путиннің басқыншы саясатына қарсы пікірі ФСБ-ның назарына ілігіпті дейді.


Тергеушілер оның эфирдегі мәлімдемесін қауіпті деп танып, Қазақстан азаматының өткен-кеткенін қазбалауға кіріскен. Бастапқыда ұзақ бұзақылық ретінде бағаланған оқиғаның соңы қылмыстық іске ұласуы ғажап емес.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤31🔥11😁8🤔6👏3👍2👎1💩1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Бесағаштың «крутой» қожайыны: Тоқаевқа жеткен жанайқайды Базарбек қолға алды...

Алматы маңындағы Бесағаш ауылының тұрғындары Іле-Алатауы ұлттық паркінің қорғау аймағындағы заңсыз жұмысқа байланысты Президент пен Үкімет басшысына ашық үндеу жолдады, деп жазады Ertenmedia.

Жергілікті жұрттың айтуынша, крутой біреу ауыл іргесіндегі шамамен 5 гектар жердің құнарлы топырағын күреп, сел қаупі жоғары таудың етегін заңсыз қазып жатыр.


Аумақтың құжатында «шаруа қожалығының жайылым жері» деп жазылғанмен, меншік иесінің құрылыс пен жер қазу жұмысына рұқсат қағазы жоқ болып шыққан. Жұртшылық мердігерлерден жұмыс жүргізуге негіз болатын құжаттарды сұратқанда, олар ештеңе көрсете алмаған.

«Жақында ғана дәл осы жерде сел жүріп, ауыл халқының мазасы кеткен. Соған қарамастан, мердігерлер заңсыз жұмысын тоқтатпай отыр. Біз биліктен дереу тексеріс жүргізуді талап етеміз», – дейді ауыл тұрғындары.

Әкімдік бұған дейін заң бұзушылықты тоқтату туралы ескерту жасағанымен, қараша айынан бастап жұмыс қайта қызып, тіпті ауқымы ұлғайған. Жер иесі өткен жылы сел қаупін азайту мақсатында бюджет есебінен салынған арықты да талқандап тастаған.

Тұрғындардың сөзінше, Алматы облысының жер ресурсын басқару органдары мен пәлция арыз-шағымға салғырт қарап, нақты әрекет етпей келеді.

«Соған қарағанда жер қожайынының ықпалы күшті секілді. Біз талай есікке бардық, талай хат жаздық. Бірақ ешкім нақты жауап бермейді, келген хаттар жалтарма жауапқа толы», – дейді олар.

Жергілікті жұрттың жанайқайын естіген депутат Базарбек әлгі мәселені дереу түрде өз бақылауына алғанын мәлім етті.


«Мәселені Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің алдына екі мәрте көтергенмін. Менің білуімше, қазір тергеу жүргізілуі тиіс. Жақында сол жаққа арнайы барып, жағдайды жеке бақылауыма аламын», – деді депутат.

Айта кетсек, Базарбек бұған дейін де Алматы маңындағы табиғатты қорғау аймақтарын заңсыз иемдену мәселесін көтерген. Толығырақ осы тұста.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍36❤7🔥4😱2👎1
⚡️Тоқтатылған мандат, тоқтамаған мінез: Мәжілістен қуылған Танашева нені айтты...

Экс-депутат Гаухар Танашева Мәжілістен шеттетілуіне билікті ашық сынауы себеп болғанын мәлімдеп, Парламент ішіндегі цензураның жай-жапсарын жария етті, деп жазады Ertenmedia.

Azattyq арнасына берген сұхбатында Танашева Мәжілістегі соңғы күндерінің қысым мен қудалауға толы болғанын жайып салды. Оның сөзінше, мандатынан айырылуына Үкімет пен халық арасындағы байланыстың жоқтығын өткір сынаған сауалы түрткі болған.

Танашеваның айтуынша, қарапайым халықтың тұрмысын көтеріп, қоғамның шынайы мәселесін айтуға тырысқанымен партия басшылығы оның соңғы депутаттық сауалын мінберден оқуға мүлде рұқсат бермеген.

«Соңғы депутаттық сауалым Халық партиясының басшылығына ұнамады. Сауалдың мәтіні алдын ала вице-спикер Әлберт Рауға жолданыпты.

Ол маған төтесінен: «Айналайын, мына сауалды оқымайсың» деген шарт қойды. Бірақ мен ешкімнің келісімін күтпей, мінберге шығып, сауалымды оқып шықтым. Осыдан кейін бюро менің мәселемді май шаммен қарап, шешім қабылдаған.

Артынша Орталық сайлау комиссиясы маған ешқандай ескертусіз, мандатымның тоқтатылғанын хабарлады», – дейді экс-депутат.

Оның айтуынша, Мәжілісте шындықты айтуға тырысқан депутаттар шеттетіліп, Үкімет сағаты мен жиынның барлығы алдын-ала келісілген сценарий бойынша өтеді.

«Мәжілістегі талқылаулар спектакль. Кімнің қандай сұрақ қоятыны, министрлердің қандай жауап беретіні алдын ала келісіліп қояды. Министрлер дайын жауаппен, депутаттар алдын ала бекітілген сұрақпен ғана шектеледі. Сондықтан жиналыстар үнемі мінсіз өтеді», – дейді Танашева.

Пікірінше, депутаттар көтерген өткір мәселелер министрліктерге жетпейді немесе формалды жауаппен шектеледі. Министрлер мен ведомстволар депутаттарды менсінбей, өз бетінше әрекет етеді.


Айта кетейік, Гаухар Танашеваның өкілеттігі 2024 жылдың 23 желтоқсанында Халық партиясы бюросының шешімі негізінде тоқтатылған.

Танашева еліміздегі көптеген мәселенің түп-тамырында жоқшылық жатыр деп мәлімдеген.

«Бізде қаншама аналар бала-шағасын жетектеп не үй ала алмай, не бала еміне ақша таппай жүр. Жеріміз, еліміз бай деп мақтанғанда сондаймыз. Онда әлгі мәселелер қайдан шықты? Атаулы әлеуметтік көмекті ала алмай, мардымсыз айлық пен жәрдемақыны жеткізе алмай, несиеге батқан халқымыз не істейді?

Қыс келсе, үйлер отқа оранады. Көктем басталса суға кетеміз. Үкімет неге осының алдын алмайды? Халықтың көп бөлігі шықпа жаным шықпамен күн кешіп жүр. Қазақтар өмір үшін күрестен қажыды.

Мұндай жағдайда патриоттық тәрбие туралы айтудың өзі ұят. Біз бе, біз жетімін жылатып далада қалдырған, халқын ойламайтын, аямайтын Үкіметтен тұратын мемлекетпіз», — деген болатын экс-мәжілісмен.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥73👍34❤10
⚡️Астанаға қол жайған Қарашөкеев: Жамбыл шенеуніктерінің шырт ұйқысы бұзылды...

Бас аудитор Әлихан Смайылов жүргізген тексеріс нәтижесінде Жамбыл облысындағы өткір мәселелердің беті ашылды деп жазады Ertenmedia.

Жоғары аудиторлық палата Жамбыл өңірін тексеріп, аймақтағы жағдайға шынайы баға беріпті.

Соңғы 4 жылда облыстың ел экономикасындағы үлесі 2,7 пайыздан 2,3 пайызға дейін төмендеген. Инвестиция көлемі биыл біраз өскенімен, жалпы көрсеткіш бойынша басқа өңірлерден үш есе артта қалып отыр.

Аудиторлардың айтуынша, Ербол Қарашөкеев басқаратын облыс бюджетінің 80 пайызы (!) әлі де орталықтың мойнында. Соңғы төрт жылда республикалық бюджеттен берілетін ақша 344 млрд теңгеден 521 млрд теңгеге жеткенімен, соның 38 млрд теңгесі жұмсалмай, босқа тұрған.


Өңірдің Астанаға тәуелдігі тым жоғары. Осы кезеңде бюджеттен берілген трансферттер көлемі 51 пайызға артқан.

Аудит әсіресе мем.тапсырысқа қатысты күмәнді жайттарды ашып көрсетті. Тараздағы құрылыс пен коммуналдық шаруашылық бөлімдері кейбір тапсырысты «құпия» форматта рәсімдеп, нарықта таза бәсекеге жол бермеген. Онымен қоймай, тендерді өздеріне жақын фирмаларға ұстата салған.

Айталық, қалалық жол жөндеуге 537 млн теңге алдын ала төленгенімен, жұмыс екі айдан аса басталмаған. Смайыловтың тамыздағы тексерісінен кейін ғана мердігерлер «есі кіріп», іске кіріскен.

Ең сорақысы Шу ауданындағы 18 ауылға газ тарту жобасы. Екі жылда бітуі тиіс жұмыс алты жылдан бері аяқталмай келеді. Сөйтіп 8,2 млрд теңге игерілмей, бюджетке кері қайтқан.


Өңірдің әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы да цифрларды ойша қысқартып, қағаз жүзінде «табысты» көрінгісі келген. Бұрын 18 көрсеткіш болса, қазір соның бесеуі ғана қалған. Оның өзі нақты нәтижелерге қарай қолдан «түзетіліпті».

Жалпы алғанда, аудит 58,5 млрд теңгеге заң бұзушылықты әшкереледі. Оның ішінде бухгалтерлік есеп бойынша былықтар 47,1 млрд теңге. Ал бюджет ақшасын тиімсіз жұмсау мен жоспарлау 75,6 млрд теңгеге жеткен. Бас аудитор Әлихан Смайылов бұл іске өзі араласып, жауапты адамдарды жазалап, заңға өзгеріс енгізуді жеке бақылауға алатынын мәлімдеді.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥28❤6💯6👏2👍1🤔1
⚡️Таластағы трагедия: үш баланы құлдықта ұстаған өгей әкеге үкім шықты...

Жамбыл облысы Талас ауданында үш бірдей жеткіншекті ұзақ жыл бойы азаптап, құлдықта ұстаған азамат сотталды, деп жазады Ertenmedia.

Іс материалына сәйкес, айыпкер өгей ұлдарын 6 жыл бойы ұрып-соғып, таңнан қара кешке дейін малдың соңына салып, қара жұмысқа жеккен.

Балаларды қоғамнан оқшаулап, аш қалдырып, телефонын тартып алып, коллежде оқитын үлкен ұлдың шәкіртақысына ортақтасып отырған.


«Сот отырысында балалардың берген куәлігі және іс бойынша жиналған өзге де айғақ арқылы айыпталушының кінәсі толық дәлелденді. Айыпкердің жауапкершілігін жеңілдететін фактырлар анықталмады. Сот оны 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айырды», – деп хабарлады Талас аудандық соты.

Контексті айта кетейік…

Оқиға тамыз айында Көктал ауылы тұрғындарының үш баланың жоғалып кеткені туралы хабарынан кейін дүйім елге тараған. Малды өріске шығарған үш ағайынды сол күйі үйге оралмаған еді. Анасы полицияға арызданғасын, іздеу салынған балалар Алматыдан табылған. Олар туған әкесі мен анасының әпкесін паналауға мәжбүр болған. Кейіннен ағайындылар Тараздағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жапа шеккендердің орталығына жеткізілген.

Белгілі болғандай, олар өгей әкеден 6 жыл бойы зәбір көріп келген.

Үш ұлдың үлкені, 16 жастағы егіздің сыңары колледжге түскенімен, өгей әке оның стипендиясын түгелдей қалтасына басып, баланы оқуға жібермей қойған. 10 жасар Ұзақбай төртінші сыныпта оқуы тиіс болғанымен, қара танымайды, жазу-сызуға қабілетсіз күйде қалған.


Балалардың ет жақындары ауыл әкімі мен имамның әлгі жағдайдан хабардар болғанын, бірақ еш шара қолданбағанын мәлімдеген еді. Бастапқыда пәлцейлер «ұрып-соғу, ауыр жұмысқа шегу құлдық емес, құлдық тек кісен мен бұғауға түскен жағдайда ғана болады» деп бет бақтырмаған. Өңір басшылығы жағдай әбден ушығып, ел ішіне тараған соң ғана қозғалған болатын.

Осының алдында Erteńmedia «Қарашөкеевтің тұсындағы Тараз 90-шы жылдарға қайта оралып жатқанын» жазған еді.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱28❤12👍6🙏1
⚡️Ағылшын даласындағы алты ай: Қазақ қызы британ бейнеті туралы ашық айтты...

Ұлыбританияда ауыл шаруашылығының уақытша жұмысшысы болып қайтқан қазақ қызы шетелдегі еңбектің бейнеті мен зейнеті туралы ашық әңгімелеп берді, деп жазады Ertenmedia.

Сымбат есімді отандасымыз (кейіпкердің өтініші бойынша аты өзгертілген) алғаш рет британ даласына 2024 жылы барған. Алғашқы сапарында ашық аспан астында жұмыс істесе, биыл таныс арқылы жылыжайда өнім қаптайтын жұмыс бұйырыпты.

Сымбат жұмысқа арнайы агенттік арқылы орналасқан. Виза мерзімі алты ай. Жол шығыны, виза рәсімдеу мен жатын орын ақысы кейін жалақыдан ұсталады екен. Тамақ пен тұрмыстық заттарды жұмысшы өзі сатып алады.


«Даладағы жұмыс өте ауыр. Британ аралдарының ылғалды, желді, суық ауа райы денсаулықты құртады. Қайтып еңбекке жарауың қиын. Жаңбыр мен батпақтың астында, бел жазбай, күні бойы ауыр еңбекпен айналысу оңай емес», – дейді Сымбат.

Еңбек ақысы сағаттық есеппен төленеді. 2025 жылғы заңмен бекітілген ауыл шаруашылығындағы ең төменгі жалақы 11,45 фунт (салық ұсталмағандағы мөлшер).

Жұмыс күні кемінде 8 сағаттан басталады. Одан артық жұмыс істеуге ешкім шектеу қоймайды. Сымбатпен бірге Орта Азия, Украина, Бұлғария және Румыния азаматтары жұмыс істеген. Оның сөзінше, британдар орыстар мен африкалықтарды жалдамайды.

«Бұрын Ұлыбританияға жұмысқа барған қазақтың ер-азаматтары Лондонға қашып, заңсыз мигрантқа айналатын. Сондықтан қазір агенттіктер бала-шағасы мен бағып-қағатын жақыны бар әйелдерге басымдық береді», – дейді ол.


Сымбат Ұлыбританиядағы алты айлық ауыр еңбектен соң, Қазақстанға 6 миллион теңге табыс әкелген. Енді ақшаны декларациялап, салығын төлеуі қажет.

Кейіпкеріміз енді ағылшын жеріне аттап баспайтынын, әлгіндей жағдайда жұмыс істемейтінін айтып отыр. «Балаларыма ана керек. Отбасыма табанынан сыз өткен, өкпек желден денсаулығын құртқан емес, сау-саламат ана керек екенін түсіндім», – дейді ол.

Жалпы Ұлыбританиядағы маусымдық ауыл шаруашылығы жұмысына жас әрі денсаулығы мықты, көпбалалы отбасынан шыққан қыз-келіншектер жиі алынады екен.

Алма Жандәулетова есімді кәсіби рекрутердің пікірінше, тарихи тұрғыда британдар байлығы мен мәртебесін өзге ұлттарды ауыр еңбекке жегу арқылы қалыптастырған. Сондықтан маусымдық жұмысшыларға жергілікті халықпен бірдей жағдай жасалады деу қисынсыз.

«Егер дәл сондай құлшыныспен, күніне 8-12 сағаттан тырбанып, тынымсыз жұмыс істесеңіз, Қазақстанның кез келген жерінде, бала-шаға мен ата-анаңның жанында жүріп те айына млн теңгеге дейін табыс табуға болады. Тек ішімдік пен есірткіден аулақ, еңбекқор болсаңыз жеткілікті», – дейді 26 жылдық тәжірибесі бар рекрутинг маманы Алма Жандәулетова.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤32👍17😱5💯3🤔1